Қазақстан республикасының мемлекеттік жіктеуіші icon

Қазақстан республикасының мемлекеттік жіктеуіші



НазваниеҚазақстан республикасының мемлекеттік жіктеуіші
страница1/54
Дата конвертации10.04.2013
Размер4.38 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54

ҚР МЖ 04-2008

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖІКТЕУІШІ


_____________________________________________________________________________


ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША

ӨНІМДЕР ЖІКТЕУІШІ

_____________________________________________________________________________


Енгізілген күні 2009.01.01


1 Қолданылу саласы


1.1 Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдердің осы жіктеуіші (ЭҚТӨЖ, бұдан әрі – жіктеуіш) экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімді жіктеу және кодтау тәртібін белгілейді және өнім кодтарын белгілейді.

1.2 Жіктеуіш талаптары министрліктер, ведомстволар, өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, ұйымдастырушылық – құқықтық нысандар мен ведомстволық бағыныстылығына тәуелсіз және техникалық-экономикалық және әлеуметтік ақпаратты кодтау және жіктеу бойынша жұмыстарға қатысатын және (немесе) оларды өз қызметінде қолданатын заңды және жеке тұлғалар үшін міндетті болып табылады.

1.3 Осы жіктеуіштің ережелері:

а) өнімдерді оның экономикалық қызмет түрлерімен функционалды өзара байланысын зерделеуге арналған статистикада;

б) өнімдер бойынша статистикалық деректерді халықаралық салыстыру үшін;

в) өнімдердің (тауарлар мен қызметтердің) ұлттық номенклатурасын әзірлеуге арналған негіз ретінде;

г) өнімдерді сертификаттау және сәйкестендіру бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде;

д) стандарттарды және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеу кезінде қолдануға жатады.


^ 2 Нормативтік сілтемелер


Осы жіктеуіште мынадай нормативтік құжаттарға сілтемелер пайдаланылды:

ҚР СТ 5.0-2005 «Қазақстан Республикасының техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі. Техникалық-экономикалық ақпаратты жіктеу және кодтау жүйесі. Негізгі ережелер».

ҚР СТ 5.2-2005 «Қазақстан Республикасының техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі. Техникалық-экономикалық ақпаратты жіктеу және кодтау жүйесі. Техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жіктеуіштерін жүргізу туралы ереже».

ҚР СТ 5.1-2007 «Қазақстан Республикасының техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі. Техникалық-экономикалық ақпаратты жіктеу және кодтау жүйесі. Техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жіктеуіштерін әзірлеу тәртібі».


^ 3 Терминдер мен анықтамалар


Осы жіктеуіште тиісті анықтамаларымен бірге мынадай терминдер пайдаланылады:


3.1 Өндіріс: Нәтижесінде өнім алатын қызмет.

_________________________________________________________________________

Ресми басылым


3.2 Өнім: Тауарлар мен қызметтерді қамтитын экономикалық қызмет нәтижесі.


3.3 Тауар: Сату-сатып алу мәні болып табылатын өнім.

Е с к е р т п е – Тауарларға сериялы және бір жолғы өнім жатады, шикізат, материалдар, жиынтықтаушы бұйымдар, электр энергиясы және т.б.


3.4 Қызмет көрсету: Бірінші бірлікпен алдын ала келісімге (мысалы, жөндеу жұмыстары, туризм қызметтері) сәйкес басқа экономикалық бірлік қызметінің нәтижесінде, экономикалық бірліктің (кәсіпорынның, әкімшілік мекеменің тұлғалары және т.б.) немесе осы экономикалық бірлікке тиесілі тауардың жағдайындағы өзгеріс.

Е с к е р т п е – Қызмет материалдық зат болып табылмайды және оны ұсынатын жеке немесе заңды тұлғалардың қатысуынсыз көрсетілмейді.


^ 4 Жалпы ережелер

4.1 Осы жіктеуіштің объектілері (жіктелетін жиын элементтері) экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішімен қарастырылған, белгілі бір қызмет түріне жатқызылған тасымалданатын және тасымалданбайтын тауарлар мен қызметтердің барлық түрлері болып табылады (бұдан әрі - ЭҚЖЖ).

4.2 Жіктеуіш тауарлар мен қызметтердің өнеркәсіптік шығу тегіне негізделген кодтарын қалыптастыру принциптерін анықтайды және экономика саласындағы тұтыну қажеттілігіне байланысты ұлттық деңгейде оларды толықтыру және (немесе) кеңейту мүмкіндіктерін ұсынады.

Осы жіктеуіште қарастырылған кодтар бірыңғай алты таңбалы кодта өзара байланысқан жіктеуіштер: аралас ауыл шаруашылығының, балық аулау және аквадақылдың, жиһаздың, құрылыс, бөлшек сауданың сыныптарын қоспағанда, экономикалық қызмет түрлері (ЭҚЖЖ – 4 таңба) және өнімдер жіктеуіштерінің (тағы 2 таңба қосылады) кодтарын біріктіреді.

Осы принципке сәйкес әрбір тауар немесе қызмет оларды өндіру (ұсыну) үшін тән болып табылатын қызмет түрлері бойынша жіктеледі.

^ 5 Жіктеуіш құрылымы

5.1 Жіктеуіш құрылымы екі блоктан тұрады:

- сәйкестендіру;

- атауы.

Сәйкестендіру блогы әріптік-сандық кодты қолданумен кодтаудың дәйекті жүйесіне және жіктеудің иерархиялық жүйесіне ие.

Жіктеуіштің құрама топтамалары (ЭҚЖЖ сәйкес) латын әліппесінің бір әрпімен белгіленген және жіктеуіштің бөлімдерін (секциясын) құрайды. Әріптік белгілер ЭҚЖЖ-дағы сияқты жіктеуіш кодының бөлігі болып табылмайды.

5.2 Кодтау үшін екінші және үшінші, төртінші және бесінші таңбалардың арасындағы нүктелермен алты сандық ондық таңбалар қолданылады. Кодтау әрбір деңгейінің белгісі, элементтердің саны және коды бар көп деңгейлі жүйені білдіреді, оның ішінде:

- бірінші деңгей жіктеуіш бөліктерін анықтайды және алфавитті кодпен белгіленетін тақырыптардан тұрады;

- екінші деңгей жіктеуіш бөлімдерін анықтайды және екі таңбалы сандық кодпен белгіленетін тақырыптардан тұрады;

- үшінші деңгей өнім топтарын анықтайды және үш таңбалы сандық кодпен белгіленетін тақырыптардан тұрады;

- төртінші деңгей өнім сыныптарын анықтайды және төрт таңбалы сандық кодпен белгіленетін тақырыптардан тұрады;

- бесінші деңгей өнім түрлерін анықтайды және бес таңбалы сандық кодпен белгіленетін, тақырыптардан тұрады;

- алтыншы деңгей өнімнің түр тармақтарын анықтайды және алты таңбалы сандық кодпен белгіленетін тақырыптардан тұрады.


Код құрылымы формуласының түрі:

ХХ.ХХ.ХХ, мұнда

ХХ

бөлім

ХХ.Х

топ

ХХ.ХХ

сынып

ХХ.ХХ.Х

түр

ХХ.ХХ.ХХ

түр тармағы


5.3 ӘҚТӨЖ бірінші төрт деңгейі үшін кодтау принциптері, аралас ауыл шаруашылығының, балық аулау және аквадақылдың, жиһаздың, құрылыс, бөлшек сауданың сыныптарын қоспағанда, ЭҚЖЖ кодтау принциптерімен сәйкес болып келеді. Бесінші таңбаны кодтаудың бес таңбалы кодында ол бір немесе одан да көп түрлерді білдіргеніне қарамастан, әрқашан «1» санынан басталады. Алтыншы таңбаны кодтаудың алты таңбалы кодында егер осы түрінде тек қана бір түр тармағы болса «0» санынан, егер олар бірнешеу болса «1» санынан басталады.

Көрсетілген кодтарда сандық разрядтар тікелей жүйелілікпен нөмірленеді, белгілі бір тауарлар бес мәнді деңгейде келесі реттік сан болып табылмаса да «9» санымен белгіленетін жағдайларды қоспағанда.

Егер өнеркәсіптік қызметтер өндірістік қызметтің сипатты нәтижелері болып табылып, бірақ негізгі өнімнің бір түрін көрсетпесе, бұл ерекшеліктер өнеркәсіптік қызметтерге де қатысты болады. Осылайша, мысалы, жөндеу және монтаждау қызметтері түрлердің деңгейінде әрқашан «9» санымен кодталады.

Мысалдар:

1) 01.11 сыныбы 01.11.1 – 01.11.9 түр тармақтарын құрайды, мұнда 9 саны бесінші таңбада келесі реттік сан болып табылады.

2) 10.13 сыныбы 10.13.1; 10.13.9 түр тармақтарын құрайды, мұнда 9 саны бесінші таңбада ережелерден жоғарыда келтірілген ерекшеліктерге бағыттайды.


Жіктеуішті құру үлгісі


С бөлігі Өңдеу өнеркәсібінің өнімдері


10 бөлім Тамақ өнімдері


10.1 топ Ет және консервіленген ет өнімдері

10.11 сынып Қайта өңделген және консервіленген ет

10.11.1 түр Ірі қара мал, шошқа, қой, ешкі, жылқы және

жылқы тектес жануарлардың жас немесе тоңазытылған еті


10.11.11 түр тармағы Жас немесе тоңазытылған сиыр және бұзау еті


Осылайша, 10.11.11 коды - «Жас немесе тоңазытылған сиыр және бұзау еті» өнімін сәйкестендіреді.

5.4 Қажет болған кезде, жіктеуіш топтамалары алтыншы таңбадан кейін қосымша таңбаларды енгізу жолымен кеңейтіле алады, мысалы, 7-, 8-, 9- таңбалар өнімді бұдан әрі жіктеу үшін қолданыла алады. Бұл ретте өнімді кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі бойынша жіктеу үшін өнімді В және С секциясы (Кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі) бойынша ғана жіктейтін, Өнімнің Еуропалық статистикасының (PRODCOM) Өнімдер тізімінің сегіз таңбалы топтамалары қолданылады.


23.52.20.311 кодын қалыптастыру үлгісі:



Түр тармағы

23.52.20

Ғаныш




23.52.20.300

Ғаныш және ангидрит (табиғи немесе синтетикалық)




23.52.20.310

Ғаныш




23.52.20.311

Құрылыс ғанышы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54



Похожие:

Қазақстан республикасының мемлекеттік жіктеуіші iconҚазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру ережесін бекіту туралы
Азақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы Конституциялық Заңының 10-бабының...
Қазақстан республикасының мемлекеттік жіктеуіші iconҚазақстан республикасының мемлекеттік жіктеуіші
Республикасы Индустрия жҫне сауда министрлігінің Техникалық реттеу жҫне метрология комитетінің 2007 жылғы 14 желтоқсандағы №683-од...
Қазақстан республикасының мемлекеттік жіктеуіші iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы №862 Қаулысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы»
Мемлекеттік стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою ережесін...
Қазақстан республикасының мемлекеттік жіктеуіші icon2007 жылғы 4 маусымдағы №258 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы» Заңы
Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимн Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары болып табылады
Қазақстан республикасының мемлекеттік жіктеуіші iconҚазақстан республикасының конституциялық заңЫ
Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимн Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары болып табылады
Қазақстан республикасының мемлекеттік жіктеуіші iconҚазақстан Республикасының Конституциялық Заңы
Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимн Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары болып табылады
Қазақстан республикасының мемлекеттік жіктеуіші iconҚазақстан Республикасының Конституциялық Заңы
Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимн Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері болып табылады
Қазақстан республикасының мемлекеттік жіктеуіші iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы №873 Қаулысы (2009. 27. 01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы»
Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің...
Қазақстан республикасының мемлекеттік жіктеуіші iconҚазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы Заңы
Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимн Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары болып табылады
Қазақстан республикасының мемлекеттік жіктеуіші iconМемлекеттік қызметкердің құқығы туралы Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары 2007 жылғы 21 шілдедегі №303-ііі «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8 бабында қарастырылған
Республиканың азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kze.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы