Жамбыл облысы соттарының судьялары отырысының №8 хаттамасы 25. 02. 2013 ж сағ. 11. 00 Тараз қаласы icon

Жамбыл облысы соттарының судьялары отырысының №8 хаттамасы 25. 02. 2013 ж сағ. 11. 00 Тараз қаласы



НазваниеЖамбыл облысы соттарының судьялары отырысының №8 хаттамасы 25. 02. 2013 ж сағ. 11. 00 Тараз қаласы
Дата конвертации31.05.2013
Размер113.61 Kb.
ТипДокументы
источник


Жамбыл облысы соттарының

судьялары отырысының

8

ХАТТАМАСЫ


25.02.2013 ж.

сағ. 11.00 Тараз қаласы

Күн тәртібі:


1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар туралы.

Баяндамашылар: Жамбыл облыстық сотының ішкі қауіпсіздік қызметінің бас маманы Р.А.Болжамбаев, Судьялар Әдебі комиссиясының төрағасы О.М.Мамытбеков.

Шақырылғандар: аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары, Тараз қалалық сотының төрағасы, осы соттың судьялары, кеңсе меңгерушісі, Тараз қаласы № 2 сотының төрағасы, осы соттың судьялары, кеңсе меңгерушісі, Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы, осы соттың судьялары, кеңсе меңгерушісі, Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы, осы соттың судьялары, кеңсе меңгерушісі, Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы, осы соттың судьялары, кеңсе меңгерушісі, Жамбыл облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соттың төрағасы, осы соттың судьялары, кеңсе меңгерушісі.


Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Жамбыл облыстық сотының ішкі қауіпсіздік қызметінің бас маманы Р.А.Болжамбаев баяндады.

22.02.2013 жылы сағат 00.30-де, өзінің үйінің қасында, Қостанай қалалық сотының төрағасы қарыз сомасын өндіру туралы азаматтық ісін қарау үшін (арызданушыдан) 100 000 теңге көлемінде пара алу үстінде, Қостанай облысының ҰҚҚ-нің қызметкерлерімен ұсталды.

Сол түні сағат 22.30-да, өзінің үйінің қасында, Қостанай қалалық сотының судьясы қарыз сомасын өндіру туралы азаматтық ісін қарау үшін (делдалдан) 70 000 теңге көлемінде пара алу үстінде ұсталды.

Қазіргі таңда құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында өткізілген аттестациядан кейін, олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы өздерінің жұмыстарын жандандыруда.

Аталған қылмыстарға судьялардың сот процестерінің тараптарымен процессуалдық емес қарым –қатынасқа түсулері негіз болып отыр.

Сонымен қатар, оперативтік дайындық үшін тек дайындалу үстіндегі немесе болатын қылмыс қана емес, судьялардың жүріс тұрыстары туралы ақпарат негіз болып отырғаны байқалады. Мысалға алатын болсақ, судьялармен қымбат автокөліктерді, таңдаулы үйлерді сатып алып, олармен иелену, қоғамда әңгіме туғызатын жүріс–тұрыс, сыбайлас жемқорлық жасауға бейімделген және құқық қорғау органдарында есепке тіркелген тұлғалармен қатынаста болу және т.б. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, кейбір оперативтік қызметкерлер өздерінің статистикалық көрсеткіштерін жақсарту мақсатында әртүрлі айлаларға барулары мүмкін, атап айтар болсақ, судьяның жанындағы тұлғаларды қорқыту немесе бопсалау.

Айтып өтер тағы да бір мәселе, ол сот жасауылдарының өздеріне жүктелген міндеттерінен басқа міндеттерді қосымша атқару. Мәселен, сот жасауылдары сот ғимараттарын, судьяларды, сот қызметкерлерін қорғау мақсатында сот ғимараттарының жанына келген бөтен тұлғаларды, бөтен автокөліктерді анықтаулары тиіс, алайда, аудандық және оған теңестірілген соттарда мүлдем басқа бұл жағдай орын алып отыр, сот жасауылдары, тараптарға сотқа шақыру қағаздарын тарату жұмыстарын атқарып жүр. Алайда, бұл олардың функционалдық міндеттеріне кірмейді.

Құрметті әріптестер! Сіздерді Судья Әдебі Кодексінің қағидаттарын қатаң сақтауға, ал сот қызметкерлерін мемлекеттік қызметшінің Ар –намыс Кодексінің талаптарын қатаң сақтауға шақырамын.


^ Төрағалық етуші: Баяндалған мәселе бойынша сұрақтардың бар-жоғын анықтады.

Бұл мәселе бойынша сұрақтар түскен жоқ.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Судьялар Әдебі Комиссиясының төрағасы О.М.Мамытбеков баяндады.

Костанай облысында орын алған жағдай, Жамбыл облысы соттары судьяларын бей-жай қалдырмауы тиіс.

Судья Әдебі Кодексінің басты қағидаттарының бірі, ол «Судья қызмет бабын өзінің жеке басының мүдделері үшін пайдалануға тиіс емес». Судья процеске қатысушылармен іс жүргізуден тыс қарым –қатынастардан аулақ болуға, оның кәсіби беделіне күмән тудырмайтындай тәртіпті ұстануға тиіс.

Қазіргі кезде Сот әдебі комиссиясына аталған қағидаттың бұзылуына жол берілгендігі туралы екі шағым келіп түсті, бірі облыстық соттан судья Н.А.Аманжоловтың талап қоюшы С.А.Сарафинованың Жамбыл облыстық аумақтық нотариалдық палатасына жалпы жиналыстың хаттамасын заңсыз деп тану, құрылтай құжаттарын, мөрді қайтару туралы азаматтық ісімен, екіншісі, Құлан ауылының бір топ азаматтарынан, барлығы 13 адам қол қойған, судья Д.Ү.Мырқалықовтың қызмет бабын асыра пайдаланып, жұбайына аудан орталығындағы базардың шығыс жағынан жер телімін алып берді, деген мәндегі шағым.

Аталған шағымдар тексерілу барасында.

Құрметті әріптестер, Сіздерге айтарым, Судья Кодексінің талаптарын қатаң ұстану қажет.


^ Төрағалық етуші: Баяндалған мәселе бойынша сұрақтардың бар-жоғын анықтады.

Бұл мәселе бойынша сұрақтар түскен жоқ.


Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Жамбыл облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы А.С.Смайлов баяндады.

Біздің соттарда төмендегідей қиындықтар кездесуде. Бұл жағдайлар туралы бірнеше рет айтқан болатынбыз. Алайда, судьялар нәтиже шығармай отыр.

Мәселен, азаматтар тарапынан Тараз қаласы прокуратурасының ұсынысын заңсыз деп тану туралы сотқа берген арыздары негізінде, талап қоюды қамтамасыз ету шараларын қолданып, іс мәнісімен қаралып, іс бойынша шешім шығарылғанға дейін прокурордың ұсынысының күшін тоқтата тұру туралы ұйғарым қабылдауды, Тараз қалалық сотының судьялары Т.И.Азбекова және В.Н.Мирошников өз тәжірибелеріне енгізуде.

ҚР АІЖК –нің 158 бабының талаптарына сай, аралық сотта немесе төрелiкте iс қарау тараптарының iсiне қатысатын адамдардың арызы бойынша соттың талап қоюды қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауы мүмкін. Талап қоюды қамтамасыз етуге, егер мұндай шараларды қабылдамау сот шешімін орындауды қиындатса немесе оның орындалуын мүмкін етпесе, істің барлық жағдайларында да жол беріледі делінген.

Прокуратура тарапынан, азаматтардың тәртіптік жауапкершіліктерін шешу үшін жолданған ұсынысты шағымдану барысында талап қоюды қамтамасыз ету шараларын қолданудың қажеттігі не? Әрине, іс сотта қаралып болғанша, ұсыныс бойынша жауаптылыққа тартылатын тұлғаларға тәртіптік жаза қолдану мерзімі өтіп, олар жауаптылықтан жалтаруда.

Тағы бір айтатын мәселе прокурорларды сотқа қатыстырмау.

ҚР АІЖК –нің 55 бабына сай азаматтық сот ісін жүргізуде заңдардың дәлме-дәл және бір үлгіде қолданылуына жоғары қадағалау жүргізу ісін мемлекет атынан Қазақстан Республикасының Бас прокуроры тікелей өзі және өзіне бағынатын прокурорлар арқылы жүзеге асырады.

Прокурордың азаматтық сот ісін жүргізуге қатысуы бұл заңда көзделген, прокурордың осы іске қатысу қажеттілігін сот таныған жағдайларда, сондай-ақ прокурордың бастамасы бойынша қозғалған, мемлекеттің мүдделерін қозғайтын, жұмысқа қайтадан алу, жалақыны өндіріп алу, азаматты басқа тұрғын үй-жай берместен тұрғын үйден шығару, өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы істер бойынша міндетті. Прокурордың көрсетілген өкілеттіктері соттың қарауға белгіленген барлық істер туралы уақтылы хабарлауы арқылы қамтамасыз етіледі делінген.

Алайда, бұл талап аудандық және оған теңестірілген соттар судьяларымен толығымен орындалмайды. Сотқа қатысуға міндетті жағдайларда, прокурорлар іске қатыспайды, өйткені, сотқа шақыру қағаздары прокурорларға берілмейді.

Сонымен қатар, сот мәжілісінің хаттамаларында прокурорлардың қорытындылары, өзгертілген мәтінде немесе толығымен көрсетілмейтіні анықталды.

Алдағы уақытта прокурорлар өздерінің қорытындыларын жазбаша түрде береді, соттардың қызметкерлері бұл қорытындыларды қабылдаулары қажет.

ҚР АІЖК –нің 85 бабының 1 бөлігіне сай, түпнұсқа жазбаша дәлелдемелер, сондай-ақ істегі жеке хаттар оларды табыс еткен тұлғалардың өтініші бойынша сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін оларға қайтарылуы мүмкін. Бұл орайда істе жазбаша дәлелдемелердің судья куәландырған көшірмесі қалады делінген.

Алайда, апелляциялық сот алқасына келіп түскен азаматтық істерді зерделеу барысында, заңның бұл талабы, аудандық және оған теңестірілген сот судьяларымен, көбінесе сақталмайтыны анықталып отыр.

Жергілікті соттардың судьяларымен заңның бұл талабы бұзылып отырғаны туралы жағдайға, 29.01.2013 ж. хатында ҚР Жоғарғы Сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалау сот алқасының төрағасы Е.Абдықадыров та назар аударған болатын.

Айтылғандардың негізінде, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьяларынан процессуалдық заң талаптарын бұлжытпай орындауды тапсырамын.

Сот төрағалары мен кеңсе меңгерушілері бұл мәселені қатаң бақылауға алу қажет.

Атап өтер тағы да бір жағдай, ол Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Г.М.Тажиеваның күмән туғызған іс - әрекеті.

Талапкер ҚР Ішкі істер Министрлігі «Ақпараттық-өндірістік орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жауапкер «СК-Ретма» ЖШС-не қатысты азаматтық іс–құжаттарынан, 16.07.2012 жылы талап арызды қанағаттандыру туралы сырттай шешім шығарып, талап қою мерзімін қолданбаған. Алайда, кейіннен, 30.07.2012 жылы сырттай шешімді бұза отырып, сот талап қою мерзімін қолданған. Осы орайда, неліктен судья Г.Тажиева бастапқыда істі сырттай тәртіппен қарау барысында, талап қою мерзімін қолданбағаны, сұрақтар туғызады. Дәл осыған тектес жағдай, осы судьяның төрайымдық етуімен қаралған талапкер Қазақстан республикасы Ішкі істер Министрлігі «Ақпараттық-өндірістік орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны жауапкер «CLEANLine» ЖШС-не қатысты азаматтық ісі бойынша да орын алған.

Назар аударатын тағы да бір жағдай, ол аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағаларымен облыстық соттың тарапынан жолданатын хаттарға назар аудармау. Осы мәселені қайта қараңыздар. Әрбір түскен хат Сіздердің жедел кеңстеріңізде талқыланатын болсын.


^ Төрағалық етуші: Баяндалған мәселе бойынша сұрақтардың бар-жоғын анықтады.

Бұл мәселе бойынша сұрақтар түскен жоқ.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрайымы Ғ.Ш.Мұсабекова баяндады.

Мен, қазіргі таңдағы көптеген сұрақтар туғызып отырған екі мәселеге тоқталып кетсем деймін.

Бірінші, ол жаза өтеу мерзімінен шартты түрде ерте босату мәселесі. Мұндай құжаттарды, негізінен, Тараз қаласы № 2 соты және Байзақ аудандық соты қарауда.

Бұл іс-құжаттарды қарау барысында судьяларға әртүрлі өтініштер немесе ұсыныстар түсу мүмкін. Біз барлық семинарлық сабақтарда, не болмаса соттарға шыға отырып жүргізген жиналыстар барысында, мұндай іс –құжаттарды қарау кезінде міндетті түрде соталған адамның жеке ісін сұратып, толығымен зерделеп, шешім шығаруымыз керектігін айтып отырамыз. Апелляциялық алқада, неліктен бұл тұлға сотталды, қандай санаттағы қылмысты жасағанын басты назарда ұстап, барлық мән-жайларды ескеріп ғана шешім шығарамыз.

Ал, егер де, сотталғандар аса қауіпті қайталануы бар қылмыс үшін отырған болса, мұндай тұлғаларды, жаза өтеу мерзімінен шартты түрде ерте босатуға рұқсат болмау қажет. Өйткені, бірнеше рет сотталған азаматтар, өздерін қалай ұстау керектігін біліп, тиісті марапаттауларды алып, сот кескен үкімінің мерзімін өтеуден құтылып кетулері мүмкін.

Былтырғы жылы бізде Байзақ аудандық сотында жаза өтеу мерзімінен шартты түрде ерте босату мәселесі бойынша түйінді жағдайлар болған. Неліктен екенін білмеймін, сол кезде осы соттың судьясы С.Ж.Умралиев талап – тілек білдірген барлық азаматтарды жаза өтеу мерзімінен шартты түрде ерте босатқан. Апелляциялық сот алқасы бұл сот актілерін бұзып, судья С.Умралиевтың атына жеке қаулылар шығарып, аралық жалпы отырыстарда талқыланып, нәтижесінде бұл жағдай түзелді.

Тағы да ойландыратын бір мәселе.

Егер түзеу жұмыстары, әскери қызмет бойынша шектеу, бас бостандығынан айыру жазасын тағайындағанда сот сотталған адамның жазаны өтемей түзелуi мүмкiн деген қорытындыға келсе, ол тағайындалған жазаны шартты деп санауға қаулы шығарады. Сонымен қатар, сот сотталушыларға қатысты бас бостандығын шектеу жазасын қолданылуы мүмкін. Алайда, соттың, мысалға берілген 2 жыл сынақ мерзімін, осы сынақ мерзімінің жартысы өткеннен кейін, құзырлы органдар тиісті ұсыныстармен сотқа шығып, бұл мерзімдерді қысқарту тәжірибесі қалыптасқан. Бұл дұрыс бағыт емес. Сотталғанды шартты түрде соттаған кезде сотпен белгіленген сынақ мерзімін немесе бас бостандығын шектеу жазасын қолдану барысында, сот, сотталушыларға қатысты барлық жеңілдететін мән-жайларды ескеріп, адамгершілік танытқан болатын.

Президенттің қатысуымен өткізілген Қауіпсіздік Кеңесінде талқыға салынған З.Ботабаевтың ісі бойынша. Бұл іс алқабилердің қатысумен қаралып, олар З.Ботабаевты кінәлі емес деп тапқан. Алайда, белгілі болып отырған мән-жай ол З.Ботабаевтың адамды сендіру қабілеті бар екені анықталған. Алайда, З.Ботабаевты алқабилер кінәлі емес деп тапқанымен, профессионалды судья өз көзқарасын білдіруі қажет еді. Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Н.А.Абидов осы тұрғыда судьялармен жұмыс атқаруыңыз қажет.

Екінші, ол қамаққа алуға санкция беру мәселесі.

2013 жылдың ақпан айының 21 жұлдызында Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында «Үй қамауына алу мен бұлтартпау шарасын қамауға алудың таңдау негіздері және тергеу органдарымен өтініштерді қозғау кезінде жіберілетін қателіктер» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған іс-шараға Жамбыл облыстық сотының, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары мен прокуратураның, облыстық және қалалық ішкі істер департаментінің, ұлттық қауіпсіздік комитетінің, қаржы полициясының, адвокатураның және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысып, көптеген сұрақтар қойылып, жауаптар алынды.

ҚР ҚІЖК –нің 150 бабының талаптарына сәйкес қамауға алу бұлтартпау шарасы ретінде соттың санкция беруімен ғана және заңмен кемінде бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген қылмыс жасаған деп айыпталушыға, сезіктіге қатысты ғана қолданылады.

Айыпталушы қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынған кезде, ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қоғамдастықтың құрамында қылмыс жасады деп айыпталса, не оған күдік келтірілсі және басқа ерекше жағдайларда бұлтартпау шарасы заңмен кемінде быс жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген қылмыстар үшін де қолданылуы мүмкін.

Алайда, Т.Рысқұлов аудандық сотында айыпкерлерді қамауға алу бұлтартпау шарасы ретінде санкция беру мәселесін шешкенде облыстық соттарда қалыптасқан сот тәжірибесін сақтамай отырғандары анықталды.

Мәселен, сот, бірнеше жәбірленушілерге аса ірі мөлшерде залал келтіріп, әрекеті ауыр қылмыстар санатына жататын және тергеуден бой тасалап қашып жүрген айыпкерді қамауға алу жөніндегі өтінішті қанағаттандырусыз қалдырып, ал 5 саулық қой ұрлап, келтірілген залалды толығымен өтеген, орташа санаттағы қылмысты жасаған айыпкерге қамауға алуға санкция берілген. Соттың бұл позициясы түсініксіз болып отыр және сот төрағасын алаңдату қажет.

Менің айтарым, біз нақты қылмыстық істің мән-жайларынан қорытынды жасап, шешім шығаруымыз қажет.

^ Төрағалық етуші: Баяндалған мәселе бойынша сұрақтардың бар-жоғын анықтады.

Бұл мәселе бойынша сұрақтар түскен жоқ.


Күн тәртібіндегі мәселені қарай келе, отырыс,


^ ШЕШІМ ЕТТІ:


1. Облыстық соттың алқа төрағалары А.С.Смайлов пен Ғ.Ш.Мұсабекованың, Судьялар Әдебі Комиссиясының төрағасы О.М.Мамытбековтың, Жамбыл облыстық сотының Ішкі қауіпсіздік қызметінің бас маманы Р.А.Болжамбаевтың ақпараттары назарға алынсын.


^ 2. Жамбыл облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы А.С.Смайловқа:

- сотта қаралуы кейінге қалдырылған әрбір азаматтық іс тексеріліп, себептері анықталып, қатаң бақылауға алынсын.


^ 3. Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрайымы Ғ.Ш.Мұсабековаға:

- белгіленген жаза мерзімін өтеуден шартты түрде босату, айыпкерлердің бұлтартпау шарасын санкциялауға байланысты іс –құжаттарын заң шеңберіңде қарау қатаң бақылауға алынсын.


^ 4. Судьялар Әдебі Комиссиясының төрағасы О.М.Мамытбековке:

- Судья Әдебі талаптарын қатаң сақтау мәселесі бойынша, соттарға шыға отырып, семинарлық сабақтарын өткізу жұмыстары жандансын.


5. Жамбыл облыстық сотының Кеңсе басшысы Ә.Ә.Құлдүйсеновке, Ішкі қауіпсіздік қызметінің бас маманы Р.А.Болжамбаевқа, аудандық және оған теңестірілген сотар төрағаларына:

  • Судьялар және сот қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу мақсатында жұмыстар жандансын.

  • Судьялардың және сот қызметкерлерінің адвокаттармен және сот істері бойынша тараптармен процессуалдық емес қарым- қатынастарды болдырмау мақсатында шаралар қабылдансын.

  • Сот жасауылдары өздеріне жүктелген міндеттерімен тікелей айналысатын болсын. Сотқа келіп кеткен тұлғаларды тіркеу журналын жүргізсін. Әрбір сот жасауылы процессуалдық құжаттарды әзірлей алатын болсын.


6. Аудандық және оған теңестірілген соттар судьяларына

- процессуалдық заң талаптарын бұлжытпай орындау тапсырылсын


7. Хаттамалық шешімнің орындалуы туралы ақпарат үстіміздегі жылдың 25 наурызына дейін ұсынылсын.


Төрағалық етуші М.Ж.Бектұрғанов





Похожие:

Жамбыл облысы соттарының судьялары отырысының №8 хаттамасы 25. 02. 2013 ж сағ. 11. 00 Тараз қаласы iconБорышкердің мүлкін (активтерін) сату бойынша сауда-саттықты жүргізу туралы ақпараттық хабарлама
«Лидер Д» жшс-ның конкурстық басқарушысы, Тараз қаласы, Жамбыл даңғылы, 8а үй «Лидер Д» жшс борышкердің мүлкін (активтерін) сату...
Жамбыл облысы соттарының судьялары отырысының №8 хаттамасы 25. 02. 2013 ж сағ. 11. 00 Тараз қаласы iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Жамбыл облысы Тараз қаласы
Себебі, соғыс-уақытқа тәуелсіз, ешқашан өзгермейтін, ешқандай сынға берілмейтін азап
Жамбыл облысы соттарының судьялары отырысының №8 хаттамасы 25. 02. 2013 ж сағ. 11. 00 Тараз қаласы iconПресс – Релиз Тараз қ. 15. 04. 2013 ж. Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының «Жұмыспен қамту 2020»
Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының іске асырылуын бағалау туралы жүргізілген бақылау...
Жамбыл облысы соттарының судьялары отырысының №8 хаттамасы 25. 02. 2013 ж сағ. 11. 00 Тараз қаласы iconБорышкердің мүлкін (активтерін) бағалау бойынша қызметті сатып алу жөніндегі конкурсты өткізу туралы ақпараттық хабарлама
Жітіқара қаласы., 30 лет влксм көшесі., 44 үй, бсн 911240000861, борышкердің «Парыз» жшс жітіқара қаласы., 30 лет влксм көшесі.,...
Жамбыл облысы соттарының судьялары отырысының №8 хаттамасы 25. 02. 2013 ж сағ. 11. 00 Тараз қаласы iconЖамбыл облысының статистика Департаменті
Тараз қаласы бойынша ақылы қызметтердің жекеленген түрлерінің бағасы және тарифтері
Жамбыл облысы соттарының судьялары отырысының №8 хаттамасы 25. 02. 2013 ж сағ. 11. 00 Тараз қаласы iconЖамбыл облысының жергiлiктi маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң мемлекеттiк тiзiмiн бекiту туралы
Жамбыл облысы әкiмдiгiнiң 2010 жылғы 14 сәуiрдегi n 90 Қаулысы. Жамбыл облысы Әдiлет департаментiнде 2010 жылғы 25 мамырда n 1743...
Жамбыл облысы соттарының судьялары отырысының №8 хаттамасы 25. 02. 2013 ж сағ. 11. 00 Тараз қаласы icon2003-2013 жылдардағы Жамбыл облысының аудандар және Тараз қ. бойынша халық саны

Жамбыл облысы соттарының судьялары отырысының №8 хаттамасы 25. 02. 2013 ж сағ. 11. 00 Тараз қаласы iconЖамбыл облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша сайлау округтерінің шекаралары Тараз қаласы бойынша
Шекарасы: Жамбыл даңғылынан К.Әзірбаев көшесіне дейінгі Рим көшесі (жұп жағы), Рим көшесінен қала шекарасына дейінгі К.Әзірбаев көшесі...
Жамбыл облысы соттарының судьялары отырысының №8 хаттамасы 25. 02. 2013 ж сағ. 11. 00 Тараз қаласы icon2013 жылғы I тоқсандағы Қазақстанның өндірілген жалпы ішкі өнімі 6 817 181,1 млн теңгені құрады және өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,7 п т. өсті
Жалпы өңірлік өнім өндірісінде ең үлкен үлесті Алматы қаласы – 18,0%, ал ең аз үлесті Солтүстік-Қазақстан облысы 1,8% алады. ЖӨӨ-ң...
Жамбыл облысы соттарының судьялары отырысының №8 хаттамасы 25. 02. 2013 ж сағ. 11. 00 Тараз қаласы iconСот отырысының хаттамасы жөнiнде қылмыстық iс жүргiзу заңдарының нормаларын қолдану туралы
Азақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы n 11 нормативтiк қаулысы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kze.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы