Алтын ұя – мектебім icon

Алтын ұя – мектебім




Скачать 36,22 Kb.
НазваниеАлтын ұя – мектебім
Дата конвертации25.04.2013
Размер36,22 Kb.
ТипДокументы
источник

Алтын ұя – мектебім


Мектеп – балаларды бүлдіршін кезінен бастап, есейіп ер жеткенге дейін білім нәрімен сусындатар алтын ордамыз. Мектеп табалдырығына алғаш қадам басқан соң, жылы шыраймен қарсы алатын, анандай тәрбиелейтін ұстазды көресің.Қазақтың: «Мектеп –кеме, білім- теңіз» сынды мақалы бекер айтылмаса керек. Себебі сенің «МЕКТЕП» атты кемең қай жерге дейін сені жетелесе, сен де сол жерге дейін барып биік шындардан көрінерін анық.

Мектеп... Бұл сөзде қаншама мағына жатыр десеңші! Ойын қуып жүріп, он бір жылдың қалай өткенін білмей де қалыппын. Артқа қарап, өткенді есіме алсам, балалық шағымның балдай тәтті кездерін көремін.

Әлі де есімде... Мектеп табалдырығын аттаған кезде мен тым кішкентай болсам да, бәрі де көз алдымда тіпті кеше ғана болған сияқты. Қолымда бір шоқ гүл, жанымда ата-анам, туған-туысқандарым. Мектептің жанында толған адамдар, мұғалімдер. Өзің сияқты кішкентай қыздар мен ұлдарды көріп, таңқалған едім. Сол кезде ата-анам маған: «Сен мектепте жалғыз оқымайсың. Көрдің бе, сен сияқты балалар қандай көп, солардың ішінен сен өзіңе өте адал дос табуға тырыс», - деп атқан еді.

Содан соң алғашқы ұстазымды көрдім. Осы кезден бастап мен ұстазымның арқасында мектеп туралы, мектептің не екенін, оның қандай мағына беретінін ақырындап түсіне бастадым. Сөйтіп айлар, жылдар өтті...

Достарыммен болашаққа жоспар құрып жүрген кезде соңғы қоңырау да соғылды. Не қуанарыңды, не жыларыңды білмейсің. Жүрегіңде бір қорқыныш сезімі бар сияқты. Өзіңе-өзің мыңдаған сұрақтар қоясың. Ал, міне, мектепті бітірдім, енді кім боламын? Болашағым қандай болады? Қандай мамандық иесі боламын? Осы және де басқа сұрақтар мазалап еді. Ал қазір мен бұл сұрақтарға сенімді түрде жауап бере аламын. Өйткені мен Инновациялық Еуразия университетінің студентімін. Өзіммен өзім мақтанамын. Және де мектептегі ұстаздарымның болашақта мен үшін мақтанғанын қалаймын! Бұл үшін мен қолымнан келетіннің бәрін істеуім керек. Мектептен алған білімдерімді, тәрбиемді болашақта тиімді пайдаланып, үлкен нәтижеге жетемін деп ойлаймын.

Адам қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да, өмірдегі ең ұмтылмас сәттер болып мектепте өткізген уақыт қалатын шығар. Мектеп-білім айдынындағы үлкен кеме. Осы кемеде он бір жыл уақытты әр бала өткізеді. Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттап, он бір жыл бойы білім алып, таудай болып шығамыз. Алғашқыда мектепке келіп әрбір әріпті, әрбір санды жазып үйрену қалай қиынға соққан еді? Уақыт өте бәрі өзгерді. Жазуды да, оқуды білмейтін кішкентай балалар бүгін міне, мектеп бітіру туралы атестатты қолдарына ұстап, үлкен өмірге жолдама алды. «Қашан ғана осы мектепті бітіремін» деп ойлайтын кездер көп болып еді. Қазір сол мектепті бітіріп шыққаныма өзім сене алмаймын. Көзді ашып-жұмғанша уақыт тез өтті де кетті. Соңғы қоңырау осы жылы біз үшін расында да соңғы рет соғылды. Сонша асығып бітіргім келген мектебіммен қимастықпен қоштасып отырмын. Мектеп қабырғасында өткен қайран уақытты бағаламаппыз. Мектеп қабырғасында өткізген әрбір күн, әрбір қырық бес минут балалық шағымның балғын уақыты болып қала бермек. Мектеп «үлкен отбасы, ұстазымыз біздің ақылшымыз, анамыз, сыныптастарымыз жақын досымыз. Мектеппен қоштасу» балалықпен қоштасу. Мектепте біз шынайы дос табамыз, білім алып, өмірді үйренеміз. Мектеп бізге тірек беріп, жылулық пен бақыт сыйлайды. Ал ұстаздар болса бізге үйретуден еш жалықпас. Мектепте өткен уақыт адам өміріндегі шаттыққа толы кездер. Дәл осы кездер есімізде ең жарқын естеліктер болып қалады. Кейде бірінші сыныпта оқитын балаларға қарап, өзімде қайтадан сол шақтарға оралғым келеді. Басымнан қайтадан бастауыш сыныптағы қызықтарды өткізгім келеді. Өз мектебімді шын мәнінде жақсы көремін. Осында өткізген әр қырық бес минутты сағынатын боламын. Бүгін, мен – мектеп бітірген түлекпін. Мектебімен қимастықпен қоштасатын түлекпін. Арада біраз жылдар өтіп, мен, менің сыныптастарымыз үлкен азамат болып, әр қайсымыздың өз отбасымыз болады. Бірақ арада қанша жыл өтседе, қанша жасқа келсем де, қандай адам болсам да балғын балалық шақтарым өткен алтын ұям-мектебім жүрегімнің төрінде болатыны анық. Мектебім маған үлкен өмірге жолдама берді, үлкен өмірге дайындады. Енді мектебім мен үшін жауапты емес, бірақ мен мектебімнің алдында әлі қарыздармын. Ендігі жолы алдыма үлкен мақсаттар қойып, асқар асуларды бағындырып, елім мақтан тұтатын азамат болғым келеді. Бұл менің мәпелеп өсірген әке-шешемнің, ақылшы ұстазымның, алтын ұям-мектебімнің алдындағы борышым!


^ Мектебім менің, мектебім!

Мектебім менің, болашағым өркенім,

Бәрі өзіңде сұлу әуен, көркем үн.

Ылғидағы демеу болсаң артымда ,

Сөзсіз күнде теңеледі әр түнім.


Алтын ордам, білім беріп таспалаған,

Білімімен әрбір шыңға ол тас қалаған.

Ыстығы мен суығына бірге төзіп

Айналайын «ҰСТАЗ» деген асыл анадан.



Мектеп деген-алтын ұям, ардақтар,

Әрбір шәкірт пікірімді салмақтар

Білім беріп , тәрбиеге үйреткен

Туа берсін өзіңе арналған тармақтар!

Добавить документ в свой блог или на сайт



Похожие:

Алтын ұя – мектебім iconМият: -армысыздар, ұстаздар, оқушылар! «Қош бол, алтын ұя мектебім!»
Шұғыла:- міне тағы бір оқу жылы аяқталып, біздің мектебіміздің 32 түлегі бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы...

Алтын ұя – мектебім iconОрумбаева Нургул Тумарбековна Секция История математики Тема доклад
Дана єалым алтын ќиманыѕ пропорциясын геометриядаєы атаќты теореманыѕ ќатарына ќойєан. Дегенмен, Пифагор теоремасына ќараєанда алтын...

Алтын ұя – мектебім iconВ алматы назвали лауреатов премии "Алтын Журек"
И вот, наконец, я дождалась этого торжественного дня и одев лучшее платье из моего гардероба, отправилась на Церемонию Награждения...

Алтын ұя – мектебім icon«Берекелі, алтын күз!» мерекесінің бағдарламасы 1 жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, көрермен қауым! Молшылыққа толы берекелі «Алтын күз»
Бүгінгі сайысымыз 5-7 сыныптар аралығында өткізілгелі отыр. Осы сайысымыздың бағдарламасымен таныс болыңыздар

Алтын ұя – мектебім iconӘбілғазыұлы арынғазы
Жанкент қаласында Шекті, Шөмекей, Жaғалбайлы, Төртқара, Жаппас руларының көсемдері оны ақ киізге отырғызып көтеріп, төбесінен алтын...

Алтын ұя – мектебім icon9,10,11 сыныптарға арналған стационарлық дайындық Тыңдаушылардың стационарлық дайындық үлгілері: «Шығыстың алтын қоры»
«Шығыстың алтын қоры» жоо дейінгі дайындық орталығы – түсу емтихандарына пәндер бойынша 8,6,4 айлық даярлау курстары

Алтын ұя – мектебім iconЖамбыл облысының 2010 жылдың қаңтар-маусымында әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы
Сонымен бірге, облыста натрий триполифосфатын, ортофосфор қышқылын, табиғи газды, газ конденсатын, құрамында алтын бар концентраттар,...

Алтын ұя – мектебім icon«Ауылым – алтын бесігім» атты облыстық жас ақындар мүшайрасы өткізілмек. Мүшайрада ақындар «Жасампаздықтың 20 жылы»
Мүшайрада ақындар «Жасампаздықтың 20 жылы», «Ауылым – алтын бесігім» және еркінтақырыптағы 3 авторлық өлең арқылы сынға түседі. Мүшайраға...

Алтын ұя – мектебім iconСабақтың тақырыбы : Менің мектебім. Сабақтың мақсаты : Білімділік
А сөздікпен жұмыс салынды-построена былтыр-в этом году лицензиялық қорытынды бойынша –по результатам лицензирования мәртебе –статус...

Алтын ұя – мектебім iconСапарбаева алтын махметжановна Сотовый телефон (обязательно)

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kze.docdat.com 2000-2013
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы