Электрондық мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы icon

Электрондық мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы



НазваниеЭлектрондық мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы
Дата конвертации23.05.2013
Размер145.08 Kb.
ТипДокументы
источник

Электрондық мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкiмдiгiнiң 2012 жылғы 29 қарашадағы N 4354/1 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2012 жылғы 14 қаңтарда № 2821 тiркелдi


ҮЗIНДI:


Өскемен қаласы әкiмдiгiнiң
29 қарашадағы 2012 жылғы № 4354/1
қаулысымен бекiтiлген

«Үйде тәрбиеленетiн және оқитын мүгедек балаларды материалдық
қамтамасыз ету үшiн құжаттар ресiмдеу» электрондық мемлекеттiк
қызметiнiң регламентi

1. Жалпы ережелер

      1. «Үйде тәрбиеленетiн және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшiн құжаттар ресiмдеу» электрондық мемлекеттiк қызметi «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiм» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – қызмет берушi) және «электрондық үкiметтiң» веб-порталы (бұдан әрi – портал) www.e.gov.kz арқылы көрсетiледi.
      2. Электрондық мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 7 сәуiрдегi № 394 «Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы» қаулысымен бекiтiлген «Үйде тәрбиеленетiн және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшiн құжаттар ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет стандарты (бұдан әрi – Стандарт) негiзiнде көрсетiледi.
      3. Электрондық мемлекеттiк қызметтi автоматтандыру дәрежесi: iшiнара автоматтандырылған (медиа-алшақтықты қамтымайтын электрондық мемлекеттiк қызмет).
      4. Электрондық мемлекеттiк қызмет көрсетудiң түрi: транзакциялық қызмет.
      5. Осы « Үйде тәрбиеленетiн және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшiн құжаттар ресiмдеу» электрондық мемлекеттiк қызметiнiң осы регламентiнде (бұдан әрi – Регламент) пайдаланылатын ұғымдар мен қысқартылулар:
      1) ақпараттық жүйе (бұдан әрi – АЖ) – аппараттық-бағдарламалық кешендi қолданумен ақпаратты сақтау, өңдеу, iздеу, тарату, тапсыру және беру үшiн арналған жүйе:
      2) ЖАО – жергiлiктi атқарушы орган;
      3) ЖАО АЖ – жергiлiктi атқарушы органның ақпараттық жүйесi;
      4) жеке сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрi – ЖСН) – жеке тұлға, оның iшiнде жеке кәсiпкерлiк түрiнде өзiнiң қызметiн жүзеге асыратын жеке кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр;
      5) ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бiрлiктер;
      6) медиа-алшақтық – құжаттарды электрондық нысаннан қағаз немесе керсiнше нысанға өзгерту қажет кезiнде қызметтердi көрсету үдерiсiнде қағаз және электрондық құжат айналымының кезектесуi;
      7) пайдаланушы – оған қажеттi электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшiн ЖАО қызметкерiне жүгiнетiн және оларды пайдаланатын субъект;
      8) транзакциялық қызмет – электрондық цифрлық қолтаңбаны қолданумен өзара ақпарат алмасуды талап ететiн, пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды беру жөнiндегi қызмет;
      9) ҰКО АЖ – Қазақстан Республикасының ұлттық куәландыру орталығының ақпараттық жүйесi «электрондық үкiметтiң» веб-порталы (бұдан әрi – ЭҮП) –нормативтiк құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкiметтiк ақпаратқа және электрондық мемлекеттiк қызметтерге қолжетiмдiлiктiң бiрыңғай терезесiн бiлдiретiн ақпараттық жүйе;
      10) электрондық сандық қол қою (бұдан әрi – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесiлiлiгiн және мазмұнның тұрақтылығын растайтын электрондық цифрлық таңбалардың жиынтығы;
      11) электрондық мемлекеттiк қызмет – ақпараттық технологияларды пайдаланумен электрондық нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет;
      12) электрондық құжат – ақпарат электрондық-сандық нысанда берiлген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
      13) «электрондық үкiмет» шлюзi (бұдан әрi – ЭҮШ) – электрондық қызметтердi жүзеге асыру аясында «электрондық үкiмет» ақпараттық жүйелерiн шоғырландыруға арналған ақпараттық жүйе;
      14) ЭҮӨШ – «электрондық үкiметтiң» өңiрлiк шлюзi.

^ 2. Электрондық мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша қызмет
берушi қызметi әрекетiнiң тәртiбi

      6. ЖАО арқылы iшiнара автоматтандырылған электрондық мемлекеттiк қызмет көрсету кезiндегi адымдық әрекеттерi және шешiмдерi осы Регламенттiң 1 қосымшасында келтiрiлген:
      1) тұтынушы қызмет алу үшiн ЖАО хабарласып, өзiмен бiрге Стандартта көрсетiлген өтiнiш және қажеттi құжаттардың түпнұсқаларымен өтiнiш жасайды. ЖАО қызметкерiмен өтiнiшi мен құжаттарының түпнұсқалылығы тексерiледi;
      2) 1 – үдерiс – мемлекеттiк электронды қызметтi көрсету үшiн ЖАО қызметкерiмен ЖАО АЖ-ға ЖСН және паролiн енгiзу үдерiсi (авторизациялау үдерiсi);
      3) 1 – шарт – ЖАО АЖ тiркелген ЖАО қызметкерi туралы деректердiң дұрыстығын ЖСН және пароль арқылы тексеру;
      4) 2 – үдерiс – ЖАО қызметкерiнiң деректерiнде қателiктер болуына байланысты авторизациалаудан бас тарту туралы ЖАО АЖ хабарлма қалыптастыру;
      5) 3 – үдерiс – ЖАО қызметкерiмен осы Регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, қызметтi көрсету және оның құрылымы мен форматтық талаптарды ескере отырып, нысанды толтыру үшiн сұрау салу нысанын экранға шығару (деректердi енгiзу және сканерленген құжаттарды бекiту), сондай ақ ЖАО қызметкерiмен қол қою үшiн тiркеу куәлiгiн таңдау;
      6) 4 – үдерiс – мемлекеттiк электрондық мемлекеттiк қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанына (енгiзiлген мәлiметтердi, сканерленген құжаттарды) ЖАО қызметкерiнiң ЭЦҚ арқылы қол қоюы;
      7) 2 – шарт – сәйкестендiру мәлiметтерiнiң сәйкестiгiн (сұрау салудағы ЖСН-мен ЭЦҚ-ғы тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген ЖСН арасындағы), ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнiң мерзiмiн, тiзiмде керi қайтарылған (жойылған) ЖАО АЖ тiркеу куәлiгiнiң жоқ екендiгiн тексеру;
      8) 5 – үдерiс – ЖАО қызметкерiмен ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынатын электрондық мемлекеттiк қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      9) 6 – үдерiс – ЖАО қызметкерiмен электрондық мемлекеттiк қызметтiң өңделуi;
      10) 7 – үдерiс – ЖАО қызметкерiмен мемлекеттiк электронды қызметтi көрсету (үйде оқитын және тәрбиеленетiн мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшiн құжаттарды рәсiмдеу туралы хабарлама не болмаса мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап) нәтижесiн қалыптастыруы. Электрондық құжат ЖАО қызметкерiмен ЭЦҚ пайдалану арқылы қалыптастырылады;
      11) 8 – үдерiс – ЖАО қызметкерiмен электрондық мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн тұтынушының қолына беруi немесе электрондық пошта арқылы жiберуi.
      7. ЭҮП арқылы iшiнара автоматтандырылған электрондық мемлекеттiк қызметтi көрсету кезiндегi қызмет берушiнiң адымдық әрекеттерi және шешiмдерi Осы Регламенттiң 1 қосымшасында келтiрiлген:
     1) тұтынушы ЖСН және пароль көмегiмен ЭҮП тiркеуден өтуi тиiс (ЭҮП-да тiркелмеген тұтынушылар үшiн жүзеге асырылады);
      2) 1 – үдерiс – мемлекеттiк электронды қызметтi алу үшiн ЭҮП тұтынушының ЖСН және парольiн (авторизациялау үдерiсi) енгiзу үдерiсi;
      3) 1 – шарт – ЭҮП тұтынушы туралы деректердiң дұрыстығын ЖСН және пароль арқылы тексеру үдерiсi;
      4) 2 – үдерiс – тұтынушының деректерiнде бұзушылықтар болуына байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы ЭҮП хабарлманы қалыптастыру;
      5) 3 – үдерiс тұтынушының осы Регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, қызметтi көрсету және оның құрылымы мен форматтық талаптарды ескере отырып, тұтынушының нысанды толтыру үшiн сұрау салу нысанын экранға шығару (деректердi енгiзу және сканерленген құжаттарды тiркеу), сондай ақ тұтынушымен қол қою үшiн ЭЦҚ тiркеу куәлiгiн таңдау;
      6) 4 – үдерiс – мемлекеттiк электронды қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанына (енгiзiлген мәлiметтердi, сканерленген құжаттарды) тұтынушының ЭЦҚ арқылы қол қоюы;
      7) 2 – шарт – сәйкестендiру мәлiметтерiнiң сәйкестiгiн (сұрау салудағы ЖСН-мен ЭЦҚ-ғы тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген ЖСН арасындағы), ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнiң мерзiмiн, тiзiмде керi қайтарылған (жойылған) ЭҮП тiркеу куәлiгiнiң жоқ екендiгiн тексеру;
      8) 5 – үдерiс – тұтынушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына бай-ланысты сұрау салынатын электрондық мемлекеттiк қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      9) 6 – үдерiс – тұтынушының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжатын (тұтынушының сұрау салуын) ЭҮШ/ЭҮӨШ арқылы ЖАО АЖ жiберу және ЖАО қызметкерiнiң мемлекеттiк электронды қызметтi өңдеуi;
      10) 7 – үдерiс – ЖАО қызметкерiнiң мемлекеттiк электронды қызметтi көрсету (үйде оқитын және тәрбиеленетiн мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшiн құжаттарды ресiмдеу туралы хабарлама не болмаса мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап) нәтижесiн қалыптастыруы. Электрондық құжат аудандық бөлiм маманының ЭЦҚ пайдалану арқылы қалыптастырылады және ЭҮП жеке кабинетiне жiберiледi.
      8. Cұрау жасаудың экрандық үлгiлерi және ЭҮП арқылы электрондық мемлекеттiк қызмет алған жағдайда тұтынушыға ұсынылатын мемлекеттiк тiлде немесе орыс тiлiнде, электрондық мемлекеттiк қызметке өтiнiш үлгiсi электрондық үкiмет порталында келтiрiлген www.e.gov.kz.
      9. Алушының электрондық мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша өтiнiшiнiң орындалу мәртебесiн тексеру тәсiлi: «электрондық үкiмет» порталындағы «Қызметтер алу тарихы» бөлiмiнде, сонымен қатар ЖАО хабарласу арқылы.
      10. Электрондық мемлекеттiк қызмет туралы ақпаратты алу үшiн және олардың сапасын бағалау (соның iшiнде шағымдану) қажет болған жағдайда саll-орталық телефоны нөмерi бойынша алуға болады: (1414).

^ 3. Электрондық мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiндегi
өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

      11. Электрондық мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiне қатысатын ҚФБ:
      ЖАО қызметкерi.
      12. Осы Регламенттiң 2 қосымшасында әр iс-қимылдың (процедураның) орындалу мерзiмi көрсетiлген ҚФБ iс-қимылының кезектiлiгiнiң мәтiндiк кестелiк сипаттауында (процедуралар, функциялар, операциялар) келтiрiлген.
      13. Олардың сипаттамасына сәйкес (электрондық мемлекеттiк қызмет көрсету үрдiсiнде) iс-қимылының қисынды дәйектiлiгi арасындағы өзара байланысты көрсететiн диаграммалар осы Регламенттiң 1 қосымшасында (1, 2 суреттер) келтiрiлген.
      14. Электрондық мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi, соның iшiнде форматтық-логикалық бақылау ережесiн, хабарламаны көсетумен ұсынылатын бланктер үлгiлерi осы Регламенттiң 3 қосымшасында келтiрiлген.
      15. Тұтынушыларға электрондық қызмет көрсетудiң нәтижесi сапа және қолжетiмдiлiк көрсеткiшiмен осы Регламенттiң 4 қосымшасына сай өлшенедi.
      16. Тұтынушыларға электрондық мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiнде қойылатын талаптар:
      1) адамның конституциялық құқығы мен еркiндiгiн сақтау;
      2) қызметтiк борышты атқаруда заңдылықты сақтау;
      3) кәсiби этика және мәдениеттiлiктi сақтау;
      4) толық және жеткiлiктi ақпаратты беру;
      5) ақпараттың сақталуы мен құпиялылығы;
      6) тұтынушы белгiленген мерзiмде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.
      17. Электрондық мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң техникалық шарттары: электрондық мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң қолжетiмдiлiгiн қолдау құралдары (компьютер, Интернет, қоғамдық қолжетiмдi пунктi).

«Үйде тәрбиеленетiн және
оқытылатын мүгедек балаларды
материалдық қамтамасыз ету
үшiн құжаттар рәсiмдеу»
электрондық мемлекеттiк қызметiнiң
регламентiне 1-қосымша

c:\zan6\tmp\1130.jpg

c:\zan6\tmp\1131.jpg

c:\zan6\tmp\1132.jpg

«Үйде тәрбиеленетiн және
оқытылатын мүгедек балаларды
материалдық қамтамасыз ету
үшiн құжаттар рәсiмдеу»
электрондық мемлекеттiк қызметiнiң
регламентiне 2-қосымша

^ 1 кесте. ЖАО арқылы әрекеттер сипаты

1) негiзгi процесс әрекетi (жұмыс легi, барысы)

1

Әрекет № (жұмыс легi, барысы)

1

2

3

2

СФЕ, АЖ атауы

ЖАО

ЖАО АЖ

ЭҮӨШ (ЭҮШ)

3

Әрекет атауы (процесстiң, рәсiмнiң, операцияның) және олардың сипаты

Құжаттардың және өтiнiштiң түпнұсқасын тексеру, мәлiметтердi ЖАО АЖ-ға енгiзу

ЖАО қызметкерiн жүйеде авторизациялау және электрондық мемлекеттiк қызмет көрсетуге сұрау нысанын толтыру

Тұтынушы туралы деректердi алу үшiн ОМО АЖ сұрауды бағыттау

4

Аяқтау нысаны (мәлiметтер, құжат, ұйымдастыру-бөлу шешiмi)

Қызмет алуға құжаттарды және өтiнiштi қабылдау

Өтiнiшке нөмiр берумен сұрауды тiркеу

Сұрауды бағыттау

5

Орындау мерзiмi

15 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

6

Келесi әрекет нөмiрi

2

3

4




2) негiзгi процесс әрекетi (жұмыс легi, барысы)

1

Әрекет № (жұмыс легi, барысы)

4

5

6

2

әрекет № (жұмыс легi, барысы)

ЖАО

ЖАО АЖ

ЭҮӨШ (ЭҮШ)

3

СФЕ, АЖ атауы

Сұрауды орындау. Үйде тәрбиеленетiн және оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшiн құжаттар рәсiмдеу туралы шешiм қабылдау

Шығыс құжатын қалыптастыру




4

Әрекет атауы (процесстiң, рәсiмнiң, операцияның) және олардың сипаты

Үйде тәрбиеленетiн және оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшiн құжаттар рәсiмдеу туралы хабарламаны немесе негiзделген бас тартуды қалыптастыру

Шығыс құжатын қалыптастыру




5

Аяқтау нысаны (мәлiметтер, құжат, ұйымдастыру-өкiмдiк шешiмi)

10 жұмыс күнi iшiнде

1 минуттан артық емес

-

6

Келесi әрекет нөмiрi

5

6

7




3) негiзгi процесс әрекетi (жұмыс легi, барысы)

1

әрекет № (жұмыс легi, барысы)

7

8

9

2

СФЕ, АЖ атауы

ЖАО

ЖАО АЖ

ЭҮӨШ (ЭҮШ)

3

Әрекет атауы (процесстiң, рәсiмнiң, операцияның) және олардың сипаты

Шығыс құжатын құру

ЖАО қызметкерiнiң шығыс құжатына ЭЦҚ қол қоюы

-

4

Аяқтау нысаны (мәлiметтер, құжат, ұйымдастыру-бөлу шешiмi)




ЖАО қызметкерiмен ЭЦҚ қойылған шығыс құжаты

-

5

Орындау мерзiмi

Электрондық поштаға жiберiлген жағдайда 1 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

-

6

Келесi әрекет нөмiрi

8

9

-

^ 2 кесте. ЭҮП арқылы әрекеттер сипаты

1) негiзгi процесс әрекетi (жұмыс легi, барысы)

1

Әрекет № (жұмыс легi, барысы)

1

2

3

4

2

СФЕ, АЖ атауы

ЭҮП

ЭҮӨШ (ЭҮШ)

ЖАО АЖ

ЖАО

3

Әрекет атауы (процесстiң, рәсiмнiң, операцияның) және олардың сипаты

ЭҮП тұтынушыны авторизациялау, сұрау нысанын толтыру. Электрондық мемлекеттiк қызметтi алу үшiн енгiзiлген деректердiң дұрыстылығын тексеруМәлiметтердiң түпнұсқасын тексеру (тұтынушының ЭЦҚ). Өтiнiштi сақтау және ЭҮШ (ЭҮӨШ) арқылы жiберу

ЖАО АЖ сұрауды бағыттау (енгiзiлген деректердiң дұрыстылығы жағдайында)

Өтiнiшке нөмiр беру. (енгiзiлген деректердiң дұрыстылығы жағдайында)

Орындауға өтiнiштi қабылдау

(енгiзiлген деректердiң дұрыстылығы жағдайында)

4

Аяқтау нысаны (мәлiметтер, құжат, ұйымдастыру-бөлу шешiмi)

Сұраудың сәттi қалыптасуы туралы хабарламаны бейнелеу немесе сұралған электрондық мемлекеттiк қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру

Сұрауды бағдарлау (енгiзiлген деректердiң дұрыстылығы жағдайында)

ЭҮП-на ескертудi жiберу (енгiзiлген деректердiң дұрыстылығы жағдайында)

Жұмысқа қабылдау (енгiзiлген деректердiң дұрыстылығы жағдайында)

5

Орындау мерзiмi

1 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

15 минуттан артық емес

6

Келесi әрекет нөмiрi

2

3

4

5




3) негiзгi процесс әрекетi (жұмыс легi, барысы)

1

Әрекет № (жұмыс легi, барысы)

5

6

7

8

2

СФЕ, АЖ атауы

ЖАО

ЖАО АЖ

ЭҮШ/ЭҮӨШ

ЭҮП

3

Әрекет атауы (процесстiң, рәсiмнiң, операцияның) және олардың сипаты

Сұрауды орындау. Үйде тәрбиеленетiн және оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшiн шешiмдi қабылдау туралы

Шығыс құжатын қалыптастыру

ЭҮП жұмысында мәртебенi ауыстыру туралы хабарламаны бағыттау

«жұмыста» мәртебесiн бейнеленуi

4

Аяқтау нысаны (мәлiметтер, құжат, ұйымдастыру-өкiмдiк шешiмi)

Хабарламаны немесе негiзделген бас тартуды қалыптастыру

Шығыс құжатын жүйеде қалыптастыру

Бағыттау

Мәртебесiн бейнелеу

5

Орындау мерзiмi

10 жұмыс күнi iшiнде

1 минуттан кем емес

1 минуттан кем емес

1 минуттан кем емес

6

Келесi әрекет нөмiрi

6

7

8

9




3) негiзгi процесс әрекетi (жұмыс легi, барысы)

1

Әрекет № (жұмыс легi, барысы)

9

10

11

12

2

СФЕ, АЖ атауы

ЖАО

ЖАО АЖ

^ ЭҮШ/ЭҮӨШ (ЭҮШ)

ЭҮП

3

Әрекет атауы (процесстiң, рәсiмнiң, операцияның) және олардың сипаты

Шығыс құжатын құру

ЖАО қызметкерiнiң шығыс құжатын ЭЦҚ қол қою. ЭҮП қызмет көрсету мәртебесiн өзгерту туралы хабарламаны қалыптастыру

Шығыс құжатын ЭҮП шығарумен мәртебесi ауысуы туралы хабарламаны бағыттау

Шығыс құжатын көру мүмкiндiгiмен қызмет көрсетудi аяқтау туралы ескертудiң бейнеленуi

4

Аяқтау нысаны (мәлiметтер, құжат, ұйымдастыру-бөлу шешiмi)

Қол қойылған шығыс құжаты

ЭҮП шығыс құжатымен хабарламаны жiберу

Бағыттау

Шығыс құжатын бейнелеу

5

Орындау мерзiмi

1 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

6

Келесi әрекет нөмiрi

10

11

12

-

«Үйде тәрбиеленетiн және
оқытылатын мүгедек балаларды
материалдық қамтамасыз ету
үшiн құжаттар рәсiмдеу»
электрондық мемлекеттiк қызметiнiң
регламентiне 3-қосымша

^ Нысандық-логикалық бақылау ережелерiн көрсетумен, хабарламалар,
хаттар және ескертулер үлгiсiн қоса алғанда электрондық
мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi сәйкестендiрiлiп
көрсетiлетiн бланктердiң нысаны

Оң жауап

c:\zan6\tmp\1158.jpg

      Ескертулер:
      Хабардар ету өтiнiштi орындау мәртебесiнiң өзгеру шегiне қарай немесе қызмет көрсету мерзiмiн ұзартқан жағдайда берiледi. Еркiн жол хабардар ету мәтiнiмен «электрондық үкiмет» порталында жеке кабинете «Ескерту» бөлiгiнде бейнеленедi.
      Терiс жауаптың шығу үлгiсi комиссия қорытындысын қалыптастыру кезiнде бас тартуды негiздеу мәтiнiмен хат түрiнде еркiн үлгiде берiледi.

«Үйде тәрбиеленетiн және
оқытылатын мүгедек балаларды
материалдық қамтамасыз ету
үшiн құжаттар рәсiмдеу»
электрондық мемлекеттiк қызметiнiң
регламентiне 4-қосымша

^ Электрондық мемлекеттiк қызметтiң «сапа» және «қолжетiмдiлiк»
көрсеткiштерiн анықтау үшiн сауалнама нысаны

___________________________________________________
               (қызметтiң атауы)

      1. Сiздi электрондық мемлекеттiк қызметтiң көрсету үдерiсiнiң сапасы және нәтижесiне қанағаттанасыз ба?
      1) қанағаттанған жоқпын;
      2) iшiнара қанағаттанамын;
      3) қанағаттанамын.
      2. Сiздi электрондық мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi туралы ақпараттың сапасына қанағаттанасыз ба?
      1) қанағаттанған жоқпын;
      2) iшiнара қанағаттамын;
      3) қанағаттанамын.



Похожие:

Электрондық мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы iconЭлектрондық мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкiмдiгiнiң 2012 жылғы 29 қарашадағы n 4354/1 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде...
Электрондық мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы iconЭлектрондық мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкiмдiгiнiң 2012 жылғы 29 қарашадағы n 4354/1 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде...
Электрондық мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы iconЭлектрондық мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкiмдiгiнiң 2012 жылғы 29 қарашадағы n 4354/1 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде...
Электрондық мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы iconЭлектрондық мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкiмдiгiнiң 2012 жылғы 29 қарашадағы n 4354/1 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде...
Электрондық мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы iconЭлектрондық мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкiмдiгiнiң 2012 жылғы 29 қарашадағы n 4354/1 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде...
Электрондық мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы iconЭлектрондық мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкiмдiгiнiң 2012 жылғы 29 қарашадағы n 4354/1 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде...
Электрондық мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы iconМемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер тiзiлiмiн бекiту туралы
«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Электрондық мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы iconЭлектрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстиан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi №281 Қаулысы «Мемлекеттiк сатып алу туралы»
«Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңының 13-бабының 14 тармақшасына сәйкес Қазақстан...
Электрондық мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы icon«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттiк қызмет регламентi Жалпы ережелер Осы Регламент «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы»
«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандартын бекiту туралы» 2009 жылғы 31 желтоқсандағы...
Электрондық мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы iconЭлектрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу қағидаларын бекiту туралы
Егемен Қазақстан" 2012 жыл 5 маусым №292-297 (27371); "Казахстанская правда" от 05. 06. 2012 г. №169-170 (26988-26989)
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kze.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы