Жамбыл облысының Статистика департаменті туралы ереже Жалпы ережелер icon

Жамбыл облысының Статистика департаменті туралы ереже Жалпы ережелер



НазваниеЖамбыл облысының Статистика департаменті туралы ереже Жалпы ережелер
Дата конвертации04.01.2013
Размер64 Kb.
ТипДокументы
источник


Қазақстан Республикасы

Статистика агенттігі 2008 жылғы 05.05. № 62 бұйрығымен бекітілген


Жамбыл облысының Статистика департаменті туралы ереже


Жалпы ережелер

1. Жамбыл облысының статистика Департаменті (бұдан әрі - Департамент) мемлекеттік мекеме мен Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің аумақтық органы болып табылады.

2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында ашылатын шоттары, өз атауы мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған бланклері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнелеген және өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі болады.

4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. Департамент егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өкілетті болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

6. Департамент туралы ережені, оның құрылымын және жалпы штаттық санын Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен Агенттіктің штат санының лимиті шегінде Агенттік төрайымының келісімінен кейін Агенттіктің Жауапты хатшысы бекітеді.


7. Департаменттің заңды мекен-жайы: – 080012, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, № 18 үй

8. Толық атауы – Жамбыл облысының Статистика департаменті

9. Осы ереже Департаменттің құрылтайшы құжаты болып табылады.

10. Департаменттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

11. Департаментке Департаменттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.

Егер Департаментке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.


^ Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары


Департаменттің негізгі міндеттері:

1) мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу;

2) ғылыми әдіснама және халықаралық стандарттардың негізінде бірыңғай статистикалық ақпарат жүйесінің жұмыс істеуін және оның жетілдіруін қамтамасыз ету;

3) мемлекеттік, комерциялық құпиялардың сақталуын және бастапқы статистикалық ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету;

4) статистикалық көрсеткіштердің тұтастығын, растығы мен жеткіліктілігін, сондай-ақ статистикалық ақпараттың уақытылы жиналуын қамтамасыз ету;

5) елімізде болып жатқан экономикалық және әлеуметтік процестер мен олардың даму үрдістерін жан-жақты және объективті түрде зерделеу, қорыту және талдау.


12. Департамент Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) мемлекеттік органдарды, іскерлік топтар мен қоғамды ел өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы объективті статистикалық ақпаратпен қамтамасыз етеді;

2) Мемлекеттік статистиканы жетілдіру бойынша бағдарламаны іске асырады;

3) заңды және жеке тұлғалар үшін жиынтық статистикалық ақпаратқа қол жетімділікті қамтамасыз ету;

4) мемлекеттік статистика органдарына ақпарат ұсынатын жеке және заңды тұлғаларды статистикалық нысандар бланкілерімен және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтармен қамтамасыз ету;

5) өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы ақпараттық-статистикалық дерекқорды жинақтауды, жүргізуді және жандандыруды қамтамасыз ету;

6) халықаралық стандарттарға сәйкес Мемлекеттік статистикалық тіркелімдерді жүргізу;

7) өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы талдау жүргізу, статистикалық жинақтар, бюллетендер, экономикалық шолулар және басқа статистикалық материалдарды басып шығару және тарату;

8) бастапқы статистикалық ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету;

9) әрбір шаруашылықтың есебін жүргізудің және осы есептің деректерін тиісті статистикалық көрсеткіштер өндіру үшін пайдаланудың әдіснамалық басшылығын жүзеге асыру;

10) ұйымдардың лауазымды тұлғаларын мемлекеттік статистикалық байқаулар жүргізуге тарту;

11) мемлекеттік статистика мәселелері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарастыру.


13. Департамент міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде құқылы;

1) заңды тұлғалардан расталған мемлекеттік статистикалық есептілікті статистикалық жұмыстар жоспарында белгіленген көлемдер мен мерзімдерде өтеусіз алуға;

2) заңнамада белгіленген жағдайларда жеке тұлғалардан олардың экономикалық және әлеуметтік-демографиялық жағдайы, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметі туралы статистикалық қорытынды жасауға және талдау үшін расталған ақпаратты алуға;

3) конъюнктурлық сауалдар, халықтың экономикалық және әлеуметтік-демографиялық жағдайын зерделеу бойынша сауалдар және басқа арнайы зерттеулер жүргізу;

4) мемлекеттік органдардан бастапқы статистикалық ақпараттарды, сондай-ақ орындалатын функцияларына қарай Мемлекеттік статистикалық тіркелімді жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік органдар қалыптастыратын жиынтық статистикалық деректерді қайталамайтын статистикалық деректерді өндіру үшін оларда бар басқа да ақпаратты алуға;

5) статистикалық ақпараттың есептеу әдістемесін түсіндіре отырып, статистикалық ақпаратты тұтынушылармен жұмысты жүзеге асыру;

6) Департаменттің құзіретіне жататын мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуге;

7) мемлекеттік органдарға олар қабылдаған, статистика саласында мемлекеттік саясатты іске асыруға кедергі келтіретін нормативтік құқықтық актілерді тоқтату немесе өзгерту туралы ұсыныстар енгізуге;

8) Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі белгілеген ақпараттық жүйелерді және автоматтандыру мен компьютерлендірудің басқа да құралдарын құру жөніндегі іс шараларды іске асыруға.

^ Департаменттің мүлкі


14. Департаменттің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.

Департаменттің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады және қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Департаменттің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.

15. Департаментке бекітіп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.

16. Департамент өз бетімен оған бекітіп берілген мүліктің иеліктен шығаруға немесе өзге де тәсілдермен билік етуге құқығы жоқ.

Департаментке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін.

^ Департаменттің қызметін ұйымдастыру


17. Департамент Агенттіктің аумақтық органы болып табылады.

18. Департаментке басшылықты Департаменттің қызметіне дербес жауап беретін Департамент бастығы жүзеге асырады, ол оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды.

19. Департамент бастығын Агенттік Төрайымының келісімінен кейін Агенттіктің Жауапты хатшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

Департамент бастығында Департамент бастығының ұсынымы бойынша Агенттік Төрайымының келісуінен кейін Агенттіктің Жауапты хатшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.

20. Департамент бастығы:

1) мемлекеттік басқарудың тиісті салаларында (аясында) Агенттіктің төрайымы қалыптастыратын саясатты іске асырады және оның тапсырмаларын орындауды қамтамасыз етеді;

2) Департмент қызметінің ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуін ұйымдастырады;

3) бұйрықтар шығарады;

4) өз орынбасарларының және құрылымдық бөлімшелері басшыларының өкілеттіктері мен міндеттерін белгілейді;

5) құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді бекітеді;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департамент қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Департаментті білдіреді;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департамент қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

10) Агенттіктің төрайымымен келісім бойынша Департаменттің штаттық кестесін бекітеді.

21. Департамент бастығының жанынан консультативтік-кеңесші орган болып табылатын алқа құрылады.

Алқаның сандық құрамы Қазақстан Республикасы Статистика агенттігімен бекітіледі.

Алқаның дербес құрамын Департамент бастығы бекітеді.


Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату


22. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.




Похожие:

Жамбыл облысының Статистика департаменті туралы ереже Жалпы ережелер iconАстана қаласының Статистика департаменті туралы ереже Жалпы ережелер
Астана қаласының Статистика департаменті (бұдан әрі Департамент) мемлекеттік мекеме және Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің...
Жамбыл облысының Статистика департаменті туралы ереже Жалпы ережелер iconАстана қаласының Статистика департаменті туралы ереже Жалпы ережелер
Астана қаласының Статистика департаменті (бұдан әрі Департамент) мемлекеттік мекеме және Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің...
Жамбыл облысының Статистика департаменті туралы ереже Жалпы ережелер iconЖамбыл облысы статистика Департаментінің 2011 жылғы жұмысы туралы есеп
Жамбыл облысының статистика Департаменті мемлекеттік статистика аясында мемлекеттік басқарманың қызметін атқаруға және қадағалауға...
Жамбыл облысының Статистика департаменті туралы ереже Жалпы ережелер iconӘкімшілік басқармасы туралы ереже жалпы ережелер
Осы Ереже Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті туралы (бұдан әрі – Комитет)...
Жамбыл облысының Статистика департаменті туралы ереже Жалпы ережелер iconҚазақстан Республикасы Статистика Aгенттігі Жамбыл облысының статистика департаменті
Байзақ (9,4%-ға), Жамбыл (18,7%-ға), Жуалы (8,4%-ға), Қордай (27,6%-ға), Т. Рыскұлов ауданы (8,4%-ға), Сарысу (0,4%-ға), Талас (17,6%-ға),...
Жамбыл облысының Статистика департаменті туралы ереже Жалпы ережелер iconҚазақстан Республикасы Статистика Aгенттігі Жамбыл облысының статистика департаменті
Байзақ (5,3%-ға), Жамбыл (10,8%-ға), Жуалы (2,0%-ға), Қордай (12,3%-ға), Т. Рыскұлов ауданы (7,0%-ға), Мерке (1,0%-ға), Сарысу (3,1%-ға),...
Жамбыл облысының Статистика департаменті туралы ереже Жалпы ережелер iconРеспонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну ережесі Жалпы ережелер
Ереже) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі Заң) 12-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді...
Жамбыл облысының Статистика департаменті туралы ереже Жалпы ережелер iconҚазақстан Республикасы Статистика Aгенттігі Жамбыл облысының статистика департаменті
Байзақ (19,1%-ға), Жамбыл (16,6%-ға), Жуалы (6,0%-ға), Қордай (2,6 есеге), Т. Рыскұлов ауданы (16,7%-ға), Мерке (20,0%-ға), Сарысу...
Жамбыл облысының Статистика департаменті туралы ереже Жалпы ережелер iconҚазақстан Республикасы cтатистика Aгенттігі Жамбыл облысының статистика Департаменті
Жамбыл облысындағы өнеркәсіп кәсіпорындары сатып алған материалдық-техникалық ресурстардың орташа бағаларының индекстері
Жамбыл облысының Статистика департаменті туралы ереже Жалпы ережелер icon2012 жылғы қаңтар-қазан айында Жамбыл облысы статистика Департаменті басшыларының азаматтарды қабылдау нәтижесі туралы мәліметтер
Жамбыл облысы статистика Департаменті басшыларының азаматтарды қабылдау нәтижесі туралы мәліметтер
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kze.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы