Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon

Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде



НазваниеБірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде
страница2/9
Дата конвертации31.05.2013
Размер1.34 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5   6   7   8   9

^ 2.2. БЮДЖЕТТІҢ САЛЫҚТЫҚ ЖӘНЕ САЛЫҚТЫҚ ЕМЕС ТҮСІМДЕРІНІҢ

ТОЛЫҚТЫҒЫНА БАҒА БЕРУ


1.Салықтық түсімдер бойынша 2011 жылы түзетілген сома 23 655,8 млн. теңге, нақты түскені 24 273,8 млн. теңге немесе 102,6%-ға қамтамасыз етіліп, бюджетке жоспардан артық 618,0 млн. теңге түскен.

Салықтық түсімдер өткен 2010 жылмен салыстырғанда ^ 26,8%-ға немесе

5 128,4 млн. теңгеге артық орындалған.

Салықтық түсімдердің атқарылуы, негізінен табыс салығының, әлеуметтiк салықтың және меншiкке салынатын салықтар есебінен қамтамасыз етіліп, олардан түскен түсімдер 22 065,5 млн. теңгені немесе барлық салықтық түсімдердің 90,9%-ын құрағандығы анықталды.

№2 диаграмма


Жалпы салықтық түсімдер асыра орындалғанымен 2 бюджеттік жіктеме бойынша нақтыланған жоспар орындалмай 10,8 млн.теңге көлемінде кем түскен. Атап айтқанда:

  • төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы түзетілген жоспар бойынша ^ 528,7 млн. теңгені құраса, нақты түскені 526,8 млн. теңге немесе 1,9 млн. теңгеге кем түскен;

  • заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық нақтыланған жоспар бойынша 5785,3 млн. теңгені құраса, нақты түскені 5776,4 млн. теңге немесе 8,9 млн. теңгеге орындалмаған.

Жамбыл облысы бойынша салық департаментінің ауытқу себептеріне берген мәліметтеріне сүйенсек, төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы 1,9 млн. теңге сомасының орындалмауының негізгі себебі, 2011 жылы арнаулы салық тәртіптерін қолданатын 1273 жеке кәсіпкер өз жұмыстарын тоқтатқан.

Ал, мүлiкке салынатын салықтар бойынша, оның ішінде заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық жоспары 8,9 млн. теңгеге кем орындалған. Облыстық салық департаментінің деректеріне сүйенсек, жоспардың орындалмауының негізгі себептері бекітілген жоспар сомасы салық базасына сай келмейтіндігі және «Қазақстан Отын энергетика комплексі» ЖШС-нің ауыл шаруашылық комплексін модернизациялау шарасына сәйкес, 2010 жылы мүлік салығын 11,1 млн. теңгеге артық төлем жасап, 2011 жылы бар жоғы 0,1 млн. теңге ғана салық төлеген делінген.

Дегенмен, талдау барысында анықталғаны бойынша аталған салық түрлерінен ауқымды берешек сомасы болғандығы және кем алым (недоимка) сомасы өскені анықталды, атап айтқанда:

  • төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша ^ 3,3 млн. теңгеге;

  • заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық бойынша 28,8 млн. теңгеге ұлғайғандығы байқалды, яғни аталған салық түрлерінен жылдық болжам сомасының толық орындалуына мүмкіншілігі болғандығы көрініп тұр.

Сондай-ақ, түзету кезінде салықтар түсімдерінің 3 түрінен жылдық жоспардың асыра орындалуына қарамастан жоспарлауы тиісті емес деңгейде іске асырылып, бекітілген жоспар 33,7 млн. теңгеге негізсіз ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» №220 қаулысының талаптары сақталмай кемітілгені анықталды, атап айтқанда:

  • жер бетіне жақын көздердегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем жыл басына бекітілген 12,5 млн. теңгені құраған, жыл ішінде нақтыланғаны 9,8 млн. теңге, ал жыл соңына түскен негізгі түсім сомасы 12,3 млн. теңгені құраған;

  • орманды пайдаланғаны үшiн төлем жыл басында бекітілгені 18,2 млн. теңге, жыл ішінде нақтыланған сома 10,3 млн. теңге, ал жыл соңына түскен негізгі түсім сомасы 23,2 млн. теңгені құраған;

  • жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем жыл басына бекітілгені 197,1 млн. теңгені құраған, жыл ішінде нақтыланғаны 174,0 млн. теңге, ал жыл соңына негізгі түсім сомасы 187,5 млн. теңгені құраған. Бұл төлем түрлері бойынша да кем алым сомасының болғандығы (№4 кесте) оған қоса жылдан жылға жер бетіне жақын көздердегі су ресурстарын пайдалынатын төлеушілер, сондай-ақ жер учаскелерін пайдаланушылар да көбейгендігіне қарамастан дұрыс жоспарланбай қалып дер кезінде мониторинг жүргізбегендіктен орын алғандығы байқалады.

Облыс бойынша қаржы басқармасының мәліметіне сәйкес, 2012 жылдың 1 қаңтарына жергілікті бюджетке салықтар мен міндетті төлемдерге кем алым сомасы 244,9 млн. теңгені құрап, 2011 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда жалпы сомасы 18,6 млн. теңгеге немесе 8,2%-ға ұлғайған.


№ 4-кесте.(млн теңге)

 

рр/с


Түсімдердің атаулары

Кем алым сомасы

 


Ауытқуы

(+, -)


2011 жылдың

1 қантарына қалыптасқан кем алым

сомасы

2012 жылдың

1 қантарына қалыптасқан кем алым сомасы

1

Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы

23,3

26,6

3,3

2

Мүлікке салынатын салықтар

49,3

78,1

28,8

3

Жер салығы

31,4

36,9

5,5

4

Көлік құралдарына салынатын салық

3,6

6,0

2,4

5

Жергілікті маңызы бар және елді мекендердегі жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлу жолағында сыртқы (көрнекі) жарнамаларды орналастырғаны үшін алынатын төлем

2,9

4,4

1,5


Кестеде көрсетілгендей жергілікті бюджетке өндіріп алу жұмыстары өз дәрежісінде болмағандықтан, жалпы аталған салық түрлері бойынша 41,5 млн. теңге сомасында жергілікті бюджетке кем алым сомасының өсуіне жол берілгендігі анықталды.

Сондай-ақ артық төлем сомасының өскені байқалды, яғни 2012 жылдың 1 қаңтарына жергілікті бюджетке салықтар мен міндетті төлемдерге артық төлем сомасы 4637,2 млн.теңгені құрап, 2011 жылдың 1 қаңтарымен (4496,8 млн.теңге) салыстырғанда 140,4 млн теңгеге немесе 3,1%-ға ұлғайған. Аталған көрсеткіштің неғұрлым көп бөлігінің қалыптасуы табыс салығы (1742,4 млн.теңге) мен әлеуметтiк салығының (1530,8 млн.теңге) есебінен 73% құрағандығы байқалды. Алайда, салық органдары бұл көрсеткіштің өсуіне жол беріп, ҚР бюджет кодексінің 90 бабының 2 тармағындағы 3 тармақшасында «бюджеттен артық (қате) төленген түсімдер сомасын қайтаруды не оларды берешекті өтеу есебіне есепке жатқызуды қамтиды» деп көрсетілген талаптарын сақтамағандығы анықталды.

Анықтама үшін артық төлем сомасы жалпы өзіндік кіріс бөлігінінің (17 пайызын) немесе 1/6 бөлігін құрап отыр. Дегенмен салық органдарының тарапынан бұл сомаларының қалыптасуының және оның негізділігіне тексеру жұмыстарының төмен болғандығы байқалды.

Осы ЕСЕПТІ дайындау барысында кем алым сомасы және артық төленген қаражат туралы мәлімет жолдауын сұрап салық департаментіне бірнеше мәрте хат жолданды. Алайда, бюджетті жасақтау және атқару барысында ҚР бюджет кодексінің принциптері сақталмай, салық департаменті «салықтық құпия» деп аталған мәліметті толық беруден бас тартты. Дегенмен, Республикалық Есеп комитеті мен Қаржы министрлігінің арасында жасалынған келісімнен кейін мәліметтер алуға қол жеткізілді.

^ 2.Салықтық емес түсімдер бойынша жоспарланғаны 552,3 млн. теңге болса, нақты түскені 623,9 млн. теңгені құраған немесе 113%-ға орындалған, яғни белгіленген жоспардан 71,7 млн. теңгеге артық түскен. 2010 жылмен салыстырғанда салықтық емес түсімдер 4,6%-ға немесе 27,7 млн. теңгеге артық түскен. Сондай-ақ, салықтық емес түсімдердің үлес салмағы мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар бойынша түсімдердің артуы байқалады (№3 диаграмма ).

№ 3-диаграмма.(млн теңге)


0,9 % мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарлады (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер

14,0% мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер

64,3% мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ ҚР ҰБ бюджетінен (щығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатынг айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

20,8% басқа да салықтық емес түсімдер

^ 87,3 млн. теңге

5,6 млн. теңге

130,0 млн теңге

401,0 млн. теңге
прямая соединительная линия 15 прямая соединительная линия 17 прямая соединительная линия 19 прямая соединительная линия 22 прямая соединительная линия 24 прямая соединительная линия 26

Алайда, 2011 жылы салықтық емес түсімдердің 5 жіктемесі бойынша жоспардағы сомалар орындалмай, бюджетке 49,7 млн. теңгеге кем түскен,

оның ішінде:

  • коммуналдық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакетіне берілетін дивиденттер бойынша жоспарланғаны ^ 0,5 млн. теңге болса, бюджет есебіне түскені 300 (үш жүз теңге), яғни 0,49 млн. теңге жоспардан кем түскен. Аталған дивиденттердің толық түспеуі себебі 2010 жылдың қаржылық-шаруашылық қызметі қорытындысы бойынша «Таразэнергоорталық» АҚ – 30,6 млн. теңгеге және «Тараз ӘКК» АҚ 13,0 млн. теңге шығынмен аяқтағандығы салдарынан 2011 жылы дивиденттер түспеген делінген. Алайда, Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының ережесінде – облыстық коммуналдық кәсіпорындардың таза кірістерінің акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттеріне дивидендтердің және облыстық коммуналдық меншікте мемлекеттің қатысу үлестері бар заңды тұлғалардың қатысу үлестеріне кірістердің дұрыстығын бақылайды деп көрсеткен. Яғни аталған жіктеменің орындалмауы қаржы басқармасының тарапынан шығындардың пайда болу себептерін және оны түзету жолдарын толық қадағалап тиісті мониторинг жүргізбеу салдарынан орын алған.

  • жергілікті бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік мекемелер салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар бойынша түзетілген жоспар 212,2 млн. теңгені құраса, бюджет есебіне түскені 170,1 млн теңгеге, яғни 42,2 млн. теңгеге кем орындалған. Жоспардың орындалмауының негізгі себебі әкімшілік айыппұлдар төлеушілер санының азайуына байланысты болып отыр. Мысалы, 2011 жылдан бастап Жамбыл облысы бойынша Ішкі Істер Департаменті тарапынан салынған айыппұл сомалары Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің 2010 жылғы 5 қарашадағы №549 бұйрығына сәйкес, «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың ішкі істер департаменті, олардың аумақтық бөлімшелері салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» 204106 жіктеме кодына аударылатын болғандықтан болжамдық соманың кемуіне әсерін тигізген.

  • түзету жұмыстарына сотталғандардың еңбекақысынан ұсталатын түсімдер бойынша жоспарланғаны ^ 1,5 млн.теңгені құрап, бюджет есебіне түскені 0,5 млн. теңге, яғни 1,0 млн. теңгеге жоспардан кем түскен. Жоспардың орындалмауының негізгі себебі түзету жұмыстарына сотталғандардың кем тартылуына байланысты болып отыр;

  • жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің дебиторлық, депоненттік берешегінің түсімі бойынша жоспарланған сома 0,7 млн. теңгені құраса, бюджет есебіне түскені 0,4 млн. теңге, яғни 0,3 млн. теңге жоспардан кем түскен. 2010 жылмен салыстарғанда аталған жіктеме бойынша түсімдердің кем түсуі 2011 жылы төлеушілердің 15 төлеушісі қамтамасыз етіп кемуінен орын алған;

  • жергілікті бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдер жоспары ^ 98,7 млн. теңгені құраса, бюджет есебіне түскені 92,9 млн. теңге, яғни 5,8 млн. теңгеге кем түскен. 2011 жылы аталған жіктемеге жергілікті бюджетке түсетін қайырымдылық түсімдері мен жергілікті бюджеттен қаржыландыратын мекемелердің есеп-шоттарын жабу кезіндегі қаражат қалдықтарының түсуі азайған.



^ 2.3. НЕГІЗГІ КАПИТАЛДЫ САТУДАН ТҮСКЕН ТҮСІМДЕРДІҢ ТОЛЫҚТЫҒЫН

БАҒАЛАУ


Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша жоспарда 1 081,8 млн. теңге болса, нақты түскені 1 079,8 млн. теңге, орындалғаны 99,8%-ды құраған, яғни жоспардағы сома 1,9 млн. теңгеге кем орындалған.

№ 5-кесте.(млн теңге)

БС коды

Төлемдердің атауы

нақтыланған жоспар

нақты түскені

Ауытқу

орындау %-ы

301102

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті сатудан түсетін түсімдер

103,6

29,7

-73,9

28,7

301103

Азаматтарға пәтерлер сатудан түсетін түсімдер

710,1

714,8

4,7

100,7

303101

Жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер

216,9

274,9

58,0

126,7

303202

Жер учаскелерін жалдау құқығын сатқаны үшін төлем

51,1

60,4

9,3

118,2

 

 Барлығы

1081,7

1079,8

-1,9

99,8
1   2   3   4   5   6   7   8   9



Похожие:

Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon2013-2017 жылдарға Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 27. 08. 2009 жылғы 1251 «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеудің Ережесін бекіту туралы»...
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon2013-2017 жылдарға Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 27. 08. 2009 жылғы 1251 «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеудің Ережесін бекіту туралы»...
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде iconЖамбыл ауданының 2013-2017 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы, беталысы, басымдықтары, мақсатты индикаторлары мен көрсеткіштері
Аудан экономикасында 2011 жылдың бірінші жартысында экономикалық жандану басталды
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon«2012 жылдың бірінші тоқсанына Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы»
Скемен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы оңды динамикамен сипатталады
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon2012 жылдың бірінші жартыжылдығына Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы
Азық-түлік өнеркәсібінде өндірістің көлемі 10,8 млрд теңге деңгейінде қалыптасты, тик – 150,1 %
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon2014 жылғы қаңтар айына арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму
Тұтыну бағаларының индексі (2013 жылғы желтоқсанмен салыстырғандағы 2014 жылғы қаңтары)
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon2014 жылғы қаңтар-наурыз айларына арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму
Тұтыну бағаларының индексі (2013 жылғы желтоқсанмен салыстырғандағы 2014 жылғы наурызы)
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon2014 жылғы қаңтар-мамыр айларына арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму
Тұтыну бағаларының индексі (2013 жылғы желтоқсанмен салыстырғандағы 2014 жылғы мамыры)
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon2014 жылғы қаңтар-сәуір айларына арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму
Тұтыну бағаларының индексі (2013 жылғы желтоқсанмен салыстырғандағы 2014 жылғы сәуірі)
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде iconЖоғары кәсіби даярлау күндізгі бөлімде, қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі
Біздің психолог студенттер және әлеуметтік жұмыскерлер бизнес, саясат, мемлекеттік басқару, бұқаралық ақпарат құралдары, жарнама,...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kze.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы