Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon

Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде



НазваниеБірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде
страница1/9
Дата конвертации31.05.2013
Размер1.34 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


КІРІСПЕ




Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 142 бабынына сәйкес, Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясы облыс әкімдігінің 2011 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есебіне қорытынды болып табылатын есеп дайындады (бұдан әрі - Есеп).

Есепте жергілікті бюджеттің атқарылуына талдау жасалып, кіріс түсімдері, шығындардың атқарылуы, бюджеттік кредиттердің пайдалануы мен өтелуі, мемлекеттік қаржы активтерінің сатып алынуы мен сатылуы жөнінде талдамалық деректер келтірілді.

Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын атқарудың; мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асырудың; нысаналы трансферттерді, соның ішінде бюджеттік инвестициялық бағдарламаларды іске асыруға берілген трансферттерді, мемлекет активтерін пайдаланудың тиімділігіне бағалау жүргізілді.

Талдаудың және тиімділікті бағалаудың негізінде бюджет қаражатын және мемлекет активтерін басқару тетіктерінің тиімділігін арттыру жөніндегі тиісті тұжырымдар мен ұсынымдар қалыптастырылды.

Тексеру комиссиясы Ережесінің 4 бөліміне сәйкес, Есептің бекітілген құрылымы 5 (бес) бөлімнен тұрады.

^ Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі.

Екінші бөлімде облыстық бюджеттің кіріс бөлігінің атқарылуына баға берілді.

Үшінші бөлімінде облыстық бюджеттің атқарылуына талдау жасалды.

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшіліктері бойынша бюджеттің шығыс бөлігіне сонымен қатар, Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының орындалуына, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іске асырылуына, мақсатты трансферттердің пайдалануының тиімділігіне, оның ішінде бюджеттік инвестициялық жобаның іске асырылуына, Мемлекеттік активтердің пайдаланылуына баға берілді.

^ Төртінші бөлімінде 2011 жылы жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижесі көрсетіледі.

Бесінші бөлімінде Тексеру комиссиясының есепті кезеңде атқарған жұмысы туралы мәлімет беріліп, бақылау іс-шараларына талдамалық қорытынды жасалады.

^ Алтыншы бөлімінде Бюджеттік қаражатты және мемлекеттік мүлікті тиімді басқару бойынша мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарын және мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда Тексеру комиссиясының негізгі тұжырымы мен ұсыныстары көрсетіледі.


I-БӨЛІМ.

^ ОБЛЫСТЫҢ 2011 ЖЫЛҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ




Облыстың әлеуметтік – экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы әзірленіп, облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы №30-4 шешімімен бекітілген.

2011 жылы облыс экономикасының өнеркәсіп секторында тұрақты өсім қалыптасты. Жалпы өндіріс көлемі нақты есептеуде 30,9 пайызға артып, 165,8 млрд. теңгеге жетті. Еңбек өнімділігі өңдеу өнеркәсібінде 46,7 пайызға өсті.

Аграрлық салада өндірілген өнімнің көлемі ^ 90,5 млрд. теңгені құрап, 2010 жылмен салыстырғанда 6,5 пайызға өсті.

Мал шаруашылығында 2010 жылмен салыстырғанда мал түрлерінің және құстың етін тірідей салмақта өндіру 3,3 пайызға, сүт өндіру 2 пайызға артты.

2012 жылдың 1 қаңтарына шаруашылықтардың барлық санаттарындағы ірі қара мал саны – 302,5 мың басты немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне – 92,6 %, қой мен ешкі саны – 2311,7 мың бас, немесе 100,5 %, жылқы – 88,1 мың бас, немесе 101,5 %, шошқа – 35,0 мың бас, немесе 100,9 %, құс – 1306,7 мың бас, немесе 85,7 % құрады.

Негізі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 110,0 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде, мемлекеттік басқару және әлеуметтік саланың ғимараттарын жөдеуге, денсаулық сақтау объектілерінің құрылысына сонымен қатар, инженерлік инфрақұрылымды дамыту мен құрал жабдықтар сатып алуға жұмсалған жергілікті бюджет қаражаты 2,5 есеге өсті.

Жыл ішінде пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 231,9 мың шаршы метрді құрады. Бұл 2010 жылға қарағанда 6,2 пайызға артық.

2011 жылдың IV тоқсанында экономикалық белсенді халық саны 2010 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ^ 0,8 пайызға өсті. Үй шаруашылықтарын зерттеу нәтижесі бойынша жұмыссыздар саны 32,3 мың адамды құрап, 1,0 мың адамға қысқарды. Осыған сәйкес жұмыссыздық деңгейі 5,5 пайызға төмендеді. Жыл басынан бері облыстық жұмыспен қамту органдарына 17,3 мың адам өтініш білдіріп, оның ішінде 12,5 мың азамат жұмысқа орналасты.

Әлеуметтік жұмыс орындарында 1129 адам, ақылы қоғамдық жұмыстарда 3616 адам жұмыс істеді. Жастар тәжірибесі аясында білім беру мекемелерінің 1954 түлегі жұмыспен қамтылды.

2011 жылы тұрақты жұмыс орындарына 4585 адам, маусымдық жұмыстарға 15.751 адам тартылды. Нәтижесінде 2012 жылдың 1 қаңтарына ресми тіркелген жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санының 0,3 пайызын құрады.

2011 жылдың қарашасында халықтың номиналды ақшалай табысы 32.332 теңгені құрап, 2010 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,1 пайызға өсті.

Бір қызметкердің орташа жалақысы 2011 жылдың қаңтар-желтоқсанында кәсіпорындардың толық шеңбері бойынша 61.765 теңгені құрады. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 20,4 пайзға артық.

Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2011 жылдың желтоқсанында 14.018 теңге болды. Бұл алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 17 пайызға өскен.

2012 жылдың 1 қаңтарына облыс халқының саны 1.056,0 мың адамды құрады, оның 410,5 мыңы қалада, 645,5 мыңы ауылда тұрады.

Облыста 461 мектептің барлығы компьютерленген және телефондандырылған. Интернет желісі 442 мектепте (95,9 пайыз) бар. Оның ішінде 213 мектеп (46,2 пайыз) кең ауқымды интернет желісін пайдалануда, 138 мектепте 690 интерактивті тақта орнатылған.

«Балапан» бағдарламасы шеңберінде жалпы 5.795 орынға 15 мемлекеттік және 3 жекеменшік балабақша, 53 мемлекеттік және 2 жекеменшік шағын орталықтар ашылды. Мектепке дейінгі мекемелермен балаларды қамтамасыз ету деңгейі 42,2 пайызды құрайды.

Ағымдағы оқу жылында 20 кәсіптік лицей мен 34 колледжде барлығы 37.895 білімгер оқумен қамтылды.

Денсаулық сақтау саласы бойынша материалдық техникалық базаны нығайтуға 1,5 млрд. теңге бөлінді. 250 келушіге орналған кардиологиялық диспансер, күрделі короналдық синдром бөлімі (30 төсектік) және Шу қаласында 25 төсектік травматология бөлімі ашылды. Толе би ауылында 150 төсектік орталық аудандық аурухана, ауылдық елді мекендерде 6 алғашқы медициналық-санитарлық көмек беру нысандары және облыстық балалар сүйек-туберкулезі шипажайының қосымша ғимараттары пайдалануға берілді.

Мәдениет мекемелерін мемлекеттік қолдау аясында Сарысу және Талас аудандарындағы мәдениет үйлері, облыстық драма театры және облыстық мұражай жөндеуден өткізілді.

Облыстық ұлт аспаптар оркестрі құрылды. 4 ауылдық клуб және 1 ауылдық кітапхана ашылды. Кітапханалардың кітап қоры 81,8 мың данаға толықтырылды. Қәзір 92 кітапхана компьютерленді. 37 кітапхана интернет желісіне қосылды.

«Мәдени мұра» бағдарламасы аясында үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) «Ежелгі және орта ғасырлардағы Тараз бен Жамбыл облысының қазыналары» атты кітап жарыққа шықты.


II-БӨЛІМ.

^ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БЮДЖЕТІНІҢ 2011 ЖЫЛҒЫ

ТҮСІМДЕРІНІҢ АТҚАРЫЛУЫНА БАҒА БЕРУ




^ 2.1. ОБЛЫС БЮДЖЕТІНІҢ КІРІСІНІҢ ОРЫНДАЛУЫН ТАЛДАУ


Жамбыл облысының 2011-2013 жылдарға арналған бюджеті облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы №30-3 шешімімен бекітілген.

Осы шешімге сәйкес облыстық бюджеттің кіріс бөлігі 121840,1 млн. теңге көлемінде бекітіліп, аталған шешімді іске асыру мақсатында облыс әкімдігінің 2010 жылы 23 желтоқсанда №357 қаулысы қабылданған.

Облыс бюджетін нақтылау кезінде оның кірістеріне ^ 9 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп түзетілген бюджет 131 439,2 млн. теңгені құраған, немесе 9 599,1 млн. теңгеге артып, 7,9 пайызға өскен.

Оның ішінде:

Өзіндік кіріс 4364,2 млн. теңгеге немесе 20,9 пайызға артып, 25 289,8 млн. теңгені;

Трансферт түсімдері 5234,9 млн. теңгеге немесе 5,2 пайызға артып, 106 149,4 млн. теңгені құраған (1-кесте).

Жергілікті бюджетті нақтылап түзету кезінде тек 2011 жылдың параметрлері ғана өзгертілген, ал 2012-2013 жылдардың параметрлері өзгеріссіз күйінде қалған.

№ 1-кесте.(млн теңге)

Атауы

2011 жылға бекітілген бюджет

2011 жылға түзетілген бюджет

^ 2011 жылы нақты орындалғаны

түзетілген бюджет бекітілген бюджетке артқаны,

айырмасы

(3-2)

өсу қарқынының, %-ы

1

2

3

4

5

6

КІРІСТЕР

121 840,1

131 439, 2

132 126, 5

9 599,1

7,9

оның ішінде облыстық

109 579,7

117 160, 9

117 453, 0

7 581,0

6,9

Өзіндік кірістер

20 925,6

25 289, 8

25 977, 5

4 364, 2

20,9

^ Трансферттердің түсімдері

100 914,6

106 149, 4

106 149, 0

5 234,9

5,2


Түсімдерді бөлу мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін бюджеттің түсімдерін бюджеттердің деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты арасында бөлу кестесі, облыстық мәслихаттың шешімімен белгіленген кірістерді облыстық бюджет пен оның аудандық бюджеттері арасында бөлу нормативтері негізінде жүзеге асырылған.

2011 жылғы жергілікті бюджетке кірістердің жалпы көлеміне шаққанда өзіндік кірістер 19,2%-ды ғана құрағаны байқалады, оның ішінде:

  • салықтық түсімдер 23655,8 млн, теңгені, немесе 18,0%;

  • салықтық емес түсімдер –552,3 млн теңгені, немесе 0,4%,

  • негізгі капиталды сатудан түскен кірістердің түсімдері -1081,8 млн теңгені, немесе 0,8%.

Ал трансферттердің түсімдері –106149,4 млн теңгені, немесе 80,8%-ды құраған.

(№1 диаграмма)



2011 жылы облыс бюджетінің КІРІСТЕРІНІҢ орындалуы бойынша жоспарланған сома 131 439,2 млн. теңге болса, нақты түскені 132126,5 млн. теңге, яғни 100,5%-ға қамтамасыз етіліп, бюджетке 687,3 млн. теңге артығымен түскен. Облыс бюджетіне тиесілі өзіндік кірістер түсімі бойынша жоспарланған сома 25 289,8 млн. теңге болса, нақты түскені 25 977,5 млн теңге, немесе орындалғаны 102,7% - ды құраған, яғни 687,7 млн теңгеге артқан. 2010 жылдың түсімдерімен салыстырғанда, салықтар мен төлемдер 26,5%-ға немесе 5 447,9 млн. теңгеге артып отыр (2 - кесте).

Дегенмен кірістердің жалпы көлемі өткен 2010 жылға қарағанда 20,5% ұлғайғандығы байқалады.


№ 2-кесте.(млн теңге)

рн

Кірістер атауы

Есепті қаржы жылына түзетілген бюджет

^ Кассалық атқарылуы

%

Ауытқу

2010 жылы нақты орындалғаны

Өсу қарқыны%

2010 жылмен салыстырғандағы ауытқу




^ I. КІРІСТЕР

131 439, 2

132 126,5

100,5

687,3

109648,1

20,5

22 478,6




Өзіндік кірістер

25 289,8

25 977,5

102,7

687,7

20529,7

26,5

5 447,9

1

Салықтық түсімдер

23 655,8

24 273,8

102,6

618,0

19145,5

26,8

5 128,4

2

Салықтық емес түсiмдер

552,3

623, 9

113,0

71,7

596,3

4,6

27,8

3

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

1 081, 7

1 079,8

99,8

-1,9

787,9

37,0

291,9




Трансферттердің түсімдері

106 149,4

106 149,

100,0

-0,4

89118,4

19,1

17 030,7



Жергілікті бюджетке түсетін кіріс жоспарларының орындалуы бойынша төмендегіндей (№ 3-кесте) көрсеткіштер қалыптасты:

№ 3-кесте.(млн теңге)

Жергілікті бюджеттердің атауы

Есепті мерзімге жоспар

Кассалық атқару

%

Жоспардан ауытқуы

Жамбыл ауданы

5 959,6

5 991,1

100,5

31,5

Жуалы ауданы

4 072,4

4 069,5

99,9

-2,9

Қордай ауданы

7 401,3

7 446,7

100,6

45,4

Т.Рыскұлов ауданы

4 389,8

4 398,4

100,2

8,6

Меркі ауданы

5 190,4

5 241,8

101,0

51,4

Мойынкұм ауданы

3 329,0

3 321,5

99,8

-7,5

Сарысу ауданы

4 892,8

4 892,6

100,0

-0,2

Байзақ ауданы

5 165,7

5 183,3

100,3

17,6

Талас ауданы

5 506,7

5 504,9

100,0

-1,8

Шу ауданы

6 793,8

6 806,5

100,2

12,7

Тараз қаласы

17 667,7

17 814,5

100,8

146,8

Облыстық бюджет

117 161,0

117 453,1

100,2

292,1

^ Облыс бюджеті

131 439,2

132 126,5

100,5

687,3


Жалпы аудандар арасында өзіндік кірістер жоспарының Жуалы ауданы 2,9 млн. теңге, Мойынқұм ауданы 7,5 млн. теңге, Сарысу ауданы 0,2 млн. теңге және Талас ауданы 1,8 млн. теңгеге орындалмауының салдарынан немесе 12,4 млн. теңгеге кем орындаған.

Жамбыл ауданы мен Облыстық бюджет көрсеткіштерінен басқа барлық аудандар трансфертердің түсу жоспары орындамаған, атап айтқанда Жуалы ауданы бойынша 10,9 млн.теңге, Қордай ауданы бойынша 13,4 млн.теңге, Т.Рысқұлов ауданы бойынша 10,2 млн. теңге, Меркі ауданы бойынша 3,0 млн. теңге, Мойынқұм ауданы бойынша 2,0 млн. теңге, Сарысу ауданы бойынша 8,1 млн. теңгеге, Байзақ ауданы бойынша 15,0 млн. теңге, Талас ауданы бойынша 4,4 млн. теңге, Шу ауданы бойынша 18,2 млн. теңге және Тараз қаласы бойынша 7,6 млн. теңгеге орындалмағаны байқалды.

  1   2   3   4   5   6   7   8   9



Похожие:

Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon2013-2017 жылдарға Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 27. 08. 2009 жылғы 1251 «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеудің Ережесін бекіту туралы»...
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon2013-2017 жылдарға Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 27. 08. 2009 жылғы 1251 «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеудің Ережесін бекіту туралы»...
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде iconЖамбыл ауданының 2013-2017 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы, беталысы, басымдықтары, мақсатты индикаторлары мен көрсеткіштері
Аудан экономикасында 2011 жылдың бірінші жартысында экономикалық жандану басталды
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon«2012 жылдың бірінші тоқсанына Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы»
Скемен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы оңды динамикамен сипатталады
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon2012 жылдың бірінші жартыжылдығына Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы
Азық-түлік өнеркәсібінде өндірістің көлемі 10,8 млрд теңге деңгейінде қалыптасты, тик – 150,1 %
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon2014 жылғы қаңтар айына арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму
Тұтыну бағаларының индексі (2013 жылғы желтоқсанмен салыстырғандағы 2014 жылғы қаңтары)
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon2014 жылғы қаңтар-наурыз айларына арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму
Тұтыну бағаларының индексі (2013 жылғы желтоқсанмен салыстырғандағы 2014 жылғы наурызы)
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon2014 жылғы қаңтар-мамыр айларына арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму
Тұтыну бағаларының индексі (2013 жылғы желтоқсанмен салыстырғандағы 2014 жылғы мамыры)
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon2014 жылғы қаңтар-сәуір айларына арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму
Тұтыну бағаларының индексі (2013 жылғы желтоқсанмен салыстырғандағы 2014 жылғы сәуірі)
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде iconЖоғары кәсіби даярлау күндізгі бөлімде, қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі
Біздің психолог студенттер және әлеуметтік жұмыскерлер бизнес, саясат, мемлекеттік басқару, бұқаралық ақпарат құралдары, жарнама,...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kze.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы