ӘӨЖ: 821. 512. 122. 09 Қолжазба құқығында сейтқазина назгүл зейнелғабденқызы icon

ӘӨЖ: 821. 512. 122. 09 Қолжазба құқығында сейтқазина назгүл зейнелғабденқызы



НазваниеӘӨЖ: 821. 512. 122. 09 Қолжазба құқығында сейтқазина назгүл зейнелғабденқызы
Дата конвертации22.10.2012
Размер272.94 Kb.
ТипРеферат
источник



ӘӨЖ:821.512.122.09
Қолжазба құқығында

СЕЙТҚАЗИНА НАЗГҮЛ ЗЕЙНЕЛҒАБДЕНҚЫЗЫ

Қазақ поэзиясындағы табиғат бейнесі (1960-2000жж.)

6М011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті

6М011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім беру магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған магистрлік диссертацияның

Рефераты


Қазақстан Республикасы

Өскемен, 2012

Жұмыс С.Аманжолов атындағы ІІІығыс Қазақстан мемлекеттік университеті қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасында орындалды.



Ғылыми жетекшісі: филология ғылымдарының кандидаты

Сейпутанова А.Қ.



^ Ресми оппонент:


филология ғылымдарының докторы,

Л.Н.Гумилев атындағы ¥ЕУ қазақ тілі

мен әдебиет кафедрасының доценті

Аймұхамбет Ж.Ә.




Диссертация 2012 жылдың «20» маусымында сағат 9.00 де С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің жанындағы 6М011700-Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім беру магистрі академиялық дәрежесін алу үшін диссертация қорғайтын мемлекеттік аттестаттау комиссиясының отырысында қорғалады (Өскемен қаласы, Крылов көшесі, 72. №9 оку ғимараты, 308 аудитория).

Диссертациямен С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті ғылыми кітапханасының оқырмандар залында (Өскемен қаласы, 30 - шы гвардиялық дивизиясы көшесі, 34) және С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті сайтында( http://www.vkgu.kz) танысуға болады.

Реферат сайтта орналастырылды «5» маусым 2012 ж.

Һttр://www.vkgu.kz/



Қазақ тілі мен әдебиегі

кафедрасының меңгерушісі,

филология ғылымдарының кандидаты, А. Т. Тебегенова

қауымдастырылған профессор


^ Диссертацияның құрылымы: «Қазақ поэзиясындағы табиғат бейнесі (1960-2000жж.)» тақырыбындағы магистрлік диссертацияның көлемі – 82 бет. Пайдаланылған әдебиеттер саны – 53.

^ Кілт сөздер: поэзия, ақын анимизм, лирикалық кейіпкер, лирика, көркемдік әдіс, бейнелілік, табиғат, пейзаж, психологиялық егіздеу, кейіптеу, метафора, теңеу, айқындау, дәстүр, поэтика.

^ Зерттеу жұмысы бойынша қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:

- қазақ табиғат лирикасында ауыз әдебиетінде қолданылып, Абай поэзиясында жаңа, классикалық сипатқа ие болған кейіптеу бейнелеу құралы және көркемдік тәсіл ретінде маңызды қызмет атқарды;

- ұлттық поэзиямызда пейзаж жасауда арналы дәстүр қалыптасып, поэзияның көркемдік-эстетикалық деңгейі биіктеді;

- қазақ ақындары табиғатты бейнелеуде дәстүрлі суреттеулерді жаңаша тұрғыда жаңғыртып, тың бейнелеулерді туындатты;

- кейіптеу және психологиялық егіздеу тәсілдері мифтік дүниетанымнан бастау алып, көркемдік ойлау жүйесінде бейнелі сөздердің, суреттеулердің жаңа арнасын құрады;

- психологиялық егіздеу тәсілі кейіптеумен, метафорамен ұштасып, тұтас көркемдік жүйе түзе отырып, табиғатты бейнелеудің өрісін кеңейтті;

- ауыстыру, айқындау мен теңеу сияқты бейнелеу құралдары арқылы табиғат нысандары мен құбылыстары адам болмысының қат-қабат сырларын, сан алуан көңіл күйін, күйініш-сүйініш сезімдерін танытты;

- Сан алуан тақырыптағы лирикада табиғат бейнесі қосымша көркемдік компоненттердің біріне айналып, лирикалық кейіпкердің арман-мұраты, көзқарасын, сезім күйлерін бейнелеуге қызмет етті.

^ Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақ әдебиеті қазіргі таңда поэтикалық жағынан алғанда әлемдік әдебиет жауһарларына қойылатын талаптардың барлығына жауап береді. Әдеби жанрларды игеру, олардың көркемдік әлемін ашу, кейіпкерлерді даралау, психологиялық талдаулар жасау, табиғатты бейнелеу жағынан алғанда әдебиетіміздің көркемдік көкжиектері жылдан жылға кеңейіп өзінің поэтикалық жағынан жетілгенін айқындап келеді. Поэзиялық туындылар қазіргі таңда ағым-бағыт, стиль, жанрлық сипаты жағынан ерекше бір көркемдік құбылысқа айналған. Лирикалық туындылардың көркем әдебиет жанрлары ішінде өзіндік маңызды орны бар. Зерттеу нысанасына алып отырған лирикалық туындылардағы табиғаттың бейнеленуі, ондағы кейіптеу және психологиялық егіздеу, метафора, эпитет, теңеу сияқты көркемдік құралдарды пайдалану тәсілдеріне үңілу тың зерттеулердің бірі болып табылады.

Лирикалық туындыларды зерттеу жағынан алғанда қазақ әдебиеттану ғылымы ауыз толтырып айтарлық жетістіктерге жетті. Алайда, дамылсыз жүріп жатқан әдеби үдеріс зерттеудің әлі де болса сан қырлы арналарына негіз болуда. Бұл жұмысымызда біз лирикалық поэзиядағы табиғаттың бейнелену жолдары мен тәсілдерінің қызметін зерделеп, жаңаша мәнге ие тұжырымдар жасадық.

^ Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері – ұлттық поэзиямызда қазақ лирикасына соны серпін, жаңа леп әкелген буынның шығармашылықтарына тоқтала отырып, табиғат әлемінің бедерленуі мен бейнеленуі, бұл бағыттағы табиғаттың қызметі, табиғаттың бейнелену тәсілдері, ондағы кейіптеу тәсілінің маңызды орны, психологиялық егіздеу жолдарын саралап көрсету, олардың көркемдік-эстетикалық қызметін айқындау. Осы мақсатты айқындауда алдыға қойылған міндеттер:

- табиғатты бейнелеуде кейіптеудің бейнелеу құралы және көркемдік тәсіл ретіндегі маңызды қызметін таныту;

- лирикада кейіпкер болмысын таныту табиғат нысандары және адам мен табиғатты тұтастыратын кейіптеу арқылы жүзеге асатынына талдау барысында көз жеткізу;

- кейіптеу және психологиялық егіздеу тәсілдерінің түп бастауы мифтік дүниетанымда екенін нақтылау және сол көне танымның көркемдік танымға ұласқанын дәлелдеу;

- психологиялық егіздеу тәсілінің кейіптеумен, метафорамен ұштасып, тұтас көркемдік жүйе түзетітін көрсету;

- қазіргі табиғат лирикасындағы бейнелеу тәсілдерінің эстетикалық-көркемдік маңызын айқындау.

^ Зерттеу жұмысының дереккөздері. Зертеу жұмысына С. Мәуленов, Ф. Оңғарсынова, М. Мақатаев, Е. Раушанов, Ұ. Есдәулет, Г. Салықбай сынды ақындардың 1960 жылдардан 2000 жылдарға дейін жарық көрген өлең жинақтары негіз болды.

^ Жұмыста қолданылған зерттеу әдістері мен тәсілдері. Жұмысты жазу барысында талдау, жинақтау, салыстыру, түсіндірмелі әдістер қолданылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Магистрлік диссертацияның негізгі жаңалығы ретінде қазіргі поэзияда табиғатты бейнеленудегі тың ізденістер мен жетістіктерді жан-жақты қарастыруды айтамыз.

Ұлттық поэзиямыздың даму деңгейі, көркемдік ізденістер сияқты күрделі мәселелерді мифопоэтикалық таным, дәстүр мен жаңашылдық негізінде қарастыру күллі көркемдік тұтастықты танытуда үлкен мәнге ие. Табиғатты нысан еткен лирикалық өлеңдердегі бейнелеудің түп негізі, қайнар көзі қайда екенін дәлелдеу, талдаулармен нақтылап, жаңаша тұжырымдар жасау – жұмыстың басты жаңалығы.

Адам баласының эстетикалық мұраттарына қызмет ететін көркемөнердің ішіндегі ең ерекше және өміршең түрге айналған сөз өнері екенін ықылым замандардан бері азуы алты қарыс ойшылдар мен әдебиеттанушы ғалымдар, сөз қасиетіне бойлаған адамдардың барлығы айтып келеді. Сөз өнері адамзат баласын өзге жанды жаратылыстардан айырып тұратын ерекшеліктің бірі де бірегейі. Сөз өнерін «дертпен тең» деп берген ұлы ойшылдан артып оның қадір-қасиетін ешкім де жеткізе алмас. Ал сөз өнерінің бүгінгі біз білетін, біздер танып түсінген айрықша түрлері, адам ойын жеткізудің түрлі формалары бар. Көркемөнер сөз өнерімен қаншалықты бағалы болса, сөз өнері поэзиямен соншалықты құнды [1, 27б.].

Сөз өнерінің құдіретті де қасиетті бір саласы – поэзия. Аллатүсірген қасиетті кітаптардың да өлең өрнегімен жазылғанын бәріміз де білеміз. Осы тұрғыдан келгенде поэзия қаншалықты дарын мен қарым қабілетті, ғарыштан құйылар нұрлы сәулені тілейтінін түсінеміз.

Поэзия ақынның қоғамдық құбылыстардың барлығын санасында қайтадан қорытып, көркемдік қарым-қабілетпен қайта туындатқан, адамзатқа алуан түрлі әлемнің сырын түсіндіргісі келген жүрек сыры мен жан мұңы [2, 204 б.]. Тақырып трансформацияға ұшыраған өмір шындығының көркем көрінісі. Поэзия сұлулық пен ақиқат, жақсылық пен парасат, жарасым гармонияны мұрат тұтқан бір тұтас рух майданы. Әр ақынның өзінің жүрегінде орын алған санасының қалтарысына қатпарланған танымдық әлемі өлең өнеріне өз өрнегін қалдырады. Ақын жаны тым нәзік, тым бұзылғыш, өрекпіп тұрады, оты басым. Әр ақын өз қоғамының призмасы арқылы дүниеге көз тігеді. Олардың осы ерекшелігін, жалпы ақындық өнердің табиғатын, өзімен замандас шығармашылық иелерінің туындыларын тани отырып ұлы Әл-Фараби бабамыз ақындарды үшке бөлген: бірінші топ – табиғи дарыны, өлеңді жазып, келісті оқуға қабілеті барлар; екінші топ – өлең өнерімен толық таныс, тәсілдерді, қағидаларды, әдеби құралдарды жетік білетіндер; үшінші топ табиғи дарынымен немесе арнайы жаттығумен жазатын ақындар [3, 22 б.]. Дана ойшыл пікірі бүгінгі заман талабына да жауап беруге лайық сараптама. Философтың тұжырымына жүгіне отырып, оның ғасырлардың қойнауынан бастау алып жатқан ойын ескере отырып жаңағы топ-топқа бөлінген ақындар шығармашылығының тереңіне бойлап көрелік.

Поэзиядағы бейнелілік мәселесі күрделі де, қиын мәселе. Ол жанрдың өзіндік ерекшелігінен туындап, дамып өрбиді. Позиялық шығарманың формалық және жанрлық ерекшелігі аталған жанрдағы оның ішкі иірімдер арқылы жаңаша бір келбетке ие болады.

«Лирика дегеніміз – көркем әдебиеттің негізгі саласының, жанрының бірі, басты ерекшелігі адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікелей бейнелеп көрсетеді» [2, 133 б.], - дейді белгілі ғалым, академик З. Ахметов. Яғни, лирикада ой мен сезім бірлесіп терең қабысады.Қазақ поэзиясы үшін ХХ ғасыр әлемдік әдебиет көркемдік шыңын меңгерумен құнды болды. Лирика жанры дамып өзінің шырқау биігіне шықты деуге де болады.

Қазақ поэзиясының оның ішінде алпысыншы жылдар поэзиясының ерекше даму шыңына көтерілгенін айта кеткен орынды. ХХ ғасырдың орта шенінде қазақтың өнері мен мәдениеті, әдебиеті мен ғылымы айрықша дамып өркениетті елдер санатына енгенін тарих дәлелдеп отыр

Адам – қайшылығымен, күмәнімен, сенімімен, барша болмыс-бітімімен уақыттың жемісі. Шығарамадағы тұлғаның қалыптасуы ақынның дара қуатына байланысты болса, дара қуат шығармада мінездің даралануымен көрініс береді. Шығармадағы (лирикалық) сезім отын лаулатқан кейіпкердің характері өлеңнің өн бойындағы динамикалық драматизм арқылы көрініс береді. Лирикалық кейіпкердің егілген көз жасы, екпінді дауылы, жүрекжарды қуанышы, мөлдір сезімі шығарма өн бойынан оның өзіне тән характерлік сипатынан өрістетіп шағарады. Осыдан келіп алғанда лириканың эстетикалық әсері дегеніміз – лирикалық шығарамадағы ақынның қаламның қарымын көрсететін кейіпкердің ішкі сезімі, толғанысы, динамикалық қозғалысы, лириканың образдық даралығын танытатын шығарманың поэтикалық қуаты болады. Лирикалық кейіпкер болмысын ашуда, сондай-ақ оның көркемдік бояуын қалыңдатуда табиғат басты нысан ретінде алынса, сол табиғатты көркемдік компонентке айналдыруда негізгі жүкті көтеретін көркемдік тәсілдердің қатарында психологиялық егіздеудің, кейіптеудің маңызды орны бар.

Әдеби тұлға, көркем образ, шынайы бейнелі туындыны дүниеге әкелу үшін көп ізденіс, жан-жақты білім, терең ой болуы қаламгерлерге қойылатын басты талап. Өйткені жазушы идеясын іске асыратын – образ. Ал оның жасалу жолына келсек сан алуан. Ең алдымен кейіпкердің сыртқы пішін-келбетінен бастап, оның көңіл күйі, жан дүниесі – психологиясы, табиғат, диалог, монолог, тағы басқа көптеген компоненттері бар. Осылардың әрқайсысы зерттеу нысанасына сай маңызды мәселелер.

Біздің мақсатымыз – поэзияда түрлі бейнелеулерді жүзеге асырудағы табиғаттың атқаратын қызметі және оның бейнелену тәсілдері туралы сөз қозғау.

Ақын табиғатты көркем шығармада әр түрлі пайдаланады. Бірде оқиға алаңын немесе жыл мерзімін көрсетсе, кейде қатал долы күш табиғатқа төтеп беретін адамның жан-дүниесін ашу үшін алады. Сонымен қатар кейіпкердің көңіл күйі, жан дүниесінің құбылыс сәттерін табиғатпен қатарластыра суреттеу арқылы психологизмді терең жеткізу ең жиі қолданылатын тәсілдің бірі.

М. Әуезов «Қыз Жібек» жырындағы табиғаттың атқарып тұрған қызметі туралы былай дейді: «Ақын табиғат суреттерін де белгілі бір сезімге, іске айғақ етіп пайдаланған. Төлеген Жібектің көшіне күн шыға ілесіп, Жібекпен Жиренбай отауында талма-талтүс шағында жолығады. Бұл кез әлемнің күн нұрына мейлінше бөленген жарқын кезі. Бұл бақыт қуып, өрге басып бара жатқан екі ғашық сезімдеріне де ортақ болып тұр. Ал енді Қосабаның түбінде күн бата Төлеген аттан құлап, қас қарая жан тапсырады. Бұл әлемге қараңғылық орнаған кез. Қара түн Төлегеннің арманда өлген қасіретіне ортақ болғандай» [4, 115 б.].

Табиғат – адам баласының еңбек етіп, өмір сүретін ортасы. Табиғатты дүниежүзінің классик ақындарының бәрі жырлаған. Дәуірі мен ортасына, өзінің және басының көңіл күйіне байланысты әр ақын өзінше жырлайды. Біреулер таза пейзаждық суреттер жасаса, екінші біреулер табиғат арқылы қоғамдық өмірді, тартысты суреттейді.

Қазақтың кемеңгер ақыны Абай да табиғатты өзінше жырлаған. Абайдың көп тақырыптарының бірі – адам мен табиғат бірлігі. Қазақ әдебиетінің ұлы классигі Абай Құнанбаев халқымыздың салт-дәстүрі мен тұрмысын, төрт түлікті шаруашылығын, саятшылық, аңшылық өмірін табиғат лирикасымен ұштастыра жырлаған.

Сыртқы ортаның тіршілікке әсерін Абай шығармаларындағы табиғат лирикаларынан жылдың төрт маусымындағы тіршілік сипаттауын байқаймыз. Абай – оқығаны, білгені мол, білімі терең, дана ақын болумен қоса табиғаттың құбылысын ерте түсінген табиғатшы ғалым. Абайдың озық дәстүрі қазақ поэзиясындағы табиғат тақырыбындағы жырларға өзінің мол сәулесін төкті. Эстет ақын Мағжан туындыларында табиғат енді тек фон болудан нақты жанды бейнелеу, сана-сезімге ие кәдімгі бер көркем бейнеге айналды. Осы игі дәстүр кейінгі поэзияда барынша кең қанат жайды.

Көркем әдебиеттегі дәстүр туралы сөз бүкіл әдебиеттің тарихымен тығыз байланысты. Өнердегі көркемдік әдіс тәрізді дәстүрде де көптеген субъективті факторларға тәуелді болғанымен, кең мағынасында алғанда обьективті құбылыс. Дәстүрді қоғам және уақыт сипаты анықтайды. Әр буын қаламгерлерінің ортақ дүниетанымы, ортақ идеялық-көркемдік прициптері, сол бір көзқарастағы аса үлкен дарын иесі тудырған дүниені нысана етіп қабылдауға мүмкіндік жасайды.

Жалпы табиғатты суреттеу дәстүрі ауыз әдебиетінен, ақын – жыраулар шығармаларынан бастау алады. Ертегілерде орын алған аң, құс, өсімдік бейнелері, олардың қасиеттері адамдардың табиғатқа көңіл бөлгендігін танытады. Алғашында табиғаттың бір бөлшегі түрінде көрініс берген бейнелеулер ұшырасса, кейіннен ақын-жыраулар шығармаларында табиғат аздап суреттеле бастайды. Әрине, жыраулар шығармаларын тақырыбы жағынан да, мазмұны жағынанда да таза табиғат лирикасы дей аламыз. Өйткені, олар өз алдына жеке тұрып, табиғат әсемдігін, ерекшелігін жалаң қызықтауға әкелмейді, белгілі бір адам сезімін, көзқарасын салыстыра ашуға қызымет етумен ерекшеледі. Жалпы қай саланы алмайық, өз жолы, қалыптасу дәстүрі болады. Пейзаждық лирика да сондай қалыптасу дәстүрін басынан кешті. Белгілі әдебиеттанушы М.Қаратаев дәстүрді кең мағынасында философиялық проблемаға жатқызады: «Дәстүрге сүйену дегенді дәстүрге еліктеу немесе дәстүрді қайталау деп ұғатындар болады. Және дәстүрдің әсерін қабылдап, одан үйрену жолын осы ретпен іздеу жиі кездеседі» [5, 163 б.]. – деп көрсетеді.

Табиғатты реалистік әдіспен арнайы алып бейнелеу дәстүрі қазақ әдебиетінде Абай поэзиясынан бастау алғаны белгілі. 1920-1930 жылдар өлеңдерінде табиғатты жырлау жаңа қоғам құраушылардың артықшылығын дәлелдеуге бағындырылып, соның нәтижесінде адамдар жалған әсемдікке баса көңіл бөлді. Белгілі зерттеуші М.Базарбаев: «Бұл жылдарда уақыт, заман тудырған тақырыптар дүниеге келді. Кедейді жырлау, бай-манап, шынжырбалық, шұбартөстерді сынап – мінеп жазу, байлықтан бас тартып, кедейлік дәстүрге шоқындыру – қоғам талабына айналды. Осыған орай кәмпеске тақырыбы да жыр өзегіне айналуға тиіс еді. Бұдан соңғы коллетивтендіру кезеңі мен Қазақстанда жүргізілген «Кіші октябрь» науқаны да поэзияның жазбасаң болмайтын тақырыбына айналғаны сол кездің уақыт шындығы» [6, 76 б.].

Табиғат тақырыбында кең жырлаған ақындардың бірі – С.Мәуленов. Ақын поэзиясы туралы қазақ әдебиетінде зерттеулер аз емес. «Табиғат пен жаным бірге» деп тебіренген ақын, енді бір өлеңінде: «Мен – дүние өлшемімін,//Мен – табиғат төлшегімін» [7, 203 б.]. дейді

Поэзия әлемінен өзінің әсем де әсерлі жырларымен көрінген ақындардың бірі – Фариза Оңғарсынова. Оның табиғат тақырыбындағы жырлары туған жер көрінісін, тәулік, жыл мезгілдерін, табиғат сұлулығын, теңізі мен бұлағын т.б. суреттеуге арналған. Мысалы, ақынның «Жайлау таңы» өлеңінде лирикалық кейіпкерлермен бірге оқырман да көрініс зейнеттілігіне сүйсінеді. Көктемді суреттегенде де келісті көріністер көз тартады:

«...Үрпіне жердің сүт толып,

Жүзіне мөлдір шық қонып,

Тереңнен алған тынысы

Қалқиды мақта бұлт болып.

Еркелеп, сүйіп аймалай

Құшады қырды, сайды арай» [8, 77 б.].

Өлеңді тұтас оқымасақ та екі шумақтың өзінен көп нәрсені аңғарамыз. Жер үрпіне сүт толуынан оның ерекше күйде екендігін, жүзіне «мөлдір» шық қонуынан сурет зейнеттілігі, «қалқиды» мақта бұлт болып тармағынан аспан ашықтығы, бұлт жеңілдігі байқалады. Лирикалық кейіпкер көзімен берілген арайдың қырды, сайды еркелей, аймалай сүйіп құшуы көктемгі арай ерекшелігін танытса, баурайдың «жұмсақ жаймадай» болуы шөп қалыңдығын, жұмсақтығын, молдығын елестетеді Ф. Оңғарсынованың табиғат тақырыбындағы өлеңдерінде лирикалық кейіпкер табиғатқа сүйсіне қараушы, одан сыр аулап, көңілі сергіп, дем алатындай көрінеді. Әсіресе, лирикалық кейпкер теңіз көрінісін, ондағы толқындарды ерекше ыстық сезіммен келісті кестелейді.

Табиғат көріністері мен құбылыстарын жырлауда әсерлі бейнелеу, тың тіркестер мен әсем суреттер жасау - ақындардың басты ерекшелігі. Дәстүрдің озық үлгілерін өлеңдерінің бойына жинап, өзінше жаңартады. Көктемді суреттегенде Абай бенелеген суретті өздерінше дамытады. Қазақ ақындарының табиғат тақырыбындағы қай өлеңдерінде болмасын ұлттық өрнек айрықша аңғарылады. Қазақ поэзиясындағы табиғат лирикасы өзінің жаңа арна, тың бейнелеулермен дамуын толастатқан жоқ, қалыптасқан дәстүрді жалғастыра, байыта берді. Поэзияға келген әр ақын өз болмысымен, өз ерекшелігімен танылып, поэзия әлемінде дара қолтаңбаларын қалдырып келеді.

Әр ақынның табиғат тақырыбындағы өлеңдері негізінде лирикалық кейіпкер ерекшелігі, болмыс – бітімі жан – жақты көрсетіледі. Пейзаждық лириканы сөз еткенде оны лирикалық кейіпкерден бөліп қарай алмаймыз.

Осы орайда зерттеуші Т. Шапай лирикада «лирикалық тұлға», «лирикалық кейіпкер, «лирикалық қаһарман атаулары қолданылатынын көрсете келіп: «Лирикалық тұлға – ақынның бүкіл шығармашылығы контексінде айқындалатын бейне болса, лирикалық кейіпкер жеке фрагментаралық тексте, кез– келген жеке өлеңде көрініс тапқан авторлық дербес сананың көркемдік бір тұрпаты», - десе [9, 154 б] лирикалық қаһарман атауын орыс әдебиетінде қолданатын «лирический герой» терминінің тура аудармасы деп орынды көрсетеді. Танымал ақын С.Мәуленовтің табиғат тақырыбындағы өлеңдерінде лирикалық кейіпкер өз ерекшелігімен танылады. Мысалы:

«Ақ далада үйге кірмей күнімен,

Айқай салып, қара тер боп жүгірем.

Шомылдырып ақ жұлдыздар жаңбыры,

Тазарғандай бүкіл дүние кірінен» [7, 302 б.].

Өлеңнен лирикалық кейіпкердің көтеріңкі көңіл – күйі келісті көріністер аясында, яғни «көкірегімді кернейді бір күй тіреп» тармағынан аңғарылса, оның әсем көріністерді сырттан бақыламай, табиғат аясында «күнмен үйге кірмей» жүруі оның сол көріністі ұнатып қана қоймай ерекше сезім білдіруінен, яғни «айқай салып қара тер боп» жүгіруінен де лирикалық кейіпкер табиғатына тән ерекшелікті байқаймыз. Ақынның «ақ көбік» , «аппақ төс» , «ақ дала» , «ақ жұлдыздар» деген сөздік қолданыстары да рең әдемілігіне назар аудартумен қатар белгілі бір деңгейде тазалық символы ретінде де қызмет атқарады.

Пейзаждың қазақ поэзиясындағы реалистік көріністері Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, бастаған жаңа жазба әдебиетпен бірге келді. Табиғат суреттері алдыңғы қатарлы әдебиет көшін бастаушы А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиев шығармаларында да көрініс тапты. Қазақ ақындары мен жазушыларының шығармаларында пейзаждық суреттердің неше түрлі әдемі үлгілері кездесіп отырады. Қазіргі ақындарымызда бұл суреттер бірінде көбірек, бірінде азырақ болса да кездеседі. Кез-келген тақырыптың өзіндік ерекшелігі, қиындықтары да болатыны белгілі. Сол тәрізді көркем әдебиетте, оның ішінде лирика жанрында, табиғатты бейнелеуге қойылар талаптарды қарастырсақ, онда жалпы өнерге тән ортақ заңдылықтармен қатар өзіндік ерекшеліктер де аз еместігін байқаймыз.

Жалпы табиғат тақырыбындағы өлеңдерді оқи отыра, ақындардың лирикалық кейіпкерлерінің мінез ерекшеліктерін, айналаны қабылдауын жан – жақты танимыз. Сонымен қатар лирикалық кейіпкер арқылы ақынның өзіндік «менін», мінезін, дара қолтаңбасын, айырықша стилін, поэзиядағы орнын айқындауға да қол жеткіземіз.

Академик З. Ахметов «Поэзия өз өнері, көркемдік шеберліктің теңдесі жоқ озық үлгісі» дей келіп оның аса маңызды құбылыстарды бейнелеп көрсетуде зор мүмкіншілігі бар екенін атап көрсетеді [2, 11 б.]. Өнердің асыл тегі саналатын поэзия сонау күндерден қазіргі уақытқа дейін адам болмысының қат-қабат сырын бейнелеп көрсетуімен құнды болып келеді. Бейнеліліктің негізгі өзегі – қадым замандардағы көне адамдар танымынан бастау алған ұғым-түсініктер екені ақиқат. Біз бейнелілік аясындағы әңгімемізді көркемдік ойлау жүйесіндегі кейіптеу тәсілі мен мифтік ойлауға тән анимистік сенім сабақтастығы төңірегінде өрбітпекпіз.

Адамзат дамуының алғашқы кезеңіндегі табиғатпен бірлік сенімі ондағы әрбір зат пен құбылысқа жанды рух түрінде қарап, оны сана-сезімге ие жаратылыс деп қабылдады. Бұл ұғым ғылым тілінде «анимизм» деп аталады. Анимизм – барлық заттың жаны бар деп қараған алғашқы қоғамдағы қарапайым ойлау.

«Анимизм дегеніміз – қоршаған орта мен табиғат құбылыстарының рухы, жаны бар деп пайымдалған түсінік. Анимизм алғашқы қауымдық дін негізінде және алғашқы адамдардың табиғат күштері алдындағы дәрменсіздігінен туындаған. Мифология анимизмді орманның, таудың, ағаштардың, бұлақтың, өзеннің, жел мен толқынның жаны бар деген сенімнен туындағанына куәлік етеді. Жыл мезгілдерінің ауысуы, тасқынның болуы, дауыл, т.б. құбылыстарды ежелгі адамдар табиғаттың жанды күштері түрінде түсініп, адамға тән іс-әрекетке ие адам бейнесінде қабылдаған» [10, 121 б.]. Мифологиялық сөздікте берілген бұл анықтама қазіргі әдебиеттегі кейіптеу тәсілінің бастауы қайда екенін аңғартады.

«Қазақтың халық поэзиясында табиғат суреті, жаратылыс көріністері үлкен орын алады. Бұлай болуы заңды да. Сахарада көшіп жүрген, күнделікті өмірі жазда, күзде тіпті жыл бойы дерлік кең далада, төңкерілген ашық аспан астында, өзен-судың жағасында өтетін елдің өзін ұдайы табиғаттың аясында, құшағында отырғандай сезінуі таң қаларлық нәрсе емес» - дейді теоретик ғалым З. Ахметов [2, 39 б.]. Шындығында табиғатпен барынша жақындық ондағы құбылыстардың қыр-сырын ұғатын аңғарымпаздыққа жетелейді. Адамзат тірлігінің негізі осы табиғатта жатыр. Адамның ақыл-ойы, қабілет-дарынымен жасалатын өнер туындыларында табиғаттың басты орын алатынының бірегей себебі де осы. Сондай-ақ бұл жерде жаратылыс туралы таным-түсініктің де жетекші мәнге ие екенін естен шығармаған жөн.

Адамзат санасының алғашқы сатысына тән мифтік санада күллі табиғат тірі, саналы рух түрінде қабылданғаны белгілі. Адам мен табиғат тепе-тең, ойлау, қайғыру, қуану сияқты сезім күйлері адамға тән екені сияқты табиғатқа да тән деген сенім көркемдік ойлау жүйесіндегі бейнелі, астарлы, ишаралы мәндерге негіз болғаны белгілі. Мифтік әңгімелерде (ертегі, аңыз, хикаяттардың бәрі мифтен бастау алған) жезтырнақ, албасты, т.б. қаскөй күштердің адам баласына зиян қылатын уақыты осы түн. Дүниенің жаратылуы туралы мифтерде әуелгі бей-берекеттік (хаос) және үрейлі қараңғылық сөз болады. Қараңғылық – қара түс – түн адамзат санасында үрей, қайғы-қасірет белгісі болып сіңісті. Тіршілік атаулы жарық пен қараңғының, ізгілік пен зұлымдықтың күресі болса, жарық-ізгілік-күн ортақ сипатты болып, бұларға қарама-қарсы ұғымда қараңғылық-зұлымдық-түн шендестірілді. Адам баласының көне танымы даму сатыларына сәйкес көркемдік танымға ұласқан кезде бұл қалыптасқан түсінік енді поэтикалық ұғымға ұласып, айтылар астарлы, тұспалды ойларды ишаралауда, лирикалық кейіпкердің ішкі әлемін жеткізуде үлкен мәнге ие болды. Тылсым, жұмбақ сырлы түлей қараңғылық сипатындағы түн енді бір жақты қалып қоймай, сыр мен сезімге толы, жанды әрекетке ие, көркем бейне дәрежесіне көтерілген поэтикалық тұтас суретке айналды. Ұлттық позияның даму тарихына көз салғанда түннің әуелгі танымдық негізге жақындатыла жырланғанына Абайдың әйгілі

Қараңғы түнде тау қалғып,

Ұйқыға кетер балбырап.

Даланы жым-жырт дел-сал ғып,

Түн басады салбырап, -

деген жолдарын мысал етуге болады. Түпнұсқасы немістің ұлы ақыны Гетенікі, орыс тіліндегі нұсқасы Лермонтовтың авторлығындағы бұл жолдарда түннің сипаты өзін айқындай түсетін қараңғы, ұйқыға кету, жым-жырт, дел-сал сияқты сөздермен ашыла түскен. Абай лирикасында түн уақыт мезетінің сырлы бір сәті болып бейнеленетініне «Желсіз түнде жарық ай» деген жолдармен басталатын өлеңін мысал етуге болады. Бұл өлеңде түн сипаты жарық айдың сәулесі суда дірілдеуі, сай ішіндегі тасыған өзеннің гүрілі түріндегі жанды суретке айналған. Табиғат құбылыстары, оның әрбір сәті - қазақ ақындары өлеңдерінің негізгі нысаны. Лирикалық кейіпкердің жан-дүниесіндегі құбылыстар, сезімдер қақтығысы, көңіл-күй әуені дерлік табиғат суреті мен құбылысына көшіріліп, адам болмысын танытуда табиғат жетекші орынға ие болды. Қазіргі қазақ лирикасынан өзіміз сөз етіп отырған түнге қатысты өлеңдерді алып қарар болсақ, бұл пікірімізді дәйектей түсеміз.

Қорыта айтқанда, табиғат лирикасындағы бейнелілік, кейіптеу тәсілдері ұлттық поэзиямыздағы поэтикалық дәстүрді тамаша үйлесіммен жалғастыруымен де маңызды.

«Параллелизм екі құбылысты салыстырып қана қоймайды, сонымен бірге біреуіне тән әрекетті екіншісіне телиді. Егіздеудің негізгі мәнін еске алсақ, гүлмен, ағашпен т.б. көрінетін табиғат бейнесі адам өміріне ұқсастырылады» [11, 134 б.], - деп жазады А.Н. Веселовский.

Ақын өзінің лирикалық кейіпкерінің ішкі әлемін бейнелегенде психологиялық-эмоциялық жағдайларды танытуға ұмтылады, міне, осыдан келіп поэтикалық ізденістер, көркемдік тәсілдер, бейнелеуіш құралдардың жаңа мүмкіндіктері туындайды. Көрнекті ақын Ф. Оңғарсынованың «Тобылғы қайсар қырда өскен...» деп басталатын өлеңінде осы суреттеу тәсілі пайдаланылған.

Тобылғының ештеңеге мойымайтын, ештемеден тайсалмайтын қайсарлығы мен табандылығын суреттей отырып, ақын сол тобылғыға ұқсатылған лирикалық кейіпкердің сезім алдындағы дәрменсіздігін және сезім тұрақтылығын аңғартады. Бұл өлеңдегі лирикалық кейіпкермен тұтасып, бірігіп кеткен ақындық тұлғаны танытатын метафора– тобылғы. Бұл метафора арқылы лирикалық кейіпкердің жан әлемі, күллі болмысы танытылған. Тобылғыға біткен төзім мен беріктік арқылы мінез көрінсе, сезім алдындағы дәрменсіздік арқылы жан әлеміндегі тартыс бейнеленген. Ақын Ф. Оңғарсынова лирикасы, ондағы мінез туралы академик Р. Нұрғали «Ақынның беріліп, шабытпен, аса құмарта кең көсіліп жырлаған табысты тақырыбы – махаббат, сүйіспеншілік. Қалыптасқан үлгідегі жырлар алғашқы сезімді, құмарту, елту, құлап жығылу сәттерін бейнелейді. Көбінесе қызыл-жасыл бояу,алабұртқан ағыстар басым жататын өлеңдерге ет үйренген. Ал, мұнда бүгінгі адамның басындағы небір қиюы қашқан шақтар, біреу сүйіп, екіншісі сүймеген, біреу адал, екіншісі опасыз, мансапқор, дәулет абыройға жетсе де, жүрегі жылу таппаған, сарыла түсіп, күтумен ғұмыр өткізген жандардың тартысты, драмалы көңіл-күйі, трагедиялық ситуациялар бейнеленеді» - деп жазады [12, 260 б.]. Қазіргі поэзияның көркемдік мүмкіндігі, бейнелеуіш құралдардың ақын тілінде түрлене құбылуы көңіл-күй, сезім әлемін танытуда ерекше мәнге ие. Адам жанындағы нәзік иірімдер, қым-қиғаш қақтығыстар, сезімдер тайталасы лирикалық қаһарман тұлғасын айқындап, мінез-болмысын бедерлеп шығарады.

Психологиялық егіздеу ұқсас, шектес құбылыстарды салыстыру арқылы поэтикалық сурет тудырса, қарама-қарсы заттар мен құбылыстарды салыстыра суреттеу де поэзияда ерекше орын алады.

Академик З.Ахметов ауыстырулар табиғаты туралы: «метафораның теңеуден негізгі айырмасы – онда салыстырылған екі нәрсе екі бөлек көрінбей, көбінесе екеуі тұп-тура бірігіп бір бейнеге айналғандай болады да, екі нәрсенің біреуі ғана айтылып, екіншісі емеурін жасау арқылы да айқын елес беріп тұрады. Метафора бірде мағына ауыстыру, бірде нәрсенің, құбылыстың орнына соған ұқсас нәрсені екінші нәрсеге телу, балап айту түрінде қолданылады», - деп жазады [13, 20 б.].

Ауыстырулардың дәстүрлі қалпы, сонымен бірге қолданыс аясының кеңеюі, жаңашылдық сипаттарының молаюы, сөйтіп әдебиеттің қазіргі талап-талғамдарына сай түлеп, түрленуі – қазіргі қазақ поэзиясына тән сипат.

Ауыстырулар арқылы кез келген ұлттық әдебиеттің негізгі қасиеті, белгісі – ұлттық сипаты танылса, сонымен бірге әрбір суреткердің өзінің талғамы, шеберлігі де көрініп, дараланып отыратыны ақиқат.

Қазақ поэзиясының арғы-бергі тарихындағы символдық образдар қатарына: дала, тау, теңіз, тұлпар, домбыра, бесік, аспан, аққу, т.б. жатады. Символдық образдардың қазіргі әдебиеттегі, өлеңдегі өміріне тереңірек үңілу поэзия парасатын, жеткен жетістіктерімізді бажайлауға, ең бастысы ұлттық сипат пен мінездің тағы бір қырынан танылуына жағдай жасайды, мүмкіншілік тудырады.

Табиғат суреті де диалог, монолог, портрет секілді көркемдік компоненттерінің бір түрі. Пейзаж адамның ішкі жан сезіміне, көңіл-күй толқысына, психологиясына орай суреттеліп, әр уақыт кейіпкердің мінез-құлқын ашуға көмектеседі. А.П.Чехов: «Табиғат құбылысын, адам мінез-құлқынмен салыстыра суреттесең, табиғатқа да жан бітіп, жадырап жүре береді» [14, 74 б.], - деп жазады. Гинзбургше айтсақ, пейзаж өзінің көлемі, орны жағынан әрқалай болып келеді. Ол бірден кең толғанып, ұзақ әңгімеленсе, енді бірде қысқа-қысқа қайрылып, суреттеме ретінде әр тұста, әр бетте айтылады [15, 26-27 б.].

Бүгінгі күні, адамның ішкі әлемін, күрделі дәуірдің әлеміш шындығын өрнектеуге деген талпыныста бәріне тән бір құштарлық, құлшыныс бар. Ақтарыла сыр ашып, таусыла қазынуға, болмыстың иірім-тұңғиықтарына бойлап, ақиқат маржандарын іздеуге, өмірдің сұлулығын, жарығы мен түнегін, жарасымы мен қайшылығын зерделеуге деген беймаза іңкәрлік бар. Ақын басынан кешкен сезім, ақын басында болған түрлі-түрлі толғаныс субъективті нәрсе; бірақ, сонымен қабат, кәдімгі объективі дүниенің әсері. Лирика тілсіз түйсіктерге сөз береді. Оларды тар кеуденің қыспағынан көркемдік өмірдің таза самалына алып шығады да, ерекше өмір сүргізеді. Сөйтіп, лирикалық шығарманың мазмұны объективі оқиғаның дамуы емес, субъектінің өзі және сол субъект арқылы өтетін дүниелер. Көңіл бұрар, ой толқытар, я қуантып, я қайғыртар, я сергітер, я қажытар, субъектінің рухани өміріне ұрық себер, жүрегіне ұялар, толғағына айналар нәрсенің бәрі – лирикаға мазмұн. Сыршыл сезім орнына сырдың ақыл қуалау – лирикаға шәркес әрекет. Бір сезімнен, екінші бір сезімге ауысу өлеңді шығарманың көлемін ұзартып жіберетіні де рас. «Лирикадағы елгезек сезімнен сыр жайын, бұлардың жинақтылығы мен мөлдірлігі туралы айтқанда, өлеңнің өзін қимылсыз, статистикалық әлденеге айналдырып алмау жағын қараған жөн» деген теоретик ғалым, академи З.Қабдолов тұжырымын осы тұста келтіре кеткен орынды [16, 316-319 б.].

Поэзияда пейзажды суреттеуде өзге көркемдік тәсілдер тәрізді белгілі бір заттың, құбылыстың сыр-сипатын, белгісін, қасиетін, санасын ерекшеліктерін басқа бір затпен, құбылыспен салыстыра суреттеу арқылы керемет әсерге бөлейтін, айрықша ажар дарытатын теңеу түрлері мол кездеседі. Әдебиеттану ғылымында теңеу туралы аз сөз болып жүген жоқ. Белгілі әдебиет теоретиктері А.А. Потебня, Ю.М. Лотман, Г.Л. Абрамович, Г.Н. Поспелов, қазақ әдебиеттану ғылымында А.Байтұрсынов, З.Ахметов, Қ.Жұмалиев, З.Қабдолов, Т.Қоңыров, Б.Кәрібозұлы т.б. ғалымдардың теңеу туралы зерделі ой- тұжырымдары бар. Белгілі ғалым Т.Қоңыров [12, 3 б.].

Пейзажды суреттеуде теңеуді шебер қолданатын ақындардың бірі - С. Мәуленов. Оның табиғат тақырыбындағы туындыларда теңеулер жиі кездеседі. Мысалы, С. Мәуленов теңеудің сипаттаушы және сипатталушы мүшелерін жеке-жеке айқындаулармен береді: «Қызыл бұлты қызыл тудай желбіреп»; «Ақ тұман ақ теңіздей жарқыраған»; «Балғын көлдің балауса балғынындай»; «Ақ гүлдері жауған қардай»; «Ақ бидай мөлдір тамшыдай». Мұндай қайтаулар немесе синонимдес айқындаулар (балғын, балауса) ақынның оқырман назарын аударту үшін жұмсалған сөздік қолданыстар. Ақын табиғатты бейнелегенде теңеудің секілді, бейне, ұқсайды сөздерімен жасалған түрлерін де мол пайдаланады: «Алма ағаштар таң секілді».

Табиғатты суреттеудегі айрықша тәсілдердің бірі – ауыстыру. Ауыстырулар-тек қазақ әдебиетінде емес, әлемдік әдебиеттегі көркемдік құралдарың ерекше бір түрі. Ол әдебиеттану ғылымында әр кез сөз болып келді. Белгілі әдебиеттанушы - ғалымдар құбылтудың өзге түрлері тәрізді ауыструға да үлкен мән береді. Қазақ әдебиеттану ғылымында метафораға алған “ауыстыру” атауын ұсынған А. Байтұрсынов болатын Белгілі әдебиет зерттеушілері де ауыстыруға анықтама беріп, оған өз еңбектерін арнаған. Ауыстыру туралы З.Ахметов: «Метафорада теңеудегідей екі нәрсені теңеп, салыстырудан гөрі олардың арасындағы ұқсастық жақты, сезім-әсер жалғастығын тірек ету басым келеді. Көбінесе сондай екі нәрсенің бірі айтылып, екіншісін емеурін жасап сездіреді» -деп көрсетеді [2, 198 б.]. Ауыстырулар, оның дәстүрлі үлгілері және белгілі бір ақын қаламына ғана тән пішіндері табиғатты суреттеуде жиі кездеседі. Олар ақын өлеңдерінің көркемдік дәрежесін көтеріп, суреткердің сөз қолдану шеберлігін көтеріп, суреткердің сөз қолдану шеберлігін танытады. Пейзажды бейнелеуінде ауыстырулар мол, олар – лирикалық кейіпкер сезімінің сәулесі. Ауыстырулар, яғни метафоралар табиғатынан, жасалу жолдарынан дәстүр жалғастығы, заман келбеті, ұлттық сипат, өрнек, ақындық қолтаңба анық танылады.

^ Зерттеу жұмысының теориялық маңызы. Зерттеу нәтижесінде жасалған тұжырымдар ұлттық әдебиеттану ғылымы мен поэтика саласының, қазақ әдебиетінің әрі қарай дамуына септігін тигізеді. Сондай-ақ қазақ поэзиясын дәстүр және жаңашылдық тұрғысынан саралап, ақындар шығармашылығының поэтикалық қуатын айқындау арқылы стильдік ізденістерді таныту тың зерттеулерді толықтырып, тереңдете түсуге өзіндік үлес қосады.

^ Зерттеу жұмысының практикалық мәні. Бұл зерттеу жұмысының нәтижелерін поэзияға қатысты ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізгенде, жоғарғы оқу орындарының қазақ филологиясы бөлімдерінде қазіргі әдеби үрдісті, поэзияға байланысты арнаулы курстар мен семинар сабақтарын оқытқанда көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.

^ Зерттеудің жарияланымы мен мақұлдануы. Диссертациялық жұмыстың негізгі мазмұны, қағидалары 2 ғылыми мақала түрінде баяндалды.

1. Табиғат жырларындағы лирикалық кейіпкер // «Мектеп-ЖОО» жүйесінің өзара әрекеттесуін модернизациялау: әдістемесі мен даму мүмкіндіктері» тақырыбында өткен аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары – Өскемен: КАЕУ, 2012. - 126-132 бб.

2. Қазақ поэзиясындағы табиғат лирикасы. Дәстүр мен жаңашылдық // «Современные научные направления:от прикладных исследоваий до инноваций»:Сб.докладов II международного форума молодых ученых. Часть 5. – Усть-Каменогорск, 2012. - 198-204 бб.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Ысмайылов Е. Әдебиет жайлы ойлар. А., 1968. – 310 б.

2. Ахметов З. Поэзия шыңы – даналық. Астана: Фолиант.2002. - 408 б.

3.Аль-Фараби. Сборник 3-х т. 2 том, Л., 1982. – 250 с.

4. Әуезов М. Әр жылдар ойлары. Алматы, 1959. – 332 б.

5. Қаратаев М. Ізденіс іздері. Алматы: Жазушы, 1984. – 376 б.

6. Базарбаев М. Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы / М. Базарбаев. – Алматы: Жазушы, 1973. - 256 б.

7. Мәуленов С. Үш томдық шығармалар жинағы. 2 т.– Алматы: Жазушы. 1982. – 460 б.

8. Оңғарсынова Ф. Он томдық шығармалар жинағы. – т. 2. – Астана, 2004. - 340 б.

9. Шапай Т. Шын жүрек – бір жүрек. – Алматы: Жазушы, 2000. – 256 б.

10. Мифологический словарь. М., 1990. – 615 с.

11. Веселовский А. Историческая поэтика. Москва, 1989. – 404 с.

12. Нұрғалиев Р. Арқау. Екі томдық шығармалар. ІІ том. Алматы: Жазушы, 1991. – 576 б.

13. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. Алматы: Мектеп, 1973. – 212 б.

14. Русские писатели о литературном труде. Москва, 1977. – 369 с.

15. Гинзбург Л. О лирике. – М., 1974. – 210 с.

16. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Санат, 2002. – 360 б.


Сейтказина Назгул Зейнелгабденовна

Отражение природы в современной казахской лирике

6М011700 – казахский язык и литература

РЕЗЮМЕ

Актуальность исследования. С поэтической точки зрения казахская литература сегодня отвечает всем требованиям мировой литературы. С точки зрения освоения литературных жанров, раскрытия их художественного мира, обособления героев, психологических параллелизмов можно сказать, что из года в год наша литература расширяет свои горизонты и совершенствуется в плане своей поэтичности. Сегодня с точки зрения раскрытия особенностей своих направлений, стиля и жанра поэтические шедевры превращаются в особое художественное явление. Лирические произведения занимают важную роль среди художественно-литературных жанров.

В качестве объекта исследования мы рассмотрим особенности использования в лирических произведениях таких методов, как олицетворение и психологический параллелизм.

^ Предмет исследования. Для исследования были выбраны поизведения ярких представителей казахской поэзии 1960-2000 годов: Ф. Онгарсыновой, М. Макатаева, У. Есдавлета, Е. Раушан и Г. Салыкбай.

^ Цель исследования. Целью данной магистерской работы является рассмотрение произведений новой творческой волны, вдохнувших новизну в казахскую лирику национальной поэзии, а также описание природы, роли природы в данном направлении, методов описания природы, выявление значимости метода олицетворения, анализ методов психологического параллелизма и определение их художественно-эстетической роли. Для достижения этой цели мы поставили перед собой следующие задачи:

- показать важную роль олицетворения в качестве средства описания и художественного приема;

- в ходе анализа убедиться в том, что в лирике сущность героя проявляется через объекты природы и олицетворение, объединяющее воедино человека и природу;

- определить, что способы олицетворения и психологического параллелизма берут свое начало из мифического мировоззрения, также доказать, что древнее познание вылилось в художественное;

- разъяснить художественно-эстетическую значимость способов описания в современной природной лирике.

Новизна исследования. Новизна данной магистерской диссертации заключается в разностороннем рассмотрении поисков и достижений при описании природы в современной поэзии. Большую значимость в понимании художественной целостности представляет собой рассмотрение таких сложных проблем как уровень развития национальной поэзии и художественные поиски на основе мифопоэтического познания, традиций и новаторства. Новизной данной работы является анализ, выяснение, происхождение и описание в лирических стихах, предметом которых является природа.

^ Seitkazina Nazgul Zeinelgabdenovna

Representation of the nature in modern Kazakh lyric poetry

6М011700 – kazakh language and literature

SUMMARY

Relevance of the theme. Nowadays Kazakh literature from poetic point of view meets all the demands of the world literature. Artistic horizons of our literature have been expanding year in year out and have been proving its poetic development by mastering literary genres, exposing its artistic world, individualization of heroes and by making psychological analyses. Nowadays poetic masterpieces have been turned into specific artistic phenomena in the light of its areas, style, uncovering of the genre’s peculiarities. Lyrical masterpieces take an important place among the fiction genres. As the objects of our research we took the closer look at the peculiarities of using the methods like the personification and the psychological duplication.

^ The subject of the research. The object of the is the bright representatives’ work of Kazach poetry in 1960-2000s, F.Ongarsynovoy, M.Makatayeva, W.Esdavleta, E.Raushanov end G.Salykbai.

The basic object of the MPhil – to show representation of the world of nature, the role of nature in this direction, to define the methods of representing the nature, the importance of the method of personification here, to show the ways of the psychological duplication and define their artistic and aesthetic functions by considering the works of the latest generation, which has been bringing new tempo to Kazakh lyricism of the national poetry. In order to reach this objects we had set the following tasks:

- To show the importance of the personification as the method of personification and literary device;

- To certify in the process of analysis that in lyric poetry the essence of a hero is revealed by the objects of nature and personification, which integrates the man and the nature together;

- To define that the methods of personification and psychological duplication originate from mythical world view and to prove that this ancient cognition have been developed in the artistic cognition;

- To define aesthetic and artistic significance of literary devices in modern poetry of nature.

The novelty of the study. The main novelty of the given MPhil dissertation is the broader exploration of the search and the achievements of nature representation in modern poetry.

The consideration of complicated issues like the degree of the national poetry development and artistic searches on the basis of mythic-poetic cognition, traditions and novelty is very important in learning the whole artistic integrity. The main novelty of the work are the new findings and clarification where lies the source and the basis of representation in lyrical poems which take the nature as their object by the means of analysis and proving.


Отпечатано

на принтере

г. Усть-Каменогорск

0,65 п.л.




Похожие:

ӘӨЖ: 821. 512. 122. 09 Қолжазба құқығында сейтқазина назгүл зейнелғабденқызы iconМентебаева айман ертайқызы
Ож 821. 512. 122 (574) (092) Қолжазба құқығында
ӘӨЖ: 821. 512. 122. 09 Қолжазба құқығында сейтқазина назгүл зейнелғабденқызы iconӘӨЖ 82 : 396 (512. 122) Қолжазба құқығында
Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
ӘӨЖ: 821. 512. 122. 09 Қолжазба құқығында сейтқазина назгүл зейнелғабденқызы iconЕркінбаев ұлан оралұлы ахмет Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыш» еңбегі ХХ ғасыр басындағы әдебиеттану ғылымының контексінде
Ож 82. 0+821. 512. 122. 09 Қолжазба құқығында
ӘӨЖ: 821. 512. 122. 09 Қолжазба құқығында сейтқазина назгүл зейнелғабденқызы iconӘӨЖ. 811. 512. 122: 811. 161. 1’374. 4 Қолжазба құқығында куденова қарақат болатовна «Орыс тілінің қысқаша этимологиялық сөздігінде»
Филология мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған магистрлік диссертацияның
ӘӨЖ: 821. 512. 122. 09 Қолжазба құқығында сейтқазина назгүл зейнелғабденқызы iconӘож 811. 512. 122 3: 82. 091 Қолжазба құқығында тапанова сәуле есембекқызы
Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор
ӘӨЖ: 821. 512. 122. 09 Қолжазба құқығында сейтқазина назгүл зейнелғабденқызы iconӘӨЖ 327 (574) Қолжазба құқығында баймолдина жанерке тоқтарбекқызы
Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы дипломатиялық, саяси- экономикалық және мәдени
ӘӨЖ: 821. 512. 122. 09 Қолжазба құқығында сейтқазина назгүл зейнелғабденқызы iconӘӨЖ 1 Қолжазба құқығында тажиева маржан нурбековна инновациялық қытынсатардың әлеуметтік қызмет және әлеуметтік таныммен байланысы
...
ӘӨЖ: 821. 512. 122. 09 Қолжазба құқығында сейтқазина назгүл зейнелғабденқызы iconӘӨЖ 94(574. 42) Қолжазба құқығында жакупов ерлан жумашевич шығыс Қазақстан шекарасының және әкімшілік территориясының қалыптасуындағы қоғам қайраткерлерінің рөлі
Шығыс Қазақстан шекарасының және әкімшілік территориясының қалыптасуындағы қоғам қайраткерлерінің рөлі
ӘӨЖ: 821. 512. 122. 09 Қолжазба құқығында сейтқазина назгүл зейнелғабденқызы iconМамиева бахыткүл октябрьқызы асан Қайғы туралы аңыздар
Ож 398 (574) (092) Қолжазба құқығында
ӘӨЖ: 821. 512. 122. 09 Қолжазба құқығында сейтқазина назгүл зейнелғабденқызы iconӘож 94 (574) 02 /. 08. Қолжазба құқығында
Жұмыс Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының Қазақстан тарихы кафедрасында орындалды
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kze.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов