|
2011 жылғы 3 тоқсанға Ақтөбе облысындағы ірі және орта кәсіпорындардың өзара есеп айырысуы Берешек жағдайы кәсіпорындар қызметінің басты сипаттарының бірі болып табылады. 2011 жылғы 1 қазанға облыстың 285 кәсіпорындарында міндеттемелер бойынша берешек 1317567,9 млн. теңгені құрады, оның ішінде мерзімі өткен берешек 1,6% (20613,4 млн. теңге). 2011 жылғы 1 қазанға дебиторлық берешек 728179,3 млн. теңгені құрады, оның ішінде мерзімі өткен берешек – 6445,9 млн. теңге. Экономикалық қызмет түрлері бойынша міндеттемелер бойынша мерзімі өткен берешектің елеулі үлесі кен өндіру және карьерлерді қазу кәсіпорындарын үлесіне тиіп тұр- 53,4%; көтерме және бөлшек сауда, автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу – 17,0%; құрылыс – 25,6%. Млн. теңге
Өңірлер бойынша мерзімі өткен берешек төмендегі кәсіпорындарға бөлініп отыр: Ақтөбе қ.ә. – 82,0%; Хромтау ауданы – 15,7%. млн. теңге ![]()
© Ақтөбе облысының статистика Департаменті |