Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon

Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде



НазваниеБірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде
страница4/9
Дата конвертации31.05.2013
Размер1.34 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5   6   7   8   9

^ 3.2. БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТТАРЫН БАСҚАРУ БОЙЫНША ДАМУ БЮДЖЕТТІК

БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ


1. «Тиісті қаржы жылына бөлінген қаражатты игеру» критерийі бойынша:

Жамбыл облысының даму бюджеттік бағдарламалары бойынша бөлінген қаражаттың игерілуі 98,7% құрады. Жоспарға сәйкес 28.216,5 млн. теңге болса, нақты орындалуы 27.848,6 млн. теңге, (-367,9 млн. теңге).

2. «Шығыстардың бекітілген көлеміне бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қайта бөлінген қаражатының көлемі» критерийі бойынша:

Бюджетті нақтылау кезінде қаражатты қайта бөлу үлесі, облыстың даму бағдарламасы бойынша бекітілген барлық бюджет көлемінің 6,2 пайызын құрады. Бекітілген шығындар көлемі 23.328,1 млн. теңге болса, қайта бөлу көлемі 1.452,2 млн. теңгені құрады.

3. «Бюджетті атқару жөніндегі ұйымдастыру шаралары» критерийі бойынша:

мемлекеттік сатып алу жылдық жоспары тармақтарының жалпы саны 484 болса, орындалған тармақтары саны 472 құрады, үлесі – 97,5%;

мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының жалпы көлемі 17.894,5 млн. теңге болса, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының орындалған тармақтарының бюджеттік қаражаты көлемі 17.872,3 млн. теңгені құрады, үлесі – 99,9%;

мемлекеттік органның құзыретіне кіретін бюджеттік бағдарламаны іске асыру үшін қажет нормативтік және құқықтық актілер уақтылы қабылданған, барлығы 170 нормативтік және құқықтық актілер, оның ішінде:

- жергілікті өкілетті органдардың бюджетті бекіту немесе нақтылау бойынша актілері – 70;

- жергілікті өкілетті органдардың шешімдерін жүзеге асыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың қаулылары – 71;

- бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің стратегиялық жоспарларын бекіту немесе өзгерістер енгізу туралы жергілікті атқарушы органдардың қаулылары – 29;

есепті кезеңде 98 объектіні пайдалануға беру жоспарланған болса, уақтылы 97 объект пайдалануға уақтылы беріліп, 8 объекті әртүрлі себептермен пайдалануға уақтылы берілмеген, оның ішінде:

      1. «Елдi мекендердi газдандыру» 004 бюджеттік бағдарламасы бойынша Жамбыл ауданының 9 елді мекендеріне орта қысымды газ құбырларының құрылысын жүргізу №2 Лот бойынша Қапал, Бесжылдық ауылдарындағы құбырларды қосатын муфталардың кестеге сай келмеуінен;

      2. «Денсаулық сақтау объектілерін салу және реконструкциялау» 013 бюджеттік бағдарламасы бойынша Жамбыл ауданы Аса ауылында бір ауысымда 250 келушіге арналған емхана құрылысы медициналық құрал жабдықтары тізімі 2011 жылдың 30 қарашасында бекітілген және медициналық құрал жабдықтардың жеткізу және орнату мерзімі өзгертіліп, өндірістік кестеден кешігуіне байланысты және құрылыс жұмыстарының мерзімінде бітпеуінен;

      3. «Шу ауданы Бірлік Үстем ауылындағы ауысымында 30 келушіге арналған ДА-ның құрылысы» бойынша абаттандыру жұмыстарының аяқталмауынан, технологиялық және медициналық жабдықтау жеткізілмеуінен, мердігердің жауапсыздығынан нысан пайдалануға тапсырылмады;

      4. «Сумен жабдықтау жүйесін дамыту» 006 бюджеттік бағдарламасы бойынша Көктал ауылын сумен қамтамасыз ету жүйесін қалпына келтіру мердігер «АКВАRS STORY LTD» ЖШС тарапынан абаттандыру жұмыстарының уақтысында орындалмауынан орын алған;

      5. Ақкөл ауылында су желілері құрылысының 3 кезеңін қайта жаңғырту бойынша мердігер «АКВАRS STORY LTD» ЖШС – гі өзіне алған міндеттемелерін қажетті көлемде атқармаған. Осы екі нысан бойынша «тапсырысшы» аудандық құрылыс бөлімі тарапынан қажетті қадағалау болмаған және мердігердің жауапсыздығынан орын алған;

      6. «Білім беру объектілерін салу және реконструкциялау» 037 бюджеттік бағдарламасы бойынша Меркі ауылы Сармолдаев көшесінің бойындағы 280 орындық бала-бақша құрылысы мердігер «SEEMA TARAS» ЖШС – гі тарапынан құрылыстық-монтаждық жұмыстардың уақтылы атқарылмауынан;

      7. «Сумен жабдықтау жүйесін дамыту» 006 бюджеттік бағдарламасы бойынша «Шалғай Қарасу» тұрғын алқабын сумен қамтамасыз ету құрылысы бойынша құрылыстық-монтаждық жұмыстардың уақтылы атқарылмауынан мерзімінде пайдалануға берілмеген.

^ 4. «Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелеріне қол жеткізу» критерийі бойынша бағаланатын 39 бағдарлама бойынша тікелей нәтиже көрсеткіштеріне 96,0%-ға қол жеткізілді, оның ішінде 23 бағдарлама бойынша нәтижелер көрсеткіштеріне 100 пайыз, 15 бюджеттік даму бағдарламасы бойынша көрсеткіштерге ішінара қол жеткізілген.

1. Даму бюджеттік бағдарламасы бойынша тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізілмеді:

«Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымдардың дамуы» 018 бағдарламасы бойынша Жамбыл облысының аудан орталықтарында инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымдарды дамытуға 20,0 млн.теңге сомасында берілген нысаналы трансферттер «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының 2-ші бағыты бойынша микрокредит беру жөніндегі уәкілетті өңірлік ұйым болып белгіленген «Қазпошта» АҚ-ның тамыз айында бас тартуына байланысты, өңірлік ұйымды белгілеу жұмыстарының кешігуінен игерілмей қалды.

^ 5. «Бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтижесінің серпіні» критерийі бойынша:

Есепті кезеңде бағаланып отырған барлық бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтижесінің нақты қалыптасқан орташа балы 14,9 құрады. Өткен жылы бұл көрсеткіш 8,5 балды құраған, яғни, 6,4 балға артып отыр.

^ 6. «Бюджеттік бағдарламалардың нәтижелігінің көрсеткіштерін жоспарлау сапасы» критерийі бойынша:

Талдау қорытындылары облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің стратегиялық жоспарларының құрамында бюджеттік бағдарламалардың саны жағынан өлшенетін және бағалауға жататын болып табылатын тиімділік көрсеткіштері бойынша жоспарланған.

^ 7. «Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының тексеру қорытындылары бойынша бюджеттік және өзге заңнаманы бұзушылықтардың болмауы» критерийі бойынша:

Облыс бойынша даму бюджеттік бағдарламаларына бақылауды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы жүргізді. Есепті кезеңде 6 тексеріс жүргізілді.

Бақылаумен қамтылған бюджет қаражатының жалпы көлемі 1904,1 млн. теңгені құрады, бақылау қорытындысы бойынша барлығы 2,5 млн. теңге сомасында бұзушылық анықталды, бақылауға қамтылған бюджет қаржысының жалпы көлеміндегі бұзушылықтардың үлесі – 0,1%.

Бекітілген іс-шаралар жоспарының 3-тармағына сәйкес бюджеттік даму бағдарламаларын жүзеге асырушы органдарға мемлекеттік органдардың ішкі бақылау қызметтерінің жұмысында даму бюджеттік бағдарламалары бойынша бөлінген қаражаттардың пайдаланылуына бақылау жүргізуді жандандыру, ішкі бақылау нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылдау тапсырылған.

2011 жылы облыс бойынша ішкі бақылау қызметтері қамтылған бюджет қаражатының көлемі 875,9 млн. теңгені құраған, бұзушылықтар анықталған жоқ.

Тексерумен Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасы әкімшілік ететін «Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту» 005 бюджеттік бағдарламасы қамтылған. Яғни, 31 құрылымдық бөлімшенің 1 құрылымдық бөлімшесі (қамту үлесі – 3,2%) қамтылып, қорытындылары бойынша басқарма басшысы қабылдаған ұйғарым толық орындалған.

Ағымдағы жылы ішкі бақылау қызметтерінің белсенділігін арттыру мәселесі тұрақты бақылауда тұр, олардың жұмыстарының тиімділігін жақсарту бойынша қажетті жұмыстар атқарылуда.

8. 2010 жылдың қорытындысы бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің бюджет қаражатын басқару жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері туралы қорытындыда берілген ұсынымдарды (бұдан әрі – Ұсынымдар) орындау мақсатында 2011 жылдың 4 қарашасында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ғ.Сәдібековпен Жамбыл облысы әкімдігінің «Бюджет қаражатын басқару» бағыты бойынша қызметінің тиімділігінің көрсеткіштерін жақсарту бойынша іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітіліп, тұрақты бақылауда болған.

2011 жылғы 8 қарашада мемлекеттік органдардың қызметтерінің тиімділігін арттыру мәселелері бойынша облыс әкімі аппаратының басшысы Б.Исақовтың төрағалығымен облыстық семинар-кеңес өткізіліп, аталған мәселе жан-жақты талқыланып, семинар кеңестің қорытындылары бойынша бірқатар тапсырмалар берілген.


^ 3.3. CТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАРДЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫН БАҒАЛАУ


1. Денсаулық сақтау басқармасының стратегиялық жоспарында бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау.

Мекеменің стратегиялық жоспары Жамбыл облысы әкімдігінің 2010 жылғы 28 желтоқсандағы № 394 қаулысымен бекітілген. Стратегиялық жоспары бойынша 4 стратегиялық бағыттарда, 59 мақсатты индикаторлары және көрсеткіштері көзделген. Төрт индикатордың үшеуі орындалып, біреуі орындалмаған.

- Жарақаттанудан өлім-жітімнің өсуіне байланысты жалпы өлім-жітімді азайту бойынша мақсатты индикатор орындалмады. 1000 адамға шаққанда жалпы өлім көрсеткіші 2011 жылғы 7,4 адам жоспарланса, нақты көрсеткіші 7,67 адамды құрап көздеген мақсаттарына қол жеткізілмеген . «Күтілетін өмір ұзақтығы» индикаторы бойынша денсаулық сақтау басқармасының болжамды анықтамасы ұсынылып 59 көрсеткіштен 55 орындалып 4 орындалмай қалған.

- Әйелдерді диспансеризациялаудың төмен болғанына байланысты әйелдердің денсаулық сақтау индексі орындалмады. Әйелдердің денсаулығының индексі 28,7 пайызға жоспарланса, нақты көрсеткіші 23,5 пайызды құрап көздеген мақсаттарына қол жеткізілмеген. - Екі жеке медициналық ұйымның «Сенім» медициналық орталығы мен Қордай ауданындағы стоматологиялық кабинетінің қызметі тоқталуына байланысты бірыңғай төлеуші жүйесіне енген жеке медициналық ұйымдардың үлес салмағы жоспарға жетпеді.

- Жас мамандар ауылдық жерлерде жұмыс істеуден бас тартқанына байланысты ауылға келген жас мамандардың саны орындалмады, ауылға 2011 жылға келетін жас мамандардың саны 100 маманға жоспарланса, нақты орындалғаны 61 маман. Яғни көздеген мақсаттарына қол жеткізілмеген.

- Сол сияқты ауылға келген мамандарды әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету үлес салмағын ұлғайту 96,8 пайызға жоспарланса, нақты орындалғаны 80,3 пайызды құрап көздеген мақсаттарына қол жеткізілмеген.

Мекеменің стратегиялық жоспарында тікелей нәтижелері көрсетілмеген, сонымен қатар түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу туралы мәліметтері кейбір бағдарламалары бойынша толтырылмаған.

^ 2. Білім басқармасы бойынша стратегиялық жоспарының іске асырылуын бағалау.

Мекеменің стратегиялық жоспарында көзделген 5 индикаторының 23 көрсеткішінің ^ 4-і орындалмаған. Олар: - негізгі және орта мектептерді физика кабинетімен қамтамасыз ету көрсеткіші бойынша 24,6% құраған немесе 4,4 %-ға орындалмаған. 2011 жылы жергілікті бюджеттің есебінен 17 физика кабинеті ғана алынып, 18 кабинет 73,7 млн. теңгеге алынбаған.

- Сол сияқты биология кабинетімен қамтамасыз ету 27,9% құрап немесе 6,1 %-ға орындалмаған.

2011 жылы республикалық бюджеттің есебінен 30 кабинет алынып, 98,3 млн. теңгеге 24 кабинет алынбаған. Сонымен қатар химия кабинетімен қамтамасыз ету 7,2 %-ғана құраған, немесе 21,7 %-ға орындалмаған. 2011 жылы жергілікті бюджет есебінен 11 химия кабинеті алынып, 85 кабинет 348,2 млн. теңге алынбаған. Өткен оқу жылында облыста 25 апатты жағдайдағы мектеп болса тағыда 4 мектеп анықталып барлығы 29 мектепті құрап отыр (6,3%).

- Білім саласы бойынша балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру және сауықтыру мәселесі де әлі толық шешімін таппай отыр.

Облыс бойынша 1996 жылдан бері 5 мемлекеттік, 4 мемлекеттік емес қаладан тыс сауықтыру лагерлері қызмет атқарады.

Ал Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Сарысу, Мойынқұм және Шу аудандарында жалпы мемлекеттік сауықтыру лагерлері жоқ.

- Сонымен бірге жергілікті бюджеттің жалпы шығындарының есебінен бөлінетін жалпыға бірдей «оқу қоры» облыс бойынша 1,6 % құрап, Республика көлімінде ең төменгі көрсеткіш болып отыр. Яғни Қазақстан Республикасының Премьер-министрі К. Масимовтың 01.07.2008 жылғы хаттамасына сәйкес «оқу қорын» 3 %-дейін көтеру туралы тапсырмасы орындалмай отыр. Ал оқу қорына бөлінген қаржы Меркі ауданы бойынша 0,75 %, Т. Рысқұлов ауданы бойынша – 0,87 %-ды құрап Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 6 бабының 11 тарауына сәйкес бекітілген 1 % көлеміне де жетпей қалған.


^ 3. Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының стратегиялық жоспарының іске асырылуын бағалау.

Басқарманың стратегиялық жоспарында 2 стратегиялық бағыт бойынша мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, тікелей және түпкі нәтижелерге қол жеткізу көзделген, атап айтқанда:

- стратегиялык бағыт: Облыс бюджетінің тиімді атқарылуын қамтамасыз ету;

- стратегиялык бағыт: Облыстың коммуналдық мүлікті басқарудың тиімділігін арттыру.


^ 3.4. ОБЛЫС БЮДЖЕТІНІҢ ТИІМДІ АТҚАРЫЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Стратегиялық бағыты бойынша 4 мақсатқа қол жеткізу көзделген, оның ішінде:

«Бюджет қаражаттарын уақтылы игеру» мақсаты бойынша 2011 жылы 100 - %-ға игерілген «Бюджеттік бағдарламалардың үлесін ұлғайту және бұл көрсеткіштерді келесі жылдарда ұстау» нысаналы индикаторы есепті жылда 68 % көлемінде жоспарланған болса 2012 жылдың 1 қаңтарына 61,9 %-ға орындалған, яғни есепті кезенде облыс бюджетінде қарастырылған 349 бағдарламаның 216 бағдарламасы бойынша ғана жоспарланған қаражаттар толығымен игерілген.

«Бюджеттік қаражаттардың игерілуі» бойынша жыл қорытындысы бойынша қаражаттардың игерілуі 99,5 % көлемінде жоспарланған болса, есепті кезеңде 99,3 % игерілген, нысаналы игерілмеген сома 883,0 млн. теңге. Қаражаттардың игерілмеуінің негізгі себебі – нысаналы трансферттердің үнемделуі, мердігерлер тарапынан жұмыстардың уақтылы атқарылмауы болып табылады.

«Бюджеттік қаражаттарды 100 % игерген бюджеттік бағдарлама әкімшілері санының ұлғаюы» бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің 14- ке жеткізу көзделген. Бұл көрсеткіш жыл қорытындысы бойынша 11-ді құрап отыр.

«Республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер бойынша тікелей нәтижелерге қол жеткізілуі» бойынша жоспар 99,5 % болса, республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттердің жылдық жоспары 98 %-ға игеріліп отыр. Есепті кезеңде жыл қорытындысымен нысаналы трансферттердің үнемделуі, мердігерлер тараптарынан жұмыстардың уақтылы өткізілмеуінен толық атқарылмаған.

«Бюджеттік кредиттердің тиімді пайдалануын және уақтылы қайтарылуын қамтамасыз ету» мақсаты бойынша 2 нысаналы индикаторға қол жеткізу жоспарланған, оның ішінде:

«Тиімді пайдаланылған бюджеттік кредиттердің үлес салмағы» нысаналы индикаторы бойынша тиімді пайдалынылған бюджеттік кредиттердің үлес салмағы 100 %-ға жеткізу көзделген, есепті кезеңде 93,1 %-ға орындалған. Толық көлемде игерілмеуінің негізгі себебі, ниет білдіруші жас мамандардың жоспардағыдан аз болуына байланысты.

. «Мемлекеттік сатып алу үрдісінің тиімділігін арттыру» мақсаты бойынша қазақстандық қамту үлесінің артуы көрсеткіші 95 %-ға жеткізу көзделген болса, есепті мерзімге жиналған мәліметтерге сәйкес 81 %-ға қол жеткізілген. Басқармада тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша атқарылған іс – шараларға қарамастан оның ішінде: бюджеттік қаражаттардың игерілуіне мониторингтер жүргізіліп, мониторинг қорытындылары шаралар қолдану үшін облыс әкімінің аппаратына ұсынылып, ол облыс әкімдігінің алқа мәжілісінде талқыланып, бюджеттік қаражаттарды уақтылы игермеген мекеме басшыларына тәртіптік жазалар қолданылғанымен «Бюджеттік қаражаттардың игерілуі» көрсеткіштері бойынша түпкі нәтижеге қол жеткізілуі жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етілмеген.

Республикалық бюджеттен түскен трансферттер 29.774,2 млн.теңгеге немесе 98%-ға атқарылды, оның ішінде, ағымдағы нысаналы трансферттер 11.151,8 млн.теңгеге немесе 96,6,2%-ға және дамуға арналған нысаналы трансферттер 18.622,4 млн.теңгеге немесе 98,9%-ға атқарылды. Оның ішінде:

Облыстық ішкі істер департаменті бойынша жоспардағы 99,1 млн.теңге сомасындағы қаражаттардың 99,1 млн.теңгесі немесе 100%-ы игерілді.

Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы бойынша жоспардағы 4.239,2 млн.теңге сомасындағы қаражаттардың 4.121,5 млн.теңгесі немесе 97,2%-ы игеріліп, игерілмегені 117,7 млн.теңгені құрады.

Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы бойынша жоспардағы 2.140,8 млн.теңге сомасындағы қаражаттардың 1.945,4 млн.теңгесі немесе 90,9%-ы игеріліп, игерілмегені 195,4 млн.теңгені құрады.

Облыс әкімдігінің білім беру басқармасы бойынша жоспардағы 2.663,8 млн.теңге сомасындағы қаражаттардың 2.590,5 млн.теңгесі немесе 97,2%-ы игеріліп, игерілмегені 73,3 млн.теңгені құрады.

^ Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бойынша жоспардағы 388,5 млн.теңге сомасындағы қаражаттардың 382,9 млн.теңгесі немесе 98,5%-ы игеріліп, игерілмегені 5,6 млн.теңгені құрады.

^ Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бойынша жоспардағы 319,3 млн.теңге сомасындағы қаражаттардың 314,5 млн.теңгесі немесе 98,5%-ы игеріліп, игерілмегені 4,8 млн.теңгені құрады.

^ Облыс әкімдігінің энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша жоспардағы 2.441,4 млн.теңге сомасындағы қаражаттардың 2.437,9 млн.теңгесі немесе 99,9%-ы игерілді, игерілмегені – 3,5 млн.теңге.

Облыс әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бойынша жоспардағы 17.488,4 млн.теңге сомасындағы қаражаттардың 17.292,1 млн.теңгесі немесе 98,9%-ы игерілген, игерілмегені 196,3 млн.теңгені құрады.

Жыл ішінде игерілмеген 596,3 млн.теңге нысаналы трансферттердің 461,9 млн. теңгесі республикалық бюджетке қайтарылды ал, 134,4 млн. теңге 2012 жылы жете пайдалануға қалдырылды.


^ 3.5. БЮДЖЕТТІК КРЕДИТТЕРДІҢ ПАЙДАЛАНЫЛУЫ ЖӘНЕ ҚАЙТАРЫЛУЫ

ТУРАЛЫ


Жамбыл облысына республикалық бюджет есебінен 2011 жылы бөлінген 736 744,0 мың теңге бюджеттік кредиттер толық көлемде түскен.

Оның ішінде, Құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 015 «Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға кредит беру» бағдарламасы бойынша 0,01 пайыздық сыйақы ставкасымен 3 жылдық мерзімге 512 000,0 мың теңге;

Ауыл шаруашылығы басқармасының 025 «Әлеуметтік саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға берілетін бюджеттік кредит» бағдарламасы бойынша 0,01 пайыздық сыйақы ставкасымен 15 жыл мерзімге 204 744,0 мың теңге;

Жамбыл облыстық мәслихатының 2011 жылғы 15 наурыздағы №32-4 шешімімен нақтылау барысында Облыстың кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына 009 «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы шеңберінде ауылдағы кәсіпкерліктің дамуына ықпал ету үшін 0,01 пайыздық сыйақы ставкасымен 5 жылдық мерзімге 20 000,0 мың теңге.

Алайда, түскен қаражат екі бағдарлама бойынша (512000,0 мың теңге және 20000,0 мың теңге) толық игерілсе, ауылдық елді мекендердің әлеуметтік саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға берілген 204 744,0 мың теңге бюджеттік кредиттің 97,7 пайызы немесе 187 834,5 мың теңгесі игеріліп, қалған

16 909,5 мың теңге жас мамандардан өтінімнің түспеуінен игерілмеген. Аудандар бойынша төмендегідей:

(мың теңге)

р/с

Аудандар

2011ж. түзетілген бюджет

Кассалық атқарылуы

Түскен қаражаттың игерілуі %

^ Кассалық атқарылудың жоспардан ауытқуы

1.

Жамбыл

16023,0

15876,0

99,1

-147,0

2.

Жуалы

26706,0

26706,0

100

0,0

3.

Қордай

21364,0

20683,9

96,8

-680,2

4.

Рысқұлов

20474,0

19958,2

97,5

-515,8

5.

Меркі

9792,0

8963,9

91,5

-828,1

6.

Мойынқұм

20474,0

20474,0

100

0,0

7.

Сарысу

24035,0

24035,0

100

0,0

8.

Байзақ

17805,0

5588,0

31,4

-12217,0

9.

Талас

22255,0

19733,6

88,7

-2521,4

10.

Шу

25816,0

25816,0

100

0,0




Жиынтығы:

204744,0

187834,5

91,7

-16909,5
1   2   3   4   5   6   7   8   9



Похожие:

Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon2013-2017 жылдарға Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 27. 08. 2009 жылғы 1251 «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеудің Ережесін бекіту туралы»...
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon2013-2017 жылдарға Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 27. 08. 2009 жылғы 1251 «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеудің Ережесін бекіту туралы»...
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде iconЖамбыл ауданының 2013-2017 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы, беталысы, басымдықтары, мақсатты индикаторлары мен көрсеткіштері
Аудан экономикасында 2011 жылдың бірінші жартысында экономикалық жандану басталды
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon«2012 жылдың бірінші тоқсанына Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы»
Скемен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы оңды динамикамен сипатталады
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon2012 жылдың бірінші жартыжылдығына Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы
Азық-түлік өнеркәсібінде өндірістің көлемі 10,8 млрд теңге деңгейінде қалыптасты, тик – 150,1 %
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon2014 жылғы қаңтар айына арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму
Тұтыну бағаларының индексі (2013 жылғы желтоқсанмен салыстырғандағы 2014 жылғы қаңтары)
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon2014 жылғы қаңтар-наурыз айларына арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму
Тұтыну бағаларының индексі (2013 жылғы желтоқсанмен салыстырғандағы 2014 жылғы наурызы)
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon2014 жылғы қаңтар-мамыр айларына арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму
Тұтыну бағаларының индексі (2013 жылғы желтоқсанмен салыстырғандағы 2014 жылғы мамыры)
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon2014 жылғы қаңтар-сәуір айларына арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму
Тұтыну бағаларының индексі (2013 жылғы желтоқсанмен салыстырғандағы 2014 жылғы сәуірі)
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде iconЖоғары кәсіби даярлау күндізгі бөлімде, қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі
Біздің психолог студенттер және әлеуметтік жұмыскерлер бизнес, саясат, мемлекеттік басқару, бұқаралық ақпарат құралдары, жарнама,...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kze.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы