Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon

Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде



НазваниеБірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде
страница5/9
Дата конвертации31.05.2013
Размер1.34 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5   6   7   8   9


Ал, бюджеттік кредиттерді өтеу бойынша жоспарда 661 250,0 мың теңге болса, 824909,4 мың теңгеге яғни жоспар 124,7 пайызға орындалған.

Оның, 661 250,0 мың теңгесі аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына облыстық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер болса, қаржы агенттеріне ішкі көздер есебінен облыстық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер 183 495,0 мың теңге.


^ 3.6. ДЕБИТОРЛЫҚ ЖӘНЕ КРЕДИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАРДЫ ТАЛДАУ


1.Дебиторлық қарыз

2011 жылдың 1 қаңтарындағы 386378,9 мың теңге дебиторлық қарыз жылдың соңында 215910,9 мың теңгеге азайып, 170468,0 мың теңгені құрады. Дебиторлық қарыздың пайда болуына тапсырыс берушілердің алдын-ала төлем жасағандығы себеп болып отыр.

Оның ішінде, негізгі дебиторлық қарыз төмендегі ерекшеліктер бойынша қалыптасқан:

(мың теңге)

Ерекшеліктер коды

Ерекшеліктердің атауы

Сомасы

111

Еңбекақы төлеу

3 679,1

121

Әлеуметтік салық

1 008,9

139

Өзге де тауарларды сатып алу

24 785,0

141

Коммуналдық қызметке ақы төлеу

3 780,2

142

Байланыс қызметіне ақы төлеу

1 508,6

149

Басқа да қызметтер мен жұмыстар

5 501,3

151

Ел ішіндегі іс сапар шығындары

1 110,7

411

Негізгі құралдарға жататын тауарлар сатып алу

4 800,0

412

Ғимараттарды, имараттарды және сатып алу

16 530,0

421

Ғимараттарды және салу

74 162,3

431

Ғимараттарды күрделі жөндеу

3 000,0


Алайда, дебиторлық қарыздың жалпы сомасы азайғанмен аудан әкімдерінің аппараты ^ 3 812,2 мың теңгеге, Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын ішкі істер органы 2 263,9 мың теңгеге, ауыл шаруашылығы басқармасы 24 785,0 мың теңгеге, Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы 1073,4 мың теңгеге, Облыстық жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 744,0 мың теңгеге, Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында 380,8 мың теңгеге дебиторлық қарыздары өскен.

^ Сонымен қатар, талап мерзімі өтіп кеткен 4 403,0 мың теңге дебиторлық қарыз тіркелген. Оның, 1403,0 мың теңгесі Жуалы ауданы білім мекемелері атынан аудандық мектептерге көмір сатып алушы ретінде Қарасаз ауылындағы №6 Пушкин атындағы орта мектеп «Темір А» ЖШС-мен 2.09.2005 жылы №3 келісім шартқа отырған. Аталған келісім шарттың талаптарына сәйкес 30 пайыздық алдын-ала төлем – 2 491,0 мың теңге аударылған. Алайда, көмірді 2005 жылдың 1 қазанына дейін жеткізіп беруі тиіс болғанына қарамай, 2006 жылы 1 203,7 мың теңгенің көмірін жеткізіп, қалған 1 287,2 мың теңгенің көмірі осы күнге дейін жеткізілмеген. Осыған орай, Пушкин атындағы орта мектеп «Темір А» ЖШС – ін Қарағанды облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз берген. Аталған талап арыздың негізінде Қарағанды облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың 1287,2 мың теңге негізгі қарызды, келісім шарттың талаптарын орындамағаны үшін 12,9 мың теңге айыппұлды және 39,0 мың теңге мемлекеттік бажды өндіру туралы 20.09.2007 жылы №2-1949-07 шешімі шыққан. Аталған шешімді орындау үшін 15.10.2007 жылы Теміртау аумақтық сот орындаушылар бөліміне жіберген.

Ал, 3 000,0 мың теңге «Сенім-2030» ЖШС-нің қарызы.

Оның 1 357,1 мың теңгесі «Психоневрологиялық интернат үйі» мемлекеттік мекемесіне жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары үшін артық аударылған қаражат болса, 1 576,5 мың теңге атқарылмаған жұмыс көлемінің сомасы. Аталған соманы өндіру мақсатында бірқатар жұмыстар жасалынып, «Сенім-2030» ЖШС-нен 2933,6 мың теңгені және 88,0 мың теңге мемлекеттік алымды өндіруге Жамбыл облыстық мамандандырылған экономикалық соттың 19.12.2007 жылы шешімі шыққан.

Осыған орай, Маңғыстау облыстық сот актілерін орындау Департаментінің Ақтау аумақтық сот орындаушылар бөлімі бастығының 09.06.2011 жылы бекіткен қаулысына сәйкес, орындау құжатын іске асыру мақсатында «Сенім-2030» ЖШС- не тиесілі Маңғыстау облысы Ақтау қаласы Тілеумұнара ауданында орналасқан кадастрлық нөмірі 13-200-078-007 жер теліміне шектеу қойылғандығы туралы Ақтау аумақтық сот орындаушылар бөлімінің мемлекеттік сот орындаушысынан хат келген. Қазіргі күнге қаражат өндірілмеген.

Сонымен қатар, облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшылығының тарапынан бюджет қаражатының артық аударылуына және атқарылмаған жұмыс көлемі үшін қаражат аударып беруге жол берген «Психоневрологиялық интернат үйі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін жауапкершілікке тарту үшін ешқандай шара қолданбаған.

Жоғарыда аталған екі мердігер бойынша сотқа талап арызды келісім шарттың талаптары орындалмаған 2005 жылы берудің орнына екі жыл кешіктіріп, 2007 жылы бір-ақ берген. Осының салдарынан қарыз осы күнге дейін өндірілмей отыр.


2.Кредиторлық қарыз

Есепті жыл ішінде алған тауарлар, атқарылған жұмыстар және көрсетілген қызметтер бойынша төлемдердің уақтылы жүргізілмеуінің салдарынан 34,0 мың теңге кредиторлық қарыз пайда болған.

Талдау барысында анықталғандай, облыстық қаржы басқармасының тарапынан атқарылған шаралардың нәтижесінде жыл басындағы 33 219,7 мың теңге кредиторлық қарыз 33 185,7 мың теңгеге азайған.


IV-БӨЛІМ.

^ БАҚЫЛАУ ІС-ШАРАЛАРЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

(бюджеттік бағдарламалардың жекелеген әкімшіліктері бойынша)




Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясы өзінің қызметін ҚР Бюджет кодексінің 142 бабын, сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу ережесін және мекеменің жоспарын басшылыққа ала отырып, 2011 жылдың қараша айынан бастады.

Мемлекет басшысының Парламент депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы 2011 жылғы 16 қарашадағы № 175 Жарлығын және Астана, Алматы және облыс әкімдеріне сайлаушыларға барынша қолайлылық туғызу мақсатында сайлаудың ұйымдық іс-шараларын қамтамасыз ету жүктелгенін ескере отырып, 2012 жылдың 1 ақпанына дейін жергілікті атқарушы органдар жұмыстарын тексеруді тоқтатуды Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы А. Мусиннің 2011 жылғы 21 қарашадағы бұрыштамасымен тапсырылғанын назарға ала отырып, Тексеру комиссиясы 2011 жылдың желтоқсаны мен 2012 жылдың қаңтар айларында сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау жұмыстарын жүргізген жоқ.

2011жыл мен 2012 жылдың есепті кезеңінде жергілікті бюджеттің атқарылуына барлығы ^ 44 бақылау нысандарында жоспарлы бақылау іс-шаралары жүргізілді. Бақылау барысында барлығы 3 923 099,7 мың теңгенің бұзушылықтары анықталды, бұл бақылаумен қамтылған 16 785 902,3 мың теңге қаражаттың 23,4 пайызын құрайды. Оның ішінде қалпына келтірілуге жататын 2 660 240,1 мың теңгенің 2012 жылдың 20 мамырына 53,2 пайызы немесе 1 416 139,5 мың теңгесі қалпына келтірілді.

2011 жылдың қараша айынан бастап жергілікті бюджеттің атқарылуына барлығы ^ 5 бақылау нысандарында жоспарлы бақылау іс-шаралары жүргізілді.

Бақылау барысында 65 247,0 мың теңгенің бұзушылықтары анықталды бұл бақылаумен қамтылған 735 339,5 мың теңге қаражаттың 8,9 пайызын құрайды. Оның ішінде қалпына келтірілуге тиісті 7 329,6 мың теңгенің 2012 жылдың 20 мамырына 71,9 пайызы немесе 5272,3 мың теңгесі қалпына келтірілді.

Атап айтқанда:

- «Байзақ ормандары және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» мемлекеттік мекемесінде бақылау барысында бюджет қаражатын игеруде барлығы 13 785,5 мың теңгенің бюджет заңдылықтарының сақталмағаны анықталды, атап айтқанда: Мекемемен «Тараз Агромашторг» ЖШС-і 13.04.2011 жылы 14 дана Әмбебап өрт сөндіргіш жартылай тіркемелерін жеткізу туралы барлық сомасы 18802,0 мың теңгеге екі жақты келісім шарт жасалынған, яғни негізгі құралдарға жататын тауарлар сатып алу үшін

13 161,4 мың теңгеге ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» №220 қаулысының мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерді қабылдауына қойылатын талаптары сақталмай, тауарлар жеткізілмей қаржы толық көлемде алдын ала аударылған.

ҚР 21.07.2007 ж. № 303-ІІІ «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 8 бабы 6 тармақшасы сақталмаған, яғни лицензиялауға тиісті қызметтің түрлерін жүзеге асырушы лицензияның нотариалды түрде куәландырылған көшірмесін беру талабын қарастырмағандықтан 147,7 мың теңге тиімсіз жұмсалған.

Сонымен қатар, 476,4 мың теңгенің басқа да бұзушылықтары анықталды.

Қалпына келтіруге жататын ^ 476,4 мың теңгенің 226,8 мың теңгесі қалпына келтірілді.

- «Меркі ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» мемлекеттік мекемесіне бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есептілікті жүргізудің анықтығы мен дұрыстығына тақырыптық бақылау жүргізілді.

Бақылау барысында барлығы 3 085,6 мың теңгенің бюджет қаражатын игеруде бюджет заңдылықтарының сақталмағандығы анықталды, атап айтқанда:

2011 жылдың 1 қаңтарына жасалған жылдық баланста ^ 321,8 мың теңге дебиторлық және 248,4 мың теңге кредиторлық берешектер көрсетілмеген. Ал, 2011 жылдың 9 айында жасалған баланста 393,3 мың теңге дебиторлық және 80,2 мың теңге кредиторлық берешектер көрсетілмеген.

Сонымен қатар,мекеменің 26 қызметкеріне барлығы ^ 249,8 мың теңгеге кезекті еңбек демалыс ақылары артық есептелініп төленсе, 2 қызметкерге категориясының дұрыс қойылмауының салдарынан барлығы 32,0 мың теңге айлық еңбекақы артық және 27,1 мың теңге кем төленген.

Іс-сапар шығындары 230,4 мың теңгеге артық есептелінген;

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 5 бабының 1 тармағының 3 тармақшасы бұзыла отырып, өнім берушіні таңдамау және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасамау арқылы 2010 жылы 694,8 мың теңгеге мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген Заңның 5 бабының 8 тармағы сақталынбай, мекеменің мемлекеттік сатып алу бойынша бекітілген (нақтыланған) жылдық жоспарынан тыс 700,8 мың теңгеге тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуға жол берілген;

Барлығы 107,0 мың теңгенің негізгі құралдары есепке алынбаған.

Қалпына келтіруге жататын ^ 553,7 мың теңгенің 412,7 мың теңгесі қалпына келтірілді.

- «Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы» мемлекеттік мекемесі бойынша барлығы ^ 995,1 мың теңге қаржылық бұзушылықтар анықталды, атап айтқанда:

2011 жылдың 9 айында барлығы 8 453,7 мың теңгеге ағымдағы сыртқы және ішкі құрылыс жөндеу жұмыстары жүргізіліп аяқталған. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі №303 «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес, мердігер болып танылған және құрылыс жұмыстарын жүргізген «АБАИЛ» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі № 2 үлгідегі (форма №2) атқарылған жұмыс көлемі туралы актілерінде 12 пайыз қосылған құн салығын шығындар көлеміне көрсеткен. Жалпы көрсетілген қосылған құн салығының көлемі 924,1 мың теңгені құрайды. Тапсырыс беруші «Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы» мемлекеттік мекемесі атқарылған жұмыс көлемі туралы актілерге сәйкес, қосылған құн салығын қоса ақшалай қаражатты мердігердің банктік есеп шотына аударып отырған, алайда «АБАИЛ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кодексінің 569 бабының 1 тармағына сәйкес, қосылған құн салығын төлеуші болып тіркелмеген, яғни осы кодекстің 228 бабының 1 тармағына сәйкес, қосылған құн салығын төлеуші болып есептелмейді. Егерде жабдықтаушы Салық кодексінің 263 бабының 4 тармағына сәйкес, қосылған құн салығын төлеуші болып табылмаса, берілетін шот-фактура немесе басқа да құжаттар қосымша құн салығынсыз жазылады және есептелінеді. Сондықтан мердігердің 12% қосылған құн салығы мөлшеріндегі 924,1 мың теңге шығыны негізсіз болып табылады.

Барлығы 22,9 мың теңге іс сапар шығыны кем төленгені анықталған.

^ 42,0 мың теңгені құрайтын мемлекеттік мүлік 1-С бухгалтерлік бағдарламасы 3 жыл бойы іске қосылмай тиімсіз пайдаланған.

Қызметтен тыс қалааралық сөйлесуге ^ 6,1 мың теңге бюджет қаражаты есебінен төленгендігі анықталып, бақылау барысында толық өндірілді. Қалпына келтіруге жататын 972,2 мың теңгенің 418,1 мың теңгесі қалпына келтірілді.

- «Жаңатас көпсалалы колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынында бақылау барысында барлығы 5 074,2 мың теңгенің бюджет қаражатын игеруде бюджет заңдылықтарының сақталмағандығы анықталды, оның ішінде:

Кәсіпорында ғимараттың бос тұрған 4-ші қабатына орта есеппен жылу шыгындарын 1 шаршы метрге алғанда 2009 жылға тиесілі бюджеттік қаржы 755,0 мың теңге, 2010 жылы 722,7 мың теңге, 2011 жылдың 9 айында 537,2 мың теңге тиімсіз шығындар жұмсалған.

ҚР Үкіметінің 07.02.2008 жылғы «Білім мекемелеріндегі оқып жатқан білімгерлерге мемлекеттік шәкіртақы тағайындау және төлеу туралы» № 116 қаулысына сәйкес, емтиханның қорытындысы бойынша «жақсы» және «өте жақсы» деген баға алған білімгерлерге ғана шәкіртақы тағайындалады, ал ішінара бақылаумен 2010 жылы жазғы емтихан қорытындысы бойынша мүгедек, оралман, әлеуметтік жағдайының төмендігіне қарап, «қанағаттанарлық» баға алған 17 білімгерге (хаттама №8,9,10), 2011 жылы – 21 білімгерге (хаттама №17,18,19) барлығы 1 882,0 мың теңге шәкірт ақы негізсіз төленген.

Ақылы қызмет көрсету есеп шотында ақылы қызмет көрсету түрі қарастырылған. 2011 жылдың 17 қазанына кассаның қалдығын тексеру барысында 369,0 мың теңге банкідегі есеп шотына өткізілмегендігі анықталып, бақылау барысында қалпына келтірілді.

Кәсіпорынның 3 қызметкеріне еңбек өтілінің дұрыс есептелінбеуінен ^ 7,1 мың теңге артық төленсе, 2 қызметкерге 3,2 мың теңге кем төленген.

Сондай-ақ, колледждің 6 қызметкеріне барлығы 137,9 мың теңге еңбекақы артық есептелініп, төленген. Анықталған сома бақылау барысында қызметкерлердің келісімдерімен бет есептеріне апарылып, қалпына келтірілді.

Кәсіпорында байланыс қызметін ^ 25,7 мың теңгеге қызметтік емес мақсатта пайдаланған.

2009 жылы қыркүйек және қазан айларында 1,8 мың теңге іс сапар шығыны артық төленсе, 2010 жылдың мамыр айында екі қызметкерге барлығы 8,4 мың теңге іс сапар шығыны кем есептелген.

Кәсіпорында кітапхана қорының есебі дұрыс жүргізілмеу, мүлікті тұрақты сақтау үшін есепке алу нөмірлері толық қойылмау салдарынан 8,5 мың теңгенің оқулық кітаптары кем, 0,6 мың теңгенің дәрі –дәрмектері артық шықты.

Кәсіпорында күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен ^ 10000,0 мың теңге қарастырылған. Жамбыл облысы Әкімдігінің білім басқармасы мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен 2010 жылғы 11 маусымда «Жаңатас көпсалалы колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын ғимараты жабынын күрделі жөндеу жұмысына бір көзден мемлекеттік сатып алу тәсілімен конкурс өткізілген. Конкурс қорытындысы бойынша және оның №29-шы хаттамасындағы шешіміне сәйкес, кәсіпорын ғимараты жабынын күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге «Санал-Консалтинг» ЖШС жеңімпаз болып анықталған және оның жұмыстарына 9 994,0 мың теңге бөлінген.

Бақылау барысында, аталған нысан бойынша орындалған күрделі жөндеу жұмыстарының көлемі мен бағаларының сәйкестігіне өлшем тексеру жүргізілді.

Жүргізілген өлшем тексерудің нәтижесінде күрделі жөндеу жұмыстарының көлемін ^ 111,6 мың теңгеге артық ұлғайтылғаны анықталды. Сонымен қатар, жобалық-барлау жұмыстары үшін 77,8 мың теңге қаржыны «Жамбыл мемсараптама» ЕМК кәсіпорынына және «Санал Консалтинг» ЖШС-не тағы да 63,7 мың теңге барлығы 141,5 мың теңге артық аударылған.

Кәсіпорынында жүргізілген ағымдағы жөндеу жұмыстарын бақылау барысында мына мердігерлер бойынша кемшіліктер анықталды.

2011 жылғы 3 мамырындағы №4 келісім шарт бойынша мердігер «Күміс төбе» -ЖШС-гі 30-шы тамызға дейін кәріз жүйесін ағымдағы жөндеу жұмысын толығымен тапсыруға міндетті болатын. Алайда, бүгінгі күнге дейін жұмыс жүргізіліп жатыр. Тапсыру мерзімі өтіп кетуіне байланысты 2011 жылдың 1 қазанына 31 күнге 0,1 пайыздық айыппұл 40,0 мың теңге мердігер «Күміс төбе» -ЖШС-гіне есептелінбеген.

Ал, «Құрылыс Жаңатұрмыс» -ЖШС тарапынан барлық орындалған жұмыстардың бағасы 5100,0 мың теңге, оның ішінде атқарылуға тиіс 3500,0 мың теңгенің 1600,0 мың теңгесіне ғана жұмыс атқарылып 1900,0 мың теңгесіне жұмыс атқарылмай келісім шарт екі жақтың келісімімен бұзылған.

Алайда, «Жаңатас көпсалалы колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны тарапынан аталған келісім шарттың 7.1 тармағына сай, 2011 жылдың 1-ші шілдесінен 16-шы қыркүйек аралығына 92 күнге 0,1 пайыздық айыппұл 322,0 мың теңге есептелінбеген.

Қалпына келтіруге жататын 3059,3 мың теңгенің 2319,8 мың теңгесі қалпына келтірілді.

- ^ Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының «Жамбыл облыстық офтальмологиялық орталығы» МКК жүргізілген бақылау барысында барлығы 42 306,6 мың теңгенің бұзушылықтары анықталды, оның ішінде:

Жамбыл облысы әкімдігінің 2010 жылдың 29 сәуіріндегі №126 қаулысына сәйкес, Орталыққа (жарғылық капиталының 10 пайызы) ^ 13 738 мың теңге көлемінде резервтік қорын құрады делінген. Бірақ, қазіргі уақытқа дейін резервтік қор құрылмаған.

Материалдық ведомостінің мәліметіне сәйкес, «Басқа да материалдар» қор тобына бухгалтерлік есеп стандартының талабы бұзылып, негізгі құралдарға жататын жұмыс істеу мерзімі бір жылдан аса уақытты құрайтын жалпы сомасы 1 272,2 мың теңгенің заттары қосылған.

Денсаулық сақтау басқармасының 2009 жылдың 20 сәуірдегі №272-Ө бұйрығына сәйкес, «Жамбыл облыстық ауруханасы» КМҚК-нан Орталықтың балансына «Микроскоп LEICA» Сериясы М моделі 620» 9 850,0 мың теңгеге құрал-жабдық берілген. Алайда, ҚР Қаржы министрлігінің 2007 жылғы 21 маусымындағы «Бухгалтерлік есеп жүргізудің Ережесін » бекіту туралы №221 бұйрығының талаптары бұзылып, алынған құрал-жабдық амортизациясыз 9111,3 мың теңге қалдық бағамен қабылданған.

Сонымен қатар, 2011 жылы 010 бюджеттік бағдарлама бойынша сатып алынған барлығы ^ 11 326,5 мың теңгенің 7 дана негізгі құралдарына жарғылық капиталын ұлғайтпаған.

Денсаулық сақтау басқармасы 3 160,0 мың теңгенің ГАЗ 2705-14 санитарлық автомобилін сатып алу үшін бір көзден сатып алу конкурсы өткізген. Аталған конкурстың бір көзден сатып алу тәсілі аса дөрекі бұзушылықпен өткізілгендігі анықталды. Атап айтқанда:

Бір көзден сатып алу барысында шақыру хатының талабында «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 33 бабы, 1 тармағы, 2 тармақшасына сәйкес, техникалық спецификациясы көрсетілмеген. Ұйымдастырушы лицензиялауға жатпайтын тауарға лицензия талап еткен. Әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметі жоқ. Қорытынды туралы хаттамасы алдын ала жасалынған (2009 жылғы 2 сәуірдегі № 2 хаттама), бір көзден сатып алу үшін шақырту № 64 хаты 2009 жылдың 3 сәуірінде жіберілген.

Емхана бойынша басқадай тауарлардың есептен шығуын ішінара бақылау әдісімен жүргізіліп, мына жағдай анықталды:

28 ақпан 2007 жылғы №234 Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп туралы» Заңнының талаптарына қайшы ^ 144,1 мың тенгенің тауарлары негізсіз есептен шыққан;

112,3 мың теңгенің ақылы қызметтен түскен қаржыға алынған тауарлар есепке алынбаған.

Негізгі қорлардың (амортизация) тозуы есептелуінің дұрыстығын тексерген кезде Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 20 бабына, кәсіпорынның бухгалтерлік есеп саясатына қарама қайшы 2009 жылға 436,5 мың теңгеге, 2010 жылға 1027,5 мың. теңге артық есептелінгендіктен 2009 жылы 436,5 мың теңгеге, 2010 жылы 1 027,5 мың теңге таза пайда кем есептелгені анықталды соның салдарынан таза пайдадан түсім 2010 жылы – 51,5 мың. теңгеге кем есептелген.

Жеке кәсіпкер «Попов В.П.» 2009 жылдың маусым айында жүргізген құрылыс - монтаж жұмыстарын барлығы - 210,4 мың теңгеге орындамағандығы анықталды.

Сонымен қатар, жүргізілген өлшем тексерудің нәтижесінде күрделі жөндеу жұмыстарының көлемі мен бағасының ^ 649,5 мың теңгеге артық ұлғайтылғаны анықталды. Оның ішінде 535,8 мың теңге қосылған құн салығын құрайды.

Жұмысшылар мен қызметкерлерге енбекақы төлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінін 2007 жылдың 29 желтоқсанындағы бекітілген №1400 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталынатын ұйымдардың қызметкерлеріне енбек ақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының талаптары сақталмай, мекеменін 4 қызметкеріне категорияларының дұрыс қойылмау салдарынан 2009 жылдын қыркүйек айынан 2011 жылдың қазан айына дейін барлығы 336,1 мың теңгеге артық есептелініп төленгендігі анықталды.

Қалпына келтіруге жататын ^ 2268,0 мың теңгенің 1894,9 мың теңгесі қалпына келтірілді.

1   2   3   4   5   6   7   8   9



Похожие:

Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon2013-2017 жылдарға Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 27. 08. 2009 жылғы 1251 «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеудің Ережесін бекіту туралы»...
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon2013-2017 жылдарға Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 27. 08. 2009 жылғы 1251 «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеудің Ережесін бекіту туралы»...
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде iconЖамбыл ауданының 2013-2017 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы, беталысы, басымдықтары, мақсатты индикаторлары мен көрсеткіштері
Аудан экономикасында 2011 жылдың бірінші жартысында экономикалық жандану басталды
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon«2012 жылдың бірінші тоқсанына Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы»
Скемен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы оңды динамикамен сипатталады
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon2012 жылдың бірінші жартыжылдығына Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы
Азық-түлік өнеркәсібінде өндірістің көлемі 10,8 млрд теңге деңгейінде қалыптасты, тик – 150,1 %
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon2014 жылғы қаңтар айына арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму
Тұтыну бағаларының индексі (2013 жылғы желтоқсанмен салыстырғандағы 2014 жылғы қаңтары)
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon2014 жылғы қаңтар-наурыз айларына арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму
Тұтыну бағаларының индексі (2013 жылғы желтоқсанмен салыстырғандағы 2014 жылғы наурызы)
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon2014 жылғы қаңтар-мамыр айларына арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму
Тұтыну бағаларының индексі (2013 жылғы желтоқсанмен салыстырғандағы 2014 жылғы мамыры)
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon2014 жылғы қаңтар-сәуір айларына арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму
Тұтыну бағаларының индексі (2013 жылғы желтоқсанмен салыстырғандағы 2014 жылғы сәуірі)
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде iconЖоғары кәсіби даярлау күндізгі бөлімде, қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі
Біздің психолог студенттер және әлеуметтік жұмыскерлер бизнес, саясат, мемлекеттік басқару, бұқаралық ақпарат құралдары, жарнама,...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kze.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы