Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon

Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде



НазваниеБірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде
страница6/9
Дата конвертации31.05.2013
Размер1.34 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5   6   7   8   9

^ 2012 жылы жоспарлы бақылаумен қамтылған барлығы 39 бақылау объектілері бойынша 3 857 852,7 мың теңгенің бұзушылықтары анықталды, бұл бақылаумен қамтылған 16 050 562,8 мың теңге қаражаттың 24,0 пайызын құрайды. Оның ішінде қалпына келтірілуге тиісті 2 652 910,5 мың теңгенің 2012 жылдың 1 мамырына 53,2 пайызы немесе 1 410 867,2 мың теңгесі қалпына келтірілді.

^ Оның ішінде:

- Түсімдер бойынша 2-тақырыптық бақылау жүргізіліп, Салық кодексі талаптарының бұзылуының салдарынан барлығы 14 933,2 мың теңгенің бұзушылықтары анықталып, оның қалпына келтіруге тиісті 14 522,4 мың теңгенің 2012 жылдың 20 мамырына 70,3 пайызы немесе 10 213,3 мың теңгесі қалпына келтірілді.

Атап айтқанда:

1. «Шу ауданы бойынша СЭҚБ» ММ-де барлығы ^ 417,1 мың теңгенің бұзушылықтары анықталып, қалпына келтіруге жататын 6,3 мың теңге толығымен қалпына келтірілді.

2. Сарысу аудандық салық басқармасы бойынша барлығы 14516,1 мың теңгенің бұзушылықтары анықталып, қалпына келтіруге жататын ^ 14516,1 мың теңгенің 10 207,0 мың теңгесі қалпына келтірілді.

- Шығыстар бойынша 37 бақылау іс-шаралары жүргізілді.

Жүргізілген мемлекеттік сыртқы бақылау іс - шараларының нәтижелері бойынша анықталған қаржы бұзушылықтардың жалпы сомасы ^ 3 842 919 ,5 мың теңгені құрап отыр.

Бұл бақылаумен қамтылған 16 050 562,8 мың теңге қаражат көлемінің 23,9 пайызын құрайды. Анықталған қаржы бұзушылықтар сомасының қалпына келтіруге тиісті 2 638 388,1 мың теңгенің 2012 жылдың 1 мамырына 53,1 пайызы немесе 1 400 653,9 мың теңгесі қалпына келтірілді.

Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің пайдаланылуын бағалау бағдарламасы бойынша 8 аудандық ветеринария бөлімдері бойынша барлығы 1 027 310,6 мың теңге бақылаумен қамтылып, бақылау нәтижесінде барлығы 277 301,8 мың теңгенің бұзушылықтары анықталды. Бұл қаржыландыру көлемінің 27,0 пайызын құрайды. Оның ішінде өндіруге жататын 39 866,6 мың теңгенің 96,1 пайызы немесе 38 325,1 мың теңгесі бюджетке қайтарылды.(№1 кесте)

№1 кесте (мың теңге)


р/с

Мекеменің атауы

Бақылаумен қамтылған сома

Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы

Қалпына келтірілетін сома

Қалпына келтірілген сома

1

«Меркі ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» КММ

81595,0

63049,0

0,0

0,0

2

«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» КММ

164594,2

99118,6

26288,9

26288,9

3

«Шу ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» КММ

139700,6

19,3

19,3

19,3

4

«Жамбыл ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» КММ

124395,8

39,4

0,9

0,9

5

«Сарысу ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» КММ

70397,0

11988,9

11988,9

11988,9

6

«Жуалы ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» КММ

142649,0

1568,6

1568,6

28,0

7

«Қордай ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» КММ

186953,0

101518,0

0,0

0,0

8

«Мойынқұмауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» КММ

117026,0

0,0

0,0

0,0




Жиынтығы:

1027310,6

277301,8

39866,6

38325,1




  • Сарысу, Т.Рысқұлов аудандарында жалпы сомасы 38 277,7 мың теңге бюджет қаражатын атаулылық және нысаналы сипаты принциптерін (ҚР Бюджет кодексінің 4 бабының 14 тарамағы) бұза отырып, пайдаланған;

  • Т.Рысқұлов, Меркі аудандарында ҚР «Ветеринария туралы» және «Лицензиялау туралы» заңдарының талаптарын бұза отырып, жалпы сомасы 135 878,8 мың теңге келісім шарт жасаған;

  • Сарысу, Т,Рысқұлов, Меркі және Қордай аудандарында ҚР Бюджет кодексінің 62 бабының, яғни «Мемелекеттік органның стратегиялық жоспары» талаптарын орындамаған;

  • Жамбыл ауданында ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 31 бабын бұза отырып, ветеринария бөлімі 38 473,0 мың теңгеге серологиялық зерттеуге қан үлгілерін алу және жеткізу қызметтерін мемлекеттік сатып алудың рәсімдерін сақтамай жүзеге асырған. Сондай ақ, аталған аудан әкімдігінің ветеринария бөлімінде ішінара іріктеу әдісімен жүргізілген бақылау барысында 19 бас ірі қара малға 0,9 мың теңгеге туберкулезге қарсы вакцинаны қайталап салмағандығы анықталды;

  • Қордай ауданы әкәмдігінің ветеринария бөлімі ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 8 бабының 6 тармағын бұза отырып, құқықтық қабілетін растайтын құжатсыз, яғни мемлекеттік лицензияның нотариалды көшірмесін талап етпей 101 518,0 мың теңгеге келісім шарт жасаған;

  • Жуалы ауданында ҚР Бюджет кодексінің 44 бабын бұзғандығы анықталды, яғни 2010 жылы пайдаланылмаған мақсатты трансферттер сомасының 1 540,6 мың теңгесі 2011 жылы пайдалануға рұқсат берілген. Алайда, аталған сома пайдаланылмаған және бюджет есебіне қайтарылмаған.

- «Жамбыл облыстық қан орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында жүргізілген бақылау нәтижесінде барлығы

^ 1 496 303,8 мың теңгенің бұзушылықтары анықталды. Оның ішінде 2011 жылдан бері кіріске алынбаған 1 303 119,5 мың теңгенің медициналық жабдықтары және есептелінбеген 23 654,5 мың теңге амортизациялық тозу шығындары құрайды. Сонымен қатар, бекітілген жобалық сметалық құжаттарынан тыс 167 522,4 мың теңгенің басқа құрал жабдықтары алынғандығы анықталды. Бұл кемшілік «Қазақстан Республикасындағы архитектуралық, қалалық құрылыс және құрылыстық қызметі туралы» 2001 жылдың 16 шілдесіндегі №242-II заңының 62-3 және 63-5 баптарына қайшы, денсаулық сақтау саласындағы құзырлы органмен және бас жобалаушы «TORTAY endineepi Co» ЖШС- ің келісімімен жобалау сметалық құжаттарында қайта қарастырылмағандығынан орын алған. Осы қалпына келтіруге жататын 1 496 303,8 мың теңгенің 88,7 пайызы немесе 1 326 774,0 мың теңгесі қалпына келтірілді. Қалған 169529,5 мың теңгені қалпына келтіру үшін ұсыным жолданды.

- Жаңатас қаласындағы «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ, жүргізілген бақылау нәтижесінде барлығы 758,2 мың теңгенің бұзушылықтары анықталып, бақылау барысында толық қалпына келтірілді.

- ^ Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасында жүргізілген бақылау барысында Жамбыл облысын газдандырудың 2007–2010 жылдарға арналған кешенді бағдарламасы толық көлемде іске асырылмағандығы анықталды.

Атап айтқанда, осы бағдарлама бойынша жалпы республикалық бюджеттен кұрылыс жұмыстарына – ^ 4 711,0 млн. теңге және облыстық бюджеттен жобалық сметалық құжаттамалар дайындауға – 305,0 млн. теңге жоспарланған болатын. Алайда, 2008 – 2009 жылдары бағдарламадағы жұмыстарды жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен тек қана 443,6 млн. теңге алынып ол Жуалы ауданы бойынша 113,971 км. газ құбырын жүргізуге және 8 ауылды газдандыруға ғана жеткен. Ал 2009-2010 жылдары бағдарлама бойынша жүргізілетін газдандыру жұмыстары республикалық бюджеттен алынатын қаржының бөлінбегендігінен 2011 жылға ауыстырылған.

2011 жылы облыс бойынша 3 ауданның 24 ауылына жобаның 1-кезеңі бойынша орта қысымды газжеткізу құбырлары жүргізіліп республикалық бюджеттен осы жұмыстарға 1 582,3 млн. теңге игерілген. Алайда осы ауылдарға ішкі газтарату жүйесін жүргізу бойынша сараптамадан өткен

жобалық-сметалық құжаттамалары Қазақстан Республикасының құрылыс саласы және түрғын-үй коммуналды шаруашылық Агенттігіне өткізілгенімен қаржыландыру мәселесі әлі шешімін таппаған.

Сонымен қатар, тексеріп қараумен Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 4 бабының 9 тарауы бұзылып, Байзақ ауданы бойынша орта қысымды газжеткізу жұмыстарын жүргізу кезінде мердігер «Акбарс – Н» ЖШС-і тарапынан – 2 563,5 мың теңгенің, Жамбыл ауданы бойынша мердігерлер «Рыспан», «Газ – сервис», «Керимбаев» ЖК және «Аулие – Ата Газмонтаж» ЖШС-і тарапынан – 1 248,9 мың теңгенің, Талас ауданы бойынша мердігерлер «Таразстрой – 2004», «Минкар-сауда құрылыс» және «Султан-Б» ЖШС-і тарапынан 7 831,5 мың теңгенің жұмыстарының сапасыз атқарылғандығы анықталды. Барлығы 11 743,9 мың теңгені құрайды.

Бұл сапасыз атқарылған жұмыстар бақылау нәтижесі бойынша қалпына келтірілді. Одан бөлек бақылау барысында 18 851,0 мың теңгеге «Қазмұнайқұрылыс» ЖШС-і бойынша сметалық құжаттамада көрсетілген жұмыстың түрі мен орындалған жұмыстың № 2 үлгісімен айырмашылық анықталды.

Барлығы 30 594,9 мың теңгенің бұзушылықтары анықталып, бақылау барысында толық қалпына келтірілді.

^ Денсаулық сақтау басқармасында 17 353,4 мың теңгенің бұзушылықтары анықталып, қаулының орындалу мерзімінің келмеуіне байланысты бүгінгі күнге қалпына келтірілгені жоқ.

Бағдарламалар бойынша төмендегідей:

022  «Бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі, миастениямен ауыратын науқастарды, сондай-ақ бүйрегі транспланттаудан кейінгі науқастарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету», бағдарламасы бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсын «Әмір және Д» ЖШС-сі ұтып алған, 2011 жылдың 17 ақпанында 13126,8 мың теңгеге №5 келісім шарты жасалған. Қарсы бақылау барысында аталған бағдарлама бойынша 2251,5 мың теңгеге 2011 жылы жұмыстардың атқарылмағандығы яғни, №5 келісім шартта көзделген қызметтер толық көлемде орындалмағандығы анықталды.

- 033 «Денсаулық сақтаудың медициналық ұйымдарының күрделі шығыстары» бағдарламасы бойынша, 4 аудандық орталық ауруханаларға және Тараз қаласындағы облыстық және қалалық перинаталдық орталықтарына шала туылған және жаңадан туылған сәбилерге арналған инкубаторларын «TERMOCARE Vita WEYER GmbH» сатып алуға сомасы 46 750,0 мың теңгеге мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп мердігерлер жеңімпаз болып анықталған (ЖШС «Тарлан-Инт», ЖШС «Оптоник» және ЖШС«AUM+») және оларға келісім -шарттарға сәйкес 30 пайыз мөлшерінде 14 024,8 мың теңге алдын ала төлем жасалған. Алайда аталған мердігерлер жасалған (№1,5, 76, 154,156 келісім шарттар) келісім – шарттардың талаптарын сақтамай келісім шарттарды бұзуға хаттар жолдау арқылы тапсырыс берушілерге алдын ала аударылған 14024,8 мың теңгені есеп шоттарына қайтарып берген.

Қарсы бақылау барысында тапсырыс берушілер тарапынан қайтарылған қаражат бүгінгі күнге дейін республикалық бюджетке қайтарылмағандығы анықталды. Қазақстан Республикасы Бюджеттік Кодексінің 44 бабының 7 тармағының талаптары сақталмай 2011 жылы игерілмеген 14 024,8 мың теңге республикалық бюджетке қайтарылуға жатады.

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірлігі және Жамбыл облысы Әкімі арасындағы 2011 жылғы 19 қаңтардағы облыстардың бюджеттеріне Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық ұйымдарды материалдық техникалық жабдықтау үшін ағымдағы нысаналы трансферттердің нәтижелері туралы Келісімі және №1 қосымша келісім бойынша 2011 жылға 1 069 556,0 мың теңге қаражат қарастырылған болатын. Аталған келісім бойынша қаражаттар 033  «Денсаулық сақтаудың медициналық ұйымдарының күрделі шығыстары» бағдарламасы бойынша жұмсалған. Жылдың соңына аталған бағдарлама бойынша 40 277,4 мың теңге игерілмей қалған, яғни Келісімнің Тікелей нәтижелеріне, 2.4 тармағының 2.4.2 және 2.4.3 тармақшалары орындалмағандықтан, қол жеткізілмеген. Яғни, аталған Келісім бойынша игерілмеген қаражаттардың 36 280,9 мың теңгесі тиімсіз пайдаланылған.


Мемлекеттік сатып алуды жүргізу бойынша:

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізу бойынша ұсынылған құжаттарды ішінара тексеру жүргізу барысында денсаулық сақтау басқармасы тарапынан келесі кемшіліктерге жол берген.

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінің 10-тармағын бұзумен мемлекеттік сатып алу жылдық жоспары ВЕБ порталға 2011 жылғы 4 ақпанда орналастырылып, мерзімі 19 жұмыс күніне бұзылған.

Сонымен қатар тапсырыс беруші мен мердігер арасында келісім жасасу, атқарылған жұмыстарды қабылдау, мемлекеттік сараптаманы қоса барлығы бір күнмен жасау іс-әрекеттеріне жол берілген және мердігерге жобалау үшін төлем мөлшерден аса төлем жасаулар орын алған. Атап айтқанда мердігер «General Partners» ЖШС-іне Т.Рысқұлов ауданының орталық аудандық ауруханасы 686,0 мың теңге немесе 90,0 мың теңге артық төленді. Меркі ауданының орталық аудандық ауруханасы 686,0 мың теңгеге немесе 90,0 мың теңге артық төленді. Сарысу ауданының ауылдық ауруханасы 457,0 мың теңгеге немесе 60,0 мың теңге артық төленді.

Сондай-ақ «Попов В.П.» ЖК-мен Жамбыл ауданы «Пионер ДА» ЖСҚ жобалау бойынша атқарылған жұмыстар үшін 460 мың теңгеге, ұтып алған сомадан 60,0 мың теңге артық 15 желтоқсанда келісім жасалынып, атқарылған жұмыстар актісін сараптамамен 20 желтоқсанда қабылданды, ал ЖСҚ-ның мемлекеттік сараптама қорытындысы 2011 жылғы 24 желтоқсанда ғана берілді.

Осындай іс-әрекеттердің салдарынан мемлекеттік сатып алулар жүргізу кезеңінде денсаулық сақтау басқармасы ұйымдарының мердігерлерге бюджеттік қаражаттың 1042,7 мың теңге көлемінде артық төленгендігі анықталды.

^ Жамбыл облыстық ауруханасында жүргізілген бақылау нәтижесі бойынша 168 493,8 мың теңгенің бұзушылықтары анықталып, қалпына келтіруге тиіс 164 679,7 мың теңгенің бақылау барысында 17,9 мың теңгесі қалпына келтірілді. Ал, қалған 164 661,8 мың теңге қаулының орындалу мерзімінің келмеуіне байланысты бүгінгі күнге қалпына келтірілген жоқ.

«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы №1 қалалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынында 46,6 мың теңгенің бұзушылықтары анықталып, бақылау барысында толық қалпына келтірілді.


^ 2012 жылдың I – тоқсанына арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясы білім саласына бюджеттік инвестициялық бағдарламалар бойынша бөлінген қаражаттың жұмсалуының тиімділігіне бақылау жүргізді.

Бақылаумен ^ 7 аудандық, 1 қалалық барлығы 23 бақылау объектілерінің құрылысына және қайта жаңғыртуға сонымен қатар, Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына жобалық-сметалық құжаттарын жасауға бөлінген қаражат қамтылды.

Бақылаумен қамтылған қаражат көлемі ^ 7 556 221,4 мың теңгені құрады. Анықтама үшін: 2009-2011 жылдары 30 инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында білім саласына барлығы 9 657 978,0 мың теңге бюджеттік қаражат бөлінген. Яғни, Тексеру комиссиясының 2009-2011 жылдары осы мақсатқа бөлінген барлық қаражат көлемінің 78,2 пайызын бақылаумен қамтығандығын көрсетеді. Анықталған бұзушылықтардың жалпы көлемі 1 852 067,0 мың теңгені құраған.


^ Жамбыл ауданы бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асыру

барысында жалпы сомасы 294 897,9 мың теңгенің бұзушылықтары анықталды.

Аса селосындағы 600 орындық Ю.Гагарин атындағы орта мектептің құрылысы 2008 жылы басталуы тиіс болатын, ал, құрылыс 2011 жылы басталған.

2008 жылы жобалық-сметалық құжаттарын дайындауға және мемлекеттік сараптамадан өткізуге облыстық бюджеттен 19 886,1 мың теңге жұмсалған.

Жобалаушы мекеме «Астанатехстройэксперт» ЖШС. Алдыңғы дайындалған ЖСҚ –на мемлекеттік сараптама қорытындысы 2009 жылдың 20 қаңтарында берілген. Осы берілген сараптама қорытындысы бойынша 2009 жылғы құрылыс жобасының сметалық құнының 2008-2009 жылғы ағымдағы бағасы 808 383,0 мың теңгені құраған, белгіленген құрылыс мерзімі 8 ай. 1 оқушылық орынның құны 1 347 мың теңгені құраған.

2011 жылы құрылыс істері жөніндегі Агенттіктің 2010 жылғы 29 қазандағы «ҚР «Жалпы білім беру мекемелері» өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы СНиП – тің негізінде білім саласының инвестициялық жобаларына оңтайландыру жасалынған. Осыған орай, аталған жобаның ЖСҚ нақтылау қажет болған.

Бақылау көрсеткендей ЖСҚ нақтылауға облыстық бюджеттен 2011 жылы ^ 13 669,4 мың теңге қосымша қаражат бөлінген. Яғни, ЖСҚ дайындауға облыстық бюджеттің жалпы шығыны 33 555,5 мың теңгені құраған. Жалпы оңтайландыру құрылыс жобасының құнын азайту болып табылады. Алайда, бақылау барысында нақтыланған ЖСҚ берілген мемлекеттік сараптаманың қорытындысына жасалған талдау аталған жоба құрылысының нақты шығыны оңтайландырылмағандығын көрсетеді.

Жобаны нақтылау қорытындысы бойынша ғимараттың жалпы көлемі алғашқы бекітілген 8 645,5 м2 ден 4 841,0 м2-ге азайып, 3 804,5 м2 құраған. Ал, Мектеп ғимаратының құрылыс көлемі алғашқы 27 658,7 м2 ден 5 079,4 м2 азайып, 22 579,3 м2 құраған. Яғни, құрылыс жұмыстарының орындалған көлемі 2,5 есе азаюдың орнына (мектеп құрылыс ауданының азаюы есебінен) оңтайландыру нәтижесінде азаймаған, керісінше алғашқы құнынан 14 пайызға артып 921 277, мың теңгені құраған.

Жобаның қымбаттау құны 112 887, мың теңгені құраған.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, облыстық құрылыс басқармасымен жүргізілген оңтайландырудың экономикалық мәні болмағандығын, керісінше бюджет шығындарының 112 887, мың теңгесі тиімсіз жұмсалған шығындарға жатқызуға болады.

ЖСҚ дайындауға байланысты аталған инвестициялық жобаны іске асыру үшін 2011-2012 жылдары республикалық және жергілікті бюджет шығындарының жалпы сомасы 876 996,9 мың теңгеге қаржыландыру бекітілген, оның ішінде 2011 жылға арналған қаржыландыру шегі 110 321,1 мың теңге және 2012 жылға – 766 675,8 мың теңге.

Айта кететін жай құрылысты қаржыландыру шегі 2011 жылдың қарашасында яғни, жыл соңында бекітілген.

«Бином» ЖШС нің құрылыс-монтаж жұмыстарын жеңіп алған мемлекеттік сатып алу туралы хаттамасы 2011 жылдың 8 желтоқсанында жасалған. Орындалған жұмыс туралы актіні бақылау барысында «Бином» ЖШС облыстық құрылыс басқармасымен жасалынған мемлекеттік сатып алу туралы келісім шарттан 14 күннен кейін - 2011 жылдың 22 желтоқсанында қаржыландырудың барлық сомасына110 321,1 мың теңгеге құрылыс бөліміне төлеу үшін алып келген. Яғни мердігермен 14 күннің ішінде ірге тасын қалау т.б. құрылыс жұмыстары атқарылған. Бұл мезгіл құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге қолайсыз уақыт болатын.

Бақылау барысында төленген және нақты орындалған жұмысты салыстыру мақсатында аталған объектіге барып, тексеріп қарау өлшемі жасалды. Тексеріп қарау өлшемінің қорытындысы бойынша нақты орындалған жұмыс көлемінің төленген жұмыс құнынан артық екендігін яғни, жұмыстың құрылыс-монтаж жұмыстарының кестесінен алда жүргенін көрсетеді.

Жоғарыдағыларды ескере отырып, мердігер «Бином» ЖШС құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасына бақылауды күшейтуі қажет деп есптеймін.

Қосымша айтып өтетін жағдай Тараз қаласындағы Астана мөлтек ауданындағы 280 орындық бала бақшаның құрылысын да жоғарыда аталған «Бином» ЖШС бас мердігер болып табылған. Тексеру комиссиясының бақылау нәтижесінде құрылыс жұмыстарының сапасы төмен екендігі анықталды.

Балабақшаның ғимараты 2011 жылдың 30 наурызында берілгеніне қарамай, яғни іске қосылуына 1 жыл өтпей жатып қанағаттандырғысыз екені анықталды.

Мысалы, ғимараттың барлық ішкі бөлімдерінде көлемі 3-см жарылған, еден ламинаты дұрыс төселмеген (арасы 2-см), гимнастикалық және спорт залдарында левкас және штукатуркасы түсіп қалған, тамақ дайындау блогында ауаны тарту системасы жұмыс істемейді, ғимараттың ауласы көгалдандырылмаған сонымен қатар, аумақтың артқы жағы мүлдем көгалдандырылмаған және де басқа кешіліктер орын алған.

Тараз қаласы Астана мөлтек ауданындағы бала бақшаның құрылысы үшін мердігер «Бином» ЖШС-не бюджет қаражатынан 382 400,0 мың тенге төленгенін айтып өту керек.

Көлтоған ауылындағы 180 орындық мектеп құрылысы 1970-1974 жылдары апатты жағдайдағы мектептің орнына салынған. Жұмыс жобасын жасауға тапсырма 2009 жылы берілген.

Мемлекеттік сатып алу заңнамасының талаптарын бұза отырып, ЖСҚ дайындауға жеткізушіні анықтау мақсатында конкурс өткізілмей тұрып, келісім шарт жасасқан. Құрылыс бөлімі жобалаушы мекеме «ТаразТехнопроект» ЖШС –мен 19 500,0 мың теңгеге еркін түрде келісім шарт жасасқан.

«ТаразТехнопроект» ЖШС-нің талап арызына сәйкес, соттың қабылдаған шешімінің қорытындысы негізінде құрылыс бөлімінен ЖСҚ дайындауға төленген 19 500,0 мың теңге кредиторлық қарызы өндірілген. Бұдан басқа, 3 000,0 мың теңге айыппұл мен өсімақы сонымен қатар, соттың шығындарын төлеу үшін 490,0 мың теңге баж өндірілген. Барлық шығын
1   2   3   4   5   6   7   8   9



Похожие:

Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon2013-2017 жылдарға Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 27. 08. 2009 жылғы 1251 «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеудің Ережесін бекіту туралы»...
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon2013-2017 жылдарға Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 27. 08. 2009 жылғы 1251 «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеудің Ережесін бекіту туралы»...
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде iconЖамбыл ауданының 2013-2017 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы, беталысы, басымдықтары, мақсатты индикаторлары мен көрсеткіштері
Аудан экономикасында 2011 жылдың бірінші жартысында экономикалық жандану басталды
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon«2012 жылдың бірінші тоқсанына Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы»
Скемен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы оңды динамикамен сипатталады
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon2012 жылдың бірінші жартыжылдығына Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы
Азық-түлік өнеркәсібінде өндірістің көлемі 10,8 млрд теңге деңгейінде қалыптасты, тик – 150,1 %
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon2014 жылғы қаңтар айына арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму
Тұтыну бағаларының индексі (2013 жылғы желтоқсанмен салыстырғандағы 2014 жылғы қаңтары)
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon2014 жылғы қаңтар-наурыз айларына арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму
Тұтыну бағаларының индексі (2013 жылғы желтоқсанмен салыстырғандағы 2014 жылғы наурызы)
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon2014 жылғы қаңтар-мамыр айларына арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму
Тұтыну бағаларының индексі (2013 жылғы желтоқсанмен салыстырғандағы 2014 жылғы мамыры)
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon2014 жылғы қаңтар-сәуір айларына арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму
Тұтыну бағаларының индексі (2013 жылғы желтоқсанмен салыстырғандағы 2014 жылғы сәуірі)
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде iconЖоғары кәсіби даярлау күндізгі бөлімде, қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі
Біздің психолог студенттер және әлеуметтік жұмыскерлер бизнес, саясат, мемлекеттік басқару, бұқаралық ақпарат құралдары, жарнама,...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kze.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы