Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы icon

Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы



НазваниеҚазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
страница1/3
Дата конвертации05.01.2013
Размер0.7 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3

Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1498 Қаулысы


"Егемен Қазақстан" 2011 жылғы 30 наурыздағы № 112-115 (26517); "Казахстанская правда" от 22.02.2011 г., № 64-65 (26485-26486); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., N 10-11, 137-құжат


      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                            К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2010 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1498 қаулысымен   
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасы
Статистика агенттiгiнiң 2011 - 2015 жылдарға арналған
стратегиялық жоспары

Мазмұны

      1. Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң миссиясы мен пайымдауы
      2. Ағымдағы жағдайды талдау және тиiстi қызмет салаларының даму үрдiстерi
      3. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, мiндеттер, нысаналы индикаторлар, iс-шаралар және көрсеткiштер нәтижелерi
      4. Функционалдық мүмкiндiктердi дамыту
      5. Ведомствоаралық өзара iс-қимыл
      6. Тәуекелдердi басқару
      7. Бюджеттiк бағдарламалар

1-бөлiм. Миссиясы мен пайымдауы

      Миссия - статистика саласында пайдаланушылардың (халық, бизнес, мемлекеттiк органдар және халықаралық ұйымдар) сапалы статистикалық ақпаратқа қажеттiлiгiн барынша қанағаттандыруға бағытталған мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және iске асыру.
      Пайымдауы - статистика саласында халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн және қазiргi заманауи ақпараттық технологияларды қолданатын кәсiби статистикалық қызмет.

^ 2-бөлiм. Ағымдағы жағдайды талдау және тиiстi қызмет салаларының даму үрдiстерi

      1. Дамудың негiзгi параметрлерi
      Белгiлi болғандай, мемлекеттiк статистиканың дамуы Қазақстан Республикасы дамуының стратегиялық мақсаттарына қол жеткiзуге, мемлекеттiк органдар жүйесi қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру үшiн жағдайлар жасауға бағытталған және бағдарламалық құжаттар мен Президенттiң Қазақстан Республикасы халқына жыл сайынғы жолдауларын ақпараттық-статистикалық қамтамасыз етуге қабiлеттi деп танылды.
      2010 жылғы 19 наурызда «Мемлекеттiк статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңы, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк статистика және салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
      Мемлекеттiк статистика жүйесiнiң нормативтiк-құқықтық базасын жетiлдiру бойынша жүргiзiлген жұмыс статистикалық және статистикалық емес қызметтердiң ара жiгiн ажыратуға, статистиканың сапасын арттыруға, әкiмшiлiк дереккөздердi пайдалану арқылы респонденттерге түсетiн жүктеменi төмендетуге мүмкiндiк бередi.
      Қазақстан Республикасының Статистика Агенттiгiнiң негiзгi стратегиялық басымдықтарының бiрi статистикалық әдiснаманы жетiлдiру болып табылады, оның шеңберiнде ағымдағы жылы қолданыстағы және жаңа 17 статистикалық әдiснамалық ережелер мен әдiстердi әзiрлеудi қайта қарау жоспарлануда.
      Мыңжылдықтың даму мақсатына қол жеткiзу прогресiн мониторингiлеу мақсатында халықты Мульти-индикаторлық кластерлiк тексерудi жүргiзу жоспарланып отыр.
      «Doing Business» халықаралық рейтингiнде Қазақстанның ұстанымын жақсарту жөнiндегi жұмыстар мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк статистика және салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен Қазақстан Республикасы заңнамасынан кәсiпкерлiк субъектiлердiң құрылтай құжаттарымен қатар статистикалық карточканы мiндеттi ұсынуын көздейтiн нормаларды алып тастау көзделдi.
      Осы түзетулердi енгiзу нәтижесiнде 2010 жылғы 16 сәуiрден бастап заңды тұлғаларды тiркеу (қайта тiркеу) және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу (қайта тiркеу) барысында тiркелетiн субъектiлерге статистикалық карточканы беру жойылды.
      Осылайша, Мемлекеттiк статистикалық тiркелiмге есепке қою және бiрыңғайланған, сәйкестендiрiлген және өзге де жүйелiк - есепке алу кодтарын беру құжатсыз, яғни Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң «Заңды тұлғалар» мемлекеттiк дерек қорынан электронды түрде келiп түсетiн ақпарат негiзiнде жүргiзiледi.
      Деректердi жинаудың және өңдеудiң қазiргi заманғы тәсiлдерiн енгiзу бөлiгiнде заманауи технологияларды қолдану арқылы Агенттiктiң ақпараттық инфрақұрылымын елеулi дамыту қажет.
      Электрондық дерек алмасуды қамтамасыз ету үшiн «е-үкiметтi» енгiзу жөнiндегi шараларға сәйкес әкiмшiлiк деректердi статистика органдарымен статистикалық ақпарат өндiрiсiнде пайдалануға болатын мемлекеттiк органдардың қолданыстағы ақпараттық жүйелерiмен интеграциялау бойынша алдағы уақытта жұмыстар жүргiзiледi.
      Статистикалық деректердi жинау, өңдеу және тарату процестерiн автоматтандырудың жаңа деңгейiмен қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн «е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесiн жасау және енгiзу жөнiнде жұмыстар жүргiзу жоспарлануда.
      Сондай-ақ, Агенттiк мемлекеттiк статистикаға деген сенiм деңгейiн арттыруға баса назар аударатын болады.
      Кез келген орган қызметi көрсеткiштерiнiң бiрi, ұсынылатын қызметтердiң үнемi жоғарылатуды талап ететiн сапасы болып табылады. Өзге мемлекеттермен салыстырғанда Қазақстан Республикасында Мемлекеттiк статистикаға деген сенiм деңгейi және деректердi сапамен қанағаттандыру дәрежесi салыстырмалы түрде жоғары емес болып табылады.
      Оған қоса, шет мемлекеттерде (Норвегия, Канада, Австралия) статистикалық көрсеткiштердi өндiру үшiн барлық әкiмшiлiк дереккөздердiң деректерiн заңнамалық, технологиялық және ұйымдық деңгейлерде толық пайдалану қамтамасыз етiлген, бұл сондай-ақ респонденттерге түсетiн жүктеменi төмендетуге ықпал етедi (кәсiпорындардың мемлекеттiк органдарға тапсыратын есептерiнiң санын азайту).
      ҚР Статистика агенттiгiнiң сайтына пайдаланушылар өтiнiштерiнiң санын ұлғайту мақсатында Агенттiктiң интернет-ресурсы жетiлдiрiледi. Iшкi процестер жетiлдiрiлдi және статистикалық ақпаратты қалыптастыру рәсiмдерiнiң айқындығы қамтамасыз етiлетiн болады.
      2. Негiзгi проблемаларды талдау:
      1) статистикалық көрсеткiштердi әзiрлеу үшiн әкiмшiлiк көздердiң деректерiн жеткiлiксiз пайдалану. Халықаралық статистикалық сала стандарттарында жаңа көрiнiстердiң туындауы құрылымдық статистика көрсеткiштерiн есептеу әдiснамасы саласындағы қолданыстағы стандарттарды жетiлдiру қажеттiлiгiн көрсетедi.
      2) қолда бар әкiмшiлiк деректердi жеткiлiктi пайдаланбау және көрсеткiштердiң жекелеген топтары бойынша алғашқы деректердi өңдеу әдiснамасының және статистикалық нысандардың күрделiлiгi есебiнен респонденттерге жоғары жүктеме. Бұдан басқа, әртүрлi мемлекеттiк органдардың және тiркелiмдiк жүйелер мен iшiнара байқаулардың жеткiлiксiз қолданылуы мен ұқсас көрсеткiштер жинаудың қайталануы орын алып отыр.
      3) ресми статистикалық деректерге сенiмнiң және пайдаланушыларды қанағаттандыру дәрежесiнiң жеткiлiксiз деңгейi.
      Агенттiктiң ақпараттық инфрақұрылымы төмендегiдей сипатталады:
      1) телекоммуникациялық инфрақұрылымның нашар дамуы, бұл сыртқы пайдаланушылармен дерек алмасуды қиындатады;
      2) қолданыстағы ақпараттық жүйелер әдiснамада өзгерiстер болған жағдайда тез бейiмделудi жүзеге асыруға мүмкiндiк бермейдi;
      3) Агенттiктiң құрылымдық бөлiмшелерi мен мемлекеттiк органдар арасындағы келiсiлген электрондық дерек алмасудың болмауы;
      4) деректердi өңдеу соңғы 10 жыл iшiнде әзiрленген және айтарлықтай жаңартуды қажет ететiн шамамен 200 бағдарламалық кешендi қолдана отырып жүзеге асырылады;
      5) пайдаланушылар Агенттiктiң басқаруындағы қолда бар деректер мен статистикалық байқаулардың қамтуын кеңейту мүмкiндiктерi немесе ауқымы туралы жеткiлiктi ақпараттандырылмаған.
      3. Негiзгi сыртқы және iшкi факторларды бағалау
      Қалыптасқан жағдайды талдау негiзiнде 2015 жылға дейiнгi кезеңге ұлттық шоттар жүйесiнiң (бұдан әрi - ҰШЖ) жедел дамуының негiзгi бағыттары анықталды. Бұл:
      1) «ҰШЖ 2008» жаңа халықаралық стандартын енгiзу;
      2) ҰШЖ iшiнде жекелеген есептеулер арасындағы салыстырымдылықты жоғарылату;
      3) салааралық баланстың айтарлықтай нақтыланған есептеулерiне өту.
      Нәтижесiнде макроэкономикалық көрсеткiштердiң ғана емес, сондай-ақ экономика салаларының құрылымын және даму серпiнiн көрсететiн салалық көрсеткiштердiң сапасын жоғарылату жоспарлануда.
      «е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйелердi енгiзу ағымдағы және келешектегi мұқтаждықтарға бейiмделуге қабiлеттi ақпараттың интеграцияланған желiсiн ағымдағы сыртқы және iшкi факторлар есебiнен құруға және iске асыруға мүмкiндiк бередi.
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алғашқы статистикалық деректердiң құпиялылығын қамтамасыз ету үшiн байланыстың қорғалған арналарын ұйымдастыру;
      2) нақты уақыт режимiнде жұмыс iстейтiн сапалы қызмет көрсету;
      3) статистикалық ақпаратты пайдаланушыларға (халыққа, бизнеске, қоғамдық және мемлекеттiк органдарға) «е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйелердi ресурстарына кең қол жетiмдiлiктi ұсыну.
      Бұдан басқа, пайдаланушылар бiрiктiрiлген статистикалық деректердi оңтайлы интерфейс арқылы алуға мүмкiндiк алады, мұның өзiнде ақпараттық-талдамалық жүйе және геоақпараттық жүйе пайдаланушыға қажеттi кестелiк, графикалық және географикалық көрiнiстегi ақпараттың қажеттi бөлiнiсiн алуға мүмкiндiк бередi.
      Сондай-ақ, әкiмшiлiк көздерден деректердi aлу арқылы респонденттерге жүктеменi төмендетуге болады. Көптеген мемлекеттiк органдарда талап етiлетiн ақпарат бар, әкiмшiлiк көздерден деректердi алу тiркелiмдiк кiшi жүйелердi өзектi ету көзi болып табылады. Осы ақпарат бiрiктiрiлген статистикалық көрсеткiштердi одан әрi өңдеу және қалыптастыру үшiн әкiмшiлiк дерекқорда жиналатын болады.

^ 3-бөлiм. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, мiндеттер,
нысаналы индикаторлар, iс-шаралар және нәтижелер көрсеткiштерi

1. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, мiндеттер, нысаналы индикаторлар, iс-шаралар және нәтижелер көрсеткiштерi

      Ескерту. 1-кiшi бөлiмге өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.04.05 № 370, 2011.12.06 N 1477, 2011.12.30 № 1666 Қаулыларымен.

1-стратегиялық бағыт. Ұсынылатын ақпараттың сапасын арттыру

1.1-мақсат. Экономиканың барлық аяларын, салаларын сапалы көрсеткiштермен қамтамасыз ету және статистикалық деректердi түзудi оңтайландыру
      Ескерту. 1-1-мақсаттың тақырыбы жаңа редакцияда  - ҚР Үкiметiнiң 2011.12.30 № 1666 Қаулысымен.

Нысаналы индикатор (Қол жеткiзудiң соңғы мерзiмiн (кезеңiн) көрсете отырып)

Ақпараттың дереккөзi

Өлш. бiрл.

Есептi кезең

Ағымдағы жылдың жоспары

Жоспарлы кезеңде

2009

2010

201 1

2012

2013

2014

2015

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Алдын-ала және есептi деректер бойынша ҰШЖ көрсеткiштерiнiң есептеулерiндегi номиналды айырмашылықтар

Жедел ақпарат

айырмашылықтар %

7

6

5

4,5

4

3,5

3

2

Әртүрлi әдiстермен есептелген ҰШЖ көрсеткiштерiнiңесептеулерiндегi номиналды айырмашылықтар

Жедел ақпарат

айырмашылықтар %

7

6

5

4,5

4

3,5

3

1.1.1-мiндет Статистикалық әдiснаманы және құралдарды жетiлдiру

Тiкелей нәтижелердiң көрсеткiштерi

Ақпараттың дереккөзi

Өлш. бiрл.

2009

2010

Жоспарлы кезең

2011

2012

2013

2014

2015

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Жалпы iшкi өнiмнiң мөлшерiне, құрылымына және есу қарқынына әсер ететiн 2008 ҰШЖ-ға сәйкес әзiрленген және қайта қаралған әдiснамалық ұсынымдар үлесi

Әдiснамалық ұсынымдар

қайта қаралған әдiснамалардың жалпы санынан %


 
 


 
 

29

58

79

93

100

2

Пайдаланушылардың талаптарына сәйкес енгiзiлген құрылымдық статистика көрсеткiштерiнiң үлесi

Әдiснамалық ұсынымдар

%


 
 


 
 

20

40

60

80

100

3

Статистика салалары бойынша енгiзiлетiн жаңа статистикалық байқаулар саны

Статистикалық жарияланымдар

бiрл.

11

3

5

3

2

3

3

4

Халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн жаңа статистикалық көрсеткiштердiң саны

Статистикалық жарияланымдар

бiрл.

97

48

33

17

22

10

7

Тiкелей нәтижелердiң көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар

Жоспарлы кезеңде iске асыру мерзiмi

2011

2012

2013

2014

2015




1

2

3

4

5

6

1

ҰШЖ-да және салалық статистика бойынша жаңа әдiстемелердi әзiрлеу және қолданыстағы әдiстемелердi қайта қарау

X

X

X

X

X

2

Құрылымдық статистика көрсеткiштерiн есептеу әдiснамасын жетiлдiру

X

X

X

X

X

3

Әдiснаманы жақсартуға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу




X

X

X

X

4

Салалық статистика бойынша енгiзiлген статистикалық әдiстемелердiң саны

X

X

X

X

X

5

Жаңа статистикалық байқауларды енгiзу

X

X

X

X

X

6

Жаңа статистикалық көрсеткiштердi енгiзу және қолда бар статистикалық көрсеткiштердiң салғастырымдылығын арттыру

X

X

X

X

X

7

Әзiрлеу (қайта бекiту):



















экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы жiктеуiшi




X













экономикалық қызмет түрлерi бойынша өнiмдердiң мемлекеттiк жiктеуiшi







X










негiзгi қорлардың мемлекеттiк жiктеуiшi










X







әкiмшiлiк-аумақтық объектiлердiң мемлекеттiк жiктеуiшi










X




8

Байқауларды жаппай әдiстен iрiктемелi әдiске ауыстыру

X




X




X

      Ескерту. 1.1.2-мiндет алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2011.12.30 № 1666 Қаулысымен.

1.2-мақсат. «е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесiн жасау және енгiзу арқылы деректердiң өңдеу жүйесiн дамыту
      Ескерту. 1-2-мақсаттың тақырыбы жаңа редакцияда  - ҚР Үкiметiнiң 2011.12.30 № 1666 Қаулысымен.

Нысаналы индикатор (қол жеткiзудiң соңғы мерзiмiн (кезеңiн) көрсете отырып)

Ақпараттың дереккөзi

Өлш. бiрл.

2009

2010

Жоспарлы кезеңде

2011

2012

2013

2014

2015

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Әкiмшiлiк дереккөздермен өзара iс-қимыл үдерiстерiн автоматтандыру деңгейi

Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң қызметi туралы жылдық есеп

%

12

33

83

91

95

100




1.2.1-мiндет. Ақпараттық жүйелердi әзiрлеу, енгiзу және дамыту

Тiкелей нәтижелердiң көрсеткiштерi

Ақпараттың дереккөзi

Өлш.
бiрл.

2009

2010

Жоспарлы кезең

2011

2012

2013

2014

2015

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Жалпымемлекеттiк статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары жөнiндегi, статистикалық деректердi өңдеу және талдау жөнiндегi есептердi жинау бойынша статистикалық тiркелiмдердiң енгiзiлген ақпараттық жүйелердiң саны

Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң қызметi туралы жылдық есеп

бiрл.

2


 
 

 

2

4

3







2

Пайдаланушыларға статистикалық ақпаратты ұсыну бойынша корпоративтiк қолдануға және ақпараттық жүйелер үшiн енгiзiлген ақпараттық жүйелердiң саны

Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң қызметi туралы жылдық есеп

бiрл.


 
 


 
 


 
 


 
 

5







3

Статистикалық нысандардың электрондық форматтағы саны

Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң қызметi туралы жылдық есеп

Статистикалық есептiң нысаны, бiрл.

8

53

63

73

83

93

103

4

Басқа мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiмен деректердi электрондық алмасу үшiн интеграциялау және өзара iс-қимылдар

Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi мен орталық мемлекеттiк органдар арасындағы бiрлескен бұйрықтар

бiрл.

3

5

12

2

1

1


 
 

Тiкелей нәтижелердiң көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар

Жоспарлы кезеңде iске асыру мерзiмi

2011

2012

2013

2014

2015




1

2

3

4

5

6

1

Тiркелiмдiк ақпараттық жүйелердi және «Метадеректер» ақпараттық жүйесiн әзiрлеу және енгiзу

х

х

х







2

«on-line режимiнде деректердi жинау» ақпараттық жүйесiн әзiрлеу және енгiзу

х

х

х







3

Мыналарды жасау және енгiзу:
















«Бастапқы статистикалық деректердi сақтау» ақпараттық жүйесiн

х

х










«Әкiмшiлiк деректер» дерек қорын

х

х










«Бастапқы статистикалық және әкiмшiлiк ақпараттарды өңдеу» ақпараттық жүйесiн

х

х

х







Ақпараттық-талдау жүйесi және «Агрегатталған көрсеткiштер» дерек қорын

х

х

х







Сыртқы және iшкi интернет порталын

х

х

х







Интеграциялық компоненттi жасау және енгiзу және интеграцияланатын мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiмен деректердiң электрондық алмасуын интеграциялау және жүзеге асыру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу

х

х

х

х




4

Статистикалық нысандарды электрондық форматта енгiзу және қолдау

х

х

х

х

х

1.3-мақсат. Статистикалық ақпаратты тарату жүйесiн дамыту

      Ескерту. 1-3-мақсаттың тақырыбы жаңа редакцияда  - ҚР Үкiметiнiң 2011.12.30 № 1666 Қаулысымен.

Нысаналы индикатор (қол жеткiзудiң соңғы мерзiмiн (кезеңiн) көрсете отырып)

Ақпараттың дереккөзi

Өлш. бiрл.

2009

2010

Жоспарлы кезеңде

2011

2012

2013

2014

2015

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Мемлекеттiк статистика деректерiне сенiмдiлiк деңгейi

Сауалнамалық пiкiртерiм

%


 
 

70

75

77

78

79

80

2

«Мемлекеттiк органдармен қабылданатын шешiмдердiң ашықтығы» индикаторы бойынша БҒИ рейтингiндегi айқындамасы

ДЭФ есебi

орын

-

75

65

46

45

44

43

1.3.1-мiндет. Пайдаланушыларды статистикалық ақпаратпен қамтамасыз етiлуiн жақсарту

Тiкелей нәтижелердiң көрсеткiштерi

Ақпараттың дерекөзi

Өлш. бiрл.

2009

201 0

Жоспарлы кезең

2011

2012

2013

2014

2015

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Статистика агенттiгiнiң интернет-ресурсында статистикалық ақпарат пайдаланушылардың келiп кету санын арттыру

Интернет ресурс

бiрлiк

140 000

250 000

300 000

400 000

500 000

600 000

700 000

2

Экономикалық қызметтiң жалпы жiктеуiшi мен экономикалық қызмет түрлерi бойынша өнiмдер жiктемелерiнiң жаңа жүйесiне сәйкес 2009 - 1990 жылдардағы серпiндiлiк қатарларын қайта санау

Интернет ресурс

(жылдар)







4
(2006 - 2009)

4
(2002 - 2005)

4
(1998 - 2001)

8
(1990 - 1997)




3

ИСО 9001 стандарт талаптарына сапа менеджментi жүйесiн сәйкестiгiн растау саны

Сертификаттаушы ұйымның аудитi бойынша есеп

Сертификат
(сәйкестiктi растау)

1

1

6

18

18

18

18

4

Ресми статистикалық ақпараттың ашықтығы мен жалпы қолжетiмдiлiгiне бағытталған, өткiзiлген iс-шаралардың саны

Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң қызметi туралы жылдық есеп

бiрлiк










15

15

15

15

Тiкелей нәтижелердiң көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар

Жоспарлы кезеңде iске асыру мерзiмi

2011

2012

2013

2014

2015




1

2

3

4

5

6

1

Статистикалық ақпаратты Интернет-ресурс арқылы таратуды кеңейту

х

х

х

х

х

2

Серпiндiлiк қатарларды салғастырымды түрге келтiру

х

х

х

х

х

3

Талдамалық зерттеу жүргiзу арқылы деректердi таратуды жетiлдiру

х

х

х

х

х

4

Халықтың ұлттық санағының қорытындылары бойынша статистикалық жинақтарды (серияларды) қалыптастыру және шығару

х













5

Халықтың ұлттық санағының қорытындылары бойынша талдамалық есептi дайындау

х

х

х

х

х

6

Агенттiк Төрағасының қатысуымен ай сайынғы негiзде брифинг өткiзу

х

х

х

х

х

7

ИСО 9001 стандарттарының талаптарына сәйкес келетiн сапа менеджментi жүйесiн енгiзу және дамыту бойынша қызмет көрсетулердi сатып алу (орталық аппарат және аумақтық органдар)

х

х

х

х

х

8

ИСО 9001 стандарт талаптарына сәйкес жұмыстарды ұйымдастыру және жүргiзу (орталық аппарат және аумақтық органдар)

х

х

х

х

х

9

Мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерiн әзiрлеу




х










10

Ұлттық компаниялардың қаржы-шаруашылық қызметi туралы статистикалық ақпаратты қалыптастыру

х

х

х

х

х

11

Ашық есiк күндерiн және интернет - конференциялар өткiзу

х

х

х

х

х

2. Мемлекеттiк органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттiң стратегиялық мақсаттарына сәйкестiгi
      Ескерту. 2-кiшi бөлiм жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2011.12.30 № 1666 Қаулысымен.

Мемлекеттiң стратегиялық бағыттары мен мақсаттары

Стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттың атауы

1 стратегиялық бағыт. Ұсынылатын ақпараттың сапасын жақсарту
1.1-мақсат. Экономиканың барлық аяларын, салаларын сапалы көрсеткiштермен қалыптастыру және статистикалық деректердi түзудi оңтайландыру
1.2-мақсат. «е-Статистика» интеграцияланған акпараттық жүйесiн жасау және енгiзу арқылы деректердiң өңдеу жүйесiн дамыту
1.3-мақсат. Статистикалық ақпаратты тарату жүйесiн дамыту

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922  Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары

  1   2   3



Похожие:

Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Республикасы Статистика агенттiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы icon"Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 31 желтоқсандағы №1498 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
Республикасы Статистика агенттiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010...
Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы icon"Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 31 желтоқсандағы №1498 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Республикасы Статистика агенттiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010...
Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы icon12. 04. 2012 жылғы №452 «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы»
«Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Республикасы Статистика агенттігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Республикасы Статистика агенттігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconПостановление Правительства республики к азахстан 201 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 201 года № № № данасы экз. №
«Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconПостановление Правительства республики к азахстан 201 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 201 года № № № данасы экз. №
«Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconҚазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы №2340 Қаулысы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы»
Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Республикасы Статистика агенттігінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары және міндеттері
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kze.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы