Ожекенева бакыт давлетчановна icon

Ожекенева бакыт давлетчановна



НазваниеОжекенева бакыт давлетчановна
Дата конвертации22.10.2012
Размер264.16 Kb.
ТипРеферат
источник









ӘОЖ: 338 (574) Қолжазба құқығында


ОЖЕКЕНЕВА БАКЫТ ДАВЛЕТЧАНОВНА




ШҚО Инновациялық дамуының басымдығы


6M050600 - Экономика


Реферат

6М050600 Экономика мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымдарының

магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған


Қазақстан Республикасы

Өскемен, 2012 ж.

Жұмыс С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің бизнес және іскерлік әкімшілік кафедрасында орындалды



Ғылыми

жетекші:

э.ғ.к., ассоцияциаланған профессор

^ Болгауов Т.А.


Ресми

оппонент

PHD доктор, доцент КАЕУ, Бизнес және

әкімшілік факультетінің деканы

^ Канапьянова Г.А.




Магистрлік диссертацияның қорғалуы «25» маусым 2012 ж. сағат 9.00

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің мемлекеттік аттестациялық комиссия отырысында 6М050600 Экономика мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін іздену үшін мына мекен-жай бойынша өтеді: Өскемен қ., Крылов көшесі 72, № 9 оқу корпусы, 501 аудитория.


Рефератпен университеттің ғылыми кітапханасында және (30 Гвардия дивизиясы көшесі, 34) С. Аманжолов атындағы ШҚМУ сайтында: http://www.vkgu.kz/ танысуға болады


Реферат сайтта орналастырылды

http://www.vkgu.kz/ «_8_» маусым 2012 ж.


Бизнес және іскерлік әкімшілік кафедрасы

меңгерушісі, э.ғ.к., ассоцияциаланған профессор Нурмухаметов Н.Н.


^ Диссертация көлемі мен құрылымы. Диссертациялық жұмыс машина жазушылық мәтіннің 90 бетінен тұрады. Диссертациялық жұмыс кіріспе, негізгі мазмұндағы үш тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімімен, қосымшалардан тұрады. Берілген жұмыс 25 кесте және 15 суреттен тұрады. Пайдаланған әдебиеттер тізімі 40 әдебиет көздерін қамтиды.

^ Негізгі сөздер тізімі: инновация, инновациялық қызмет, инновациялық үдеріс, жаңа экономика, инновациялық экономика, нанотехнология.

Маңыздылығы: өнімнің, тауардың бәсекеге қабілеттілігі ең алдыңғы орынға шығып отырған бүгінгі жаһандану заманында инновациялық қызмет шешуші мәнге ие. Дамыған елдердің экономикасының үздіксіз алға басуы инновациялық қызметті үнемі қолдап-қуаттайтын және ынталандыратын саясаттың арқасында мүмкін болып отыр. Бұл саясат ел экономикасының бұзып-жарып алға шығуын қамтамасыз ететін озық технологияны, басқарудың жаңа түрлерін, ғалымдар мен өнертапқыштардың ойлап шығарған жаңа дүниелерін тез өндіріске енгізіп отыруға бағытталған.

^ Зерттеу мақсаттары: бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуші инновацияның негіздерін, ғылым мен техниканың әлеуетін зерттеу мен талдау нәтижесінде инновациялық қызметті басқару тетіктерін жетілдіру жолдарын ұсыну.

^ Зерттеу міндеттері:

- инновациялық қызметтің теориялық негіздерін зерттеу;

- инновациялық қызметтің әлемдік тәжірибесіне сараптама:

- Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі индустриалды инновациялық даму стратегиясының даму үрдісі мен ерекшеліктерін анықтау;

- инновациялық басқару тетіктерінің болашағы бар түрлерін ұсыну.

^ Зерттеу нысаны: инновациялық қызметпен айналысатын барлық мекемелер мен кәсіпорындар, ғылыми-зерттеу институттары зерттеу нысаны болып табылады.

Зерттеу пәні: инновациялық қызметті ұйымдастыру мен реттеу барысында туындайтын экономикалық қатынастардың теориялық және іс-тәжірибелік сипаттарының қосындысы зерттеу пәні болып табылады.

Методы исследования: зерттеу жүргізу кезінде келесі әдістер қолданылды:

  1. индуктивті-репродуктивті;

  2. талдау-синтез;

  3. ғылыми ой түю.

Зерттеу жаңалығы:

инновациялық қызметтің, оны басқару тетіктерінің теориялық негіздері анықталды және түрі мен құрылымының сипаттамасы берілді;

- ғылыми-техникалық әлеуеттің бүгінгі таңдағы жағдайына кешенді сараптама жасалды;

- инновациялық қызметтің басқару тетіктерінің пайда болуы мен дамуының негізгі бағыттары анықталды;

- инновациялық қызметті басқару әдістерінің институционалдық және заңнамалық қамтамасыз етілуіне баға берілді және оларды жетілдіруге ұсыныстар жасалды;

- инновациялық қызметті басқару тетіктерін ұйымдастырушылық және экономикалық тұрғыдан жетілдірудің нақты жолдары ұсынылды.

^ Жұмыстың қысқаша сипаттамасы.

Экономика ғылымы инновацияны жекелеген мемлекеттердің ғана емес, тұтас жаһандық экономиканың дамуын айқындайтын аса маңызды элементердің бірі ретінде қабылдайды. Бұл жағдай ең алдымен «инновация» деген ұғымның өзін нақтылай түсуді талап етеді.

Жаңа идея немесе новация жалаң ойдан материалдық нақты дүниеге айналған сәттен бастап ол жаңалық енгізу деген ұғымды білдіретін инновацияға айналады. 1911 жылы австриялық экономист-ғалым Й.Шумпетер «инновация» ұғымын ең алғаш айналымға енгізе отырып, оны жаңа тұтынушылық тауарларды, жаңа өндіріс және көлік құралын, жаңа нарық пен өнеркәсіпті ұйымдастыру формаларын енгізу мен пайдалану мақсатында туындайтын өзгеріс деген тұжырымға тоқтады.

Ол жаңа комбинацияларды іске асырып отыратын адам ғана кәсіпкер деп аталатынын, кәсіпкер ең алдымен экономикалық прогрессті қамтамасыз етуші жаңалықшыл адам екендігін, инновацияның дамуына оны ынталандырып, қолдап, реттеп отыратын мемлекет тәрізді сыртқы факторлардың да әсері молдығын, ескі комбинациялар негізінде пайда болатын жаңа комбинациялар сол ескі комбинациялармен бәсекелестікке түсетінін, ал жаңа комбинацияларды белгілі бір мерзім аралығында бірқалыпты түрде іске асырып отыру мүмкін еместіктен нарық циклдік, секірмелі түрде дамитынын дәлелдеді.

Й.Шумпетер жасампаздықтың себебі бәсекелестікте жатқандығын, жаңа идеяларды экономикалық жаңалыққа айналдырушы кәсіпкер екендігін, техника мен ғылымның біркелкі дамымауына байланысты экономикалық дамудың да бірқалыпты дамымайтындығын көрсеткен үш негізге сүйенетін инновация теориясының аяққа тұруына да үлес қосты.

Бірақ, бүгінгі заманда қазба байлыққа негізделген дәстүрлі, индустриалды экономика мемлекет қуатының биік деңгейін қамтамасыз ететін әлеуетінен айрылып қалды. Бұрын ғылым мен техниканың жекелеген жетістіктерін пайдалана білу арқылы жекелеген елдер алдыңғы орынға шықса, ол енді бәсекеге шыдауға мүмкіндік туғызатын басты құрал ғана болып қалды. Білім еңбек өнімділігін айқындайтын ең негізгі көрсеткішке айналды. Білім мен ақпараттың әлемді бір сәтте жаулап ала алатын қабілетке ие болуының арқасында жаһандану құбылысы пайда болды. Мемлекеттер арасындағы экономикалық шекара жойылды десек те болады. Күні кеше ғана бітіспес бәсекелес еуропалық және америкалық немесе жапондық және америкалық алпауыт компаниялар бір-бірімен бірігуге көшті, өйтпеген күнде бәсекелестікке төтеп беру, саптың алдындағы орынын сақтап қалу қиынға айналды. «Бәсекелестікке қабілеттілік» ұғымы бүгінгі күннің басты ұғымына айналды.

Негізгі критерийлерден біздің еліміз кестеде берілген көршілес ТМД елдерімен қатар немесе сәл ғана алдында тұрғанымен бүгінгі күннің ең басты, шешуші рөл атқарып отырған мәселеде – «Инновация мен бизнес» бөлімінде Өзбекстан, Әзірбайжан және Украинадан артта қалып отыр. «Негізгі критерийлер» бойынша өзімізден артта тұрған Өзбекстанға негізгі 4 критерийдің 3-і бойынша– «Институттар», «Инфрақұрылым» мен «Денсаулық сақтау және бастауыш білім», Украинаға «Денсаулық сақтау және бастауыш білім» бойынша жол беріп тұрмыз. «Тиімділік күшейткіштері» критерийі бойынша бізден кейін орналасқан Өзбекстан мен Украина «Жоғары білім және кәсіби дайындық» бойынша, «Нарық өлшемі» бойынша Украина алдымызға шығып кеткен. «Инновация және бизнес дамуының» екі критерийі бойынша да біз өзімізбен салыстыруға болатын Өзбекстан, Әзірбайжан және Украинадан әлдеқайда арттамыз.

Қазақ ғалымдары да бұл іске өз үлестерін қосуда. Жалпы, отандас ғалымдарымыз инновация тақырыбына қарымды жұмыс істеп келе жатқанын атап өтуге тиістіміз. Академиктер Р.Алшанов, У.Баймұратов, Ә.Сатыбалдин, К.Сағадиев, А.Қошанов, О.Сабден сондай-ақ А.Марков, В.Гончаров, Ф.Днишев, К.Кажымұратов, Д.Мұқанов, С.Әбдіғаппарова, Н.Барлыбаева, А.Саттарова, т.б. бұл саланың маңызы мен мәнін жан-жағынан ашып көрсетуге тырысқан еңбектерімен белгілі.


1 кесте – «Инновация» анықтамасына тұжырымдамалар

Батыс мектептері

П.Самуэльсон, Кэмпбелл, С.Брю

жаңа тауарларды, жаңа өндірістік құралдар мен технологияларды, өнеркәсіпті ұйымдастырудың жаңа әдістерін ендіру мен қолдану мақсатында жасалатын және нарықтық табысқа жеткізетін өзгерістер

Э.Роджерс, Р.Шумейкер

жаңалықтың жаңалық болып ашылғаны маңызды емес, оның қолданысқа қанша рет енгізілсе де табыс әкелетіндігі маңызды

Ресейлік ғалымдар

Н.Кондратьев

экономика 50-60 жылдық циклда дамиды, ал жаңа циклға көшу адамзат дамуының деңгейіне байланысты; даму белгілі бір биікке көтерілген кезде жиналып қалған идеяларды ендіру оңайға түседі.

Н.Большаков

жаңа немесе қасиет жақсартылған өнім өндірісі үдерісінің нәтижесі, сондай-ақ өндіріс шығынын азайтатын және әлеуметтік жағдайды өзгертетін жаңа техника мен технологияның ендірілуі,

Ю.Иванова

жаңалықтарды енгізуге қатысы бар зерттеу, дайындық және ендіру жұмыстарының қосынды қызметі

Қазақстандық ғалымдар

У.Баймұратов

белгілі бір саланың қызмет тиімділігін арттыру, жаңа қуат көздерін табу, жұмыс ұйымдастыру әдісі мен қаржы, сауда немесе әлеуметтік-саяси институттар қызметін дамыту

Д.Мұқанов

нарықтағы жаңа өнім түрінде жүзеге асқан қызметтің нәтижесі

С.Әбдіғаппарова

ғылыми негізделген идеяларды іске асырушы субъектілердің зерттеу, дайындық және енгізу жұмыстарын нарықтық және мемлекеттік реттеулер арқылы қоғам өмірінің деңгейін көтеруге бағытталған мақсатқа жету үдерісі

Авторлық көзқарас

Инновация - барлық тараптар үшін жаңалық болып табылатын немесе түбегейлі жетілдірілген идеяның қоғамдағы өскелең сұранысты қанағаттандыратын әрі оны ендірушілерге үлкен мөлшерде табыс әкелетін рухани немесе заттық дүниеге, жүйеге, қызметке айналуы.


Бір сөзбен айтқанда, «инновация» ұғымында әлі күнге дейін ортақ пікірге келушілік жоқ, әр анықтамада инновацияның әр қырына баса назар аударушылық бар. Сондай-ақ әр ғылым бұл құбылысты өз тұрғысынан зерттейтіні және бар.

Инновация - барлық тараптар үшін жаңалық болып табылатын идеяның қоғамдағы өскелең сұранысты қанағаттандыратын әрі оны ендірушілерге үлкен мөлшерде табыс әкелетін рухани немесе заттық дүниеге, жүйеге, қызметке айналуы.




1 сурет - Инновациялық үдерістің схемасы


Жоғарыда қарастырғандай, байлықтың болуы ол сапалы өмір сүрудің кепілі деген емес. Байлық адам дамуының негізгі аспектілеріне, яғни ұзақ әрі салауатты ғұмыр кешу, білім алу, жақсы өмір сүру үшін әртүрлі ресурстарға қол жеткізу және т.б. үшін алғышарттар жасауы мүмкін. Ал байлықты ең төменгі экономикалық шығындар жұмсау арқылы жасау адамдардың өмір сүруінің сапасын жақсартудың шарты болып табылады.





2 cурет – Сапалы экономикалық өсу құраушылары


Демек, біздің ойымызша, өзара тізбекті байланыс бір-біріне мультипликаторлық әсер беріп, кәсіпорынның жалпы экономикалық жағдайын жақсартады. Сонымен бірге, бәсекеге қабілетті өнім шығару үшін де пайдалынылатын шикізатпен жабдықтаушы кәсіпорынға да талаптар жоғарылайды. Себебі, бәсекеге төзімді өнім шығару үшін де сапалы өңделген шикізат қажет.

Инновациялық дамуды сипаттайтын келесі бір маңызды көрсеткіш – ғылыми сыйымды өнімдер экспорты болып табылады (5-сурет).





3 сурет – Халықаралық рыноктағы жоғары технологиялар

өнімдерінің экспорт үлесі


Халықаралық рыноктағы жоғары технологиялар өнімдерінің экспорт үлесін сипаттайтын 5-суреттен ғылым саласын қаржыландыру бойынша алда келе жатқан елдер үлесінің қаншалықты жоғары екендігін көруге болады. Мысалы, АҚШ-тың үлесі – 35%, Жапония – 29%, Еуропа Одағы елдері – 24% және т.б.

Егер Қазақстанда ғылыми зерттеу саласына бөлінетін шығындар үлесі ЖІӨ-нің не бәрі 0,2-0,3% ғана құраса, онда ғылыми зерттеу нәтижелерін экспорттау үлесі туралы әңгіме қозғаудың керегі де жоқ болар деген тұжырымға келдік.

Ең жақсы көрсеткіштер қатарында макроэкономикалық ахуал (10) орналасқан. ДЭФ-тің 2009-2010 жылдары мен 2010-2011 жылдарға арналған жаңаша есептеулеріне сәйкес, орнықты экономикалық өсу мен дамудың жоғары сатысын өнімділіктің жоғары деңгейіне қол жеткізген елдер ғана қамтамасыз ете алды.


2 кесте – Дүниежүзілік бәсекеге қабілеттілік және оның ТМД елдеріне арналған құрауыштары жөніндегі деректер


Елдер

Дүниежүзілік бәсекелік индексі

Макроэкономика

Рынок тиімділігі

Өндіріс факторлары индексі

Жоғарғы және кәсіптік білім беру

Тиімділік индексі

Технологиялық дайындық

Инфрақұрылым

Инновациялар

Бизнес күрделігі

Инновациялық индексі

Институттар

Денсаулық сақтау және бастапқы білім беру

Қазақстан

56

10

44

51

51

56

66

68

70

72

74

75

86

Ресей

62

33

60

66

43

60

74

61

59

77

71

114

77

Әзірбайжан

64

17

81

56

82

78

76

56

63

70

70

72

96

Украина

78

74

80

86

48

69

90

69

73

76

78

104

94

Армения

82

71

104

81

80

88

86

92

84

104

93

84

62

Грузия

85

93

86

82

76

87

106

79

102

116

113

78

61

Малдова

86

67

92

88

73

85

96

85

100

93

98

101

92

Тәжікстан

96

96

108

94

98

103

102

108

95

110

103

77

85

Қырғызстан

107

117

114

109

79

102

122

103

111

105

108

123

91

Әдістеменің түрленуі, яғни бағалау моделіндегі 9 факторлы модельден 12 факторлыға өтуі 2009 және 2010 жылдардағы бәсекеге қабілеттілік рейтингінің өзгеріуіне әкеліп отыр. Мәселен, 2010 жылы 56-орынды иеленген Қазақстан, жаңа үлгі бойынша есептеген кезде 2010 жылы 50-орынды, 2011 жылы 61-орынды иеленді.

Бірақ, бүгінгі заманда қазба байлыққа негізделген дәстүрлі, индустриалды экономика мемлекет қуатының биік деңгейін қамтамасыз ететін әлеуетінен айрылып қалды. Бұрын ғылым мен техниканың жекелеген жетістіктерін пайдалана білу арқылы жекелеген елдер алдыңғы орынға шықса, ол енді бәсекеге шыдауға мүмкіндік туғызатын басты құрал ғана болып қалды. Білім еңбек өнімділігін айқындайтын ең негізгі көрсеткішке айналды. Білім мен ақпараттың әлемді бір сәтте жаулап ала алатын қабілетке ие болуының арқасында жаһандану құбылысы пайда болды. Мемлекеттер арасындағы экономикалық шекара жойылды десек те болады. Күні кеше ғана бітіспес бәсекелес еуропалық және америкалық немесе жапондық және америкалық алпауыт компаниялар бір-бірімен бірігуге көшті, өйтпеген күнде бәсекелестікке төтеп беру, саптың алдындағы орынын сақтап қалу қиынға айналды. «Бәсекелестікке қабілеттілік» ұғымы бүгінгі күннің басты ұғымына айналды.


3 кесте - ТМД елдерінің бәсекеге қабілеттілік критерийлері(2007-2008 ж.)





Ресей

Қазақстан



Өзбекстан

Әзірбайжан

Украина

Тәжікстан

Қырғызстан

Жаһандық бәсекеге қабілеттілік

58

61

62

66

73

117

119

«Негізгі критерийлер»,

68

66

69

65

90

114

122

А индексшесі






















1.Институттар

116

80

56

83

115

88

127

2.Инфрақұрылым

65

71

66

60

77

109

110

3.Макроэкономикалық тұрақтылық

37

25

103

23

82

127

128

4.Денсаулық сақтау және бастауыш білім

60

94

59

103

74

104

96

«Тиімділік күшейткіштері», В индексшесі

48

58

76

84

66

124

112

5.Жоғары білім және кәсіби дайындық

45

57

49

89

53

106

87

6.тауар мен қызмет нарығының тиімділігі

84

63

66

95

101

119

118

7.Еңбек нарығының тиімділігі

33

15

43

46

65

72

67

8.Қаржы нарығының даму деңгейі

109

80

115

91

85

124

12

9.Технологиялық деңгей

72

77

84

83

93

123

29

10.Нарық өлшемі

9

56

70

71

26

118

117

«Инновация және бизнес дамуының» С индексшесі

77

77

51

68

75

108

121

11.Компанияның бәсекеге қабілеттілігі

88

85

59

80

81

121

117

12.Инновациялық әлеует

57

75

42

54

65

97

120

Ескертпе - Статистикалық мәліметтер бойынша автор құрастырған.



Негізгі критерийлерден біздің еліміз кестеде берілген көршілес ТМД елдерімен қатар немесе сәл ғана алдында тұрғанымен бүгінгі күннің ең басты, шешуші рөл атқарып отырған мәселеде – «Инновация мен бизнес» бөлімінде Өзбекстан, Әзірбайжан және Украинадан артта қалып отыр. «Негізгі критерийлер» бойынша өзімізден артта тұрған Өзбекстанға негізгі 4 критерийдің 3-і бойынша– «Институттар», «Инфрақұрылым» мен «Денсаулық сақтау және бастауыш білім», Украинаға «Денсаулық сақтау және бастауыш білім» бойынша жол беріп тұрмыз. «Тиімділік күшейткіштері» критерийі бойынша бізден кейін орналасқан Өзбекстан мен Украина «Жоғары білім және кәсіби дайындық» бойынша, «Нарық өлшемі» бойынша Украина алдымызға шығып кеткен. «Инновация және бизнес дамуының» екі критерийі бойынша да біз өзімізбен салыстыруға болатын Өзбекстан, Әзірбайжан және Украинадан әлдеқайда арттамыз.





4 сурет – Бәсекеге қабілеттілікті арттыру инновациялық даму үлгісі


Аталмыш үлгіде Қазақстан экономикасын әлемдік даму үрдістеріне сәйкес дамыту үшін елдің бәсекелік артықшылықтарын тиімді пайдалана отырып, алтыншы технологиялық укладтың негізгі салаларын өркендету қажеттілігі, төлем қабілетті сұраныс жағдайы, инновациялық процестің ұтымды жүзеге асуына негіз болатын институционалдық, ұйымдастырушылық және инновациялық серпіліс нүктелері сияқты құраушылардың құндылығы сипатталып, жетілдіріліп отыр.

Бәсекеге қабілеттілікті арттыру факторлары жүйесіндегі инновациялық даму үлгісінде ұсынылған көрсеткіштер бір-бірімен тізбекті байланыста. Қазақстандық ғалымдардың пайымдауынша елдің бәсекеге қабілеттілігі түсінігі қазіргі таңда өте ауқымды. Осы ұғымда экономикалық, табиғи-климаттық, географиялық, әлеуметттік, экологиялық және басқа да ерекшеліктер орын алған. Табиғи байлықтың болуы елдің экономикалық дамуына септігін тигізіп, бәсекелік қатынастарда артықшылық ретінде саналуы мүмкін, бірақ өздігінен елдің экономикалық өсуі мен халқының әл-ауқат жағдайын анықтай алмайды. Сол себепті, елдің бәсекеге қабілеттілігі халықтың, мемлекеттің адам дамуы үшін әлеуметтік-экономикалық прогреске қол жеткізуде басқа да әлем елдерімен ортақтаса күресе алу қабілеттілігі. Әлем елдерімен бәсекелік күреске түсуде үлгідегі бәсекелік артықшылықтар Қазақстан экономикасы үшін тек күш-қуат көзі ғана. Ал, оларды инновациялық серпіліс нүктелері секілді және экономиканың басқа да басым бағыттарын дамытуда тиімді пайдаланған жағдайда мемлекет әлемдік еңбек бөлінісінде өзіндік орынға ие болады.

Инновациялық-инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін алдымен институционалдық-ұйымдастырушылық, қаржылық жағынан қамтамасыз етіп, елдің стратегиялық даму бағытын нақтылау қажет. Сонымен қатар елде бәсекелік ортаны қалыптастырып, инвестициялық саясат механизмдерін жетілідіріп, заң жүйесінің тиісті дәрежеде орындалуын қатаң қадағалау қажет. Осы аталғандардың барлығы ұлттық экономиканың жаһандану аясында бәсекеге қабілеттілігін арттыруда өзіндік мәнге ие болып отыр.

^ Диссертациялық зерттеу нәтижелерінің шынайлылығы мен негізделуі.

Диссертациялық зерттеу халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірбиелік конференцияларда баяндалды және әдебиеттерде оның дәлелденуін табуға болады.

^ Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері. Инновациялық процестердің, ұлттық инновациялық саясаттың теориялық тұжырымдамалары, инновациялық қызметті зерттеуге арналған отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму стратегиясы, заңнамалық актілер, ҚР Президентінің Жарлықтары мен Үкіметтің Қаулылары зерттеудің теориялық және методологиялық негіздерін құрайды.

Зерттеу барысында статистикалық талдау, сараптамалық бағалау, талдап қорыту әдістер қолданылды.

^ Жарияланымдар туралы мәлімет:

  1. Б. Д. Ожекенева – Инновацияның мәні мен қажеттілігі / «Қазақстан: Тәуелсіздік пен инновацияларға 20 жыл» Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Өскемен, 2011. - С. 470-472.

  2. Б. Д. Ожекенева – Қазақстандағы инновациялық дамуды сипаттайтын экономикалық көрсеткіштердің сараптамасы / «Ғылым мен білімнің инновациялық векторы» жас ғалымдар мен магистранттардың ғылыми-тәжірибелік конференциясы материалдары. Өскемен, 2012. - С. 486-488.



^ Ожекенева Бакыт Давлетчановна

Приоритеты инновационного развития (на материалах ВКО)

6М050600 - Экономика

РЕЗЮМЕ

Актуальность. В условиях глобализации, когда экономические границы фактически стерты, конкурентоспособность товаров и услуг стала играть основную роль в обеспечении экономического благосостояния народа, даже его экономической безопасности. В свою очередь конкурентоспособность товара обеспечивается в первую очередь ее инновационной составляющей. Ввиду всего этого производство конкурентоспособных товаров и услуг является стержневым предметом инновационной политики многих государств мира.

В этом смысле и наша страна не является исключением. Наличие разветвленной сети предприятий добывающих отраслей предопределяет будущий характер экономики Казахстана – это всемерное развитие обрабатывающих отраслей на основе широчайшего внедрения достижений науки и техники, говоря современным языком переход на инновационную экономику.

^ Объект исследования. Все предприятия и учреждения, научно-исследовательские институты, занимающиеся инновационной деятельностью.

Предмет исследования. Совокупность теоретической и практической характеров экономических отношений, рождающиеся во время организации и регулирования инновационной деятельности.

^ Цель исследования. На основе анализа и оценки инновации, обеспечивающая конкурентоспособность экономики и научно-технического потенциала разработать пути совершенствования механизмов управления инновационной деятельностью.

^ Задачи исследования.

- исследование теоретических основ инновационной деятельности;

- анализ опыта развития инновационной экономики в мире;

- определение тенденции и особенности Стратегии индустриально-инновационного развития Казахстана на 2003-2015 годы;

- предложение новых перспективных видов механизмов управления инновационной деятельности.

^ Новизна научного исследования.

- исследованы теоретические аспекты понятия инновационной деятельности и ее механизмов управления, даны авторские определения;

- сделан комплексный анализ научно-техническому потенциалу Казахстана;

- определены основные направления механизмов управления инновационной деятельности;

- дана оценка институциональному и законодательному обеспечению методов инновациионной деятельности и предложены пути их совершенствования;

- предложены конкретные организационные и экономические пути совершенствования инновационной деятельности.


^ Ozhekeneva Bakyt Davletchanovna

The prioritization of the innovative of development (on airbrushed of EKR)

6М05600– Economics

SUMMARY


Actuality: modern economics can be defined by one word competitiveness. Knowledge and science as well as methods and technology reached their excellence so that achievements become a benefit for the mankind. This process is called the globalization. In the age of globalization when economic boundaries are practically effaced, the competitiveness of goods and services has a dominant role in insurance of people’s economic well-being and their economic security. Competitiveness of goods is primarily provided by innovation. Therefore, competitive goods and services production is the core of innovative policy of many countries over the world.

^ Subject of research: scientific recommendations and the thesis work results applied in academic activity of the Economic Faculty, International Humanities and Technical University.

Scope: The purpose of dissertational work is development of theoretical and practical recommendations on developing innovatives in economics system of country.

Aims of the dissertation thesis. To develop the ways of improvement the innovation activities procedures promoting the innovation development of Kazakhstan on the basis of analysis and innovation activities assessment.

Tasks of research:

  • studying of innovation activities theory;

  • analyzing of Kazakhstan innovation economy development trends;

  • determining of peculiarities and trends of innovation activities development in

Kazakhstan;

  • proposing new and perspective ways to control innovation activities.

Novelty of research:

- theoretical aspects of innovative activities and the tools of its control have been studied, author’s definitions have been provided;

- complex analysis of current scientific and technological potentials of Kazakhstan have been made;

- main trends of innovative activities management have been determined;

- institutional and legislative support of innovative activities methods has been assessed and the ways of their improvement have been provided;

- exact organizational and economic ways of innovative activities improvement have been proposed.


Принтерде басып шығарылды

Өскемен қ.

0,6 п.л.





Похожие:

Ожекенева бакыт давлетчановна iconШаймагамбетова Бакыт Сержановна Сотовый телефон (обязательно)

Ожекенева бакыт давлетчановна iconТемирбаев Бакыт Ганиевич Щарбақты аудандық Маслихат аппараты Бөлім бастығы е-3 конкурс
...
Ожекенева бакыт давлетчановна iconАннотация диссертации на соискание ученой степени доктора философии (PhD) по специальности 6D110100 – Медицина Дуйсенбаевой Бакыт Сержановны
«Эпидемиологические аспекты и сравнительная оценка томографических методов диагностики при врожденных пороках сердечно-сосудистой...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kze.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов