Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon

Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде



НазваниеБірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде
страница7/9
Дата конвертации31.05.2013
Размер1.34 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5   6   7   8   9

^ 22 990,0 мың теңгені құрайды.

Бақылау көрсеткендей, кредиторлық қарызды өтеу үшін және соттың шешімімен айыппұлдар төлеуге облыстық бюджеттен жұмсалған қаражат тиімсіз шығындар болып есептеледі.

Бақылау барысында 2010 жылы алғашқы бекітілген ЖСҚ және 2011 жылы нақтыланған ЖСҚ жүргізілген мемлекеттік сараптама қорытындысына

талдау жасалынды. Талдау барысында Көлтоған ауылындағы 180 орындық мектеп құрылысының жұмыс жобасына мемлекеттік сараптаманың бірінші берген қорытындысына сәйкес, құрылыс жобасының сметалық құны

481 973 ,0 мың теңге. Құрылыс көлемі оңтайландыруға дейін 18 217,8 шаршы метрді құраса, оңтайландырудан кейін құрылыс көлемі 7 236,7 шаршы метрге азайтылып, 10 981,1 шаршы метрді құраған. Ал, құрылыс жобасының жалпы сметалық құны 450 333,0 млн теңге болды.

Сондай-ақ, құрылыс ЖСҚ-ын түзету нәтижесінде оңтайландыруға дейінгі жұмыс жобасы бойынша қарастырылған көлемнен 40 пайызға азайтылған. Осыған байланысты жобаның бағасы алдыңғы бағадан 31 000,0 мың теңгеге немесе 7 пайызға төмендеген.

Яғни ЖСҚ-ға жасалған түзетудің шығынын кемітіп есептегенде, оңтайландыру жүргізілгеннен кейінгі экономикалық тиімділік барлығы 18 300,0 мың теңге. Немесе ол сомадан алдыңғы жасалған ЖСҚ-ның шығынын алап тастаса теріс нәтиже шығады (-4,700 мың теңге).

Талдау көрсеткендей, объектінің құрылыс - монтаж жұмыстарын «Догду билд» ЖШС жүзеге асыруда, аталған мердігермен 432 230,9 мың теңгеге келісім шарт жасалып, оның 2011 жылы 238 499,5 мың теңгеге, 2012 жылға 193 731,4 млн теңгеге төлем жасау көзделген. Бақылау жүргізілген уақытта құрылыс бөлімі 2011 жылға қарастырылған 238 499,5 мың теңгені 100 пайыз көлемінде төлеген.

Бақылау барысында мердігер мекеме «Догду билд» №2 және №3 актіде көрсетілген жұмыс көлемін орындамағаны анықталды. Жұмысты орындау актісімен нақты орындалған жұмыс көлемінің айырмасы 159 020,9 мың теңгені құрады.

Бақылау көрсеткендей 2012 жылдан бастап Тараз қаласының әкімшілік шекарасының өзгеруіне байланысты, инвестициялық жобаның құрылысын аяқтаушы және тапсырыс беруші Тараз қалалық құрылыс бөлімі болып табылады. Тиісінше құрылысты жалғастыру үшін келісім шартта қаралған 2012 жылғы 193 731,4 мың теңге қаржыландыру шегі Жамбыл ауданына емес, ал Тараз қаласының бюджетіне қаралған.

Атқарылған жұмыс көлемінің сәйкессіздігі анықталғаннан кейін және мердігердің құрылыс-монтаж кестесінен қалуынан, бюджеттік қаражаттың тиімсіз жұмсалуына жол бермеу мақсатында Тексеру комиссиясы Тараз қалалық әкімдігінің атына бұрын орындалған жұмыс актісі (2011 жылы) бойынша төленген жұмыс көлемін мердігер толық орындамайынша «Догду билд» ЖШС мен келісім шарт бойынша қаржыландыруды тоқтатуды талап етті.

Меркі ауданы бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысында 802 555,0 мың теңге қаражат бақылаумен қамтылып, анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 341 164,2 мың теңгенінемесе бақылаумен қамтылған қаражат көлемінің 49,0 % құрады.

Екпінді ауылындағы 150 орындық мектеп құрылысының жалпы келісім шарт құны 172 899,0 мың теңгені құраса, анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 1092,6 мың теңгені құрайды. Құрылыс нысаны 2008 жылдың қыркүйегенде басталып, 2009 жылдың тамызында аяқталған.

Бақылау барысында Меркі ауданының құрылыс бөлімі мен «Бақ Жай» ЖШС-арасында жасалынған келісім шартын орындау барысында қосымша құн салығы ставкасының өзгеруіне байланысты келісім шарт сомасы өзгертілмей, нәтижесінде 824,7 мың теңге артық төленген.

Объектіні қарау барысында 267,9 мың теңгеге бюджет қаражаты тиімсіз пайталанылғаны анықталды. Оның ішінде, қаражаты төленген 12,9 мың теңге тұратын жабдықтың жоқтығы, сондай-ақ 255,0 мың теңгенің құрал жабдықтары іске қосылмай, жұмысқа пайдаланылмай тұрғандығы анықталды.

Меркі ауылы Сарымолдаев көшесіндегі 280 орындық бала бақша құрылысының жалпы құны 450 026,4 мың теңге. Құрылыс 2011 жылдың мамырында басталып, 2011 жылдың 30 қарашасында пайдалануға берілу керек болса, бақылау барысында құрылыс аяқталмаған. Мердігер «SEEMA TARAZ» ЖШС келісім шарттың талабын сақтамай, сатып алу туралы келісім шарт сомасының 3 пайызы 13 510,8 мың теңгені келісім шартта белгіленген уақыттан 7 күн кешіктіріп төлеген.

Тапсырыс берушімен келісім шарттың талабы бойынша жұмысты уақтылы орындамағаны үшін мердігерден ^ 1 349,6 мың теңге айыппұл өндірілмеген. Бақылау барысында мердігердің жұмыс жүргізу кестесінен артта қалуына байланысты 35 075,0 мың теңге қаражат игерілмей қалғандығы анықталған.

Меркі ауылы Т.Бокин көшесіндегі 1000 орындық мектеп құрылысының жалпы келісім шарттық құны ^ 942 241,4 мың теңге. Құрылыс 2011 жылдың маусымында басталған, аяқталу мерзімі 2012 жылдың тамыз айы.

Келісім шарттың талабына қайшы мердігер мекеме «Эдвер-Маркетинг-Сервис» ЖШС 28 267,2 мың теңге кепілдік соманы Меркі аудандық құрылыс бөлімінің депозиттік есеп шотына түспей тұрып, 30 % алдын ала төлем 187 950,0 мың теңгені 6 күн бұрын аударған.

2012 жылдың 22 ақпанына тапсырыс беруші Ф-2 актісіне сәйкес 256 025,0 мың теңге бюджеттік қаражатты төлеген. Қарау барысында объектіде құрылыс жұмыстарының төмен екпінмен жүргізілгендігі және жұмыс жобасы бойынша болуға тиіс 11 техниканың 2 –і ғана бар болғандығы анықталды (1дана Әмбебап дөңгелекті погрузчик, 1 дана Бетономешалка).

Бақылау көрсеткендей, 2011 жылдың аяғында мердігердің жұмыс жүргізу кестесінен артта қалуына байланысты 440 086,0 мың теңге игерілмей қалған оның ішінде, республикалық бюджеттен 393 078,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 47 008,0 мың теңге. 2011 жылғы 9 қарашадағы мәслихаттың №47-4 шешіміне байланысты 440 086,0 мың теңге қаралған қаражат қысқартылған.

17.04.2012 жылы жүргізілген қосымша қарсы бақылау барысында тапсырыс беруші және мердігер мекеменің өкілдерінің қатысуымен құрылыс объектісінде жүргізілген бақылау өлшемінің қорытындысы бойынша - 73331,9 мың теңгеге құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемінің ұлғайтылғандығы анықталды. Яғни, құрылыс-монтаж жұмыстарының атқарылғандығы туралы №ф-2 актіге алынған құрылыс материалдарының құны негізсіз енгізілген. Көрсетілген мерзімге құрылыс бөлімімен «Эдвер-Маркетинг-Сервис» ЖШС - не ф-2 аттісімен жалпы сомасы 404 701,0 мың теңге төленген, оның ішінде 73 331,9 мың теңге атқарылған жұмыс көлемінің ұлғайтылғандығынан.

Андас батыр ауылындағы 140 орындық бала бақша құрылысының жобалық сметалық құжатын және мемлекеттік сараптама жүргізуге «Компания Арыстан-Сервис» ЖШС 9 800,0 мың теңгеге жеңімпаз деп танылған.

«Компания Арыстан-Сервис» ЖШС келісім шарттың 3 тармағының талаптарына қайшы ЖСҚ белгіленген мерзімде орындамағаны үшін тапсырыс беруші облыстық бюджеттің кірісіне «Компания Арыстан-Сервис» ЖШС- нен 882,0 мың теңге өсімақыны өндіру үшін шара қабылдамаған. Яғни, «Компания Арыстан-Сервис» ЖШС 12.05.2011 жылы тапсырыс беруші аудандық құрылыс бөлімінің депозиттік есеп шотына аударған 294,0 мың теңге өсімақы сомасынан ұсталынғандықтан өндіруге жататын сома 588,0 мың теңгені құрайды.


^ Шу ауданы бойынша 623719,0 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды.

Инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысында Төле би ауылында орналасқан 780 оқушыға арналған М.Мақатаев мектебі құрылысының жалпы құны 557 474,0 мың теңге, құрылыс нысаны 2008 жылдың сәуірінде басталған, құрылыс нысаны 2010 жылдың 20 желтоқсанында қолдануға берілу керек болса да, бақылау барысында құрылыстың әлі аяқталмағаны белгілі болды.

Жамбыл облысы Шу ауданы Төле би ауылында орналасқан 780 оқушыға арналған М.Мақатаев мектебінің алғашқы ЖСҚ-сы 2004 жылы 415 013,2 мың теңгеге бекітіліп, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Мемлекеттік сараптамада нысан құрылысының нормативтік мерзімі 14 айға белгіленген. Нысанның құрылысы уақтысында инвестициялық жобаға кіргізілмей 2004-і жылдан бастап бекітілген ЖСҚ-ға 3 мәрте өзгеріс енгізіліп мемлекеттік сараптамадан өткізіліп, құрылыстың құны 142 460,8 мың теңгеге яғни 415 013,2 мың теңгеден 557 474,0 мың теңгеге дейін өскен. Сондай-ақ ЖСҚ-ны түзетуге және оның мемлекеттік сараптамасынан өткізуге 2004 жылы 886,9 мың теңге, 2007 жылы 820,6 мың теңге, 2008 жылы 1 388,7 мың теңге жұмсалған. Сонымен 2004 жылдан 2008 жылы құрылыс басталғанға дейінгі мерзімде ЖСҚ-ны түзеп, сараптамадан өткізгенге барлығы тиімсіз жұмсалған қаражат 3 096,0 мың теңгені құрады.

Бұдан бөлек осы мектептің құрылысы бойынша келісім-шартта облыстық бюджеттен қаралған қаражаттан ^ 1010,0 мың теңге. артық төленген. Артық төленген бюджеттік қаражат бақылаудан кейін қалпына келтірілді.

2011 жылда Мақатаев мектебінің құрылысын аяқтауға Шу ауданы әкімдігінің «Шу аудандық мәслихатының 2010-2012 жылға арналған аудандық бюджет туралы 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 18-2 шешімін жүзеге асыру туралы» 2010 жылғы 20 тамызда № 287 қаулысымен республикалық бюджеттен бөлінген 82 642,0 мың теңгенің 73 595,5 мың теңгеге көлемінде жұмыс атқарылып үнемделген - 8 348,6 мың.теңгесін Бюджеттік кодекстің 6 тармақшасының 44 бабының талабы ескерілмей мектептің сыртқы инженерлік коммуникациялар жұмысына жұмсалынған.

Мердігер «Казстроймонтаж» АҚ-мен 2008 жылы 16 сәуірде №5/16-ПД-04-08 жасалынған келісім-шартта құрылыстың аяқталуы 2009 жылы 30 маусым айы белгіленген. Бұл мерзім 2010 жылы 28 мамырдағы №6 қосымша келісіммен 2010 жылғы 20 желтоқсанға ұзартылды, сонымен құрылыстың аяқталу мерзімінің бірнеше мәрте ұзартылғандығына қарамастан келісім шартта көрсетілген уақытта Мақатаев мектебінің құрылысы бітпей 247 күнге бұзылған. Айыппұл сомасы 60 751,5 мың теңгені құрайды.

Сонымен қатар ішін-ара тексеру барысында М.Мақатаев атындағы мектептің, мектеп және технологиялық жабдықтардың 28 түрі бойынша мектепке қойылмай кем екені және бағалары көрсетілмегендігі анықталды.

Көңіл аударатын жағдай бақылау мерзімінде, Макатаев мектебінің құрылысын, құрылысты қабылдау комиссиясының қабылдамағаны, қабылдау актісінің жоқтығы анықталды. Құрылыстың қабылданбау себебі: жұмыс комиссиясының анықтаған кемшіліктері толығымен орындалмаған, яғни құрылыс жүргізген мердігердің 557474,0 мың теңгеге құрылыс жұмыстарын сапасыз жүргізген. Мемлекеттік қабылдап алу актісі болмасада, келісім-шартта қаралған 557474,0 мың теңге түгелімен төленіп кеткен.

Соған қарамастан бақылау мерзімінде, мектеп мемлекеттік қабылдау комиссиясынан өтпей жатып, облыстық және аудандық білім мекемелерінің рұқсатымен оқу процесі 2011 жылдың 13 желтоқсанынан бастап бүгінгі күнге дейін жүріп жатыр.

Назар аударатын жағдай, аудандағы тиісті лауазымды тұлғалардың жауапсыз іс-әрекетінің салдарынан мектеп оқушыларының өмірін тәуекелден қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз етілмеген.

Шу қаласындағы Орынбаев көшесіндегі 780 оқушыға арналған орта мектебін соғу инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысында мектеп құрылысының 906 588,0 мың теңге, құрылыс нысаны 2008 жылдың желтоқсанынан басталып, 2011 жылдың желтоқсан айында аяқталған.

Осы нысан бойынша республикалық бюджеттен бөлінген қаражат 2008 жылы – 91 320,0 мың теңге құрады, оның ішінде 87 414,4 мың теңге құрылыс-монтаждық жұмыстарын жүргізуге жұмсалған. Бақылау кезінде 1 388,0 мың теңге сомасы мақсатсыз жаратылғаны анықталды және сол қаражат 2008 жылы Төле би ауылындағы Мақатаев орта мектебінің ЖСҚ-сын дайындауға жіберілгені анықталды.

2009 жылы қаражаттың бөлінбеу себебінен құрылыс нысаны жүргізілмеген. Құрылысты әрі-қарай жалғастыру тек 2010 жылы республикалық бюджеттен 815 278,0 мың теңге сомасы түскенен кейін мүмкін болды. Сонымен қатар, осы құрылыс нысанын нормативтік жүргізу мерзімі 14 ай болғанымен, мерзімі 6 рет өзгертіліп, 3 жылдан соң аяқталған.


^ Тараз қаласы бойынша 1 141 843,0 мың теңге қаражат бақылаумен қамтылып, 20 934,0 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды.

«Қарасу» мөлтек ауданындағы 320 орындық бала-бақшасын құрылыс нысаны бойынша жобалық-сметалық құжаттамасының сапасыз дайындалуы салдарынан, мемлекеттік сараптама қортындысы бойынша құрылыс жүргізу мерзімі қарастырылмаған, бірақ осы құрылыс 3 жыл бойы жүргізілген. Бала-бақша құрылысы 2007 жылдың 15 мамырынан басталып 2009 жылдың 1 желтоқсанында пайдалануға берілген.

Осы объекті бойынша жобалық-сметалық құжаттама және оның мемлекеттік сараптамасы екі рет өткізілген. Бірінші кезеңде 2007 жылы жасалынып, ал екінші рет 2009 жылы осы жобалық-құжаттаманы «Мекен-Жай Тараз» ЖШС-і қайта жасаған. Осыған сәйкес, алғашқы жұмыс жобасы жаңа санитарлық нормалық ережесіне сәйкестендірілмей дайындалған және құрылыс кезінде бірнеше дефектілер мен кемшіліктер анықталып, соның салдарынан бөлінген қаражаттары жетіспегені анықталды.

Медігер «Концерн-Азия-Қазақстан» ЖШС-нің тарабынан ^ 820,0 мың теңгенің жұмыстары сапасыз орындалып, бала-бақша ауласын көгалдандыру жұмыстары мүлдем жасалмағанына қарамастан тапсырушы 820,0 мың теңге қаражатты түгел төлеп жіберген.

Осы фактілер, «Тараз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» ММ-сі –тарапынан құрылыс кезінде және кепілдік мерзімінде уақытылы қадағаланбаған.

Бақылау көрсеткендей, анықталған кемшіліктерге және дефектілерге қарамастан осы объектіні ешқандай ескертулерсіз мемлекеттік комиссия қабылдау актісімен қабылдаған.

Рощинский 15А көшесіндегі бала-бақша құрылысы нысанын соғу бойынша жалпы құны 44 709,9 мың теңге, оның ішінде 2011 жылға жергілікті бюджеттен 25 520,0 мың теңге бөлінген. Аталған объекті бойынша алғашқы орнатылған трансформаторлық подстанциясына дефектік актісі жасалмай, жобалық-сметалық құжаттамасын дайындалған, соның салдарынан 2.2.-1-2001 Құрылыс нормалары және Ережесі сақталмаған.

Бұдан басқа, бюджет қаражатын дұрыс жоспарламау салдарынан ^ 20 114,0 мың теңге «Инженерлік-коммуникациялық инфраструктурасында сатып алу, қайта орналастыру және даму» 004 бағдарлама бойынша отырғызылған, ал ол қаражат «Білім саласындағы құрылысын жүргізу және қайта жаңғырту» 037 бағдарлама бойынша бөлінуі тиіс еді, нәтижесінде, 2011 жылдың аяғына 20 114,0 мың теңге 100 пайыз егерілмей қалған. Тараз қаласы әкімдігімен аталған бұзушылықты жою және қаражатты тиісті бағдарламаға аудару бойынша тиісті шаралар қолданылмаған.


^ Т.Рысқұлов ауданы бойынша 649 123,0 мың теңге қаражат бақылаумен қамтылып, 307 979,9 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды.

Инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысында ^ Жарлысу ауылында 300 оқушыға арналған мектеп құрылысының келісім шарт бойынша жалпы құны 482 439,9 мың теңге. Құрылыс нысаны 2009 жылдың сәуір айында басталып, 2010 жылдың қазан айында аяқталған.

2004 жылы инвестициялық жоба бойынша Жарлысу ауылындағы 300 оқушыға арналған мектеп құрылысына 237952,2 мың теңгеге жобалық-сметалық құжаттары дайындалған. Мектеп құрылысы ауданның 5 жылдық даму жоспарына қосылғанына қарамастан, 2009 жылға дейін ауданның инвестициялық жоспарына енгізілмей қаражат бөлінбеген. 5 жыл ішінде қаражат бөлінбеуі салдарынан 237952,2 мың теңгеден 482439,9 мың тенгеге дейін мектеп құрылысы қымбаттаған. Яғни жергілікті бюджеттің шығыны 244 487,7 мың теңгеге көбейтіліп, тиімсіз жұмсалған.

Сонымен қатар, мектептің құрылысының жобалық-сметалық құжаттары бірнеше рет түзетілуіне байланысты, жобалық-сметалық құжаттарын дайындау мен мемлекеттік сараптамадан өткізуге 2 812,0 мың теңге қаражат жергілікті бюджеттен тиімсіз жұмсалған.

Бақылау қорытындысы бойынша, ҚР «Сәулет,қала құрылысы қызметтері» заңының 34-1 бабының 2 тармақшасы бұзылып, 2008 жылы ЖСҚ-ға жергілікті бюджеттен қаражат бөлінбеген. Сонымен ізденіс-жобалау жұмыстарының шығыны ретінде 9 742,6 мың теңге, сондай-ақ жобалық-сметалық құжаттары қайта есептеу жұмыс жобасының шығыны 1 239,4 мың теңге, құрылыс объектісінің жалпы сметалық құнына қосылып, жобалаушыға құрылыс-монтаж жұмыстарының келісімі деңгейінде төленіп кеткен.

Құрылыс бөлімімен «Арайстроймаркет 2003» ЖШС-гі арасында 2009 жылдың 6 сәуірінде 321 078,0 мың теңгеге келісім-шарт жасалынған, оның ішінде 2009 жылға 179 155,3 мың теңге қаржыландыру лимиті белгіленіп, 2010 жылға қаржыландыру лимиті келісім шарт бойынша қарастырылмаған.

Алдыңғы жасалынған келісім-шарты бұзылып, 2009 жылғы 20 қарашада қосымша келісім-шарт жасалынып 179 155,3 мың теңгеден 10 000,0 мың теңгеге қаражат кемітілген. Толық қаржыландырылмаған қаражатқа Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеті жоспарлау басқармасының бастығы Б. Абжапаровтың 2009 жылдың 19 қарашадағы хаты негіз болған. Хатта қаржының қысқару себебі көрсетілмеген.

Мемлекеттік сатып алу Ережесінің 155 тармағының 12 тармақшасы бұзылып келісім- шартта құрылыс нысанның аяқталу мерзімі көрсетілмеген.

Құрылысты жалғастыруға 2010 жылы сол мердігермен 50 417,9 мың теңгеге келісім шарт жасалып құрылыстың аяқталу уақыты 2010 жылдың 21 тамызына белгіленген. Құрылыс нысаны белгіленген уақытта аяқталмаған, 2010 жылдың 25 қаңтарындағы техникалық кеңестің хаттамасына сәйкес, бұрын есепке алынбаған жұмысты есепке ала отырып, ЖСҚ-ға түзету енгізу жөнінде шешім қабылданған. Яғни өңделген ЖСҚ-ның сапасының төмендігі байқалады. Соған байланысты 2010 жылдың 18 ақпанында жобалауға тапсырма берілген.ЖСҚ-ны түзеткен жобалаушы «Эрфольг» ЖШС түзетілген ЖСҚ-ға мемлекеттік сараптаманың 2010 жылдың 16 наурызында №08-0115/10 қорытындысы берілген. Жобаның құны түзетілгеннен кейін 159 461,5 мың теңгеге қымбаттап, 482 439,9 мың теңгені құраған. Немесе 2008 жылғы бекітілген бағасынан 49,4% қымбаттаған.

Мердігер 449 295,1 мың теңге төлеуге ұсынғанымен тапсырушы орындалған жұмысқа 349 050,4 мың теңге төлеген. Нәтижесінде 2011 жылдың 1қаңтарында осы құрылыс объектісі бойынша 100 244,7 мың теңге кредиторлық қарыз пайда болып, 2011 жылдың 26 қаңтарында ғана жабылған.

Бақылау барысында, 2010 жылы «Эрфольг» ЖШС мектеп құрылысының ЖСҚ-на түзетуді өрескел бұзушылықтармен жасағаны анықталды. Түзетілген ЖСҚ-ға 2010 жылдың 16 наурызында «Жамбылмемсараптама» еншілес мемлекеттік кәсіпорынның №08-0115/10 оң қортындысы берілген.

Бақылау нәтижесінде, инвестициялық жобалау бойынша 2010 жылы «Эрфольг» ЖШС Т.Рысқұлов ауданы Жарлысу ауылындағы 300 орындық орта мектептің құрылысының түзетілген ЖСҚ-ын сапасыз жасалуының салдарынан нәтижесінде 22 032,3 мың теңге бюджет қаражаты артық төленгендігі анықталды.

Яғни, «Жамбылмемсараптама» ЕМК-ның берген оң қорытындысына байланысты құрылыстың түзетілген жалпы сметалық құны 159 461,4 мың теңгеге ұлғайтылуы керек болса, жалпы ұлғайтылған сома 173 246,2 мың теңгені құрап, 13 784,8 мың теңгеге артық ұлғайтылған;

«Жамбылмемсараптама» ЕМК қорытындысы бойынша 2010 жылдың 1 қаңтарына орындалмаған және аяқталмаған жұмыстардың көлемін орындалған жұмыстардың актілерімен ішінара салыстырғанда, орындалуға тиісті жұмыстар көлемінің бағасын төмендету арқылы ағымдағы бағамен алғанда ЖСҚ-ның бағасын 8247,5 мың теңгеге қымбаттатқаны анықталды.

Орындалған жұмыстардың визуалды және сапасын бағалау нәтижесінде спорттық залдың және оқыту блогіның қабырғалары жарылғаны, мәжіліс залдың фундаментінің сыртқы төменгі сылақтарының құлағаны анықталып, барлығы 1 546,6 мың теңгеге жұмыстар сапасыз жүргізілген.

Сонымен қатар жобадағы қарастырылған 4 санитарлық желісіне кеткен шығындар 1 958,4 мың теңге (жалпы құрылыс жұмыстарын санамағанда), нақты бақылау барысында судың тапшылығынан санитарлық желілер бір қалыпты істемейді, себебі бүгінгі таңға ауылда су жүйелері жүргізілмеген, мектепке су көтергіш мұнарасынан күніне сағат 10-00ден 11-00ге дейін 1 сағат беріледі. Мектепте оқушылар 2 аусыммен оқытылады, су тапшылығына қарамастан асхана жұмыс істеп тұр. Яғни жобалаушы жобаны жобалау кезінде мектеп орналасқан аймақтың гидрогеологиялық сипаттамасын зерттемеген, ал тапсырыс беруші осы кемшіліктерді ескермеген. Нәтижесінде 1 958,4 мың теңге тиімсіз жұмсалған.

Инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысында Салимбай ауылындағы 150 оқушыға арналған мектеп құрылысының келісім шарт бойынша жалпы құны 373 192,0 мың теңге, аяқталу мерзімі 2012 жылдың тамыз айы. Құрылыс нысаны 2011 жылдың мамырында басталып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Облыстық бюджеттен 23754,4 мың теңге қаржы артық бөлінуіне байланысты, Бюджет кодексінің талаптарына сәйкес облыстық бюджетке 23754,4 мың теңге қайтарылуы тиіс.

Инвестициялық жоба бойынша жүзеге асырылған жобалау сметалық құжаттарды келісім шартта белгіленген уақытта дайындамағаны үшін, жобалаушылардан өндірілетін айыппұлдың көлемі 406,5 мың теңге.

Қарақыстақ ауылындағы Б. Момышұлы атындағы орта мектебіне жанамаластырып қазандық құрылысын салып жылу жүйесін қайта жаңғыртуға ЖСҚ–ны, «Жамбылагрогазпроект» ЖШС 243 күнге кешіктіріп орындаған, айыппұлдың сомасы 364,5 мың теңге.

Юбилейное ауылындағы Подгорное орта мектебінің спорттық залының құрылысына ЖСҚ–ны, «Жамбылремжилпроект» МКК 30 күнге кешіктіріп орындаған, айыппұлдың сомасы 42,0 мың теңге.


Қордай аудандық құрылыс бөлімінде жалпы сомасы 83 644,6 мың теңгенің бұзушылығы анықталған.

Мысалы, сметалық құны 449477,9 мың теңгенің «Қордай ауданандағы Балпуков көшесінде орналасқан 280 орындық балабақша құрылысы» нысанында жалпы сомасы 5 613,7 мың теңге болатын бюджеттік қаржылық тәртіпті бұзушылық анықталды. Жұмысты орындаушы «Эдвет-Маркетинг-Сервис» ЖШС-і болып табылған. Жергілікті жерге шығып, бақылау жүргізгенде жылу жүйесін жүргізу, көгалдандыру, жолдарды асфальттау жұмыстарының атқарылмағандығы анықталды. Осыған қарамастан, тапсырыс беруші келісім-шарт бойынша қаралған соманы түгел аударып жіберген.

Бұдан бөлек, қарау барысында сметалық құны 1 700,0 мың теңге болатын лифтті орнату бойынша жұмыстардың жүргізілмегені анықталды. Лифтті орналастыратын қуыс жиһазбен жауып қойылған. Бақылау барысында құны 940,1 мың теңге болатын лифт бақылау объектісінің қоймасында жатқандығы анықталды. Осылайша, құрылыс бөлімі тарапынан лифтті орнату бойынша 759,9 мың теңгенің негізсіз төленген.

Инвестициялық жобасын іске асыру барысында жалпы сомасы құны 1 164 791,6 мың теңге болатын «Масаншы аулындағы 825 орындық орта мектеп құрылысы» 21 596,0 мың теңге болатын қаржылық бұзушылықтар анықталған.

Құрылыс нысанының жұмыс кестесінен 5-6 айға кешіктіріліп, төмен қарқынмен жүргізіліп жатқандығы бақылау барысында анықталды. 2012 жылдың 31 наурызында жұмыстың толық аяқталуы белгіленгеніне қарамастан, 22 ақпанына құрылыс нысанындағы жұмыстардың тек 20% аспайтын көлемі ғана орындалған. Мұнда осы көрсетілген күнге жалпы сомасы 376 142,0 мың теңге қаражаттың төленгендігін атап өту керек.

Осылайша, құрылыс нысаны 9 айдан бері жүргізіліп келе жатқанымен, нысанның дайындығы тек 20% құрайды.

Ф №2 негізінде орындалмаған жұмыстар үшін ^ 300,0 мың теңгенің негізсіз төленгені бақылау барысында анықталды. Қазандықтың құрылысын жүргізгенде 970,5 мың теңгенің жұмыстарының сапасыз орындалғаны анықталды.

Келісім-шарттың 12 тармағы мен ҚР Үкіметінің 2007 жылдың №1301 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алуды жүргізудің ережесінің» 156 тармағына қайшы түрде «Зак Сервис» ЖШС-і тарапынан құрылыс нысанының жалпы сомасынан 3% құрайтын 34 943,7 мың теңге көлеміндегі кепілдік жарна өз мерзімінде төленбеген. Бақылау көрсеткендей, Қордай аудандық құрылыс бөлімінің депозиттік есеп шотына ақшалай жарна белгіленген мерзімнен 27 күннен кейін, немесе 17 күнге кешіктіріліп төленген. Онымен қоймай, келісім-шарттағы қаралған 34 943,7 мың теңгенің орынына мердігер тарапынан 14 617,6 мың теңге ғана төленген. Мұнда құрылыс бөлімі кепілдік ақшалай жарна түспей тұрып, мердігердің есеп шотына 146 175,9 мың теңге болатын 30% аванстық төлемді аударып жіберген.

Сметалық құны 1 605 268,3 мың теңгенің «Гвардейск аулындағы 900 орындық орта мектеп құрылысы» инвестициялық жобасын іске асыруда жалпы сомасы 23 637,7 мың теңге болатын қаржылық бұзушылықтар анықталған. Құрылыс бөлімі мен «Темір-Строй Сервис и К» арасындағы 1 605 268,3 мың теңге келісім-шарт сомасынан 2011 жылы 817 348,4 мың теңгесі, 2012 жылы 787 919,9 мың теңгесі төленуі тиіс. Құрылыс нысанының аяқталу мерзімі 2012 жылдың 5 қыркүйегіне белгіленген.

Орындаушысы «Темір-Строй Сервис и К» болып табылатын, сметалық құны 1 605 268,3 мың теңгенің «Гвардейск аулындағы 900 орындық орта мектеп құрылысы» нысанында орындаушы тарапынан енгізілуге тиісті кепілдік жарнаның сомасы мен мерзімдері белгіленген уақытынан кешіктірілген.

Мысалы, ҚР Үкіметінің 2007 жылдың №1301 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алуды жүргізудің ережесінің» 156 тармағына қайшы түрде «Зак Сервис» ЖШС-і тарапынан құрылыс нысанының жалпы сомасынан 3% құрайтын кепілдік жарна тиісті көлемінде және өз мерзімінде төленбеген. Немесе Қордай аудандық құрылыс бөлімінің депозиттік есеп шотына қосымша 23637,7 мың теңге төленуі қажет.

Келісім-шарттың 12 тармағы мен ҚР Үкіметінің 2007 жылдың №1301 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алуды жүргізудің ережесінің» 156 тармағына қайшы түрде «Темір-Строй Сервис и К» ЖШС-і тарапынан құрылыс нысанының жалпы сомасынан 3% құрайтын 48 158,1 мың теңге көлеміндегі кепілдік жарна өз мерзімінде төленбеген. Бақылау көрсеткендей, кепілдік ақшалай жарна құрылыс бөлімінің депозиттік есеп шотына өз мерзімінде төленген. Алайда, келісім-шарттағы қаралған 48 158,1 мың теңгенің орынына, бар-жоғы 24 520,4 мың теңге төленген. Мұнда құрылыс бөлімі кепілдік ақшалай жарна түспей тұрып, мердігердің есеп шотына 245 204,5 мың теңге болатын 30% аванстық төлемді аударып жіберген.

Атап өту керек, 2011 жылдың 3 наурызындағы тексеру актісіне сәйкес, алғашқыда мектеп құрылысын ҚР қорғаныс министрлігінің жеріне көлемі 6,9 га. Гвардейск қалалық маңызы бар ауыл орталығына салу қаралған, бұған Гвардейск аудандық пайдалану бөлімі бастығының 2011 жылғы 3 наурыздағы №25 «Гвардейск ауылындағы 900 орындық орта мектептің құрылысына жер бөлу туралы келісім жасау» бұйрығы шығарылған.Алайда, 2011 жылғы 12 наурыздағы кеңестің хаттамасы бойынша «Гвардейск қалалық маңызы бар ауылындағы 900 орындық мектептің» құрылысын жүргізу үшін жер көлемін анықтау мақсатында 2011 жылдың 12 наурызындағы келісімнің хаттмасына сәйкес, Гвардейск қалалық маңызы бар ауылдан 500 метр оң жағынан алаң белгіленген.

Құрылыс басқармасына жаңа алаңнан объектіні қайта сәйкестендіру үшін мүмкіндігінше қосымша қаражат қарастыру тапсырылды.

Нәтижесінде қазіргі күнге мектеп құрылысы Гвардейск қалалық маңызы бар ауылының 1- ші үйінен 2 шақырым қашықтықта ал, жақын трассадан арасы 300 метр. Нәтижесінде мектепке кіре беріс жолдың құрылысын жүргізілуге тиіс болады,сонымен қатар, елді мекенге тротуар жүргізуге, оны жарықтандыруға қосымша шығындарды талап етеді. Атап өту керек, мектеп пен Гвардейск қалалық маңызы бар ауылынан 300 метр аралықтан Алматы облысының аумағынан өтеді, ол жерде қоршау салынған ал, Гвардейск қалалық маңызы бар ауылы жабық объект болып саналады. Тиісінше мектепке кіретін жол салуға және Гвардейск қалалық маңызы бар ауылына дейін тікелей трасса жүргізу бюджет шығындарының көбеюіне алып келеді.

Бақылауға берілген мәлімет бойынша қазіргі уақытта білім басқармасы, құрылыс басқармасы ЖСҚ жобасын дайындаушы «Астанатехстройэксперт» ЖШС –мен «Қазандықты сұйық отыннан қатты отынға ауыстыру» мәселесі бойынша хат алмасылуда. Жобалаушының есебі бойынша берген мәліметіне сәйкес, қазандықты сұйық отыннан қатты отынға ауыстыруға ЖСҚ дайындау құны 3 266,5 мың теңге қосымша шығындарды талап етеді.

Сметалық құны 844 233,3 мың теңгенің «Кенен аулындағы 600 орындық орта мектеп құрылысы» инвестициялық жобасын іске асыруда жалпы сомасы 22 016,6 мың теңге болатын қаржылық бұзушылықтар анықталған. Құрылыс бөлімі мен «Зак Сервис» арасындағы 844 233,3 мың теңге келісім-шарт сомасынан 2011 жылы 110 348,0 мың теңгесі, 2012 жылы 733 885,3 мың теңгесі төленуі тиіс. Құрылыс нысанының аяқталу мерзімі 2013 жылдың 30 қаңтарына белгіленген.

Орындаушы «Зак Сервис» тарапынан енгізілуге тиісті кепілдік жарнаның сомасы мен мерзімдері белгіленген уақытынан кешіктірілгендігі бақылау барысында анықталды.

Келісім-шарттың 12 тармағы мен ҚР Үкіметінің 2007 жылдың №1301 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алуды жүргізудің ережесінің» 156 тармағына қайшы түрде «Зак Сервис» ЖШС-і тарапынан құрылыс нысанының жалпы сомасынан 3% құрайтын 25 327,0 мың теңге көлеміндегі кепілдік жарна өз мерзімінде төленбеген. Бақылау көрсеткендей, Азия Кредит Банкі 3 310,4 мың теңге көлеміндегі кепілдік міндеттемені құрылыс бөлімінің депозиттік есеп шотына өз мерзімінен 4 күнге кешіктіріп ұсынған. Онымен қоймай, келісім-шартта қаралған 25 327,0 мың теңгенің орынына бар-жоғы 3 310,4 мың теңгенің банктік кепілдемесі ұсынылған. Мұнда құрылыс бөлімі банктік кепілдеме ұсынылмай тұрып, мердігердің есеп шотына 33 104,0 мың теңге болатын 30% аванстық төлемді аударып жіберген.

2011 жылы облыстық бюджеттен жобалық-сметалық құжаттарды (әрі қарай - ЖСҚ) дайындауға барлығы 46 264,0 мың теңге бөлінген.

Орындаушысы «Тараз Құрылыспроект» ЖШС-і болып табылатын, сметалық құны 12 870,0 мың теңгенің «Бұлар батыр аулындағы 600 орындық орта мектеп құрылысы» нысанының ЖСҚ-ын дайындауда және сметалық құны 10 161,4 мың теңге болатын «Сортөбе аулындағы 300 орындық орта мектеп құрылысы» нысанының ЖСҚ-ын дайындауда ҚР Үкіметінің 2007 жылдың №1301 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алуды жүргізудің ережесінің» 156 тармағына қайшы түрде кепілдік ақшалай жарнаны енгізудің мерзімі 3 және 10 күнге кешіктірілген. Мұнда құрылыс бөлімі кепілдік ақшалай жарна түспей тұрып, мердігердің есеп шотына 30% аванстық төлемді аударып жіберген.

Дәл осындай, орындаушысы «Компания «Арыстан-сервис» ЖШС-і болып табылатын, сметалық құны 11 796,0 мың теңгенің «Қақпатас аулындағы 250 орындық орта мектеп құрылысы» нысанының ЖСҚ-ын дайындауда кепілдік ақшалай жарнаны енгізудің мерзімі 4 күнге кешіктірілген.

Орындаушысы «Құрылысконсалтинг» ҰО» АҚ-ы болып табылатын, сметалық құны 10 780,0 мың теңгенің «Алға аулындағы 180 орындық орта мектеп құрылысы» нысанының ЖСҚ-ын дайындауда мердігер келісім-шарт талаптарын мүлде орындамаған (ЖСҚ дайындалмаған). Нәтижесінде аталған нысан 2012 жылдың құрылыс жоспарына енгізілмеген.

1   2   3   4   5   6   7   8   9



Похожие:

Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon2013-2017 жылдарға Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 27. 08. 2009 жылғы 1251 «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеудің Ережесін бекіту туралы»...
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon2013-2017 жылдарға Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 27. 08. 2009 жылғы 1251 «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеудің Ережесін бекіту туралы»...
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде iconЖамбыл ауданының 2013-2017 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы, беталысы, басымдықтары, мақсатты индикаторлары мен көрсеткіштері
Аудан экономикасында 2011 жылдың бірінші жартысында экономикалық жандану басталды
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon«2012 жылдың бірінші тоқсанына Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы»
Скемен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы оңды динамикамен сипатталады
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon2012 жылдың бірінші жартыжылдығына Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы
Азық-түлік өнеркәсібінде өндірістің көлемі 10,8 млрд теңге деңгейінде қалыптасты, тик – 150,1 %
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon2014 жылғы қаңтар айына арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму
Тұтыну бағаларының индексі (2013 жылғы желтоқсанмен салыстырғандағы 2014 жылғы қаңтары)
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon2014 жылғы қаңтар-наурыз айларына арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму
Тұтыну бағаларының индексі (2013 жылғы желтоқсанмен салыстырғандағы 2014 жылғы наурызы)
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon2014 жылғы қаңтар-мамыр айларына арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму
Тұтыну бағаларының индексі (2013 жылғы желтоқсанмен салыстырғандағы 2014 жылғы мамыры)
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon2014 жылғы қаңтар-сәуір айларына арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму
Тұтыну бағаларының индексі (2013 жылғы желтоқсанмен салыстырғандағы 2014 жылғы сәуірі)
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде iconЖоғары кәсіби даярлау күндізгі бөлімде, қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі
Біздің психолог студенттер және әлеуметтік жұмыскерлер бизнес, саясат, мемлекеттік басқару, бұқаралық ақпарат құралдары, жарнама,...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kze.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы