1. БӨлiм жалпы ережелер icon

1. БӨлiм жалпы ережелер



Название1. БӨлiм жалпы ережелер
страница2/3
Дата конвертации28.05.2013
Размер430.35 Kb.
ТипДокументы
источник
1   2   3

^ 4 - тарау. Облыс мәслихаттың жұмысын жоспарлау


33-тармақ. Облыстық мәслихаттың қызметі перспективалық және ағымдағы жоспарларға сәйкес жүргізіледі.

34-тармақ. Облыстық мәслихаттың жұмыс жоспарларын облыстық мәслихаттың хатшысы тоқсандарға бөліп, күнтізбелік бір жылға жасайды, жоспар алдын-ала облыстық мәслихаттың аяқталып бара жатқан жылдағы соңғы сессиясында бекітіледі. Қалыптасқан ахуалға байланысты облыстық мәслихат өз жұмыс жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізе алады.

35-тармақ. Облыстық мәслихаттың перспективалық жоспары сессия төрағасынан, облыстық мәслихат хатшысынан, тұрақты комиссиялар төрағаларынан, депутаттық топтар мен депутаттардан, облыс әкімінен түскен ұсыныстар ескеріліп, жасалады. Онда облыстық мәслихаттың қарауына енгізілетін мәселелер тізбесі айқындалады.

5 - тарау.


Облыстық мәслихаттың қарауына енгізілетін мәселелерді дайындаудың, сессияның күн тәртібін белгілеу реті


36-тармақ. Облыстық мәслихаттың қарауына мәселелерді сессия төрағасы, облыстық мәслихаттың хатшысы, тұрақты комиссиялар, депутаттық топтары мен депутаттары, облыс әкімі ұсынады.

Сессиясының күн тәртібіне қалалық және аудандық мәслихаттар, мемлекеттік басқарудың жоғары органдары, кент, ауыл, ауылдық округ азаматтарының өкілдерінің жиналыстары, қоғамдық бірлестіктер ұсыныс енгізе алады.

37-тармақ. Облыстық мәслихат сессиясының күн тәртібін және жұмыс ретін сессия төрағасы облыстық мәслихат хатшысымен бірлесіп сессиядан кемінде 12 күн бұрын айқындайды, ол сессия жұмысында қатысушы депутаттардың көпшілік дауысымен түпкілікті бекітіледі. Сессияның күн тәртібіне енгізілетін негізгі мәселелер облыстық мәслихаттың перспективалық жоспары негізінде айқындалады.

38-тармақ. Облыстық мәслихаттың қарауына ұсынылған мәселелер бойынша баяндамаларды, анықтама материалдарды және қаулылардың жобаларын тұрақты комиссиялар, депутаттар облыстық мәслихат аппаратымен, сондай-ақ облыстық әкімдікпен, қоғамдық бірлестіктермен, ұйымдармен бірлесіп әзірлейді.

39-тармақ. Облыстық мәслихат шешімдерінің жобалары мен оған қатысты құжаттар оларды дайындауға жауапты адамдардың қойған қолымен облыстық мәслихат сессиясынан кемінде 10 күн бұрын облыстық мәслихат аппаратына тапсырылады.

40-тармақ. Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібіне енгізілген мәселелерді әзірлеу мақсатында жергілікті жердегі істің жайын зерттеу үшін облыстық мәслихат кемінде 30 күн бұрын депутаттар мен мамандардың құрамынан уақытша комиссия құрады.

Комиссия дайындаған материалдар қорытылу үшін сессиядан кемінде 15 күн бұрын облыстық мәслихат аппаратына тапсырылады.


6 - тарау.


Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы


41-тармақ. Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы - мәслихат депутаттарының арасынан сайланатын, мәслихат сессиясында ұйымдастырушылық-билік ету функцияларын жүзеге асыратын, мәслихаттың лауазымды адамы;

облыстық мәслихат сессиясын шақыру туралы шешім қабылдайды;

облыстық мәслихат сессиясын әзірлеуге басшылық жасауды жүзеге асырады;

сессияның күн тәртібін қалыптастырады;

облыстық мәслихат отырысын жүргізеді, облыстық мәслихат Регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;

облыстық мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген облыстық мәслихаттың шешіміне, хаттамаларға, өзге де құжаттарға қол қояды.

Облыстық мәслихат хатшысын еңбек демалысына, іс-сапарға жіберу облыстық мәслихат сессиясының төрағасының шешімімен жүзеге асырылады.

42-тармақ. Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы өз қызметін басқа жұмыстан босатылмаған негізде жүзеге асырады, ол облыстық мәслихат депутаттары арасынан ашық дауыс беру арқылы облыстық мәслихат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен сайланады.

43-тармақ. Облыстық мәслихаттың келесі сессиясының төрағасы облыстық мәслихаттың алдыңғы сессиясында сайланады. Сессияның төрағасы болмаған жағдайда оның өкілеттігін облыстық мәслихат хатшысы жүзеге асырады. Облыстық мәслихаттың депутаты мәслихат сессиясының төрағасы болып күн тізбелік жыл ішінде екі реттен артық сайлана алмайды.

44-тармақ. Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы мәслихат сессиясында дауыс беру кезінде депутаттардың даусы тең бөлінген жағдайда шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

3. БӨЛІМ

Облыстық мәслихат органдарын қалыптастыру және олардың қызметін ұйымдастыру


1 - тарау.

Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларын ұйымдастыру және олардың қызметтері


45-тармақ. Жаңадан сайланған облыстық мәслихаттың бірінші сессиясында оның өкілеттігі мерзімінде құрамында төрағасы және мүшелері бар тұрақты комиссиялар құрылады. Олардың саны жетеуден аспауға тиіс. Қажет болған жағдайда, тұрақты комиссиялар құрылып, таратылып және қайта ұйымдастырыла алады.

46-тармақ. Тұрақты комиссиялардың тізбесін және сан құрамын облыстық мәслихат белгілейді. Тұрақты комиссиялардың төрағалары және мүшелері облыстық мәслихат хатшысының және депутаттардың ұсынысымен депутаттар арасынан ашық дауыс беру жолымен облыстық мәслихат депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен сайланады.

47-тармақ. Тұрақты комиссиялар өздерін сайлаған облыстық мәслихат алдында жауапты және кемінде бір рет өз қызметі туралы есеп береді.

48-тармақ. Тұрақты комиссия өз құрамына кіретін депутаттар арасынан комиссия төрағасының орынбасарын және хатшысын өз құрамының көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы сайлайды.

49-тармақ. Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиялары өз қызметін жүргізу әдісін еркін таңдайды, мәселені, шешімдерді көпшіліктің жария талқылауы жағдайында, тұрғындармен және жұртшылықпен тығыз байланыста ұйымдастырады.

50-тармақ. Бірнеше тұрақты комиссиялардың қарауына жататын мәселелер комиссияның немесе облыстық мәслихаттың, не оның хатшысының тапсыруы бойынша бірлескен отырыста қаралуы мүмкін. Мұндай жағдайда жұмысты үйлестіруді, ұсыныстар мен ескертпелерді қорыту мәселені енгізген жетекші комиссия жүзеге асырады.

51-тармақ. Тұрақты комиссия қарауына жататын мәселелер бойынша өзге тұрақты комиссиялардың пікірін сұрай алады.


2 - тарау.


Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының жұмыс тәртібі


52-тармақ. Тұрақты комиссиялар өз қызметін комиссия отырысында белгілеген жоспар негізінде жүзеге асырады.

53-тармақ. Тұрақты комиссиялардың отырысы қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кем дегенде төрт рет шақырылады, отырыстары облыстық мәслихат сессиялары аралығында өткізіледі және құрамына кіретін депутаттарының жалпы санының жартысынан астамы қатысса, отырыс заңды болып есептеледі. Тұрақты комиссияның мүшесі отырысқа келе алмайтын жағдайда ол туралы комиссияның төрағасына және облыстық мәслихат хатшысына хабарлайды.

54-тармақ. Тұрақты комиссия өз құзыретіндегі мәселелер бойынша отырысқа қатысқан комиссия мүшелерінің көпшілік ашық дауысымен қаулылар қабылдайды.

Бірнеше тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында қаулылар әр комиссия құрамына кіретін, отырысқа қатысқан комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады.

Тұрақты комиссиялардың отырысын осы комиссиялардың төрағалары өзара келісуі бойынша жүргізеді.

55-тармақ. Тұрақты комиссиялардың отырысына комиссия мүшесі болып табылмайтын облыстық мәслихат депутаттары облыстық мәслихат аппаратының жауапты қызметкерлері кеңесші дауыспен қатыса алады.

Тұрақты комиссиялардың отырысына жергіліктік мемлекеттік басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, еңбек ұжымдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.

56-тармақ. Тұрақты комиссиялардың мәжілістері ашық түрде өткізіледі. Қажет болған жағдайда, тұрақты комиссия жабық отырыс өткізуге құқылы.

57-тармақ. Облыстық мәслихат тұрақты комиссиясының төрағасы:

комиссияның отырысын шақырады және мәжіліске қажетті материалдарды ұйымдастырады;

отырысты жүргізеді, депутаттардың ұсыныстарын ескере отырып, комиссия жұмысы жоспарының жобасын дайындайды, оны комиссияның бекітуіне ұсынады;

комиссия мүшелеріне тапсырмалар береді, оларға комиссия қызметіне қатысты материалдар мен құжаттарды жолдайды;

комиссиялар мен топтардағы әзірлік жұмыстарына қатыстыру, өзге де тапсырмаларды орындату үшін комиссия мүшелерін шақырады;

қажет жағдайларда облыстық мәслихат хатшысына комиссияда қаралған мәселелер, сол сияқты комиссия қаулыларының орындалу барысы туралы хабарлайды;

комиссия қаулыларының орындалуын бақылайды және қаулыларды орындау жөніндегі шаралар туралы хабарлайды;

комиссия жұмысы туралы облыстық мәслихат сессиясында есеп береді;

комиссия отырысында дауыс беру кезінде депутаттардың дауысы тең бөлінген жағдайда, тұрақты комиссияның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

58-тармақ. Төрағаның орынбасары тұрақты комиссия жұмысын ұйымдастыруға қатысады және төраға болмаған жағдайда оның міндетін атқарады.

59-тармақ. Тұрақты комиссияның хатшысы:

комиссия жұмысын ұйымдастыруға қатысады;

жұмыс жоспарының орындалуын бақылайды, тұрақты комиссия орындаған іс-шаралардың есебін жүргізеді, комиссия мүшелерінің тапсырмаларын орындауын қадағалайды;

тұрақты комиссия отырыстарының хаттамасын жүргізеді;

комиссия төрағасының өзге де тапсырмаларын орындайды.

60-тармақ. Тұрақты комиссияның қаулылары мен тұжырымдарына, хаттамаларына оның төрағасы қол қояды. Тұрақты комиссиялар бірлесіп қабылдаған қаулылар мен тұжырымдарға тиісті комиссиялардың төрағалары қол қояды. Хаттамаларға да осындай жолмен қол қойылады.


3 - тарау.


Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының міндетті қызметі және өкілеттігі


61-тармақ. Тұрақты комиссиялар:

облыстық мәслихатқа, сессия төрағасына, облыстық мәслихат хатшысына облыстық мәслихат сессиясының күн тәртібі бойынша, сондай-ақ облыстық мәслихат сессиясында қаралатын кез-келген мәселе бойынша ұсыныс енгізуге;

өздерінің құзырына жататын мәселелер бойынша облыстық мәслихат сессиясына ұсынылатын мәселелерге қатысты тұжырымдар беруге;

өздерінің құзырына жататын мәселелер бойынша облыстық мәслихат сессияларында баяндамалар мен қосымша баяндамалар ұсынуға;

өз құзыреті шегінде сессияда жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептерін тыңдау туралы ұсыныс енгізуге;

комиссияның жұмысына облыстық мәслихаттың басқа да депутаттарын, сондай-ақ мемлекеттік органдар, ұйымдар, жергілікті өзін-өзі басқару өкілдерін және азаматтарды тартуға құқылы.

^ 62-тармақ. Әкімдік, орталық атқарушы органдардың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық бөлімшелері, ұйымдар белгілеген тәртіпте тұрақты комиссияларға олардың құзыретіндегі мәселелер бойынша ақпарат беруге міндетті.


4 - тарау.

Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларындағы көпшіліктік тыңдаулар


63-тармақ. Тұрақты комиссиялар өз бастамасы бойынша немесе облыстық мәслихат шешімі бойынша көпшіліктік тыңдаулар өткізе алады. Тұрақты комиссиялар бірлескен тыңдаулар ұйымдастыра алады.

64-тармақ. Көпшіліктік тыңдаулар тұрақты комиссиялардың қарауына жататын мейлінше маңызды және қоғамдық мәні бар мәселелерді талдау мақсатында, тұрақты комиссиялардың кеңейтілген отырыстарына атқарушы органдардың, ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, азаматтардың қатысуымен өткізіледі.

Көпшіліктік тыңдауларды әзірлеу үшін уақытша комиссиялар құрылуы мүмкін.

65-тармақ. Көпшіліктік тыңдаулардың тақырыбы, өтетін уақыты мен орны туралы ақпарат көпшіліктік тыңдау өтетін уақыттан кемінде 7 күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында беріледі.

Көпшіліктік тыңдауларға шақырылатындардың құрамы мен дербес тізімін облыстық мәслихаттың тыңдауды өткізетін тұрақты комиссиясы анықтайды.

66-тармақ. Көпшіліктік тыңдаулар бұқаралық ақпарат құралдары үшін ашық. Қажет жағдайда, тұрақты комиссиялардың шешімі бойынша жабық көпшіліктік тыңдаулар өткізілуі мүмкін.

67-тармақ. Көпшіліктік тыңдауларды облыстық мәслихаттың тиісті тұрақты комиссиясының төрағасы жүргізеді.

Тыңдаулар төрағалық етушінің талқыланып отырған мәселенің мазмұны, мәні, отырысты өткізу тәртібі, шақырылғандардың құрамы туралы қысқа кіріспе сөзімен ашылады.

Талқыланған мәселе бойынша баяндамашыға 30 минут уақыт беріледі, одан соң көпшіліктік тыңдауларға қатысушы облыстық мәслихат депутаттары мен шақырылған адамдар сөйлеуге құқылы.

Шақырылғандар төрағалық етушінің рұқсат берген жағдайында ғана сөйлей алады, оларға 10 минутке дейін уақыт беріледі.

68-тармақ. Көпшіліктік тыңдауларда баяндама мен жарыссөзден кейін облыстық мәслихат депутаттарының және басқа да қатысушылардың ауызша, сондай-ақ жазбаша сұрақтары қойылады, оларға жауаптар қайтарылады.

Шақырылған адамдар көпшіліктік тыңдауларды жүргізу барысына араласуына, оларды құптап немесе наразылық білдіріп бұзуға құқылы емес. Төрағалық етушінің тәртіп бұзғандарды отырыс залынан шығарып жіберуге құқығы бар.

69-тармақ. Көпшіліктік тыңдаулардың қорытындысы бойынша отырысқа қатысушы облыстық мәслихат депутаттарының басым көпшілігінің мақұлдауы бойынша ұсыныстар қабылданады.

Көпшіліктік тыңдаулар қабылдаған ұсыныстарды облыстық мәслихат аппараты барлық облыстық мәслихат депутаттарының назарына жеткізеді.

70-тармақ. Көпшіліктік тыңдауларға хаттама жүргізіледі. Көпшіліктік тыңдаулардың ұсыныстары баспасөзде жариялануы мүмкін. Жабық көпшіліктік тыңдаулардың материалдары тек облыстық мәслихат депутаттарына, облыстық әкімдік өкілдеріне, сондай-ақ тыңдауларға қатысқандарға таныстырылады.


5 - тарау.


Облыстық мәслихаттың уақытша комиссиялары


71-тармақ. Облыстық мәслихаттың қарауына жататын мәселелерді сессияда қарауға әзірлеу мақсатында, облыстық мәслихат немесе облыстық мәслихат хатшысы уақытша комиссиялар құруға құқылы. Уақытша комиссиялардың құрамы, міндеті, өкілеттік мерзімі және құқығы оны құру кезінде айқындалады.

72-тармақ. Уақытша комиссиялар өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қорытындылар жасайды.

Уақытша комиссия жұмысына қатысқаны үшін ақы төленбейді.


4. БӨЛIМ


Облыстық мәслихат депутаттары өкілеттігін жүзеге асырудың тәртібі және олардың жауапкершілігі, депутат этикасы ережелері


1 - тарау.

Облыстық мәслихат депутаттарының өкілеттігі


73-тармақ. Облыстық мәслихаттың депутаты жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, облыс тұрғындарының еркін білдіреді.

74-тармақ. Облыстық мәслихат депутатының өкілеттігі облыстық сайлау комиссиясы оны депутат ретінде тіркеген кезден басталып, облыстық мәслихат өкілеттігі тоқтатылған кезден бастап тоқтайды.

75-тармақ. Облыстық мәслихат депутатының өкілеттігі мынадай жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады:

депутат заңдарға сәйкес депутаттық міндеттерді орындаумен сыйымсыз лауазымға сайланса немесе тағайындалса;

депутаттық әрекетке қабілетсіз деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енсе;

облыстық мәслихаттың өкілеттігі тоқтатылса;

депутат қайтыс болса;

депутат Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылса;

соттың депутатқа қатысты айыптау үкімі заңды күшіне енсе;

облыстан тысқары жерге тұрақты тұруға кетсе;

депутаттың орнынан түсу туралы жеке өтінішіне байланысты;

депутат өз міндеттерін жүйелі түрде орындамаса, оның ішінде облыстық мәслихаттың мәжіліс отырыстарына дәлелді себептерсіз үш реттен артық қатыспаса;

облыстың тексеру комиссиясының төрағасы немесе тексеру комиссиясының мүшесі қызметіне тағайындалса.

76-тармақ. Депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім облыстық аумақтық сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша, қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен облыстық мәслихат сессиясында қабылданады.


2-тарау.


Облыстық мәслихат депутаттарының өз өкілеттігін жүзеге асыру кезіндегі құқықтары мен міндеттері


77-тармақ. Облыстық мәслихат депутаты:

сайлауға және облыстық мәслихат сессиясы төрағалығына, хатшысына, тұрақты комиссиялардың төрағасы не мүшелігіне, мәслихаттың өзге де органдарына сайлануға;

облыстық мәслихаттың сессиясы мен тұрақты комиссияларында және өзге де органдарында қарау үшін мәселелер ұсынуға, оларды қарауға және шешімдер қабылдауға қатысуға;

облыс аумағында орналасқан жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдарға облмәслихат құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша сауалдар беруге және жолданымдар жіберуге;

өз округінің сайлаушыларымен, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және ұйымдарымен кездесулер, жиналыстар өткізуге;

облыстық мәслихат сессиясында облыс аумағында орналасқан атқарушы органдар мен ұйымдардың лауазымды адамдарының облмәслихаттың құзыретіне жататын мәселелер бойынша есептерін тыңдау туралы ұсыныстар енгізуге;

облыс әкімдігі отырыстарының жұмысына қатысуға;

облыстық мәслихаттың және оның органдары отырыстарының стенограммаларымен және хаттамаларымен танысуға;

саяси партиялардың депутаттық тобы түрінде депутаттық бірлестіктер құруға;

заңдарда және облыстық мәслихаттың осы Регламентінде көзделген өзге де іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы.

78-тармақ. Депутат:

облыстық мәслихаттың және өзі құрамына сайланған оның органының жұмысына қатысуға;

өз округі сайлаушыларымен тұрақты байланыс жасауға, оларға облыстық мәслихаттың жұмысы, оның тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының қызметі туралы ұдайы хабарлап отыруға, облыстық мәслихат шешімдерінің орындалуын ұйымдастыруға және бақылау жасауға қатысуға;

сайлаушылардың өзіне келіп түскен өтініштерін қарауға, азаматтарды жеке қабылдауды ұдайы жүргізуге міндетті.

79-тармақ. Облыстық мәслихат депутаты облыстық мәслихаттағы және оның органдарындағы міндеттерін, депутат этикасы талаптарын орындамаған жағдайда депутаттың әрекеті облыстық мәслихатта немесе оның тиісті комиссиясында қаралуы мүмкін.

80-тармақ. Облыстық мәслихат депутаты сессияда қаралатын кез-келген мәселе бойынша шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

81-тармақ. Облыстық мәслихат депутаты жарыссөзге шығып сөйлеуге, баяндамашыларға, сондай-ақ төрағалық етушіге сұрақтар қоюға, дауыс берудің жүйесі туралы өз ұсынысын негіздеп сөйлеуге, анықтамалар беруге, облыстық мәслихат депутаттарын азаматтардың қоғамдық мәні бар үндеулерімен таныстыруға құқылы.

82-тармақ. Облыстық мәслихат депутаттарының енгізген ұсыныстары мен ескертулері сессияда қаралады және шешімдерді толықтыру және қабылдау кезінде ескеріледі.

83-тармақ. Облыстық мәслихат депутаттарының сессияның күн тәртібіндегі негізгі мәселелерді талқылау барысында айтқан ұсыныстары мен ескертулерін облыстық мәслихат аппараты қорытындылайды және облыс аумағында орналасқан мемлекеттік органдарға, қоғамдық ұйымдарға, кәсіпорындар мен мекемелерге, ұжымдарға және лауазымды адамдарға жібереді, олар бір ай мерзімнен кешіктірмей ұсыныстарды жүзеге асыру шараларын облыстық мәслихат аппаратына тапсырулары тиіс.

Ұсыныстардың қаралуы және орындалуын қадағалауды облыстық мәслихат аппараты және оның тұрақты комиссиялары жүзеге асырады.

84-тармақ. Облыстық мәслихаттың және оның органдарының тапсыруы бойынша депутаттар Қазақстан Республикасы Заңдарын, облыстық мәслихат шешімдерін облыс аумағында орналасқан мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұжымдар мен лауазымды адамдардың орындауын тексереді. Тексеру нәтижелері туралы депутат облыстық мәслихат пен оның органдарын хабардар етеді, қажет жағдайда, анықталған кемшіліктерді түзету, заңсыз шешімдерді бұзу, заңды бұзуға жол бергені немесе облыстық мәслихаттың шешімін орындамағаны үшін лауазымды адамдарды жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгізеді.

85-тармақ. Облыстық мәслихат депутаты сайлаушылардан түскен ұсыныстарды, өтініштерді және арыздарды қарайды, оларды шешуге шара қолданады, сайлау округіндегі елді мекендерде сайлаушыларды қабылдайды. Облыстық мәслихат депутаттары жүргізетін қабылдауға мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың және мекемелердің басшыларын шешуге тиісті мәселеге қатысы бар лауазымды қызметкерлерін қатыстыра алады.

86-тармақ. Облыстық мәслихат депутаты ұдайы, бірақ жылына кемінде бір рет өз қызметі, облыстық мәслихат және оның органдарының жұмысы туралы өз сайлаушылары алдында есеп береді.

Облыстық мәслихат депутатына есеп беруі және сайлаушылармен кездесуі үшін қажетті жағдайлар жасалады. Бұл мақсаттар үшін жергілікті атқарушы және өкілді органдар депутаттар үшін орын-жай бөлуге, азаматтарға депутаттық есеп беретін уақыты мен орны жайлы хабарлауға ықпал етеді, осы шараларға қатысуға өз өкілдерін жібереді, өзге де ықтимал көмектер көрсетеді.

87-тармақ. Облыстық мәслихат депутатының есеп беруі және сайлаушылармен кездесуіне қажетті ақпараттық материалдарды облмәслихат аппараты әзірлейді. Мұндай материалдарды облыстық мәслихат депутаты облыс аумағындағы мемлекеттік органдардан, кәсіпорындардан талап ете алады.

88-тармақ. Облыстық мәслихат аппараты өзінің мүмкіндіктері шегінде депутаттардың және басқа органдардың қызметкерлерінің қатысуы үшін қажетті орынмен, байланыс құралдарымен, көбейту-баспа техникасымен қамтамасыз етеді.

89-тармақ. Облыстық мәслихат депутаты өз өкілеттігін, әдетте, өндірістік немесе басқа да қызметтерден қол үзбей жүзеге асырады.

Депутат сессиялардың, тұрақты комиссиялардың отырыстарын өткізу кезеңінде, депутаттық өкілеттіктерді жүзеге асыру уақытында оған облыстық бюджеттің қаражаты есебінен негізгі жұмыс орны бойынша айлық жалақысы, бірақ осы мезгілде бір жылға дейінгі жұмыс өтілі бар облыс әкімі аппараты жетекшісі жалақысынан аспайтын мөлшерде және жол жүру уақыты ескеріліп, сессиялар өтетін мерзімдегі іс-сапар шығыстары өтеле отырып, негізгі қызметтік міндеттерін орындаудан босатылады.

1   2   3



Похожие:

1. БӨлiм жалпы ережелер iconI м. Жалпы ережелер 1 тара у. Негiзгi ережелер 1 б а п. Осы Кодекс
Бiрлестiктердiѓ ЖЌне жергiлiктi €зiн-€зi басћару органдарыныѓ ЋЏЋЫЋтары мен мiндеттерi
1. БӨлiм жалпы ережелер iconҚазақ Ұлттық медицина университеті
Жалпы ережелер
1. БӨлiм жалпы ережелер iconҚазақ Ұлттық медицина университеті
Жалпы ережелер
1. БӨлiм жалпы ережелер iconВ. Н. Девятко Кадрлар есебі және мониторинг бөлімінің бастығы
Жалпы ережелер
1. БӨлiм жалпы ережелер iconҚол қойылатын бонус бойынша декларацияны жасау Ережелері (510. 00-нысан) Жалпы ережелер Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»
Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі)...
1. БӨлiм жалпы ережелер iconҚазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында қазақ тілінен өтетін katev халықаралық қоғамдық қорының V «Жарқын болашақ» олимпиадасын өткізу ережелер І
Осы ережелер Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында қазақ тілінен өтетін katev халықаралық...
1. БӨлiм жалпы ережелер iconЖалпы ережелер
Алматы қаласының мектеп оқушылары арасында әскери-патриоттық тақырыпқа жазылған шығармаларға жарияланған байқау өткізу туралы
1. БӨлiм жалпы ережелер icon890. 00-нысан Жалпы ережелер
Кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары
1. БӨлiм жалпы ережелер iconМ.Өтемісов атындағы БҚму жанындағы «Достық» студенттік клубының жалпы ережесі Жалпы ережелер
М.Өтемісов атындағы БҚму жанындағы «Достық» студенттік клубы тәрбие және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректорға қарасты кеңестік...
1. БӨлiм жалпы ережелер iconӨткізу туралы Ереже Жалпы ережелер
Р білім және ғылым министрлігі, Қр іім есірткі бизнесімен күрес комитеті, Қазақстан скауттық қозғалыс ұйымы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kze.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы