Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы icon

Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы



НазваниеҚазақстан Республикасындағы мерекелер туралы
Дата конвертации30.05.2013
Размер20.89 Kb.
ТипДокументы
источник

Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы N 267-ІІ Заңы


Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 23, 316-құжат; "Егемен Қазақстан" 2001 жылғы 14 желтоқсан N 285-288




      Осы Заң Қазақстан Республикасында атап өтілетін мерекелердің құқықтық негіздерін айқындайды.

      1-бап. Қазақстан Республикасында атап өтілетін мерекелер

      Қазақстан Республикасында ұлттық мерекелер, мемлекеттік мерекелер, кәсіби және өзге де мерекелер атап өтіледі.
      Ұлттық мерекелер - Қазақстан мемлекеттілігінің дамуына елеулі ықпал еткен, ерекше тарихи маңызы бар оқиғалардың құрметіне Қазақстан Республикасында белгіленген мерекелер. Ұлттық мерекелерді мейрамдау кезінде орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда ресми іс-шаралар өткізіледі.
      Мемлекеттік мерекелер - қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғаларға арналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары дәстүрлі түрде атап өтетін мерекелер. Мемлекеттік мерекелерді мейрамдау кезінде ресми іс-шаралар өткізілуі мүмкін.
      Кәсіби және өзге де мерекелер - ұлттық және мемлекеттік мерекелер мәртебесі берілмеген, азаматтардың жекелеген санаттары атап өтетін мерекелер.

      ^ 2-бап. Ұлттық мерекелер

      Қазақстан Республикасындағы Ұлттық мереке - 16-17 желтоқсанда атап өтілетін 16-желтоқсан - Тәуелсіздік күні.

      3-бап. Мемлекеттік мерекелер

      Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік мерекелер - мына күндері атап өтілетін мерекелер:
      1-2 қаңтар - Жаңа жыл;
      8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;
      21-23 наурыз - Наурыз мейрамы;
      1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;
      9 мамыр - Жеңіс күні;
      6 шілде - Астана күні;
      30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні.
      1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.
       Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.06.25 N 47-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2009.04.22 N 152-IV, 2011.12.14 N 509-IV Заңдарымен.

      4-бап. Кәсіби және өзге де мерекелер

      Кәсіби және өзге де мерекелер Қазақстан Республикасындағы мерекелік даталар болып табылады.
      Мерекелік даталар тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті белгілейді .

      ^ 5-бап. Мереке күндері

      Қазақстан Республикасындағы ұлттық және мемлекеттік мерекелер атап өтілетін күндер Қазақстан Республикасының еңбек заңдарына сәйкес мереке күндері деп танылады.
      Қазақстан Республикасындағы мереке күндері жұмыс істемейтін күндер болып табылады.
      Демалыс және мереке күндері сәйкес келген жағдайда мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс күні болады.

      6-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

      1. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы мереке күндері туралы" 1995 жылғы 18 қазандағы N 2534 заң күші бар Жарлығының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 21, 125-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті



Похожие:

Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы iconҚазақстан Республикасын ың Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу туралы ақпарат. «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы»
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ағымдағы жылғы 1 желтоқсанда барлық жерде...
Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы iconЕкінші топтағы нормаларға «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы», «Қазақстан Республикасындағы арнайы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңдарды жатқызуға болады
Бірінші топқа көптеген заңнама актілерінде: Азаматтық кодексте, Жер кодексінде, «Неке және отбасы», «Азаматтардың денсаулықтарын...
Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы iconБағалау туралы есептің нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы»
«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес, БҰйырамын
Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы iconСайлау науқандары кезеңінде үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»
Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңынын 28-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы...
Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы iconЖоба Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтаудың қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы»
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы Заңының 14-1-бабының 2-тармағына...
Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы iconЖоба Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтаудың қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы»
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы Заңының 14-1-бабының 2-тармағына...
Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы iconБағалау стандарттарын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы»
«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес, БҰйырамын
Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы iconБағалау стандарттарын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы»
«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес, БҰйырамын
Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы iconҰсынылатын әдебиеттер нормативтiк құқықтық кесiмдер Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы: Юрист, 2005. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi №2464 Конституциялық заңы. Алматы:...
Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы iconОңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық мәслихаты шешім 17 сәуір 2012 жыл №3/24-V
Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kze.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы