Рефераты ғылыми жетекшісі: Берістенов Ж. Т. философия ғыл кан. ҚР мәдениет қайраткері. Алматы 2011 Жұмыстың құрылымы мен көлемі icon

Рефераты ғылыми жетекшісі: Берістенов Ж. Т. философия ғыл кан. ҚР мәдениет қайраткері. Алматы 2011 Жұмыстың құрылымы мен көлемі



НазваниеРефераты ғылыми жетекшісі: Берістенов Ж. Т. философия ғыл кан. ҚР мәдениет қайраткері. Алматы 2011 Жұмыстың құрылымы мен көлемі
страница1/3
Дата конвертации01.06.2013
Размер288.68 Kb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы


БАТАН ШАТТЫҚ


«Қазақ ағаш өнерінің көркем пластикасындағы ұлттық

стильдің ерекшелігі»


6М041700 «Сәндік қолданбалы өнер»

мамандануы: «көркем ағаш»


Академиялық магистр дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның


РЕФЕРАТЫ




Ғылыми жетекшісі:

Берістенов Ж.Т.

философия ғыл. кан.

ҚР Мәдениет қайраткері.


Алматы 2011


^ Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертацияның құрылымы зерттеу жұмысы көздеген мақсаттар мен міндеттерге орай анықталған. Диссертацияның құрылымы кіріспеден, негізгі екі тарау мен қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, иллюстрациялық материалдар мен қосымшалардан тұрады.

^ Магистрлік диссертацияның көлемі: 70 бет.

Пайдаланылған еңбектер саны: 75

Зерттеуге байланысты жиі пайдаланатын термин сөздер:

Скиф- сақ стилі, Архетип, Номад, Еуразиялық көшпелілер, Зергер, Зергерлік өнер, Зергерлік мәдениет, Сәндік өнер, Қолданбалы сәндік өнер, Қазақ көркем пластикасы, Ұлттық сипат, Ұлттық сана сезім, Ағаш бұйымдар, Әшекейлі шешім, Қолөнер дәстүрі, Сүйек, Қасиетті зат, Шеберлер, Рәміз, Таңба,Семантика.

^ Тақырыптың өзектілігі және оның мемлекеттік бағдарламалармен байланысы.

Диссертациялық ізденіс бүкіл қазақ мәдениетінде өзінің терең іздерін қалдырған, көне заманнан өз гомогендігін, дәстүрін сақтап кележатқан, ғасырларбойы қанымызға сіңіп төл өнеріміз болған ағаш өнерін саралауға, жетістіктерін жеткізіп, ескерілмей қалған дүниелерді кірістіруге тырыстым.

Шетелдік және қазақстандық өнертанушылар бұл феноменді негізінен ежелгі еуразиялық көшпелілер өнері тарихы кең мәтінінде қарастырып келді. Айтседе ағаш өнеріміздің көшпенді тарихына енгізген жаңалықтары мен алар белесін көрсетуді жөн көрдім. Сонымен қатар елімізде қабылданған мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасын орындау барысындағы ізденістер осы тақырыпты таңдап алуға себепші болды.

Біздің заманымызға дейінгі бірінші мыңжылдықтың ортасынан бастап Қазақстан жеріндегі көшпелі тайпалар «сақ» атауымен белгілі. Сақ халқының басым бөлігі егіншілікпен шұғылданбайтын, көпшілігі көшпелілер. «Ханнамада» айтуынша сақтар жердің шүйгіні мен топырақтың құнарын жағалап көшіп-қонып жүрген. Әрине көшіп –қонып жүретін халықта ағаш үй, ағаш үй дегеніміз қазіргі біздің киіз үйіміз еді. Сақ ұрпақтары болған біздің киіз үй жасауымыз сол кездің өзінде адамзат тарихын жалт қаратқан ұлт тапқырлығы еді. Тарихшы Су Бихай дерегінде Ерен қабырға бауырындағы Алагу сайнан байқалған сақ дәуіріне тән бір қабырды қазу барысыда ондағы мұрдеге қоса көмілген ағаш астау табылған. Бұдан сақтар заманында ағаш бұйымдарының тұрмыс салттарында маңызды бөлігі, тұрмыста кең көлемде қолданысқа енгенін көреміз. Кең мәдени ареалға таралған өнер үлгілері көшпелілер өнерінің стиль жағынан тұтастығын көрсетеді. Көне көшпелілер ағаш бұйымдарына аң стилдерінде кіргізіп отырған. Олардың тұрмыстық бұйымдарынан, тұрмыс тіршіліктерін, дүние танымдық көз қарастарын, арман-тілек, мұқтаждарын аңғару қиын емес еді.Ежелгі көшпелілердің мәдениеті адамзат өмірінде өзінің ауқымы мен таралу жылдамдығы бойынша ерекше кездесетін құбылыс. Яғни отырықшылардың қонысы 15 ғасырдан басталған болса бұл кезде киіз үй әбден кемелденіп хан ордасынан бастап қарашаның қара қосына дейін түр жағынан болсын, үлгі сәндік жағынан болсын кемеліне жеткен еді. Көне көшпенділер ағаш өнері негізінен қолданбалы болған. олар әр түрлі бұйымдарда, тұрмыстық қолданыста, сәндік тұрмыста, үйдің әшекей бұйымдарында, тұрмысқа қажетті барлық дерлік заттарын ағаш ойып, ағаштан түйін түәіп ерекше шеберлікпен жасап отырған. Осыдан кейін ел ішінде ағаштан түйін түйетін шебер қолдар пайда болып. Оларды шеберлер, өнер тапқыштар деп қастерлеп отырған. Егер бүгінгі тілде алғашқы өнер иелерін мәдениет қайраткері, немесе ұлт мәдениетінің үлескерлері деп танитын едік. Алғашқы мәдениет қайраткерлерімізде аспандағы құсқа аяқбау тағып аң ілдірген, тәбиғатпен бірге өсіп біте қайнасып, судың,шөптің...тілін білген, көшпелі далалық мәдениеттің ғажайып үлгісін жасаған ғажайып тұлғаларда әне сол ел ішінен шыққан өнер шеберлері еді.

Сақ халқының ақыл-парасатының тағы бір туындысы, жоғарыда айтқан киіз үйді алып жүруге арналған үлкен арбалар еді. Әрине арбаныда ағаштан жасаған. Осы арбаға екі үш өгіз немесе түйе шегетін. Ол арбалар киіз үй, болмаса артатын жүк көлеміне, немесе бай кедейлігіне қарай, екі доңғалақты, төрт доңғалақты, тіпті алты доңғалақты болып келіп отырған. Сақтардың арбалары төзімд, мықты жасалып отырған. Жүкпен бірге балалар, қарттар, әйелдерде арбаның үстіне отыратын болғаны. Сақтардың бұл тұрмыс тіршілігі тек қазақ тәрихына емес әлем тәрихынада қосқан елеулі үлесін көреміз.Ежелгі көшпелілердің ең сүйікті айналысатын дүниесі ағаштан әр түрлі жабдықтар жасау болды. өйткені сол қоғамның адамы өзінің ойы мен идеясын шығармашылық шеберлігін қолдарындағы ағаш арқылы бейнелеп іске асырып отырды. Сондықтан да көне көшпелілердің мұралары бүгінгі тарихи жәдігерге айналып, «Мәдени мұра» бағдарламасына енді.

«Ағаш өнері» - ежелгі өнер түрі, зерттеу ауқымы өте кең. Осыған орай ағаш өнерінің зерттелмеген қырлары, айтылмаған сырларын зерттеу болашақ ұрпақтың, яғни біздің еншімізде.

Ерекше назар алтын бұйымдардан жасалған тіпті бір ұлттың тұрмыстық формасын өзгерткен бүктемелі орндық тектес тапқырлықтарымыздың элементтерін терең зерттеуге, ағаш бұйымдарының мысалы ағаштан жасалған «тау теке» ойнату бүгінгі күндегі қуршақ театырының бастауы десек қателеспеспіз. Бұл жәйлі толық мазмұнда арнайы тоқталамыз. Ағаш бұйымдарының мәдениетімізге берген үлесі ерекше суреттеуге бағытталады. Осының негізінде бүктемелі орндық болсын, тәу теке, ағаш оймалар, арба, киіз үйлердің орнына сақталған суреттер немесе макеттері көрсетіледі. Осы көрсетілім арқылы автордың айтайын деп отырған ойы мен трих қойнауына не үшін маңызды қатпар болып сақталғанын бірден біле қоясың.

Сақ өнері осылай бірте-бірте әлем сырын аша берді, дүние сұлулығын жырлай берді. Ағаш өнерінің ерекше әспеттік көрінісін мейілінше кең, жан-жақты бейнеленген шынайы көрінісін сақ өнеріндегі ағаш бұйымдарының кең көлемде дамуынан көруге болады. Сақ тәйпалары жауынгер ұлт болған. Тәбиғатпен біте қайнасып жататын мінездеріде олардың өнер дүниесінің тазалығын, табиғатпен астасып жатқан көркемдік көрністерімен ерекшеленіп отырды. Өздерін қаншалықты таза тәбиғат қоршап тұрса олардың өнер туындыларынан табиғаттың тілсімділігі мен жарқындығы аңқып тұрды. Айналасын қоршаған дүниелерді көркемдік тұрғыдан тани білді. Және оны игеріп өз шығармашылықтарында қолданысқа енгізудің сабақтастығын сақ өнерінің мұраларнан рухынан айқынырақ аңғаратын тәріздіміз. Бұл кезең шеберлері табиғат қатынасын айқын танып, естетикалық лазат бағыштайтын, сұлулық тұрғысын байырға қадам замандық мұрағиятын қайта жандандырып, әмбебап көркемдік жарасымын ту қылды. Суретші жанын тәбиғаттың ішкі жарасымдылығымен сезіне алды. Табиғаттың мұнтаздай сұлулығымен үйлесім тауып, біте қайнаса алды. Оны өз өнер туындыларынада қолдануға тырысты. «ағаш өнері» бүгінгідей техника дамымаған қоғамда табиғат пен адамның түбегейлі жарасымын дәріптейді. Табиғатпен суретшінің арасындағы өнерінен тұрмысына дейін сабақтас болып үштаса келіп, тұтас бір тіршілік көрінісін бейнелейтін мөлдір айқындық, байсалды бап бірден көзге түседі. Табиғат барынша асқақ, әдемі, сақ қаһармандары жайлаған кәдімгі салтанат ордасы тәрізді. Мұрағиятты жер бедері суретші сенімі жоғарғы күштермен рухтанған.

Шын суреткер – тәбиғатты тану мен қатар, сұлулықты сезінетін, қоршаған ортасын тани алатын, ол ұлт тапқыры ғана, бір ұлттың ұлығана емес әлемдік ұлесі үшінде қайталанбас дарынды дара тұлғасымен, шеберлігімен, ерекше қатынас көзқарасымен, өзі жасаған сом суреткрлік өз қолданбасын қалдыра алатын адам. Әрбір бірегей, сақтың өнер туындысын бағалағанда біз бұл ерекшелікті ескермей кете алмаймыз. Әрі іздеген ерекшеліктерімізді айқын басымдылықпен көре аламыз. Бұлда болса сақ қоғамының ежелгі бабаларымыздың ұрпаққа қалдырған таусылмас кені. Бүгінгі қоғамдағы бізде тың дүниелерге құштарлығымызда сақ руы болар.

Өнердің дүниетанушылық үлгісінің философиялық мәні дегеніміз – ең алдымен сақ пендесінің еркінен тыс, жаратылысынан оған мүлдем тәуелсіз ақиқат дүние болмысынан адам санасында бейнеленуі. Ал бізге жеткен тәрих қойнауларындағы асыл қазына, мұраларды жалаң, ат үсті қарап қоймай оның жасырын, жұмбақ тылсым құбылыстарын бойлап, мән-мағынасын ашуға тырысу әр бір ғылым иесінің міндеті. Тек жалаң көрсетуден аулақ болып көркем құнды пікірлер үсына білу, жасырын дүниелерді көре біліу әрбір суретшінің суреткерлігін көрсететін, шыңдайтын дүниелер болмақ

^ Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Тақырыптың өзектілігі мен оның зерттелу деңгейінен жұмыстың басты мақсатын айқындау мүмкіндігі туады. Оны сақ мәдениетінің қазіргі Қазақстанның ұлттық мәдениетімен сабақтастығын, оның басты ерекшелігін шеберлердің өз өнерлерінде қолданысын. Ағаш өнері көркем пластикасындағы ұлттық стильдің бүгінгі шеберлер қолданыс аясын. Көне мен жаңаныің ерекшеліктерімен құндылықтарын сараптау тұжырымдауға болады. Бұл мақсатты жүзеге асыру барысында мына міндеттерді шешуге тырыстық:

- «Ағаш өнерінің» пайда болуындағы рәміздік-рәсімдік мағына қисынына сүйене отырып, оның түбегейлі мәдени негіздерін, сұхбат аймағын, өрістеу бағдарларын айқындау.

- Сақтардың ағаш өнерін бейнелеудегі стильдері мен көркемөнерлік тәсілдеріне мәдени түсініктеме беру.

- «Ағаш өнері» қазақ халқының тұрмыстық бұйымдарда қолданыуы мен өнердегі нышандарына өнертанулық талдау беру.

- Өнер туындыларының құндылығын, бұрынғы қажеттілігі, алар орыны, қазіргі құндылығын суреткер шеберлігі арқылы қарастыру.

- Қазіргі Қазақстан Республикасының ұлттық мәдениетіндегі «ағаш өнерінің » орнын анықтау.

^ Зерттелу деңгейі. Әр халықтың ғасырлар бойы жинақтап, қалыптастырған мәдениеті мен өнері сол елдің өзіндік көз қарасын, ерекшелігін көрсетіп тұрады. Көптеген тарихшыларымыз еңбегінің басым бөлігі әдетте тәрихты зерттеуге баса мән беріліп, өнеріміз тарихтың астарында қалып қояды. Әрине, бір ұлтты толық білу үшін тәрихына үңілу керек. Алайда еуразиялық көшпелілерде эпоспен қатар төлтума бейнелеу өнері де жоғары деңгейде болғаны туралы деректер жеткілікті. Сонымен қатар мәдениетіміздің де, өнеріміздің де айтары мол, астары тереңде екенін ұмытпағанымыз жөн. Ағаш өнерін зерттеу біздің тәрихшыларымызға кештеу жетседе, деректері мол, ұғымы терең құбылыстарды ашып берді. Сонымен бірге, Ресей, Қытай, түркі зертеушілерінің назарынан тыс қалмады. Әрі олар елімізден қазып алынған ағаш бұйымдарын зерттеу тақырыбын қағыс қалдырмады. Пазырық сияқты скиф-сақ қорғандарынан табылған мәдени артефактылар номадтардың орасан зор өнер қоймасы туралы бүкіл әлемді хабардар етті. Олардың көпшілігі Қырым түбегінен және Сібір жерінен табылғандықтан бұл бейнелеу және мүсіндеу мәнеріне «скиф-сібірлік стиль» деген атау берілді. Мәдениетіміздегі шетел ғалымдарының ағаш өнерінеде мән бергенін Лев Гумиловтің «Көне түріктер» кітәбіндағы киіз үй туралы тоқталғанынан аңғарамыз. Сонымен бірге қытай тәрихшысы Су Бихайдың «Қазақ мәдениетінің тәрихы» кітәбіндағы қолөнер, отбасы қолөнері деген мазмұндарыннан айқын көреміз. Сонымен қатар еліміздегі осы тақырыпты қозғап жүрген Ә. Марғұлан, Ақышев К.А, Ақышев Ә.К, Қасиманов С, Ақселеу С. Х. Арғынбаев ж.т.б есімдерін атап өтуге тұрады.

Ағаш өнерімізді ертеден бері зерттедік дегенмен, оның бай құндылықтарын, қазақ өнеріндегі аса бай маңызын, алар орынын еліміз егемендік алғаннан кейін, ноқтамызды қолға алғаннан болғанда ғана аңғарғандаймыз. Сонда да қол өнеріміздің жаңғырған тұстарын айқындау барысындағы басты еңбектерді алғанда, Кеңес дәуірінен ол туралы мағлұматарды және теориялық талдауларды Ә. Марғұлан, Ақышев К.А, Ә.К. Тұрсынов, А. Аманжолов, Ә. Хасенов сынды ғалымдардың еңбектерінен кездестіре аламыз. Ал біз ағаш бұйымдарының шегара асып зертелмегенін ескере кету керек. Бұнда басты назар аударатын Қытайдағы сақталып қалған ағаш бұйымдарының елге оралмауы, зерттеуге ілікпегені. Бұл жас зерттеуші болған бізге қалған болар.

Диссертациялық ізденісте қазақ дәстүрлі мәдениетінің сан-алуан мәселелері көтерілген түрлі зерттеулер жұмыстың әдіснамалық негізін құрастырады. Көшпелілер әлемінің рухани болмысының қыр-сыры тек қана тарихи және өнертанулық әдебиетпен шектелмей, философиялық және мәдениеттанулық ізденістерде көрінеді. Бұл сипатта Б. Ибраев, Б.Р. Қазыханова, С.Н. Ақатаев, Г.Ш. Елеукенова, С. Қасиманов, К. Ахметжанова, С.К. Өтениязов, Е. Қарабалаев, І. Ерғалиев, Ғ. Телібаев, Б. Байжігітов , Ж.Ж. Молдабеков, А.И. Мухамбетова, Т.Х. Ғабитов, Қ.Ш. Нұрланова, О. Сегізбаев, Г.К. Шалабаева, С. Төленбаев, Ш. Тоқтабаева , Д. Шоқпаров, Н.Ж. Шаханова, Б.Е. Комеков, Г.К. Ибрайшина, Ә.Қ. Малаев, С.А. Ұзақбаева , К.Н. Раймханов, Г. Сағидолда, Н. Мыңжани, Р.Н. Шойбеков, Ж.Т. Берістенов, Қ.Ж. Әмірғазин және т.б. ғылыми еңбектерін пайдаланды.

^ Жұмыстың зерттеу нысаны мен пәні. Зерттеу тақырыбының нысанына қазақ ағаш өнерінде немен тәрихта қалды, ағаш өнері арқылы әлемде қандай мәдени дүмпу әкелді. Ағаш өнерінің көркемөнер үрдісін көркемөнерде қалай қолданысққа енгіздік. Зерттеу объектісінде қазақ ағаш өнерінің тәрихта ұлт салтын өзгертуге түрткі болған жақтары айрықша бөлініп көрсетіледі. Диссертациялық жұмыстың пәніне сақ, ғұн мәдени негіздерде қалыптасқан «Ағаш өнері» типтік ерекшеліктерін, рәміздік мазмұнын айқындау және оның қазіргі көркемөнер үшін архетиптік қызметін анықтау жатады.

^ Жұмыстық теориялық және әдістемелік негіздері. Жұмыстың теориялық негізіне еуразиялық көшпелілер мәдениетінің өнер шеберлерінің ерекшеліктері зерделенген мәдениеттанулық, өнертанулық, философиялық т.б. еңбектердегі әдіснамалық қағидалар жатады. Ал методологиялық негізіне жалпы сақ мәдениетіндегі «Қазақ ағаш өнерінің көркем пластикасындағы ұлттық стильдің ерекшеліктері» жіктеу тарихи тұрғыда жүйелеу, ағаш өнеріміздегі еленбей келе жатқан тұстарын көрсету, ағаш өнеріміздің ұлт тәрихна қосқан үлемстерін т.б жақтарын көрсету. Қалыптасқан әдістер, ұстанымдар жатады. Диссертациялық ізденісте ХХ ғасыр мәдениеттануында, өнер тарихы мен философиясында ұтымды қолданыс тапқан герменевтикалық, компаративистикалық, модельдеу, типологияландыру және т.б. тәсілдер пайданалынады.

Жұмыстың мазмұнындағы архитектоникалық бірлік логикалық және тарихи талдаудың ішкі байланысын айқындаудан туындайды, мәдени мәтіндерге түсіндірме беру барысында ұлттық өнер туындыларының гомогендігі мен тұтастығына ерекше назар аударылады;

^ Жұмыстың ғылыми жаңалығы жаһанданудың үрейлі дүбірі ең алдымен ұлттық құндылықтарды еске салатыны рас. Нені жоғалттық? Не жоғалу алдында тұр? Көркем дүниелеріміз жүйеден ағаш өнері қазақтың тарихы мен болмысын тану үшін қаншалықты рөл атқарады? Деген сауалдарда қисап жоқ. Біреу ананы айтады, біреу мынаны айтады. Кімнің қымбаты не болса соның жоқтаушысы. Әрине жаңғырып жатқан дүниелерімізде аз емес. Дегенмен көшпелі далалдық мәдениеттің ғажайып үлгісін жасаған қазақтың жоғын түгендеп болу асақыйын шаруа екені анық. Дегенменде қазіргі Қазақстан қоғамындағы ұлттық санамыздағы сонау тарихтың қалдырып кеткен аса бай мұраларын жаңартып, жаңа ұлттық идеясын әлемге паш ету бағдарындағы көркем-мәдени артефактыларының бірі – «ағаш өнері» ең алғашқы ағаш өнерінің тәрихқа қосқан үлесі өнертанулық талдау ұсынылады. Бұл мәселе осы қырында қазақстандық өнертанулық әдебиетте алғашқы рет қарастыралып отыр. Зерттеу барысында төмендегідей жаңа ғылыми нәтижелерге қол жеткізілді:

- көшпелілерде қалыптасқан «ағаш өнері»індегі киізүйдің адамзат тарихына қосқан үлесі. Оның тәбиғатпен үйлесімді тіршілік етудің рәмізіне айналғаны нақтыландырылды, қазақ дүние танымына байланысты бөлек «киіз үй философиасын» қарастырып өзіндік пікірді үсыну;

- «Ағаш өнеріндегі» тағыбір ұлы еншісі бүктемелі орндық еді. Көшпенділердің Хан тілінде Хучуан деп аталатын бүктемелі орндығы арғысы адамзаттың бергісі орта жазық мәдениетіне төңкерістік өзгеріс жасағаны дәлелденді.

- ағаш өнеріндегі үлгі, таңбалардың «көрнекі архетип» қызметін атқарғаны көрсетіледі.

- «Ағаш өнерінің» қазақ қолөнерінде, әсіресе, тұрмыстық бұйымдар ретінде өз қолтаңбасын қалдырғаны нақтыландырылды, бұл көркем мәдени тұрғыдан қазақ мәдениетінде маңызды рөл атқарғаны туралы ғылыми гипотеза ұсынылады;

- қазіргі кезде тұрмыста болсын мәдениетте болсын ағаштан жасалған бұйымдар кең көлемде қолданыста, сонымен бірге жаңғырған дүниелерімізде, ағаш шеберлеріміздің фантазиасынан туындаған туындыларында ағаш өнері көркем пластикасындағы ұлттық ерекшеліктерінің шеберлер туындысыннан көрініс табатындығы көрсетіледі.

Қорғауға ұсынылған қағидалар:

1. «Қазақ ағаш өнерінің көркем пластикасындағы ұлттық стильдің ерекшеліктері» ұлттық көзқарасты, дүние танымдық көз қарастың, әлемді сезу көзқарасының сондай-ақ шебер туындыларында сезім мен ой тудыра алады. Тіпті осы шеңберінен шығып, қайталанбас рухтың, өнердің жауқарын тауып, өмірдің мәні туралы сұрақтарға жетелейді. Ертедегі бабаларымыз ғылымның көмегінсіз өнер туындыларын сезіне алады, талдап ішкі болмысына үңіле алады. Тіптен тілсім тәбиғатпен сырласып туындыларынан көрніс бере алады. Өнер шеберлерінің туындыларыннан терең рәміздік сипатқ шығып тұрады

2. Кейбір дүниелерде қазақ дүние танымына байланысты философиялық көз қарастар мен қатар шындық, мәдени дәуірлердің дүниені сезінуі, дүниені тануы да бейнеледі. «Қазақ ағаш өнерінің көркем пластикасындағы ұлттық стильдің ерекшеліктері» табиғатын ұғынуға тырысқан зерттеушілер, шеберлердің әсемдеу мен еліктеушілік инстинкті арқылы іске асқанын, адамдар арасында қатынас құралы ретінде, әлем танудың қайнар көзі ретінде тарихи кезеңдер мен халықтар туралы деректер беретін өзіндік код ретінде, мәтін мен таңба жүйесі, ойын мен ләззат алуды сыйлайтын, адамның иррационалды және бейсаналы бастамасының көрінуі ретінде және суретші тұлғасы арқылы өзіндік сана мен өзіндік жеткізу әдісі деп түсінеді. Осы түсініктемелердің барлығы өнер туралы жинақталған білімді бейнелейді және мәдениеттің әр түрлі қырларын ашады.

3. Алғашқы ағаш шеберлері туындыларын шынайы өмірден алып отырған, әрі көрген бейнелерін шынайы көрсете алған. Ою-өрнек тәрізді шартты бейнелерді өте сауатты қолдана алды. Сомен қатар жалпылықтың типтік даралығына мүмкіндігінше көбірек көңіл бөлінді, табиғатқа сәйкес қарапайым ұқсастық шеңберінен шығуға талаптанды, бұл абстрактылы ойлау қабілеттілігін жетілдіруге себепші болды. Шындыққа негізделген өнер тек шынайы өмір көшірмесі ғана емес, оның көркем бейнесі өмірдің жинақталған бейнесін береді, нақтылы мәдени кезеңдердің ең маңызды кейіпкерлерін, жағдайларын, сезімдерін, ойларын, мәселелерін тамаша көрсетеді. Шартты өнер көркемдік бейнелердің, мазмұнын кеңейтіп, түсіндіруге мүмкіндік беріп рәміздік болуы мүмкін.

^ Жұмыстық теориялық және практикалық құндылығы, қолданыс салалары. Зерттеудің теориялық құндылығы «Қазақ ағаш өнерінің көркем пластикасындағы ұлттық стильдің ерекшеліктері» тарихи-көркем формаларына өнертанулық суреттемелер беру зерттеулерді ынталандырып, өнер шеберлері арасындағы шығармашылық пен еліміздегі өнертану ғылымындағы өнер тарихының әдіснамалық мәселелеріне бет бұруға себебін тигізеді. Олардың арасында қазіргі бейнелеу өнеріндегі дәстүр жалғастығының рәміздік негіздері алдыңғы қатарға шығады.

Ұлттық нақыштау үлгілеріне рәміздік, мағыналық, салыстырмалық түсіндірмелер беру құндылық бағдарлары енді қалыптасып келе жатқан елімізде мәдениеттілік пен өркениеттілікті тәрбиелеу үдерісінде жан-жақты қолданыс таба алады. Диссертациялық зерттеудің нәтижелері мен қағидалары жоғарғы оқу орындарында оқытылатын өнертану, эстетика пәндерінде және өнер университеттерінің арнайы пәндер сабақтарында қолданыс таба алады.

^ Зерттеу нәтижелерінің баяндалуы мен мақұлдануы.

Диссертациялық ізденіс Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының «Дизайн және сәндік-қолданбалы өнер» факультетінің «Сәндік-қолданбалы өнер» кафедрасында орындалып, осы кафедраның мәжілісінде талқылауға ұсынылды.

Диссертация тақырыбына байланысты жарияланған мақалалар: 1.«^ Аң стильінің»- қазақстаның қазіргі бейнелеу өнеріндегі үйлесімділігі» «Хабаршы». ҚР ҚМ ӘИ. №3(9). 2010 ж.

2.«Ағаш өнерінің киесі». XXI ғасырдың өнері: ғылымның қайнар көздері мен жаңа бағыттарын іздеу барысы атты халықаралық-практикалық конференция. Т.Жүргенов ат. ҚҰӨА. 25 наурыз 2010ж.


Министерство Образоваия и Науки Республики Казахстан

Казахская Национальная Академия искусства им. Т.Жургенова


^ БАТАН ШАТТЫК


«Особенность национального стиля художественной пластики

Казахского искусства по дереву»


6М041700 « прикладное искусство»

специализация:: «Художественное дерево»


^ РЕФЕРАТ

диссертации на сооискание академической степени магистра
  1   2   3



Похожие:

Рефераты ғылыми жетекшісі: Берістенов Ж. Т. философия ғыл кан. ҚР мәдениет қайраткері. Алматы 2011 Жұмыстың құрылымы мен көлемі iconДиссертацияның құрылымы мен көлемі: Ж
Диссертацияның құрылымы мен көлемі: Жұмыстың құрылымы оныңмақсаты мен міндеттерімен айқындалады. Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен,...
Рефераты ғылыми жетекшісі: Берістенов Ж. Т. философия ғыл кан. ҚР мәдениет қайраткері. Алматы 2011 Жұмыстың құрылымы мен көлемі iconМагистрлік жұмыстың көлемі және құрылымы
Магистрлік жұмыстың көлемі және құрылымы. Магистрлік жұмыс көлемі 103 бет, кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған...
Рефераты ғылыми жетекшісі: Берістенов Ж. Т. философия ғыл кан. ҚР мәдениет қайраткері. Алматы 2011 Жұмыстың құрылымы мен көлемі iconЖұмыстың құрылымы мен көлемі
Негізгі тірек сөздер: антропоцентристік парадигма ұғымы, лингвомәдениеттаным, фразеотіркестердің тарихи-лингвистикалық сипаты, есімді...
Рефераты ғылыми жетекшісі: Берістенов Ж. Т. философия ғыл кан. ҚР мәдениет қайраткері. Алматы 2011 Жұмыстың құрылымы мен көлемі iconДиссертациялық жұмыстың көлемі мен құрылымы: жұмыс кіріспе, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады
Удің көкейтестілігі, мақсаты мен міндеті, зерттеудің нысаны мен пәні, болжамы, зерттеудің әдістемелік негіздері, зерттеудің ғылыми...
Рефераты ғылыми жетекшісі: Берістенов Ж. Т. философия ғыл кан. ҚР мәдениет қайраткері. Алматы 2011 Жұмыстың құрылымы мен көлемі iconДиссертацияның көлемі мен құрылымы
Диссертацияда философия, социология, педагогика, психология және менеджмент бойынша 35 астам әдебиет көзі пайдаланды
Рефераты ғылыми жетекшісі: Берістенов Ж. Т. философия ғыл кан. ҚР мәдениет қайраткері. Алматы 2011 Жұмыстың құрылымы мен көлемі iconЖұмыстың жалпы сипаттамасы
Диссертацияның құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс кіріспе, 4 тарау, қорытынды, әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады....
Рефераты ғылыми жетекшісі: Берістенов Ж. Т. философия ғыл кан. ҚР мәдениет қайраткері. Алматы 2011 Жұмыстың құрылымы мен көлемі iconДиссертациялық жұмыстың көлемі мен құрылымы
Диссертациялық жұмыс 80 бет көлемінде. Жұмыс мазмұнын ашуда 78 әдебиет пайдаланылды. Диссертациялық жұмыста 15 кесте, 3 сурет, 1...
Рефераты ғылыми жетекшісі: Берістенов Ж. Т. философия ғыл кан. ҚР мәдениет қайраткері. Алматы 2011 Жұмыстың құрылымы мен көлемі iconДиссертация көлемі мен құрылымы
Диссертация кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және 60 пайдаланылған әдебиеттер көзінен құралады. Жұмыстың негізгі мазмұны кестелермен...
Рефераты ғылыми жетекшісі: Берістенов Ж. Т. философия ғыл кан. ҚР мәдениет қайраткері. Алматы 2011 Жұмыстың құрылымы мен көлемі iconДиссертациялық жұмыстың көлемі мен құрылымы
Диссертациялық жұмыс 84 бет көлемінде. Жұмыс мазмұнын ашуда 80 әдебиет пайдаланылып, оның көбі шетелдік әдебиеттер болып табылады....
Рефераты ғылыми жетекшісі: Берістенов Ж. Т. философия ғыл кан. ҚР мәдениет қайраткері. Алматы 2011 Жұмыстың құрылымы мен көлемі iconДиссертациялық жұмыстың көлемі мен құрылымы
Диссертациялық жұмыс 74 бет көлемінде. Жұмыс мазмұнын ашуда 97 әдебиет пайдаланылып, оның көбі шетелдік әдебиеттер болып табылады....
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kze.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы