Қазақстан республикасының білім және ғалым министрлігі мемлекеттік мекеме «№26 орта мектеп» icon

Қазақстан республикасының білім және ғалым министрлігі мемлекеттік мекеме «№26 орта мектеп»




Скачать 91.41 Kb.
НазваниеҚазақстан республикасының білім және ғалым министрлігі мемлекеттік мекеме «№26 орта мектеп»
Дата конвертации29.11.2012
Размер91.41 Kb.
ТипДокументы
источник

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒАЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ «№ 26 ОРТА МЕКТЕП»


ТАҚЫРЫП :

« Халық мұғалімі – Құмаш Нұрғалиұлы Нұрғалиев »


ОРЫНДАҒАН:

8«В»сынып оқушысы

Асқарова Данэля


ЖЕТЕКШІ:

қазақ тілі мұғалімі

Нұрпейісова Гүлжан

Шаймарданқызы


ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ, 2008 ЖЫЛ

Халқымыздың кемеліне келіп өркендеуі,

үшін алдымен азаттық пен білім керек,

оны дәріптеп танытатын азаматтық керек,

Ш. Уалиханов


Есімі бүгінде аңызға айналған, бар өмірін аул мектебін өркендетуге арнаған Құмаш Нұрғалиұлының еңбегін бүгінде бір зор мақтанышпен айта аламыз. КСРО халық мұғалімі кезінде Еңбек Қызыл Ту, Ленин ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған көптеген сыйлықтардың лауреаты атанған абзал азамат өмірі, қашанда бүгінгі ұрпақ үшін үлгі тұтар асқар тұлға. Осынау есімі егеменді елімізде үлкен әріппен жазылатын ұстаз жайындағы естелік кітаптың маңызы ерекшелене түседі. Ұлағатты ұстаз болу бақытына ие болу кез келген адамның қолынан келе бермейді. Президентіміз жолдауында көр – сеткендей «Қазқстандағы мектеп уақыт өте келе үздік әлемдік стандарттар деңгейіне көтерілуі тиіс» деген сөздері кезінде Құмаш деген сөздері кезінде Құрмаш Нұрғалиұлының 31 жыл басшылық жасаған Шығыс Қазақстан облысындағы Марқакөл ауданындағы Боран мектебіне дәл арналғандай көрінеді.

Өмірді ерекше суйе білген оның өмірі ерлік пен батылдықтан тұратынын естелік кітап беттеріне тани түсеміз. Ұрпақ тәрбиесі – келешек тұтқасы екенін жақсы түсінген Құмаш Нұрғалиұлы ауыл мектебін мәдениет орталығына айналдара білді.Соғыстан кейінгі жылдары Республикамызда мектеп ғимаратын типтік жоба бойынша салуға деуімізге әбден болды. Мектеп директоры, педагогикалық жетекші, білгір ұйымдастырушы ретінде Құмаш Нұрғалиұлы өз заманынан әлдеқайда озық тұрғанын көреміз.

Ұстаз бақыты – ұрпағы екенін жақсы түсінген Құмаш Нұрғалиұлының келер ұрпаққа қалдырған асыл мұрасы 40жыл бойындағы ағартушылық еңбегі қашанда үлгі болып жарқырай бермек. Болашақтың қамын ойлаған ұлағатты ұстаз, ардақты әке арманын бүгінде өз ұрпақтары жалғастыруда.Осы педагогиқалық әулетте кезінде әке жетпеген арман – мұраттардың жарқын көрінісі егеменді еліміздің білім саласына қосқан, әлі де қоса беретін республикамызға ғана емес, халықаралық деңгейде танымал ұл – қыздарының шығармашылық, педагогиқалық еңбектері бүгінде халық игілігіне айналуда.

Нағыз халық мұғалімі Құмаш Нұрғалиұлы жайлы қызығы мен қиындығы мол өміріне әлі талай дастандар жазылатынына сеніміміз мол.


Ұстаздық еткен жалықпас

Үйретуден балаға.

Абай.

2008 жылы Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 63 жыл толады, бұл жыл әсіресе, Ұлы Жеңіс әкелген ардагерлер үшін ерекше есте қаларлықтай.

Сондай ардагерлердің бірі – атақты педагог – жаңашыл, есімі аңызға айналған,өмірді сүюімен ерекшеленген, рухы күшті, балаларды тәрбиелеумен, білім берумен жан – тәнімен айналысқан Құмаш Нұрғалиұлы Нұрғалиев.

Ұлы Отан соғысы кезінде, әскері бұйрықты орындау үстінде ол 19 жасында ауыр жараланды. Аяқ – қолы істен шықты соның өзінде педагогикалық білім беру үшін өз бойынан күш – жігер таба білді. Құмаш Нұрғалиев таңқаларлықтай ерлік жасады: жер бетіндегі ең адамгершілікті мамандықты таңдады: ауылды жерде мұғалім, кейінірек ауыл мектебінің директоры қызметін атқарып, өмір одан әрі қызғылықты жалғастырды.

Қашықтағы ауылда, Шығыс Қазақстан облысындағы Марқакөл ауданының Боран ауылында, облыс орталығынан 500шақырымдай қашықтағы елді мекенде, Қазақстан Республикасының шығыстағы шекарасында Қ. Нұрғалиев ауыл мектебінің авторлық үлгісін құрды. Ол үлгі әлеуметтік ашықтыққа, интегративтікке, кешендікке, жүйелікке,ғылымилыққа, икемділікке, адамгершілікке негізделген. 1975жылы мектеп КСРО Бүкілодақтық Ауыл шаруашылық көрмесіне қатысып ΙΙ орын алды, ал 1980жылы ҚазКСРАуыл шаруашылығының қола медаліне және ΙΙΙ орынға ие болды.

Құмаш Нұрғалиұлы мектепте 31 жыл басшылық жасаған кезінде өзінің ұстаздық шеберлігін, білім берудегі жетістігін таныта білді. Өз мектебін дамытуда соңғы кездегі ғылым мен техникалық жетістіктеріне суйенді. Мектеп мәселесі туралы кез – келген деңгейдегі басшыларға батыл ұсыныс жасай алды, оның дұрыс шешілуін батыл талап етті. Осынау тамаша адам, ерінбейтін еңбекқор, тәжірибелі жетекші, іскер ұйымдастырушы ретінде халыққа білім беруді дамытуда көп еңбек етті, барлық мұғалімдердің ұстазы болды.“Бұл ғажап адамның өзінің өмірі – ерлік, шәкірттерді рухани адамгершіліккетәрбиелеуде, олардың азаматтық сапасын қалыптастыруда ғибратты өнеге болып табылады”, - деп Дінмұхамет Ахметұлы Қонаев атап көрсеткен. Бұл Ұлы Отан соғысының ардагері, Боран мектебінің үздік басшысы, бар ғұмырын ауыл мектебін дамытуға арнаған, есімі үлкен әріппен жазылатын ұстаз үшін жоғары баға еді.

Қумаш Нұрғалиұлы Әскери Кызыл Ту, Отан соғысының бірінші дәрежелі орденімен, Еңбек Қызыл Ту, Ленин ордендерімен, бес медальмен марапатталды, “ҚазКСР Халық ағарту ісінің үздігі ” белгілеріне, “Жоғары Кеңесінің Құрмет грамоталарына ие болды,“ҚазКСР- ның еңбегі сіңген мұғалім”‚“Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты” атанды.

Қумаш Нұрғалиевтің педагогиқалық қызметі Кеңестер Одағыныңэнциклопедиялық сөздігінде, Қазақстан педагогиқалық ақыл – ойының Антологиясында бейнеленлі Оның шығармашылығы жайлы құжатты – публицистиқалық фильмдер топтамасы шықты: “Комсомольский билет”, “Здраствуй солнце”, “Учитель”, “Открытый урок”. Екі кітап жазылды: “Құмаштың мектебі” мен “Өлімді женген өмір”. Кезендік басылымдарда 50-ден астам мақала жарияланды.


Ғафу Қайырбеков


Адамға кісі – ақ еді Құмаш деген,

Жалғанда енді ондайлар тумас деген,

Жүзіне бүтіндердің татушы еді ау,

Жалғыз қол, екі жанар, бір баспенен,


Ер деген сөз жетпеген бағасына,

Сан ақыл көрік берген санасына,

Тағылған жеке дара жұлдыз еді,

Алтайдың алтын шекпен жағасына.


Марқакөл өңіріндегі Сармөнке деген ауылда, Қеңес өкіметі орнаған жетінші жылдың алтын күзінде белсенді колхозшы, озат жылқышы Нұрғалидың отбасында тұнғыш нәресте Құмаш дүниеге келеді. Жас жұбайлар Нұрғали мен Күлдәрінің қуа Нұрғали мен Күлдәрінің қуанышында шек жоқ.Олар баламыз өзіміз көрген қорлық пен жоқшылықты кормей өседі, мектепке барып оқу оқиды, сауатты, білімді азамат, мүмкін мұғалім болар деп қуанады, солай боларына берік сенеді. Оның да жөңі бар еді. Қенес өкіметі нығайған сайын, өмір коңілді, тұрмыс уақытты бола берді. Сауатсыздықты жойып, жаппай білім алу жоғары күшейе түсті.

Құмаш та өсіп оқу жасына жетті. Тамыз таусылып қыркүйегі басталарда Нұрғали тұнғышын жетектеп, жеті жылдык мектепке әкелді.

  • Мына тұнғышым Құмашты өзіңе тапсырдым , - деді ол мектеп меңгерушісіне. - Өзім бай – құлақтарға жалшы болып оқи алмап едім, енді балаларым оқысын. Мүмкін өзің сияқты білімді мұғалім болып шығар....

Әкесінің бұл сөздері Құмаштың бүкіл өмір бойы жанында сақталып қалды. Әкенің бұл тілегі мен арманы да тегін айтылмаған шығар. Ол тұңғышының өзнен кіші інілерімен және көрші балалармен ойнағанда, оның аузынан ылғи да мектеп, сынып , мұғалім, шәкірт деген сөздер түспей, өзі үнемі “мұғалім” болып ойнауға тырысатындығын байқайтын. Бәлкім әке тілегі мен арманы осы байқаулардан, әлде ауыдағы ең сауатты ең білімді адамдар мұғалім деп халықтың санасында ежелден сінген үғымнан тұған шығар. Қалай болса да, әкенің бұл сөздері, мұғалім болу арманы жас ұрпақтың жүрегінде мәнгі сақталып қалды.

Құмаш жасынан зерек болып, мектеп табалдырығын аттағаннан бастап үздік оқыды. Сол зеректігі үлгірімін кластан класқа көшкен сайын баянды етіп отырды. Әсіресе орыс тілі мен әдебиетін, таріх пәнін ерекше жақсы көріп, олардан үнеме өте жақсы баға алып отырды. Ол окуды жақсы оқимын деп өркөкіректікке салынбайтын, қайта өзі шығарған қиын есептерді, басқа да пәндер бойынша жолдастарына, әсіресе Қанипа деген көрші тұратын қызға ерінбей, ренжітпей түсіндіретін.

“Құмаш Нұрғалиевтің ерлікке толы өмірінің түп – төркіні, қайнары маған осынау табиғаты қатал да жомарт, жер ұйығы Алтайдан, оның қалын ну қарағайлы тау бесігінде тербеліп, балығы тайдай тулап жатқан Марқакөлден, осы бір сұлу көлдің жағасындағы кішкене Сармөнке аулынан басталатын секілді ” (С. Қалиев).


Құмаш Нұрғалиұлы – жауынгер


Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат алдында орны толмас қайғы – қасірет әкелген, миллиондаған боздақты жер жастандырып, әрі отбасына қара жамылтқан, тарихта бұрын – соңды болып көрмеген сойқанды алапат болды. Отқа оранған қанды көйлек жауынгерлердің аман қалғандары, жер басып тірі жүргендерді Жеңістің алпыс жылдығынақатысатына қуанышты. Олардың ла қатары күннен күнге сиреп барады. Майдан азабын тартып, елге оралғандар өздерінің қажыр – қайратын, адами бейнесін адалдығы мен азаматтығын сақтап қана қойған жоқ, сонымен қатар, кісіліктің, адамға тән асылқасиеттін асқан өнегесін де көрсетті.

Сондай ерлердің бірі және бірегейі – ажал аузынан тірі қалған, он екі мүшесінің қайсыбірін ұрпақ болашағы ушін құрбандыққа шалған, төзімділік пен қайсарлықтың, өмірге өмір сүруге құштарлықтынң ерекше ғибратын барша қауымға танытқан аса ірі тұлға, қазақтын біртуар арысы, Халық мұғалімі, дарынды ұл – қыз өсірген, Қанипадай адал жардың аялауна бөленген, елі құрмет тұтып, мақтаныш еткен Құмаш Нұрғалиұлы Нұрғалиев. Ол бүгінде тірі болса, сексеннің сеңгіріне шықан мерейтойын өз көзімен көріп, ерен ерлігінің нәтижесіне ризашылық білдіріп, қан қешкен мекендерін аралап, зор қанағат сезіміне кенелген болар еді. Бірақ тағдыр оған жеткізген жоқ. Құмаш аға қазір де ортамызда жайраңдап жүрмегенмен, алшаң басып Боран орта мектебінің табалдырыгынан аттамағанымен, ұстаздар, шәкірттер қаумына нұрн шашып, төгілте сөйлемегенімен, оның асқақ рұхы, соңына қалдырған өшпес тағылымы – қазіргі ұрпаққа таптырмас қазына, рұхани мұра. Мұны ардақтай білуіміз, асқақтата марапаттаумыз қажет.

Құмаш Нұрғалиұлының жерлесі, Еңбек Ері Бошай Кітапбаевтың жазуынша,“ол санасы бар адамның бәріне де өмір үшін күрестің жанды үлгісіндеі болып көрінуші еді. Оның алдында шаршағанынды, қажығаныңды сездірү, барып тұрған дәрменсіздік, рұхсыздық болаттын”.

Ауылдық кеңеске хатшы комсомол белсендісі Құмаш Нұрғалиұлы майданға аттанып кетті. Шағын ғана Сармөнке ауылынан бір топ өндірдей жасты аудандық комиссариаттқа өгіз арбамен жеткізген қарт Сармөнкеге қайтып оралғанша көз жасын тия алмады. Дүнгіршек үйіне әбден қаранғылық түскенде бір – ақ келіп кірді. Неге кешіктініз ?- деп сұрағандарға кемсендеген қария. – Жарықта келуге менде бет болды ма? Жеті бірдей бүлдіршінді, он екіде бір гүлі ашылмаған жеткіншіктерді өз қолымен өлімге апарып тапсырған менде жұртқа қарауға қандай бет бар дейсінң. Өлмегенге қара жер, әйтеуір, жанымды сүйретіп, тірі жетім ғой, қарақтарым. Ертең ағайындарға немді айтамын. Құдайдан қартайғанда осындай қасыретті тілеп пе едім? – дегенде, жұдырықтай болып қушып қалған

Құмаш Нұрғалиұлы латыш жеріндегі қанды шайқас кезінде ауыр жараланды. Ес – түссіз қалған жас қазақ өлілер қатарында жатқанда Тәңірінің шапағаты тиіп, мейірбан жаңдардың көзіне түсті солардың қамқорлығы арқасында екінші рет дүниеге келді. Бұл тұралы кітапта нақты баяндалғандықтан, біз оған тоқталып жатпаймыз. Құмаш Нұрғалиұлы госпитольға түсіп, ондағы абзал жандардың көмегі арқасында тірі қалды. Құмаш ағаның елге оралуын, өмірден өз орнын табуын зор бақытқа балаймыз. Қандай талант, дарын қыршынынан қиыла жаздағанын елестеудің өзі қасырет.

Боранды артта қалған ауыл деп есептесе де, біз өзімізді Провинциал деп есептемейміз. Мәдениет – ол географиалық ұғым. Біз барлық мүмкін болған құралдармен жеке тұлғаның жан – жақты дамуын қамтамасыз етуге тырысамыз.

Қ. Нұрғалиев.


Құмаш Нұрғалиев еңбегі сонда, ол ауылдағы мектепті мәдениет орталығына айналдырды.

Мектеп бірінші рет эстетикалық орталықтардың жиынтығы:көркем галерея, киноклуб, акт және дискотека залы, әскери даңқ, әдеби және ел тану мұражайы, спорт алаңы бар, демалыс паркі орналасқан мәдениетінің әлеуметтік институты ретінде көрінді.

Мектептің мәдениетінің институты ретіндегі педагогикалық нәтіжелігі – оқушылардың өнерге, ұлтаралық қатынас мәдениетіне, халық өнеріне деген ерекше қызығушылығымен сипатталады. Құмаш Нұрғалиұлы өз қызметінде авторлық мектеп құру арқылы ерекше мәдени орта жасауға тырысты. Оның пікірінше, мектеп балаларының әлемге көзін ашып, оларды ғылым , техника мәдениет саласындағы қазіргі заманға сай жетістіктерге тартуы тиіс.

“Тәрбие жұмысының творчестволықпен ойланатын, іске асыратын , тіпті кей жағдайда талас, пікірттудыратын әдістері, түрлері көп . Әнгіме соңы орынды, дурыс пайдалана білу. Қайткенде жас ұрпақты мәддениетті, білімді бүгінгі өмір талабына сай баулу керек. Иә, ұстаздың борышы, шәкірт алдындағы зор еңбегі, арайлы ісі, Отанға деген игі қызметінің бәрі осы үлкен арнаға сияды” (Қ. Нұрғалиев)

Ол көрнекті тұлғаларды, ғалымдарды, саясаткелерді, өнер қайраткерлерді, соғыс және еңбек ардагерлерін үлгі етіп тәрбиелеуге ерекше көңіл аударды.


Құмаш Нұрғалиұлы туралы естеліктер сыр шертеді


Ардақты ұстаз Құмаш Нұрғалиұлы әрқашан шәкіртермен, замандастармен халықмен бірге.

Құмаш Нұрғалиұлы Нұрғалиевтың ұстаздық өнегесі, тәрбиелік тағылымы, өмірге құштарлығы, адамды жатырқамайтын мінезділігі, қайсарлығымен ізденгіштігі, шәкірт алдындағы беделі, Онаға сіңірген еңбегі, қайраткерлігі мен ұлт жандылығы, бауырмалдығы мен іскерлігі жайлы түрлі ұлт өкілдері, әр турлі мамандық иелері жазған естеліктер жүрек толқытпайтын қоймайды. Бұл естелік – хаттардың біразы кітапта берілген. Оны оқыған кезде Құмаш ағаның адамға деген сүйіспеншілігін, лүпілін өздеріміз пайымдайсыздар. Сонымен қатар, ұлылыққа деген қадір – құрметті саралай, сараптай аласыздар. Олар Қазақстаннның, бұрынғы Кеңес Одағының түкпір – түкпірлерінен жазылған жадынама дерлік құндылыққа толы. Бұларда ұстаздың жарқын бейнесі асқақтай түскен.

Добавить документ в свой блог или на сайт



Похожие:

Қазақстан республикасының білім және ғалым министрлігі мемлекеттік мекеме «№26 орта мектеп» iconҚазақстан республикасының Ғалым және білім министрлігі «№26 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі
Уақыттың мазмұнын түсіну керек кезде, әсіресе шұғыл бетбұрыс заманында саяси алаңға мұны іштей түсінетін адамдар шығады

Қазақстан республикасының білім және ғалым министрлігі мемлекеттік мекеме «№26 орта мектеп» icon2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға
Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынған оқулық басылымдарының тізбесін бекіту туралы...

Қазақстан республикасының білім және ғалым министрлігі мемлекеттік мекеме «№26 орта мектеп» iconҚазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Мұнайдың физика-химиялық қасиеті және оның экожүйеге әсері Бағыты: Таза табиғи орта – Қазақстан-2030 стратегиясын іске
Кіріспе

Қазақстан республикасының білім және ғалым министрлігі мемлекеттік мекеме «№26 орта мектеп» iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Республикасы білім және ғылым министрлігі, Корей Республикасының мәдениет, туризм және спорт министрлігі, П. Чайковский атындағы...

Қазақстан республикасының білім және ғалым министрлігі мемлекеттік мекеме «№26 орта мектеп» iconИнформатика пәнінің білім беру жүйесіндегі орыны боранбаева А. Д
Осыған орай Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі тарапынан жалпы орта мектептер мектептер компьютер және интербелсенді...

Қазақстан республикасының білім және ғалым министрлігі мемлекеттік мекеме «№26 орта мектеп» iconҚазақстан республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты орта білім Негізгі ережелер
Стандарт Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдары мен ұйымдары білім беру қызметін лицензиялаған, білім беру ұйымдарын...

Қазақстан республикасының білім және ғалым министрлігі мемлекеттік мекеме «№26 орта мектеп» iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Е. А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Аңдатпа

Қазақстан республикасының білім және ғалым министрлігі мемлекеттік мекеме «№26 орта мектеп» iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Е. А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Аннотация

Қазақстан республикасының білім және ғалым министрлігі мемлекеттік мекеме «№26 орта мектеп» iconЖоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың
Тын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – жоғары оқу орындары) жалпы орта, кәсіптік бастауыш (техникалық және...

Қазақстан республикасының білім және ғалым министрлігі мемлекеттік мекеме «№26 орта мектеп» iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Педагогика факультеті Психологиялық –педагогикалық кешен
«Білім беру үрдісіндегі жоғары педагогиканың заманауи бағыттары мен перспективасы» атты облыстық оқу-әдістемелік айлық

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kze.docdat.com 2000-2013
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы