Өзін-өзі тану кабинетін безендіру бойынша нұсқаулар «Өзін-өзі тану» icon

Өзін-өзі тану кабинетін безендіру бойынша нұсқаулар «Өзін-өзі тану»



НазваниеӨзін-өзі тану кабинетін безендіру бойынша нұсқаулар «Өзін-өзі тану»
Дата конвертации08.05.2013
Размер45,86 Kb.
ТипДокументы
источник
1. /Положение о кабинете (каз).doc
2. /положение о кабинете (рус).doc
Өзін-өзі тану кабинетін безендіру бойынша нұсқаулар «Өзін-өзі тану»
Положение об учебном кабинете «самопознание»

Өзін-өзі тану кабинетін безендіру бойынша нұсқаулар


«Өзін-өзі тану» пәнінің оқу кабинетін безендіру пәндік кабинеттер жұмысының мазмұны, оларды безендіру мен жабдықтауға қойылатын жалпы әдістемелік нұсқаулар негізінде жүзеге асырылады. «Өзін-өзі тану» пәніне арналған кабинеттің болуы және оның жабдықталуы «Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу-танымдық әрекетті ұйымдастырудың сапасы мен нәтижелілігіне айтарлықтай әсер етеді.

«Өзін-өзі тану» пәнінің оқу кабинеті – жалпы рухани-адамгершілік білім беруді, атап айтқанда пәннің бағдарламасын іске асырудың құралы болып табылатын, сонымен қатар білім беру жүйесінің сабақтарды ұйымдастыруға қолайлы да ыңғайлы жағдайларды қамтамасыз ететін оқу-тәрбиелік бөлімшесі. Бұл жағдайлар:

  • оқу материалын эмоционалдық-құндылық қабылдауды қалыптастыруға;

  • тұлғааралық позитивтік қарым-қатынасты қалыптастыруға;

  • ойлау әрекетін белсендіруге;

  • оқу сабақтарының дәстүрлі емес түрлерін ұйымдастыруға;

  • оқытудың мульти-аудио-бейнеқұралдарын, жабдықтарды және дидактикалық материалдарды кешенді пайдалануға мүмкіндік береді.


Өзін-өзі тану оқу кабинетіне қойылатын жалпы талаптар

  • Сабақ жүргізілетін ортаға балалармен қатар мұғалімдердің де жұмысқа қабілеті мен эмоционалдық көңіл күйін көтеретін эстетиканың, көркем дизайнның элементтерін енгізу арқылы қолайлы психологиялық қалыпты жағдай жасау.

  • Гүлдер мен бөлме өсімдіктерінің болуы.

  • Терезелерде перде немесе жалюздердің, еденде кілем немесе паластың болуы.

  • Кабинетті эргономикалық, физиологиялық, санитарлық-гигиеналық, эстетикалық, психологиялық және педагогикалық талаптарға сәйкес келетін жиһазбен жабдықтау.

  • Кабинетті оқытудың мульти-аудио-бейнеқұралдарымен, оқу-анықтамалық әдебиеттермен және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету.

  • Мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш мектепте сабақтар үшін балалар ойыншықтарының болуы.



  1. Өзін-өзі тану кабинетіне қойылатын санитарлық-гигиеналық және эстетикалық талаптар

Өзін-өзі тану кабинеті:

  • көлемі 36 шаршы метрден кем болмай және 10-15оқушы емін-еркін сыятындай болуы тиіс;

  • кабинет 2-3 функционалдық зонаға, мұғалімнің және оқушылардың жұмыс орнына бөлінуі тиіс (белсенді жұмыс және сенімді қарым-қатынас жасау аумағы, сондай-ақ жобалық шығармашылық жұмыстарды орындау аумағы);

  • заманауи санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес болуы керек (жарық, жылу, желдеткіш, оқушылардың жасына сәйкес келетін жиһаз);

  • нақты түстердің үйлесіміне және дизайнына (көркем безендірілуіне) сәйкес болуы тиіс.

2. Өзін-өзі тану кабинетін безендіруге қойылатын талаптар

2.1. Өзін-өзі тану кабинетін безендіру үшін мыналар болуы тиіс:

2.1.1. Рухани-адамгершілік білім беру жобасының авторы С.А.Назарбаеваның қоғамдық қызметін баяндайтын стенд;

2.1.2. Қабырғаларда – балалардың суреттері немесе туған өлке табиғатының көріністері;

2.1.3. Балалардың өзін-өзі тану сабақтарындағы іс-әрекетін бейнелейтін суреттер, туған күн иелерін құттықтаулар үшін сынып бұрышы.

2.2. Өзін-өзі тану кабинетінің қабырғаларын оқушылардың жас ерекшеліктеріне және пән бойынша тақырыптық-оқу жоспарының бөлімдеріне сәйкес тақырыптық безендіру қажет:

2.2.1. Мектеп жасына дейінгі және мектепалды топтары үшін «Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұны суреттерде, стенділер мен панноларда бейнеленуі тиіс;

2.2.2. Бастауыш сынып оқушылары үшін сонымен қатар балалардың шығармашылық жұмыстарын бейнелейтін паннолар және стенділер болуы керек;

2.2.3. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру контексінде ата-аналармен жұмысты көрсететін жеке стенд қажет;

2.3. Кабинетте міндетті түрде:

2.3.1. Оқушылардың жұмыс істеуі және олардың шығармашылық жұмыстарын көрсетуге арналған тақталар, флипчаткалар мен магнитұстағыштар;

2.3.2. Белсенді жұмыс аумағында 4-6 адам үшін дөңгелек немесе ұзынша келген үстелдер;

2.3.3. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін жеңіл пластмасса орындықтар;

2.3.4. Жоғарғы сынып оқушылары мен студенттер үшін жартылай жұмсақ кеңсе орындықтары;

2.3.5. Рухани-адамгершілік білім беру бойынша кітапхана қорын, шығармашылық жұмыстарды, дидактикалық және әдістемелік материалдарды, аудио және бейнематериалдарды, кеңсе бұйымдарын сақтау үшін шкафтар немесе стеллаждар;

2.3.6. Музыка орталығы, бейнемагнитофон және бейнепроектор, компьютер, сандық фотоаппарат мүмкіндігінше болуы қажет.

2.4. Түстерді қолданғанда олардың негізінен ашық және жылы, ашық-сары, ашық – бозғылт болуын ескеру керек.



  1. Өзін-өзі тану кабинетінің оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптар



3.1. Кабинеттің оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз етілуі үшін:

  • нормативтік-құқықтық құжаттар (ҚР БжҒМ бұйрықтары, пәннің білім беру стандарты, тақырыптық жоспарлар);

  • көрнекі құралдар (карталар, плакаттар, портреттер, картиналар, т.б.);

  • рухани-адамгершілік білім берудің барлық деңгейлеріне арналған оқу-әдістемелік кешендер;

  • сабақ өңдеулерінің папкалары;

  • үлестірме дидактикалық материалдар;

  • диагностиканың нәтижелері бойынша аналитикалық есептер;

  • ғылыми семинарлар, конференциялар және рухани-адамгершілік білім беруді дамыту бойынша озат тәжірибе материалдары;

  • бейне- және аудиокассеталар, компьютер дискілері және дискеталар;

  • рухани-адамгершілік білім беру жөніндегі және әдістемелік әдебиеттің болуы және жүйеленуі тиіс.



3.2. Кабинетте сабақ өткізу үшін өзін-өзі тану кабинетін пайдалану кестесі болуы қажет:

  • оқу кабинетінің жұмыс кестесі;

  • жеке өткізілетін сабақтар, консультациялар, т.б. кестесі.

3.3. Төмендегі құжаттардың болуы маңызды:

  • кабинеттегі жабдықтар, әдістемелік құралдар, дидактикалық материалдар т.б. көрсетілген кабинет төлқұжаты;

  • кабинетте жұмыс істеу қауіпсіздігі техникасының ережелері;

  • әдістемелік бірлестіктің өзін-өзі тану кабинетінің нақты оқу жылына даярлығы жөніндегі шешімдерінің хаттамалары.

4. Кабинет қызметін бағалау:

  • Өзін-өзі тану кабинеті басқа пәндер кабинеттерімен бірге кабинеттер байқауына қатысады (білім беру ұйымының жоспарына сәйкес);

  • Байқау нәтижелері бойынша қорытынды шығарылып, үздік кабинеттер анықталады.




Похожие:

Өзін-өзі тану кабинетін безендіру бойынша нұсқаулар «Өзін-өзі тану» iconСұрақ: «Өзін-өзі тану» пәніне арналған мамандандырылған оқу кабинеті қажет пе? «Өзін-өзі тану»
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша жалпыға міндетті орта білім беру Мемлекеттік стандарттарына, оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес...
Өзін-өзі тану кабинетін безендіру бойынша нұсқаулар «Өзін-өзі тану» icon«Өзін өзі тану» пәні бойынша сабақ әзірлемелері Әдістемелік жинақ Сборник методических разработок по Самопознанию Тараз 2012 Кіріспе
«Өзін-өзі тану» пәні болашақ ұрпақтың бойында рухани адамгершілік қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеуге, жалпыадамзаттық құндылықтарды,...
Өзін-өзі тану кабинетін безендіру бойынша нұсқаулар «Өзін-өзі тану» iconЖастарды еңбекке тәрбиелеудегі қазақ халқының Ұлттық салт-дәСТҮрлері. Шалғынбаева Қадиша Қадырқызы. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану»
«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ. д., профессор
Өзін-өзі тану кабинетін безендіру бойынша нұсқаулар «Өзін-өзі тану» iconЖоба «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша екінші курс студенттері арасында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша республикалық олимпиаданы өткiзу туралы ереже
Азақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді...
Өзін-өзі тану кабинетін безендіру бойынша нұсқаулар «Өзін-өзі тану» iconӨзін өзі тану пәні бойынша қысқы сессияның сұрақтары

Өзін-өзі тану кабинетін безендіру бойынша нұсқаулар «Өзін-өзі тану» iconЖалпы педагоика, психология және өзін-өзі тану кафедрасының 2011 жылға ғылыми-зерттеу жұмыстарынан есебі
Атырау мемлекеттік университетіндегі Диссертациялық кеңестің шешімімен «Студенттердің рухани адамгершілік құндылықтарын өзін-өзі...
Өзін-өзі тану кабинетін безендіру бойынша нұсқаулар «Өзін-өзі тану» iconҚасым Аманжолов атындағы жоббм бойынша өзін-өзі тану пәні мұғалімдерінің сапалық құрамы. 2011-2012 оқу жылы
Аманжолов атындағы жоббм бойынша өзін-өзі тану пәні мұғалімдерінің сапалық құрамы. 2011-2012 оқу жылы
Өзін-өзі тану кабинетін безендіру бойынша нұсқаулар «Өзін-өзі тану» iconӨзін -өзі тану пәні нені үйретеді? Адамның мінезі қайдан және қалай танылады?

Өзін-өзі тану кабинетін безендіру бойынша нұсқаулар «Өзін-өзі тану» iconӨзі туралы мәлімет 08. 04. 91ж БҚО, Теректі ауданы, Сарыөмір ауылы Мақсаты
«Өзін-өзі тану» курсы. Жауапкершілігі жоғары, ортамен тез тіл табысады, қазақ, орыс тілдерін еркін меңгерген, ағылшын тілін сөздікпен....
Өзін-өзі тану кабинетін безендіру бойынша нұсқаулар «Өзін-өзі тану» icon11 класта «Өзін өзі тану» сабағы
Сабақтың мақсаты: оқушылардың бойынан эмоционалды мәдениет ұғымын қалыптастыру, өз эмоцияларын билеуге үйрету
Өзін-өзі тану кабинетін безендіру бойынша нұсқаулар «Өзін-өзі тану» icon6М012300 – Әлеуметтік педагогика және өзін–Өзі тану мамандығы бойынша түсу емтихан сұРАҚтары
Антик дәуіріндегі ойшылдардың адам туралы, оның мәні мен танымдық қабілеттері туралы ойлары
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kze.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы