1. БӨлiм жалпы ережелер icon

1. БӨлiм жалпы ережелер



Название1. БӨлiм жалпы ережелер
страница3/3
Дата конвертации28.05.2013
Размер430.35 Kb.
ТипДокументы
источник
1   2   3

3 - тарау.


Депутаттық сауал


90-тармақ. Депутаттық сауал облыстық мәслихат сессиясында қоғамдық мәні бар мәселелер бойынша депутаттың облыс аумағындағы мемлекеттік органдардың, кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің лауазымды адамдарына осы органдардың және лауазымды адамдардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша талап қою болып табылады.

91-тармақ. Депутаттық сауал салу жазбаша түрде жазылуы мүмкін және ол облыстық мәслихат сессиясында жария етіледі.

92-тармақ. Облыстық мәслихат депутаты сауал салынған лауазымды қызметкерді және күтілетін жауаптың түрін \жазбаша немесе ауызша\ атап көрсетуі тиіс.

93-тармақ. Облыстық мәслихат аппараты депутаттық сауал жария етілген үш күн мерзім ішінде, оны облыс аумағында орналасқан тиісті мемлекеттік органның, ұйым мен мекеменің лауазымды қызметкеріне қарауы және облыстық мәслихат депутатына отыз күннен кешіктірмей жазбаша жауап қайтаруын талап етіп, хат жолдайды. Депутаттық сауалдың қаралуын облыстық мәслихат аппараты бақылауда ұстайды.

94-тармақ. Егер, депутаттық сауалға ауызша жауап берілуі тиіс болса, онда лауазымды адам облыстық мәслихат сессиясына шақырылады.

Сауалға жауап және оның қорытындылары бойынша облыстық мәслихаттың шешімі қабылданады.

Сауал салу және оған жауап бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы мүмкін.

Прокурордың атына берілген сауалдар қылмыстық қудалауды жүзеге асырумен байланысты болмауға тиіс.


4 - тарау.


Депутат этикасы ережелері


95-тармақ. Облыстық мәслихат депутаттарының депутаттық этикасы ережелері өз өкілеттіктерін, сондай-ақ, өкілеттіктен тыс атқару кезінде басшылыққа алатын мінез-құлық нормаларын айқындайды:

облыстық мәслихаттың депутаттары өзара және облыстық мәслихат пен оның органдарының жұмысына қатысатын адамдармен сыйластық қарым-қатынастарда болуға тиіс;

өздерінің сөздерінде облыстық мәслихат депутаттары мен өзге де адамдардың ар-ожданына нұқсан келтіретін қорлау сөздеріне, дөрекілікке, негізсіз айыптауға жол бермеуі тиіс;

облыстық мәслихат сессиясының, оның жұмысшы органдарының қалыпты жағдайда жұмыс істеуіне кедергі жасамауы тиіс;

жарыссөзде сөйлеушінің сөзін бұзуына болмайды;

өз іс-әрекетімен қоқан-лоққы және қорлау, мұқату жасау әрекеттерін білдіруіне жол берілмейді.

96-тармақ. Облыстық мәслихат депутаты заңдармен қорғалатын, мемлекеттік құпияны білдіретін ақпараттардың құпиялық мазмұнын сақтаудың белгіленген тәртібін қатаң ұстай отырып, пайдалануға міндетті.

Облыстық мәслихат депутаты депутаттық бланктерді тек ресми сауалдарға, хаттарға, құжаттарға пайдалануға, оларға өзі қол қоюға міндетті.

97-тармақ. Облыстық мәслихат депутаты бұқаралық ақпарат құралдарында, баспасөз конференцияларында, митингілерде, өзге де көпшілік алдындағы сөздерінде және мәлімдемелерінде шындыққа сәйкес және тексерілген фактілерді ғана пайдалануға, қоғамдық пікірді шатастыратын тұжырымдарға жол бермеуге және кез-келген азаматтың ар-ожданына нұқсан келтіретін пайымдауларды пайдалануға тиіс емес.

Егер сынаған сөздерінде қасақана немесе байқаусыз шындыққа сәйкес келмейтін және тексерілмеген фактілерді қолданып қойған жағдайда, жазықсыз жапа шеккен ұйымдар, органдар мен жеке адамдардан көпшілік алдында кешірім сұрау депутаттың парызы.

98-тармақ. Осы Регламент бойынша белгіленген депутат этикасы ережелерінің нормаларын бұзған жағдайда, облыстық мәслихат сессиясы төрағасының ұсынуы бойынша депутаттарға мынадай шаралар қолданылуы мүмкін:

көпшілік алдында кешірім сұрауға мәжбүрлеу;

кезекті сессияда сөз сөйлеуден шеттеу;

облыстық мәслихат отырысынан шығарып жіберу.

Депутатқа қолданылатын жоғарыда аталған барлық шараларды сессия төрағасы сессияға қатысып отырған депутаттардың келісімімен қабылдайды, ол сессия хаттамасымен рәсімделеді.


5 - тарау.


Облыстық мәслихаттағы депутаттық бірлестіктер


99-тармақ. Облыстық мәслихаттың депутаттары саяси партиялардың депутаттық топтары түрінде депутаттық бірлестіктер құруға құқылы.

Мәслихат депутаттары саяси партиялар фракциялары және өзге де қоғамдық бірлестіктер, депутаттық топтар түрінде депутаттық бірлестіктер құруға құқылы. Мәслихат хатшысы депутаттық бірлестіктерге кіре алмайды;

Фракция - заңда белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партияның немесе өзге де қоғамдық бірлестіктің атынан өкілдік ететін депутаттардың ұйымдасқан тобы, ол мәслихатта тиісті саяси партияның немесе өзге де қоғамдық бірлестіктің мүдделерін білдіру мақсатында құрылады. Фракция мәслихаттың кемінде бес депутатын біріктіруге тиіс. Депутаттың тек бір ғана депутаттық фракцияда болуға құқығы бар.

Облыстық мәслихаттың хатшысы депутаттық топтарға кіре алмайды.

100-тармақ. Депутаттық топ - депутаттардың сайлау округінде өз өкілеттіктерін, бірлескен қызметін жүзеге асыру үшін құралатын бірлестік. Депутаттық топтардың құрамында кемінде облыстық мәслихаттың бес депутаты болуы тиіс.

101-тармақ. Депутаттық топ және фракция құрылғаны туралы, оның атауы, мақсаты, құрамы және депутаттық топтың атынан сөйлеуге өкілетті жетекшісі туралы мәліметтер облыстық мәслихаттың сессиясында депутаттардың назарына жеткізіледі. Ол мәліметтер облыстық мәслихат сессиясының хаттамасына енгізіледі.

102-тармақ. Депутаттық топ өз құрамына жаңа мүше кірген немесе одан депутат шыққан кезде ол туралы облыстық мәслихатқа хабарлайды.

103-тармақ. Депутаттық топтың өкілдері топ атынан:

облыстық мәслихат сессиясының күн тәртібі, қаралатын мәселелердің мазмұны және қаралу тәртібі туралы ескертулер мен ұсыныстар енгізуге;

облыстық мәслихат сессиясында сайланып, басқа жұмыстан босатылған негізде жұмыс істейтін кандидатуралар жөнінде пікір білдіруге;

депутаттық топтарда қабылданған шешімдерді, азаматтардың үндеулерін облыстық мәслихат депутаттарына таныстыруға;

жарыссөз тоқтатылған соң депутаттық топ атынан сөз сөйлеуді талап етуге құқылы, ондай жағдайда сессияда төрағалық етуші оларға сөз беруге тиіс.

104-тармақ. Депутаттық топтардың ішкі қызметін олар дербес ұйымдастырады.


5. БӨЛIМ

Облыстық мәслихаттың аппараты, қызметін облыстық мәслихатта басқа жұмыстан босатылған негізде жүзеге асыратын қызметкерлердің өкілеттігі және оларды сайлау тәртібі


^ 1 - тарау. Облыстық мәслихат аппараты

105-тармақ. Мәслихат аппараты - тиісті мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме. Мәслихат аппараты жергiлiктi бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекеме болып табылады;

облыстық мәслихаттың аппараты облыстық мәслихаттың және оның органдарының ұйымдық, құқылық, материалдық-техникалық және өзгелей қамтамасыз етілуін жүзеге асырады, депутаттарға олардың өкілеттігін ұйымдастыруға көмектеседі.

106-тармақ. Облыстық мәслихат аппаратының қызметі мемлекеттік қызмет туралы заңнамалар, сол сияқты облыстық мәслихат аппараты туралы Ереже негізінде жүзеге асырады.

107-тармақ. Облыстық мәслихаттың өкілеттік мерзімінің аяқталуымен, мәслихат өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған және оның депутаттарының жаңа құрамы сайланған жағдайларда, облыстық мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің қызметі тоқтатылмайды.

108-тармақ. Облыстық мәслихат аппараты облыстық мәслихат хатшысы сайланғанға және жаңадан сайланған облыстық мәслихат органдары қалыптастырылғанға дейін, облыстық мәслихаттың бірінші, ұйымдастыру сессиясын әзірлеудің барлық ұйымдық-техникалық мәселелерін шешеді.


2 - тарау.


Облыстық мәслихат хатшысы


109-тармақ. Облыстық мәслихаттың хатшысы тұрақты негізде жұмыс істейтін лауазымды адам болып табылады. Ол облыстық мәслихат сессиясында облыстық мәслихат депутаттарының арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы облыстық мәслихат депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен сол мәслихаттың өкілеттігі мерзіміне сайланады.

110-тармақ. Облыстық мәслихат депутаттары жалпы санының үштен бірінің жазбаша талабы бойынша облыстық мәслихат сессиясының күн тәртібіне облыстық мәслихат хатшысын қайта шақырып алу туралы мәселе енгізілуі мүмкін. Ол облыстық мәслихат депутаттары жалпы санының көпшілік санымен ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы қызметінен босатылады.

Облыстық мәслихат хатшысының өкілеттігінен өз еркімен бас тартуы оның өтініші бойынша облыстық мәслихат сессиясына қатысып отырған депутаттар жалпы санының көпшілік дауысымен жүзеге асырылады.


3 тарау.


Облыстық мәслихат хатшысының өкілеттігі


111-тармақ. Облыстық мәслихат хатшысы: облыстық мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуді ұйымдастырады;

сессия төрағасымен бірге облыстық мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды және хаттамалар жасауды қамтамасыз етеді;

облыстық мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды облыстық мәслихат сессиясына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтеріндегі жұмысқа қатысуы үшін қызметтік міндеттерінен босатуға байланысты мәселелерді қарайды;

депутаттар сауалдарының және депутаттық өтініштердің қаралуын бақылайды;

облыстық мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

облыстық мәслихаттың қарауына облыстың тексеру комиссиясының төрағасы қызметіне тағайындауға кандидатураларды, сондай-ақ оны қызметтен босату туралы ұсыныс енгізеді;

облыстық мәслихатқа сайлаушылар өтініштері туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы ұдайы ақпарат беріп отырады;

облыстық мәслихаттың жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;

өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкімдер шығарады;

облыстық мәслихат тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді;

мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынастарда облыстық мәслихат атынан өкіл болады;

облыстық мәслихат шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі іс-шараларды белгілейді;

облыстық мәслихаттың шешімі бойынша өзге де міндеттерді орындайды;

облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларында болуға құқығы жоқ.

112-тармақ. Облыстық мәслихат хатшысы болмаған кезде оның өкілеттігін облмәслихат сессиясы төрағасының шешімі бойынша облыстық мәслихат тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы немесе облыстық мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.

113-тармақ. Облыстық мәслихат хатшысы тұрақты комиссиялар төрағаларының, депутаттардың және депутаттық топтардың ұсыныстарын ескере отырып, облыстық мәслихаттың перспективалық және ағымдағы жоспарын жасайды, облыстық мәслихат сессиясының бекітуіне ұсынады және орындалуын жүзеге асырады.

114-тармақ. Облыстық мәслихат хатшысы облыстық мәслихаттың марапаттау комиссиясының ұсынысы бойынша азаматтарды облысқа сіңірген еңбегі үшін облыстық мәслихаттың Грамотасымен марапаттау туралы өкім шығарады.


4 - тарау.


Облыстық мәслихатта өз қызметін басқа жұмыстан босатылған

негізде жүзеге асыратын лауазымды адамдарды сайлаудың

тәртібі


115-тармақ. Облыстық мәслихат хатшысы қызметіне кандидаттарды облыстық мәслихат депутаттары ұсынады.

116-тармақ. Облыстық мәслихат хатшылығына үміткерлерге облыстық мәслихат сессиясында сөйлеу құқығы беріледі. Сөйлеу уақыты 10 минутке дейін.

Кандидаттардың сөзінен кейін депутаттар оларға сұрақтар қоя алады, пікір білдіреді, ұсынған кандидаттарды “жақтап” немесе “қарсы” үгіт жүргізуге құқылы.

Кандидатураларды талқылауға 20 минутке дейін уақыт бөлінеді.

117-тармақ. Кандидатураларды талқылау оған бөлінген мерзім шегінде облыстық мәслихаттың шешімімен тоқталады.

118-тармақ. Облыстық мәслихат хатшысы қызметіне ұсынылған барлық кандидатуралар, өз кандидатурасын қайтып алғандардан өзгесі, дауыс беру тізіміне енгізіледі, оны сессияда төрағалық етуші хабарлайды.

119-тармақ. Кандидатуралар бойынша ашық дауыс беру ұсынылған кандидатуралардың ұсынылу реті қатаң сақтала отырып өткізіледі. Кандидатуралар бойынша жасырын дауыс беру осы Регламенттің 27-тармағына сәйкес жүргізіледі.

120-тармақ. Кандидат, егер ол облыстық мәслихат депутаттары жалпы санының жартысынан астамы дауыс берсе, сайланды деп саналады.

121-тармақ. Егер облыстық мәслихат хатшысы қызметіне екіден көп кандидаттар ұсынылып, олардың бірде-бірі депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысына ие бола алмаса, неғұрлым көп дауыс алған екі кандидат бойынша қайта сайлау өткізіледі.

Егер қайта сайлауда екі кандидаттың екеуі де облыстық мәслихат депутаттары жалпы санының көпшілік дауысын ала алмаса, онда сайлау жаңа кандидатуралар ұсынылып, талқыланған жағдайда өткізіледі.

122-тармақ. Ашық дауыс беруде есеп-санақ комиссиясының мүшелері кандидатураларды “жақтап” немесе “қарсы” берілген дауыстардың саны туралы облыстық мәслихат сессиясының төрағасына хабарлайды. Облыстық мәслихат сессиясы төрағасын дауыс санау аяқталған соң оның қорытындысын жариялайды.

Жасырын дауыс беруде облыстық мәслихат есеп-санақ комиссиясының баяндамасы бойынша депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы есеп комиссиясының дауыс беру қорытындысы туралы хаттамасы бекітіледі.

123-тармақ. Облыстық мәслихат хатшысының сайланғаны туралы облыстық мәслихаттың шешімі қабылданады.


6. БӨЛIМ


Облыстық мәслихат қызметіндегі заңдылықты қамтамасыз ету


124-тармақ. Облыстық мәслихат өз қызметінде:

жалпы мемлекеттік сыртқы және ішкі, несие-қаржы, бюджет-салық және инвестициялық саясатқа сай келмейтін шешімдердің қабылдануына жол бермеуге;

азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.

125-тармақ. Облыстық мәслихаттың бюджеттік кірістерді қысқартуды немесе бюджеттік шығындарды көбейтуді қарастыратын шешімдерінің жобалары облыстық мәслихаттың қарауына облыс әкімінің оң қорытындысы болған жағдайда ғана енгізілуі мүмкін.

126-тармақ. Облыстық мәслихаттың Қазақстан Республикасының Конституциясына, Республика Заңдарына сәйкес келмейтін шешімдерін облыстық мәслихаттың өзінің жоюы не сот тәртібімен жойылуы мүмкін.

127-тармақ. Облыстық мәслихатта жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн iске асыру және қорғау мақсатында олардың өтiнiштерiн беру мен қарауға байланысты қоғамдық қатынастарды Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» N 221 Заңымен реттеледi. Облыстық мәслихаттың хатшысы әр аптаның сейсенбі күні, аппарат жетекшісі әр аптаның дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері, ал аппарат бөлімі меңгерушілері күн сайын азаматтарды қабылдауын жүргізеді.


  1. БӨЛIМ


Қорытынды қағидалар


128-тармақ. Облыстық мәслихаттың Регламенті талаптары сақталмай өткізілген облыстық мәслихаттың кез-келген отырысы заңсыз деп табылады. Ондай отырыстарда қабылданған актілер жарамсыз деп саналады.

129-тармақ. Облыстық мәслихаттың осы Регламенті облыстық мәслихат сессиясында бекітілген уақыттан бастап күшіне енеді. Көпшілік депутаттардың қолдауымен Регламентке өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
1   2   3



Похожие:

1. БӨлiм жалпы ережелер iconI м. Жалпы ережелер 1 тара у. Негiзгi ережелер 1 б а п. Осы Кодекс
Бiрлестiктердiѓ ЖЌне жергiлiктi €зiн-€зi басћару органдарыныѓ ЋЏЋЫЋтары мен мiндеттерi
1. БӨлiм жалпы ережелер iconҚазақ Ұлттық медицина университеті
Жалпы ережелер
1. БӨлiм жалпы ережелер iconҚазақ Ұлттық медицина университеті
Жалпы ережелер
1. БӨлiм жалпы ережелер iconВ. Н. Девятко Кадрлар есебі және мониторинг бөлімінің бастығы
Жалпы ережелер
1. БӨлiм жалпы ережелер iconҚол қойылатын бонус бойынша декларацияны жасау Ережелері (510. 00-нысан) Жалпы ережелер Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»
Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі)...
1. БӨлiм жалпы ережелер iconҚазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында қазақ тілінен өтетін katev халықаралық қоғамдық қорының V «Жарқын болашақ» олимпиадасын өткізу ережелер І
Осы ережелер Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында қазақ тілінен өтетін katev халықаралық...
1. БӨлiм жалпы ережелер iconЖалпы ережелер
Алматы қаласының мектеп оқушылары арасында әскери-патриоттық тақырыпқа жазылған шығармаларға жарияланған байқау өткізу туралы
1. БӨлiм жалпы ережелер icon890. 00-нысан Жалпы ережелер
Кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары
1. БӨлiм жалпы ережелер iconМ.Өтемісов атындағы БҚму жанындағы «Достық» студенттік клубының жалпы ережесі Жалпы ережелер
М.Өтемісов атындағы БҚму жанындағы «Достық» студенттік клубы тәрбие және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректорға қарасты кеңестік...
1. БӨлiм жалпы ережелер iconӨткізу туралы Ереже Жалпы ережелер
Р білім және ғылым министрлігі, Қр іім есірткі бизнесімен күрес комитеті, Қазақстан скауттық қозғалыс ұйымы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kze.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы