Спид (ЖҚТБ) және сен патрик диксон мазмұНЫ icon

Спид (ЖҚТБ) және сен патрик диксон мазмұНЫ




НазваниеСпид (ЖҚТБ) және сен патрик диксон мазмұНЫ
страница8/9
жайлы бірер сөз
Дата конвертации15.12.2012
Размер1.26 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5   6   7   8   9

^ Ресейдегі АСЕТ ұйымының жұмысы туралы

Ресейдегі АСЕТ ұйымы (Aids Care, Education, Training — ЖҚТБ: күтім, ағарту ісі, дайындау) Угандада, Танзанияда, Румынияда, Чехияда, Словакияда, Болгарияда, Үндістанда, Таиландта, Австралияда және АҚШ-та жұмыс істейтін халықаралық АСЕТ ұйымының партнері. АСЕТ ұйымы UNICEF және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сияқты халықаралық ұйымдармен бірігіп жұмыс істейді.

ANPO АСЕТ автономды коммерциялық емес ағартушылық ұйымы мектептерде, балалар клубтарында, балалар лагерьлерінде, реабилитация орталықтарында және қауымдарда АҚТҚ инфекциясының алдын алумен айналысады. Біздің мақсатымыз балалар мен жасөспірімдердің құндылықтары мен ойлау қабілеттеріне әсер етіп, солайша олардың болашағы мен еліміздің болашағына ықпал жасау. АСЕТ ұйымының сенуші лекторлары мектепте оқитындарға ЖҚТБ пен есірткінің алдын алу лекцияларын оқиды. Бұл лекциялар Киелі кітап құндылықтарына негізделген және жасөспірімдерді өнегелі әрі салауатты өмір салтына шақырады. Мектеп басшысының және мұғалімдердің келісімімен оқылатын лекциялар әдетте екі 40 минуттық сабақтан тұрады. Лекция барысында қызықты материалдарды, фотосуреттерді және түрлі түсті плакаттарды көрсетуге болады. Лекцияның материалдарын қазіргі замандағы сенбеуші жасөспірімдерге жеңіл әрі түсінікті болатындай етіп сенуші дәрігерлер мен психологтар дайындаған.

ЖҚТБ-ның алдын алу туралы осы лекциялар Иркутскідегі ЖҚТБ-орталығының дәрігерлерімен келісілген. Ресейдегі ең алғашқы лекторларды дайындау семинары Иркутскіде өткізілді. Онда жергілікті сенуші лекторлар Иркутск облысының әр түрлі мектептерінде өздерінің алдын алу жұмыстарын бастаған. Бұл лекциялар мектеп басшыларының, мұғалімдердің сонымен қатар оқушылардың да ойларынан шығып, жақсы пікірге ие болған. Бұндай семинар Ресейдің өзге де облыстарында, Украинада, Қазақстанда … өткізілді.

Семинарға қатысушылардың қағазға басып шығарылған лекциялармен бірге аурудың алдын алу туралы нұсқауды, мектептерде қолдануға болатын түрлі түсті слайдтардың жинағын, лекцияда келтірілген мысалдар қамтылған бейнетаспаны және керекті әдебиеттерді алуына мүмкіндігі бар. Бұл материалдардың бір жинағы 400 рубль (2000 тенге) тұрады. Оны пошта арқылы тапсырыспен АСЕТ ұйымынан алуға болады. Материалдардың бір жинағын бірнеше лектор пайдалана алады.

Біз сонымен бірге жергілікті сенушілер қауымдармен бірігіп сенбеуші жасөспірімдерге арнап «ЖҚТБ-ға қарсы ұйымдастырылған жастар кеші» атты алдын алу акциясын өткіземіз. Егер сіздің қауымыңыз мектептерде ЖҚТБ-ның алдын алу жұмыстарымен айналысқысы келетін адамдарға арнап арнайы семинар өткізгісі келсе, онда сіз бұл семинар жайында көбірек мәліметті біздің веб-беттерімізден немесе бізге тікелей хабарласу арқылы таба аласыз.

Ресейдегі АСЕТ ұйымы туралы қосымша мәліметті интернеттен таба аласыз:

http://www.acet-international.com/acetrussia/index.htm

немесе

www.acetrussia.ru


^ Ресейдегі АСЕТ кеңсесінің мекенжайы:

Ресей

445035 Самарская обл.,

г.Тольятти, а/я 1324

Марек Сланский


E-mail: hop@attack.ru

ACET@attack.ru


«Жол айрығындағы жастар» атты алдын алу бағдарламасы

«Жол айрығындағы жастар» — бұл некеге дейінгі төсек қатынасынан бас тарту және отбасындағы ерлі-зайыптылардың адалдығын сақтауға негізделген ЖҚТБ-ның алдын алудың халықаралық бағдарламасы. Оның негізі мәсіхшілік құндылықтардан тұрады. Некеге дейінгі төсек қатынасынан бас тарту өмір құндылықтарын өзгертуді көздейтін мінез-құлықтардан арылуды талап етеді.

Мәсіхшілік құндылықтар бағдарламада тыңдаушыларды Киелі кітап материалдарын зерттеп, өз тұжырымдарын жасауға түрткі салатын қысым салып зорламайтын еркін мәнермен берілген.

Бағдарлама мектеп оқушыларының бақытты әрі мәнді өмір кешуге көмегін тигізетін ой түйіндеп, шешім қабылдауына бағытталған. Ол некеге дейінгі және некеден тыс жыныстық қатынастардың теріс зардаптарын айрықша атап көрсетеді. Бағдарламаға ЖҚТБ және басқа да жыныстық қатынастан жұғатын аурулар мен олардың таралу жолдары жайлы ең тың мәліметтер енгізілген. Бұл мәліметтер тыңдаушыларға сыпайы формада әрі түсінікті ғылыми тілмен жеткізіледі. Тыңдаушылардың алған жаңа білімдері, шешімдері және мінез-құлықтары қызметтің барлық саласында да тиімді болуы үшін қарым-қатынас жасау барысына жасөспірімдердің қоршаған ортасы мен ата-аналары қатыстырылады. Бағдарламаның негізгі назарында жасөспірімнің ішкі құндылықтарын өзгерту арқылы мінез-құлқын қалыптастыру.

Бағдарлама әлемнің қырық екі елінде ойдағыдай жүзеге асырылуда. 1998-жылдан бастап Самара қаласы мен Самара облысында «Жол айрығындағы жастар» атты оқыту-үйрету жаттығуы өткізіліп келеді. Онда Самара облысының 1000-нан астам мектеп мұғалімдері білім алған.

«Жол айрығындағы жастар» стратегиясы екі негізгі кезеңнен тұрады: бастапқы жаттығу және мамандарды даярлау.


^ Бастапқы жаттығу

Бастапқы жаттығу кезеңін білім беру мен медицина саласындағы ресейлік мамандар өткізеді. Ол «Өмірдің ауытқуы» атты оқу бағдарламасын оқытушылар нәтижелі пайдалануы үшін мұғалімдерге қажетті білім беріп, педагогикалық әдістемемен және тәжірибемен қамтамасыз ететін 30 сағаттық 4 күндік дайындықтан тұрады.

Бұл бағдарламаны мектептерде, балалар үйінде, жастар клубтарында, училищелерде, техникумдарда, жоғарғы оқу орындарының бастауыш курстарында және 14-20 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жастар болатын барлық жерлерде пайдалануға болады.

Бағдарламаны психологтар, мұғалімдер, интернаттар мен балалар үйіндегі тәрбиешілер, студенттер топтарының кураторлары және жастар жатақханаларының тәрбиешілері оқыта алады.

^ Мамандарды даярлау

30-сағаттық дайындықтан тұратын бастапқы жаттығуды тәмәмдаған әрбір тыңдаушы өз қалауынша қосымша оқи алады. Бастапқы жаттығуды аяқтағаннан кейінгі мамандарды даярлау кезеңі бір жылға созылады.

Бұл кезеңнің мақсаты — «Өмір ауытқуы» бағдарламасын қолдануда педагогтарға өз шеберліктерін шыңдауына, олардың бағдарламамен жұмыс істеу кезінде кездесетін қиындықтарды жеңуіне көмектесу үшін дем беріп және өзара қарым-қатынас жасап, тәжірибе алмастыруына мүмкіндік жасау.

Мамандарды даярлау үшін әр квартал сайын семинарлар жүргізіледі және тәжірибелі жетекшілер сабақ беріп, тыңдаушылар олардың сабақтарына қатысып, оқытудың стилі мен тиімділігін бақылайды.


«Жол айрығындағы жастар» стратегиясының компоненттері

Мұғалім — Оқушы: оқу жылы бойы аптасына бір рет өткізілетін 30 сабақ.

^ Мұғалім — Ата-аналар: оқу материалында барлық нәрселер ашық айтыла бермейтіндіктен, біз сабақтарға ата-аналарды қатыстыруға тырысамыз. Әрбір сабақта ата-аналармен талқылануы тиіс материалдар беріледі. Бұл оларды өткізіліп жатқан сабақтардан хабардар етеді және балаларының мінез-құлықтарының қалыптасуы туралы қажетті мәліметтер береді.

^ Мектеп — мөлтек аудан: әрбір мектепте бағдарлама стратегиясы мен оның мақсаттарын және міндеттерін таныстыратын жиналыстар өткізіледі.

Оқушы — Оқушы: жасөспірімдер клубтарын ұйымдастыру. Қатысушылар өз мәселелерін талқылайды, бір-біріне кездестірген қиындықтары мен қол жеткізген жеке табыстары жайлы айтады.

«Жол айрығындағы жастар» атты жастарға адамгершілік тәрбие мен білім беруге қолдау көрсететін Самара қалалық қоғамдық ұйымы


E-mail: xroads@transit.samara.ru


^ ASSOCIATION FOR SPIRITUAL RENEWAL

«РУХАНИ ҚАЙТА ӨРКЕНДЕУ» БІРЛЕСТІГІ


«Кешірім сұраудың еш қажеті жоқ — өмір, махаббат және жыныстық қатынас жайлы шындықтар» атты бағдарламаны ұсынамыз. Біз бұл бағдарлама Ресейдің жас ұрпақтары бетпе-бет келетін: ЖҚТБ, ерте жүкті болушылық, аборт, жыныстық жұқпалы аурулар тәрізді өзекті мәселелерге жауап болады деп сенеміз. Сондай-ақ, бұл бағдарлама жасөспірімдердің күнделікті өмірі мен жалпы жүріс-тұрыстарына игілікті ықпал жасайтынына да сенімдіміз.

Бағдарламаның негізгі идеясы некеге дейінгі төсек қатынасынан бас тарту өмірде әрқашанда дұрыс шешім екендігінде. Ол өсіп-жетіліп келе жатқан адамның аса өнегелі болып қалыптасуына көмектеседі. «Кешірім сұраудың еш қажеті жоқ...» бағдарламасын 49 мемлекеттің үкіметі қабылдап, мақұлдаған. Кейбір елдерде бұл бағдарлама оқу орындарында оқушылар мен студенттерді некеге дейінгі жыныстық қатынастың сезімдік, тәндік және қаржылық жағынан қандай қауіп төндіретіндігін ескерте отырып, мемлекеттік деңгейде жұмыс істеуде.

«Кешірім сұраудың еш қажеті жоқ — өмір, махаббат және жыныстық қатынас жайлы шындықтар» қазіргі замандағы жастардың ең өзекті сұрақтарына жауап береді:

  • Қазіргі заманда жыныстық қатынастан некеге дейін бас тарту мүмкін бе?

  • Неліктен кейбіреулер некеге дейінгі төсек қатынасынан бас тартуға ұйғарған?

  • Мен өзімнің сүйетінімді қалай түсінемін? Ал мені сүйетіндерін қайдан біле аламын?

  • Қазіргі заман қалайша менің махаббат және жыныстық қатынас туралы түсініктеріме ықпалын тигізеді?

  • Некеге дейінгі төсек қатынасына түсуге азғыратын нәрселерге қалай «жоқ» деп айтуға болады?

  • Болашақта жақсы жұбай болу үшін мен қазір не істей аламын?

  • Жақсы күйеуді /әйелді қайдан табуға болады?

  • Сол адамның бойында қандай қасиеттер болуға тиіс?


Бұл материал мектептердегі, әр түрлі қоғамдық мекемелердегі, қауымдардағы балалармен және жасөспірімдермен жұмыс істеуге ұсынылады.

Бағдарламаның жетекшілері: Лэнс М. Корли және Стейси Шопп

«Рухани қайта өркендеу» бірлестігінің қолдау көрсетуімен

«Кешірім сұраудың еш қажеті жоқ — өмір, махаббат және жыныстық қатынас жайлы шындықтар» — Ресей.


Мекенжайы: 117420 Москва, 29-30 квартал, Новые Черемушки, Наметкина к-сі, 5-корп.

т. (095) 719-79-45, факс (095) 719-78-90

E-mail: lanc@asr.ru

stas@asr.ru


«Tear Fund» («Тир Фонд») тиімді жобасын дайындау және жүзеге асыру

«Tear Fund» қайырымдылық қоры Ұлыбританиядағы бесінші ең үлкен қайырымдылық қоры болып табылады (толық мәлімет алу үшін www.tearfund.org веб-сайтын қараңыз). Сенушілердің «Tear Fund» қоры әлемнің көптеген елдеріндегі ЖҚТБ-ға қарсы күресті қолдауда және Ресейде өз жұмысын бастамақшы. Берілген материал Франк Гривестің 2003-жылы Мәскеуде «Мәсіхшілердің ЖҚТБ эпидемиясына жауабы» атты семинарда оқыған баяндамасының көшірмесі.

ЖҚТБ эпидемиясы тек медициналық қана мәселе емес, сонымен қатар қоғам дамуының да мәселесі. АҚТҚ-ны, көбінесе, жыныстық қатынасқа түсетін адамдар жұқтырып алады. Ал олар, сондай-ақ, қоғам экономикасына қажетті мүшелері болып табылады. Эпидемия кезінде қоғам ЖҚТБ-дан жазым болатын, еңбекке жарамды жастағы адамдардан, білімді адамдардан, отбасы мүшелерінен, балалардан және жасөспірімдерден айырылады. Қоғамның денсаулық сақтауға көп қаржы бөлуіне тура келеді және адамдардың еңбекке жарамсыз болып қалғандығынан бюджетке түсетін кірістерінің да мөлшері азаяды. Әке-шешесі ЖҚТБ-дан қайтыс болған жетім балаларға және балалары қайтыс болған қарттарға күтім көрсету мәселелері туындайды. ЖҚТБ эпидемиясы қоғамның құлдырауына әкеп соқтырады және ол, әсіресе, экономикалық жағдайы нашар елдерде өте тез таралады.

Тиімді жобалар мен бағдарламалар қоғамдағы ЖҚТБ мәселесін жан-жақты шешетін эпидемиямен күресуші басқа да құрамдас бағдарламалармен бірігуі тиіс. Қоғам бұл аурумен әр түрлі деңгейде және әр түрлі әдістермен күресуі керек: ЖҚТБ-ның алдын алу бағдарламаларын қолдану, ЖҚТБ-ға шалдыққан науқастарға күтім көрсету, АҚТҚ жұқтырғандар мен олардың отбасыларына қолдау көрсету, медицина қызметкерлерін оқыту-үйрету бағдарламаларын, АҚТҚ жұқтырғандардың құқықтарын қорғау және экономиканы дамыту бағдарламаларын пайдалану. Сондықтан да эпидемиямен күресуде комплексті әрі біртұтас амал қажет.

Ауруға шалдыққан науқастарға қамқорлық көрсетудің ең тиімді бағдарламалары тек науқастардың ғана емес, сонымен бірге оларды қоршаған адамдардың да тәндік, әлеуметтік, рухани, экономикалық және психологиялық мұқтаждықтарын қамтамасыз етуді қамтиды. Бұны осы мәселемен күресетін барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарды, отбасылары мен қоғамның әр түрлі бөліктерін жұмылдыра ат салысқанда ғана жүзеге асыруға болады. Науқастарға күтім медициналық қызмет көрсетілуі пациенттердің тәндік мәселелерінің шешілуіне көмектеседі. Бірақ АҚТҚ жұқтырғандардың шынайы сезім әрекетіне бой алдыру қиындықтары да бар, бұндай адамдар ескі ұғымдарға сену және аластатылу мәселелеріне тап болады. Бұған қоса ажалының жақындап қалғанын білгенде, ЖҚТБ-мен ауыратын адамдарда рухани мәселелер басталады.

АҚТҚ/ЖҚТБ-ға қатысты сенушілердің бағдарламалары адамдардың әр түрлі мұқтаждықтарына бағытталуы мүмкін. Бұл жобалардың табысты болуы үшін осы бағдарламалар бағытталған адамдар топтарымен және сол аймақта жұмыс істейтін (сенбеушілердің ұйымдарын қоса есептегенде) басқа да ұйымдармен бірігіп қызмет еткен абзал.

Жобаны құрмас бұрын өзіңізге төмендегідей сұрақтар қойғаныңыз жөн:


  • Бағдарламалары жүзеге асуы үшін жоба жергілікті сенушілер қауымдарымен, әр түрлі мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен қалайша бірлесіп қызмет ете алады?

  • Осы аймақта басқа адамдар, басқа мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар не істеуде және осы мәселелерді олар қалай шешуде?


Бағдарлама мен жобаны дайындау барысында «Жобаның циклі» схемасын қолданған пайдалы.

^ Мәселелерді қарастыру

Жобаны жүзеге асыру және мониторинг

Ресурстарды іздеу

Жобаны дайындау және жоспарлау

Жобаны таңдау

Бағалау




  1. Мәселе мен мұқтаждықтарды зерттеп білу

Бүгінгі күннің жағдайы туралы мәлімет жинап, ең басты шынайы мұқтаждықтарды табу қажет. Ең алдымен, бағдарлама өз жұмысын бастамас бұрын сол аймақтағы қажеттіліктердің жағдайын сипаттау керек. Бұл жоба аяқталғанда оның арқасында жағдай қаншалықты өзгергенін бағалай алу үшін қажет. Жоба бағытталған адамдардың қолдауынсыз еш нәрсе істемеңіз. Бұл жобаға сол адамдардың өздері қызығушылық танытуға тиіс. Осы аймақта жүзеге асырылып жатқан бағдарламалардың тәжірибесін ескеріңіз, бәрін қайтадан басынан бастағанша, бар нәрсені жалғастыра беріңіз. Осы сатыда мынадай сұрақтар қойған дұрыс:


  • Қандай мұқтаждықтарды таптыңыз және оларды қандай адамдардан таптыңыз? Бұл мұқтаждықтар неліктен пайда болған?

  • Бұл мұқтаждықтарды АҚТҚ-ны жұқтырып алған науқастар қалай білдіреді? Олар нені өзгертуді қалайды?

  • Науқастар қандай ресурстардан көмек ала алады?

  • Қауым адамдардың белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандыруды қалай ма және олар мәсіхшілік құндылықтарға қаншалықты сай келеді?

  • Осы аймақта басқа да жобалар мен ұйымдар не істеуде? Олардың тәжірибесі қандай? Жаңа жоба ресурстардың үнемсіз шығындалуына әкеліп соқтырмай ма?

  • Тиімділікті арттыру үшін сол жобалармен бірігіп жұмыс істеуге бола ма?




  1. Мұқтаждықтар мен жағдайды анық сипаттау дұрыс әрі сол жағдайға лайықты жоба жасауға көмектеседі




  1. ^ Жобаны дайындау және жоспарлау

Жобаны дайындаудың барлық кезеңдерінде осы жоба бағытталған адамдар да белсене ат салысулары қажет. Сіздің жобаңыз бағытталған мәселелер мен мұқтаждықтарға өзінше әрекет еткен жергілікті адамдардың қабілеттері мен мүмкіндіктерін ескеріңіз. Осы жағдайды қалайда өзгерту жолында жергілікті тұрғындардың қабілеттері жететіндігіне сенім артпаған кезде үлкен қателік жасаймыз. Ол адамдарды жобаға кірістіргенде олардың шешім қабылдауға қатысатыны күмәнсіз және солай олар кейін өз өмірлеріне ықпал ететін әрекет жасайды. Бұл адамдарға өздерінің маңыздылығын сезінуге мүмкіндік береді, яғни бұл — адамдардың өз күштеріне сеніп, әрекет етулеріне ықпалын тигізетін негізгі жолдардың бірі. Құдайдың сүйіспеншілігі барлық адамдарға арналған және Иса көбіне жағдайы нашар және басқалар оны кемтар деп санайтындарға Өз достығын ұсынған. Олар әйелдер, балалар, қариялар, науқастар болатын. Иса оларды құрметтеген және олардың болмашы үлесін бағалаған.

Жобаны дайындауда келесі сұрақтарды шешу керек:


  • Жобаның негізгі мақсаттары не? Ал түпкі (ақырғы) мақсаты ше?

  • Бұл мақсаттарға қандай әдістермен қол жеткізілмек? Жоба қай жерде және қалай жүзеге аспақ?

  • Жобаға кім қатысады?

  • Жоба бағдарламасы қанша мерзімге арналған?

  • Жоба қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік мақсаттарға қашан жетпек?

  • Өздеріне арналған жобаны дайындауға адамдар қалай қатыстырылған?

  • Қоғам өзінен бөлектеп аластатқан немесе шеттеткен адамдарға жоба

қалай ықпал етеді?

  • Жергілікті тұрғындар мен аластатылған не шеттетілген адамдар

арасындағы қарым-қатынастың өзгеруіне жоба қандай ықпал жасайды?


Ұйымдастырушылық құрылым

  • Ұйымдастырушылық құрылым ұйымның барлық қызметкерлеріне қызмет етуі әрі мәлім болуы керек. Адамдардың өз мәселелері бойынша кімге бара алатынын және кімнің неге жауапты екенін білгені өте маңызды.

  • Еріктілердің ниеттері дәлелді болуға тиіс.

  • Машықтанған қызметкерлердің міндетті түрде қажетті тәжірибелері мен қабілеттері болуы керек.

  • Қызметкерлерді бастапқы тиісті дайындықтан өткізіп, әрі қарай оларды жүйелі түрде үйретіп отыру аса маңызды.

  • Барлық қызметшілер — штаттағылар болсын, еріктілер болсын — жобаны дамытуға өз ұсыныстарын қоса алуы үшін олардың қолдаушылары болуы тиіс және қызметтері жүйелі түрде бағаланып отырулары қажет.


^ Жетекшіліктің сапасы

АҚТҚ/ЖҚТБ саласында ең тиімді еңбек ететіндер — мемлекеттік емес ұйымдар. Олар осы топтағы адамдармен бірге қызмет етіп қана қоймай, оларға өздері қызмет көрсетеді. Басқаларға қызмет ету жетекшіліктердің де ниетіне айналуы керек. Жақсы үлгі көрсететін кішіпейіл жетекші өзгелерге қарағанда басқалардың мұқтаждықтарына қызмет ететін команданы әлдеқайда жақсырақ құрып, ұйымдастыра алады.


  • Жетекшіні сайлаған кезде оның жетекшілікте қаншалықты тәжірибелі және басқаларды жұмылдыруда қаншалықты нәтижелі екендігіне мән беріп, қарастырған жөн.

  • Жетекші өз қызметкерлері арасында және олар қызмет көрсететін адамдармен жақсы қарым-қатынастың орнығып, дамуы бағытында ат салысуға тиіс. Жетекші сол аймақта жұмыс жасап жатқан басқа да жобалармен және ұйымдармен дұрыс қарым-қатынас құра білуге міндетті. Штаттағы қызметкерлермен жақсы қарым-қатынаста болып жіберілген қателер мен көңіл қалушылық жағдайларды ескеру нәтижелі еңбек ете алатын тиімді жұмыс тобын құруға негіз болады.

  • Жақсы қарым-қатынас жетекшіге адамдарды дұрыс ынталандыруға мүмкіндік береді әрі бұйрық пен әмірдің күшімен басқарудың қажеттілігін азайтады.

  • Жақсы жетекші адамдардың қабілеттері мен дарындарын дамытады. Осылайша олар сол ерекшелектерін істеген жұмыстарында тиімді пайдалана алады.

  • Жетекшінің бәріне түсінікті, анық әрі нақты мақсаты болғаны абзал.

  • Жетекші өзін өзгелердің орнына қойып, олардың ішкі жан дүниесін сезіне білгені шарт.


Мәсіхші жетекшілерде Исаның мінез-құлқын бейнелейтін көрнекі қасиеттер болуы тиіс: Киелі кітапқа сай ойлауы, кішіпейілділігі, мінез-құлқының біртұтастығы және өзгеге қызмет етуге құлшынысы. АҚТҚ/ЖҚТБ саласында бұл қасиеттер кез келген басқа қабілеттерден гөрі әлдеқайда маңызды. Бұндай тұлғалар басқа адамдарды, қауымдарды ЖҚТБ эпидемиясы мәселесіне сырт қарамай, белсене араласуға жұмылдыра алады.


  1. Қаржы және басқа да қорларды іздестіру

Жоба арнайы жасалынған адамдардың сол жобаға қатыстырылуы оның өздерінікі екендігін сезіндіреді. Адамдар тобы бағдарламаның өздерінікі екендігін түсінгенде, оған көбірек қолдау көрсетіп, дамыта түседі. Әдетте сол қоғамнан барлық ресурстарды табу қиын, бірақ ресурстардың қандай да бір бөлігінің қоғамның өзінен табылғаны өте маңызды. Сыртқы ресурстарды бірте-бірте азайтып, ал жергіліктілерін арттырып отыру керек. Қаржы көздерін іздегенде жергілікті бизнес өкілдеріне, жергілікті әкімшілікке, басқа да мемлекеттік емес ұйымдарға, фондыларға, қауымдарға баруға болады.

Мына нәрселерді бірден анықтап алған жөн:

  • Біздің қоғамымыздан және жоба арнайы жасалған адамдар тобы арасынан қандай ресурстардың (қаржы, адам, транспорт, техника) көзін табуға болады?

  • Қоғамнан тыс қандай ресурстарды іздеу керек? Қайдан және кімнен іздеуге болады?

  • Уақыт өте жергілікті ресурстардың өсуі мен сырттан келетіндерінің кемуі немен байланысты?

  • Жоба қандай ұзақ мерзімді өзгеріс енгізеді?

  • Қасірет шеккен адамдар жоба аяқталғаннан кейін де одан пайда көре ме? Қандай пайда көреді және неге?




  1. Жобаны жүзеге асыру және бақылау /мониторинг

Әрбір табысты жобада оны басқаратын жақсы менеджмент болуы тиіс. Бағдарламаны нәтижелі жүзеге асыру үшін оны қысқа мерзімді тапсырмаларды бірте-бірте орындай алатындай етіп бірнеше кезеңдерге бөліп тастаған жөн. Жобаны жүзеге асыру барысында икемді шешім қабылдауды талап ететін әр түрлі тосын жағдайлар кездесіп отырады. Алға қойылған мақсаттар қаншалықты табысты не табыссыз жүріп жатқанын көре алу үшін және қолдан келмейтін шараларды мезгілінде өзгерте алу үшін, жобаның қалай іске асырылып жатқаны туралы мәліметтер жүйелі түрде жиналып отырылғаны дұрыс. Бұл мәселелерді қызметкерлермен, еріктілермен және осы жоба арнайы жасалған адамдармен бірігіп шешкен ұтымды.


  1. ^ Атқарылған жұмыстарға талдау жасау және нәтижелерді бағалау

Жоба бағдарламасының тиімділігін бағалау үшін оның нәтижелері туралы мәліметтер жинау қажет. Бағдарламаның тиімділігін талдағанда көп нәрсе бағалау әдісін таңдауға байланысты. Ол шынайы (объективті) болуға тиіс. Жобаны бағалағанда статистикалық мәліметті ғана жинау жеткіліксіз, бұған қоса жобаға қатысы бар адамдардан сұрақ-жауап алған жөн. Бағдарламаның арқасында жүзеге асқан өзгерістерді дәлірек бағалай алу үшін, қол жеткізген жетістіктерді бағдарламаны бастамай тұрғандағы жағдаймен салыстыру керек. Талдау және бағалау кезінде өзіңізге төмендегідей сауалдарды қойған абзал:


  • Осы бағдарлама адамдардың мұқтаждықтарына қаншалықты жауап бере алады?

  • Бағдарлама алға қойған мақсаттарына қаншалықты жете алды?

  • Оның мықты жақтары қандай?

  • Бағдарламаның әлсіз жақтары мен кемшіліктері қандай?

  • Осы жоба өздеріне арналып жасалған адамдар жоба туралы не ойлайды және оған қалай қарайды?

  • Бағдарлама жұмысына АҚТҚ/ЖҚТБ-мен ауыратындардың өздері қаншалықты белсенді араласты және неліктен?

  • Бағдарламаны жүзеге асыруда қаражат қаншалықты тиімді жұмсалды?

  • Бағдарлама қандай қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді нәтижелер әкелді?


Бағдарламаның мықты және әлсіз жақтарын анықтап, содан соң онымен жұмыс істеу үшін талдау керек. Бағдарламаның нәтижелерін бағалап және талдап болғаннан кейін, қайтадан жоба таңдап, бүкіл циклді басынан бастап жүргізу керек.

1   2   3   4   5   6   7   8   9




Похожие:

Спид (ЖҚТБ) және сен патрик диксон мазмұНЫ iconТақырыбы: ЖҚтб (спид) ауруынан қалай сақтана аламыз?
Осы тақырып аясында оқушылар біріншіден ЖҚтб деген не? Оның таралу жолдары қандай? Одан қалай сақтану керек? Осы жайында айта отырып...

Спид (ЖҚТБ) және сен патрик диксон мазмұНЫ iconЛечение одного больного вич/спид стоит государству 300 тысяч тенге
Об этом сообщила заведующая отделом лечебно-профилактической помощи гккп «Центр по профилактике и борьбе со спид» г. Астаны Гульнар...

Спид (ЖҚТБ) және сен патрик диксон мазмұНЫ iconОднодневный семинар-тренинг для журналистов в Центре по профилактике и борьбе со спид
Сегодня, 28 февраля 2013 года, специалисты Центра формирования зож принимали участие в семинаре-тренинге по вопросам освещения проблемы...

Спид (ЖҚТБ) және сен патрик диксон мазмұНЫ iconДоклад Генеральному собранию 5 ноября 2011 года
Патрик Гоунель, Ли Хакет и Мадам Лиу Пинг. Рекомендация Правления – представить Генеральному собранию имена этих трех членов Правления...

Спид (ЖҚТБ) және сен патрик диксон мазмұНЫ iconЛечение одного пациента от вич/спид стоит $2 тыс
Такие цифры озвучили деловому порталу Kapital kz в пресс-службе столичного центра по профилактике и борьбе со спид

Спид (ЖҚТБ) және сен патрик диксон мазмұНЫ iconЛечение одного пациента от вич/спид стоит $2 тыс
Такие цифры озвучили деловому порталу Kapital kz в пресс-службе столичного центра по профилактике и борьбе со спид

Спид (ЖҚТБ) және сен патрик диксон мазмұНЫ iconГосударство — библиотеке Расширенная книжная выставка «Жұрегiмде сен, Қазақстаным»
Расширенная книжная выставка «Жұрегiмде сен, Қазақстаным» изданных по государственной программе «Культурное наследие» книг развернута...

Спид (ЖҚТБ) және сен патрик диксон мазмұНЫ iconМахаббат деп түсінді мына әлемді Талантты лирик-ақын Жүсіп Қыдыров рухымен сырласу
Жүсіп, міне, сен көре алмай кеткен жаңа мыңжылдықтың наурыз айы тағы да келді. Бұл сен туған ай. Егер тірі болсаң, ол сенің жетпісінші...

Спид (ЖҚТБ) және сен патрик диксон мазмұНЫ icon“Танысу“ кабинеті Сен бізді білесің бе?
Артериялық, веналық және капиллярлық қан кету кезіндегі қанды тоқтату әрекеттерін түсіндіру

Спид (ЖҚТБ) және сен патрик диксон мазмұНЫ iconҚазпти энергетика факультеті, Алматы энергетикалық институты (аэи), Алматы энергетика және байланыс институты (АЭжБИ) және Алматы энергетиуа және байланыс университеті (АЭжБУ) бітірушілерінің назарына!
Егер саған студенттік жылдар естелігі қымбат болса және сен өз достарыңды қайта көргің келсе, онда сендерді 2013 ж. 25 мамырында...

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kze.docdat.com 2000-2013
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы