Туризм статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар icon

Туризм статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар



НазваниеТуризм статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар
Дата конвертации01.01.2013
Размер339.96 Kb.
ТипДокументы
источник








Қазақстан Республикасы

Статистика агенттігі төрағасы

міндетін атқарушысының

2010 жылғы __30 желтоқсандағы__

№_356_бұйрығына қосымша


Туризм статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар


Астана 2010


Кіріспе


Туризм статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі – Әдістемелік ұсынымдар) Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының «Статистикалық әдіснама мен статистикалық құралдарды жетілдіру» стратегиялық бағытын жүзеге асыру шеңберінде әзірленді.

Осы әзірлеменің әдістемелік негізі Дүниежұзілік туристік ұйыммен (ДТҰ), Біріккен Ұлттар Ұйымының Статистика бөлімімен, Халықаралық еңбек ұйымымен (ХЕҰ), Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (ЭЫДҰ), Еуростатпен, Халықаралық валюта қорымен (ХВҚ), Дүниежүзілік сауда ұйымымен (ДСҰ) ынтымақтастықта әзірленген 2008 жылғы туризм статистикасы бойынша халықаралық ұсынымдар болып табылады.

Әзірленген әдістемелік ұсынымдар статистикалық көрсеткіштер жүйесін оның халықаралық деңгейде салғастырымдылығын қамтамасыз ету үшін БҰҰ халықаралық ұсынымдарына сәйкес қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Осы әдістемелік ұсынымдар туризм статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша статистикалық көрсеткіштерді қалыптастыру және статистиканың аумақтық органдарымен тәжірибелік жұмысында пайдалануда басшылық ретінде қызмет етеді.


Мазмұны


1.

Жалпы ережелер ……………………………………………………..…

4

2.

Туризм статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру ......………........

9

2.1

Туристік қызметтің негізгі статистикалық көрсеткіштері...................

10

2.1.1

Туристік сапарлардың сипаттамалары…………………………………

12

2.2

Орналастыру орындарының негізі статистикалық көрсіткіштері ......

16

2.3

Туристік шығындар……………………………………………………..

18




Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………………

22




  1. ^ Жалпы ережелер


1. Туризм соңғы уақытта экономикалық және әлеуметтік құбылыс ретінде ауқымы айтарлықтай кеңейген қызмет түрі болып табылады. Қазіргі уақытта туризмнің экономикада тікелей немесе қосылған құнды құру, жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуде, жеке табыста, мемлекеттік кірісте және т.с.с. әсер ету жолымен алып тұрған немесе алатын рөліне көп назар аударылуда.

2. 2008 жылғы Туризм статистикасының халықаралық ұсынымдары барлық елдерде олардың статистикалық жүйелерінің даму деңгейіне қарамастан туризм бойынша статистикалық деректерді жинау және өңдеу үшін бәрін қамтитын әдіснамалық негізді қамтамасыз етеді.

2008 жылғы Туризм статистикасының халықаралық ұсынымдары халықаралық стандарттардың іргелі негіздерін қозғаған жоқ. Солай бола тұра енгізілген өзгерістер маңызды болып табылады және атап айтқанда «келуші», «туристік сапар», «тұрудың кәдімгі ортасы» деген түсініктерді нақтылауға, байқаудың маңызды объектілерінің бірі ретінде «туристердің отбасылық ұжымы» түсінігін енгізуге, сапарлар мақсаты жіктелімін көтермелеу сапарларымен толықтыру, орналастыру түрлері жіктелімін, өндірістік қызмет өнімдері мен түрлері жіктелімін, сондай-ақ келушілер санатының қамтуы саласын толықтыруға, «туристік шығындар» мен «туристік тұтынулар» түсініктерінің ара жігін ажыратуға, туризмге талдау жүргізуде еңбекпен қамту құрамдас бөлігінің маңыздылығын арттыруға, туризм көрсеткіштерінің төлем теңгерімі статистикасымен байланысын анықтауға қатысты.

3. Туризм статистикасы бойынша қолданыстағы әдістемелік ұсынымдарға жаңа стандартпен келістілігін арттыру үшін өзгерістер енгізілді. Нәтижесінде 2008 жылғы туризм статистикасы бойынша ұсынымдарымен сыйысатын және Қазақстанның нақты талаптары мен шарттарына бейімделген туризм статистикасы көрсеткіштерін анықтау және қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленді.

Әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу үшін 2008 жылғы туризм статистикас бойынша халықаралық ұсынымдардың тұжырымдамалық негіздері пайдаланылды.

Осы әдістемелік ұсынымдарда келтірілген тұжырымдарды, анықтамаларды, жіктелімдер мен көрсеткіштерді туризм статистикасы жүйесінің маңызды негізі ретінде қарастырған жөн. Осылайша олар туризм саласында ақпараттарды үйлестіру, салғастыру және түсіндіру кезінде негізгі материал ретінде пайдаланылуы тиіс.

4. Әдістемелік ұсынымдарда келесі түсініктер пайдаланлады:

  1. туризм - жеке тұлғалардың уақытша болатын елде (жерде) жиырма төрт сағаттан бiр жылға дейiн не жиырма төрт сағаттан аз уақытқа созылатын, бiрақ түнейтiн, ақылы қызметпен байланысты емес мақсаттағы саяхаты;

  2. ішкі туризм – қарастырылып жатқан ел шегінде тұрақты тұрып жатқан келушінің ішкі туристік сапар немесе шығу туристік сапар шеңберіндегі қызметі;

  3. келу туризмі – қарастырылып жатқан елде тұрмайиын келушінің келу туристік сапары кезінде осы ел шегіндегі қызметі;

  4. шығу туризмі – қарастырылып жатқан ел шегінде тұрақты тұрып жатқан келушінің шығу туристік сапар немесе ішкі туристік сапар шеңберіндегі қызметі;

  5. қызмет түрі – сапарға дайындық кезінде және сапар барасында тутынушылар ретінде адамдардың іс-әрекеті мен жүріс тұрысы;

  6. турист - уақытша болатын елге (жерге) жиырма төрт сағаттан бiр жылға дейiнгi кезеңге келетiн және ақылы қызметпен айналыспай, сол елде (жерде) сауықтыру, танымдық, кәсiби-iскерлiк, спорттық, дiни және өзге де мақсаттарда кемiнде бiр рет түнейтiн жеке тұлға;

  7. саяхатшы – әр түрлі мақсатта және қандай да бір мерзім ішінде әртүрлі географиялық мекендер арасында орын ауыстыратын қандай да бір тұлға;

  8. келуші – елде немесе бару орнында тіркелген кәсіпорынға жұмысқа орналасу мақсатын қоспағанда кез-келген басты мақсатпен (іскерлік сапар, демалу, немесе басқа да жеке мақсат) бір жылдан кем мерзімге оның әдеттегі ортасынан тыс орналасқан қандай да бір негізгі мақсатты орынға сапар шегетін саяхатшы;

  9. халықаралық келуші – туристік сапарда жүрген және қарастырылып отырған саяхаттап жүрген ел тұрғыны болып табылмайтын немесе қарастырылып отырған ел тұрғыны, одан тыс жерде саяхаттаушы болып табылатын келуші;

  10. ішкі келуші – туристік сапарда жүрген және қарастырылып отырған ел тұрғыны болып табылатын келуші;

  11. түнейтін келуші – сапарына түнеу кіретін келуші (ішкі, келу немесе шығу);

  12. бір күндік келуші (немесе экскурсант) – келуші (ішкі, келу немесе шығу) егер оның сапары түнеуді қосса немесе түнеуші келуші деп немесе басқа жағдайларда бір күндік келуші (немесе экскурсант) деп жіктеледі;

  13. саяхаттаушы бірлестік – шығындары біріктірілетін бірлесіп сапар шегуші келушілер;

  14. туристiк сала - негiзгi қызмет саласы туристiк қызмет көрсету, туристiк өнiм жасау, оларды iшкi және халықаралық нарықтарда ұсыну мен өткiзу болып табылатын экономика саласы;

  15. туристiк қызмет көрсету – туристiң саяхаты кезеңiнде және осы саяхатқа байланысты оның қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн ұсынылатын қажеттi қызмет көрсетулер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм нұсқаушыларының, гидтердiң (гид-аудармашылардың) қызмет көрсетулерi және сапар мақсатына байланысты көрсетiлетiн басқа да қызметтер);

  16. туристік өнім – туристің саяхаттау барысында қажеттілігін қанағаттандыруына жеткілікті туристік қызметтердің жиынтығы;

  17. туристiк ресурстар - туристiк көрсету объектiлерiн қамтитын табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтiк-мәдени, сауықтыру объектiлерi, сондай-ақ туристердiң рухани қажеттiлiктерiн қанағаттандыра алатын, олардың дене күшiн қалпына келтiрiп, дамытуға жәрдемдесетiн өзге де объектiлер;

  18. туристік индустрия – туристерді орналастыру құралдарының, көліктің, қоғамдық тамақтану объектілерінің, көңіл-көтеруобъектілері мен құралдарының, танымдық, сауықтыру, іскерлік, спорттық және басқа да мақсаттағы нысандардың жиынтығы; туристік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ экскурсиялық қызметтер мен гидтер (гидтер-аудармашылар) қызметтерін ұсынатын ұйымдар;

  19. туристік шығындар – тұтыну тауарлары мен қызметтерін, сондай-ақ жеке қолдануға немесе туристік сапарға дайындалу кезінде немесе сапар барысында басқа тұлғаларға беруге арналған басқа да құндылықтарды сатып алуға жұмсалатын сома. Оларға келушілердің өздері төлейтін шығындар, сондай-ақ басқа тұлғалармен төленетін немесе өтейтін шығындар кіреді;

  20. ішкі туризмге кіретін шығындар – бұл келушінің өзі резиденті болып табылатын қарастырылып отырған экономика шеңберіндегі туристік шығындары;

  21. келу туризміне жататын шығындар - бұл келушінің өзі резиденті болып табылмайтын қарастырылып отырған экономика шеңберіндегі туристік шығындары;

  22. шығу туризміне жататын шығындар – бұл келушінің өзі резиденті болып табылатын қарастырылып отырған экономика шегінен тыс туристік шығындары;

  23. туристік келу – туристік сапар кезінде баратын орында болу;

  24. туристік сапар – бұл саяхатшының келген жерінде тіркелген кәсіпорынға жұмысқа орналасу мақсатын қоспағанда қандай да бір мақсатпен (іскерлік сапар, демалу немесе басқа де жеке мақсат) бір жылдан кем уақытқа оның әдеттегі ортасынан тыс жердегі қандай да бір негізгі мақсатты орынға сапары. Туристік сапардаға саяхатшы келуші деп аталады;

  25. келу немесе шығу сапары – бұл негізгі мақсатты орны келушінің тұрақты тұру орнынан тыс жердегі сапар;

  26. ішкі сапар – бұл негізгі мақсатты орны келушінің тұрақты тұру орны шегіндегі сапар;

  27. туристік қызмет – жеке немесе заңды тұлғалардың туристік қызметтерді ұсыну бойынша кәсіпкерлік қызметі;

  28. туристiк операторлық қызмет (туроператорлық қызмет) – қызметтiң осы түрiне лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (бұдан әрi – туроператор) өздерiнiң туристiк өнiмдерiн қалыптастыру, ұсыну және туристiк агенттер мен туристерге өткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметi;

  29. туристiк агенттiк қызмет (турагенттiк қызмет) – қызметтiң осы түрiне лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (бұдан әрi – турагент) туристiк өнiмдi ұсыну және өткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметi;

  30. экскурсиялық қызмет – уақытша болатын елдегi (жердегi) туристiк ресурстарға танымдық мақсатта келудi ұйымдастыру жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет, ол туристердi орналастыру (түнету) жөнiндегi қызметтi көздемейдi және жиырма төрт сағаттан аспайтын мерзiмдi қамтиды;

  31. экскурсиялық қызмет – уақытша болатын елдегi (жердегi) туристiк ресурстар азаматтарына танымдық мақсатта келудi ұйымдастыру жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет. Туристердi орналастыру (түнету) жөнiндегi қызметтi көздемейдi және жиырма төрт сағаттан аспайтын мерзiмдi қамтиды;

  32. мекеме - бұл кәсіпорын немесе оның өндірістік қызметтің тек бір түрі ғана жүзеге асырылатын немесе қызметінің негізгі түріне қосылған құнның көп бөлігі келетін бөлігі;

  33. қонақ үй – қонақ үйлік қызметпен қамтамасыз ететін, нөмірлік қоры, қабылдау қызметі, басқа да қызметтері бар орналастыру құралдары;

  34. санатсыз қонақ үй – келушілерді орналастырудан басқа қызмет түрлерін ұсынбайтын, қызметі шектеулі кішігірім мекемелер;

  35. «1 жұлдызды» санатындағы қонақ үй – тұрғындарды орналастыру үшін ең қажет деген қызмет түрлері ғана қарастырылған шағын мекемелер, мекеменің өз күшімен ұйымдастырылған, келушілерді орналастыру мен тамақтандыру сияқты базалық қызмет түрлерін ұсынады;

  36. «2 жұлдызды» санатындағы қонақ үй – тұрғындарға қонақ үй аумағында қызмет көрсетудің стандартталған жиынтығын көрсететін соның ішінде мейрамханалар немесе кафелерде тамақтандырумен қоса шағын және орташа мекемелер;

  37. «3 жұлдызды» санатындағы қонақ үй – тұрғындарға (соның ішінде қонақ үйде орналасқан меймандардан басқа да тұтынушыларға ұсынады) кең ауқымды дәрежеде қызметтердің жиынтығын көрсететін оның ішінде мейрамхана мен бар, бизнес-орталық қызметтерін көрсетумен қатар дербес телефон желілерімен және дәретхана жабдықтарын ұсынумен, тәуелсіз кәріздермен бөлмелерді тазалау қызметтерін көрсетеді;

  38. «4 жұлдызды» санатындағы қонақ үй – жоғары деңгейде келесі қызмет түрлерін көрсететін орташа және ірі мекемелер: бөлмелерге тәулік бойы қызмет көрсету, бөлмелер сапалы жиһазбен жабдықталып, бірыңғай заманауи сәнде безендірілген; жатын бөлмелері кең әрі жайлы; химиялық тазарту мен такси қызметін көрсететін; мейрамхананың аспаздық бөлімі жоғары деңгейде ас әзірлейді;

  39. «5 жұлдызды» санатындағы қонақ үй – озық халықаралық стандарттар деңгейінде қызмет көрсететін бөлмелерімен, жайлы жағдайда тұруға толығымен жасақталған, жаттығу залы, жүзу бассейні, жеке кабинеттер мен банкет және конференц-залдар қызмет көрсетеді, арнайы дайындықтан өткен қызметкерлер болатын, құрамы іркіліссіз қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді және мейрамхана жұмысы жоғары деңгейде ұйымдастырылған орташа және ірі мекемелер;

  40. жайлылығы жоқ бөлмелер – тұру бойынша ең төмен қызмет пакеттерін ұсынатын, жайлылығы төмен денгейдегі бөлмелер;

  41. қонақ үйде тұру ұзақтығы – бір және одан көп уақыт түнеу саны;

  42. төсек тәуліктің орташа құны – бұл санаттар бойынша әрбір нөмірдің санаттар бойынша нөмірлердің санына қатынасы;

  43. бос уақыт және демалыс – көз тартарлық жерлерді қарау, табиғи және жасанды объектілерге бару, спорттық немесе мәдени іс-шараларда болу, спортпен кәсіби емес айналысу (шаңғы, атқа салт міну, гольф, теннис, су асты жүзу, серфинг, жаяу сапарлар, бағдарлау, альпинизм және т.с.с.); жағажайда демалу, жүзу бассейндерін және басқа да демалыс және көңіл көтеру орындарын пайдалану, круиздер, құмар ойындары, жастар жазғы лагерьлеріне шығу, демалыс үйлері, бал айын өткізу;

  44. таныстар мен туыстарға бару – таныстар мен туыстарға бару, үйлену тойларына, жерлеу немесе кез-келген отбасылық іс-шараларға бару, науқастарды немесе қарттарды қысқамерзімді күту;

  45. емделу және сауықтыру рәсімдері – ауруханадан кейінгі емдеуді аяқтау үшін және медициналық және әлеуметтік мекемелердің неғұрлым жалпы спектры үшін аурухана, клиника, санаторийлер қызметтерін алу, медициналық жабдықтар мен қызметтерді қолдану арқылы косметологиялық хирургияны қоса, медициналық кеңес беруге негізделген, медициналық қызмет көрсетулерді алу үшін теңіз, -спа, және басқа курорттарға, сондай-ақ басқа да мамандандырылған мекемлерге бару. Емдеу мекемесінде бір жыл немесе одан көп болуды талап ететін ұзақ емделу туризм саласына жатпайтындықтан бұл санат тек қысқа мерзімді емделуді қамтиды.

  46. дін/қажылық – діни жиындар мен іс-шараларға қатысу, қажылық және тағы сол сияқты;

  47. дүкендерге бару – қайта сату немесе қандай да бір өндірістік процесте пайдалану үшін (бұл жағдайда іскерлік және кәсіби мақсаттар айтылып отыр) тауарларын сатып алуды қоспағанда сатып алынатын жеке тұтыну немесе сыйлықтар үшін тұтыну тауарларын сатып алу және т.с.с.

  48. транзит – басқа мақсатты орынға бару жалғасынан басқа, қандай да белгілі бір мақсатсыз қандай да бір орында тоқтау;

  49. сапарлардың басқа да мақсаттары – еріктілер ретінде (басқа санаттарға қосылмаған) жұмыс, иммиграцияның жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін игеру, басқа санаттарға қосылмаған төленбейтін уақытша қызметтердің кез-келген басқа да түрлерін жүзеге асыру;

  50. іскерлік және кәсіби мақсаттар – егер келген елінде немесе орнында өндіруші-резидентпен анық немесе тұспалданатын еңбек жалгерлік қатынастар белгілері болмаса, өз бетінше жұмыспен қамтылған тұлғалардың және жлдамалы жұмыскерлердің қызметі, инвесторлардың, бизнесмендердің және т.т. қызметі. Бұл санат сондай-ақ мысалы: кеңестерде, конференцияларда немесе конгресстерде, сауда жәрмеңкелерінде, көрмелерде қатысу; лекциялар оқу, концерттер, қойылымдар мен спектакльдер қою; өндіруші-резидент еместер (елге немесе орынға келген) атынан тауарлар мен қызметтерді жарнамалау, сатып алып қою, сату немесе сатып алу; олардың келген елінде ұзақ мерзімді іс-сапарларда болған жағдайларды қоспағанда шетел үкіметінің арнаулы уәкілдігінде дипломаттар, әскери қызметшілер немесе халықаралық ұйымдар қызметкерлері ретінде қатысу; үкіметтік емес ұйымдардың арнаулы уәкілдігінде қатысу; ғылыми қолданбалы немесе іргелі зерттеулерде қатысу; туристік саяхаттар бағдарламаларын жасау, орналастыру және көліктік қызметтер бойынша қызмет көрсетулер ұсынуға келісім-шарттар жасау, резидент емес агенттіктер мүддесінде (келген елінің немесе орынның) гидтердің немесе туризм саласының басқа қызметкерлері ретіндегі жұмыс; кәсіби спорт іс-шараларында қатысу; формалдық немесе формалды емес кәсіби дайындық курстарын өндірістен алыстамай бару; жеке көлік құралымен (корпоративті ұшақ, яхта және т.б.) экипаж/команда құрамында жұмыс және т.б. қосады.

Бір жолғы сыйымдылық – барлық бөлмелердегі қойылған тұрақты төсек саны бойынша анықталады. Бөлмелердегі уақытша (қосымша) қойылған төсек орындар және тікелей мақсатта үнемі пайдаланылмайтын орындар есепке алынбайды.

Мына формула бойынша пайызбен анықталатын қонақ үйлердің толтырылуы есепті кезең соңына коэффициенті ретінде есептеледі:

Толтырылу коэффициенті (%-бен) = (тәулік-төсек ұсыну/бір жолғы сыйымдылық х есепті кезеңдегі күндер саны) х 100%

Туристің болуының адам-күні қызмет көрсетілген туристер санын сапардың орташа ұзақтығына көбейту жолымен есептеледі.



  1. ^ Туризм статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру


5. Туризм статистикасының басты мақсаты нарықпен шектелген демалудың да, сондай-ақ осы саладағы қызметті талдау үшін де, әрі туризммен байланысты көрсеткіштерді әзірлеу үшін деректер көздері ретінде пайдалану және Ұлттық шоттар жүйесін құру үшін туризмнің әртүрлі сипаттамаларының өзара байланысы үшін саяхаттардың әлемдік нарығын қамтитын құбылыстардың статистикалық зерттеуі болып табылады.

6. Туризм статистикасының негізгі міндеттері туристердің ағындарына, оларды орналастыру орындарына, сапарлардың сипаттамасына, халықаралық ережелер мен стандарттарға сәйкес келетін бірыңғай ғылыми әдіснама негізінде туризммен байланысты көтерме және бөлшек саудаға, көлікке, құрылысқа, еңбекпен қамтуға, қаржылық делдалдыққа, кірістер мен шығыстарға статистикалық байқауды ұйымдастыру болып табылады.


2.1. Туристік қызметтің негізгі статистикалық көрсеткіштері


7. Туризмді статистикалық зерттеу қажеттілігі туризм саласының жағдайы мен дамуы туралы объективті және дәйекті ақпарат алуға қажеттілік және оның жалпы ішкі өнімнің жалпы көлеміне салымын бағалау, сондай-ақ туристік ағындарды бағалауды, туристік инфрақұрылымға түсетін жүктемені, туристік сұранысты қанағаттандыру мен тұтыну үміттерінің туристік қызметтердің нарықтағы ұсыныстарына сәйкестігін игеруге негізделген.

8. Тоқсан сайынғы және жылдық негізде «Туристік қызмет туралы есеп» индексі – 1-туризм жалпымемлекеттік статистикалық байқау статистикалық нысаны бойынша туристік ұйымдардың қызметін сипаттайтын келесі көрсеткіштер қалыптастырылады:

туристік фирмалармен қызмет көрсетілетін келушілердің саны (сапарлардың мақсаты бойынша, туризмнің түрі бойынша және көлік түрлері бойынша);

туристік қызметпен айналысатын кәсіпорындар саны;

орындалған жұмыстар мен қызметтер саны;

қызметкерлердің тізімдік саны;

бір күндік келушілерге қызмет көрсетілді;

келудің адам-күні;

өткізілген жолдамалар саны;

сатылған жолдамалар саны;

туристік қызметтің толық кешенін қамтитын жолдамалар;

жекелеген қызмет түрлерін қамтитын жолдамалар.

9. Халықаралық ұсынымдарға сәйкес туристік сапарлар келу, кету, ішкі сапарлар болып бөлінеді.

Кету сапары келу сапары келушінің тұрақты тұру елі шегінен тыс орындарда болуын қамти алатынындай тұрақты тұру елі шегіндегі орындарда болуын қамти алады.

Келу сапары тек көзделген ел шегіндегі орындарда болуын ғана қамтиды.

10. Келушілер ағынын халықаралық тәжірибемен анықтау үшін деректердің әртүрлі көздерін араластырып немесе оларды үйлестіру ұсынылады: мәселен, келу/кету кәртішкелерін қолдану және зерттеу нәтижелері бойынша осындай тұлғаларды байқауды ұйымдастыру. Ал Қазақстан Республикасының келу және кету туризмі бойынша туристік ағынын қалыптастыру үшін тоқсан сайынғы және жылдық негіздегі өткізілген зерттеулер нәтижелері қолданылады, онда Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің коды - 79 (бұдан әрі - ЭҚЖЖ) «Туристік қызмет туралы есеп» (1-туризм) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны бойынша және «Тұруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету» (ЭҚЖЖ-55) «Орналастыру объектілерінің қызметі туралы есеп» (2-туризм) жалпымемлекеттік статистикпалық байқаудың статистикалық нысаны бойынша «Туризм саласында қызмет көрсететін туроператорлардың, турагенттердің және өзге де ұйымдардың қызметтері» экономикалық қызмет түрімен кәсіпорындар (заңды тұлғалар) мен жеке кәсіпкерлер (жеке тұлғалар) зерттеледі. Зерттеудің статистикалық бірліктерінің жиынтығын анықтау үшін ақпарат көзі болып кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер бойынша статистикалық бизнес тіркелім қызмет етеді.

Жалпы туристік ағынды қалыптастыру кезінде сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Қазақстан Республикасына келуші және Қазақстан Республикасынан кетуші азаматтар туралы деректері пайдаланылады. Келетін келушілер ағынын есепке алу кезінде ұсынылған деректерден тұрақты тұру орнына (ТТО) келгендер алынып тасталады.

Туризм индустриясының дамуы туралы толық ақпарат алу үшін статистиканың басқа салаларының статистикалық нысандарының деректері пайдаланылады:

1) жылдық және тоқсандық кезеңділікпен «Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (1-ӨҚ) мен «Шағын кәсіпорын қызметі туралы есеп» (2-ШК) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанынан келесі көрсеткіштер пайдаланылады:

өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден табыс;

салықтар мен бюджетке өзге міндетті төлемдер;

кәсіпорынның шығыстары;

өндірілген өнім көлемі.

2) жылдық кезеңділіктегі «Денсаулық сақтау ұйымының (әлеуметтік қызметтің) қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы есеп» (Әлеуметтік қаржы (денсаулықсақтау)) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанынан санаториялық-курорттық мекемелер бойынша деректер пайдланылады:

ағымдағы табыстар;

туристік қызметтен табыстарға салық салғанға дейінгі пайда (шығын);

ағымдағы шығыстар;

салықтар;

басқа да міндетті төлемдер;

орындалған жұмыстар мен қызметтердің көлемі;

олардың ішінде: демалысты, мәдени және спорттық шараларды ұйымдастыру бойынша қызметтер;

3) «Негізгі капиталға инвестициялар туралы есеп» (1-Инвест) жалпы мемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанынан экономикалық қызметтің төменде санамаланған түрлері бойынша негізгі капиталға инвестициялар бойынша деректер пайдаланылады:

туроператорлардың, турагенттердің және туризм саласында қызмет көрсететін өзге де ұйымдардың қызметі (ЭҚЖЖ 79);

тұруды ұйымдастыру бойынша қызметтер ұсыну (ЭҚЖЖ-55);

азық-түлік заттары мен сусындарды ұсыну бойынша қызметтер ұсыну (ЭҚЖЖ-56);

санаториялық-курорттық мекемелер қызметтері (ЭҚЖЖ-86.10.3);

жолдар мен тасжолдар құрылысы (ЭҚЖЖ-42.11);

темір жолдар мен метролар құрылысы (ЭҚЖЖ-42.12);

басқа топтастыруларға қосылмаған өзге азаматтық құрылыс объектілерінің құрылыстары (ЭҚЖЖ-42.99);

ЭҚЖЖ-4950 (құбырлар арқылы тасымалдау) басқа құрлықтық көлік және құбырлар арқылы тасымалдау;

су көлігі (ЭҚЖЖ-50), ЭҚЖЖ-50.40.2 (орман құймасы) басқа;

әуе көлігі (ЭҚЖЖ-51).

қызмет көрсету статистикасының статистикалық нысандарынан мәдениет объектілері бойынша қызмет көрсетілген келушілер санының деректері пайдаланылады.

Жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар көрсеткіштерінен басқа мына әкімшілік дереккөздерден деректер пайдаланылады: Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің.


^ 2.1.1. Туристік сапарлардың сипаттамасы


11. Туризм статистикасында «сапар» немесе «қатынау» термині тиісті тұлғаның кәдімгі орта шегінен тыс орналасқан қандай да бір орынға қандай да бір саяхатын білдіреді. Бұл терминдер келушілер өзінің әдеттегі тұру орнынан тыс кету сәтінен бастап қайтып оралғанға дейін жүзеге асыратын қызметке жатады.

Сапарды келушінің әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы бойынша немесе сапардың нақты белгілері бойынша жіктеуге болады. Туристік сапар өзге ерекшеліктер қатарында (мысалы негізгі мақсат) негізгі мақсатты орынмен сипатталады.

Туристік сапардың негізгі мақсатты орны сапарды жүзеге асыру туралы шешім қабылдау негізінде жатқан бару орны ретінде анықталады. Алайда егер мұндай орынды келуші атала алмаса, онда негізгі мақсатты орын тұрақты тұру орнынан яғни әдеттегі ортасынан неғұрлым алыс орналасқан орын ретінде анықталады. Халықаралық ұсынымдарға сәйкес саяжайлық үйлер «әдеттегі орта» түсінігінің қамтуы аясынан алынып тасталады.

12. Сапарлардың мақсаты. Сапардың негізгі мақсаты ол болмаған жағдайда осы сапар болмауы мүмкін болған мақсат ретінде анықталады. Туристік сапар мақсаты туралы ақпарат туристік шығындардың сипаттық үлгілерін анықтау үшін пайдалы. Бұл ақпарат сондай-ақ туристік сұраныстың негізгі сегменттерін шығару үшін маңызды. Егер сапардың негізгі мақсаты жұмысқа орналасу және табыс табу болса, онда мұндай сапар туристік деп есептелмейді, ал бұл тұлға келуші деп есептелмейді.

Туризммен байланысты сапарлар мақсатын жіктеуді қайта қараумен байланысты 2008 жылғы халықаралық ұсынымдарға сәйкес туристік сапарлар олардың келесі негізгі мақсаттары бойынша жіктеледі:

  1. Жеке мақсаттар:

еңбек демалысы, бос уақыт және демалу

достарына және туысқандарына бару

білім беру және уәсіби дайындық

дін/қажылық

дүкендерге бару

транзит

өзге де мақсаттар

  1. Іскерлік және кәсіби мақсаттар.

Сапарды оның негізгі мақсаты бойынша жіктеу сапар барысында жүзеге асырылатын қызметтің негізгі түрлерімен байланысты болуы тиіс. Әрбір туристік сапар қандай да бір келуші сапарда бола тұрып қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыра алатын болса да жалғыз ғана негізгі мақсатқа ие болады. Әрбір негізгі мақсат («Транзит» санатын қоспағанда) сапар кезінде жүзеге асырылатын негізгі қызмет түрлерінің тобымен байланысты.

Келушілер санатының қамтуы шеңберінен құқықтық және экономикалық аумаққа келмейтін келушілер және құқықтық және экономикалық аумаққа келетін, бірақ түнеуге қалатындар ғана алынып тасталады. Транзиттік жолаушылардан қамтуға тым болмаса бір түнге қалатын тұлғалар жатады.

Қатынау оны туристік келу деп жіктеуге болатындай міндетті түрде түнеумен болу шарт емес. Солай бола тұра келіп кету деге түсінік тоқтауды ұйғарады. Қандай да бір географиялық аймаққа онда тоқтаусыз ену осы аймаққа келу болып есептелмейді.

Туристік сапарлар мен қатынауларды байқау – бұл байқау кезінде бір тұлға біреуден көп сапар немесе қатынау жасай алатындықтан келушілердің ағынын байқау деген емес.

13. Туризм түрлері. Туризмнің үш түрі туризмнің басқа түрлерін жасай отырып әртүрлі араласып келуі мүмкін:

1) ішкі және кету туризмін қамтитын ел шегіндегі туризм, яғни қарастырылып отырған елдегі, осы ел шегіндегі ішкі немесе халықаралық туристік сапарлар шеңберінде тұрып жатқан және тұрмайтын келушілердің қызметі;

2) ішкі және кету туризмін қамтитын ұлттық туризм, яғни қарастырылып отырған елде, осы ел шегінде және одан тыс ішкі немесе кету туристік сапарлар шеңберінде тұрақты тұратын келушілердің қызметі;

3) келу және кету туризмін қамтитын халықаралық туризм, яғни қарастырылып отырған елде одан тыс немесе кету туристік сапарлар шеңберінде тұрақты тұратын келушілердің қызметі және кету туристік сапарлар кезінде аталған ел шегінде қарастырылып отырған елде тұрмайтын келушілердің қызметі.

Туризмнің басқа түрлеріне сәйкес келушілер былайша жіктеледі:

  1. Халықаралық келушілер:

туристер (түнейтін келушілер);

бір күндік кедушілер.

  1. Ішкі келушілер:

туристер (түнейтін келушілер);

бір күндік кедушілер.

Халықаралық саяхаттар кету әрі келу саяхаттарын қамтиды және саяқатшының тұратын елі барған елден немесе елдерден ерекшеленетін жағдайларға жатады. Халықаралық саяхат жасаған тұлғалар халықаралық саяхатшылар болып саналады. Қарастырылып отырған ел тұрғысынан қарағанда халықаралық саяхатшылар не келу не кету саяхатшылары болып табылады.

Шекараға келуші халықаралық саяхатшыларды екі санатқа бөлуге болады: халықаралық келушілер (ел тұрғындарына қатысты қайтып оралушы кетуші келушілер немесе осы елде тұрмайтын тұлғаларға қатысты келетін келуші келушілер) және туризм саласына қосылмаған өзге де халықаралық саяхатшылар. Халықаралық келушілер олардың сапарларының негізгі мақсаттары бойынша айырмашылықтанады.

Ішкі саяхатшы егер:

туристік сапарда болса;

қарастырылып отырған, саяхаттап жүрген елінің тұрғыны болып табылса, қарастырылып отырған ел тұрғысынан ішкі келуші ретінде жіктеледі.

Келушілер жалғыз әрі олардың сапарларымен байланысты қызмет, келіп-кету мен шығындар түрлерінің барлығын не бір бөлігін бірлесіп жүзеге асыратын бірлестіктермен де саяхаттайды.

Саяхаттаушы бірлестіктер шығындары біріктірілетін, бірлескен сапар жасаушы келіп кетушілер ретінде анықталады. Солай бола тұра келушілердің көптеген сипаттамаларын саяхаттаушы бірлестіктердің әрбір мүшесі үшін жеке анықтауға болады, олардың кейбіреулерін кейде анықтау мүмкін болмайды. Келушілер сондай-ақ жекелеген тұлғалардан немесе саяхаттаушы бірлестіктерден тұратын топтың (саяхаттаушы) құрамында да саяхаттауы мүмкін: оған мысал ретінде толық қызмет көрсетілулермен топтасқан туристік сапар немесе жазғы лагерьге шығатын жастар тобы қызмет атқарады. Осылайша Халықаралық ұсынымдарға сәйкес саяхаттаушы компания топ байқаудың бір бірлігі болып табылады.

14. Көлік түрлері. Туристік қызметтердің бірі көліктің әртүрлі түрлерін пайдалану болып табылады. Көлік түрінің астарында келіп- кетушінің сапар барысында пайдаланатын негізгі көлік түрі айтылады. Бұл негізгі көлік түрі мыналардан шыға отырып әртүрлі тәсілдермен белгілеуге болады:

сапар кезінде арақашықтықтың көп мөлшері мильде/километрде қандай көлікпен жүріп өтілді;

ең жоғарғы уақыт көліктің қандай түрінде өткізілді;

жалпы көлік шығындарының көп үлесі қандай көлік түріне тиеді.

Халықаралық саяхаттарға қатысты көліктің негізгі түрі жиі негізгі жүріп өткен арақашықтықтан немесе келетін елдің немесе аумақтың шекарасын кесіп өту үшін пайдаланылған көлік түрінен шыға отырып белгіленеді.

Көлік түрі стандартты жіктеуге ие:

  1. Әуе көлігі

    1. Кестеге бағынатын сапарлар

    2. Кестеге бағынбайтын сапарлар

    3. Жеке әуе кемелері

    4. Әуе көлігінің өзге де түрлері

  2. Су көлігі

    1. Жолаушылар жолағы мен паромдар

    2. Круиздік кемелер

    3. Яхталар

    4. Су көлігінің өзге де түрлері

  3. Құрлық көліктері

    1. Темір жол көлігі

    2. Қалааралық және қалалық автобустар және қоғамдық көліктердің өзге де түрлері

    3. Жүргізушісімен автокөлік құралдарын жалдау

такси, лимузиндер мен жеке автокөлік құралдарын жүргізушісімен жалдау;

бұлшық ет және жануар күшімен көлік құралдарын жалдау

    1. Меншіктегі көлік құралы (8 адамға дейін сыйымдылығымен)

    2. Жүргізушісіз жалға алынған көлік құралы (8 адамға дейін сыйымдылығымен)

    3. Құрлық көлігінің өзге де түрлері: салт аттар, велосипедтер, мотоциклдер және т.с.с.

    4. Жаяу орын ауыстыру

15. Кез келген мемлекеттің немесе аумақтың жергілікті билігінің туризмі мәселесінде басты қамқорлық мемлекет қазынасының негізгі және сенімді табыс көзі ретінде өздерінің қонақ үйлері мен отельдерін туристермен толтыру болып табылады. Орналастыру – туризмнің ең маңызды элементі және орналастыруға шығыстар сапарға жалпы шығыстың айрықша үлесін құрайды.

Туристер олардың әдеттегі ортасынан тыс түнейтін болғандықтан, оларға түнеу үшін нақты орын талап етіледі.

16. Сапар немесе келу ұзақтығы түнеумен орналастыру қызметтері сияқты туристік қызметтерге сұраныстарды бағалау үшін маңызды ақпарат болып табылады. Сапар ұзақтығын анықтау қандай да болсын сапар немесе келумен байланысты шығыстарды бағалау үшін қажет. Түнеуді қарастырмайтын сапарлар сапарда өткізген сағат санына қарамастан бір күндік сапарлар ретінде қарастырылады.

17. Өздерінің сапарларын жоспарлау немесе ұйымдастыру барысында келіп кетушілер сапарлардың түрлі нұсқалары туралы ақпарат алу үшін және брондау мақсатында (не пакетте не жеке сатып алынатын көліктік қызметтер, орналастыру, рекреациялық шаралар) турагенттік және туроператорлық қызметтермен айналысатын туристік ұйымдар қызметін жиі пайдаланады. Турагенттік функциясы негізінен белгілі бір уақыт кезінде және белгіленген шарттарда басқа ұйымдар көрсететін белгілі бір қызметті пайдалануға құқықты сатуда жатыр. Олардың рөлдері келіп кетушіге ақпаратты және басқа да қызметтерлі көрсетуде жатыр және олар экскурсия барысында сүйемелдеу, гидтер қызметтері және т.б. сияқты қосымша қызметтерді дербес көрсете алатын болса да, кейбір қызметтерді сатып алу кезінде делдал болып табылады.

Туроператорлар – бір немесе одан жоғары туристік қызметтерді (мәселен, тасымалдаулар, орналастыру, қоректендіру, көңіл көтеру, экскурсиялар) қиыстыратын және оларды турагенттіктер арқылы немесе тікелей соңғы тұтынушыға бірыңғай бағаға бірыңғай өнім ретінде (кешенді тур деп аталатын) сататын кәсіпорындар. Кешенді тур элементтері алдын ала анықталуы мүмкін немесе келіп кетуші алдын ала белгіленген тізімнен сатып алғысы келетін қызметтер комбинацияны таңдайтын «тапсырыс» рәсімі арқылы анықталады.

Туроператорлар әдетте өзіндік атауымен және өз атынан жұмыс істейді. Оператор алдымен жиі алдын ала және арнайы уағдаласқан бағамен туризмнің түрлі салаларын сатып алады, содан кейін бұл қызметтер қиыстырылады және тұтынушыларға бірыңғай кешенді өнім ретінде не келіп кетушіге тікелей не турагенттік арқылы ұсынылады. Коммерциялық кәсіпорындар ретінде олар сонымен қатар олардың меншігіндегі немесе кәсіпорынның сол тобына енетін келісімді ауе компанияларының көмегімен халықаралық тасымалдаулар сияқты кейбір қызметтерді көрсете алады. Бұл өнім әдетте тасымалдау қызметін және орналастыру, қоректендіру, экскурсияға шығару, көңіл көтеру шараларын және келіп кетушілер талап ететін басқа да қызметтер сияқтының бір немесе бірнешеуін, сондай-ақ туроператордың өзінің қызметтерін қамтиды. Көпшілік жағдайда келіп кетуші түрлі элементтер арасындағы шығыстарды бөлу туралы хабарсыз болады және кету сәтіне дейін қызмет жеткізушілерімен тікелей байланысы болмайды. Туроператор кешенді турға енгізілетін қызмет жеткізушілеріне қатысты жиі тәуекелге барады және егер өнім (жолдама) брондалған көлемдерде сатылмайтын болса, оларға тұрақсыздықты төлеуі тиіс.


^ 2.2 Орналастыру орындарының негізгі статистикалық көрсеткіштері


18. Тоқсан сайынғы және жылдық негізде «Орналастыру объектілерінің қызметі туралы есеп» жалпы мемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны бойынша орналастыру орындарын сипаттайтын көрсеткіштер қалыптасады (2-туризм):

орналастыру объектілерінің саны;

нөмірлер саны;

бір реттік сиымдылық;

қонақ үйлердің толуы;

бөлінген төсек-орын тәулік саны;

төсек-орын-тәуліктің орташа құны;

орналастыру объектілерімен көрсетілген қызметтер көлемі;

орналастыру объектілерімен қызмет көрсетілген келушілер саны.

Қонақ үй кәсіпорындарымен түнеуді (төсек-тәулікті) ұсыну нөмірлер мен орындарды брондауды қоса пайдаланылған тұрақты және уақытша орындар санын білдіреді және тұратындарды есепке алу кітабының негізінде анықталады.

Сапар немесе сол жерде болу ұзақтығы сапар немесе болатын орны мен елде болу барысында өткізілетін уақытқа жатады. Осыған байланысты келушілердің болу ұзақтығы қонақ үйлер шаруашылықтары бойынша зерттеулерде келесі интервалдарға жіктеледі: 1-3 түн; 4-7 түн; 8-28 түн; 29-92 түн; 93 және одан көп түнеулер.

ДТҰ ұсыныстарына сәйкес барлық орналастыру орындарын екі санатпен ұсынуға болады: ұжымдық және жеке. Туристерді ұжымдық орналастыру құралдары мыналарға бөлінеді:

1) қонақ үйлер және туристерді орналастырудың ұқсас құралдары (қонақ үйлер, ұқсас ғимараттар);

2) мамандандырылған мекемелер (сауықтыру мекемелері);

3) өзге де ұжымдық мекемелер.

Қонақүйлердің негізгі белгілерінен ең алдымен 10 бірліктен кем емес нөмірлік қордың болуын атап өту қажет. Қонақ үйлер міндетті қызметтер тізімін ұсынады: нөмірді тазалау, төсек-орындарды күнделікті ауыстыру және кәріздік желілерді тазалау, сондай-ақ қосымша қызметтерді кеңінен номенклатуралау.

Нақты жабдықтар мен көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктеріне қарай қонақүйлер құрамында кең профильді қонақ үйлерді, пәтерлік типтегі қонақ үйлер, мотельдер, жол-жөнекей қонақ үйлер, курорттық қонақ үйлер, тұруға болатын клубтарды және өзгелерін ерекшелеп алады.

Қонақ үйлер іспеттес мекемелер тобы нөмірлік қорға ие, міндетті қызметтер тізімін ұсынады. Бұл тәріздестер пансиондар, жиһазбен жабдықталған бөлмелер, туристік жатақханалар және сол сияқтылар.

Мамандандырылған мекемелер (бірыңғай басшылығымен) сондай-ақ туристерге қызмет көрсетуге арналған. Олардың нөмірлері жоқ. Мұнда бастапқы бірлік тұрғын-жай, ұжымдық жатын бөлме, алаң болуы мүмкін. Туристерге қонуы үшін мекеме орын ұсынғаннан басқа қызметтің өзге де түрлерін көрсете алады. Мұндай мамандандырылған мекемелер мысалы ретінде сауықтыру мекемелері (сауықтыратын орындар, курорттар, санаторийлер, сауықтыру фермалары және т.б.), лагерьлер, қоғамдық көліктердегі, конгресс-орталықтарындағы орналастыру құралдары (пойыздар, кемелер) қызмет етеді.

Сауықтыру орындарында, курорттарда түнеу үшін орындар беру қызметі бастысы болып табылмайды. Бұл жерде ең алдымен келушілердің ауруларын табиғи факторларды тарту жолымен (климат, теңіз, минералды су және өзгелері) емдеу және алдын алу қажет. Адам ағзасына материалдық және рухани әсер ету еңбек пен дем алудың әдеттегі жағдайларын жоюды қосады. Емдеумен қатар тамақтандыру, демалу, спорт, тұрмыс және, әрине, тұратындардың түнеуіұйымдастырылады.

Орналастырудың өзге де ұжымдық құралдары ең алдымен демалуға арналған тұрғын-жайды қосады. Бұл орналастыру құралдары тобының мысалдары ретінде пәтерлік типтегі қонақүйлер, үйлер кешені бунгалолар жүреді. Бұл орын-жайлар бірыңғай басқаруға ие, кез-келген тұлғамен (тұлғалармен) немесе ұйымдармен төлемге, жалға, тегін тапсырылады.

Өзге де ұжымдық орналастыру құралдарының құрамына кемпингтерге арналған алаңдардағы, шағын кемелерге арналған айлақтардағы нысандар (біркелкі басқарумен) кіреді. Клиентке түнеу және ақпараттық, сауда, бос уақыт түріндегі қызмет көрсетулер қатары ұсынылады.

Туристік жатақханалар, жастар қонақ үйлері, мектеп және студенттер жатақханалары, қарттарға арналған демалыс үйлері және мәлеуметтік маңызы бар осы іспеттес нысандардың, сондай-ақ өзге де орналастырудың ұжымдық құралдарына жатқызу керек.

Орналастырудың жеке құралдары төлемге, жалға, тегін ұсынылады. Мұнда үй шаруашылықтары мүшелерімен кезектесіп жалға алынатын (тайм-шеринг) тұрғын-жайлар (пәтерлер, коттедждер, жекежайлар) кіреді.

Турист сонымен қатар жалдау құқығымен отбасылық үйде орналаса алады. Турист жеке тұлғадан немесе агенттіктен толық жабдықталған тұрғын-жайды (үй, пәтер, коттедж) немесе туысқандарында, таныстарында тегін тоқтай алады.

Алайда Туристік индустрияда негізгі орналастыру құралы қонақ үйлер болып табылады. Қонақ үйлер тұрақты жатын орындар саны (сыйымдылығы) бойынша ажыратылады. Жайлылық деңгейі бойынша халықаралық тәжірибеге сәйкес қонақ үйлер жұлдыздар бойынша ажыратылады: төменнен (1 жұлдызды) жоғарыға дейін (5 жұлдызды). Қонақ үйлерді жұлдыздар бойынша дифференциациялау әртүрлі санаттағы қонақ үйлерге деген нормативті талаптарға сәйкес жүреді.


^ 2.3 Туристік шығындар


19. Туристік шығындарға жататын статистикалық деректер мамандарға жоспарлау, коммерциялық қызмет пен зерттеулер саласында талап етілетін маңызды көрсеткіштердің бірін білдіреді. Олар туризмнің ұлттық экономикаға әсерін байқау мен бағалау үшін пайдаланылады.

Шығындарды анықтау туризмде «туризм бірліктерін (келушілер) тікелей қанағаттандыру үшін пайдаланылған тауарлар мен қызметтер құны» ретінде анықталатын тұтнудың анықтамасымен байланысты.

20. Туристік шығындар тұжырымдамасы негізіне бірнеше көзқарастар қатары енгізілген. ДТҰ ұсынымдарына сәйкес келушілердің, туристердің және экскурсанттардың экономикалық маңызды болып табылатын шығындары ғана есепке алуға жатады. Оны келушінің өзі, не оның атынан қандай да бір заңды немесе жеке тұлға әкеле алады. Мысалы, бюджетті басқаратын отбасы иесі саяхаттау кезінде барлық мүшелерінің атынан тауарлар мен қызметтерге төлем жүргізеді. Туысқандарында және таныстарында болған уақыттағы шығындар қабылдаушы жиі жақ өзіне алмайды. Сапарлар сондай-ақ заңды тұлғалармен: мәселе жұмыс нәтижелері бойынша қызметтік іс сапарлар немесе көтермелеу турлары туралы болғанда кәсіпорындармен, балалар, қарт адамдар және халықтың әлеуметтік тұрғыда қысымшылық көрген кейбір топтары үшін сапарларды ұйымдастырыатын қайырымдылық мекемелерімен; мемлекетпен қаржыландырылады. Кейбір жағдайларды ол туризмді спорттық, емдеу және білім беру мақсаттарымен субсидиялайды.

Келушінің шығындары оның қажеттілігін қанағаттандыру үшін тұтынатын тауарлар мен қызметтер құнымен анықталады. Сұрау салулардың өзі сияқты олар өте әртүрлі: тасымалдау, орналастыру және тамақтанудан бастап ұзақ пайдаланатын үлкен емес заттар, ағымдағы туристік тұтыну тауарлары мен базарлықтарға дейін. Олардың барлығы, сыйлықтардан басқа, келушінің өзімен тұтынылады. Алайда бұл жағдайда да оның иесі саяхаттаушы тұлға емес, басқа біреу болатынына қарамастан жасалған шығындар туристікке жатады.

Туристік шығындар көлемін тауарлар мен қызметтерге нақты шығындар бойынша қолданыстағы жеңілдіктер мен бағаларды, шайлықтар және өзгелерін есепке ала отырып, оларды қолма-қол ақшамен, жолдық чектермен, кредиттік карточкалар бойынша және басқа да тәсілдермен төлеу нысанына қарамастан белгілеу ұсынылады.

21. Туризм статистикасының басты және неғұрлым қиын проблемаларының бірі туристік шығындар құрамын тәртіпке клтіру болып қала береді. Ол келуші шығыншегетін уақытпен (дайындық кезінде, сапар барысында немесе аяқталғанда), сондай-ақ туризм типімен негізделеді. Сәйкесінше резиденттердің өз елі бойынша саяхатымен байланысты ішкі және халықаралық туристік шығындары ерекшеленіп шығады. Соңғыларының экономикалық болмысын түсіну үшін келушінің шығу елінен бару еліне қозғалысының бағыты маңызды мәнге ие. Шығатын туристік ағын халықаралық туристік шығындар санатымен, ал келу – халықаралық туризмнен түсімдермен қатынасады.

22. ДТҰ материалдарында халықаралық туристік шығындар қандай да бір елдің тұрақты тұрғындарының шетелдегі саяхаты кезіндегі шығындары арқылы анықталады. Өзгелері санында олар шетелдік көлік компанияларының халықаралық тасымалдаулар бойынша қызметтерге төлемін, сондай-ақ шетелде алынатын тауарлар мен қызметтерге алдын-ала төлемін қосады. Ағымдағы есептеулер теңгерімінде оларға жұбы ретінде халықаралық туризмнен түсімдер көрсеткіші пайдаланылады. Ол шетелдік келушілердің бару еліндегі барлық шығындардың сомасы ретінде есептеледі. Екі көрсеткіш те бірыңғай әдістеме бойынша құрылады және ақшалай қаражаттың трансшекаралық қозғалысымен байланысты шығынтарды ғана көрсетеді.

Ережені қалыптандыру және туристік шығындардың салғастырымдылығын қамтамасыз ету мақсатында ДТҰ олардың келесі топтастырылуын ұсынады: 1) қызметтердің жиынтығын білдіретін және құрамдас бөліктерге бөлусіз біркелкі бағамен жүзеге асырылатын кешенді турлар; 2) орналастыру; 3) тамақтану; 4) көлік; 5) мәдениет, демалыс және көңіл көтеру мекемелеріне кіру төлемін, сапар кезінде сатып алуға, жөндеуге және спорттық мүліктерді сатып алуға шығындарды, спорттық жеке түрлеріне үйренуге, қысқа экскурсияларға, сондай-ақ гидтердің қызметтерін қоса отырып рекреациялық, мәдени, және спорттық тауарлар мен қызметтер; 6) дүкендік сатып алулар; 7) өзге де баптар, сақтандыру төлемдері, комиссиялық жинаулар, фотоленканы айқындау және фотосуреттерді басып шығару құны және т.с.с.

23. Туристік шығындарды анықтау үшін үй шаруашылықтарын «Үй шаруашылықтарын сапарларға шығындар туралы зерттеу сауалдамасы» (Н-050) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны бойынша жыл сайынғы іріктеме зерттеу жүргізіледі, онда келесі көрсеткіштер қалыптастырылады:

сапарлар саны;

өткізген түндер саны;

туристік сапарлардағы шығындар;

шетелге сапар кезінде Қазақстан Республикасы аумағындағы шығындар;

Іскерлік сапардағы шығындар.

Сонымен қатар халықаралық тәжірибеге сәйкес 2010 жылы Туризмнің қосалқы шоттарына ақпаратты қалыптастыру үшін сауалдама жүргізумен резиденттер мен резидент еместер қамтылатын әуежайларда, темір жол вокзалдарында, автостанцияларда, және демалыс орындарында келушілерді іріктеме зерттеу («Келушілерді зерттеу» Н-060 сауалдама) жүргізілуде. Зерттеу нәтижесінде келесі көрсеткіштер қалыптастырылады:

сұралған келушілер саны;

келушілер саны және оларды туризм типтері бойынша бөлу;

келушілердің сапарлардағы шығындары;

келушілердің туризм типтері бойынша шығындары;

келушілердің болу ұзақтығы бойынша шығындары;

сапарлар мақсаттары бойынша;

көлік түрлері бойынша.

Сапар кезінде немесе оған дайындық барысындағы жасалған келушілердің шығындары туралы деректер ТҚШ көрсеткіштерін қалыптастыру үшін де пайдаланылады.

Бұл іріктеме зерттеуді жылына екі рет (қысқы және жазғы уақытта) жүргізген орынды.

24. Туристік тұтыну нақты ел аумағында барлық келушілермен тұтынылған тауарлар мен қызметтердің құнын қосады. Бұл ең алдымен орналасуға, көлікке, тамақтануға, көңіл көтеруге, қаржылық қызметтер мен туристік қажеттіліктер үшін пайдаланылатын ұзақ және қысқа мерзімді қолдану тауарларын сатып алуға кететін жеке шығындар. Шығындар сапарға дейін және одан кейін, сондай-ақ ел ішінде әрі шет елге саяхат кезінде жүргізілуі мүмкін.

Туристік сұраныс туристік тұтынуды және соңғы тұтыну құрамдас бөліктермен байланысты қамтылмай қалған тауарлар мен қызметтерді қамтиды. Оларға мыналар жатады:

1) ұжымдық туристік тұтынуға мемлекеттік ұйымдарды шығындары – туризммен байланысты нарықтық емес қызметтер (авияцияны басқару, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, курорттардағы санитарлық қызметтер және басқалар);

2) капиталдық салымдар – туристік индустрия қызметтерін жеткізушілермен (жеке сектор) және жабдықтарды жеткізуге, жарақтандыруға, келушілер үшін инфрақұрылымды құруға мемлекеттік органдармен жүзеге асырылатын шығындар;

3) экспорт – туристік пайдалану үшін шетелге жіберілетін тұтыну тауарлары (қызметтерді жеткізушілердің пайдалануы үшін шетелге жіберілетін жанармай, электроника, өндіріс құралдары (ұшақтар, круиздік кемелер)).

25. Туризмнің статистикалық көрсеткіштері туристердің тарапынан тауарлар мен қызметтерге қосымша сұраныстарының көзі болып табылады. Бұл сұраныс қосымша ұсынысты тудырады, яғни туризмге тән белгілі бір салалардың (қызмет түрлерінің) экономикалық өсімін ынталандырады Бұдан басқа туризм мемлекеттік қосымша табысының көзі ретінде болады, қосымша жұмыс орындарын, инвестицияларды құруға қажеттілікті тудыра алады.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1. «Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы» 2008 жылғы 05 шілдегі N 59-IVҚазақстан Республикасының Заңы

2. 2008 жылғы Туризм статистикасы бойынша халқаралық ұсыныстар (БҰҰ).

3. Туризм статистикасы бойынша ұсыныстары, 1994 (БҰҰ).

4. Экономиқалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуші (ЭҚЖЖ), ҚР МС 03-2007 нұсқалары.




Похожие:

Туризм статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар iconҒылым және инновациялар статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдіснама
Мұнымен бірге басты міндет ғылымның дамуын, жаңалықтардың қозғалысы, озық өндірістік технологияларды әзірлеу және енгізуге ынталандыруға...
Туризм статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар icon«Сенім телефонының» жұмысын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар Жалпы ережелер
Осы ұсынымдар «Сенім телефонының» (бұдан әрі – Сенім телефоны) бала құқықтарының бұзылу фактілері бойынша жұмыс тәртібін ұйымдастыру...
Туризм статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар icon«Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» бойынша іріктеуді өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар Әдістемелік ұстанымдар жергілікті атқарушы органдармен өңірлік деңгейде «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар»
«Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» (бұдан әрі – іс-шаралар) бойынша іріктеуді ұйымдастыру және өткізу іс-шаралар...
Туризм статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар icon«Каскадтау және бюджеттік бағдарламалармен байланыстыруды ескере отырып мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының көрсеткіштерін анықтау, болжамдау бойынша тәсілдерді әзірлеу»,
«Қазақстан Республикасында инновациялық кластерлерді құрудың ғылыми-әдістемелік негіздемесі» тақырыптары бойынша «Экономикалық зерттеулер...
Туризм статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар iconСауда статистикасы және тауар нарықтары бойынша әдіснамалық түсініктемелер Сауда статистикасы
Сауда статистикасы – бұл негізгі міндеті тауарлар, қызмет көрсету нарығының жағдайы, олардың өсу тенденциясы, сұраныс пен ұсынысты...
Туризм статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының м а. 2010 жылғы
«Туризм статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды...
Туризм статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар iconБекітемін Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі
Жақсы отбасылық қатынас-ты қалыптастыру бойынша әдістемелік әдебиетті әзірлеу және шығару
Туризм статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар icon1. 6 «эндокринологияға кіріспе» элективті пәні бойынша өзіндік жұмысқа арналған әдістемелік нұСҚаулар
Мақсаты: Қалыпты және патология жағдайдағы көмірсу алмасуы туралы білімді қалыптастыру
Туризм статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар icon«Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтерді нормативтік-құқықтық реттеу» тақырыбы бойынша және Қазақстан Республикасының экономикалық көрсеткіштерін жедел
Республикасының экономикалық көрсеткіштерін жедел мониторингілеудің ақпараттық-талдамалық жүйесін техникалық сүйемелдеу және дамыту...
Туризм статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының
«Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына құжаттар...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kze.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы