Махамбет Өтемісұлы (1803-1846) Шығармашылығы icon

Махамбет Өтемісұлы (1803-1846) Шығармашылығы



НазваниеМахамбет Өтемісұлы (1803-1846) Шығармашылығы
страница4/4
Дата конвертации13.12.2012
Размер0,5 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4
1. /Махамбет ?тем_с?лы.docМахамбет Өтемісұлы (1803-1846) Шығармашылығы

Екі тарлан бөрі едім”


Исатай сияқты, Махамбет те "қорлықта жүрген халқыма бостандық алып берем" деп күндіз-түні жорытқан жансебіл ер, жүрек жұтқан батыр. Осы шыңдықты ақын "Баймағамбет сұлтанға айтқаны" толғауында халық ұғымындағы өжеттік пен қайсарлықтың символы бөрі образы, онда да тарлан бөрі образы арқылы сипаттайды. "Екі тарлан бөрі едім" деуі Исатай екеуі қолдасып көтерген бостандық туының астына жиналған көтерілісшілер ұғымындағы өздерінің бейнесін дәл береді. Ақын осы өлеңінде: “Ергескен дұспанға қызыл сырлы жебе едім”, “Мен құстан туған құмаймын ”, “Мен қара құстан туған халқпа” десе тағы бір өлеңінде:

Он екі төбет, шұнақ хан,

Шабатының ел екен,

Күндейтінің мен екен,

Боз ағаштан биік мен едім,

Хан ұлына қас болу,

Қара ұлына дос болу

Ел құтқарар ер едім-

Мендей ерге жөн екен,-

Жандаспай ақыры бір тынбан.

деп өмірлік жолын; бағыт-бағдарын біржолата таңдап алады. Оның осы бетінен өле-өлгенше қайтпағанына өлендері ғана емес, бүкіл тарих куә.

Махамбет нақты істің адамы. "Хан ұлына қастығы" мен "қара ұлына достығын" сөзбен емес, іспен дәлелдейді.

Дұшпанда кеткен сол көптің

Ежелден бергі кегі үшін,

Көптің жинап мол күшін, -


ата жауына қарсы аттанады.

Ол –қара басының қамы дегенді білмейтін елі үшін туған ер. Махамбет"Айныман"деген өлеңінде өмірлік мақсат-мұратын:

Айтса-дағы, айныман, көлденеңнің сөзіне,

Әшкере болған ісім бар жайылған жұрттың көбіне.

Кеткенім жоқ олжа үшін, кетіп едім елімнен

Атаңа нәлет Жәңгірдің қан жылатқан заңы үшін,

Баданамды баса бөктеріп, қасыма жаттан жолдас ертіп

Күн-түн қатып жүргенім —

Ана Нарында жатқан

Жас баланың қамы үшін,-

Деп нақтылап көрсетеді.

Махамбет-батыл қимылдың, нар тәуекелдің адамы. Оған достықта да, қастықта да солқылдақтық деген жат. Исатай мен Махамбет бастаған ауыр қол Жасқұстағы хан ордасын қоршағанда, "құрулы жатқан жебеге құрсағынан шалдырып", яғни әккі ханның арбауына түсіп, Исатай солқылдақтық жасайды. Міне, осындай көрегендік те, батылдық пен шешімділік те сыналатын қиын сәтте Махамбет "асқар таудай арқа тұтқан ағасына, ақ кіреуке жағасына":

Хан баласы Қабан-ды,

Қайрылып соқса, жаман-ды,

Шабар күнің бүгін-ді

Бүгіннен кейін қиын-ды,-

деп батыл қарсы шығады. Онысымен де қоймай, "көк бедеуін сауырлап", "Хан ордасын шабайық!" деп ұрандап, көтерілісшілерді үш айналып шығады.

Махамбет-құр тәуекелдің, жөн-жосықсыз "қыр да шаптың" адамы емес. Көтерілісшілерді қандай қауіп-қатер, қиындықтар күтіп түрғанын турашыл, шыншыл ақын жасырмайды, қылдай да кемітіп не боямаламайды, қайта күрес жолының ауырлығын ашық айтады. Бұл, бір жағынан, ақынның биік адамгершілігін көрсетсе, екінші жағынан, күрес туының астына оның мұраттарына шын берілген, алған бетінен кайтпайтын нағыз ерлерді жинауды мақсат еткенін көрсетеді. Ерлік туралы гимн деуге болатын "Ереуіл атқа ер салмай" атты толғауы бастаған біраз өлеңдері — соның дәлелі. Бір ғажабы, өзі сол талаптарға толық сай ер бодды, "ту сыртынан етін бұзбай" алмады, "қабырғасын бір-бірлеп сөкпеді" демесең, Махамбет ерлік сынағынан түгел өтті. Қасында "қаумалаған қарындасы жоқ", "жай, қоныстан айырылып, қаңғырып жүрген қарашыға" айналған кезінде де, абыржып, шарасызданудың орнына:

Боз ағаштан биік мен едім-

Бұлтқа жетпей шарт сынбан.

Ел құтқарар ер едім-

Жандаспай ақыр бір тынбан,-

Томағалы сұңқар мен едім –

Толғамалы найзамен

Толықсып жауға шапқанда,

Бір озғаным жұртымнан, -

дегені досы түгіл, қасы да мойындайтын шындық болатын.

Махамбет те ет пен сүйектен жаралған адам. "Баданасын теріс бөктеріп", "жауырынынан жел өтіп, кірпігіне мұз тоңып", "күн-түн қатып жүрген" еңбегі еш болып, дұшпандарының табалап, айыздары қанғанын көргенде, намысқой батыр көкірегі қарс айырылып қайғырады, жүрегі шерге толып мұңаяды. Бұл туралы "Қайда бар?" деген өлеңінде ақын жеріне жеткізе айтқан.

Қатын-бала, қара орман —

Баршасын жауға алдырған.

Құрулы тұрған жебеге

Құрсағынан шалдырған —

Асыра келіп ойласам,

Бұл фәнидің жүзінде

Махамбеттей зарығып,

Мұңды болған қайда бар?!-

дейді ызалы ақын ағынан жарылып. Бұл аз десеңіз, "Қақақулап шақырмай" деген өлеңінде:

Қақақулап шақырмай,

Қанды көбік түкірмей

Бұзбай құлан пісірмей,

Мұз үстіне от жақпай,

Қу найзаға сүйеніп,

Құр далада зар қақпай,

Жалғыз жүріп, ат бақпай,

Қабағыма қарыс сүйем мұз қатпай,

Қапыда қалған қасқамын,

Қақ жүректен найза түйретпей!

Жалғыз қалдым,

Адасып қалған үйректей...-

деп аһ ұрады. "Бір ғана күрсінуінің өзі осындай. Батырдың ыза мен кекке қайнап аһ ұрған өкінішін бұдан артық қалай айтып жеткізуге болады. Болмайды. Мүмкін емес. Ол үшін тек Махамбет керек", — дейді академик 3. Қабдолов.

Бірақ бойын тез жиып, қатайып алған айбынды батыр:

... Алты сан алаш ат бөліп,

Тізгінін берсе қолыма,

Заулар едім бір көшке.

Немесе:

Ісім жөнге келгенде,

Қамалаған көп дұшпан

Әлде де қойдай қылып айдармыз, —

деуі бастапқы бетінен қайтпағанына дәлел. Бұл өлеңдердің Исатай өлгеннен кейін айтылғаны мазмұнынан көрінеді. Исатай бардағыдай қосшы ретінде сөйлемей, бастаушы ретінде сөйлейді.

Махамбет ерлерден шыдамдылықты, төзімділік пен жаужүректілікті талап етіп қана қоймады, сын сағатта, қиын кезде олардың жігерін қайрап, дем беріп отырған. Тегінде Махамбет қай істе де көзқарасының, дос пен қасқа қатынасының айқындығымен ерекшеленген. Мұны: "тыңда, халық, әлеумет, көп кісіден анықпын", — деп, өзі де ашып айтқан.

"Әрәйна" деген өлеңінде:

Ел шетіне жау келсе,

Азамат ердің баласы

Намысына шыдай ма?-

деп, азаматтың асыл қасиеті намысын қайраса, тағы бірде:

Арғымақ жалсыз, ер малсыз.

Алланың не берері болжамсыз,

Жолдастарым, мұңайма, —

дейді.

"Мұңайма" атты өлеңінде:

Ханның ісі қатайды,

Қанды көбе киініп.

Бір Аллаға сиынып,

Ұрандап жауға тигенде,

Кім жеңері талай-ды,

Жолдастарым мұңайма!-

деп, көтерілісшілерді жігерлендіреді және осындай бір көптің көңілі күпті сәтте, "Алланың не берері болжамсыз", "кім жеңері талай-ды" деген сияқты бірден-бір мүмкін болатын әрі ақиқат, сонысымен әсерлі сөзді тауып айтады. Тегінде Махамбет — қай жерде нені және қалай айтудан қапы жібермейтін сұңғыла, керемет психолог ақын.

Махамбетте адамдық үлкен жүрек бар. Ол халыққа жаны ашумен қатар, елін, жерін, сүйікті жары мен балаларын аңсап, сағынады. Соларды ойлап, қайғырады, күйзеле күрсінеді. "Адыра қалған Нарын" өлеңіндегі:

Алақандай Нарында,

Ата менен ана бар,

Іні менен аға бар,

Қарындас халқым көп қалды-ау.

Қатын менен бала бар,

Жалғыз ұлым Махмұт.

Бекетай кұмның ішінде,

Жалғыз калған о да бар,-

деген ақын жанының терең түкпірінен жарып шыққан осынау жолдарда қаншама сағыныш, айтылмаған арман мен мұң бар десеңізші. Тағы бір өлеңінде ("Шашылу") ел-жұртын, үй ішін еске түсіре келе:

Қосылған жаста арудың

Көре алмай кеттім құлашын,-

деп бір өкіне күрсініп алып, ізінше ой-сезімін өзіне тоқтау боларлық басқа арнаға бұрып жібереді. Өйтпегенде қайтсін, қорлықтағы халқын құтқаруға өзіне-өзі берген серті қайтпас қайсар ақынды бұл тақырыпты әрі қарай жырлап, іштегі шерін шығаруға жібермеді. Бұл отты сезім жүрегінің түбінде қамалып, үнсіз шыдаған ақын жанын күйдірді де жатты.

Махамбет-сөзі мен ісінің арасы ашылмаған, сызат түспеген ақын. Ол бір өлеңінде "Халық қайғысын айтуға хан ұлынан тайсалман" десе, басқа бір жерде "Дұшпанына келгенде, тартынбай сөйлер асылмьш" дейді. Ақынның бұл айтқандарында қылаудай да әсірелеу жоқ. Оған әйгілі "Баймағамбет сұлтанға айтқаны" деп аталатын толғауы дәлел. Айдатып әкелген билеуіпіге ақын іштегі бар запыранын ақтарып салады.

Мен бір шарға ұстаған қара балта едім,

Шабуын таппай кетілдім,

Қайраса қайта жетілдім,—

дейді ақын салған жерден. Қара балта образында бүкіл Махамбет бар: төңкеріске дейінгі және төңкеріс кезіндегі ("шарға ұстаған"), жеңілістен және Исатай қазасынан кейін ("шабуын таппай кетілдім"), ең соңында болашақтағы ("қайраса қайта жетілдім"). Бұдан артық батырлық, қайсарлық, бұдан өткен ақындық, айтқыштық болмас, сірә. Бірақ Махамбет —жау қолына түскен екем деп ұнжырғасы түсіп, жаситын, тоқырайтын жан емес. Ол — ар-намысына дақ түсірмейтін арыстан ер.

Ей, тақсыр-ау, ей, тақсыр!

Бойың жетпес биікпін-

Бұлтқа жетпей шарт сынбан.

Шамдансам шалқамнан түсер асаумын,

Шамырқансам, шатынап сынар болатпын.

Көр қылар деп, тақсыр-ау!

Аяғыңа бас ұрман.

Байеке сұлтан, ақ сүйек,

Қыларың болса қылып қал-

Күндердің күні болғанда,

Бас кесермін-жасырман!

Махамбет сықылды ұлы жырау, жүрек жұтқан батыр болмаса, мұндай сөздерді жүрегі дауалап, өнер құдіреті жетіп айта алған басқа бір адам болды ма екен тегі?!

Халық ұғымында биік терек жалпақ жұртқа әйгілі, даңқты кісіні білдіреді. Оның құлауын, өлімін байтақ ел біліп, аза тұтады. Ақынның Исатайдың өлімін заңғар теректің құлауымен бейнелегені белгілі. Сезімтал ақын, өткір ақыл иесі Махамбет қайсы бір сәтте өзінің де теректей құлап түсетін шағы жақындап қалғанын сезінгендей. Ол өзінің өлімін түбін қазған бәйтеректің толқуменен кұлауы түрінде елестетті. Бұл қисынды да еді.

Отаршылар мен хан, төрелер осынау зәулім теректің түбін қазғылағалы қашан. Бірақ ол жалп етіп құлай салмақ емес. Ол жауларының үрейін ұшырып, достарының қабырғасын қайыстырып, толқуменен құламақ. Сөйтіп, Махамбет өлеңдерінде Исатайға қоса оның өзінің де қайтпас батыр, қайсар күрескер, дауылпаз ақын ретіндегі өршіл де асқақ бейнесі жасалған.

Өлең құрылымы мен тілі

Махамбет өлеңдерінің ортақ тақырыбы - Исатай екеуі бастаған ұлт-азаттық көтерілісі. Оның поэзиясының осы ерекшелігі өлең құрылымы мен тілінің ерекшелік сипаттарьш белгілеген. Махамбет бұрыннан бар өлең пішіндері мен тілдің көркемдік тәсілдерін көтеріліс рухына, халықты күреске үндеу,

ерлікті мадақтау талаптарына сәйкес үлкен шеберлікпен әрі жаңғырта, жаңарта пайдаланады. Махамбеттің өлең-толғаулары күрес, тартыс, шайқас, шабуыл үстінде, шаршы топ алдында айтылды. Тыңдаушылары - қарапайым халықтың ұғымына қонымды, жиынды рухтандырып, қанын қыздыратындай жалынды сөз, екпін-ырғақпен айтылуы керек болды.

Оның үстіне, суырып салма ақынның зор шабытпен төпеп, нөсерлете, үдете жырлауына үйлесетін форманы қажетсінетіні белгілі. Сондықтан Махамбет өлеңдеріне көтеріліс идеясын мазмұн етіп алды да, формасына, яғни өлшем-пішіні мен тіліне келгенде, халық поэзиясында бар өлшемдер мен тілдік нақыштарды пайдаланды. Махамбет өлеңдерінің басым көпшілігі 7-8 буындық жыр өлшемімен айтылған. Өйткені жыр — көтеріліске шақырып, күреске үндеген, ерлікті сипаттаған төкпе ақынның тебіренісіне қолайлы, екпінді, жүрдек, ағынды өлең. Ол қимыл мен іс-әрекетті, адамның ашу, қайғы, күйзеліс, шамырқаныс сияқты күйлері мен тебіреніс-толғаныстарын жеткізуде қара өлеңге қарағанда жеңіл де әсерлі болған. Ырғағы, ұйқасы да төгіліп, жүйткіп, жосылып кете барады. Бұған жырдың ішкі ұйқастары мен дыбыс қайталауларын қосқанда, Махамбеттей арынды ақынның қолайынан шығады. Жыр - тыңдарманға, оның құлағы мен көкейіне арналған, белгілі бір әуен-сазбен орындалатып поэзия. Сондай-ақ жырда ұйқас жылжымалы келеді, жақыннан да, ұзақтан да қайтарыла береді, бұл—ақынға белгілі бір дәрежеде еркіндік береді, ол еркіндікті ақын өлеңінің мағыналық, көркемдік тұтастығы үшін пайдаланады.

Мысалы, Махамбет "Баймағамбет сұлтанға айтқаны" деген толғауында бір күрделі ойды баяндайтын, ондаған жолдан тұратын шұбыртпалы ұйқасты шумақтан жаңасына көшерде: "Ей, тақсыр-ау, ей, тақсыр", "Мен, мен едім, мен едім" жолдарын сәтті пайдаланады. Алғашқысы қаратпа сөз түрінде айтылса, соңғысы:

Мен-мен едім, мен едім!

Мен Нарында жұргенде

Еңіреп жүрген ер едім,-

болып шумақтың құрамына кіреді әрі ұйқасты бастап береді. "Аймақ та аймақ, аймақ көл", "Ау, қызғыш құс, қызғыш құс", "Мінкен де, мінкен, мінкен ер", "Мұнар да мұнар, мұнар күн" сияқты жолдар да сол сияқты. Мұндайды ақынның ә дегенде сөз тауып, жолды (шумақты) толтыра алмауынан қолданған тәсілі деуге болмайды. Мұны ақынның эпостық жырлардағы — "бұлғыр, бұлғыр, бұлғыр тау", жыраулар

поэзиясындағы: "Тоғай, тоғай, тоғай су, тоғай қондым, -өкінбен" (Доспамбет), "Алп, алп, алп басқан, Алп басқан арабы торым өзіңсің" (Шалгез) үлгісінде тудырған стильдік тәсілі деп білу керек. Ассонанс -дауысты дыбыстардың қайталануы, аллитерация — дауыссыз дыбыстардың қайталануы қай өлеңге де, соның ішінде қара өлеңге де тән. Бірақ осы дыбыс қайталауларының екі түрі де жырда көбірек. Жыр үлгісіндегі өлең-толғауларында оларды Махамбет те жиі пайдаланады, бұл тәсіл өз кезегінде өлеңнің көркемдік әсерін арттырады.

Талма тал түс шағында.

Тай жеген тарлан бөрі едік.

немесе:

Қамалаған жаудан қайтпаған,

Қайнаған қара болаттай.

Қарсы біткен жүрегім.

Алғашқы екі жолда сөз басында дыбысы “Т” 5 рет қайталанып келсе, соңғы үш жол өлеңде “Қ” дыбысы да 5 рет қайталанған. Бұлар аллитерация. Ал:

Еділ үшін егестік,

Жайық үшін жандастық,

Қиғаш үшін қырылдық,

Тептер үшін тебістік,

Теңдікті малды бермедік,

Теңсіздік малға көнбедік,—

дегенде, дыбыстық қайталаудың екі түрі де шешендік тапқырлықпен пайдаланылған да, өлеңге үлкен серпінділік беріп, мағыналық әсерін анағұрлым күшейтіп жіберген.

Алты сан алаш ат бөліп...

немесе:

Алақандай Нарында,

Ата менен ана бар, -

деген сияқты ассонанстық қайталаулар да Махамбет поэзиясында аз емес. Махамбет өлендері, әрине, 7-8 буынды жыр үлгісінде ғана шығарылмаған. Онда, аз болса да, қара өлең түрі де кездеседі. Мысалы,

Мінгені Исатайдың Ақтабан-ай

Сүт беріп, сұлы беріп баптағаны-ай.

Зеңбірек үш атқанда дарымады,

Құдайдың, міне, кара, сақтағаны-ай!

Сонымен бірге Махамбетте буын саны әр түрлі (8-12,т. б.) жолдардан тұратын өлеңдер де баршылық.

Арғымақ жалсыз, ер малсыз,

Алланың не берері болжаусыз-

Жолдастарым, мұңайма!

Немесе:

Шамдансам, шалқамнан түсер асаумын,

Шамырқансам, шатынап сынар болатпын.

Соңғы мысалға көп буынды ырғақтылыққа ш дыбысының төрт дүркін қайталануы да үлкен бейнелілік дарытып тұр.

Махамбет өлеңдерінде, негізінен, ұйқастың үш түрі: шұбыртпалы ұйқас, кезек ұйқас, ерікті ұйқас түрлері кездеседі.

Махамбет поэзиясы тілінің де өзіндік сипаттары мол. Ең алдымен, ақын өлеңдері сөз байлығымен және тілінің бейнелілігімен, суреттілігімен ерекшеленеді. Лексикасы жағынан ақын тілінде сол кездегі сөйлеу тілінен басқа батырлар жыры мен жыраулық поэзия тілінің белгілері кездеседі. Халықтығы жағынан алғанда, Махамбет өлендерінің тілі—ең бір таза тіл болып табылады. Әрине, онда кейбір көнерген сөздер, ішінара жергілікті тілдік қолданыстар бар.

Махамбет поэзиясы метафора, теңеу, әсірелеу, эпитеттерге бай және олар ақынның әдеби өңдеуінен өткен, күнделікті сөйлеу тілінде ұшыраса бермейтін аса бір көркем үлгілер болып келеді. Ақын бұл жағынан үлкен ізденістерге барып, бұрыннан бар, дәстүрлі көркем сөз үлгілерін жаңғырта, жаңарта пайдаланды, өзі жаңаларын жасады. Ол әрбір өлеңнің идеясына, рухына сай тілін де түрлендіріп отырды. Өршіл романтизмге немесе шешендік сұрауларға құрылған өлеңдерінің тілінде шеңдескен асқақ метафора, теңеу, эпитет, әсірелеу басым. Элегиялық өлеңдерінің тілі мұң, аңсар, елегізу түріндегі көңіл күйін тудырады.

Арғымаққа оқ тиді-

Қыл мықынның түбінен.

Ер жігітке оқ тиді-

Ауыз омыртқаның түбінен.

Жантайып жатып көп іштім,

Жаздықтың шалшық көлінен.

Қайтейін енді, дүние- ай,

Жағдайсыз кетіп барамын,

Қасымда көмектің кемінен,—

деген жолдардан ақынның әлем-тапырық жан күйін танып, алдағы тағдырына алаң боламыз. "Әуелеп ұшқан қызғыш кұс" тек Махамбет поэзиясындағы емес, жалпы қазақ поэзиясындағы ең көркем элегиялык өлең болып табылады.

Махамбет поэзиясының тілі өте бай, суретті және бір ғажабы — оның осыдан 150 жылдан астам бұрын дүниеге келгені көп байқалмайды. Махамбет өлеңдерінде әр сөз өзіне ғана тиісті орнында қолданылады. Сондықтан ол өлеңнің мәнін де, сәнін де келтіріп тұрады. Махамбетте шешендік толғау, нақыл (афоризм) түрінде айтылып:

Аз сөйлер де көп тыңдар

Хас асылдың баласы,-

деген сияқты бүгінде мақал, нақыл сөзге айналып кеткен жолдар мен шумақтар аз емес.

 
1   2   3   4




Похожие:

Махамбет Өтемісұлы (1803-1846) Шығармашылығы iconМахамбет Өтемісұлы
Жанқұс жерінде дүниеге келеді. — 1846 ж. 20қазан, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысының Махамбет ауданында қайтыс болады ) — қазақтың...
Махамбет Өтемісұлы (1803-1846) Шығармашылығы iconЖоспар Кіріспе і-тарау. Махамбет Өтемісұлы Махамбет Өтемісұлының өмірбаяны. Махамбет пен Исатай бастаған көтеріліс. Іі-тарау. Махамбет Өтемісұлы қазақ әдебиетінде.
Жалпы, қазақ батырлары туралы әңгіме, мәңгілік тақырып. Мұнда біздің ұлттың ғұмыр бойғы трагедиясы, тағдыры мен азабы, қаһармандығы...
Махамбет Өтемісұлы (1803-1846) Шығармашылығы iconМахамбет Өтемісұлы жалында жауынгер ақын
Исатай батыр бастаған көтерілісші сарбаздар жүрегіне сенім ұялатқан,жігер қосқан. Махамбет жырларының құдіретті күші оқырмандарды...
Махамбет Өтемісұлы (1803-1846) Шығармашылығы iconРукописное наследие поручика Я. П. Гавердовского по истории, географии и этнографии Казахской степи. 1803 год
Россию в 1803 году, с кратким уведомлением об отправлении посольства в азиатское владение // История Казахстана в русских источниках...
Махамбет Өтемісұлы (1803-1846) Шығармашылығы iconПәні: қазақ әдебиеті Тақырыбы: «Махамбет-өршіл ақын» Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ
Мақсаты: Жалынды ақын Махамбет өмірі мен шығармашылығына тоқталу. Жырларының негізгі ерекшеліктерін, әлеуметтік мәнін ашу
Махамбет Өтемісұлы (1803-1846) Шығармашылығы iconАҚпараттық хат м.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті 2013 жылдың 23 қараша күні өтетін Махамбет Өтемісұлының 210 жылдығына арналған дәстүрлі «v махамбет оқулары»
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті 2013 жылдың 23 қараша күні өтетін Махамбет Өтемісұлының 210 жылдығына...
Махамбет Өтемісұлы (1803-1846) Шығармашылығы iconДокументи
1. /ОТВЕТЫ ПРАВИЛЬНЫЕ/Правильные МСХТ(120).doc
2. /ОТВЕТЫ...

Махамбет Өтемісұлы (1803-1846) Шығармашылығы iconНазвание курса: опд в туризме
...
Махамбет Өтемісұлы (1803-1846) Шығармашылығы iconҚҰлмалиева с. С. Студенттердің өздік жұмыстары
Баспаға М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті жаратылыстану факультетінің оқу-әдістемелік советі ұсынған....
Махамбет Өтемісұлы (1803-1846) Шығармашылығы iconV облыстық Махамбет оқуларының жүлдегерлер тізімі «Ел құтқарар ер едім»

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kze.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы