Электрондық мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы icon

Электрондық мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы



НазваниеЭлектрондық мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы
Дата конвертации23.05.2013
Размер176.68 Kb.
ТипДокументы
источник

Электрондық мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкiмдiгiнiң 2012 жылғы 29 қарашадағы N 4354/1 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2012 жылғы 14 қаңтарда № 2821 тiркелдi


ҮЗIНДI:


Өскемен қаласы әкiмдiгiнiң
29 қарашадағы 2012 жылғы № 4354/1
қаулысымен бекiтiлген

«Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын
үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге
мұқтаж азаматтарды есепке қою және олардың кезегi» электрондық
мемлекеттiк қызмет регламентi

^ 1. Жалпы ережелер

      1. «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және олардың кезегi» электрондық мемлекеттiк қызмет «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiмен (бұдан әрi – Қызмет көрсетушi) баламалы негiзде тұрғылықты жерi бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi – ХҚКО) арқылы немесе «электрондық үкiметтiң»: www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы көрсетiледi.
      2. Электрондық мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 8 ақпандағы № 76 «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және олардың кезегi» мемлекеттiк қызмет көрсету стандартын бекiту туралы» қаулысымен бекiтiлген «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және олардың кезегi» мемлекеттiк қызмет стандарты (бұдан әрi – Стандарт) негiзiнде көрсетiледi.
      3. Электрондық мемлекеттiк қызметтi автоматтандыру дәрежесi: iшiнара автоматтандырылған (медиа-алшақтықты қамтитын электрондық мемлекеттiк қызмет).
      4. Электрондық мемлекеттiк қызмет көрсетудiң түрi: транзакциялық қызмет.
      5. Осы «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және олардың кезегi» электрондық мемлекеттiк қызметi регламентiнде (бұдан әрi – Регламент) қолданылатын ұғымдар мен қысқартулар:
      1) АЖО – автоматтандырылған жұмыс орны;
      2) ақпараттық жүйе (бұдан әрi – АЖ) – аппараттық-бағдарламалық кешендi қолданумен ақпаратты сақтау, өңдеу, iздеу, тарату, тапсыру және беру үшiн арналған жүйе;
      3) БНАЖ – бiрыңғай нотариалдық ақпараттық жүйе;
      4) ЖАО – жергiлiктi атқарушы орган;
      5) ЖАО АҚ – жергiлiктi атқарушы органдардың ақпараттық жүйесi;
      6) жеке сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрi – ЖСН) – жеке тұлға, оның iшiнде жеке кәсiпкерлiк түрiнде өзiнiң қызметiн жүзеге асыратын жеке кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр;
      7) ЖТ МДБ – «Жеке тұлғаның» мемлекеттiк деректер базасы;
      8) ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бiрлiктер;
      9) пайдаланушы – оған қажеттi электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшiн ақпараттық жүйеге жүгiнетiн және оны пайдаланатын субъект;
      10) транзакциялық қызмет – электрондық цифрлық қолтаңбаны қолданумен өзара ақпарат алмасуды талап ететiн, пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды беру жөнiндегi қызмет;
      11) ХҚКО АЖ – халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесi;
      12) ХҚКО – халыққа қызмет көрсету орталығы;
      13) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берiлген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
      14) электрондық мемлекеттiк қызметтер – ақпараттық технологияларды пайдаланумен электрондық нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер;
      15) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрi – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дұрыстылығын, оның тиесiлiлiгiн және мазмұнның тұрақтылығын растайтын электрондық цифрлық қолтаңбалардың жиынтығы;
      16) «электрондық үкiмет» шлюзi (бұдан әрi – ЭҮШ) – электрондық қызметтi iске асыру шеңберiнде «электрондық үкiмет» ақпараттық жүйесiн шоғырландыру үшiн арналған ақпараттық жүйе;
      17) «электрондық үкiметтiң» веб-порталы (бұдан әрi – ЭҮП) – нормативтiк құқықтық базаны қоса алғанда барлық шоғырландырылған үкiметтiк ақпаратқа және электрондық мемлекеттiк қызметтерге қолжетiмдiлiктiң бiрыңғай терезесiн бiлдiретiн ақпараттық жүйе;
      18) ЭҮӨШ – «электрондық үкiметтiң» өңiрлiк шлюзi.

^ 2. Электрондық мемлекеттiк қызметтi көрсету жөнiндегi қызмет
берушi әрекетiнiң тәртiбi

      6. ЖАО арқылы iшiнара автоматтандырылған электрондық мемлекетiк қызметтi көрсету кезiндегi адымдық әрекеттер мен шешiмдер осы Регламенттiң 1 қосымшасында көрсетiлген:
      1) тұтынушы қызмет алу үшiн ЖАО хабарласып, өзiмен бiрге Стандартта көрсетiлген өтiнiш және қажеттi құжаттардың түпнұсқаларымен өтiнiш жасайды. ЖАО қызметкерiнiң тұтынушы құжаттары мен өтiнiшiнiң түпнұсқалылығын тексеруi;
      2) 1 үдерiс – ЖАО қызметкерiнiң электрондық мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн ЖАО АЖ ЖСН мен паролiн енгiзу үдерiсi (авторизациялау үрдiсi);
      3) 1 шарт – тiркелген ЖАО қызметкерi туралы деректердiң дұрыстылығын ЖСН мен паролi арқылы ЖАО АЖ тексеру;
      4) 2 үдерiс – ЖАО қызметкерiнiң деректерiнде қателiктер бар болуына байланысты ЖАО АЖ авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      5) 3 үдерiс – ЖАО қызметкерiнiң осы Регламентте көрсетiлген қызметтердi таңдауы, қызмет көрсету және оның құрылымдары мен форматтық талаптарды ескере отырып, нысанды толтыруы үшiн сұраныс нысанын экранға шығару (деректердi енгiзу және сканирленген құжаттарды бекiту), сондай-ақ қол қою үшiн ЖАО қызметкерiнiң ЭЦҚ тiркеу куәлiгiн таңдауы;
      6) 4 үдерiс – ЖАО қызметкерiнiң электрондық мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн сұраныстың толтырылған нысанына (енгiзiлген деректер, сканерленiп бекiтiлген құжаттар) ЭЦҚ арқылы қол қоюы;
      7) 2 шарт – сәйкестендiру деректерiнiң (сұраныста көрсетiлген ЖСН мен ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген ЖСН арасында) сәйкестiгiн, ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнiң әрекет ету мерзiмiн және ЖАО АЖ қайта қайтарылған (күшi жойылған) тiркеу куәлiктерi тiзiмiнде болмауын тексеру;
      8) 5 үдерiс – ЖАО қызметкерiнiң ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынатын электрондық мемлекеттiк қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      9) 6 үдерiс – ЖАО қызметкерiмен электрондық мемлекеттiк қызметтiң өңделуi;
      10) 7 үдерiс – ЖАО қызметкерiмен электрондық мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiнiң қалыптастырылуы (сұраныстың сәттi қалыптастырылған-дығы туралы хабарлама немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап). Электрондық құжат ЖАО қызметкерiнiң ЭЦҚ пайдаланумен қалыптастырылады;
      11) 8 үдерiс – ЖАО қызметкерiнiң электрондық мемлекеттiк қызмет нәтижесiн тұтынушының электрондық поштасына жiберуi арқылы немесе өз қолына беруi.
      7. ХҚКО арқылы iшiнара автоматтандырылған электрондық мемлекетiк қызмет көрсету кезiндегi адымдық әрекеттер мен шешiмдер осы Регламенттiң 1 қосымшасында келтiрiлген:
      1) 1 үдерiс – ХҚКО операторының ХҚКО АЖ АЖО қызмет көрсету үшiн логинi мен паролiн енгiзуi (авторизациялау үрдiсi);
      2) 2 үдерiс – ХҚКО операторының осы Регламентте көрсетiлген қызметтердi таңдауы, қызмет көрсету үшiн сұраныс нысанын экранға шығару және ХҚКО операторының тұтынушы деректерiн, сондай-ақ тұтынушының сенiмхат бойынша сенiм бiлдiрген өкiлiнiң деректерiн енгiзуi (нотариалдық куәландырылған сенiмхат болғанда, өзге куәландыру сенiмхаты болғанда – сенiмхат деректерi толтырылмайды);
      3) 3 үдерiс – ЭҮШ арқылы ЖТ МДБ тұтынушының деректерi туралы, сондай-ақ БНАЖ тұтынушы өкiлiнiң сенiмхат деректерi туралы сұрау салу;
      4) 1 шарт – ЖТ МДБ тұтынушы деректерiнiң, БНАЖ сенiмхат деректерiнiң барлығын тексеру;
      5) 4 үдерiс – ЖТ МДБ тұтынушы деректерiнiң, БНАЖ сенiмхат деректерiнiң болмауына байланысты деректердi алу мүмкiн еместiгi туралы хабарламаны қалыптастыру;
      6) 5 үдерiс – ХҚКО операторының сұраныс нысанындағы қағаз түрiнде құжаттарының барлығы және тұтынушы ұсынған құжаттарды сканирлеу, оларды сұраныс нысанына бекiту туралы белгiлеу бөлiгiн толтыруы және қызмет көрсету үшiн сұраныстың толтырылған нысанын (енгiзiлген деректердi) ЭЦҚ арқылы куәландыруы;
      7) 6 үдерiс – ХҚКО операторының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатын (тұтынушының сұранысын) ЭҮШ арқылы ЭҮӨШ АЖО бағыттау;
      8) 7 үдерiс – ЭҮӨШ АЖО электрондық құжатты тiркеу;
      9) 2 шарт – қызмет көрсетушiнiң тұтынушы ұсынған, Стандартта көрсетiлген құжаттардың және қызмет көрсету үшiн негiздерiне сәйкестiгiн тексеруi (өңдеуi);
      10) 8 үдерiс – тұтынушының құжаттарында бұзушылықтардың бар болуына байланысты, сұрау салынатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      11) 9 үдерiс – тұтынушының ЭҮӨШ АЖО қалыптастырылған қызмет нәтижесiн (электрондық құжат нысанындағы хабарлама) ХҚКО операторы арқылы алуы.
      8. ЭҮП арқылы iшiнара автоматтандырылған электрондық мемлекетiк қызмет көрсету кезiндегi адымдық әрекеттер мен шешiмдер осы Регламенттiң 1 қосымшасында келтiрiлген:
      1) тұтынушы ЖСН мен парольдiң көмегiмен ЭҮП тiркелуi тиiс (ЭҮП тiркелмеген тұтынушылар үшiн жүзеге асырылады);
      2) 1 үдерiс – тұтынушының қызмет алу үшiн ЭҮП ЖСН мен паролiн енгiзуi (авторизациялау үдерiсi);
      3) 1 шарт – ЖСН және пароль арқылы тiркелген тұтынушы туралы деректердiң түпнұсқалығын ЭҮП тексеру;
      4) 2 үдерiс – тұтынушының деректерiнде бұзушылықтардың бар болуына байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны ЭҮП қалыптастыру;
      5) 3 үдерiс – тұтынушының осы Регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, қызмет көрсету және оның құрылымдары мен форматтық талаптарды ескере отырып, тұтынушының нысанды толтыруы үшiн үшiн сұраныс нысанын экранға шығару (деректердi енгiзу), Стандарттың 11-тармағында көрсетiлген электрондық үлгiдегi құжаттардың қажеттi көшiрмелерiн сұраныс нысанына бекiту, сондай-ақ тұтынушының сұранысты куәландыру (қол қою) үшiн ЭЦҚ тiркеу куәлiгiн таңдауы;
      6) 2 шарт – ЭҮП-да ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнiң әрекет ету мерзiмiн және қайта қайтарылған (күшi жойылған) тiркеу куәлiктерiнiң тiзiмiнде болмауын, сондай-ақ сәйкестендiру деректерiнiң (сұраныста көрсетiлген ЖСН мен ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген ЖСН арасында) сәйкестiгiн тексеру;
      7) 4 үдерiс – тұтынушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      8) 5 үдерiс – тұтынушының ЭЦҚ арқылы қызмет көрсету үшiн сұранысын куәландыру және қызмет көрсетушiнiң өңдеуi үшiн ЭҮШ арқылы ЭҮӨШ АЖО электрондық құжатты (сұранысты) бағыттау;
      9) 6 үдерiс – ЭҮӨШ АЖО электрондық құжатты тiркеу;
      10) 3 шарт – қызмет көрсетушiнiң тұтынушы ұсынған, Стандартта көрсетiлген құжаттардың және қызмет көрсету үшiн негiздерiне сәйкестiгiн тексеруi (өңдеуi);
      11) 7 үдерiс – тұтынушының құжаттарында бұзушылықтардың бар болуына байланысты, сұрау салынатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      12) 8 үдерiс – тұтынушының ЭҮӨШ АЖО қалыптастырылған қызмет нәтижесiн (электрондық құжат нысанындағы хабарламаны) алуы. Электрондық құжат қызмет көрсетушiнiң уәкiлеттi тұлғасының ЭЦҚ пайдаланумен қалыптастырылады.
      9. ЭҮП арқылы электрондық мемлекетiк қызметтi алған кезде мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiнде тұтынушыға берiлетiн электрондық мемлекеттiк қызметке өтiнiш үлгiсiнiң және сұранысты толтырудың экрандық үлгiлерi «электрондық үкiмет» порталында www.e.gov.kz. келтiрiлген.
      10. Алушының электрондық мемлекеттiк қызмет бойынша сұраныстың орындалу мәртебесiн тексеру әдiсi: ЭҮП «Қызметтi алу тарихы» бөлiмiнде, сондай-ақ ЖАО немесе ХҚКО хабарласқан кезде.
      11. Электрондық мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат алу, сондай-ақ қажет болған жағдайда олардың сапасын бағалау (соның iшiнде шағымдану) үшiн телефон нөмiрi: call-орталық (1414).

^ 3. Электрондық мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiндегi өзара
iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

      12. Электрондық мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiне қатысатын ҚФБ:
      1) ЖАО қызметкерлерi;
      2) ХҚКО қызметкерi.
      13. Әрбiр iс-қимылдың орындалу мерзiмiн көрсете отырып, ҚФБ iс-қимылдары (рәсiм, функциялар, операциялар) дәйектiлiгiнiң мәтiндiк, кестелiк сипаттамасы осы Регламенттiң 2 қосымшасында келтiрiлген.
      14. ҚФБ iс-қимылдарының қисынды дәйектiлiгi арасындағы өзара байланысты көрсететiн (электрондық мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiнде) диаграммалар олардың сипаттамаларына сәйкес осы Регламенттiң 1 қосымшасында (1, 2, 3 сурет) келтiрiлген.
      15. Электрондық мемлекеттiк қызмет көрсету, соның iшiнде хабарлама, форматтық-логикалық бақылау ережесi көрсетiлген нәтижесi ұсынылуы тиiс бланктердiң нысандары осы Регламенттiң 3-қосымшасында келтiрiлген.
      16. Тұтынушыларға электрондық мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы Регламенттiң 4 қосымшасына сәйкес сапа және қолжетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      17. Тұтынушыларға қызмет көрсету үдерiсiне қойылатын талаптар:
      1) адамның конституциялық құқықтарын және еркiндiгiн сақтау;
      2) қызметтiк мiндеттi орындау кезiнде заңдылықты сақтау;
      3) кәсiптiк әдептiлiктi және мәдениеттiлiктi сақтау;
      4) толық және тәмамдалған ақпарат беру;
      5) ақпартты қорғау және құпиялылығын сақтау;
      6) тұтынушы белгiлiнген мерзiмде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.
      18. Электрондық мемлекеттiк қызмет көрсетудiң техникалық шарттары: Электрондық мемлекеттiк қызмет көрсетудi және қол жетiмдiлiктi қамтамасыз ететiн құрылғылар (компьютер, Интернет, қоғамдық қолжетiмдiлiк пунктi).

«Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан
тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан
жергiлiктi атқарушы орган жалдаған
тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды
есепке қою және олардың кезегi»
электрондық мемлекеттiк қызмет
регламентiне 1-қосымша

c:\zan6\tmp\1147.jpg

c:\zan6\tmp\1148.jpg

c:\zan6\tmp\1149.jpg

c:\zan6\tmp\1150.jpg

«Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан
тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан
жергiлiктi атқарушы орган жалдаған
тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды
есепке қою және олардың кезегi»
электрондық мемлекеттiк қызмет
регламентiне 2-қосымша

^ 1 кесте. ЖАО арқылы ҚФБ әрекеттерiнiң сипаттамасы

1) Негiзгi үрдiстiң әрекетi (жұмыс ағыны, барысы)

1

Әрекеттiң № (жұмыс ағыны, барысы)

1

2

3

4

2

ҚФБ атауы

Қызмет көрсетушi

Қызмет көрсетушi

Қызмет көрсетушi

ЖТ МДБ

3

Әрекеттiң атауы (үдерiс, рәсiмнiң, операцияның) және олардың сипаттамасы

ЖСН мен пароль арқылы ЭҮӨШ АЖО авторизациялау

Қызмет көрсетушi қызметкерiнiң қызметтi таңдауы

ЖТ МДБ тұтынушы деректерi туралды сұранысты жiберу

ЖТ МДБ деректердiң болмауы туралы хабарлама қалыптастыру

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкiмдiк шешiм)

Өтiнiшке нөмiр бере отырып, жүйеде сұранысты тiркеу

Сұраныстың сәттi қалыптастырылғандығы туралы хабарламаны бейнелеу

Сұранысты бағыттау

Уәжделген бас тартуды қалыптастыру

5

Орындау мерзiмi

10 – 15 секунд

10 секунд

1,5 минут

10 – 15 секунд

6

Келесi әрекеттiң нөмiрi





4 – егер бұзушылық бар болса; 5 – егер бұзушылық болмаса






2) Негiзгi үрдiстiң әрекетi (жұмыс ағыны, барысы)

1

Әрекеттiң № (жұмыс ағыны, барысы)

5

6

7

8

2

ҚФБ атауы

Қызмет көрсетушi

ЭҮӨШ АЖО

ЭҮӨШ АЖО

ЭҮӨШ АЖО

3

Әрекет атауы (үдерiс, рәсiмнiң, операцияның) және олардың сипаты

ЭЦҚ куәландырумен және сканирленген құжаттарды бекiтумен сұраныс үлгiлерiн толтыру

ЭҮӨШ АЖО құжаттарды тiркеу

Тұтынушы құжаттарында бұзушылықтардың бар болуына байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастырады

Тұтынушының қызмет нәтижесiн алуы

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкiмдiк шешiм)

Сұранысты бағыттау

Өтiнiшке нөмiр бере отырып, сұранысты тiркеу

Уәжделген бас тартуды қалыптастыру

Қызмет нәтижесiн-хабарламаны қалыптастыру

5

Орындау мерзiмi

10 – 15 секунд

1,5 минут

1,5 минут

Күнтiзбелiк 30 күн iшiнде

6

Келесi әрекеттiң нөмiрi

6

7 – егер бұзушылық бар болса; 8 – егер бұзушылық болмаса





^ 2 кесте. ХҚКО арқылы ҚФБ iс-әрекеттерiнiң сипаттамасы

1) негiзгi үрдiстiң әрекетi (жұмыс ағыны, барысы)

1

Әрекеттiң № (жұмыс ағыны, барысы)

1

2

3

4

5

2

ҚФБ атауы

ХҚКО АЖ АЖО

ХҚКО операторы

ХҚКО операторы

ЖТ МДБ, БНАЖ

ХҚКО операторы

3

Әрекеттiң атауы (үдерiс, рәсiмнiң, операцияның) және олардың сипаттамасы

Логинi мен паролi бойынша ХҚКО операторымен авторизацияланады

Қызметтi таңдайды және сұраныс деректерiн қалыптастырады

ЖТ МДБ, БНАЖ сұранысты жiберу

Тұтынушы деректерiнiң болмауына байланысты деректердi алу мүмкiн еместiгi туралы хабарлама қалыптастыру

Сұраныс үлгiсiне қажеттi құжаттарды бекiтумен және ЭЦҚ куәландырумен сұранысты толтыру

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкiмдiк шешiм)

Өтiнiшке нөмiр бере отырып, жүйеде сұранысты тiркеу

Сұраныстың сәттi қалыптастырылғандығы туралы хабарламаны бейнелеу

Сұранысты бағыттау

Уәжделген бас тартуды қалыптастыру

Сұраныстың сәттi қалыптастырылғандығы туралы хабарламаны көрсету

5

Орындау мерзiмi

30 секунд – 1 минут

30 секунд

1,5 минут

1,5 минут

30 секунд – 1 минут

6

Келесi әрекеттiң нөмiрi

2

3

4 – егер тұтынушы деректерiнде бұзушылықтар бар болса; 5 – егер бұзушылықтар болмаса








2) Негiзгi үдерiстiң әрекетi (жұмыс ағыны, барысы)

1

Әрекеттiң № (жұмыс ағыны, барысы)

6

7

8

9

2

ҚФБ атауы

ХҚКО операторы

ЭҮӨШ АЖО

ЭҮӨШ АЖО

ЭҮӨШ АЖО

3

Әрекеттiң атауы (үрдiстiң, рәсiмнiң, операцияның) және олардың сипаттамасы

ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) құжатты ЭҮӨШ АЖО жiберу

Құжатты тiркеу

Тұтынушы құжаттарында бұзушылықтардың болуына байланысты қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру

Тұтынушының қызмет нәтижесiн алуы

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкiмдiк шешiм)

Сұранысты бағыттау

Өтiнiшке нөмiр бере отырып, сұранысты тiркеу

Уәжделген бас тартуды қалыптастыру

Қызмет нәтижесiн-хабарламаны қалыптастыру

5

Орындау мерзiмi

1 минут

1 минут

30 сек – 1 минут

Күнтiзбелiк 30 күн iшiнде

6

Келесi әрекеттiң нөмiрi



8 – егер бұзушылық бар болса; 9 – егер бұзушылық болмаса





^ 3 кесте. ЭҮП арқылы ҚФБ iс-әрекетiнiң сипаттамасы

3) негiзгi үдерiстiң әрекетi (жұмыс ағыны, барысы)

1

Әрекеттiң № (жұмыс ағыны, барысы)

1

2

3

4

2

ҚФБ атауы

Тұтынушы

ЭҮП

Тұтынушы

ЭҮП

3

Әрекеттiң атауы (үрдiстiң, рәсiмнiң, операцияның) және олардың сипаты

ЖСН және пароль бойынша ЭҮП авторизацияланады

Тұтынушы деректерiнде бұзушылықтардың бар болуына байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастырады

ЭЦҚ тұтынушы таңдауымен сұраныс деректерiн қалыптастырады және қызметтi таңдайды

ЭЦҚ тұтынушы деректерiнде бұзушылықтардың бар болуына байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастырады

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкiмдiк шешiм)

Сұраныстың сәттi қалыптастырылғандығы туралы хабарламаны бейнелеу

Сұрау салынып отырған электрондық мемлекеттiк қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру

Сұранысты бағыттау

Сұрау салынып отырған электрондық мемлекеттiк қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру

5

Орындау мерзiмi

30 секунд – 1 минут

30 секунд

1,5 минут

1,5 минут

6

Келесi әрекеттiң нөмiрi

2 – егер тұтынушының деректерiнде бұзушылықтар бар болса; 3 – егер авторизациялау сәттi өтсе



4 - егер тұтынушының деректерiнде бұзушылықтар бар болса; 5 – егер бұзушылықтар болмаса






2) негiзгi үдерiстiң әрекетi (жұмыс ағыны, барысы)

1

Әрекеттiң № (жұмыс ағыны, барысы)

5

6

7

8

2

ҚФБ атауы

Тұтынушы

ЭҮӨШ АЖО

ЭҮӨШ АЖО

ЭҮӨШ АЖО

3

Әрекеттiң атауы (үрдiстiң, рәсiмнiң, операцияның) және олардың сипаты

Тұтынушыны ЭЦҚ арқылы куәландыру (қол қою) және сұранысты ЭҮӨШ АЖО жiберу

Құжатты тiркеу

Тұтынушы құжаттарында бұзушылықтардың бар болуына байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру

Тұтынушының қызмет нәтижесiн алуы

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкiмдiк шешiм)

Сұранысты бағыттау

Өтiнiшке нөмiр бере отырып, сұранысты тiркеу

Уәжделген бас тартуды қалыптастыру

Шығыс құжатын бейнелеу

5

Орындау мерзiмi

30 секунд – 1 минут

1 минут

30 секунд

Күнтiзбелiк 30 күн iшiнде

6

Келесi әрекеттiң нөмiрi



7 – егер тұтынушының деректерiнде бұзушылықтар бар болса; 8 – егер бұзушылықтар болмаса





«Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан
тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан
жергiлiктi атқарушы орган жалдаған
тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды
есепке қою және олардың кезегi»
электрондық мемлекеттiк қызмет
регламентiне 3-қосымша

^ Электрондық мемлекеттiк қызмет көрсету, соның iшiнде хабарлама,
форматтық-логикалық бақылау ережесi көрсетiлген нәтижесi
ұсынылуы тиiс бланкiлер нысаны

Оң жауап нысаны

c:\zan6\tmp\1151.jpg

Үлгi

Өтiнiш иесiнiң аты-жөнi: _______________
Мекен-жайы: ____________________________
Телефон:________________________________

Хабарлама

      Сiздi ________ жылғы тұрғын үй комиссиясының шешiмiмен мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаж азаматтар есебiне «___________» санаты бойынша өтiнiш жазған күннен бастап _________ жылғы № ____________, отбасы құрамы _____ адаммен тiркелгендiгiңiз жөнiнде хабардар етемiн.
Кезекке қою кезiндегi Сiздiң кезегiңiздiң № _____.

      Бастық ___________________________________
                            (аты-жөнi)

c:\zan6\tmp\1153.jpg

^ Терiс жауап нысаны

c:\zan6\tmp\1154.jpg

Үлгi

Өтiнiш иесiнiң аты-жөнi:___________________
Мекен-жайы: _______________________________
Телефон: __________________________________

^ Ескерту хабарлама

      Сiздi мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаж азаматтар есебiне тiркеуден (отбасы құрамы – адам) бас тартылғандығы жөнiнде хабардар етемiз.

      Бас тарту себебi: ______________________________________
                                 (бас тарту себебi)

      Осы шешiммен келiспеген жағдайда, Сiздiң заңнамамен белгiленген тәртiпте оған шағымдануға құқығыңыз бар.

      Бастық _________________________________________________
                             (аты-жөнi)

c:\zan6\tmp\1156.jpg

      Ескертпе:
      Хабарлама өтiнiштi орындау мәртебесiнiң өзгеру шегiне қарай берiледi. Хабарлама мәтiнiмен еркiн жол «электрондық үкiмет» порталындағы жеке кабинете «Хабарлама» бөлiгiнде бейнеленедi.

«Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан
тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан
жергiлiктi атқарушы орган жалдаған
тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды
есепке қою және олардың кезегi»
электрондық мемлекеттiк қызмет
регламентiне 4-қосымша

^ Электрондық мемлекеттiк қызметтiң «сапа» және «қолжетiмдiлiк»
көрсеткiштерiн анықтау үшiн сауалнама нысаны

________________________________________________________
                    (қызметтiң атауы)

      1. Сiздi электрондық мемлекеттiк қызметтiң көрсету үдерiсiнiң сапасы және нәтижесiне қанағаттанасыз ба?
      1) қанағаттанған жоқпын;
      2) iшiнара қанағаттанамын;
      3) қанағаттанамын.
      2. Сiздi электрондық мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi туралы ақпараттың сапасына қанағаттанасыз ба?
      1) қанағаттанған жоқпын;
      2) iшiнара қанағаттамын;
      3) қанағаттанамын.



Похожие:

Электрондық мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы iconЭлектрондық мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкiмдiгiнiң 2012 жылғы 29 қарашадағы n 4354/1 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде...
Электрондық мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы iconЭлектрондық мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкiмдiгiнiң 2012 жылғы 29 қарашадағы n 4354/1 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде...
Электрондық мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы iconЭлектрондық мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкiмдiгiнiң 2012 жылғы 29 қарашадағы n 4354/1 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде...
Электрондық мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы iconЭлектрондық мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкiмдiгiнiң 2012 жылғы 29 қарашадағы n 4354/1 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде...
Электрондық мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы iconЭлектрондық мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкiмдiгiнiң 2012 жылғы 29 қарашадағы n 4354/1 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде...
Электрондық мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы iconЭлектрондық мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкiмдiгiнiң 2012 жылғы 29 қарашадағы n 4354/1 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде...
Электрондық мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы iconМемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер тiзiлiмiн бекiту туралы
«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Электрондық мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы iconЭлектрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстиан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi №281 Қаулысы «Мемлекеттiк сатып алу туралы»
«Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңының 13-бабының 14 тармақшасына сәйкес Қазақстан...
Электрондық мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы icon«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттiк қызмет регламентi Жалпы ережелер Осы Регламент «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы»
«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандартын бекiту туралы» 2009 жылғы 31 желтоқсандағы...
Электрондық мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы iconЭлектрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу қағидаларын бекiту туралы
Егемен Қазақстан" 2012 жыл 5 маусым №292-297 (27371); "Казахстанская правда" от 05. 06. 2012 г. №169-170 (26988-26989)
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kze.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы