|
"Бюджеттiк мониторинг жүргiзу нұсқауын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2009 жылғы 16 ақпандағы № 68 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 4 қазандағы № 453 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 30 қазанда № 8046 тіркелді БҰЙЫРАМЫН: 1. «Бюджеттiк мониторинг жүргiзу нұсқауын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2009 жылғы 16 ақпандағы № 68 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 5574 болып тiркелген) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Бюджеттiк мониторинг жүргiзу нұсқауында: 26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «26. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне тәуелді емес объективті себептерге мыналар жатады: бағамдық айырма; форс-мажорлық жағдайлар (көзделуі, қандай да болмасын іс-шаралармен алдын алуы немесе жойылуы мүмкін емес жағдайлар); бағаның және тұтынудың заттай көлемінің өзгеруі есебінен қалыптасқан түгел пайдаланылмаған қаражат қалдығы; бос орындардың болуы, ақысыз демалыстар беру және еңбекке уақытша жарамсыздық парақтары бойынша төлемдер есебінен ағымдағы шығындар бойынша үнемдеу; ол бойынша Үкіметтің шешімдері қабылданбаған бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінбеген қалдық; бюджет қаражатын алушылардың жоспарланғанға қарағанда іс жүзіндегі санының азаюы; кредиттер, қарыздар бойынша сыйақы (мүдде) ставкасының өзгеруі;»; 39-тармақтың ^ мынадай редакцияда жазылсын: «5) 17-бағанда бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне тәуелді емес объективті себептер бойынша қалыптасқан орындамау сомасы көрсетіледі: бағамдық айырма; форс-мажорлық жағдайлар (көзделуі, қандай да болмасын іс-шаралармен алдын алуы немесе жойылуы мүмкін емес жағдайлар); бағаның және тұтынудың заттай көлемінің өзгеруі есебінен қалыптасқан түгел пайдаланылмаған қаражат қалдығы; бос орындардың болуы, ақысыз демалыстар беру және еңбекке уақытша жарамсыздық парақтары бойынша төлемдер есебінен ағымдағы шығындар бойынша үнемдеу; бюджет қаражатын алушылардың жоспарланғанға қарағанда іс жүзіндегі санының азаюы; кредиттер, қарыздар бойынша сыйақы (мүдде) ставкасының өзгеруі;»; 5 және 8-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік рәсімдер әдіснамасы департаменті (А.Н. Қалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ақпараттық технологиялар департаментi (Д.Ж. Күнтубаев) «Бюджеттiк процесс мониторингi» бағдарламалық қамтымына тиісті өзгерістер енгізсін. 4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. Министр Б. Жәмішев Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 4 қазандағы № 453 бұйрығына 1-қосымша Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқауына 5-қосымша ^ Ағымдағы жылдың басынан «__» ________ жағдай бойынша бересіні талдау мың теңге
^ мың теңге
Ескерту: бюджетті атқару жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органдар осы нысанды облыс бюджеті, облыстық бюджеттің өзі, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті, аудандар (облыстық маңызы бар қала) бюджеттері бөлігінде толтырады. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 4 қазандағы № 453 бұйрығына 2-қосымша Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқауына 8-қосымша 200___ жылғы ________________ жағдай бойынша бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) іске асыру мониторингiнiң нәтижелерi туралы есеп Бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi ___________________ Бюджеттiң түрi ___________________ Есептi кезең ___________________ Өлшем бiрлiгi
кестенің жалғасы:
кестенің жалғасы:
Ескерту: * 13-бағанды бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi ағымдағы жылғы 9 айдың қорытындысынан бастап ағымдағы жылдың соңына дейін толтырады. Орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы орган жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға)/мемлекеттік мекеме басшысы __________ _________________________ (қолы) (қолды таратып жазу) Қаржы қызметiнiң басшысы ___________ ________________________ (қолы) (қолды таратып жазу) |
![]() | Бюджеттiк мониторинг жүргiзу нұсқауын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2009 Республикасы Қаржы министрiнiң 2009 жылғы 16 ақпандағы n 68 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2009 жылғы 3... | ![]() | Бюджеттiк есепке алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Республикасы Қаржы министрiнiң 2009 жылғы 16 қарашадағы n 495 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2009 жылғы 3... |
![]() | Мемлекеттiк мекемелердiң және бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк есептiлiктi жасау мен ұсынудың ережесiн бекiту туралы Азақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2009 жылғы 27 ақпандағы n 89 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2009... | ![]() | Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну ережесiн бекiту туралы Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 19 мамырдағы n 233 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2010 жылғы 15... |
![]() | Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну ережесiн бекiту туралы Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 19 мамырдағы n 233 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2010 жылғы 15... | ![]() | "Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасының кейбiр мәселелерi" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрiнiң мiндетiн атқарушының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы n 265 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасының кейбiр мәселелерi Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрiнiң... |
![]() | "Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 30 желтоқсандағы №1441 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 30 желтоқсандағы... | ![]() | Салық есептiлiгі нысандарын және оларды жасау Ережелерiн бекiту туралы «Салық есептiлiгі нысандарын және оларды жасау Ережелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы... |
![]() | Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен жүзеге асырылатын тексерулердi есепке алу және бақылау, бiрыңғай мемлекеттiк тiркеу жүргiзу туралы Нұсқаулықты бекiту жөнiнде Азақстан Республикасы Бас прокурорының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы №71 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2010... | ![]() | Қазақстан Республикасы мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары лауазымдарының санатына бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы Азақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрiнiң 2013 жылғы 28 тамыздағы №392 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде... |