«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ Үлгі Негізігі мектеп түлектерін қорытынды аттестаттауға емтихан материалдары Орыс тілде оқитын сыныптар үшін icon

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ Үлгі Негізігі мектеп түлектерін қорытынды аттестаттауға емтихан материалдары Орыс тілде оқитын сыныптар үшін



Название«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ Үлгі Негізігі мектеп түлектерін қорытынды аттестаттауға емтихан материалдары Орыс тілде оқитын сыныптар үшін
Дата конвертации12.06.2013
Размер130.77 Kb.
ТипДокументы
источник

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ


Үлгі


Негізігі мектеп түлектерін қорытынды аттестаттауға

емтихан материалдары


Орыс тілде оқитын сыныптар үшін

Қазақ тілі


Емтиханның құрылымы

  1. Тест сұрақтары - 30

  2. Оқылым (1 мәтін , 5 жауап нұсқасымен)

  3. Берілген тақырыптар бойынша ауызша әңгімелеу.


Бағалау критерийі және орындалу уақыты

Тесте әр дұрыс жауапқа 1 балл қойылады, дұрыс емес жауапқа – 0 балл .

Тестің орындалу уақыты – 45 минут.

^ Оқылым 170-200 сөзден тұрады, оның 5 жауап нұсқалары болады- жоғарғы балл критерийге сәйкес -6 балл.

Оқылымды бағалау критерийлері

^ Оқылымды бағалау критерийлері

Балл саны

Оқу техникасы

1

Мәтіндегі басты тірек сөздерді табу (1-тапсырма)

1

Мәтінге сәйкес ақпаратты табу

(2-тапсырма)

1

Мәтінде жауабы бар сұрақты табу

(3-тапсырма)

1

Мәтінге сәйкес нұсқаны анықтау

(4-тапсырма)

1

Мәтінге лайық тақырып қою

(5-тапсырма)

1

Барлығы

6



Сөйлесім

Сөйлесімдегі алған тақырыбы бойынша ауызша сөйлеуге (әңгімелеуге) 20 минут уақыт беріледі (Егер сөйлесім тақырыптары оқушыларға алдын ала таратылса, сөйлесуге 10 минут жеткілікті).

^ Сөйлесімді бағалау критерийлері

Сөйлесімді бағалау критерийлері

Балл саны

Тақырып бойынша сөйлесімнің көлемі (15 сөйлемнен кем болмауы керек)

1

Сөздік қор

2

Сөйлеу мәдениеті, (жүйелілік, мағыналылық)

2

Тақырыпты ашу,ой тұжырымдау

3

Барлығы

8


Сөйлесім (айтылым) дағдыларын бағалауға мысал ретінде келесі бағыттағы тақырыптар ұсынылады:

  1. Қазақстан (рәміздер, тарихи мағлұматтар, жәдігерлер, географиясы, қалалары)

  2. Салауатты өмір салты

  3. Жас ұрпақ

  4. Салт –дәстүрлер

  5. Туған жер

  6. Экология

  7. Ұлттар достастығы

  8. Спорт, туризм (көрікті жерлер)

  9. Достық қарым–қатынас

  10. Табиғат

  11. Ақпарат көздері

  12. Білім

  13. Отбасы

  14. Ақпарат көздері

  15. Мектеп өмірі

  16. Ғаламтор жүйесі



Үлгі

Оқылым

Қазан айының соңғы күндері. Құстар топ-топ болып тізбектеліп, жылы жаққа қайтып жатқан-ды. Мен ұлым Қазтайды ертіп, Егіндібұлақ көлінің жағасына келіп, табиғаттың күзгі көрінісін тамашалап тұрғанмын. Аспанда жападан-жалғыз ұшып бара жатқан қоңыр қазға көзім түсті. Ол ауық-ауық аянышты дыбыс шығарып барады.

- Әке, мынау құс не деп барады? Неге жалғыз қалған? – деп сұрады Қазтай.

- Бұл – қоңыр қаз. Жылы жаққа қайтқан өзінің тобынан қалып қойғанға ұқсайды. Енді не істерін білмей жетімсіреп, басына қауіп төнген түрі бар сияқты.

- Әке, ол басқа құстардың тобына неге қосылмайды?

- Қосылуы қосылар еді-ау, бөтен құстар өзінің тобына ала ма?

Осы сәт тыраулаған тырналар сән түзеп, жылы жаққа кетіп бара жатты. Қоңыр қаз соңдарынан ілесе беріп еді, бір-екі тырна бөлініп шығып, қазды қуып тастады.

Енді біраздан кейін аспанда тізіліп, ақ шатыр құрғандай аққулар тобы өте берді. Қоңыр қаз: «Түбі бір туысың емеспін бе, мені де қосып алыңдар», - дегендей қаңқ-қаңқ етіп, оларға жанаса беріп еді, бір-екі аққу бөлініп шығып, қазды қуып жіберді.

- Әке, мына аққулар да жалғыз қазды тобына қоспады ғой, - деп Қазтай құсты аяп кетті.(173 сөз)


1.^ Мәтіннен басты тірек сөздерді табыңыз

А) ақ шатыр, бөтен, ауық-ауық

В) жылы жаққа, қоңыр қаз,құстардың тобы

С) сән түзеп, аянышты дыбыс, ақ шатыр

Д) аққу,Қазтай, күзгі көрініс

Е) жалғыз, тырна, жетімсіреп


2.^ Мәтінге сәйкес ақпаратты табыңыз

Қоңыр қаз жылы жаққа қайтқан ... қалып қойғанға ұқсайды.

А) аққулардан

В) құстардың тобынан

С) тырналардан

Д) өзінің тобынан

Е) бөтен құстардан


3.^ Мәтінде жауабы бар сұрақты табыңыз

А) Күзгі табиғат қандай?

В) Қоңыр қаз қалай ұшып бара жатты?

С) Қоңыр қаз кімдердің тобына қосылды?

Д) Қазтай аққуларды аяды ма?

Е) Барлық тырналар кімді қуып тастады?


4. ^ Мәтінге сәйкес нұсқаны анықтаңыз

А)Құстар топ- топ болып жылы жақтан келіп жатқан-ды.

В) Әкесі Қазтаймен түнгі аспанды тамашалап тұрған.

С) Басына қауіп төнген түрі бар сияқты

Д) Енді біраздан кейін аспанда тізіліп, ақ шатыр құрғандай шағалалар

тобы өте берді.

Е) Аққулар да жалғыз қазды тобына қосып алды.


5. ^ Мәтінге сәйкес тақырыпты таңдаңыз

А) Аспандағы құстар тізбегі

В) Жалғыздың үні шықпас

С) Аңға шыққан отбасы

Д) Басқа құстардың тобына қосылу

Е) Ержүрек қаз

^ 1- мәтіннің жауап кілттері

1

В

2

D

3

В

4

С

5

D



^ Бағалау жүйесі.

  1. Тест

Барлық тестерді бағалау дихотомикалық шкала бойынша өткізіледі.

Әрбір дұрыс жауапқа 1балл қойылады.

Қате жауапқа 0 балл қойылады.


  1. Оқылым (мәтін)

Оқу техникасына және әрбір дұрыс орындалған тапсырмаға 1 балдан қойылады.


  1. Сөйлесім (айтылым)

Көрсетілген критерийлерге сәйкес барлығы 8 балл қойылады.


Емтихан жұмыстарының орындалу уақыты

1.Тест

30 тестік тапсырманың әр сұрағына 1,5 минуттан беріледі.

Барлығы 45 минут.

Тест жұмысынан кейін үзіліс беріледі.

2.Оқылым

Мәтінді оқып, тапсырмаларды орындауға 25 минут уақыт беріледі.

3. Сөйлесім

Сөйлесімдегі алған тақырыбы бойынша ауызша сөйлеуге (әңгімелеуге) 20 минут уақыт беріледі (Егер сөйлесім тақырыптары оқушыларға алдын ала таратылса, сөйлесуге 10 минут жеткілікті).

Барлық емтихан тапсырмалары бірге - 100%

Тест бөлігі

68%

Оқылым бөлігі

12%

Сөйлесім бөлігі

20%

Барлығы

100%


Балдарды бағаға айналдыру шкаласы


90-100 % - «5» (39- 44 балл)

75-89% - «4» (32-38 балл)

51-74% - «3» (24-31 балл)

50% және төмен – «2» (23 балл және одан төмен)


Тест


1. Дауысты дыбыстар қатарын көрсетіңіз

A) э, қ, ы

B) а, и, ұ

C) ғ, қ, ө

D) ж, ұ, д

E) п, й, б

2. Қaтаң дауыссыз дыбыстар қатарын табыңыз

A) қ,т,о,з

B) д,б,ж,з

C) қ,т, п,с

D) н,ң,л,м

E) а, ы, м,т

3. Синонимдік қатарды белгілеңіз

A) анық, айқын

B) ер, жуас

C) бүгін, биыл

D) жаз, тер, қаз

E) тақ, танау, күн

4. "Көзді ашып-жұмғанша" сөз тіркесінің мағынасын табыңыз

A) ақырын

B) сылбыр

C) асықпай

D) тез

E) оқыс

5. Шығыс септік жалғаулы зат есімді табыңыз

A) ықыласпен

B) көлге

C) өзеннің

D) тауды

E) жерімнен

6. Туынды сын есімді белгілеңіз

A) қызыл

B) қарлы

C) жаман

D) үлкен

E) кең

7. Болымсыздық есімдігін табыңыз

А) дәнеме

В) бірдеме

С) кімде-кім

D)әлдекім

Е) біреу

8. Қатыстық сын есімді табыңыз

A) әдемі

B) ширақ

C) кішілеу

D) сапалы

E) қызғылт

9. Жайылма сөйлемді көрсетіңіз

A) Таңертеңнен кешке дейін ойнады.

B) Күн шықты.

C) Мұғалім көңілді.

D) Мектеп тап – таза.

E) Таң атты.

10. Салалас құрмалас сөйлемнің түрін аңықтаңыз

A) түсіндірмелі

B) құрмалас

C) бұйрықты

D) хабарлы

E) жай

11. ^ Ашық, қысаң дауысты дыбыстар қалай жасалатынын анықтаңыз

A) езудің қатысына қарай

B) тілдің қатысына қарай

C) жақтың қатысына қарай

D) салдардың қатысына қарай

E) еріннің қатысына қарай

^ 12. Жазылуда түбірі өзгеріске ұшыраған кейінді ықпалды табыңыз

A) Түнгі дала.

B) Олар шекарадан өтті.

C) Оның айтқан сөзіне сенбеді.

D) Жүрегі бір жамандықты сезгендей.

E) Бәрі бірге келді.

^ 13. Сөйлемдегі диалект сөзді анықтаңыз

A) Бүгін азанда ерте ояндым.

B) Табалдырықта отырма.

C) Бидайға орақ түскелі тұр.

D) Бау-бақшадан жеміс тердік.

E) Оның нағашысы әскерден келді.

14. «Момын» синоним болатын тұрақты тіркесті табыңыз

А) төбесі көкке жетті

В) жүрегінің түгі бар

С) төбе шашы тік тұрды

D) қой аузынан шөп алмас

Е) бетінің оты шығу

15. Зат есімнен сын есімді жасайтын жұрнақты табыңыз

А) үлкен үй

В) ыстық сорпа

С) жаңа киім

D) биіктеу жер

Е) қарлы боран

16. Кіріккен сөзді анықтаңыз

А) темірқазық

В) түймедақ

С) тасбақа

D) бүгін

Е) ешкім

17. Сөздерді де, сөйлемдерді де байланыстыра алмайтын шылауларды белгілеңіз

А) септеулік

В) жалғаулық

С) қарсылықты жалғаулық

D) демеулік

Е) ыңғайластық жалғаулық

18. Қос сөздің үстеу қызметінде тұрғанын көрсетіңіз

А) он - он бес

В) жата - жастана

С) іні-қарындас

D) жап - жасыл

Е) аға-іні

19.Берілген сөйлемде сан есімнің қай түрі кездесетінін белгілеңіз

Отыз-қырықтай адам жиналған екен.

А) есептік

В) бөлшектік

С) болжалдық

D) жинақтық

Е) топтау

20. ^ Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз

А) Ерте келсең, маған айт.

В) Ол ертерек келсе екен.

С) Ал ол болса қалаға кетті.

D) Қайта-қайта оқыса да, түсінбеді.

Е) Кино басталса, ол ұйқыға кетеді.

21. ^ Есім сөзден болып тұрған баяндауышты анықтаңыз

A) Ол кешкісін келіп еді.

B) Ердің сыншысы-ер.

C) Дала тіршілігі енді басталды.

D) Ауыл кешкісін келіп еді.

E) Елге баруға мүмкіншілік жоқ.

22. ^ Меңгеріле байланысқан сөз тіркесін ажыратыңыз

Талай ұмытылмас ұзақ түндерді мен кітаппен өткізуші едім.

А) талай түндерді

В) ұзақ түндерді

С) ұзақ өткізуші едім

D) кітаппен өткізуші едім

Е) ұмытылмас түндерді

23 «Өкіну» мәніндегі фразеологизмді табыңыз

А) аузына құм құйылу

В) қой аузынан шөп алмас

С) төбе шашы тік тұру

D) бармағын тістеу

Е) бес саусақтай білу

^ 24. Қосымшасы әр түрлі қос сөзді анықтаңыз

А) айта- айта

В) аз-ақ

С) айтып-айтпай

D) тұс-тұсына

Е) сеп-семіз

25. Құрамында «жас» сөзінің антонимі бар біріккен сөзді табыңыз

А) Өмірзақ

В) Қалампыр

С) Қарынбай

D) Қартқожа

Е) Ерқосай

^ 26. Ауыспалы осы шақ пен ауыспалы келер шақтың ерекшелігін табыңыз

А) интонациясына қарап

В) мағынасына қарап

С) орын тәртібіне қарап

D) сөйлем құрылысына қарап

Е) сөздердің орналасуына қарап

^ 27. Іс-қимыл мен оны орындаушы арасындағы қатынасты білдіретін категорияны анықтаңыз

А) етіс категориясы

В) есім категориясы

С) рай категориясы

D) көсемше

Е) шақ категориясы

^ 28. Бастауыш қызметіндегі тұрақты тіркесті табыңыз

А) Аузы күйген үрлеп ішер.

В) Олар көптен бері қырғи қабақ болып, бір-бірін аңдысып жүр.

С) Олар суықта қалып, тісі тісіне тимей жаурады.

D) Істің насырға шапқанын сезген Оспан сыртқа шығып кетті.

Е) Ұяттан кірерге тесік таппаған бала қып-қызыл болып кетті.

^ 29. Толымды сөйлемнің толымсыз сөйлемнен ерекшелігін көрсетіңіз

А) іс-оқиғаның атауы

В) бастауыш түсіріліп айтылады

С) айтылуға тиісті мүшелер қатысады

D) ешқандай айырмашылық жоқ

Е) айтылуға тиісті мүшелер тегіс қатыспайды

^ 30. Құрмалас сөйлемнің мағыналық тобын анықтаңыз

Ол келе жатыр еді, жол екіге бөлінді.

А) түсіндірмелі

В) ыңғайлас

С) қарсылықты

D) кезектес

Е) себеп-салдар


^ Жауап кілттері


1

В

2

С

3

А

4

D

5

Е

6

В

7

А

8

D

9

А

10

А

11

С

12

D

13

А

14

D

15

Е

16

D

17

D

18

В

19

С

20

А

21

В

22

D

23

D

24

С

25

D

26

В

27

А

28

А

29

С

30

В






Похожие:

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ Үлгі Негізігі мектеп түлектерін қорытынды аттестаттауға емтихан материалдары Орыс тілде оқитын сыныптар үшін icon«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ Үлгі Негізігі мектеп түлектерін қорытынды аттестаттауға емтихан материалдары
Тазалығы талапқа сай емес, каллиграфиялық қателер кездеседі, оқушының 5 түзетуі бар. Емледен 9, тыныс белгіден 7 қате жіберген (9/9)...
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ Үлгі Негізігі мектеп түлектерін қорытынды аттестаттауға емтихан материалдары Орыс тілде оқитын сыныптар үшін icon«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ Үлгі Орта мектеп түлектерінің қорытынды аттестаттауға емтихан материалдары
...
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ Үлгі Негізігі мектеп түлектерін қорытынды аттестаттауға емтихан материалдары Орыс тілде оқитын сыныптар үшін icon«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ Үлгі Жоғарғы сынып оқушыларының
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жоғары мектеп бітірушілерін георафия пәнінен қорытынды аттестаттауға арналған тест
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ Үлгі Негізігі мектеп түлектерін қорытынды аттестаттауға емтихан материалдары Орыс тілде оқитын сыныптар үшін icon«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ
...
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ Үлгі Негізігі мектеп түлектерін қорытынды аттестаттауға емтихан материалдары Орыс тілде оқитын сыныптар үшін icon«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ
...
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ Үлгі Негізігі мектеп түлектерін қорытынды аттестаттауға емтихан материалдары Орыс тілде оқитын сыныптар үшін iconДббұ «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
...
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ Үлгі Негізігі мектеп түлектерін қорытынды аттестаттауға емтихан материалдары Орыс тілде оқитын сыныптар үшін iconДббұ «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
...
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ Үлгі Негізігі мектеп түлектерін қорытынды аттестаттауға емтихан материалдары Орыс тілде оқитын сыныптар үшін icon«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ
...
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ Үлгі Негізігі мектеп түлектерін қорытынды аттестаттауға емтихан материалдары Орыс тілде оқитын сыныптар үшін icon«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ
...
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ Үлгі Негізігі мектеп түлектерін қорытынды аттестаттауға емтихан материалдары Орыс тілде оқитын сыныптар үшін iconДббұ «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kze.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов