Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon

Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде



НазваниеБірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде
страница3/9
Дата конвертации31.05.2013
Размер1.34 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5   6   7   8   9


Жоспардағы соманың орындалмауының негізгі себебі жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті сатудан түсетін түсімдер бойынша жоспардың орындалмауы әсерін тигізген.

Аталған түсім бойынша жоспарда ^ 103,6 млн. теңге болса, 29,7 млн. теңгеге немесе 28,6%-ға орындалып, бюджетке 73,9 млн. теңге кем түскен.

2011 жылдың 15 желтоқсанында Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасы Тараз қаласы, Жібек жолы көшесі 99-а мекен жайында орналасқан 100 орындық профилакторий сауықтыру орталығына инвестициялық тендер өткізген. Инвестициялық тендердің жалпы сомасы 113,3 млн. теңге, оның 22,6 млн. теңгесі 2011 жылғы 21 желтоқсанда, ал қалған 90,6 млн. теңгесі 2012 жылдың 4 қаңтарында төленген. Яғни, бұл көрсеткіштің төмен болуының себебі негізінен сатып алу мерзімінің созылып кету салдарынан болып отыр.

Қорыта келгенде, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 ақпандағы «Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы» №68 бұйрығы бойынша бюджеттік мониторинг - міндеттемелердің уақтылы қабылданбау, бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдердің уақтылы жүргізілмеу себептерін анықтау, бюджет түсімдері мен шығыстарының атқарылу болжамдарын жасау мақсатында жүзеге асырылатын бюджеттің атқарылу көрсеткіштерін тұрақты және жүйелі жинау, бақылап отыру және талдауға тиіс болатын. Сонымен қатар, аталған нұсқаулықтың бірден бір бағыты түсімдердің атқарылуы және бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру кезінде бюджеттік мониторинг міндеттері, түсімдердің атқарылуын талдау болып табылады.

Алайда, бұл нұсқаудың талаптары толық орындалмай отыр. Бюджет кірістерінің атқарылуын талдау субъектілері мен объектілері 4-5 тармақшаларда, сондай-ақ 6-7 тармақшаларда, талдау кезінде пайдаланылатын негізгі құраушы базасы мен қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жасалатындығы анық көрсетілген.

Талдау барысында Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган (Қаржы басқармасы) тарапынан бюджеттік мониторингтің жүзеге толық асырылмағаны, атап айтқанда жергілікті атқарушы және салық органдарымен үйлестіру жұмыстары дұрыс бағытта жасалмағандықтан облыс әкіміне, облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына берілген ақпараттарында кіріс бөлігінің елеулі орындалуына қарамастан, жоспардың дұрыстығына бақылау жасап, ұсыныстар берілмеген. Салық органдарының берілген мәліметтерімен шектеліп, оған ешбір талдау жасалынбаған, өйткені берілген мәлімет қосымшаларға сай келмей, толық берілмеген. Жалпы салықтық әкімшіліктендіру жағдайы тиімді және өз дәрежесінде атқарылғанда жергілікті бюджет көрсеткіштерімен жоспарланған сомалары жоғарыдағы көрсетілгендей ауытқыларға ұшырамас еді. Біздің бағалауымызша, салық органдарының бюджетке берешекті өндіріп алу, қосымша резерв көздерін іздестіру, артық төлемдердің кеміту жөніндегі қолданып отырған шаралары тиімсіз болғандықтан дұрыс жоспарланбай келеді.


^ 2.4. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТЕН ТҮСКЕН ТРАНСФЕРТТЕРДІҢ КӨЛЕМІН

ТАЛДАУ


2011 жылы Республикалық трансферттердің түсімдері бойынша жоспарда 106 149,4 млн. теңге болса, нақтылы 106 149,0 млн. теңгені немесе 100%-ды құрады.

Республикалық бюджеттен жоспардағы 30370,9 млн.теңге сомасындағы нысаналы трансферттердің 30370,5 млн.теңгесі немесе 100%-ы түсті, оның ішінде: ағымдағы нысаналы трансферттер – 11 548,3 млн. теңге (оның ішінде 314,4 млн. теңгесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві есебінен), нысаналы даму трансферттері – 18  822,2 млн. теңге (оның ішінде 326,2 млн. теңгесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві есебінен) және субвенция – 75 778,5 млн. теңге.

№ 5-кесте.(млн теңге)

Атауы

2011 жылға бекітілген

2011 жылға нақтыланған

2011 жылы нақты орындалғаны

өсу қарқынының %-ы

бекітілген бюджетке артқаны

1

2

3

4

6

5

Республикалық бюджеттен түсетiн трансферттер

100 914,5

106 149,4

106 149,0

100,0

5 234 ,8

Ағымдағы нысаналы трансферттер

10 983,2

11 548 ,7

11 548,3

100,0

565,5

Нысаналы даму трансферттері

14 152,8

18 822,2

18 822,2

100,0

4 669,4

Субвенциялар

75 778,5

75 778,5

75 778,5

100,0

0



2011 жылы Республикалық трансферттердің түсімдері бойынша жоспарда 106 149,4 млн. теңге болса, нақтылы 106 149,0 млн. теңгені немесе 100%-ды құрады.

Оның ішінде: ағымдағы нысаналы трансферттер – 11 548,3 млн. теңге (оның ішінде 314,4 млн. теңгесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві есебінен), нысаналы даму трансферттері – 18  822,2 млн. теңге (оның ішінде 326,2 млн. теңгесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві есебінен) және субвенция – 75 778,5 млн. теңге.


III-БӨЛІМ.

^ ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ШЫҒЫСТАРЫНЫҢ АТҚАРЫЛУЫНА БАҒАЛАУ


2011 жылғы облыс бюджетінің атқарылуын бағалау бюджет жүйесі принциптерінің сәйкестігіне, мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың, бюджеттік бағдарламаларға әкімшілік етудің тиімділігіне және мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының орындалуына жүргізілген бақылау және талдау іс – шараларының қорытындысы негізінде жүзеге асырылды.
Облыс бюджетінің шығындары бойынша жылдық жоспарда 132.658,4 млн теңге болса, орындалуы 131.775,4 млн. теңгені немесе 99,3 % - ды құрады, игерілмеген қаражат сомасы - 883.0 млн. теңге.

Шығындар 13 функционалдық топ бойынша 349 бағдарламалар арқылы іске асырылған.

Функционалдық топтар бойынша бюджеттің орындалуы төмендегідей сипат алып отыр.

(млн. теңге)

БСК

Атауы

Есепті қаржы жылына түзетілген бюджет

Кассалық атқарылуы

%

Ауытқуы




^ II. ШЫҒЫНДАР

132 658, 4

131 775, 4

99,3

-883, 0

01

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

4 590, 4

4 575, 1

99,7

-15, 3

02

Қорғаныс

227, 9

227, 8

100,0

-0,0

03

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

4 348,6

4 346,6

100,0

-2,0

04

Бiлiм беру

52.658,2

52.521,4

99,7

-163,8

05

Денсаулық сақтау

23 857,1

23 561,2

98,8

-295,9

06

Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру

5 179,5

5 153,6

99,5

-25,9

07

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

11 859,9

11 727,0

98,9

-132,9

08

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

6 464,4

6 457,5

99,9

-6,9

09

Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану

51,0

50,3

98,6

-0,7

10

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

10 800,3

10 593,1

98,1

-207,2

11

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

456,5

454,9

99,7

-1,6

12

Көлiк және коммуникация

7 446,6

7 422,6

99,7

-24,0

13

Басқалар

3 165,2

3 131,5

98,9

-33,7

15

Трансферттер

1 552,7

1 552,7

100,0

-0,0


Жергілікті атқарушы органның тарапынан облыстық жергілікті бюджет бірнеше рет нақтыланғанына қарамастан, оның толыққанды аткарылуы қамтамасыз етілмеген. Қаражаттың басым бөлігі денсаулық сақтауға (33,5 %), Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастарына (23,5 %), білім беруге (15,5 %), тұрғын үй – коммуналдық шаруашылыққа (15,0 %), пайдалынылған.

Жалпы алғанда қаражаттың игерілмеуінің басым бөлігі «Білім беру» (15,5 %), «Денсаулық сақтау» (33,5 %), «Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық» (15,0 %), «Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары» (23,5 %), «Басқалар» (3,8 %) функционалдық топтар бойынша байқалады.

Жергілікті бюджеттердің шығындарының игерілуі бойынша мынадай көрсеткіштер қалыптасып отыр: жоспардағы бюджеттік қаражаттар Меркі ауданы бойынша – 99 %-ға (-53,9 млн. теңге), Қордай, Жуалы, Т. Рысқұлов аудандары бойынша – 99,7 %-ға (-25,5 млн. теңге, -12,4 млн. теңге, -11,7 млн. теңге). Жамбыл, Шу аудандары бойынша – 99,8 %-ға (-13,3 млн. теңге, -13,1 млн. теңге). Байзақ ауданымен Тараз қаласы бойынша – 99,6 %-ға (-20,6 млн. теңге,- 70,0 млн. теңге), Мойынқұм, Талас аудандары бойынша – 99,5%-ға (- 15,7 млн. теңге, 29,2 млн. теңге).

(млн. теңге)

Жергілікті бюджеттердің атауы

Есепті мерзімге

Кассалық атқару

%

Жоспардан ауытқуы

Жамбыл ауданы

5 962, 6

5 949, 3

99,8

- 13,3

Жуалы ауданы

4 117, 3

4 104, 9

99,7

-12, 4

Қордай ауданы

7 440, 7

7 415, 3

99,7

-25, 5

Т. Рыскұлов ауданы

4 438, 3

4 426, 6

99,7

-11, 7

Меркі ауданы

5 206, 9

5 153, 1

99,0

-53, 9

Мойынкұм ауданы

3 330, 6

3 314, 8

99,5

-15, 7

Сарысу ауданы

4 900, 8

4 898, 1

99,9

-2, 7

Байзақ ауданы

5 175, 9

5 155, 4

99,6

-20, 6

Талас ауданы

5 524, 3

5 495, 1

99,5

-29, 2

Шу ауданы

6 694, 2

6 681, 1

99,8

-13, 1

Тараз қаласы

17 663, 6

17 593, 6

99,6

-70, 0

Облыстық бюджет

118 293, 8

117 580, 1

99,4

-713, 7

Облыс бюджеті

132 658, 4

131 775, 4

99,3

-883,0



^ 3.1. БЮДЖЕТ ШЫҒЫСТЫРАНЫҢ АТҚАРЫЛУЫ БОЙЫНША БАҒА БЕРУ


Облыстық бюджет шығындары бойынша есепті мерзімде жоспарда 118.293,8 млн. теңге болса, нақтылы орындалуы 117.580,2 млн. теңге немесе 99,4 % - ды құрады (өткен жылы 98,1 %- ға орындалған), игерілмегені – 713,6 млн. теңге.

2010 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда шығындар 20,4 % - ға немесе 19.696,0 млн. теңгеге артып отыр.

Облыстық бюджет шығындарының игерілуі бойынша қорғаныс (100%) және Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі (100%) басқа бюджеттік бағдарламар әкімшілерінде төмен көрсеткіштер қалыптасты.

^ Облыс әкімінің аппараты бойынша жоспардағы 846,5 млн. теңге сомасындағы қаражаттардың 842,0 млн. теңгесі немесе 99,5 % -ы игеріліп, игерілмегені 4,5 млн. теңгені құрап отыр. Оның 4,4 млн. теңгесі аппараттың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер бойынша (149 ерекшілігі бойынша көрсетілген жұмыстар және қызметтер) тауарлардың уақтылы жеткізілмеуіне байланысты.

^ Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы бойынша жоспардағы 18.995,2 млн. теңге сомасындағы қаражаттардың 18.874,0 млн. теңгесі немесе 99,4 % - ы игеріліп, игерілмегені 122,2 млн. теңгені құрап отыр. «Республикалық бюджет қаражатынан көрсетілетін медициналық көмекті қоспағанда, халыққа амбулаторлық-емханалық көмек көрсету» бағдарламасы бойынша гепатит В және С ауруларына жасалынатын скрининг 2 кезең бойынша жасалынған, 1 кезең ИФА (иммуноферменттік анализ), анализіне 15039 бала тексеруден өтіп, 2 кезеңге тек гепатит анықталған 981 баладан ПЦР (полимеразно-цепная рекция) анализі тапсырылып, аурулар контингенттің аз болуына байланысты 73,0 млн. теңге игерілмей үнемделген қаражат ретінде республикалық бюджетке қайтарылған.

Сонымен қатар, денсаулық сақтаудың медициналық ұйымдарының күрделі шығыстары бағдарламасы бойынша ^ 41,5 млн. теңге игерілмеген, оның ішінде: 3,4 млн. теңгеге бір медициналық құрал-жабдық түрінен мемлекеттік сатып алу өтпеген, 32,7 млн. теңге жабдықтаушы «Тарлан – ИНТ» ЖШС-і тарапынан Германиядан әкелінетін медициналық құрал – жабдықтардың 2011 жылы кеден бақылауынан дер кезінде өткізілмеуінен орын алған.

Сол сияқты мемлекеттік сатып алу конкурстарының нәтижесінде үнем қалыптасуынан ^ 7,7 млн. теңге игерілмеген.

Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы бойынша жоспардағы 3821,2 млн. теңге сомасындағы қаражаттардың 3627,4 млн. теңгесі немесе 94,9 % - ы игеріліп, игерілмегені 193,8 млн. теңгені құраған, оның ішінде:

- «Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» бағдарламасы бойынша облыстың мүйізді ірі қара малын өсіретін өндірушілердің жыл ішінде, субсидия төлеу ережесінің шартты жағдайы болып есептелетін, ақпараттық сараптама жүйесіне енбеулерінен субсидия төлеу Ережесіне сәйкес, субсидия алуға үміткер шаруашылықтардың мүйізді ірі қара малының аналық басы 2011 жылдың 1 наурызынан бастап, «50 бастан кем болмауы керек» деген шартына шаруашылықтардың мүйізді ірі қара малының аналық мал бастарының сәйкес келмеуінен жоспарланған соманың 20,4 млн. теңгесі игерілмеген.

ҚР Үкіметінің 2011 жылдың 7 қазанындағы № 1146 қаулысымен бірдейлендіру жұмыстарын жүзеге асыру барысында басшылыққа алынып келген ҚР Үкіметінің 2009 жылғы № 2331 «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру Ережесін бекіту туралы» және 2011 жылғы 1 шілдедегі № 750 қаулыларына толықтырулар мен өзгерістер енгізілуіне сәйкес бірдейлендіру талаптарының өзгеруіне байланысты 173,4 млн. теңге игерілмей қалған.

^ Облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бойынша жоспардағы 1720,9 млн. теңге сомасындағы қаражаттардың 1714,2 млн. теңгесі немесе 99,6 %-ы игеріліп, игерілмегені 6,8 млн. теңгені құрады, оның ішінде:

-«Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың техникалық – экономикалық негіздемесін әзірлеу және түзету және оның сараптамасын жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу» бағдарламасы бойынша мүгедек балаларға арналған 101 орындық орталықтың жаңа соғылатын ғимаратының технико-экономикалық негіздеме құжаттарын жасауға бөлінген 6,8 млн. теңге қаражат бойынша «СейсмоСтройПроект» ЖШС-гімен 2011 жылғы 14 шілдедегі № 61 келісім-шарт жасалынған.

Алайда, бүгінгі күнге дейін келісім-шарттың талаптары орындалмаған, осыған байланысты құжаттар 2011 жылғы 30 қарашасында Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың қарауына жолданып соттың 2012 жылғы 3 қаңтардағы № 2-602/12 шешіміне сәйкес 192,4 мың теңге айыппұл бюджетке өндірілген.

^ Облыс әкімдігінің білім басқармасы бойынша жоспардағы 9951,4 млн. теңге сомасындағы қаражаттардың 9863,8 млн. теңгесі немесе 99,1 %-ы игеріліп, игерілмегені 87,6 млн. теңгені құрады, оның ішінде:

Мектеп мұғалімдеріне және мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақының көлемін ұлғайтуға берілетін трансферттер бойынша 2011 жылғы бекітілген бюджетте мектеп мұғалімдеріне және мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне біліктілік санаты үшін 20% мөлшерінде қосымша қаржы қаралып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің ағымдағы жылдың 30 қырқүйектегі № 1122 Қаулысы негізінде біліктілік санаты үшін қосымша қаржы алынып тасталуына байланысты 79,0 млн. теңге игерілмей қалған.

«Жұмыспен қамту – 2020 бағдарламасын іске асыру шеңберінде кадрлардың біліктілігін арттыру, даярлау және қайта даярлау» бағдарламасы бойынша оқитын оқушылардың санының жоспардағыдан аз болуына және 82 білімгердің түрлі себептермен курстан шығып кетуіне байланысты 8,1 млн. теңге игерілмеген.

^ Облыс әкімдігінің энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша жоспардағы 5.365,9 млн. теңге сомасындағы қаражаттардың 5.340,2 млн. теңгесі немесе 99,5 %-ы игеріліп, игерілмегені 25,7 млн. теңге, оның ішінде:

- «Елді мекендерді газдандыру бағдарламасы» бойынша ^ 17, 2 млн. теңге игерілмей қалған, оның 13,6 млн. теңгесі қалыптасқан үнем болса, Жамбыл ауданында «Қазмұнайқұрылыс» ЖШС-нің жұмыстары қажетті көлемде атқарылмауынан 2,9 млн. теңге сомасындағы қаражаттар игерілмеген.

- Сонымен қатар, бүгінгі күнге дейін Жамбыл ауданында ішкі газ тарату жұмыстары бойынша ЖСҚ-лар мемлекеттік сараптамадан өткізілмеген мердігер «АБ-М» ЖШС-гі 0,8 млн. теңге игерілмеген.

Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың техникалық – экономикалық негіздемесін әзірлеу және түзету және оның сараптамасын жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бағдарламасы бойынша «Тараз қаласының «Таразтрансэнерго» МКК магистралдық жылу жүйелерін кеңейту және қайта жаңғырту» жұмыстарына технико-экономикалық негіздеме әзірленген, дегенмен Астана қаласындағы мемлекеттік сараптаманың шешімі алынбаған осыған байланысты 7,7 млн. теңге игерілмеген.

Ал осы кәсіпорын бойынша 2011 жылы магистралды жылу беру жүйесіндегі шығындары нормадан 40649,6 Гкалорияға артық немесе 89,5 млн. теңгені құраған. Ол өткен 2010 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге өскен, себебі жаз айларында тұтынушыларға берілетін ыстық судың магистралды жылу жүйесіндегі табиғи шығындар нормасы монопологияға қарсы департамент тарапынан қайта қарастырылмаған. Сонымен қатар, қыс айларында жылу беретін магистралды жүйемен ыстық су берілуде, ол артық шығындар әкелуде. Осы нормадан артық шығындарды азайту үшін жылу жүйелерін «кеңеиту және қайта жаңғыртуды» керек етеді.

Сонымен қатар Қаратау қаласындағы «Игілік» КММ-де нормадан артық жылу шығындары (569 Гкал) сомасы 1,0 млн. теңгені құраған.

Алайда бұл кәсіпорын бойынша нормадан артық жылу шығындары 2010 жылмен салыстырғанда 3305 Гкал-ға төмендеген. Жалпы 2011 жылы өткен жылға қарағанда нормадан артық шығындар 5 кәсіпорыннан 2 кәсіпорынға дейін азайған.

^ Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бойынша жоспардағы 493,5 млн. теңге сомасындағы қаражаттардың 487,8 млн. теңгесі немесе 98,8 % - ы игеріліп, игерілмегені 5,7 млн. теңгені құрады, оның ішінде «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде бизнес жүргізуді сервистік қолдау бағдарламасы бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстарының нәтижесінде үнем қалыптасуынан 4,7 млн. теңге, шағын және орта бизнеске кредиттерді ішінара кепілдендіру бойынша 1,0 млн. теңге игерілмеген.

^ Облыс әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бойынша жоспардағы 28.820,5 млн. теңге сомасындағы қаражаттардың 28.577,9 млн. теңгесі немесе 99,2 %-ы игерілген, игерілмегені 242,6 млн. теңгені құрады, оның ішінде:

«Білім беру объектілерін салу және реконструкциялауға» бөлінген қаражаттар бойынша ^ 11,0 млн. теңге игерілмеген, оның 3,7 млн. теңгесі мемлекеттік сатып алу конкурстарының нәтижесінде қалыптасқан үнем болса, қалған 7,4 млн. теңгесі 12-і объекті бойынша ЖСҚ-дың мемлекеттік сараптамадан уақтылы өтпегендігіне байланысты игерілмеді. Олар:

1.Талас ауданы Қаратау қаласындағы «Үміт» мектеп-интернатының азық-түлік қоймасының құрылысын салу.

2.Меркі ауданы Гранитогорск мектеп-интернатына арналған азық-түлік сақтайтын және кір жуу комбинатының құрылысын салу.

3.Тараз қаласындағы «Үміт» атындағы балалар үйінің кір жуу комбинаты құрылысын салу.

4.Тараз қаласындағы 600 орындық кәсіптік-техникалық лицей құрылысы бойынша ЖСҚ-ы оңтайландыру.

5.Тараз қаласы Құмшағал станциясындағы 300 орындық мектеп құрылысының ЖСҚ-н байланыстыру.

6.Жамбыл ауданы Турксиб ауылындағы 280 орындық балабақша құрылысының ЖСҚ-н байланыстыру.

7.Т. Рысқұлов ауданы Луговой ауылының 280 орындық балабақша құрылысының ЖСҚ-н байланыстыру.

8.Қордай ауданы Сортобе ауылының 280 орындық балабақша құрылысының ЖСҚ-н байланыстыру.

9.Шу ауданы Төлеби ауылының 280 орындық балабақша құрылысының ЖСҚ-н байланыстыру.

10.Қордай ауданы Алға ауылындағы 180 орындық орта мектеп құрылысының ЖСҚ-н байланыстыру.

11.Қордай ауданы Қақпатас ауылындағы 250 орындық орта мектеп құрылысының ЖСҚ-н байланыстыру.

12.Сарысу ауданы Жаңатас қаласындағы 100 орындық интернат құрылысының ЖСҚ-н байланыстыру.

Жобалық-сметалық құжаттарды уақытысында тапсырмағандары үшін мердігерлерге айыппұлдар салынуда.

^ 011 «Денсаулық сақтау объектілерін дамыту» бағдарламасы бойынша мердігерлер тарапынан жұмыстардың қажетті көлемде атқарылмауынан 175,0 млн. теңге игерілмеген, оның ішінде:

Республикалық бюджет есебінен – 95,9 млн. теңге, облыстық бюджет есебінен – 43,4 млн. теңгені құрап отыр.

Игерілмеген қаражаттар: Аса ауылында 250 төсекке арналған емхана құрылысы бойынша – 95,5 млн. теңге; дәрігерлік амбулаторияларының ЖСҚ-рын әзірлеу – 2,7 млн. теңге; Бірлік үстем ауылында 30 келушілерге арналған дәрігерлік амбулаторияларының құрылысы бойынша – 13,1 млн. теңге; Шу қаласындағы 150 төсекке арналған орталық аудандық аурухананың құрылысы – 4,4 млн. теңге; үнемі – 58,9 млн. теңге.

Талдау барысында анықталғандай Аса ауылындағы 250 төсекке арналған емхана құрылысы бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен (ары қарай – құрылыс басқармасы) бас мердігер «Стандарт строй» ЖШС-гі арасында 3.287, 9 млн. теңгеге 2008 жылы 26 қарашада № 127 келісім шарт жасалынған. Аталған негізгі келісім шарт 10 мәрте өзгертіліп, оған қосымша келісім шарттар жасалынған. Соңғы, 08.11.2011 жылғы № 6 қосымша келісім шарты бойынша құрылыстың бағасы 1.759,6 млн. теңге болып өзгертілген.

2011 жылғы келісім шарт бойынша бөлінген 903,8 млн. теңге қаржының игерілгені 808,8 млн. теңге. Қаржының игерілмегені, бас мердігер «Стандарт строй» ЖШС тарапынан құрылыс – монтаж жұмыстарының уақытысында орындалу мерзімдері сақталмай, тапсыру мерзімдері негізсіз 3 рет өзгертіліп, соңғысы 12.12.2011 жылғы № 10 қосымша келісім шарт бойынша тапсыру мерзімі 20.03.2012 жылы болып белгіленген. Алайда құрылыс объектісі бүгінгі күнге дейін (27.04.2012 ж.) пайдалануға тапсырылмаған. Осыған байланысты, құрылыс басқармасы бас мердігер «Стандарт Строй» ЖШС-нің тапсыру мерзімін бұзғаны үшін 2012 ж. 27 наурыздағы жағдайы бойынша Жамбыл облысы бойынша ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотына 1,3 млн. теңге айыппұлды өндіруге талап арыз түсірген. Қазіргі таңда соттың шешімі күтілуде. Объектінің құрылысы басталғаннан бері орындалған жұмыстардың жалпы көлемі 1.591,9 млн. теңгені құраған, ал төленген қаржы 1.664,5 млн. теңге, айырмасы 72,6 млн. теңге. Яғни, құрылыс басқармасы 2011 жылы 25 наурызда № 7 қосымша келісім шарт бойынша мердігерге 30 % алдын ала төлем ретінде 271,1 млн. теңге аударған және оны ай сайын атқарылған жұмыстардың көлемінен ұстап тұруға төлемнің өтеу мерзімдері бекітілген. Алайда құрылыс басқармасы мердігерден алдын ала төлемдерді толық ұстап отырмаған, керісінше 2011 жылдың қазан айындағы орындалған жұмыстардың бағасы туралы анықтамасы (№ КС – 3) бойынша мүлдем ұстамаған. Осыған байланысты, құрылыс басқармасының балансы бойынша 2012 жылдың 1 қаңтарындағы мерзіміне 72,6 млн. теңге дебиторлық қарыз тіркелген және ол 01.04.2012 жылғы мерзім бойынша жабылмаған. Негізінен бүгінгі күнге құрылыстың әрлеу, еден, керамограниттік, электр жарықтандыру жұмыстары, № 2,3 лифтілерінің қондырғылары және сыртқы жабдықтау, көгалдандыру жұмыстары орындалмағаны анықталды.

Шу ауданының Бірлік Үстем ауылындағы 30 келушіге арналған сменалық дәрігерлік амбулаторияның құрылысына бөлінген қаржының игерілмеуі бас мердігер «САЮП» ЖШС-і тарапынан құрылыс-монтаж жұмыстарын толық уақытысында орындамағына байланысты болған. Құрылыстың тапсыру мерзімдері негізсіз 2 рет өзгертіліп, соңғы 27.06.2011 жылғы № 03 келісім шарт бойынша тапсыру мерзімі 10.08.2011 жылға ауыстырылған. Алайда бұл құрылыс объектісі әлі тапсырылмаған. Осыған байланысты құрылыс басқармасы бас мердігер «САЮП» ЖШС-н тапсыру мерзімін бұзғаны үшін Жамбыл облысы бойынша ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотқа 9.729,2 мың теңге айыппұлды өндіруге талап арыз түсірген. Әзірге соттың шешімі шықпаған.

^ 015 «Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 11,2 млн. теңге игерілмеген. Бағдарлама бойынша орташа жөндеу жұмыстары 28 объектіде жүргізілген, оның ішінде 5-і республикалық бюджет есебінен және 23-і жергілікті бюджеттен қаржыландырылған. Қаражаттар мердігерлер тарапынан жұмыстардың кешігіп атқарылуынан игерілмеген, оның ішінде: Автомобиль жолдары бойынша жасанды құрылымдарды (көпір, құбыр) орта жөндеумен айналысқан «Тараз RAYS» ЖШС-і бойынша қажетті материалдардың өнім шығарушыдан кеш жеткізілуі себептерінен 8,1 млн. теңге игерілмеген.

^ 011 «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы шеңберінде инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымдардың дамуына бөлінген трансферттер бойынша 20,0 млн. теңге игерілмеген. Ол «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының 2-ші бағыты бойынша микрокредит беру жөніндегі уәкілетті өңірлік ұйым болып белгіленген «Казпошта» АҚ – ның бас тартуына байланысты, өңірлік ұйымды белгілеу жұмысының кешігуіне байланысты игерілмеген.

1   2   3   4   5   6   7   8   9



Похожие:

Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon2013-2017 жылдарға Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 27. 08. 2009 жылғы 1251 «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеудің Ережесін бекіту туралы»...
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon2013-2017 жылдарға Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 27. 08. 2009 жылғы 1251 «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеудің Ережесін бекіту туралы»...
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде iconЖамбыл ауданының 2013-2017 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы, беталысы, басымдықтары, мақсатты индикаторлары мен көрсеткіштері
Аудан экономикасында 2011 жылдың бірінші жартысында экономикалық жандану басталды
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon«2012 жылдың бірінші тоқсанына Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы»
Скемен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы оңды динамикамен сипатталады
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon2012 жылдың бірінші жартыжылдығына Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы
Азық-түлік өнеркәсібінде өндірістің көлемі 10,8 млрд теңге деңгейінде қалыптасты, тик – 150,1 %
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon2014 жылғы қаңтар айына арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму
Тұтыну бағаларының индексі (2013 жылғы желтоқсанмен салыстырғандағы 2014 жылғы қаңтары)
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon2014 жылғы қаңтар-наурыз айларына арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму
Тұтыну бағаларының индексі (2013 жылғы желтоқсанмен салыстырғандағы 2014 жылғы наурызы)
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon2014 жылғы қаңтар-мамыр айларына арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму
Тұтыну бағаларының индексі (2013 жылғы желтоқсанмен салыстырғандағы 2014 жылғы мамыры)
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon2014 жылғы қаңтар-сәуір айларына арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму
Тұтыну бағаларының индексі (2013 жылғы желтоқсанмен салыстырғандағы 2014 жылғы сәуірі)
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде iconЖоғары кәсіби даярлау күндізгі бөлімде, қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі
Біздің психолог студенттер және әлеуметтік жұмыскерлер бизнес, саясат, мемлекеттік басқару, бұқаралық ақпарат құралдары, жарнама,...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kze.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы