Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы icon

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы



НазваниеҚазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
страница1/3
Дата конвертации23.10.2013
Размер0.67 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1498 Қаулысы


      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.


      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                            К. Мәсімов


Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2010 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1498 қаулысымен   
бекітілген      


Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған
стратегиялық жоспары Мазмұны


       1. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің миссиясы мен пайымдауы
       2. Ағымдағы жағдайды талдау және тиісті қызмет салаларының даму үрдістері
       3. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және көрсеткіштер нәтижелері
      4. Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту
       5. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл
       6. Тәуекелдерді басқару
       7. Бюджеттік бағдарламалар


1-бөлім. Миссиясы мен пайымдауы


      Миссия - статистика саласында пайдаланушылардың (халық, бизнес, мемлекеттік органдар және халықаралық ұйымдар) сапалы статистикалық ақпаратқа қажеттілігін барынша қанағаттандыруға бағытталған мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру.
      Пайымдауы - статистика саласында халықаралық стандарттарға сәйкес келетін және қазіргі заманауи ақпараттық технологияларды қолданатын кәсіби статистикалық қызмет.


^ 2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау және тиісті қызмет салаларының даму үрдістер


      1. Дамудың негізгі параметрлері
      Белгілі болғандай, мемлекеттік статистиканың дамуы Қазақстан Республикасы дамуының стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге, мемлекеттік органдар жүйесі қызметінің тиімділігін арттыру үшін жағдайлар жасауға бағытталған және бағдарламалық құжаттар мен Президенттің Қазақстан Республикасы халқына жыл сайынғы жолдауларын ақпараттық-статистикалық қамтамасыз етуге қабілетті деп танылды.
      2010 жылғы 19 наурызда «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңы, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік статистика және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
      Мемлекеттік статистика жүйесінің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру бойынша жүргізілген жұмыс статистикалық және статистикалық емес қызметтердің ара жігін ажыратуға, статистиканың сапасын арттыруға, әкімшілік дереккөздерді пайдалану арқылы респонденттерге түсетін жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді.
      Қазақстан Республикасының Статистика Агенттігінің негізгі стратегиялық басымдықтарының бірі статистикалық әдіснаманы жетілдіру болып табылады, оның шеңберінде ағымдағы жылы қолданыстағы және жаңа 17 статистикалық әдіснамалық ережелер мен әдістерді әзірлеуді қайта қарау жоспарлануда.
      Мыңжылдықтың даму мақсатына қол жеткізу прогресін мониторингілеу мақсатында халықты Мульти-индикаторлық кластерлік тексеруді жүргізу жоспарланып отыр.
      «Doing Business» халықаралық рейтингінде Қазақстанның ұстанымын жақсарту жөніндегі жұмыстар мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік статистика және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен Қазақстан Республикасы заңнамасынан кәсіпкерлік субъектілердің құрылтай құжаттарымен қатар статистикалық карточканы міндетті ұсынуын көздейтін нормаларды алып тастау көзделді.
      Осы түзетулерді енгізу нәтижесінде 2010 жылғы 16 сәуірден бастап заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу (қайта тіркеу) барысында тіркелетін субъектілерге статистикалық карточканы беру жойылды.
      Осылайша, Мемлекеттік статистикалық тіркелімге есепке қою және бірыңғайланған, сәйкестендірілген және өзге де жүйелік - есепке алу кодтарын беру құжатсыз, яғни Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерек қорынан электронды түрде келіп түсетін ақпарат негізінде жүргізіледі.
      Деректерді жинаудың және өңдеудің қазіргі заманғы тәсілдерін енгізу бөлігінде заманауи технологияларды қолдану арқылы Агенттіктің ақпараттық инфрақұрылымын елеулі дамыту қажет.
      Электрондық дерек алмасуды қамтамасыз ету үшін «е-үкіметті» енгізу жөніндегі шараларға сәйкес әкімшілік деректерді статистика органдарымен статистикалық ақпарат өндірісінде пайдалануға болатын мемлекеттік органдардың қолданыстағы ақпараттық жүйелерімен интеграциялау бойынша алдағы уақытта жұмыстар жүргізіледі.
      Статистикалық деректерді жинау, өңдеу және тарату процестерін автоматтандырудың жаңа деңгейімен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін «е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесін жасау және енгізу жөнінде жұмыстар жүргізу жоспарлануда.
      Сондай-ақ, Агенттік мемлекеттік статистикаға деген сенім деңгейін арттыруға баса назар аударатын болады.
      Кез келген орган қызметі көрсеткіштерінің бірі, ұсынылатын қызметтердің үнемі жоғарылатуды талап ететін сапасы болып табылады. Өзге мемлекеттермен салыстырғанда Қазақстан Республикасында Мемлекеттік статистикаға деген сенім деңгейі және деректерді сапамен қанағаттандыру дәрежесі салыстырмалы түрде жоғары емес болып табылады.
      Оған қоса, шет мемлекеттерде (Норвегия, Канада, Австралия) статистикалық көрсеткіштерді өндіру үшін барлық әкімшілік дереккөздердің деректерін заңнамалық, технологиялық және ұйымдық деңгейлерде толық пайдалану қамтамасыз етілген, бұл сондай-ақ респонденттерге түсетін жүктемені төмендетуге ықпал етеді (кәсіпорындардың мемлекеттік органдарға тапсыратын есептерінің санын азайту).
      ҚР Статистика агенттігінің сайтына пайдаланушылар өтініштерінің санын ұлғайту мақсатында Агенттіктің интернет-ресурсы жетілдіріледі. Ішкі процестер жетілдірілді және статистикалық ақпаратты қалыптастыру рәсімдерінің айқындығы қамтамасыз етілетін болады.


      2. Негізгі проблемаларды талдау:
      1) статистикалық көрсеткіштерді әзірлеу үшін әкімшілік көздердің деректерін жеткіліксіз пайдалану. Халықаралық статистикалық сала стандарттарында жаңа көріністердің туындауы құрылымдық статистика көрсеткіштерін есептеу әдіснамасы саласындағы қолданыстағы стандарттарды жетілдіру қажеттілігін көрсетеді.
      2) қолда бар әкімшілік деректерді жеткілікті пайдаланбау және көрсеткіштердің жекелеген топтары бойынша алғашқы деректерді өңдеу әдіснамасының және статистикалық нысандардың күрделілігі есебінен респонденттерге жоғары жүктеме. Бұдан басқа, әртүрлі мемлекеттік органдардың және тіркелімдік жүйелер мен ішінара байқаулардың жеткіліксіз қолданылуы мен ұқсас көрсеткіштер жинаудың қайталануы орын алып отыр.
      3) ресми статистикалық деректерге сенімнің және пайдаланушыларды қанағаттандыру дәрежесінің жеткіліксіз деңгейі.
      Агенттіктің ақпараттық инфрақұрылымы төмендегідей сипатталады:
      1) телекоммуникациялық инфрақұрылымның нашар дамуы, бұл сыртқы пайдаланушылармен дерек алмасуды қиындатады;
      2) қолданыстағы ақпараттық жүйелер әдіснамада өзгерістер болған жағдайда тез бейімделуді жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді;
      3) Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік органдар арасындағы келісілген электрондық дерек алмасудың болмауы;
      4) деректерді өңдеу соңғы 10 жыл ішінде әзірленген және айтарлықтай жаңартуды қажет ететін шамамен 200 бағдарламалық кешенді қолдана отырып жүзеге асырылады;
      5) пайдаланушылар Агенттіктің басқаруындағы қолда бар деректер мен статистикалық байқаулардың қамтуын кеңейту мүмкіндіктері немесе ауқымы туралы жеткілікті ақпараттандырылмаған.


      3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау
      Қалыптасқан жағдайды талдау негізінде 2015 жылға дейінгі кезеңге ұлттық шоттар жүйесінің (бұдан әрі - ҰШЖ) жедел дамуының негізгі бағыттары анықталды. Бұл:
      1) «ҰШЖ 2008» жаңа халықаралық стандартын енгізу;
      2) ҰШЖ ішінде жекелеген есептеулер арасындағы салыстырымдылықты жоғарылату;
      3) салааралық баланстың айтарлықтай нақтыланған есептеулеріне өту.
      Нәтижесінде макроэкономикалық көрсеткіштердің ғана емес, сондай-ақ экономика салаларының құрылымын және даму серпінін көрсететін салалық көрсеткіштердің сапасын жоғарылату жоспарлануда.
      «е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйелерді енгізу ағымдағы және келешектегі мұқтаждықтарға бейімделуге қабілетті ақпараттың интеграцияланған желісін ағымдағы сыртқы және ішкі факторлар есебінен құруға және іске асыруға мүмкіндік береді.
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету үшін байланыстың қорғалған арналарын ұйымдастыру;
      2) нақты уақыт режимінде жұмыс істейтін сапалы қызмет көрсету;
      3) статистикалық ақпаратты пайдаланушыларға (халыққа, бизнеске, қоғамдық және мемлекеттік органдарға) «е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйелерді ресурстарына кең қол жетімділікті ұсыну.
      Бұдан басқа, пайдаланушылар біріктірілген статистикалық деректерді оңтайлы интерфейс арқылы алуға мүмкіндік алады, мұның өзінде ақпараттық-талдамалық жүйе және геоақпараттық жүйе пайдаланушыға қажетті кестелік, графикалық және географикалық көріністегі ақпараттың қажетті бөлінісін алуға мүмкіндік береді.
      Сондай-ақ, әкімшілік көздерден деректерді aлу арқылы респонденттерге жүктемені төмендетуге болады. Көптеген мемлекеттік органдарда талап етілетін ақпарат бар, әкімшілік көздерден деректерді алу тіркелімдік кіші жүйелерді өзекті ету көзі болып табылады. Осы ақпарат біріктірілген статистикалық көрсеткіштерді одан әрі өңдеу және қалыптастыру үшін әкімшілік дерекқорда жиналатын болады.


^ 3-бөлім. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер,
нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері


  1. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері


 Ескерту. 1-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.04.05 № 370, 2011.12.06 N 1477, 2011.12.30 № 1666, 2012.12.24 № 1667, 2012.12.29 № 1745 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.08.2013 N 850 қаулыларымен.


1-стратегиялық бағыт. Ұсынылатын ақпараттың сапасын арттыру


1.1-мақсат. Экономиканың барлық аяларын, салаларын сапалы көрсеткіштермен қамтамасыз ету және статистикалық деректерді түзуді оңтайландыру


      Ескерту. 1-1-мақсаттың тақырыбы жаңа редакцияда  - ҚР Үкіметінің 2011.12.30 № 1666 Қаулысымен.

Нысаналы индикатор (Қол жеткізудің соңғы мерзімін (кезеңін) көрсете отырып)

Ақпараттың дереккөзі

Өлш. бірл.

Есепті кезең

Ағымдағы жылдың жоспары

Жоспарлы кезеңде

2009

2010

201 1

2012

2013

2014

2015

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Алдын-ала және есепті деректер бойынша ҰШЖ көрсеткіштерінің есептеулеріндегі номиналды айырмашылықтар

Жедел ақпарат

айырмашылықтар %

7

6

5

4,5

4

3,5

3

2

Әртүрлі әдістермен есептелген ҰШЖ көрсеткіштерініңесептеулеріндегі номиналды айырмашылықтар

Жедел ақпарат

айырмашылықтар %

7

6

5

4,5

4

3,5

3

1.1.1-міндет Статистикалық әдіснаманы және құралдарды жетілдіру

Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері

Ақпараттың дереккөзі

Өлш. бірл.

2009

2010

Жоспарлы кезең

2011

2012

2013

2014

2015

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Жалпы ішкі өнімнің мөлшеріне, құрылымына және есу қарқынына әсер ететін 2008 ҰШЖ-ға сәйкес әзірленген және қайта қаралған әдіснамалық ұсынымдар үлесі

Әдіснамалық ұсынымдар

қайта қаралған әдіснамалардың жалпы санынан %





29

58

79

93

100

2

Пайдаланушылардың талаптарына сәйкес енгізілген құрылымдық статистика көрсеткіштерінің үлесі

Әдіснамалық ұсынымдар

%





20

40

60

80

100

3

Статистика салалары бойынша енгізілетін жаңа статистикалық байқаулар саны

Статистикалық жарияланымдар

бірл.

11

3

5

3

2

2

3

4

Халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жаңа статистикалық көрсеткіштердің саны

Статистикалық жарияланымдар

бірл.

97

48

33

17

22

10

7

Тікелей нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар

Жоспарлы кезеңде іске асыру мерзімі

2011

2012

2013

2014

2015



1

2

3

4

5

6

1

ҰШЖ-да және салалық статистика бойынша жаңа әдістемелерді әзірлеу және қолданыстағы әдістемелерді қайта қарау

X

X

X

X

X

2

Құрылымдық статистика көрсеткіштерін есептеу әдіснамасын жетілдіру

X

X

X

X

X

3

Әдіснаманы жақсартуға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу



X



X

X

4

Салалық статистика бойынша енгізілген статистикалық әдістемелердің саны

X

X

X

X

X

5

Жаңа статистикалық байқауларды енгізу

X

X

X

X

X

6

Жаңа статистикалық көрсеткіштерді енгізу және қолда бар статистикалық көрсеткіштердің салғастырымдылығын арттыру

X

X

X

X

X

7

Әзірлеу (қайта бекіту):



















экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші




X












экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдердің мемлекеттік жіктеуіші





X








негізгі қорлардың мемлекеттік жіктеуіші










X







әкімшілік-аумақтық объектілердің мемлекеттік жіктеуіші










X




8

Байқауларды жаппай әдістен іріктемелі әдіске ауыстыру

X




X




X


      Ескерту. 1.1.2-міндет алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.12.30 № 1666 Қаулысымен.


1.2-мақсат. «е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесін жасау және енгізу арқылы деректердің өңдеу жүйесін дамыту


      Ескерту. 1-2-мақсаттың тақырыбы жаңа редакцияда  - ҚР Үкіметінің 2011.12.30 № 1666 Қаулысымен.

Нысаналы индикатор (қол жеткізудің соңғы мерзімін (кезеңін) көрсете отырып)

Ақпараттың дереккөзі

Өлш. бірл.

2009

2010

Жоспарлы кезеңде

2011

2012

2013

2014

2015

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Әкімшілік дереккөздермен өзара іс-қимыл үдерістерін автоматтандыру деңгейі

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің қызметі туралы жылдық есеп

%

12

33

83

91

95

100



1.2.1-міндет. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу, енгізу және дамыту

Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері

Ақпараттың дереккөзі

Өлш.
бірл.

2009

2010

Жоспарлы кезең

2011

2012

2013

2014

2015

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары жөніндегі, статистикалық деректерді өңдеу және талдау жөніндегі есептерді жинау бойынша статистикалық тіркелімдердің енгізілген ақпараттық жүйелердің саны

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің қызметі туралы жылдық есеп

бірл.

2




2

4

3





2

Пайдаланушыларға статистикалық ақпаратты ұсыну бойынша корпоративтік қолдануға және ақпараттық жүйелер үшін енгізілген ақпараттық жүйелердің саны

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің қызметі туралы жылдық есеп

бірл.









5





3

Статистикалық нысандардың электрондық форматтағы саны

Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң қызметi туралы жылдық есеп

Статистикалық есептің нысаны, бірл.

8

53

63

73

140





4

Басқа мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiмен деректердi электрондық алмасу үшiн интеграциялау және өзара iс-қимылдар

Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi мен орталық мемлекеттiк органдар арасындағы бiрлескен бұйрықтар

бірл.

3

5

12

2

6

3

2

Тікелей нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар

Жоспарлы кезеңде іске асыру мерзімі

2011

2012

2013

2014

2015



1

2

3

4

5

6

1

Тіркелімдік ақпараттық жүйелерді және «Метадеректер» ақпараттық жүйесін әзірлеу және енгізу

х

х

х





2

«on-line режимінде деректерді жинау» ақпараттық жүйесін әзірлеу және енгізу

х

х

х





3

Мыналарды жасау және енгізу:











«Бастапқы статистикалық деректерді сақтау» ақпараттық жүйесін

х

х







«Әкімшілік деректер» дерек қорын

х

х







«Бастапқы статистикалық және әкімшілік ақпараттарды өңдеу» ақпараттық жүйесін

х

х

х





Ақпараттық-талдау жүйесі және «Агрегатталған көрсеткіштер» дерек қорын

х

х

х





сыртқы Интернет-порталын және ішкі Интранет-порталын

х

х

х





Интеграциялық компонентті жасау және енгізу және интеграцияланатын мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен деректердің электрондық алмасуын интеграциялау және жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарды жүргізу

х

х

х

х



4

Статистикалық нысандарды электрондық форматта енгізу және қолдау

х

х

х

х

х


1.3-мақсат. Статистикалық ақпаратты тарату жүйесін дамыту


      Ескерту. 1-3-мақсаттың тақырыбы жаңа редакцияда  - ҚР Үкіметінің 2011.12.30 № 1666, өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.12.24 № 1667 Қаулыларымен.


Нысаналы индикатор (қол жеткізудің соңғы мерзімін (кезеңін) көрсете отырып)

Ақпараттың дереккөзі

Өлш. бірл.

2009

2010

Жоспарлы кезеңде

2011

2012

2013

2014

2015

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Мемлекеттік статистика деректеріне сенімділік деңгейі

Сауалнамалық пікіртерім

%



70

75

77

78

79

80

2

«Мемлекеттік органдар қабылдайтын шешімдердің ашықтығы» индикаторы бойынша БҒИ рейтингіндегі айқындамасы

ДЭФ есебі

орын



75

65

31

30

29

28

1.3.1-міндет. Пайдаланушыларды статистикалық ақпаратпен қамтамасыз етілуін жақсарту

Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері

Ақпараттың дерекөзі

Өлш. бірл.

2009

201 0

Жоспарлы кезең

2011

2012

2013

2014

2015

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Агенттiктiң интернет-ресурсына және ақпараттық-талдамалық жүйесіне статистикалық ақпаратты пайдаланушылардың кiру санын арттыру

Интернет ресурс

бірлік

140 000

250 000

300 000

400 000

800 000

1200 000

1600 000

2

Экономикалық қызметтiң жалпы жiктеуiшi мен экономикалық қызмет түрлерi бойынша өнiмдер жiктемелерiнiң жаңа жүйесiне сәйкес 2009 - 1990 жылдардағы серпiндiлiк қатарларын қайта санау

Интернет ресурс

(жылдар)





4
(2006 - 2009)

8
(1998 - 2005)

8
(1990 - 1997)





3

ИСО 9001 стандарт талаптарына сапа менеджменті жүйесін сәйкестігін растау саны

Сертификаттаушы ұйымның аудиті бойынша есеп

Сертификат
(сәйкестікті растау)

1

1

6

18

18

18

18

4

Ресми статистикалық ақпараттың ашықтығы мен жалпы қолжетімділігіне бағытталған, өткізілген іс-шаралардың саны

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің қызметі туралы жылдық есеп

бірлік







15

15

15

15

Тікелей нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар

Жоспарлы кезеңде іске асыру мерзімі

2011

2012

2013

2014

2015



1

2

3

4

5

6

1

Статистикалық ақпаратты Интернет-ресурс арқылы таратуды кеңейту

х

х

х

х

х

2

Серпінділік қатарларды салғастырымды түрге келтіру

х

х

х

х

х

3

Талдамалық зерттеу жүргізу арқылы деректерді таратуды жетілдіру

х

х

х

х

х

4

Халықтың ұлттық санағының қорытындылары бойынша статистикалық жинақтарды (серияларды) қалыптастыру және шығару

х









5

Халықтың ұлттық санағының қорытындылары бойынша талдамалық есепті дайындау

х

х

х

х

х

6

Агенттік Төрағасының қатысуымен ай сайынғы негізде брифинг өткізу

х

х

х

х

х

7

ИСО 9001 стандарттарының талаптарына сәйкес келетін сапа менеджменті жүйесін енгізу және дамыту бойынша қызмет көрсетулерді сатып алу (орталық аппарат және аумақтық органдар)

х

х

х

х

х

8

ИСО 9001 стандарт талаптарына сәйкес жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу (орталық аппарат және аумақтық органдар)

х

х

х

х

х

9

Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерін әзірлеу



х







10

Ұлттық компаниялардың қаржы-шаруашылық қызметі туралы статистикалық ақпаратты қалыптастыру

х

х

х

х

х

11

Ашық есік күндерін және интернет - конференциялар өткізу

х

х

х

х

х


2. Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі


      Ескерту. 2-кіші бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.30 № 1666 Қаулысымен.


Мемлекеттің стратегиялық бағыттары мен мақсаттары

Стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттың атауы

1 стратегиялық бағыт. Ұсынылатын ақпараттың сапасын жақсарту
1.1-мақсат. Экономиканың барлық аяларын, салаларын сапалы көрсеткіштермен қалыптастыру және статистикалық деректерді түзуді оңтайландыру
1.2-мақсат. «е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесін жасау және енгізу арқылы деректердің өңдеу жүйесін дамыту
1.3-мақсат. Статистикалық ақпаратты тарату жүйесін дамыту

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922  Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары

  1   2   3



Похожие:

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы icon12. 04. 2012 жылғы №452 «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы»
«Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Республикасы Статистика агенттігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Республикасы Статистика агенттiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Республикасы Статистика агенттiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconПостановление Правительства республики к азахстан 201 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 201 года № № № данасы экз. №
«Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconПостановление Правительства республики к азахстан 201 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 201 года № № № данасы экз. №
«Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы icon"Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 31 желтоқсандағы №1498 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
Республикасы Статистика агенттiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010...
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Республикасы Статистика агенттігінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары және міндеттері
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы icon"Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 31 желтоқсандағы №1498 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Республикасы Статистика агенттiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010...
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын
Агенттікте макроэкономикалық жоспарлау бойынша норвегиялық сарапшылардың сапары өтті
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kze.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы