Бастауыш мектепте математиканы оқыту теориясы мен технологиясы icon

Бастауыш мектепте математиканы оқыту теориясы мен технологиясы




Скачать 117.46 Kb.
НазваниеБастауыш мектепте математиканы оқыту теориясы мен технологиясы
Дата конвертации22.10.2012
Размер117.46 Kb.
ТипДокументы
источник







КІРІСПЕ

Кешенді емтихан бағдарламасы 6М010200 «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша магистратураға түсуші талапкерлерге арналған және бастауыш мектепте математиканы, қазақ тілі, дүниетануды оқыту теориясы мен технологиялар пәндерінен құрылған.


Бастауыш мектепте математиканы оқыту теориясы мен технологиясы


Бастауыш мектепте математиканы оқыту теориясы мен технологиясы оқу пәні және педагогикалық ғылым саласы ретінде

Курстың объектісі, пәні, міндеттері, әдіснамасы, басқа пәндермен байланысы.

Математиканы оқыту теориясы мен технологиясының педагогикалық ғылым саласы ретіндегі объектісі, пәні, міндеттері мен ғылыми-зерттеу әдістері, оның басқа ғылым салаларымен (философиямен, логикамен, математикамен, педагогикамен, психологиямен және т.б) байланысы. Алыс және жақын шетелдердегі математиканы оқытудың әдістемелік жүйесінің әр түрлі модельдерін дайындау.

Математика бастауыш мектептегі оқу пәні ретінде және оны оқыту технологиялары

Кіші жастағы оқушыларға математиканы оқытудың мақсаттары мен міндеттері.

Бастауыш математикалық білімнің базалық мазмұнына (арифметикалық материал, шамалар және оларды өлшеу, геометриялық материал, алгебралық материал) сипаттама.

Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістері, құралдары және ұйымдастыру формалары.

Математиканы оқытуға балаларды дайындау және оның математиканың мектептік курсы жүйесіндегі орны. Кіші жастағы оқушыларға математиканы оқытудағы перспективтік пен сабақтастық. Мектепалды дайындық, жалпы білім беретін мектептің бастауыш және орта сатылырындағы математика бағдарламаларын талдау. Кіші жастағы оқушыларға математиканы оқытудағы пәнішіндік және пәнаралық байланыс.

Кіші жастағы оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеру және бағалау. Бастауыш сыныптарда математикадан бағалау межесі. Бақылау түрлері және математиканы оқыту нәтижелерін диагностикалау. Бастауыш мектеп оқушыларының әр сынып соңындағы білім, білік және дағдыларына қойылатын бағдарламалық талаптар.

Бастауыш математика курсының негізгі мазмұндық-әдістемелік желілері және оларды оқытудың технологиясы

Арифметикалық материал

Қарапайым түсініктер; заттарды санау; заттарды және олардың топтарын салыстыру; кеңістік және уақыт жайлы қарапайым түсініктер; геометриялық фигуралар; практикалық әрекеттер (біріктіру, бөліп алу, құрастыру, бөліктерге бөлу, шартты өлшеуіштің көмегімен өлшеу).

Нумерация ұғымдар: сан және цифр; есептік және реттік натурал сандар; ондық санау жүйесі; 10 көлеміндегі сандар; ондықтар; екі таңбалы, үш таңбалы және көп таңбалы сандар; теріс емес бүтін сандар.

Арифметикалық амалдар және олардың қасиеттері: амалдардың мән-мағыналары; матиматикалық символика; арифметикалық амалдардың компоненттері мен олардың нәтижелері; өзара кері амалдар; қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері; көбейтудің үлестірімділік қасиеті; арифметикалық амалдардың дербес жағдайлары (амалдардағы 0 мен 1-дің қасиеттері);

Есептеу тәсілдері: ауызша есептеу тәсілдерінің ерекшеліктері және олардың түрлері; арифметикалық амалдардың алгоритмдері; ауызша және жазбаша есептеу тәсілдерінің үйлесімділігі.

Есеп және оны шешу процесі: бастауыш математика курсындағы «есеп» ұғымы; жай және құрама есептер; кері есептер және өзара кері есептер; есептерді шешудің арифметикалық тәсілдері.

Шамалар және оларды өлшеу

Қарапайым шамалар (ұзындық, масса, уақыт, аудан, көлем, және т.б); сан шаманы өлшеудің нәтижесі ретінде; шаманың бірліктері және олардың арақатынасы; шамаларға амалдар қолдану; пропорционал шамалар; пропорционал щамалармен байланысты есептер.

Үлес және бөлшек: шамалар және оларды салыстыру; бөлшек ұғымы; осы ұғымдарға байланысты есептер.

Алгебра элементтері

Санды өрнек және оның мәні; өрнектерге амалдардың орындау реті;санды теңдік және санды теңсіздік, әріппен белгілеуді енгізу; әріпті өрнек және оның мәні; өрнектерді қарапайым теңбе-тең түрлендірулер; теңдеу және оны шешу тәсілдері; есептерді алгебралық тәсілмен шешу.

Геометрия элементтері

Қарапайым геометриялық фигуралар, олардың қасиеттері және белгіленуі; қарапайым геометриялық салулар; геометриялық мазмұнды есептер.

Математикалық білім, білік және дағдыларды меңгеру барысын ұйымдастыру

Бастауыш мектептегі математика сабағы: типтері, ерекшеліктері, мақсаты, міндеттері; құрылысы және олардың нұсқаулары; оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері және формалары; қазіргі сабаққа қойылатын талаптар; жоспарлау және дайындау; оқытушы мен оқушының ынтымақтастығын сабақта ұйымдастыру тәсілдері, сабақты әдістемелік тұрғыдан талдау.

Математиканы оқыту барысында оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың қазіргі заман педагогикалық технологиялары.

Математика сабақтарында: жаңа ұғым және әрекет тәсілін оқып-үйретуге дайындық кезінде; жаңа ұғым және әрекет тәсілмен таныстыру барысында; білім, білік және дағдыларды бекіту және оқыту нәтижелерін тексеру кезінде оқушылардың өзіндік оқу-танымдық әрекетін басқару.

Білімді меңгерту, білік пен дағды қалыптастыру, оқушылардың логикалық ойлауын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Дайындық кезеңінде оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру.

Үй тапсырмалары және сыныптан тыс жұмыстар.

Таңдамалы курстар; бастауыш сыныптарда математиканы тереңдетіп оқыту мүмкіндңктері

12 жылдық жалпы білім беретін мектеп жағдайында матемтиканы оқыту процесін ұйымдастыру ерекшеліктері.


^ Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы

Сауат ашу технологиясы: Сауат ашу технологиясының мектептегі оқу-тәрбие жұмысының жалпы жүйесіндегі маңызы, сауат ашу әдістемесінің лингвистикалық және психофизиологиялық негіздері. Дыбыстық талдау-жинақтау әдісі. Сауат ашу жүйесіндегі дәстүрлі әдіс және қазіргі жаңалықтар. Балалардың сауат ашуға психологиялық және тілдік дайындығы. Олардың дайындығын зерттеу өлшемі. Сауат ашуды оқыту үрдісі. Дайындық кезең, әліппе кезеңі және әліппеден кейінгі кезең. Сауат ашу кезеңіндегі оқу-тәрбие міндеттері. Оқу сабақтарының негізгі түрлері. Бастапқы оқуды қалыптастыру: буындап оқу, тұтас сөзді дауысты дыбысқа бағыттай оқу. Тіл дамыту: сөзге, сөйлемге, байланыстыра сөйлеуге үйрету. Бастапқы жазуға үйрету, оның мазмұны мен міндеттері, қазіргі «Жазу үлгілеріне» сипаттама. Жазуға дағдыландыру кезеңдері. Соңғы кезеңдегі жазу сапасына қойылатын талаптар. Жазудың дұрыстығын тексеру. Оқу сабақтарында оқушыларға өздіктерінен жұмыс жасату. Сауат ашуға арналған оқу-әдістемелік топтама.

Әдебиеттік оқу технологиясы: Оқудың білімдік, тәрбиелік, дамытушылық маңызы, мақсаты мен міндеттері. Бастауыш мектепке арналған әдебиеттік оқу топтамасы. Әдебиеттік оқудың түрлері. Оқу дағдысына сипаттама: саналы, дұрыс, шапшаң, мәнерлеп оқу. Бастауыш сыныптарда мәтінмен жұмыс жасаудың әдебилік және психологиялық-педагогикалық негіздері. Оқушылардың көркем шығармаларды қабылдау ерекшеліктері. Кіші жастағы оқушыларды шығарманы оқуға және онымен жұмыс жасауға үйрету. Оқу сабақтарындағы шығармашылық жұмыстар: толық, ықшам, іріктеп сөзбен айту, сурет салу, диафильм жасау, драмалау т.б. Өздіктерінен жұмыс жасау. Әр түрлі жанрдағы шығармаларды оқудың технологиялық ерекшеліктері. Оқу сабақтарының типтері, құрылымы, ерекшеліктері. Сыныптан тыс оқу.

Фонетика, сөзжасам және грамматиканы оқыту технологиясы: Кіші жастағы оқушыларға грамматиканы оқытудың мәні және оның оқу-тәрбиелік міндеттері. Оқушыларда грамматикалық және сөзжасам ұғымдарын қалыптастырудың әдістемелік негіздері. Грамматикалық ұғымдардың мәні. Оларды ұғыну қиындықтары. Грамматика және сөзжасам жаттығулары, олардың типтері, қолданылуы. Сөздің морфемалық құрамын оқыту. Морфема және орфография жаттығуларының өзара байланысы. Морфология – тіл ғылымының бөлімі. Бастауыш мектепте сөз таптарын оқытудың әдістемелік негіздері. Бастауыш сыныптарда морфологияны оқытудың қиындықтары және оны жеңу жолдары. Сөз таптарын оқыту барысындағы тіл дамыту жұмыстары. Қазақ тілінің синтаксистік жүйесі. Бастауыш мектепте синтаксис пен тыныс белгісінен қарапайым мағлұматтар беру, оларды оқыту әдіс-тәсілдері.

Орфографияны оқыту технологиясы: Орфография әдістемесіндегі грамматикалық және грамматикаға қарсы бағыттар. Орфографиялық дағды қалыптастыру. Орфография жұмыстарының түрлері және оларды жүргізу. Қазақ тілінен қолданылатын көрнекіліктер, дидактикалық материалдар және оларды қолдану жолдары.

Тіл дамыту технологиясы: Тіл дамытудың мақсат-міндеттері мен жолдары. Сөйлеу туралы ұғым және оны дамыту. Сөйлеу әрекет ретінде. Оның түрі мен қызметі. Оқушылардың сөйлеуіне қойлатын талаптар. Сөйлеу – ойлауды дамыту құралы. Сөздікпен жұмыс жасау. Байланыстырып сөйлеу және оны дамыту міндеттері. Бастауыш сыныптағы жазбаша іс-қағаздарының түрлері. Ресми сөйлеу жұмысы.

Қазақ тілінің теориясы мен технологиясын оқыту барысында оқушыардың әрекетін ұйымдастыру технологиясы: Сауат ашу, әдебиеттік оқу, қазақ тілінің қазіргі сабақтарына қойылатын талаптар. Бастауыш сыныптағы сабақ құрылымына қазіргі көзқарастар. Сабаққа дайындық және оны жоспарлау. Сауат ашу, әдебиеттік оқу, қазақ тілі сабақтарында оқушылар әрекетін ұйымдастырудың қазіргі педагогикалық технологиялары. Оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру. Балалардың ойлауын, танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту. Оқушылардың өздік әрекетіне жетекшілік жасау.

Сауат ашу, әдебиеттік оқу, қазақ тілі сабақтарына әдістемелік талдау жасау. Мұғалімнің сабаққа дайындалуы, оны өткізуі және талдауы барысындағы еңбегін ұйымдастыру.

Сауат ашу, әдебиеттік оқу, қазақ тілінің сыныптан тыс сабақтарында оқушылар әрекетін ұйымдастыру технологиясы: Оқушылардың үйдегі оқу жұмысы. Сыныптан тас сабақ түрлері. Оқушылардың өздік шығармашылық әрекеттеріне жетекшілік. Дәстүрлі емес және қызықты жаттығуларды орындау әдіс-тәсілдері. Оқушылардың таңдауы үшін жүргізілетін курстар. Бастауыш сыныптарда әдебиеттік оқу мен қазақ тілін тереңдетіп оқыту мүмкіндіктері.

Қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы – педагогикалық ғылым. Сауат ашуды, әдебиеттік оқуды, қазақ тілін бастапқы оқыту жөніндегі ғылым. Психологиялық, педагогикалық зерттеулердің оқыту теориясы мен технологиясын дамытудағы рөлі. Сауат ашуды, әдебиеттік оқуды, қазақ тілін оқыту заңдылықтарын ғылыми зерттеу әдістері.

^ Бастауыш мектепте дүниетануды оқыту теориясы мен әдістемесі

«Дүниетану» пәнін оқыту – педагогикалық ғылым. Білім белгілері: мүмкіндігінше ғылыми негізделген зерттеу әдісі; ғылыми білім жүйесін құру. Дүниетану пәнінінің зерттеу әдістері тарихи әдіс, мектеп мұғалімдерінің тәжірибелері зерттеу, педагогикалық бақылау, педагогикалық эксперимент. Дүниетануды оқыту әдістемесі пәні мақсат-міндеттері, зерттеу әдістері және басқа ғылымдармен байланыстылығы. Дүниетану пәнінің курсын педагогикалық оқу орындарында оқу пәні ретінде оқыту әдістемесі. Негізгі компоненттері. Негізгі оқулықтар. Студентттерге қойылатын талаптар (курстық, дипломдық жұмыстар, зачет, емтихандар, оқу практикаларында).

Революцияға дейінгі кезең. Жаратылыстану пәнінің оқытыла басталуы. Мектептегі жаратылыстану, оны оқыту әдісі, XIX ғасы р. Советтік кезең. Политехникалық оқу мен еңбекке тәрбиелеудің жүзеге асуы. ВКП(б) Орталық комитетінің (1931-1932) қаулыларының жаратылыстану әдістемесінің дамуына әсері

Бастауыш мектептегі бетбұрыстар. Жаңа бағдарлама, оқулықтар. М.Н.Скаткин, П.А.Завитаева, Л.Ф.Мельчакова, З.А.Клепинина т.б. Әдіскерлердің жаратылыстану пәнін оқытудағы еңбектері. Қазақстан республикасының ғылым әдіскерлері Т.Мусакулов, Б.В.Муханов, К.А.Аймағанбетова, К.Жунусова, А.Бірмағанбетова т.б. Жаратылыстану пәнінің әдістемесіне қосқан үлестері. Жаңа бағдарлама мен оқулықтар, әдістемелік құралдар түзуі. Пән мақсаты маңызы және құрылымы.

«Дүниетану» - оқу пәні. Оқушылардың қоршаған дүниеден хабардар болып, білім алуы. Оқыта отырып оқушыларды тәрбиелеу. Қоршаған ортаға материалистік көзқараспен қарау. Еңбек мәдениеттілігіне тәрбиелеу. Балаларды эстетикалық, экологиялық, санитарно-гигиеналық және табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Оқу материалындағы өлкелік ерекшеліктерін іріктеу. Пәннің интегративті маңызы. Адам, табиғат, қоғам мен адам еңбегі блогінің жүйесі. «Дүниетану» оқу материалының мазмұнын «Қоршаған орта» және «Табиғаттану» пәндерінен ерекшелігі. «Дүниетану» мәніндегі қоршаған дүниені танудағы қарапайымнан күрделенуінің бірізділігі. Пәнаралық байланыс.

Ғылымда қоршаған дүние сырын тану әдісі мен оқу үрдісі. Әдіс түрлері: білім көзі, мұғалімнің оқытуы, оқушының білімді қабылдауы. Оқыту тәсілдерінің классификация. Сөз білім көзі. Әңгімелеуде, түсіндіруде, суреттеуге қойылатын талаптар. Сөз әдісінің көптүрлігі, мәдениеттілігі.

Көрнекілік құралдардың қолдануы. Құралдармен өз бетінше жұмыс істеу. Төменгі кластар оқушылармен кітаппен, байқау күнделігмен, табиғат календарымен , қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуді ұйымдастыру. Оқу процесінде қолданатын әдістерді іріктеу оқу үрдісінің құрамына байланысты.

«Дүниетану» пәнінің оқытуды ұйымдастыру формалары және түрлері.

Оқыту формасын ұйымдастыру жүйесі. Сабақ – оқу кезінде оқу жұмысының негізгі ұйымдастырылуы. Сабаққа қойылатын талаптар. Сабақ типтері. Сабақ құрылымы. Макро және микро құрылымдары туралы түсінік. Мұғалімнің сабаққа дайындығы. Сабақты құру. Табиғатқа экскурсия (топсеруен). Сабақтан тыс істелетін жұмыстар. Оқушыларды табиғатты қорғауға баулу бағытына жеке немесе топқа тапсырмалар беріледі (тірі табиғат мүйісінде. Тәжірибе, учаскісінде, географиялық алаң да т.б.). тапсырманың сабақтың жалғысы іспеттес болуы.

Қоғамдық пайдалы еңбекке қатысу. Сабақ ерекшелігі. Өзіндік жұмыстары ұйымдастыру ерекшеліктері. Ұйымдастыру формасы. «Дүниетану» пәнінің оқыту ерекшеліктері. Негізгі мәдени дақылдарды орналастыру. Жыл бойы жұмыс жүргізуге түзілген жоспар. Оқу-тәжірибе участігінің ролі.


Әдебиеттер тізімі

  1. ҚР жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Жалпы бастауыш білім.- Алматы: РОНД, 2002.

  2. ҚР жалпы орта білім берудің мелекеттік жалпыға міндетті стандарттары: Жалпы орта білім.- Алматы: РОНД , 2002.

  3. ҚР жалпы орта білім берудің мелекеттік жалпыға міндетті стандарттары: Мектеп алдындағы дайындық.- Алматы: РОНД , 2002.

  4. Бағдарламалар. Математика (1-4 сыныптар) – Алматы: РОНД, 2002.

  5. ҚР бастауыш білімнің мемлекеттік стандартты - Алматы: РОНД, 2002.

  6. Истомина Н.Б. Методика обучения математике в начальных классах – М., 2000.

  7. Истомина Н.б. практикум по методике преподавания математики в начальных классах.- М., 1986.

  8. Бактова М.А., Бельтюкова Г.В. Бастауыш кластарда математиканы оқыту методикасы. – М., 1984.

  9. Методика начального обучения математике / Под. ред А.А. Столяра. В.Л.Дрозда.-Минск, 1988

  10. Методика начального обучения математике /Под ред. Л.Н.Скаткина.- -М., 1972.

  11. Средства обучения математике / Отв ред. А.М. Пышкало.-М.,1981.

  12. Эрдниев П.М., Эрдниев Б.П. Теория и методика обучения математике в начальной школе.-М., 1988.

  13. Оспанов Т.Қ. Бастауыш мектепте математиканы оқытудың теориясы және технологиясы: Мұғалімдерге студенттерге арналған оқу құралы. – Алматы, 1994.

  14. Оспанов Т.Қ, Құрманалина Ш.Х. Математиканың бастауыш курсын оқытудың әдістемесі. Педагогикалық колледждердің оқушыларына және мұғалімдерге арналған оқу құралы. 1,2 бөлімдер. – Алматы, 1995, 1996.

  15. Оспанов Т.Қ. Бастауыш кластарда математиканы оқыту. – Алматы: «Мектеп», 1987.

  16. Қадырбаева А. А и др. Внеклассная работы по математике в начальной школе.-Алматы, 2000.

  17. Құрманалина Ш.Х. и др. Задачи и упражнения, направленные на развитие интелетуальных умений у младших школьников.-Алматы, 2000.

  18. Оспанов Т.Қ. және т.б. Математика 1-4 сыныптар.- Алматы: «Атамұра», 1997-2004.

  19. Оспанов Т.Қ және т.б. Математиканы оқыту әдістемесі 1-4 сыныптар. –Алматы; «Атамұра», 1997-2000.

  20. Ақпаева А.Б. практические и лабораторные занятия по методике преподавания математике в начальной школе.-Алматы, АГУ иа Абая, 2003.




  1. Әбдікәрімова Т., Рахметова С., Қабатаева Б. Ана тілі. Оқыту әдістемесі. – А., 1999.

  1. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. А., 2005

  2. Уәйісова Г., Жұмабаева Ә. Қазақ тілі. Оқыту әдістемесі. – А., 1999.

  3. Бейсенбаева З. Сөзжасамды оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері. – А., 1998.

  4. Үшінші мыңжылдықтың оқулығы: жасау, шығару және тарату. – А., 2003.

  5. Смирнов С.А. Технология как средств обучения второго поколения. – М., 2005.

  6. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқытудың инновациялық технологиясы. - Өскемен, 2002.

  7. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. «Егемен Қазақстан», 2001 ж. 14 ақпан.

  8. Сауат ашу бағдарламасы (1-сынып). – А., 2003.

  9. Әдебиеттік оқу бағдарламасы (2, 3, 4-сыныптар). – А., 2003.

  10. Қазақ тілі бағдарламасы (2, 3, 4-сыныптар). – А., 2003.

  11. Әуелбаев Ш., т.б. «Әліппе» оқулығына әдістемелік нұсқау. – А., 2000.

  12. «Әліппе», «Әліппе серігі», «Жазу үлгілері». – А., 2000-2002.

  13. Әбдікәрімова Т., Рахметова С., Қабатаева Б. «Ана тілі» оқулықтары (2, 3, 4-сыныптарға арналған). – А., 2001-2003.

  14. Рахметова С., Қабатаева Б. «Ана тілі» оқулықтарына әдістемелік нұсқаулар. – А., 2001-2003.

  15. Нағымжанова Қ.М., Нұрғазиева Н.М. Бастауыш білім берудегі жаңа технологиялар. - Өскемен, 2005.

  16. Нағымжанова Қ.М. Инновациялы-креативті технологиялар. - Өскемен, 2005.

  17. Нағымжанова Қ.М., Нұрғазиева Н.М. Қазақ тілінен деңгейлік тапсырмалар. - Өскемен, 2005.

  18. Нағымжанова Қ.М., Есполова Г.К. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын дамыту. - Өскемен, 2005.

  19. Горощенко В.П., Степанов И.А. Методика преподавания природоведения – М: Просвещение, 1984 г.

  20. Минаева В.М.Внеклассная работа по природоведению в начальных классах. – Минск: нар. Асвета, 1980

  21. Подзоров В.И. Природоведение с методикой преподавания. Практикум. Учеб.Пос. для педучилищ. – киев, 1990.

  22. Пакулова В.М., Кузнецова В.П. Методика преподаванияя природоведения – М.: Просвещение, 1990.

  23. Аймаганбетова К.А., Жунусова К.Ж. Дүниетану бағдарламалары 1-4 сынып Алматы, 2003.

  24. Аймаганбетова К.А., Жунусова К.Ж. и др. Методическое руководсто к учебнику. «Познание мира». Алматы, 1998.

  25. Аймаганбетова К.А., Олейник З. Раздаточный дидактический материал к учебнику «Познание мира»Алматы, 1998.

  26. Батышев с.Я. Трудовая подготовка школьников: Вопросы теории и методики. – М., 1981.

  27. Гуленкова М.А., Красникова А.А. Летняя полевая практика по ботанике. – М.: Просвещение, 1976.

Добавить документ в свой блог или на сайт



Похожие:

Бастауыш мектепте математиканы оқыту теориясы мен технологиясы iconБастауыш мектепте математиканы оқытудың әдістемесі Модульдар
Бастауыш мектепте математиканы оқытудың теориясы мен технологиясы оқу пәні ретінде

Бастауыш мектепте математиканы оқыту теориясы мен технологиясы iconКіріспе кешенді емтихан бағдарламасы 6М010200 «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша магистратураға түсуші талапкерлерге арналған және педагогика, бастауыш мектепте математиканы, қазақ тілі, дүниетануды оқыту теориясы мен технологиялар пәндерінен құрылған.
Педагогика – тәрбие туралы ғылым. Педагогиканың пайда болуы мен дамуы. Педагогиканың нысаны, пәні, міндеттері мен функциясы. Педагогиканың...

Бастауыш мектепте математиканы оқыту теориясы мен технологиясы iconСведения о себе Туған күні, айы, жылы: 26. 02. 1990 Цель
«Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы» пәні бойынша – 5

Бастауыш мектепте математиканы оқыту теориясы мен технологиясы iconСведения о себе Туған күні, айы, жылы: 25. 03. 1990 Цель
«Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы» пәні бойынша – 5

Бастауыш мектепте математиканы оқыту теориясы мен технологиясы iconСведения о себе Туған күні, айы, жылы: 30. 11. 1990 Цель
«Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы» пәні бойынша – 5

Бастауыш мектепте математиканы оқыту теориясы мен технологиясы iconБастауыш мектепте дүниетануды оқыту теориясы мен технологиясы
Цель курса: подготовка учителя к преподаванию учебных дисциплин в рамках образовательного компонента «Окружающий мир»

Бастауыш мектепте математиканы оқыту теориясы мен технологиясы iconБастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың теориясы мен технологиясы
Бастауыш сыныптағы қазақ тілі – оқу пәні. Қазақ тілінің тұрмыстағы, метепте білім беру жүйесіндегі маңызы

Бастауыш мектепте математиканы оқыту теориясы мен технологиясы iconМектеп жасына дейінгі балаларға математиканы оқыту әдістемесі мен теориясы
Мектеп жасына дейінгі балаларға математиканы оқытуды ұйымдастырудың әдістемесін меңгертіп, кәсіби дағдыларын қалыптастыру

Бастауыш мектепте математиканы оқыту теориясы мен технологиясы icon6M010200 «Бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» мамандығы бойынша магистратураға түсу емтихан сұрақтары
Педагогика – тәрбие туралы ғылым. Педагогиканың пайда болуы мен дамуы. Педагогиканың нысаны, пәні, міндеттері мен функциясы. Педагогиканың...

Бастауыш мектепте математиканы оқыту теориясы мен технологиясы icon6M010200 «Бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» мамандығы бойынша магистратураға түсуші талапкерлерге емтихан сұрақтары
Педагогика – тәрбие туралы ғылым. Педагогиканың пайда болуы мен дамуы. Педагогиканың нысаны, пәні, міндеттері мен функциясы. Педагогиканың...

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kze.docdat.com 2000-2013
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы