ЖЕҢістің 65 жылдығына арналады… icon

ЖЕҢістің 65 жылдығына арналады…




Скачать 19,93 Kb.
НазваниеЖЕҢістің 65 жылдығына арналады…
Дата конвертации05.05.2013
Размер19,93 Kb.
ТипДокументы
источник

ЖЕҢІСТІҢ 65 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ…


Н.А. Завалко,

п.ғ.д, профессор,

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ


2010 жылы Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 65 жыл толады, бұл жыл әсіресе, Ұлы Жеңіс әкелген ардагерлер үшін ерекше асте қаларлықтай. Сондай ардагерлердің бірі, атақты педагог-жаңашыл, есімі аңызға айналған, өмірді сүюмен ерекшеленген, рухы күшті, балаларды тәрбиелеумен, білім берумен жан-тәнімен айналысқан Құмаш Нұрғалиұлы Нұрғалиев.

Соғыс кезінде, он тоғыз жасар бозбала Құмаш әскери бұйрықты орындау үстінде ауыр жараланды. Екі аяғы мен бір қолынан айрылған ол, өзінің еркі мен барлық күш-жігерін жаңа педагогикалық білім беру ісінде сынауға бел буды. Құмаш Нұрғалиев таңқаларлықтай ерлік жасады: жер бетіндегі ең адамгершілікті мамаңдықты таңдады: ауылды жерде мұғалім, кейінірек ауыл мектебінің директоры қызметін атқарып, өмірін одан әрі қызғылықты жалғастырды.

Қашықтағы ауылда, Шығыс Қазақстан облысындағы Марқакөл ауданының Боран ауылында, облыс орталығынан 500 шақырымдай кашықтағы елді мекенде, Қазақстан Республикасының шығыстағы шекарасында Қ. Нұрғалиев ауыл мектебінің авторлық үлгісін кұрды.Ол үлгі әлеуметтік ашықтыққа, интегративтікке, кешендікке, жүйелікке, ғылымилыққа, икемділікке, адамгершілікке негізделген. 1975 жылы мектеп КСРО Бүкілодақтық Ауыл шаруашылық көрмесіне қатысып II-орын алды, ал 1980 жылы ҚазКСР Ауыл шаруашылығының қола медаліне және ІІІ-орынға ие болды.

Тіпті, аурухана бөлмесінде науқастанып жатқан кезінде Құмаш Нұрғалиұлы мектепке алғашқы “ЯМАХА” компьютер класын жеткізу мәселелерін шешті. Бұл оның қайтыс боларынан бірнеше күн бұрын, яғни 1988 жылдың мамыр айы еді. Мектепке компьютер класы 30 мамырда, оны жерлеген күні жеткізілді.

Осынау тамаша адам, ерінбейтін еңбекқор, тәжірибелі жетекші, іскер ұйымдастырушы ретінде халыққа білім беруді дамытуда көп еңбек етті, барлық мүғалімдердің ұстазы болды. «Бұл ғажап адамның өзінің өмірі - ерлік, шәкірттерді рухани адамгершілікке тәрбиелеуге, олардың азаматтық сапасын қалыптастыруда ғибратты өнеге болып табылыды»,-деп Дінмұхамет Ахметұлы Қонаев атап көрсеткен. Бұл Ұлы Отан соғысының ардагері, Боран мектебінің үздік басшысы, бар ғұмырын ауыл мектебін дамытуға арнаған, есімі үлкен әріппен жазылатын ұстаз үшін жоғары баға еді.

Құмаш Нұрғалиұлы Әскери Қызыл Ту, Отан соғысының бірінші дәрежелі орденімен, Еңбек Қызыл Ту, Ленин ордендерімен, бес медальмен марапатталды, «ҚазКСР Халық ағарту ісінің үздігі», «КСРО ағарту ісінің үздігі» белгілеріне, Жоғары Кеңестің Құрмет грамоталарына ие болды. «ҚазКСР-ның еңбегі сіңген мұғалім» «Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты» атанды.

1981 жылы Құмаш Нұрғалиұлына «КСРО Халық мұғалімі» атағы берілді. Боран ауылындағы оның авторлық мектебі «Қазақстан Республикасының ауыл мектептері үшін» «Қашықтан оқыту» жобасы бойынша бұл мектеп ЮНЕСКО зерттеу институты мен ҰАО мәртебесіне ие.

Добавить документ в свой блог или на сайт



Похожие:

ЖЕҢістің 65 жылдығына арналады… iconБатыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық білім беру бөлімі Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған «Жеңіс естегілер Отаншылдық»
Жеңістің 65 жылдығына арналған «Жеңіс естегілер Отаншылдық» тақырыбында өтетін Республикалық байқауға төмендегі шығармалармен фотосуреттерді...

ЖЕҢістің 65 жылдығына арналады… iconС. Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің 80-жылдығына арналады…
Бұл кафедра №2 госпитальді терапия кафедрасы атауымен 1980 жылдың қазан айында С. М. Киров атындағы зауыттың Медика-санитарлық бөлімінің...

ЖЕҢістің 65 жылдығына арналады… iconІзғұтты Айтықовтың 90 жылдығына арналады (І. Айтықов туралы кітапхана ресурстары)
Армысыздар, құрметті қонақтар! Биыл, біздің жерлесіміз, Кеңес Одағының батыры, халықтың біртуар ұлы Ізғұтты Айтықовтың 90 жылдығы....

ЖЕҢістің 65 жылдығына арналады… iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі» рмқК
«Мемлекеттіңәлеуметтік-мәденидамуы тұрғысындағы ұлттық өнердің өзіндік ерекшеліктері» тақырыбында Халықаралық студенттік ғылыми-тәжірибелік...

ЖЕҢістің 65 жылдығына арналады… iconАҚыннын тапқан айтыс, ЖӨнін тапқан жомарттық туралы ой
Жеңістің аты – Жеңіс. Ол сол батырды туған ұлттың жеңісі. Дәл осы жағдайда қазақтың жеңісі. Бақтыораздың есімін асқақтату арқылы...

ЖЕҢістің 65 жылдығына арналады… iconОқытушы: Нұрланова Ұлмира Нұрланқызы
Республикасының 10 жылдығына және Қ. А. Ясауи атындағы ХҚту-нің 10 жылдығына арналды

ЖЕҢістің 65 жылдығына арналады… icon2012 жылы 20-21 сәуір күндері БҚму-дың 80 жылдығына орай, физика-математика ғылымдарының докторы, академик А. Д. Таймановтың 95-жылдығына арналған «тайманов оқулары-2012»
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде 2012 жылы 20-21 сәуір күндері БҚму-дың 80 жылдығына орай, физика-математика...

ЖЕҢістің 65 жылдығына арналады… iconАҚПараттық хат құрметті әріптестер!
Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Қазақстан: Тәуелсіздік пен инновацияның 20 жылдығы» атты республикалық ғылыми – тәжірибелік...

ЖЕҢістің 65 жылдығына арналады… iconҚазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған
Самғау 2011 жас суретшілер арасындағы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған І халықаралық фестиваль. Фестивалді...

ЖЕҢістің 65 жылдығына арналады… iconАҚпараттық хат шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті 2012 жылдың 21-22 қыркүйегінде аграрлық факультеттің (бұрынғы зоотехникалық-малдәрігерлік институты) 60 жылдығына, факультет деканы, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор З.
З.Қ. Тоқаевтың 70-жылдығына арналған «Аграрлық ғылым дамуының және бәсекеге қабілетті мамандар дайындаудың болашағы» Халықаралық...

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kze.docdat.com 2000-2013
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы