Коммуналдық меншiктегi объектiлердi мүлiктiк жалға беру жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы icon

Коммуналдық меншiктегi объектiлердi мүлiктiк жалға беру жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы



НазваниеКоммуналдық меншiктегi объектiлердi мүлiктiк жалға беру жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы
Дата конвертации31.10.2013
Размер101.17 Kb.
ТипДокументы
источник

Коммуналдық меншiктегi объектiлердi мүлiктiк жалға беру жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы

Жамбыл облысы әкiмдiгiнiң 2010 жылғы 02 қыркүйектегi N 235 Қаулысы. Жамбыл облыстық Әдiлет департаментiнде 2010 жылғы 01 қазанда 1754 нөмiрiмен тiркелдi


Жамбыл облыстық "Ақ жол" газетi, 09.10.2010 жылғы № 179 (17 233)




      РҚАО ескертпесi.
      Мәтiнде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1 тармағының 2) тармақшасына сәйкес, облыстық коммуналдық меншiктi басқару және оны қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асыру мақсатында, Жамбыл облысы әкiмдiгi ^ ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған коммуналдық меншiктегi объектiлердi мүлiктiк жалға беру жөнiндегi Нұсқаулық бекiтiлсiн.
      2. Осы Қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Бақытбек Зүбайраұлы Иманәлиевке жүктелсiн.
      3. Осы Қаулы Әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      ^ Облыс әкiмi                                Қ. Бозымбаев

Жамбыл облысы әкiмдiгiнiң
2010 жылғы 02 қыркүйектегi
№ 235 Қаулысымен бекiтiлген

Коммуналдық меншiктегi объектiлердi мүлiктiк жалға беру жөнiндегi нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Коммуналдық меншiктегi объектiлердi мүлiктiк жалға беру жөнiндегi нұсқаулық (әрi қарай - Нұсқаулық) «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкес әзiрлендi.
      2. Осы Нұсқаулықта мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      балансұстаушы – иелiгiнде (балансында) мемлекеттiк коммуналдық мүлкi бар ұйым;
      жалға берушi – меншiк иесi атынан – Жамбыл облысы, Тараз қаласы және аудан әкiмдiктерiнен шығатын келiсiм – шарттағы уәкiлеттi орган;
      жалдаушы – белгiлi шартқа, ақыға және уақытқа мемлекеттiк коммуналдық мүлiктi уақытша иеленуге, пайдалануға келiсiм-шарттағы алушы жақ
      мүлiктiк жалға (жалдауға) беру келiсiм шартты – жалға берушiмен жалға алушыға мүлiктi ақы төлеп уақытша иеленуге және пайдалануға беру туралы келiсiм шарт;
      объект - мүлiктiк жалғаға берiлуге жататын коммуналдық мемлекеттiк меншiктегi мемлекеттiк мүлiк.
      3. Объектiлердi мүлiктiк жалға (жалдауға) беру баланс ұстаушысының келiсiмiмен сәйкестiк қаржыландыру көзi бойынша Жамбыл облысы әкiмдiгiнiң, Тараз қаласы және аудан әкiмдiктерiнiң коммуналдық мемлекеттiк меншiкке билiк етуге уәкiлеттi атқарушы органдары жүзеге асырады.

^ 2. Объектiлердi мүлiктiк жалға берудi ұйымдастыру

      4. Объектiлердi мүлiктiк жалға (жалдауға) алу туралы өтiнiмдердi кез келген заңды және жеке тұлғалар бере алады.
      Өтiнiмдер жалға берушiге берiледi.
      5. Өтiнiш берушiлерге қойылатын талаптарды қанағаттандыратын екi не одан көп өтiнiм болса, объектiнi мүлiктiк жалға (жалдауға) беру тендердiң қорытындылары бойынша ғана берiлуi мүмкiн.
      6. Ағымдағы жылға 1 шаршы метрге жалдау ақысының есептеу ставкалары жетекшi Жамбыл облысы әкiмiнiң орынбасарымен келiсiлген жылжымайтын мүлiктердiң нарығында облыстың статистикалық органдар берген мәлiметтер және орташаландырылып құрылған бағалардан уәкiлеттi органмен белгiленедi.
      Объектiлердi мүлiктiк жалға (жалдауға) беру кезiнде объектiлердiң орналасқан жерi, түрi, жай-күйi, сондай-ақ мақсаты ескерiлген осы Нұсқаулыққа қосымшаға сәйкес жалдау ақысының есептеу ставкаларының коэффициенттерi ескерiле отырып анықталады.
      7. Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер мен коммуналдық қазыналық кәсiпорындарға мүлiк жалға (жалдауға) төлемақысыз берiледi.
      8. Жалға берушi тендер өткiзу туралы шешiм қабылдау кезiнде:
      1) тендер өткiзiлетiн күнi мен орнын, оның шарттарын, сондай-ақ тендер жеңiмпазын таңдау өлшемдерiн анықтайды;
      2) тендерлiк құжаттаманы бекiтедi;
      3) тендерлiк комиссияны қалыптастырады;
      4) кепiлдiк жарналарды қабылдайды;
      5) тендерлiк комиссия отырыстарының хаттамаларын бекiтедi;
      6) тендер жеңiмпазымен мүлiктiк жалға (жалдауға) беру шартын жасасуды қамтамасыз етедi;
      7) тендер аяқталғаннан кейiн осы Нұсқаулықтың 22-тармағында белгiленгеннен басқа жағдайларда, тендерге қатысушыларға кепiлдiк жарналарды қайтарады;
      8) тендердi өткiзуге қажеттi өзге функцияларды жүзеге асырады.
      9. Тендердi ұйымдастырушы ретiнде тендерлiк комиссия әрекет етедi.
      10. Тендерлiк комиссияның құрамына жалға берушiнiң, баланс ұстаушының, өзге де мүдделi ұйымдардың өкiлдерi енгiзiледi, сондай-ақ тәуелсiз мамандар мен сарапшылар қатыстырылуы мүмкiн. Жалға берушiнiң өкiлi тендерлiк комиссияның төрағасы болып табылады.
      11. Комиссияның құрамы жалға берушiнiң бұйрығымен бекiтiледi.
      12. Тендерлiк комиссия мынадай қызметтердi жүзеге асырады:
      1) жалға берушi белгiлеген мерзiмде және объект туралы ол ұсынған деректердiң негiзiнде жалдау ақының ставкасы негiзгiсi болып табылатын тендердiң шарттарын әзiрлейдi;
      2) тендерлiк құжаттаманы және тендер жариялау үшiн басқа да қажеттi құжаттарды дайындайды;
      3) тендер өткiзедi;
      4) қажет болған жағдайда тендерлiк және басқа қажеттi құжаттаманы дайындау, өтiнiмдердi жинау және талдау бойынша жұмысты өткiзу жөнiндегi мамандар мен сарапшылар тартады;
      5) тендерлiк комиссия отырысының тендер қорытындылары бойынша тендер жеңiмпазын анықтаған тұжырымы немесе өзге де шешiм бар хаттамасын ресiмдейдi;
      6) осы Нұсқаулықпен көзделген өзге де қызметтердi жүзеге асырады.
      13. Жалға берушi тендер құжаттамасының нақты тәртiбiн, құрамын және дайындаудың шарттарын анықтайды.
      14. Жалға берушi мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде тендер өтуiне дейiн кемiнде 15 күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында тендер өткiзу туралы хабарламаның жариялануын қамтамасыз етедi.
      15. Тендер өткiзу туралы хабарламада:
      1) тендер объектiсiнiң қысқаша сипаттамасы;
      2) мүлiктiк жалдың (жалдаудың) мерзiмi;
      3) кепiлдiк жарнаны енгiзудiң мөлшерi, мерзiмдерi мен тәртiбi;
      4) тендердiң шарттары және жеңiмпазды таңдау өлшемдерi;
      5) тендер өткiзiлетiн күн, уақыты мен орны;
      6) тендерге қатысуға өтiнiмдердi қабылдаудың мекен-жайы, мерзiмдерi;
      7) тендерге қатысуды ресiмдеу тәртiбi туралы мәлiмет;
      8) тендерге қатысу үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi;
      9) тендерлiк құжаттаманы алатын және тендер объектiсiмен танысатын мекен-жай, мерзiмдерi мен шарттары;
      10) Жалға берушiнiң ұйғарымы бойынша басқа ақпарат болуы тиiс.
      16. Тендерлiк құжаттама тендерге қатысушының жазбаша сұрауы бойынша, тендер комиссиясы белгiлейтiн тәртiппен жиынтықта ұсынылады
      17. Тендерлiк құжаттама мынадай негiзгi бөлiмдерден тұруы тиiс:
      1) тендер объектiсi туралы мәлiмет;
      2) өтiнiммен және онымен бiрге ұсынылатын құжаттардың мазмұны бойынша талаптар;
      3) тендер өткiзудiң шарттары мен тәртiбi;
      4) тендер жеңiмпазын таңдау өлшемдерi;
      5) мүлiктiк жалға (жалдауға) беру шартының жобасы;
      6) тендерге қатысуға өтiнiмнiң үлгiсi.
      18. Тендерге қатысушыларды тiркеу тендер өткiзу туралы хабарлама жарияланған күннен басталады және тендер өткiзiлетiн күнге үш күн бұрын аяқталады.
      19. Жалға берушi тендер өткiзу туралы хабарлама жарияланғаннан кейiн объектiлер туралы ақпаратқа барлық ниет бiлдiрушiлердiң еркiн қол жеткiзуiн қамтамасыз етедi.
      20. Үмiткер тендерге қатысу үшiн жалға берушi белгiлеген мерзiмдерде мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) үмiткердiң тендерге қатысуға келiсiмi және оның тендер шарттарын орындау мен мүлiктiк жалға (жалдауға) беру шартын жасасу жөнiндегi мiндеттемесi бар тендерге қатысуға өтiнiм;
      2) желiмделген конвертте тендердiң шарттары бойынша ұсыныстар;
      3) Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары - жарғының, заңды тұлғаны тiркеу туралы куәлiктiң, статистикалық карточканың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерiн, сондай-ақ өкiлдерiнiң өкiлеттiктерiн растайтын құжат;
      4) шетелдiк заңды тұлғалар орыс тiлiне нотариалды расталған аудармасымен бiрге құрылтайшылық құжаттарды ұсынады;
      5) жеке тұлғалар - төлқұжат немесе жеке басын куәландыратын өзге де құжат;
      6) кепiлдiк жарнаның аударылғанын растайтын төлем тапсырмасының көшiрмесi;
      7) бюджет алдында берешегi жоқ туралы мәлiмет;
      8) хабарламада көрсетiлген өзге де құжаттар.
      21. Тендерге қатысушылар тендер өткiзу туралы хабарламада көрсетiлген мөлшерде, мерзiмдер мен тәртiпте және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалға берушiнiң депозиттiк шотына кепiлдiк жарна енгiзедi. Кепiлдiк жарнаның мөлшерi хабарлама жарияланғаннан кейiн өзгертiлмейдi. Жалға берушi кепiлдiк жарнаны алушы болып табылады.
      22. Тендерге қатысу үшiн кепiлдiк жарна объектiнiң баланстық құнынан 1- 3 пайыз мөлшерiнде белгiленедi.
      23. Тендерде жеңген және мүлiктiк жалға (жалдауға) беру шартын жасасқан тендерге қатысушының кепiлдiк жарнасы мүлiктiк жалға (жалдауға) беру шарты бойынша тиесiлi төлемдер есебiне жатады.
      24. Жалға берушi кепiлдiк жарнаны:
      1) тендерге қатысушыға - тендер өткiзуге үш күн бұрын оған қатысудан жазбаша бас тартқан жағдайда;
      2) жеңiмпазға - тендер жеңiмпазының ұсыныстарына жауап беретiн шарттарда мүлiктiк жалға (жалдауға) беру шартын жасасудан бас тартқан жағдайда қайтармайды.
      Қалған барлық жағдайларда кепiлдi жарналар тендер аяқталған күннен бастап 10 банктiк күннен кешiктiрмей мерзiмде, ал егер жалға берушiнiң шотына ақша тендер өткеннен кейiн түссе, олар түскен күннен бастап 10 банктiк күннен кешiктiрмей қайтарылады.
      25. Тендерге қатысушы кепiлдiк жарнаның кез келген санын енгiзе алады, бұл ретте бiр кепiлдiк жарна бiр объектiге тендерге қатысу құқығын бередi.
      26. Егер өтiнiмдердi қабылдау мерзiмiнiң аяқталу сәтiнде бiр ғана өтiнiм тiркелген болса (екiншi және келесi тендерлердi қоспағанда), тендер өтпедi деп танылады.
      27. Тендер өтетiн күнi отырыста тендерлiк комиссия тендерге қатысушылардың ұсыныстары бар конверттердi ашады және олардың ұсыныстарын жариялайды.
      Конверттердi ашу алдында комиссия олардың бүтiндiгiн тексередi, бұл тендер комиссиясы отырысының хаттамасында көрсетiледi.
      Конверттердi ашу және ұсыныстарды жариялау кезiнде тендердiң қатысушылардың немесе олардың тиiстi дәрежеде уәкiлеттiк берiлген өкiлдерiнiң қатыса алады.
      28. Тендерлiк комиссияның шешiмi қатысып отырған комиссия мүшелерiнiң жай көпшiлiк дауысымен қабылданады, дауыстар тең болған ретте тендерлiк комиссия төрағасының дауысы шешушi болып табылады.
      29. Тендерлiк комиссияның отырыстары, егер оларға тендерлiк мүшелерiнiң 2/3 қатысса уәкiлдi болып табылады.
      30. Тендерлiк комиссияның шешiмi бойынша тендер объектiсiн пайдалану үшiн жалдау ақысының ең жоғары сомасын ұсынған және тендерлiк құжаттамадағы барлық талаптарға жауап беретiн тендердiң қатысушысы тендер жеңiмпазы деп танылады.
      31. Тендерлiк комиссияның тендер қорытындылары бойынша тендер жеңiмпазын анықтайтын тұжырымы немесе өзге шешiмi тендерлiк комиссия мүшелерi қол қоятын және жалға берушi бекiтетiн хаттамамен ресiмделедi.
      Тендер жеңiмпазын айқындайтын хаттамаға тендердi жеңiп алушы тұлға да қол қояды.
      32. Тендер нәтижелерi туралы хаттаманың көшiрмесi тендердiң жеңiмпазына берiледi және оның мүлiктiк жалға (жалдауға) беру шартын жасасуға құқығын куәландыратын құжат болып табылады.
      33. Тендердiң нәтижелерi туралы хаттаманың негiзiнде тендер жеңiмпазының ұсыныстарына жауап беретiн шарттарда жеңiмпазбен мүлiктiк жалға (жалдауға) беру шарты жасалады.
      34. Жалдаушымен мүлiктiк жалға (жалдауға) беру шарты тендер хаттамасына қол қойылған күннен немесе жалға берушi объектiнi мақсатты пайдалану үшiн мүлiктiк жалға (жалдауға) беру туралы шешiм қабылдаған күннен 10 күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмде жасалады, осыдан кейiн баланс ұстаушы 30 күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмде жалдаушыға объектiнi қабылдау-өткiзу кесiмi бойынша бередi.
      Жалға берушi қабылдау-өткiзу кесiмiн бекiтедi.
      35. Мүлiктiк жалға (жалдауға) беру шартында мiндеттi түрде мынадай ережелер болуы тиiс:
      1) объектiнiң техникалық сипаттамасы;
      2) жалдаушыға жалға берiлген мүлiктiң тапсырылатын мерзiмi мен шарттың қолданылу мерзiмi;
      3) жалдауға алынған мүлiктi пайдалану ақысын енгiзу тәртiбi, мөлшерi және мерзiмдерi;
      4) жалға берушiнiң мiндеттерi:
      баланс ұстаушының шарт белгiлеген мерзiмде объектiнi қабылдау-өткiзу кесiмi бойынша жалдаушыға беруiн қамтамасыз ету;
      шарт белгiлеген тәртiппен жалдаушының объектiнi иеленуi мен пайдалануына кедергi болатын iс-қимыл жасамауға;
      5) жалдаушының мiндеттерi:
      объектiнi тиiстi тәртiпте ұстау, объектiге немесе онда орналасқан инженерлiк коммуникацияларға зақым келтiруi мүмкiн әрекеттер жасамау;
      мүлiктi түзу жағдайда ұстау, егер өзгесi заңнамамен немесе шартпен көзделмесе өз есебiнен ағымдағы жөндеудi және мүлiктi ұстау жөнiндегi шығыстарды көтеру;
      жалға берушiнiң алдын-ала жазбаша рұқсатынсыз объектiнi, онда орналасқан желiлер мен коммуникацияларды қайта жоспарлауды немесе қайта жабдықтауды жүзеге асырмау;
      жалға берушiнiң, санитарлық қадағалау қызметiнiң және ғимараттарды пайдалану және ұстау-күту тәртiбiне қатысты заңнама мен өзге де нормалардың сақталуын бақылайтын басқа да мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң объектiге және оған жақын орналасқан жер учаскесiне кiруiне рұқсат беру, көрсетiлген олқылықтарды олар белгiлеген мерзiмде жою;
      жалға берушiнiң келiсiмiмен ғана объектiнi iшкi жалдауға (қосалқы жалгерлiкке) беруге, мүлiктiк жалға (жалдауға) беру шарты бойынша өзiнiң құқықтары мен мiндеттерiн басқа тұлғаға (қайта жалдауға) беруге, объектiнi ақысыз пайдалануға беруге тиiс. Жалдаушы шарт бойынша көрсетiлген жағдайларда қайта жалдауды есептемегенде, жалға берушiнiң алдында жауапты болып қалады;
      мүлiктiк жалға (жалдауға) беру шарты бойынша өз құқықтарын кепiлге бермеуге немесе, оларды салым ретiнде шаруашылық серiктестiктердiң, акционерлiк қоғамдардың жарғылық капиталына немесе өндiрiстiк кооперативке жарна ретiнде енгiзбеуге;
      шарт белгiлеген мөлшерде, мерзiмдерде және тәртiппен жалдау ақысын енгiзуге;
      шарт белгiлеген мерзiмде объектiнi қанағаттанарлық жағдайда қайтаруға;
      6) мыналар:
      жалдаушының заңды тұлға ретiнде таратылуы;
      жалдаушының мүлiктiк жалға (жалдауға) беру шартының жағдайларын бұзуы;
      заңнамалық кесiмдермен немесе шартпен көзделген жағдайларда жалға берушiнiң немесе жалдаушының талабы бойынша;
      егер жалдаушы шартпен белгiленген төлеу мерзiмi аяқталғанда екiден көп уақыт мүлiктi пайдалану үшiн төлемдi енгiзбесе;
      Қазақстан Республикасының заңнамасы немесе шарт көздеген өзге де жағдайларда шартты мерзiмiнен бұрын бұзудың негiздемелерi мен шарттары болып табылады.
      36. Жалдау ақысы сәйкестi жергiлiктi бюджетке аударылады.

3. Қорытынды ережелер

      37. Осы Нұсқаулықта қамтылмаған қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледi.

Жамбыл облысы әкiмдiгiнiң
2010 жылғы 02 қыркүйектегi
№ 235 Қаулысымен бекiтiлген
Нұсқаулыққа қосымша

Реттiк нөмiрi

Коэффициенттердiң түрлерi

Коэффициент мөлшерi

1.

Қолайлылық дәрежесiн ескеретiн коэффициент (техникалық жай-күйi мен инженерлiк желiлердiң бар болуын ескередi):
барлық инженерлiк-техникалық құрылғылары бар үй-жайлар үшiн
етiлмеген жағдайда
су құбыры және/немесе кәрiздендiру болмаған жағдайда

 

 

1,0
0,9
0,7

2.

Аумақтық орналасуын ескеретiн коэффициент:
Тараз қаласының орталығы
Тараз қаласының шетi және мөлтек аудандар
кент (аудандық орталықтың) және аудандық маңызы бар қаланың орталығы
кент (аудандық орталықтың) және аудандық маңызы бар қаланың шетi
ауыл (село)

 

1,2
1,1

1,0

 
0,9
0,7

3.

Жалдаушының қызмет түрiн ескеретiн коэффициент:
Банктер, биржалар, мейрамханалар, казино, ойын үйлерi мен бильярд клубтары үшiн
Қызметтерi бағалы қағаздар рыногымен байланысты сақтандыру, инвестициялық компанялар мен ұйымдар, айырбас орындары, ломбардтар, кафе, барлар, клубтар (компьютерлiктен басқа), жанар май құю стансалары, жинақтаушы зейнетақы қорлары үшiн
ойын автоматтарын орнату мен компьютерлiк клубтарды құру үшiн
сауда-сатып алу (делдалдық) қызметтердi қоспағанда, өндiрiстiк қызметтi ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшiн мемлекеттiк кәсiпорындар мен шағын кәсiпкерлiк субъектiлер үшiн
жеке кәсiпкерлер, акционерлiк қоғамдар және шаруашылық серiктестiктер үшiн

 

 

1,8

 

 

 
1,1

 
1,0

 

 
0,8

 
1,0

 



Похожие:

Коммуналдық меншiктегi объектiлердi мүлiктiк жалға беру жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы iconКоммуналдық меншiктегi объектiлердi жекешелендiру туралы
Жамбыл облысы әкiмдiгiнiң 2010 жылғы 02 маусымдағы n 154 Қаулысы. Жамбыл облысының Әдiлет департаментiнде 2010 жылғы 14 шiлдеде 1749...
Коммуналдық меншiктегi объектiлердi мүлiктiк жалға беру жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы icon«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттiк қызмет регламентi Жалпы ережелер Осы Регламент «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы»
«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандартын бекiту туралы» 2009 жылғы 31 желтоқсандағы...
Коммуналдық меншiктегi объектiлердi мүлiктiк жалға беру жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы iconҚазақстан Республикасының аумағында орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi тасымалдауды (орнын ауыстыруды) жүзеге асыру қағидаларын бекiту туралы
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 5-бабының 13 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Коммуналдық меншiктегi объектiлердi мүлiктiк жалға беру жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы iconҚазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2011 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны бекiту туралы
Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2011 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны бекiту туралы
Коммуналдық меншiктегi объектiлердi мүлiктiк жалға беру жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы iconҚазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы
Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы
Коммуналдық меншiктегi объектiлердi мүлiктiк жалға беру жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы iconМашиналар мен жабдықты операторсыз жалға беру және жеке пайдаланатын заттар мен тұрмыстық тауарларды жалға беру бойынша қызметтер

Коммуналдық меншiктегi объектiлердi мүлiктiк жалға беру жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы iconРеттелмелi туризм мен рекреацияны жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер аумағындағы жер учаскелерiн жалға беру ережесiн бекiту туралы
Азақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiне және "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының...
Коммуналдық меншiктегi объектiлердi мүлiктiк жалға беру жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы iconЖалға (пайдалануға) беру шарттарының тізілімі – салық есептілігін жасау қағидалары (871. 00-нысан)
Осы жалға (пайдалануға) беру шарттарының тізілімі – салық есептілігін жасау қағидалары (871. 00-нысан) (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық...
Коммуналдық меншiктегi объектiлердi мүлiктiк жалға беру жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы iconЕрекше қорғалатын табиғи аумақтарда туристiк және рекреациялық мақсаттағы объектiлердi салуға конкурстар өткiзу ережесiн бекiту туралы
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шiлдедегi Заңының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Коммуналдық меншiктегi объектiлердi мүлiктiк жалға беру жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы iconМаңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әлеуметтiк-экономикалық даму проблемаларын шешу жөнiндегi 2009 2012 жылдарға арналған кешендi жоспарды бекiту туралы

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kze.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы