Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon

Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде



НазваниеБірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде
страница9/9
Дата конвертации31.05.2013
Размер1.34 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5   6   7   8   9

V-БӨЛІМ.

^ ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЕСЕПТІ КЕЗЕҢДЕ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ




^ 5.1. ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ 2011 ЖЫЛ МЕН 2012 ЖЫЛДЫҢ ЕСЕПТІ КЕЗЕҢІНДЕ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ


Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы № 67 «Өңірлерде сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарын жетілдіру туралы» Жарлығын орындау мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 190 қаулысымен «Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды (ары қарай - Тексеру комиссиясы (Жамбыл облысы әкімдігінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 268 қаулысымен толықтыру енгізілген).

2011 жылғы 22 қыркүйектегі Төртінші шақыртылған Жамбыл облыстық мәслихаттың № 39-8 шешімімен Тексеру комиссиясының Ережесі бекітілді.

Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының құрылымы 5 саяси мемлекеттік қызметкер, талдау бөлімі, қаржы және материалдық қамтамасыз ету бөлімі, түсімдерді және активтердің пайдаланылуын бақылау бөлім, шығыстарды бақылау бөлімі, барлығы 34 бірлік мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерден аппараты құрылып, Төрағаның 2011 жылғы 27 қыркүйектегі №03-01 бұйрығымен штат кестесі бекітілді.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес, ауыстыру тәртібімен 13 мемлекеттік әкімшілік қызметкер, конкурс тәсілімен 21 мемлекеттік әкімшілік қызметкер бос лауазымдарға тағайындалды. 2012 жылдың 13 қаңтарында Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы «Мемлекеттік әкімшілік қызметші антының мәтінін және Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің ант беру тәртібін бекіту туралы» №319 Жарлығына сәйкес, Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер ант қабылдады.

Тексеру комиссиясының 34 мемлекеттік әкімшілік қызметкерінің 30-ның жоғары экономикалық және қаржы, 3-нің заңгерлік мамандықтары бойынша білімдері бар, оның ішінде 12 маманның 2 жоғары білімі бар.

Тексеру комиссиясы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтары және құрылымдық бөлімшелер туралы ережелері бекітіліп, әрбір қызметкерге таныстырылды.

Тексеру комиссиясы төрағасының 2011 жылдың 24 қазанындағы №03-13 бұйрығымен Тексеру комиссиясының Регламенті бекітілді, ал 2011 жылдың 28 қарашадағы №03-30 бұйрығымен Техникалық кеңес құрылды.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес, Тексеру комиссиясында Конкурстық комиссия, Аттестациядан өткізу комиссиясы, Тәртіптік комиссия және Еңбек өтілін белгілеу комиссиялары құрылды.

Тексеру комиссиясы Төрағасының 2011 жылдың 28 қарашадағы №03-28 бұйрығымен бекітілген 2012 жылға арналған жұмыс жоспары қайталануды болдырмау мақсатында Есеп комитетіне және Жамбыл облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясына жолданды.

Тексеру комиссиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөніндегі 2012-2013 жылдарға арналған іс шаралар жоспары бекітілді.

2012 жылдың ақпан айында Тексеру комиссиясының қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының негізгі принциптерін, қолданылу аясын және жемқорлыққа жағдай туғызатын   бұзушылықтар және олар үшiн жауапкершiлiк талаптарын түсіндіретін оқыту өткізілді.

Тексеру комиссиясының қызметкерлері Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексінің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2011 жылғы 18 тамыздағы №2-НП нормативтік қаулысымен бекітілген Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу ережесімен бақылауды жүргізуге жауапты адамдарға қойылатын талаптармен таныстырылды.

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталығы, Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет ісері агенттігі ұйымдастырған біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарынан Тексеру комиссиясының 32 мемлекеттік қызметкері өтті.

Атап айтқанда: «Тиімділік аудиті» тақырыбында -1, «Бақылау тиімділігі» тақырыбында–3, «Тиімділікті бақылау» тақырыбында–13, «Сәйкестікке бақылау» - 3, «Қазақстан Республикасында бюджеттік процесс тиімділігінің өзекті мәселелері» тақырыбында–2, «Мемлекеттік қаржылық бақылауға базалық оқыту» тақырыбында – 6, «Қаржылық есептілікті бақылау» тақырыбында – 3, «Халықаралық қаржылық есептілік стандарты» тақырыбында -1.

2011 жылдың 25 қазанында Тексеру комиссиясының 2011 жылдың IV- тоқсанына арналған сыртқы бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді, 28 қарашасында Тексеру комиссиясының 2012 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

2011 жылдың желтоқсан айында Тексеру комиссиясының 2011 жылы жүргізген бақылау жұмыстарының қорытындысы БАҚ, Жамбыл облысы бойынша кедендік бақылау департаменті, салық департаменті және жергілікті атқарушы органдар басшыларының қатысуымен кеңейтілген отырыста қаралды.

2012 жылдың І-тоқсанға арналған бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес бақылау жүргізілген «2010-2011 жылдар аралығында эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу үшін мақсатты ағымдағы трансферттердің пайдалану тиімділігін бақылау қорытындылары туралы» мәселе сәуір айында БАҚ, ауыл шаруашылығы басқармасының, аудан әкімдері мен аудандық ветеринария бөлімдерінің басшыларының қатысуымен өткізілді, қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясының қаулысы қабылданды.

Ағымдағы жылдың мамыр айында «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 2011 жылғы бюджеттік бағдарламаларын іске асырудың тиімділігіне жүргізілген бақылау қорытындысы, «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы №1 қалалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бойынша 010 «Республикалық бюджет қаражаты есебінен көрсетілген медициналық көмекті қоспағандағы халыққа амбулаторлық-емханалық медициналық көмек көрсету» және 033 «Денсаулық сақтаудың медициналық ұйымдарының күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламаларын іске асырудың тиімділігін ішінара бақылау қорытындысы, «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Облыстық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бойынша 2010-2011 жылдары бюджеттік бағдарламаларына қаржылық есептілікті және сәйкестікке бақылау қорытындысы және Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 021 011 бюджеттік бағдарламасы бойынша газ жеткізу жүйесінде республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің тиімді пайдалануына тақырыптық бақылау қорытындысы аталған ұйымдар басшылары (бас дәрігер) мен бас бухгалтерлерінің қатысуымен кеңейтілген отырыста қаралды. Қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясының қаулысы қабылданып, анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою үшін бақылау объектілеріне жолданды.

Аудан (қала) мәслихаттарына ұсынатын 2011 жылдың жергілікті бюджетінің атқарылуын бақылау жөніндегі Есептері Тексеру комиссиясының отырысында қаралып, тиісті қаулымен бекітілді.


^ 5.2. ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖОЛДАҒАН ҰСЫНЫМДАРЫНЫҢ ІСКЕ

АСЫРЫЛУ НӘТИЖЕЛЕРІ, БАСҚАДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫЛЫҚ

БАҚЫЛАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҰСЫНЫМДАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫНА

^ ТАЛДАУ ЖАСАУ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ


1.Тексеру комиссиясының жолдаған ұсынымдарының іске асырылу нәтижелері

2011-2012 жылдар аралығында Тексеру комиссиясы бақылау нәтижелерін растайтын, лауазымды адамдар, мемлекеттік органдар мен ұйымдар орындауға міндетті 5 қаулы мен анықталған бұзушылықтарды жою, негізсіз пайдаланылған бюджет қаражатын қалпына келтіру не оларды есеп бойынша қалпына келтіру, заңсыз іс-әрекеттер нәтижесінде мемлекетке келтірілген залалдың орнын толтыру туралы бақылау объектілеріне орындауға міндетті 21 Ұсыным жіберді.

Бүгінгі таңда ^ 11 Ұсыным толығымен орындалып, бақылаудан алынды, ал 10 Ұсынымның орындалу мерзімі ұзартылып, қосымша бақылауға қойылды.

Бақылау қорытындылары бойынша бақылау объектілерінің 29 қызметкеріне Қазақстан Республикасының еңбек және мемлекеттік қызмет заңнамасына сәйкес тәртіптік жаза қолданылған, атап айтқанда: 13 қызметкерге – ескерту, 15 қызметкерге – сөгіс түрінде, 1 қызметкерге – қатаң сөгіс түрінде.

Тексеру барысында анықталған бұзушылықтар негізінен Қазақстан Республикасының бюджет, салық заңнамаларын, ҚР Үкіметінің «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» №220 қаулысы, ҚР 2007 жылғы 11 қаңтардағы «Лицензиялау туралы» №214 Заңының және басқа да нормативтік құқықтық актілерін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының талаптары сақталмауынан орын алған.

Атап айтқанда, бақылау объектілерінде Қазақстан Республикасының ^ 17 рет Бюджет заңнамасы, 3 рет Салық кодексі талаптары, 8 рет Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы, 2 рет Лицензиялау заңнамасы, 12 рет Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімдігі қаулыларының талаптары бұзылғаны туралы фактілер анықталды.

ҚР 2007 жылғы 11 қаңтардағы «Лицензиялау туралы» №214 Заңының талаптары сақталмағандықтан «Меркі ауданы әкімдігінің ветеринария қызметі» КМҚК және Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі мен «Құлан Мердігер» КМК – ның лауазымды тұлғалаларына шара қолдану үшін қаржы полициясы органына материалдар жолданды.

Жаңатас қаласындағы «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ жүргізілген бақылау нәтижесінде барлығы ^ 758,2 мың теңгенің бұзушылықтары анықталып, бақылау барысында толық қалпына келтірілді. Алайда, аталған бұзушылықтар мен кемшіліктерге жол берген жауапты қызметкерді әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында Жамбыл облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясына хат жолданып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 178 бабының 1 бөліміне сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық жасады деп айыпталып, жүз айлық есептік көрсеткіш 161,8 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынып, толық өндірілді.

Тексеру комиссиясы ұсынған талап бойынша Тараз қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 356 бабының 1 тармағына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің құрлыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығына жиырма айлық есептiк көрсеткiш көлемінде яғни, 32,4 мың теңге айыппұл салынды.

Тексеру комиссиясының талап арызы негізінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алуда жеңімпаз деп айқындалған және мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған әлеуетті өнім берушілер Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 31 бабына сәйкес, Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен ЖК «Мидас», Жамбыл облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен ЖК «Г.Б. Шакирова» және ЖК «С.Р. Камалов» Заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізіліміне енгізілді.

^ 2. 2011 жылы басқада қаржылық бақылау органдарының ұсынымдарының орындалуына талдау жасау.

Тексеру комиссиясының бақылау іс – шараларының жоспарына сәйкес 2011 жылы қаржылық бақылау органдары тарапынан жүргізілген бақылау жұмыстары бойынша мониторинг жүргізіліп, нәтижесінде мына төмендегі көрсеткіштер анықталды:

Қаржылық бақылау органдары (Есеп комитеті, ҚР. ҚМ. Қаржылық бақылау комитеті, мәслихаттың тексеру комиссиялары) тарапынан жүргізілген бақылау іс – шараларының қорытындысы бойынша 78 006,6 млн. теңге және Жамбыл облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы тарапынан 68236,7 млн. теңге облыстық, аудандық бюджет қаражаттары бақылаумен қамтылған. Оның ішінде: анықталған кемшіліктердің жалпы сомасы 1 018,0 млн. теңгені құрайды. Мұнда 128,3 млн. теңге бюджет есебіне қайтарылуға және 581,3 млн. теңге қалпына келтірілуге тиісті.

Осы бюджет есебіне қайтарылуға тиісті 128,3 млн. теңгенің 128,0 млн. теңгесі қайтарылған. Ал қалпына келтірілуге тиісті 581,3 млн. теңгенің 578,5 млн. теңгесі қалпына келтіріліп, тиісінше 99,8 % және 99,5 % құраған.

Сонымен қатар анықталған кемшіліктер бойынша қаражатты бюджет есебіне кері қайтару мен қалпына келтіру бойынша бірқатар басқармаларда жұмыстар орындалмаған. Атап айтқанда; Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Меркі ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» ММ бюджет есебіне 171,9 мың теңгені, Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының «Бір жолғы талондарды беруді қамтамасыз ету» ММ бойынша іс соттың қарауында жатуына байланысты 55,5 мың теңгені қайтармаған. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы бойынша бюджет есебіне қайтарылуға тиісті 23,4 мың теңге қайтарылмаған және қалпына келтірілуге тиісті 276,2 мың теңге қалпына келтірілмеген.

Осы кемшіліктерді жою бойынша бақылаушы органдар тарапынан 260 ұсыным беріліп, 22 жауапты тұлғаларға тәртіптік жаза қолданылған.


^ 3.Техникалық кеңестің жұмысы туралы

2011 жылдың 28 қарашадағы №03-30 бұйрығымен құрылған Техникалық кеңестің Ережесіне сәйкес, 2011-2012 жылдары бақылаумен қамтылған 19 мекеменің ішінен кездейсоқ таңдау жолымен 4 мекемеге жүргізілген бақылау актілерінің сапасына талдау жүргізілді.

Бақылау актілерінің сапасына жүргізілген талдау барысында бағдарламада көрсетілген сұрақтар толық қамтылмағандығы анықталды.

Аталған кемшіліктер Тексеру комиссиясының Техникалық кеңесінің отырысында қаралып, анықталған сәйкессіздіктерді келешекте болдырмау мақсатында шешім қабылданды және кемшіліктерге жол берген қызметкерлерді тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін тексеру комиссиясының төрағасының атына ұсыныс беріліп, Төрағаның бұйрығымен сөгіс және ескерту түріндегі тәртіптік жазалар қолданылды.


VI-БӨЛІМ.

ҚОРЫТЫНДЫ




6.1. ТҰЖЫРЫМДАР

1. 2011 жылғы облыстық бюджеттің нақтылаулар мен түзетулер енгізілген басты параметрлері негізінен орындалған.

Облыс бюджетін қалыптастыру кезінде оның орындалуы барысында тоғыз рет нақтылануына алып келген экономикалық көрсеткіштердің төмендетілген болжамдық параметрлері қолданылған.

^ 2. Облыстың бюджет шығындарының игерілуі 99,4 % құрап, өткен жылғы орындалған 98,1 % қарағанда біршама ілгерілеген.

39 даму бюджеттік бағдарламасы бойынша тікелей нәтиже көрсеткіштеріне 96 %-ға қол жеткізілді, оның ішінде 23 бағдарлама бойынша 100 пайызға, 15 бюджеттік даму бағдарламасы бойынша ішінара қол жеткізілді. Халықты жұмыспен қамту бағытында облыста атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 2010 жылдың III тоқсанындағы 5,6 % -дан 2011 жылдың III тоқсанында 0,1 % -ға төмендеп, 5,5 % -ды құрады. Ал, 2011 жылдың 1 қаңтарына жұмыспен қамту органдарында ресми тіркелгендер экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,3 % (республикалық көрсеткіш – 04 % ) құраса, 2012 жылдың 1 қаңтарына осы көрсеткіш өзгеріссіз қалып отыр.

3. Облыс бюджетінің параметрлері нақтыланғанына және түзетілгеніне қарамастан, оның жекелеген болжамды көрсеткіштері орындалмаған.

Бюджеттің шығыс бөлігі бойынша ^ 882,9 млн. теңге игерілмеген. Оның 367,8 млн. теңгесі облыстың даму бюджеттік бағдарламасы бойынша мердігерлердің өзіне алған міндеттемелерін қажетті көлемде атқармауына байланысты игерілмеген қаржылары. Яғни, инвестициялық жобаларды іске асыру өндірістік, әлеуметтік бағыттағы объектілерді іске қосу мерзімдері кешіктірілген.

4. Салықтық әкімшіліктендіру жағдайында артық төлеу және бюджетке салық берешегінің мөлшері өсуіне жол берілген, мәжбүрлеп өндіріп алу шарасын қолдану рәсімдері сияқты қолданыстағы салықтық әкімшілік етудің тетігінің тиімділігі төмен.

5. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жекелеген бағыттарында мақсаттар мен міндеттердің түпкілікті нәтижелерге ықпалын тигізетін айқын бағдары көрсетілмеген және орындалмаған.

Мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыруда іс-шаралар жоспарларының орындалу бөлігінде мемлекеттік органдар арасында үйлестірушіліктің және өзара іс-қимылдың болмауының салдарынан, көбінесе мемлекеттік және салалық бағдарламалардан күтілген нәтижелерге қол жеткізілмеген. Сонымен бірге, олардың орындалуын мониторингілеу және бақылау тиісінше жүзеге асырылмаған.

6. Бақылау көрсеткендей облыстық бюджетті атқару кезінде көптеген кемшіліктерге жол берілу бюджет процесіне қатысушылардың Қазақстан Республикасының «Бюджет кодексінің», ҚР Үкіметінің «Бюджетті орындау және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» №220 қаулысының талаптарының орындалмауынан орын алған.

7. Инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша «Қазақстан Республикасындағы архитектуралық, қалалық құрылыс және құрылыстық қызметі туралы» №242-II заңының талаптары сақталмаған, мердігерлерге тапсырушы жақтан қадағалау, авторлық және техникалық бақылау жұмыстары өз деңгейінде жүргізілмеген.


6.2. ҰСЫНЫСТАР

2011 жылға арналған облыстық бюджетті сараптау және талдау жұмыстары бойынша сонымен бірге, өткізілген бақылау іс-шараларының негізінде Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясы төмендегі ұсыныстарды енгізеді:

  1. Жергілікті бюджетті жоспарлау барысында түсімдер көлемін жыл басындағы салық берешегін қоса толық анықтау және Салык кодексіне сәйкес, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түрлері бойынша салық төлеушілер санын, салықтар салу объектілерін толық және дұрыс анықтап, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасын нақтылап есептеу;

  2. Бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің дер кезінде түсуін және толық есепке алынуын қамтамасыз ету жөнінде іс-шаралар жоспарына сәйкес, уәкiлеттi мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiне бақылауды күшейтуді және осы органдардан түсетін мәліметтермен салықтық әкімшіліктендіру жұмыстарын жүргізу;

  3. 2009 жылғы 29 қаңтардағы «Облыстық бюджетке түсетін түсімдердің түсуін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органдардың тізбесін бекіту туралы» №11 қаулысы қатаң бақылауға алынып тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуді;

4. Бюджетті нақтылау және түзету кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын қатаң сақтау; бюджеттің негізгі көрсеткіштерін

«Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы ғана түзету;

^ 5. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қаражаттың толық игерілуіне, тиімді және нәтижелі пайдалануына қол жеткізу;

6. Нысаналы транферттерді пайдалануда Қазақстан Республикасының заңнамаларының талаптарын қатаң басшылыққа алу, бөлінген нысаналы транферттер бойынша тұрақты мониторинг жүргізіп, толық және мақсатты игерілуін қамтамасыз ету;

7. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мемлекеттік сатып алу жұмыстарын уақтылы ұйымдастыру және оларды қолданыстағы заңнамаға сәйкес өткізуді қамтамасыз ету;

8. Даму бюджеттік бағдарламасы шеңберінде «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасына бөлінген қаржының пайдаланбаған бөлігін атап өтіп, қаржыны толығымен игеруге қол жеткізу;

9. Қазақстан Республикасының «Бюджет кодексінде» көзделген принциптер мен құқықтық-нормативтік актілердің талабына сәйкес бюджеттен қаралған қаржылардың пайдалануын қамтамасыз ету.
1   2   3   4   5   6   7   8   9



Похожие:

Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon2013-2017 жылдарға Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 27. 08. 2009 жылғы 1251 «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеудің Ережесін бекіту туралы»...
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon2013-2017 жылдарға Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 27. 08. 2009 жылғы 1251 «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеудің Ережесін бекіту туралы»...
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде iconЖамбыл ауданының 2013-2017 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы, беталысы, басымдықтары, мақсатты индикаторлары мен көрсеткіштері
Аудан экономикасында 2011 жылдың бірінші жартысында экономикалық жандану басталды
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon«2012 жылдың бірінші тоқсанына Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы»
Скемен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы оңды динамикамен сипатталады
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon2012 жылдың бірінші жартыжылдығына Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы
Азық-түлік өнеркәсібінде өндірістің көлемі 10,8 млрд теңге деңгейінде қалыптасты, тик – 150,1 %
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon2014 жылғы қаңтар айына арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму
Тұтыну бағаларының индексі (2013 жылғы желтоқсанмен салыстырғандағы 2014 жылғы қаңтары)
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon2014 жылғы қаңтар-наурыз айларына арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму
Тұтыну бағаларының индексі (2013 жылғы желтоқсанмен салыстырғандағы 2014 жылғы наурызы)
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon2014 жылғы қаңтар-мамыр айларына арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму
Тұтыну бағаларының индексі (2013 жылғы желтоқсанмен салыстырғандағы 2014 жылғы мамыры)
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде icon2014 жылғы қаңтар-сәуір айларына арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму
Тұтыну бағаларының индексі (2013 жылғы желтоқсанмен салыстырғандағы 2014 жылғы сәуірі)
Бірінші бөлімде облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері көрсетіледі. Екінші бөлімде iconЖоғары кәсіби даярлау күндізгі бөлімде, қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі
Біздің психолог студенттер және әлеуметтік жұмыскерлер бизнес, саясат, мемлекеттік басқару, бұқаралық ақпарат құралдары, жарнама,...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kze.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы