«Этнопедагогика» (пәннің атауы) ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені icon

«Этнопедагогика» (пәннің атауы) ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені



Название«Этнопедагогика» (пәннің атауы) ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
страница2/9
Дата конвертации13.04.2013
Размер2,14 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5   6   7   8   9

^ 1-тақырып. Қазақстандағы педагогикалық ойлар

1. Қазақ этнопедагогикасы және Қазақстандағы педагогикалық ойлардың пайда болуы

• Қазақтың педагогикалық мәдениетінің даму тарихы ежелгі кезеңге саяды. Дала тұрғындарының тәрбие тәжірибесі, мінез-құлық ережесі мен нормалары. Тұлғаның моральдық-психологиялық үлгісі: «Нағыз жігіттің сегіз қасиеті бар және құпияны сақтай алады» (көшпелі мал бағуды жүргізе алу, еңбексүйгіш, қайғыда тұрақтылық, соғыста батырлық, өзінің жеті атасын білуі, поэтикалық дарындылық, тапқырлық және ақылдылық, атқа міну техникасын меңгеруі). Көшпеліліердің қиын өмірі - өзінің талаптары (тұрақты психика, тез бейімделу, сақтық, сезгіштік): «Жігітке жетпіс өнер де аз». Мақал-мәтелдер, ертегілер, шежірелер, дастандар. Амалдары: бата беру, ант немесе серт беру, тілеу, айтыс және т.б. Жазу көздері. Мысалы, Орхон-Енисей, Білге-қаған және оның қолбасшы ағасы Күл-Тегін (VI ғасыр): «Көңіл қойып тыңда, тереңірек ұғын».

  • Әнші және музыкант Қорқыт ата (IX ғасыр): адамзаттың өткінші өмірі және өлімнен қашып құтылмаушылық, сонымен қатар халықтық педагогикалық даналықтар (әке-бала, ана-қыз).

  • Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) - трактаттары: білім алушылардың белсенділігі, тәрбиенің амалдары мен әдістері. Тәрбие күнделікті жұмыстар мен тәжірибе арқылы іске асырылады. Педагогикалық психология.

  • Жүсіп Баласағұн (XI ғасыр) «Құтты білік» («Нұрлы Білім»): жастарға жақсы тәрбие беру, ата-анаға және балаларға қатынас жасау.

  • Махмуд Қашғари (XI ғасыр) «Диван лугат ат тюрк» («Түркі тілдері сөздігі»): моральдық-психологиялық мәселелер.

  • Ахмет Игүнеки (XII ғасыр) «Хибатал хакаик» («Ақиқат сыйы»): адамгершілік жетілу үшін білім; адамгершілік қасиеттер; өсиет әңгіме, насихатты мақалдар.

  • Ахмет Яссауи (XII ғасыр) «Диуани хикмат» («Ақыл-ой кітабы»): мақсаты—толымды тұлғаны тәрбиелеу.

  • Алтын Орда кезеңіндегі педагогикалық ой-пікірлер.

  1. Қазақ жыраулары шығармаларындағы халықтық педагогика

XV - XVII ғ.ғ. ойшылдар - жыраулар халық бұқарасына ықпал етті. Олардың өлеңдерінің тәрбиелік маңызы.

  • Асан Қайғы (XV ғасыр): жалпы берекеге талпыну, адамдар арасындағы келісімділік; өзінің жетілуі туралы қамқорлық; жағымды қасиеттер (сыпайылық, шыншылдық, өзін-өзі меңгерушілік, сабырлылық).

  • Шалкиіз (XVI ғасыр), Жиембет (XVII ғасыр) тұлғаның қасиеті туралы.

  • Ақтамберді жырау, Бұхар жырау, Шал ақын (XVIII ғасыр): туған жерін қорғау – қасиетті міндет; өзіне сыни көзқарасты тәрбиелеу, үлкенді сыйлау, олардан үйрену. Адамгершілік тәрбиелілік.

  • Дулат Бабатайұлы (XIX ғасыр): үлкендердің жастарға өсиеттері, жалпы игілік үшін еңбектің маңызы, адамның ұлылығы.

  • Махамбет Өтемісұлы (XIX ғасыр): ерлік пен батырлықты; азаттық үшін күресті; жасықтық пен қорқақтыққа қарсылықты мадақтады.

  • Көшпелі өмір салты жағдайындағы (мектептің, арнайы тәрбиешінің болмауы) жыраулар рөлінің құндылығы.

  1. XIX ғасырдағы көрнекті қазақ ағартушылары халықтық тәрбие туралы

  • Шоқан Уалиханов (1835-1965): жалпы психологияға қызығушылығы, «Ұлттық рухты» жаңартуға шақыруы, оның табиғи орта мен қоғамдық құрылымға байланыстылығы. Шығыс халықтары тұрмысының, салт-дәстүрінің, әдет-ғұрпының, мәдениетінің, дінінің ерекшеліктерін талдауы. Фольклордегі халықтың психологиясына аса мән беруі.

  • Ыбырай Алтынсарин (1846-1889): көшпелілер баласының адамгершілік, патриоттық, ақыл-ой, еңбек және гигиеналық тәрбиесі; педагогикалық такт; өзін-өзі тәрбиелеу, тәрбиедегі үлкендердің үлгі-өнегесі. Еңбек - өмірдің негізгі мәні. Еңбектің эстетикасы, балаларды еңбекке баулу.

  • Абай Құнанбаев (1845-1904): ақыл-ой, адамгершілік, дене, эстетикалық, отбасы тәрбиесі. Эстетикалық тәрбиенің негізі – қазақ әндері мен күйлері (домбырада ойналатын музыкалық пьеса) және т.б. Ерте жастан әсемдікке баулу. Дұрыс тәрбие беру, жағымды қасиеттерді қалыптастыру және т.б.

  1. Этнопедагогиканың XX ғасырда Қазақстанда дамуы

  • Мағжан Жұмабаев (1893-1937) "Педагогика" алғашқы қазақ оқу құралының авторы. Тұлғаны тәрбиелеу мақсаты мен ұлт өкілдерін тәрбиелеу мақсаттарының бірлігі. "Әрбір тәрбиеші ұлттық тәрбиемен танылуы". Ана тілі, ұлттық мектеп, еліктеушілік.

  • Ахмет Байтұрсынов (1873-1937): ана тілінде оқыту.

  • Міржақып Дулатов (1883-1935): ұлттық рух, ана тілі - ұлттылық мәні. Ұлттық психологияны, баланың табиғатын ескеру. Медресенің рөлі.

  • Жүсіпбек Аймауытов (1889-1937): ұлттылық қағидасы; жақындар мен үлкендердің үлгі-өнегесімен тәрбиелеу; ата-ана тәрбиесі; еліктеу арқылы тәрбиелеу. Замандастарының үлгісі және ықпалы.

  • Халел Досмұхамедов (1883-1939): тілдің жоғалуы халықтың өшуімен бірдей. Фольклор дәстүрмен, әдет-ғұрыппен, дінге сеніммен оқытылады.

  • Шарафий Әлжанов (1901-1937): психология, дидактика бойынша еңбектері.

  • Абубакир Диваев (1856-1933): қазақтың халық педагогикасындағы бірқатар жанрлар саласынан мақалалар жинақтауы, жүйелеуі (соның ішінде, мақал-мәтелдер, ертегілер); халықтың дене тәрбиесі (қазақтың ойындары мен ойын-сауықтары) және т.б.

^ 2-тақырып. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері

  1. Қазақ этнопедагогикасы ғылым саласы тұрғысынан

• Аймақтық биосфера, ландшафт адамдардың шарушылық-өндірістік іс-әрекетінің тәсілдері мен ерекшеліктеріне, олардың әлеуметтік қарым-қатынасына, тұрмыстық әдет-ғұрпына, мәдени және рухани-адамгершілік дамуына, халық тәрбиесінің мазмұны мен құралдарын қалыптастыруға, адамзаттық қатынас пен іс-әрекеттің басқа да салаларына ықпал етеді (Л.Н.Гумилев). Әр ұлттың этнопедагогикасы. Этнос, ұлт, этнографиялық топ, этникалық топ, ұлттық топ.

  • Педагогика - жалпы: оқыту мен тәрбиелеу әдістері, заңдары мен заңдылықтары, қағидалары туралы жалпылық сипат береді. Этнопедагогика - ерекше: этникалық өзіндік ерекшелігін ескере отырып, педагогикалық білім береді. Қазақ этнопедагогикасы – бірегей: нақты тарихи этноәлеуметтік жағдайда құрылған қазақтың этникалық тәрбиесінің ерекшеліктері. Әрбір халықтың тәрбие жүйесі өзіндік ерекшелікке ие, яғни әр түрлі тілдер, ұлттық мінез, психикалық тәртіп, ұлттық сана-сезім, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, дін. Қазақтың халық педагогикасы. Қазақ этнопедагогикасы қазақтың халық педагогикасын зерттейді.

  • Қазақ этнопедагогикасының нысаны: ұлттық және дәстүрлі-тұрмыстық, этнопедагогикалық мәдениет. Қазақ этнопедагогикасының пәні: қазақтың этникалық тәрбиесі үздіксіз үрдіс тұрғысынан адаммен өмір бойы жүреді. Нәтижесі: этникалық құндылықтарды, этноәлеуметтік рөлдерді, этикалық нормаларды меңгеру, этникалық сана-сезімін, өзінің халқына, оның тарихына, тіліне, мәдениетіне жағымды қатынасын қалыптастыру.

  1. Қазақ этнопедагогикасының атқаратын қызметтері

• Қазақ этнопедагогикасының мақсаты мен міндеттері: педагогикалық ғылымдар жүйесінде қазақ этнопедагогикасының орнын анықтау, қазақтың этникалық тәрбиесінің өзіндік ерекшеліктерін зерттеу, тәрбиенің этноұлттық мәнін айқындау, ұлттық мінез және өзіндік санасын қалыптастыру ерекшеліктерін зерттеу.

• Негізгі қызметтері: танымдық: ата-баба тәрбиесі заңдарының мәні, халық тәрбиесінің мақсатын, әдістерін, тәжірибесін және т.б. сипаттау және талдау; ұлттық дүниетанымын және ұлттық ділін қалыптастыру; патриотизмге, қазақ халқының тілі мен тарихын аялап, сақтап, дамытуға тәрбиелеу; ұлттық мәдениет құндылықтарына тәрбиелеу; отбасындағы этникалық тәрбиенің жағымды тәжірибесін насихаттау; қазақ халқының этникалық тұрмыс-тіршілігін сақтау, жалпы ғылыми әдістері: талдау, жинақтау, индукция, дедукция, аналогия,
идеализация, салыстыру, бақылау, өлшеу және т.б.

  1. Қазақ этнопедагогикасының негізгі қағидалары

• Қазақ этнопедагогикасының негізгі қағидалары: әлемнің объективтілігі мен танымдылығы; даму және тарихилық; теория мен практиканың бірлігі; кешенділік, тұтастық және жүйелілік; ұлттық, мәдениеттілік, табиғилық; жас және жеке ерекшеліктерін ескеру; туыстық қатынастың басымдылығы; үлкендерді құрметтеушілік; этникалық пен әлеуметтіктің арақатынасының мақсаттылығы және т.б.

4. Қазақ этнопедагогикасының заңдары мен заңдылықтары

  • Ғылыми заңдар – құбылыстар, үрдістер және ішкі, тұрақты және қажетті байланыстағы жүйе. Ол шынайы құбылыстардың өзара объективті, қолда бар, қажетті, жалпы, тұрақты және қайталанатын (белгілі бір жағдайда) байланыстары. Заңдылықтар – аяғына дейін танылмаған заң (немесе әрекет шегі және формасы анықталмаған). Заң – қатал белгіленген заңдылықтар. Жалпыпедагогикалық заңдар: дамудың қозғаушы күші – қарама-қарсылықтардың (ішкі, сыртқы, жалпы және жеке) күресі, тұлғаның дамуы ішкі және сыртқы жағдайлармен өзгереді, тұлғаның дамуы үш фактормен анықталады: тұқымқуалаушылық, орта, тәрбие, даму индивидтің іс-әрекеті үрдісінде өтеді, шынайы өмірде тәрбиеленеді.

• Этнопедагогикалық заңдар: адамгершілік-этикалық заңдар, дәстүрді тәрбиелеу заңдары, этноәлеуметтік рөлдердің заңдылықтарын орындау.

• Практикадағы қазақ этнопедагогикасының заңдары: этникалық мәдениет заңдары (соның ішінде моральды-этикалық), шариғат заңдары, азаматтық құқық заңдары, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар жүйесі, этноәлеуметтік рөлдер моралдық нормалар ұстанымдарының жүйесі тұрғысынан, «жеті ата» заңы (7-ұрпаққа дейінгі туыстық білім; үйленуге дейінгі 7 буын, ру, шежіре туралы білім) және т.б.

^ 3-тақырып. Қазақтың халық педагогикасы қазақ этнопедагогикасының негізгі көзі

1. Қазақтың халық педагогикасы және этнопсихология

  • Қазақтың халық педагогикасы көшпелі өмір салты жағдайында ғасырлар бойы жасалды. Күрделі этникаішкілік құрылым болды: Үш жүз. Отбасы – 7-ұрпаққа дейінгі туыстар – ата-баласы (қауым), ру (яғни бірнеше қауым) – жүз.

  • Ру (қауым) бастығының (ақсақалдар), бақсының (шамандар) және ақындар мен ақын жыраулардың рөлі. Ақсақалдарға (ру басына) мүлтіксіз бағыну.

  • Ең маңызды белгілері: қандық туысқандық сезім; бірлік пен достық сезім; өзара көмектесу; үлкендер мен ата-баба рухын құрметтеу; салт-дәстүрді сақтау.

  • Мұның барлығы халықтың психологиясында бейнеленеді. Этнопсихология – адамдар психикасының этникалық ерекшеліктерін, ұлттық мінезін, ұлттық сезімін, өзіндік санасын, ұлттық стереотипін және т.б. (яғни, ұлттық психологиясын) зерттейтін ғылым. Этнопсихология жалпы (осы халық өкілдеріне тән) мінез-құлық, тәртіп, ойлау сипатының және т.б. психологиялық ерекшеліктерін зерттейді.

  • Ұлттық психологияның компоненттері:

1) Ұлттық мінез. Мысалы, қазақтарда: балаға, ән өнеріне махаббат; ақ көңілділік; аңқаулық; жан дүниесінің тазалығы; еңбексүйгіштік; қонақжайлылық; бостандықты сүю және т.б. Ұлттық мінез – халық тәжірибесінде тарихи қалыптасқан дағдылар мен әдеттердің жиынтығы; жалпы қасиеттер (барлық адам үшін) және сол халықтың ерекше қасиеттерінің бірлігі

2) Ұлттық сана-сезім – «мен –олар» жүйесін түсіну (материалдық және рухани мәдениет саласының алуан түрлілігіне қарай, осыдан тілде, мәдениетте және дінде, халық шығармашылығында, отбасы тұрмысында, асханасы мен тамақтану әдебінде, әдептілік ережелері мен әдет-ғұрпында айырмашылықтар туындайды), осы қауымның адамдарына өзінің тиістілігін саналы ұғынуы, өзінің ұлтының мәнін түсінуі, оған деген махаббаты, оның жетістігін бағалау біліктілігінің болуы және т.б.

  1. Ұлттық қызығушылықтары мен қажеттіліктерін саналы ұғынуы (өз халқының қызығушылығына жағымды қатынасы).

  2. Ұлттық талғам – ұлттық асханаға, табиғаттың қарапайым бейнесіне, адам аттары мен атауларының таралауына қатынасы. Мысалы, Бота – қазақ есімі, Нилюфар – өзбек есімі және т.б.

  3. Ұлттық әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер – тұрақты мәдени, әлеуметтік, тұрмыстық нормалар.

  4. Ұлттық сезім – халықтың қажеттіліктеріне сай (немесе сәйкес емес) заттар мен құбылыстарға қатынасының ерекше формасы; ана тіліне махаббаты; адамгершілік, эстетикалық, интеллектуалдық және т.б. сезімдері.

• Этнопсихология этнопедагогиканың негізін қалайды. Ұлттық психология ұлттың ділін анықтайды (адамдардың психикалық өмірінің ерекшеліктерін). Ұлттық психология тарихи дамиды, өзгереді. Мысалы: 1906 жылы, Уфа «Оян, қазақ» (М.Дулатов); 1954жылы – тың, кеңестік жылдар – қауымдар бірлігі және т.б.

  1. Қазақ этнопедагогикасындағы қазақтың ұлттық философиясының рөлі

  • Философия (дүниетаным) – адамның әлемге, қоғамға, өзінің әлемдегі және қоғамдағы орнына көзқарастар жүйесі. Философия ғылымынан айырмашылығы: мұнда әлемге өзінің қатынасы, жеке бағалауы, оның нормасы, мұраттары және т.б. (яғни субьективті көруі).

  • Халықтық философия бұл халықтық астрономияда, халықтық медицинада негізі қаланған әлемді түсіну, кеңістік пен уақытты қабылдау; бұл тиымдар мен ырымдар және т.б. Халықтық философия ұлттық сананың дүниетанымдық бағдарын анықтайды. Бұл халықтың әлем туралы жүйеленбеген, стихиялы қалыптасқан білімдерінің жинағы. Бұл халықтың әлемдегі ақиқатты басқаша түсінуі, яғни әлемнің этникалық бейнесі (адам деген кім, өмір, өлім деген не?; жауаптары халықтың өзінің өмір сүру ерекшеліктеріне сәйкес келеді).

  • Қазақтың халық философиясының кейбір элементтері:

  1. Уақыт пен кеңістіктің байланысы (Ұзақ – алыс).

  2. Табиғат жандандырылған, тіл бітірілген, барлығы жекелендірілген: күн күлімдейді, жұлдыздар жымияды. Көктем туды, күз түсті, қыс келді, жаз шықты (жыл мезгілдеріне сипаттама) және т.б..

  1. Табиғатқа, адамға, қоғамға қатысты тиымдар бар. Мысалы, қолыңды басыңа қойма; үлкеннің алдын кесіп өтпе; жерді қазып, тал отырғызбай қалдырма...

  2. Халықтық астрономия пайдаланылады. Ай күнтізбесі - 12 ай + 11 күн. Астрономиялық таңбалар.

  3. Шамандылық бар. От – тазартушы күш. Тәңіріне және ата-баба рухына бас ию, тағзым ету.

  4. Жас және жыныс ерекшеліктеріне байланысты талаптар. Мысалы: «15-16 жастағы жасөспірімдер жауынгер болуы мүмкін» және т.б.

  1. Этникалық тәрбие этникалық мәдениеттің бір бөлігі

• Мәдениет – ұжымдық және жекелік іс-әрекеттерді жүзеге асыру құралдарының жүйесі:

а) материалдық мәдениет – заттар, құралдар, киімдер, тағамдар, нысандар, шаш үлгілері, қозғалу құралдары, құрылыстар мен құрылымдар, мәдени өсімдіктер және т.б.

б) рухани мәдениет – адамның санасында сақталған білім, адамгершілік, әдет-ғұрып, құқықтық нормалар; өнер мен халық шығармашылығы; діни наным-сенім мен басқа да ақпараттар.

  • Мәдениет – кез келген қоғамның ділінің негізі, оның өзіндік эквиваленті. Мәдениетті жалпы (барлық халыққа тән) және этниқалық қабат деп бөлуге болады. Бұл қабаттар жекелік үсті (ұжымдық, бұқаралық) және тұрақты (қайталанушылық, дәстүрлі) сипатқа ие. Бұл мәдениеттің күші сонымен бірге этникалық интеграцияның қызметтерін орындайды (осы этностардың бірігуі) және этникалық дифференциация (басқа этностардан ажыратылуы).

  • Этникалық мәдениет – халық, оның күнделікті тұрмыс тіршілігіне қатысты мәдениеті элементтерінің жиынтығы. Мысалы, қазақтардың әлемді түсінуі – табиғатпен татулықта, онымен үйлесімділікте, оған бейімделе отырып өмір сүру.

  • Этникалық тәрбие – ғасырлар бойы және біртіндеп жетілдіріліп отырған этникалық мәдениеттің элементі. Этникалық тәрбие этникалық мәдениеттің барлық өкілдеріне сай келеді.

  1. Қазақ этнопедагогикасының тәжірибесі

Этнопедагогика тәжірибесінің мақсаты – этнос субьектісін биоәлеуметтік тұтас жүйе тұрғысынан тәрбиелеу. Қазақ этнопедагогикасы тәжірибесінің пәні: қазақтың халық педагогикасының балалар тәрбиелеудегі негізгі талаптары, қыз бала мен ұл бала тәрбиесінің ерекшеліктері, туысқандық, рулық қатынас нормалары, әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер жүйесі, тыңдау, тиым салу және бата беру заңдары, қазақтың ұлттық әдебі.

• Көздері: ауыз екі халық шығарамшылығы материалдары, сәндік-қолданбалы өнер материалдары, сәулеттік ескерткіштер мен өнер, мәдени орталықтардың іс-әрекеттері және т.б.

•Тәрбие тәжірибесіндегі негізгі әдістер: түсіндіру, үлгі-өнеге, реніш білдіру, сенім, іс-әрекетке қызықтыру, талқылау, үйрету, қолдау, сергелденге салыну, үйрену, мадақтау, тиым салу, кеңес беру, бата беру, жазалау, тілек білдіру, көңілі толмау, ғибрат айту, тұспалдау, сөгіс, алғыс білдіру.

^ Негізгі ұғымдар: қазақтың халық педагогикасы, қазақ этнопедагогикасы, халықтық философия, этнопсихология, ұлттық психология, ұлттық мінез, ұлттық сезім, этникалық тәрбие, әдістер, ұлттық талғам, ұлттық сана.

^ 4-тақырып. Этномәдени білім беру

1. Этномәдени білім беру туралы түсінік

Білім беру туралы мемлекеттік қамқорлық. Білім берудегі дағдарыс (80 жыл): шамалылық, адамгершілік бастаулар, мәдениет. Ұлттың жіктелуі. Қазақстан республикасындағы этноұлттық жағдаяттар. Ұлттық мектептерді тарату (30 жылдары). Ана тілін білмеу, жатсыну. Кез келген халықтың өмір тәжірибесінің бірегейлігі. Көпмәдени білім беру тұжырымдамасы (Д.Бэнкс). Евроцентризм. Үйлесімді дамудың маңызды бөлігі – этникалық мәдениетпен ұлттық тіл білімі. Этномәдени білім берудің мәні. Мектепке дейінгі тәрбие берудің Бүкіләлемдік ұйымы баланы оқытудың міндеттерін қояды: барлық адамдардың теңдігі мен құқығын құрметтеу; әлемнің барлық балаларымен ынтымақтастықты көрсету; күш пен биліктен басқа мақсатты көре білу біліктілігі; әңгімелесушімен пікірлесу және түсінісу, дау-дамайды тиімді жолмен шешу біліктілігі; өзінің мәдениеті дәстүрін есте сақтау, басқаны сыйлау біліктілігі.

• Этномәдени білім беру – бұл тұлғаның ұлттық мәдениетті және тілдің сәйкестілігін және этникалық топтардың өзіндік тұрмысын сақтауға және бір мезгілде басқа мәденитті меңгеруге бағдарланған білім беру үлгісі.

2. Қазақстан халқының этномәдени қызығушылықтарын тарату

  • Қазақстанда 130 халықтың 20 % аз ұлттар құрайды. Мемлекеттің этномәдени қызығушылығын сақтау қажеттілігі. БҰҰ, ЕЫҚҰ және т.б. халықаралық құжаттар туралы. Басқа мемлекеттердегі шешімдер: Австрия – аз ұлттар ісі жөніндегі федеральды министрлік; Дания – Гренландияның ісі жөніндегі министрлік (министрлер кеңесі); Италия – облыстар ісі жөніндегі; Финляндия - саамдар мен цыгандар істері жөніндегі кеңес және т.б. Тілге байланысты: Швейцария - 4 мемлекеттік тіл, Сингапур-5, Испания – ана тілін міндетті меңгеру; Финляндия – соттта, әкімшілікте ана тілін қолдану құқығына ие (судья міндетті түрде финжәне швед тілін білуі керек). Жалпыұлттық бірлік үшін этникалық мәдениетті қайта қалпына келтіру және дамыту (оқушылардың этномәдени қызығушылығын іске асыру). Этномәдени сәйкестілікті сақтау. Мұның барлығы – төмендегі міндеттерді атқаратын білім беру жүйесі арқылы өтеді: тасымалдау – этноәлеуметтік қауымдастықтың тұтастығы мен өндірісін қамтамасыз ету; дамыту – ұлттық сананы қалыптастыру мен дамыту; саралау - адамның, этникалық топтың ұлттық-мәдени қажеттіліктерін айқындау; ықпалдастыру – мәдениеттің өзара әрекеттесуін, өзара сіңісуін, өзара байытуын қамтамасыз ету, тұлғаны әлемдік және ұлттық мәдениет жүйесіне ықпалдастыру.

• Қазақстан халқы Ассамблеясы және оның материалдары.

3. Этномәдени білім беруді ендірудің негізгі қағидалары

  • білім беру саласы бойынша барлық саяси партияның, қоғамдық, діни және басқа да ұйымдардың қатысуын заң шеңберінде шектеу,

  • қоғам қызығушылығына сәйкес тұлғаның этномәдени сұраныстары мен қажеттіліктерінің басымдылығы туралы ереже қабылдау; қоғамда этномәдени бірлікті қамтамасыздандыратын мемлекеттік саясатты іске асыру,

  • ұлтаралық келісім, индивидтің құқығы мен бостандығы интернационалдық мәдениеттің жаһандық құндылығын тәжірибеге ендіру,

  • мәдениетті құрушы институт, ұлттық өзіндік тұрмысты сақтау және дамыту құралы,

  • көпұлтты мәдени тұрмыс мәселелерін кешенді шешу.

  1. Көптілді тұлғаны тәрбиелеу

  • Қос тілділік. Көпмәдени тұлға - өзінің мәдениеті арқылы басқа ұлттың мәдениетін меңгеруге бағытталуы.

  • Көпмәдени тұлғаның негізгі көрсеткіштері:

  1. Лингвистикалық тұрғыда жан-жақты дамуы.

  2. Ана тілін және мемлекеттік тілді білуі, шетел тілін үйренуі. Халықтар әдебиетін оқуы. Рельефті тарихи сана. Тарихи үрдістерді терең зерттеу және жете түсіну (Халықтардың мәдениетін өзара байыту тарихы, сауда, мәдени алмастыру тұрғысынан). Объективтілік. Дін тарихын білуі.

  1. Айқындалған географиялық және экологиялық сана. Әлемді және өз Отанын түсіну. Оларды сезіну беделі.

  2. Ашық көркем-эстетикалық сана. Көркем шығармашылық, ән айту және т.б. Өз халқының мәдениетіне қатысуды жеке сезіну.

  3. Құқықтық сана. Қазақстан республикасы Заңдары мен құқықтық актілері. Құқығын мен міндеттерін білуі.

Тілге ерекше мән беруі. Қазақстан республикасы тілі саясатының негізгі қағидалары: жүйелілік: бөлінген мәселені емес, жүйеге байланысты барлық мәселелерді шешу, біртіндеп, бірізділік: қадаммен шешу, жеке сұрақтарды шешуге қызықпау, кешенділік: көпжақты тұрғы, көптеген органдар мен адамдардың күшін біріктіру, өзара түсіністік пен төзімділік: кез келген тілдің басқа тілге кедергісіз еркін дамуы; туған тіліне деген мақтаныш; мемлекеттік тілді дамыту және бекіту (мысалы Францияда қоғамдық орындарда ағылшын тілін пайдаланғаны үшін штраф төлейді).

^ Негізгі ұғымдар: этномәдени білім беру, этномәдени қызығушылық, этникалық мәдениет, көпмәдени тұлға, тарихи сана, ұлттық сана, құқықтық сана, географиялық сана, экологиялық сана, көркем-эстетикалық сана, мемлекеттік тіл, қос тілділік, ұлтаралық келісім.

^ 5-тақырып. Қазақ этнопедагогикасының мазмұны

  1. Толымды тұлғаны тәрбиелеу

  • Толымды тұлға мәселесі ұлттық мінез ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Толымды тұлға ұлттық сананың деңгейін айқындайды және қоғамдық жағдайлардың ықпалымен өзгереді. Оның дамуына өмір салтының және практикалық іс-әрекетінің ықпалы. Толымды адам (жетілген адам) белгілі бір қасиеттерді меңгерген: Мысалы, жігіт: сыртқы келбеті: еңсегей бойлы, қырағы, күшті қолды, темір саусақты, мықты денелі (құйылған келісті дене бітімді, кең иықты, құдіретті көкіректі, кең маңдайлы); тік мұрынды, өткір тісті, қара қасты, ұқыпты жинақы мұртты; сөйлеу сапасы: шыншылдық, шешендік; қасиеттері: епті (қырандай және сұңқардай), айбатты (арыстандай) және күшті (жолбарыстай), өжет (қасқырдай), төзімді (түйедей) және күшті (бұландай), сүйекті (құландай) и сақ (жылқыдай), қорған (сауысқандай) және т.б.; іскерлік: жігіттің қыраны, сұңқары, сұлтаны, арыстаны және қасқыры, нары т.б.; орны: басшы – жігіт (мемлекетті басқаруға қабілетті); ақылды жігіт (ұрысты шешуге қабілетті); ер жүрек жігіт және балуан, жомарт және шаруақор; абыройы: ықыластылық, шеберлік, күштілік пен шыдамдылық, жұмылдырушылық, білімділік, ұтқырлық; мінездің жағымды белгілері: адалдық, әділеттілік, шыншылдық; айырылыспайтын достары: тұлпар; ақылдылық пен тапқырлық, адал жары; жаман қасиеттері: жалқаулық, қорқақтық, өтірік айту, мақтаншақтық, аңқаулық, өсек, жала, азғыру. Қызға қойылатын талаптар: қасиеті: кішіпейілділік, нәзіктік, қамқорлық пен мейірімділік, шебер қолды, қиындыққа төзімді, мейірімді, шыдамды, ұқыпты, жинақы және т.б.; сыртқы түрі: сұңғақ бойлы, сымбатты; қыр мұрынды, оймақ ауызды, кең жазық маңдайлы, аққу мойынды, еліктіргіш төсті, қалың бұрымды, ұзын бойлы; нұр сәулелі ақ; ұзын кірпікті; қара қасты, тегіс ерінді; күлім көзді; қыпша белді, икемді; нәзік әсем қолды, ұзын саусақты, жіңішке. Адам идеалы: өмір үшін байлықты, ар, намысы үшін өмірді құрбан етеді (малым жанымның құрбаны, жаным арымның құрбаны). Басқа иерархия: денсаулық - ақ жаулық - он саулық (денсаулық – ақылды әйел - молшылық).

  1. Қазақ этнопедагогикасындағы тәрбиенің мазмұны

Адамның белгілі бір әлеуметтік-мәдени жағдайда өмір сүруге дайындығы. Адамның өмір сүруіндегі уақыт кеңісітігі және ортасы. Ұлттық орта. Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар. Халықтың рухани құндылығы. Өмір сүру мазмұны.

  • Халықтық білім – қоршаған қасиеттер туралы түсініктер + дағдылар + практикалық әрекеттер, яғни табиғи және әлеуметтік құбылыстарды бақылаудың жинақталған (эмпирикалық) кешені. Осы әрекеттер қортындыларының практикада қолдануы. Сонымен, халықтық білім: халықтық мерекелер (мезгілдік, отбасылық, діни),халықтық өнер (сәндік-қолданбалы, музыкалық, өнер, спорт, шешендік өнер),фольклор (балалық, әсемдік, ырым, той, жерлеу),иррационалды (мифологиялық, тотемистикалық, діни түсініктік),рационалды (табиғат, тәрбие, медицина мен дәстүрлі-тұрмыстық шаруашылық сала): тәрбие туралы білім; рулық, туысқандық білім; тиымдар мен табу; әдеп; дәстүрге және әдет-ғұрыпқа тәрбиелеу, бата беру).

• Этнопедагогикалық мәдениет – бұл этнопедагогикалық білім, адамзаттық қатынас пен үлгі, танымдық және тәрбиелік маңызы бар: бесік және бесік жырлары, балалар киімі, қоғамдық тәрбиешілер, спорттық және басқа жарыстар, дәстүрлі балалар мерекелері, ақыл-кеңестер, өсиеттер мен тиымдар, тәрбие, балалр киімі, ойындық әндер, балалардың еңбек құралдары туралы көзқарастар жиынтығы; балалар фольклоры, ойыншықтар, балалар тағамы, балалар еңбегі және қозғалмалы ойындар.

  1. Қазақтың халық педагогикасындағы отбасы тәрбиесі

  • Отбасы – халық тәрбиесінің негізгі буыны. Қазақ отбасының ерекшеліктері: 3-4 ұрпақпен бірге. Басшысы - әке, ол бір-біріне сүйіспеншілік, қайырымды қатынасты тәрбиелейді, міндеттерді бөліп береді. Бірлік пен достық. Әкенің қызметтік міндеттері: ешкім де әкенің тәрбиесін алмастыра алмайды; әке – бұл үлгі, бедел, ол мейірімді және жауапты, оның парызы – баласында осы қасиеттерді тәрбиелеу.

  • Жігіт – бұл тыңдау; ананы құрметтеу; кішіге сүйіспеншілік.

  • Қыз – бұл сыпайылық, сұлулық, ұяттылық, шаруашылықты жүргізе білу; тілектестік, ар-намыс.

  • Ана – бұл махаббат, нәзіктік, мейірімділік, ұстамдылық, төзімділік.

  • Апа, әже – бұл ақыл-кеңес, тәжірибе, жан дүниесінің кеңділігі мен тыныштық беру біліктілігі.

  • Ақсақалдар – бұл ақыл-ойдың тереңдігі, даналық, тәрбиелілік, болжай алушылық, сөзді меңгеру, намысты қорғау, жағымсыз құбылыстарға қарсы тұру, мейірімділік. Тәрбиеші.

4. Қазақтың халық педагогикасында тәрбиеленушінің

жас және жеке ерекшеліктерін ескеру

• Жастық жіктеме көп (жастық саралау).

  1. Туылғаннан 1 жасқа дейін. 40 күнде оның туылған күні тойланады. Жақсылық тілейді. 3-ші күнннен тұзды суға шомылдырады. 5-і күні бесікке салады. 7-ші күні «сылап, сипау» ырымы жасалады.

  2. 1-7 жас. 1 жылда «тұсау кесу» - әдет-ғұрпы өткізіледі. Жауапкершілікті түсінуі, үлкендерді қадірлеуі. 3 жастан «атқа мінгізу», «сырға тағу», тиым салынбауы және т.б.

  3. 7 - 12 жас. Сезімдік даму кезеңі. Бес жас оның бес сезім мүшесінің дамуына арналған. 7 жаста «сүндет той»: «тұлым қою» (қыздарда бұрымын өсіреді).

  4. 12 - 15 жас. Ерекше қасиеттері. Мысалы, жігіт: ата-бабаның әдет-ғұрпын беруді ұмытуға жол бермеу, ер азаматтық абыройы мен намыс сезімі, өзінің отанын қорғау, білімділік пен ақылдылық, ерлік. 13 жаста есею кезеңі басталады.

  5. 15 - 25 жас. Ерік-жігері мен сезімдік дамуы аяқталады. Денесінің, өзінің күші мен қуатының жетілуін саналы түсінуі.

  1. 25 - 30 жас. Тәжірибе жинақтау кезеңі.

  2. 30 - 40 жас. Өзінің әрбір ісіне жауапкершілігінің күшеюі.

  3. 40 - 50 жас. Күші, материалдық молшылық, ашық эмоция, тәжірибені пайдалану.

  1. 50 - 60 жас. Дене және психологиялық бастаудың үйлесімділігіне жету. Кемеліне келу, ойланған істер, асықпай сөйлеу. Интеллектуалдық күш.

  2. 60 жас. Даналық жасы.

  3. 80 жас. Бата алған уақыт. Қайтыс болғандарға бұл жаста «ас» береді. Оның заттарын таратып, мұнда жылауға болмайды.

12) 90 жас. Тәжірибені беретін тәлімгер. Осылай бүкіл өмірі бойында.

«Үш жұрт» туралы білім: бұл әкесі, анасы, әйелі, күйеуі жағынан туысқандық. Демек, тәрбиелі: тарихты, әдет-ғұрыпты, мерекені, әдепті, ұлттық философияны біледі, ұлттық тағамды даярлай алады, ән айта алады, ұлттық аспапта ойнайды, ұлттық философия мен мәдениетті, тілі мен асхананы бағалай алады, дәстүр мен әдет-ғүрыпты сақтайды, ұлттық әдепке және этноәлеуметтік рөлдерге сай қарым-қатынас жасай алады.

^ Негізгі ұғымдар: толымды тұлға, сыртқы келбет, сөйлеу сапасы, Адам идеалы, отбасы тәрбиесі, халықтық білім, этнопедагогикалық мәдениет, халықтық өнер, фольклор, үш жұрт, жастық жіктеме.


^ Семинар сабақтарының үлгі тақырыптары


  1. Қазақтың батырлар эпостары негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие беру.

  2. Оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде қазақ халқының озық дәстүрлерін пайдалану.

  3. Оқудан тыс уақытта қазақтың ұлттық ойындарын пайдалану.

  4. Балаларға адамгершілік тәрбие берудегі қазақтың халық ертегілерінің маңызы.

  5. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

  6. Қазақ халқының еңбекке моральды-эстетикалық көзқарасы және оның баланы еңбекке дайындаудағы рөлі.

  7. Этнопедагогикада балалардың жас ерекшеліктерін ескеру.

  8. Қазақ отбасындағы қыздар тәрбиесінің ерекшеліктері.

  9. Қазақ отбасындағы ұл бала тәрбиесінің ерекшеліктері.

10.Қазақтарда балаларды оқыту мен адамгершілік тәрбие берудің дәстүрлі құралдары.

11. Қазақтардың балалар мен жастарға дене тәрбиесін беруге қоятын педагогикалық талаптары.

12. Қазақтың дәстүрі мен әдет-ғұрпының тұлғаның рухани мәдениетін қалыптастырудағы рөлі.

13. Жастарды этнопедагогика құралдарымен адамгершілікке тәрбиелеу.

14. Мәдениетаралық толеранттылықты қалыптастырудың этнопедагогикалық шарттары.

15. Қазақстан халқының дәстүрлері негізінде жасөспірімдердің адамгершілік санасы мен мінез-құлқын қалыптастыру.

16.Отбасы мен мектептің дәстүрлі педагогикалық мәдениеті жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесіндегі Қазақстан халықтары тұрмыс-тіршілігінің феномені

17. Жастар тәрбиесіндегі ұлттық тәрбие.

18. Этнопедагогика дамуының тарихи аспектісі.

19. Қазақстанның жеке халықтарының (орыс, ұйғыр, неміс және т.б.) этномәдени ерекшеліктері.

20. Түркі халықтарының этнопедагогикасы.


Білімалушылардың оқытушының қатысуымен өздігінен орындайтын жұмыстарының (БОӨЖ) тақырыптарының үлгілері


1. Халықтық педагогика туралы түсінік.

2.Этнопедагогика - педагогика ғылымының саласы.

3.Этнопедагогиканың мазмұны.

4. Этнопедагогиканың мәнді сипаттамасы.

5. Отандық этнологиялық мектептің қалыптасуы.

6. Этнология (этнопедагогика) бойынша білім дамуының негізгі кезеңдері.

7. Этниқалық, ұлттық, ұлтшылдық.

8. Қазіргі этнологиялық пікірталастардағы этнопедагогика.

9. Адамның өмір сүруіндегі моноэтникалық ортаның ерекшеліктері.

10. Адамның тіршілігіндегі көпэтникалық орта.

11. Көпэтникалық білім беру ортасы.

12. Этникалық өзіндік сана – білімдегі қарым-қатынас факторы.

13. Толеранттылық – этникааралық қатынастың шарты.

14. Әр түрлі халықтар мәдениетіндегі балаларға қарым-қатынас ерекшеліктері

15. Ұлттық ойындардың этнопедагогикадағы рөлі. .

16. Этнопедагогиканың этникалық, діни және мифологиялық негіздері.

17. Славян халықтарының этнопедагогикасы.

18.Жыраулар, ақындар, көрнекті ойшылдар мен педагогтар шығармаларындағы халықтық педагогика элементтері (Әр реферат көрнекті тұлғаның шығармашылығына арналады).

19. Ұлттық тәрбиедегі ана тілінің алатын орны.

20. Халықтық педагогикада еңбекке қатынасты бейнелеу.


Білімалушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары (БӨЖ) үшін тапсырмалар


  1. Ежелгі замандағы қазақтың көрнекті ойшылдары халықтық тәрбие туралы.

  2. Халықтың діни көзқарастары мен өскелең ұрпақтың ұлттық тәрбиесі.

  3. Халықтық педагогиканың ұлттық сана-сезімді қалыптастырудағы рөлі.

  4. Дәстүр, әдет-ғұрып пен ырымдардың тәрбиелік маңызы.

  5. М.Әуезовтың «Абай жолы» романындағы дәстүрлер мен ырымдар.

  6. Әр түрлі халықтар дәстүрінің үндестігі.

  7. Ш.Уалиханов - этнограф және тәрбиедегі халықтық дәстүрді зерттеуші.

  8. Мақалдар мен мәтелдердің айырмашылықтары және ұқсастықтары туралы түсіндіріңіз.

  9. «Игілік- достықта» тақырыбы бойынша эссе жазыңыз.

  10. Қазақ мақалдары мен мәтелдерін, жұмбақтарын жинақтаған және зерттеген ғалымдар еңбектері негізінде конспект дайындау.

  11. Мақалдар мен мәтелдердің тәрбиелік маңызы.

  12. Белгілі әншілердің өмірі мен музыкалық іс-әрекеттеріне арналған альбом құрастыру.

  13. Жұмбақ-концерт - «Тыңдаған әнді және оны орындаушының аты-жөнін табыңыздар».

  14. Халық әндерінің ерекшеліктері.

  15. «Қазақстан – көпұлтты мемлекет» тақырыбына эссе жазыңыз.

  16. Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі міндеттері жөнінде не білесіздер?

  17. Президент Н.Ә.Назарбаевтың көпмәдениетті тұлғаны тәрбиелеу туралы көзқарастары.

  18. Көпұлтты Қазақстанның халықтар бірлігін сақтау саясаты.

  19. Көпмәдени тұлғаны тәрбиелеудің ерекшеліктері.

  20. Көпмәдени тұлғаны тәрбиелеудегі отбасының рөлі.


^ ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Міндетті әдебиеттер

  1. Антология педагогической мысли Казахстана. //составители Жарыкбаев К.Б., С. Калиев. - Алматы, 1995.- 512с.

  2. Бережнова Л.Н., И.Л.Набок, В.И.Щеглов. Этнопедагогика. Москва, «Академия» 2007.– 240 с.

  3. Волков Г.Н. Этнопедагогика. - Чебоксары, 1974. (Москва, 2000)

  4. Гумилев Л.Н. Ритмы Евразии:Эпохи и цивилизации. – М.,1993.

  5. Жарикбаев К.Б. Из истории развития педагогической мысли в дореволюционном Казахстане. - Алма-Ата, 1978.

  6. Жарикбаев К.Б. История казахской психологии. - Алматы, 1996.

  7. Жарикбаев К.Б., Калиев С. Национальные аспекты обучения и воспитания. - Алма-Ата, 1990.

  8. Измайлов А.Э. Народная педагогика: Педагогические воззрения народов Средней Азии и Казахстана. - М.. 1991.

  9. Калыбекова А. Теоретические и практические основы народной педагогики казахов. - Алматы, 2005.

  10. Кожахметова К.Ж. Казахская этнопедагогика: методология, теория, практика.- Алматы, 1998.

  11. Этнопедагогика народов Казахстана. - Алматы, 2001.

  12. Маргулан А.Х. Древние свидетельства культуры. - Алма-Ата, 1986.

  13. Узакбаева С.А., Муканова Е.Н. Казахская этнопедагогика. - Алматы, 1998.

  14. Этнопедагогика:С.Ж.Пірәлиев,Г.Т.Хайруллин,Д.Ә.Нұрғалиева,А.А.Бейсенбаева, Қ.Атемова, Г.С.Саудабаева, Б.Т.Махметова, Ғ.Ахатаева, Қ.Қ.Шалғынбаева, А.Д.Қайдарова, М.Б.Тленбаева, Г.К.Шолпанқұлова, М.М.Абсатова, Р.К.Төлеубекова, Е.Ө.Жұматаева. -Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ-ті, 2010. - 465 б.

  15. Әлемдік педагогикалық ой-сана. 10-томдық. 1-2 том.–Алматы, 2009.- 400 б.

  16. Қалиұлы С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. Алматы, «Білім» 2003. – 280 бет.

  17. Көшербаева А.Н., Шолпанқұлова Г.К., Тленбаева М.Б., Махметова Б.Т. Этнопедагогикалық білім негіздері. Оқу құралы. -Алматы, 2009. -131б.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Концепция Этнокультурного Образования в Казахстане // казахстанская правда, август, 7. 1996

  2. Культурно-философский энциклопедический словарь /Сост. Т.Габитов, А.Кулсариева и др. – А: Раритет, 2007-416с.

  3. Магауова А.С. Этнопедагогика в система профессиональной подготовки учителя. -Семипалатинск, 2002.

  4. Материнская школа в этнокультурном образовании. - Алматы, 2002.

  5. Мустафина P.M. Представления, культы, обряды у казахов. - Алма-Ата, 1992.

  6. Мухамметбердиев О.Б. Национальное самосознание. - М., 1992.

  7. Назарбаев Н.Н. – 2030. Процветание, безопасность и благополучие народов Казахстана. Послание Народам Казахстана// Мысль – 1997. - №2-стр.3-11

  8. Народ - истинный воспитатель. - Алматы, 2000.

  9. Народные знания, фольклор, народное искусство. - М., 1991.

  10. Народы Казахстана. - Алматы, 2003.

  11. Наурызбай Ж.Ж. Этнокультурное образование. - Алматы, 1997.

  12. Нысанбаев А.Н. Философия взаимопонимания. Алматы, 2001, стр. 253

  13. Обычаи и традиции в развитии. - Алма-Ата, 1965.

  14. Пирлиев К. Народная педагогика и современность. - Ашхабад, 1983.

  15. Рудь Ю.А. Методологические и теоретические проблемы изучения народной педагогики. - М., 1980.

  16. Руководство по курсу этнопедагогики. /Сост. Жумаканова Р.А. - Алматы, 1994.

  17. Сегизбаев О.А. Казахская философия XV - начала ХХ века. - Алматы, 1996.








^ СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘН

СИЛЛАБУСЫ



1. Пән туралы ақпарат

Пән атауы

Этнопедагогика

Пән коды

Etn 2203

Кредит саны

2

Курс, семестр

2/4

Мамандық аты


Мамандық шифры


Ұлттық тәрбие және өзін-өзі тану

кафедрасы

Физика-математика факультеті

Оқыту формасы (күндізгі, сырттай), (ОБ, АОБ, ЖО)

Оқыту тілі- қазақ тілі

Пәнді өткізу уақыты және орны

Консультация уақыты

Рубеждік бақылау кестесі

Оқытушының аты-жөні, лауазымы, дәрежесі, атағы

Шолпанқұлова Гүлнар Кеңесбекқызы п.ғ.к., профессор

Контактілік ақпарат(телефон, e-mail)

Ұлттық тәрбие және өзін-өзі тану кафедрасы – 2911981;

303-06-53, 8-777-640-50-23

sh.gul@mail.ru

Оқытушы қолы

Кафедра меңгерушісі Иманбаева С.Т.

^ 2. Пәннің қысқаша сипаттамасы. (Оқытудың мақсаты, міндеті, тұлғалық нәтижелелері – «білу», «менгеру» және т.б. терминдердегі пәндік және жалпы мәдени құзіреттері).

Этнопедагогика пәнінің мақсаты білім беру жүйесіндегі жұмысқа даярлығы бар, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды игерген жаңа маман тұлғасын қалыптастыру.

«Этнопедагогика» пәнінің негізгі міндеттері:

  • болашақ мамандарға халық педагогикасының ғылыми негіздері мен тәлім-тәрбиелік мәнін ғылыми педагогикалық тұрғыда меңгертудің теориясы мен әдіс-тәсілдерін қарастырады;

  • болашақ мұғалім мамандарын даярлауда халықтық ұлттық дәстүрлерінің тәрбиелік маңызын зерделеуді үйретеді;

  • халықтық тәрбие тәжірибелерін, бүгінгі қоғамдағы болашақ ұрпақтар тәрбиесінде пайдаланудың сабақтастығын дәлелдеу;

  • халық педгогикасының негізгі қағидалары мен заңдылықтарын және оның ғылыми педагогикалық байланысын салыстыруға бейімдейді;

  • қазақ этнопедагогикасының ғылыми-теориялық негіздерін меңгереді;

  • болашақ мамандарды этнопедагогикалық жағдаяттарды талдау және тиімді шешу біліктілігі мен дағдысын қалыптастыруды;

  • тұлғаның өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеуін қамтамасыз ететін ұлттық дүниетанымын қалыптастыратын заман талабының жаңа технологияларымен таныстыру.

«Этнопедагогика» пәнін оқу негізінде студент:

  • этнопедагогиканың жалпы негіздерін;

  • этнопедагогикалық ойлар дамуының тарихын, қазақ пен басқа этностардың мәдениетіндегі тәлімдік ерекшеліктерін;

  • ұлттық білім беру мен оның қазіргі замандағы рөлін;

  • ұлттық дүниетанымын, азаматтық сана сезім, ұлттық және өркениеттік мәдениеттің қалыптасуын;

  • болашақ кәсіби іс-әрекетке даярлаудың этнопедагогикалық, әлеуметтік, психологиялық астарларын танып білуін;

  • өзіндік өзара субъектілік қарым-қатынасты қоғамда этнотолеранттық, өзара сыйласу мен сенім принципіне сүйенуін;

  • әртүрлі этностар қоғамында халық мектебінің тәрбиесінің прогрессивті жақтарын көрсетіп, талдап және қолдануын;

  • халықтардың консолидациялық этника аралық идеясын тәжірибелерде жинақтап, әртүрлі жиындарда өткізуін меңгеруі тиіс.

^ 3. Пән пререквизиттері: этнопедагогика курсы «Адамзат тарихындағы мектептер мен педагогикалық ой-пікірдің дамуы», «Мектеп педагогикасы» сондай-ақ бірнеше арнайы курстар мен тәжірибелердің әр қилы түрлері секілді біртұтас ортаға біріктірілген, оқу жылдары бойынша өтілетін бірқатар әлеуметтік-гуманитарлық пәндер мен педагогикалық цикл тақырыптарын оқытып үйретеді.

^ 4. Пән постреквизиттері: этнопедагогика курсы мынадай аралас пәндерді философия, психология, әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, Қазақстан тарихы, адам физиологиясы, этика т.б. тікелей байланысты.

^ 5. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар.



Пән тақырыптарының аталуы

апта

Аудиториялық сабақтар

Тапсырма түрі (сипаттамасы)

Барлы-ғы

(сағ)

Дәріс /сағ

Пр/сем./зертх./
студ саб (сағ.)

СОӨЖ

СӨЖ

1

Этнопедагогика жалпы педагогикалық ғылымдардың құрамды бір бөлігі

1. Этнопедагогика пәні, оның мақсаты мен міндеті.

2. Этнопедагогика-ның әдіснамасы.

3.Халықтық педагогика және этнопедагогика ұғымдарының мәні.

1

1

1

1.Этнопедагоги-каның заңдылықтары мен негізгі қағидалары.

2.Халықтық педагогика көздері

^ 2

Этнопедагогика-ның мазмұны мен мәні

Пікірталас

2


Этнопедаго-гиканың негізгі ұғымдары

нан глоссарий құрастыру

6

2

^ Педагогикалық мәдениет және халықтың рухани дамуы

1.Халықтық педагогикалық көзқарас

2.Халық педагогикасындағы салт-дәстүр

2

1

1

Педагогикалық мәдениет туралы түсінік.

2. Халық – педагогикалық мәдениетті жасаушы

^ 2

Халықтық философия, оның ұлттық сананы айқындау-дағы дүниетанымдық бағдары.

Реферат

2

Қазақ этнопедагогикасындағы ұлттық философиясының рөлі.

Конспектілеу

6

3

Халықтық педагогикадағы кемел адам үлгісі

1.Кемел адам – халықтық тәрбиенің мақсаты

2. Кемел адамның этникалық сипаты


1

1

1

1. Кемел адам қасиеттерінің жалпыадамзат-тық сипаттамасы

2.Кемел адамды тәрбиелеу жолдары

^ 2

Халық педагогикасында-ғы кемелденген адам мұраты (идеалы)

Толымды, кемелденген адам моделін құрастыру

2

«Қазақстан – көпұлтты мемлекет» тақырыбы-на эссе жазу.

6

4

^ Халықтық педагогиканың негізгі құралдары (мақал-мәтелдер, жұмбақтар)

1.Мақал-мәтелдер және олардың халықтық педагогикадағы рөлі

2. Жұмбақтар

4

1

1

1.Мақал-мәтелдердегі еңбексүйгіштік тәрбие

2. Мақал-мәтелдердің айтылу формалары



2

Тәрбиенің түрлеріне байланысты мақал-мәтелдерді жүйелеп кесте құрастыру

2

Халықтық педагогика-ның негізгі құралдары


^ Дөңгелек стол


6

5

Ән – халықтық педагогиканың құралы

1. Әннің жеке тұлғаға ықпалы

2.Бесік жыры


5

1

1. Жасөспірімдер мен жастар әндері

2.Жоқтау және олардың тәрбиелік мәні

2

Халықтық педагогикадағы ән-жырлар – халық ауыз әдебиетінің қайнар көзі.

Реферат


2

Халық педагогикасының бастау бұлағы – ауыз әдебиетi-нiң үлгiлерi.

^ Шағын шығарма

6

6

Халықтық педагогикадағы ертегілер

1.Ертегілердің танымдық рөлі

2. Ертегі – халық тәрбиесінің құралы


6

1

1

1.Ертегілердегі педагогикалық идеялар.

2.Халық ертегілерін тәрбиелеуде қолдану


^ 2

Қиял-ғажайып ертегiлерiндегi ойлардың бүгiнгi ғылыми-техника-лық прогреспен байланысы

Реферат

2

Қазақстанның үштілді меңгерген интеллекталды тұлғасын тәрбелеу.

Пікірталас

өзіндік ой-тұжырым жасау.

6

7

Халықтық тәрбиенің факторлары

1.Табиғат - халықтық тәрбиенің факторы

2. Халықтық тәрбиедегі ойындар мен сөздердің рөлі

7

1

1

1.Еңбек және өнер - халықтық тәрбиенің факторы

2. Халықтық тәрбиедегі дәстүрлер

^ 2

Халықтық тәрбиенің факторлары /табиғат, ойын, сөз өнері, іс, қарым-қатынас, дәстүр, тұрмыс, өнер, дін, мұрат/.

Ғылыми баяндама

2

Тиым сөздердiң тәлiмдiк мәнiн мысалдар келтiре отырып ажыратың-дар.

Пікірлесу

6

8

Ежелгі жазба мұралардағы халық тәрбиесі

1. «Ұлы Жасақ» тәрбие туралы

2. Я.А.Коменский және халықтық тәрбие

3. К.Д.Ушинский халықтық тәрбие туралы

8

1

2

1.А.С.Макаренко және халықтық педагогика

5.В.А.Сухомлинскийдің тәжірибесіндегі халықтық педагогика

^ 2

Славян халықтарына ортақ қандай салт-дәстүрлердi бiлесiңдер? Олардың мазмұны мен тәлiмдiк мәнiне талдау жасаңдар.


2

Қазақ этнопедагогикасы ғылым ретiнде қалыптасуына қандай жағдай әсер еттi? Оның үш кезеңiне талдау жаса.

Ұжымдық талдау

6

9

Қазақ этнопедагогика-сының алғашқы бастаулары

1.Орхон-енисей ескерткіштеріндегі халық педагогикасының көріністері.

2.Білге Қаған мен Күлтегіннің ескерткіштеріндегі абырой, намыс, ерліктерінің патироттық маңызы.

9

1

1

1.Қорқыт Атаның ізгілік, достық, болашақ жайлы айқан даналық сөздері


^ 2


Ж.Баласағұни өнер-бiлiмнiң қандай қызметiне ерекше мән берген?


Топтық тапсырма

2

Жаңа заман тудырған салт-дәстүр-лерге сипаттама берiп, тәлiмдiк мәнiн ажырат.

Әңгімелесу

6

10

^ XV-XIX ғасырлар кезеңіндегі Қазақстандағы этнопедагогика мен ұлттық тәрбиенің дамуы

1.Қазақ жырауларының шығармашылығындағы халықтық педагогика (Бұқар жырау, Асан қайғы, Қазтуған, Шалкиіз т.б.).

2.Ұрпақ тәрбиесіндегі би-шешендердің тәлім-тәрбиелік идеялары (Төле би, Қазбек би, Айтеке би, Жиренше т.б.).

10

1

1

1.Өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі қазақ этнопедагог-тарының жалпыадамзат-тық құндылықтар мен ұлттық идеялары: Ш.Құдайбер-диев, А.Байтұрсынов,М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, М.Әуезов, т.б.


2

1.Асанқайғы не себептi “Жерұйықты” iздеумен болды?

2.Шалкиiз жыраудың ерлiгі неде?

3. Бұқар жыраудың басты тiлектерi туралы түсiнiгiңiз қандай?

4.Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердi неге әдiлдiктiң символы деймiз? Ұжымдық талқылау

2

Тұрмыс-салт жырлары-ның түрлерi мен өмiрде қолданылу аясына және тәлiмдiк мәнiне талдау жасаңдар.

Талдау

6

11

Қазақстандағы педагогикалық ойлар

1. Қазақ этнопедагогикасы және Қазақстандағы педагогикалық ойлардың пайда болуы

2. Қазақ жыраулары шығармаларындағы халықтық педагогика

3.XIX ғасырдағы көрнекті қазақ ағартушылары халықтық тәрбие туралы

4.Этнопедагогиканың XX-ші ғасырда Қазақстанда дамуы

11

1

1

1. Қазіргі жаңа кезеңдегі этнопедагогика ғылымын дамытудағы ғалымдары: Г.Волков, А.Измаилов, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, С.Ұзақбаева, Қ.Қожахметова, Т.Табылдиев, Р.Төлеубекова, т.б.

/1 сағат/


2

Сәндік-қолданбалы өнердің тәрбиелік мүмкіндіктері: Ұлттық киiмдер мен зергерлiк бұйымдардың аттарын және жасалу технологиясын кiм көп бiледi деген жарыс ұйымдастыру.

Пікірсайыс

2

Түрiк халықтарына ортақ қандай ұлттық дәстүрлер бар? Олардың бiр-бiрiнен айырмашылығы бар ма? Болса оны қалай айыруға болады?

Ұжымдық талдау

6

12

Қазақ этнопедагогика-сының теориялық негіздері

1.Қазақ этнопедагогикасы ғылым саласы тұрғысынан

2. Қазақ этнопедагогикасы-ның атқаратын қызметтері

12

1

1

1. Қазақ этнопедагогикасының негізгі қағидалары

2.Қазақ этнопедагогикасының заңдары мен заңдылықтары

^ 2

Бата-тiлектердiң тәлiмдiк мәнi.

Реферат

2

«Қазақстан халықтары-ның салт-дәстүрлері» атты буклет дайындау


6

13

Қазақ халық педагогикасы қазақ этнопедагогика-сының негізгі көзі

1.Қазақ халық педагогикасы және этнопедагогика

2. Қазақ этнопедагогикасындағы ұлттық философияның рөлі

13

1

1

1. Этникалық тәрбие этникалық мәдениеттің бір бөлігі.

2.Қазақ этнопедагогикасының тәжірибесі

^ 2

Қазақ этнопедагогикасындағы ой-пікірлердің тууы

Реферат


2

Қазақтың халықтық педагогикасында жинақтақ-талған этнопедагогикалық идеялар.

^ Шағын зерттеу

6

14

Этномәдени білім беру

1.Этномәдени білім беру туралы түсінік

2. Қазақстан халқының этномәдени қызығушылықтарын тарату

14

1

1

1. Этномәдени білім беруді ендірудің негізгі қағидалары.

2. Көптілді тұлғаны тәрбиелеу


^ 2

Мәдениет, заттық мәдениет, рухани мәдениет, этномәдениет ұғымдарының мәнін ашу

Глоссарий құрастыру

2

Этникалық мәдениетті дамыту мен қалыптастыру.

^ Жоспар құрастыру

6

15

Қазақ этнопедагогика-сының мазмұны

1.Толымды тұлғаны тәрбиелеу

2. Қазақ этнопедагогикасындағы тәрбиенің мазмұны


15

1

1

1. Қазақтың халық педагогикасындағы отбасы тәрбиесі

2.Қазақтың халық педагогика-сында тәрбиеленуші-нің жас және жеке ерекшеліктерін ескеру

^ 2

Қазақ халық педагогикасында-ғы отбасы тәрбиесі.

Дөңгелек стол «Менің отбасымдағы дәстүр»

2

”Қиын отбасы деген дұрыс па?”деген тақырыпта пiкiр сайысын өткiзу.

6




Барлығы




15

15

30

30

90


^ 6. Оқытуға арналған әдебиеттер (10 әдебиеттен артық емес)

Негізгі әдебиеттер (кітапханалық қорда бар немесе соңғы 5 жылда шығарылған 2-3 оқулықтан артық емес)

  1. Волков Г.Н.. Этнопедагогика. Москва. 2000 г.

  2. Жарықбаев Қ.Б., С.Қалиев. Қазақтың тәлімдік ой-пікірлер антологиясы. 1-2 том. Алматы, 1994ж.

  3. Әбілова З.Ә.. Этнопедагогика. Алматы, 1997 ж.

  4. Төлеубекова Р., Е.Жұматаева. Этнопедагогика. Оқу құралы. Павлодар, 2007, -124б.

  5. Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. -Алматы, «Санат», 2001.

  6. ҚожақметоваК., Ш.Таубаева, Ш.Джанзакова. Методология общей и этнической педагогикик в логико-структурных схемах. Алматы, 2005, -174с.

  7. Этнопедагогика (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде). -Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ-ті, 2010. - 465 б. Авторлар: С.Ж.Пірәлиев, Г.Т.Хайруллин, Д.Ә.Нұрғалиева, Л.Н.Демеуова, А.А.Бейсенбаева, Қ.Атемова, Г.С.Саудабаева, Б.Т.Махметова, Ғ.Ахатаева, Қ.Қ.Шалғынбаева, А.Д.Қайдарова, М.Б.Тленбаева, Г.К.Шолпанқұлова, М.М.Абсатова, Р.К.Төлеубекова, Е.Ө.Жұматаева.

Қосымша әдебиеттер (10-15 кітаптан артық емес)
1   2   3   4   5   6   7   8   9




Похожие:

«Этнопедагогика» (пәннің атауы) ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені icon«Пәннің ең үздік оқу-әдістемелік кешені» байқауы туралы ереже жалпы ережелер «Пәннің ең үздік оқу-әдістемелік кешені»
«Пәннің ең үздік оқу-әдістемелік кешені» байқауы (бұдан әрі-Байқау) оқытушы-профессорлар құрамы жұмысын ынталандыру және кафедра...
«Этнопедагогика» (пәннің атауы) ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені iconПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені

«Этнопедагогика» (пәннің атауы) ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені icon«Астрономия» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Р бғм 2011 ж. № бұйрығымен бекітілген «Астрономия» пәнінің типтік бағдарламасы (жмбс міндетті компоненттерінің пәндері үшін)
«Этнопедагогика» (пәннің атауы) ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені iconЕҢбек гигиенасы кафедрасы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені жұмыс бағдарламасы «бекітемін»
Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өздері орындайтын жұмысы (ОСӨЖ) аудиториядан тыс – 14 сағат
«Этнопедагогика» (пәннің атауы) ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі абай атындағЫ Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті «бекітемін»
«Білім алушыларға арналған пәннің оқу әдістемелік кешені «Математикалық логика»
«Этнопедагогика» (пәннің атауы) ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі Қазақ гуманитарлық заң университеті экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебі
В030100 Заңтану бакалавр мамандықтары бойынша мемлекеттік білім берудің жалпы стандарттарының негізінде пәннің оқу-әдістемелік кешені...
«Этнопедагогика» (пәннің атауы) ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені iconСақтандыру «Қаржы» мамандығының студенттеріне арналған пәнінің оқу-әдістемелік кешені Павлодар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі С.
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің қаржы-экономика факультетінің отырысында басуға ұсынылды
«Этнопедагогика» (пәннің атауы) ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі Қазақ гуманитарлық заң университетіэкономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебі
В030100 Заңтану, 5В050900 Қаржы бакалавр мамандықтары бойынша мемлекеттік білім берудің жалпы стандарттарының негізінде пәннің оқу-әдістемелік...
«Этнопедагогика» (пәннің атауы) ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені iconОҚУ-Әдістемелік кешені әдістемелік ұсыныстар
Блок 4 “Эндокринология”, тақырып 19: жтд тәжірбиесіндегі қалқанша бездің зақымдалу синдромы
«Этнопедагогика» (пәннің атауы) ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені iconОҚУ Әдістемелік кешені әдістемелік нұскаулар
Жалпы дәрігерлік тәжірибеде буындық синдром. Остеопороз. Буындар қызметінің бұзылысы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kze.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы