Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны



НазваниеҚазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
страница1/4
Дата конвертации05.01.2013
Размер0.69 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4






Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы «30» желтоқсандағы № 2311қаулысымен

бекітілген

2010 жылғы 27 желтоқсандағы

№ 1421 өзгерістерімен


Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған
стратегиялық жоспары



Мазмұны











1.

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің миссиясы мен пайымдауы


1

2.

Ағымдағы жағдайды талдау

2

3.

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары және міндеттері


6

4.

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің функционалдық мүмкіндіктерін дамыту


15

5.

Ықтимал тәуекелдер

15

6.

Басқа мемлекеттік органдармен және халықаралық

ұйымдармен өзара әрекеті


16

7.

Стратегиялық жоспарды әзірлеуге негіз болған нормативтік -құқықтық актілер мен құжаттардың тізбесі


17

8.

Бюджеттік бағдарламалар


18




  1. ^ Миссиясы мен пайымдауы


Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) миссиясы пайдаланушылардың (халық, бизнес, мемлекеттік органдар және халықаралық ұйымдар) сапалы статистикалық ақпаратқа қажеттілігін барынша қанағаттандыру жолымен Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің дамуына жәрдемдесу болып табылады.

Пайымдауы – Агенттік статистикалық қызмет саласында БҰҰ-ның ресми статистикасының басты қағидаттарын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының әлемдегі бәсекеге неғұрлым қабілетті елдер қатарына кіруіне ықпал ететін мемлекеттік орган.

.

  1. ^

    Ағымдағы жағдайды талдау




Мемлекеттік статистиканы дамыту Қазақстан Республикасының дамуының стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге, мемлекеттік органдар жүйесі қызметінің тиімділігін арттыруға арналған жағдайлар жасауға бағытталған және бағдарламалық құжаттарды әрі Президенттің Қазақстан Республикасының халқына жыл сайынғы жолдауларын ақпараттық-статистикалық қамтамасыз етуге жәрдемдесу болып табылады.

Негізгі проблемалардың бірі статистикалық көрсеткіштерді әзірлеу үшін әкімшілік дереккөздің деректерін жеткіліксіз пайдалану болып табылады. 2009 жылы мемлекеттік статистика жүйесінің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілді, «Мемлекеттік статистика туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне мемлекеттік статистика мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары әзірленді. 2010 жылға заң жобаларын қабылдау жоспарланды. Жаңа заңдар статистикалық және статистикалық емес қызметтің шектеуін нақты анықтауға, статистиканың сапасын арттыруға, әкімшілік дереккөздердің деректерін пайдалану арқылы респонденттерге түсетін жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік статистика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен негізгі заң жобасының терминологиясына және тұжырымдамасына сәйкес мемлекеттік органдардың құзыретін қозғайтын анықтамаларды нақтылау, нормаларды келтіру, әкімшілік дереккөздердің деректеріне уәкілетті органның қол жеткізуін қамтамасыз ету бөлігінде 104 заңнамалық актілерге (Азаматтық, Жер, Орман, Экологиялық, Еңбек, Бюджет кодекстері, ӘҚБК, салалық заңдар, сондай-ақ дара кәсіпкерлік мәселелері бойынша бірқатар заңнамалық актілеріге) өзгерістер енгізілетін болады. Заң жобаларын қабылдау пайдаланушыларды толық және сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік аппараттың жұмысын жақсартуға мүмкіндік береді, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің тиісті саладағы заңнама нормаларын сақтауда жеке жауапкершіліктерін арттырады. Дүниежүзілік Банкімен өзара іс-қимылы бойынша («Doing Business») Қазақстан Республикасында бизнесті жүргізу қолайлылығының деңгейі бойынша рейтингті меншіктеу жөнінде жүргізілетін жұмыстар шеңберінде 2009 жылы бизнеске жүктемені төмендету және әкімшілік бөгеттерді қысқарту жөнінде жұмыс жүргізілді. Осы жұмыстың нәтижелері бойынша заңнамаға мемлекеттік статистика саласында уәкілетті органдағы тіркеудің құжатсыз нысанын көздейтін өзгерістер енгізілуде (жылына 25 мыңнан астам заңды тұлғаларды тіркеген кезде статистикалық карточка жойылады).

Басты міндеттердің бірі халықаралық стандарттарға сәйкес статистикалық байқауларды жүргізудің әдіснамасын одан әрі дамыту болып табылады. 2009 жылы пайдаланушылардың талаптарын ескере отырып, статистикалық көрсеткіштердің тізбесі мен пішімі өңделді. Статистикалық көрсеткіштерді жариялау мерзімдері мен нақтылау дәрежесі әлемдік тәжірибеге сәйкес келеді.

Статистикалық ақпараттың толық жинағы Агенттіктің www.stat.kz интернет-ресурсында, Халықтың ұлттық санағы жөніндегі статистикалық ақпарат - www.kz2009.kz интернет-ресурсында орналастырылады.

2009 жылғы 25 ақпан мен 6 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Халқының ұлттық санағы өткізілді, оның қорытындысы бойынша халық санағының алдын-ала қорытындылары ұсынылды. Қазақстан Республикасы тұрғындарының демографиялық, әлеуметтік-экономикалық белгілері бойынша көкейтесті етілген деректер алынды. Егжей-тегжейлі деректер 2010-2011 жылдары жарияланатын болады.

2009 жылы Агенттік 204 (2008 жылы - 213), басқа мемлекеттік органдар - 80 (2008 жылы - 84) статистикалық байқау өткізді, сондай-ақ әкімшілік деректерді есепке алу жүйесі жүргізілуде (деректердің мемлекеттік қорлары мен тіркелімдік жүйелері).

Басты міндеттердің бірі респонденттерге түбегейлі жүктеме болып табылады. Сондықтан, кәсіпорындарға түсетін орташа жүктеме айына 8 статистикалық есепті құрайды (кәсіпорынның мөлшеріне, өңірге және байқау жүргізу тәсіліне байланысты 4-тен 50-ге дейін нысан), мұның өзінде, респонденттің есептілікті толтыруға жұмсайтын орташа уақыты кәсіпорынның мөлшеріне байланысты жылына 2-ден 18 адам-күн аралығында түрленіп отырады. 2009 жылы «респонденттерге түсетін жүктемені төмендету» көрсеткішіне қол жеткізу үшін мынадай шаралар толық көлемде іске асырылды: статистикалық есептіліктің 131 нысаны жаңғыртылды; статистикалық есептіліктің нысандарына 127 нұсқаулық өңделді; 18 әдіснамалық нұсқаулық жаңадан әзірленді және өңделді.

2009 жылы жергілікті кешендермен қатар режимде жүргізілетін «Электронды статистикалық есеп» Ақпараттық жүйеге (бұдан әрі   ЭСЕ АЖ) деректер жиналатын 30 статистикалық нысаны тәжірибелік пайдалануға енгізілді. Оның ішінде 2009 жылы ЭСЕ АЖ-ға деректерді нақты жинау және өңдеу орындалған 8 статистикалық нысан өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді. 2009 жылғы 10 ай ішінде электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі   ЭЦҚ) пайдаланусыз электронды түрде облыстық Статистика департаменттері арқылы 5 423 есеп қабылданды, ЭЦҚ енгізілгеннен кейін интернет-ресурс арқылы есеп берген кәсіпорындардың саны 276-ны құрады, облыстық Статистика департаменттері арқылы есеп берген кәсіпорындардың саны – 241.

Агенттіктің ақпараттық жүйелерін олардың «Электрондық үкімет» инфрақұрылымымен біріктірілуін есепке ала отырып, 2009 жылдан бастап құру және дамыту жөніндегі тұжырымдама іске асырылуда. Осы тұжырымдама мемлекеттік органдардың қолданыстағы ақпараттық жүйелерінің біріктірілуін және статистикалық ақпаратты өңдеу, сақтау, талдау және тарату жөніндегі жаңа бағдарламалық құралдар кешенінің енгізілуін көздейді. Е-статистикасын дамыту шеңберінде 3 ақпараттық жүйе бойынша жұмыс жүргізілуде – «СЫНЫП» АЖ, ЭСЕ АЖ, ӘСТ.

Басты проблемалардың бірі ресми статистика деректеріне сенімнің және пайдаланушылардың қанағаттанушылық дәрежесінің жеткіліксіз дегейі болып табылады. Басқа елдермен салыстырғанда, мемлекеттік статистикаға сенім деңгейі және сапалы деректерге қанағаттанушылық дәрежесі Қазақстан Республикасында салыстырмалы тұрғыдан алғанда төмен. 2009 жылы статистикалық ақпаратты пайдаланушылар арасында жүргізген сұраулардың нәтижелері бойынша пайдаланушылардың 74 %-нан астамы ресми статистикалық деректердің 75 % -дан астамын шынайы деп бағалады; ал оның ішінде 33,2% толық сенеді. Пайдаланушылардың көпшілігі – сұралғандардың 85,7%-ы жарияланған ақпараттың көлемімен қанағаттанады. Мысалы дамыған елдерде (Канада, Австралия, Финляндия, Норвегия және басқалары) бұл көрсеткіш 85 %-дан астамды құрайды.

Агенттіктің техникалық құралдармен жабдықталу дәрежесі 70 %-ды құрайды. Статистикалық көрсеткіштердің жоспарланған көлемінің сапалы және тиімді әзірлемесін қамтамасыз ету үшін көлікпен және жиһазбен қамтамасыз етуді қоса алғанда, қызметкерлердің жұмыс орындарын қайта жабдықтау талап етіледі.

Жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету мәселесін шешу мақсатында қызметкерлерді тұрақты оқыту жүйесі құрылған. 2009 жылы Агенттіктің 2000 қызметкері, 3000 статистикалық ақпаратты пайдаланушылар, 10000-нан астам респонденттер оқытылды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен өзара іс-қимыл шеңберінде «Статистика» мамандығы қайта ашылды.

Халықаралық статистика кеністігіне нашар біріктірілген статистика маңызды проблема болып табылады. Бұл проблеманы шешу үшін Агенттікпен көптараптық және екітараптық деңгейде түрлі статистикалық ұйымдармен (БҰҰ Статистикалық Комиссиясы, БҰҰ Еуропалық Экономикалық Комиссиясы, Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымы, Еуростат, Түркия халықаралық ынтымақтастық агенттігі, ТМД Статистикалық комитеті және т.б.) және ұлттық статистикалық офистермен өзара халықаралық іс-қимылы жүзеге асырылуда.

2009 жылы Агенттік 3 халықаралық семинар өткізді (БҰҰ ЕЭК, АТМЭК, ОАЭАБ өкілдерінің қатысуымен). Агенттіктің және аумақтық статистика органдарының 64 қызметкері статистика салалары бойынша 53 әр түрлі конференцияларға, семинарларға және кездесулерге қатысты.

2009 жылы Қазақстан Азия және Тынық мұхит елдеріне арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (АТМЭК) Статистика комитеті бюросындағы Вице-Төрағасы лауазымына 2011 жылға дейін, сонымен қатар 2012 жылға дейін статистика жөніндегі БҰҰ-ның Орталық Азия және Әзірбайжан экономикасы үшін арнайы бағдарламасының (ОАЭАБ) Жұмыс тобының Төрағасы болып тағайындалды. ТМД елдерінің статистикалық қызметтері басшылары кеңесінің 42 отырысында Агенттігінің төрағасы Ә.А. Смайылов Кеңестің бірлескен төрағасы ретінде сайланды.

Норвегия, Германия елдерімен өзара тиімді ынтымақтастық жалғастырылуда. Қазақстан АТМЭК-тің экономикалық статистиканы жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының құрамына қосылды, Вашингтондық жұмыс тобының жұмысқа қабілетсіздік статистикасы бойынша пилоттық мемлекеті болып табылады.

2009 жылы Қазақстан Канаданың Оттава қаласында «Экономикалық үрдістерді дер кезіндегі бағалау» жөніндегі кездесуге қатысты.

Қазақстан АТМЭК министрліктері деңгейіндегі 65-сессиясының Азия-тынық мұхиты өңірі бойынша статистика саласындағы ынтымақтастық жөніндегі резолюция жобасына Жапониямен бірге авторлас ретінде шықты.

2009 жылы Агенттік 140 сауалды өңдеді және халықаралық ұйымдарға және шетелдік институттарға жіберді.

Агенттік қызметінің проблемалық (қолданыстағы мемлекеттік статистика жүйесінің әлсіз жақтары және кемшіліктері) салалары:

  1. халықаралық стандарттарға сәйкес статистикалық байқауларды жүргізудің әдіснамасын одан әрі дамыту;

  2. респонденттерге түбегейлі жүктеме;

  3. ресми статистика деректеріне сенімнің және пайдаланушылардың қанағаттанушылық дәрежесінің жеткіліксіз деңгейі;

  4. статистикалық көрсеткіштерді әзірлеу үшін әкімшілік дереккөздің деректерін жеткіліксіз пайдалану (ведомствоаралық өзара іс-қимыл);

  5. халықаралық статистикалық кеңістікке нашар біріктірілген статистика.

Осылайша, стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін келесі мәселелерді шешу неғұрлым маңызды болып табылады:

- статистикалық әдіснаманы одан әрі жетілдіру;

- әкімшілік дереккөздерінің деректер қорына талдау жүргізу;

- деректер қорын қалыптастыру тәртібі мен жүргізу және статистикалық жіктелімдерді пайдалану жөніндегі әкімшілік дереккөздерді Агенттік талаптарын міндетті түрде сақтауы;

- мемлекеттік органдар мен Агенттіктің ақпараттық жүйелерін дамыту және біріктіру;

- статистикалық байқаулар нысандарын одан әрі жаңарту.



  1. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің

стратегиялық бағыттары, мақсаттары және міндеттері


Агенттік қызметінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық бағыттары:

  1. статистикалық әдіснаманы және статистикалық құралды жетілдіру (1 проблемалық сала);

  2. респонденттермен жұмысты жетілдіру (2 проблемалық сала);

  3. статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен жұмысты жетілдіру (3 проблемалық сала);

  4. мемлекеттік статистика органдары жүйесінің тиімділігін арттыру (4 проблемалық сала);

  5. статистикалық қызмет саласында халықаралық тәжірибені алу (5 проблемалық сала).




Атауы

Өлшем бірлігі

Есепті кезең

^ Жоспарлы кезең

2008

2009

2010

2011

2012

2013

2014

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1-стратегиялық бағыт. Статистикалық әдіснаманы және статистикалық құралды жетілдіру

1.1-мақсат. Статистикалық әдіснаманы жетілдіру

Нысаналы индикаторлар:

2010 жылы – 15 бірліктен кем емес,

2011 жылы – 10 бірліктен кем емес,

2012 жылы және кейінгі жылдары - 5 бірліктен кем емес жаңа және қаралған әдіснамалық материалдарды бекіту.




1.1.1-міндет. Талдамалық зерттеулерді өткізу

Талдамалық зерттеулерді статистика салалары бойынша өткізу

бірлік

6

7

5

6

6

5

5




1.1.2-міндет. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын дайындау

Статистика салалары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын дайындау

бірлік

13













8

5




1.1.3-міндет. Статистика салаларының әдіснамасын жетілдіру

Статистика салалары бойынша әдіснаманы жетілдіру

бірлік

6

40

17

12

6

7

8




1.2-мақсат. Статистикалық құралды жетілдіру

Нысаналы индикаторлар:

жаңа статистикалық көрсеткіштерді енгізу

2010 жылы – 40 бірліктен кем емес,

2011-2013 жылдары – 20 бірліктен кем емес,

2014 жылы – 10 бірліктен кем емес.




1.2.1-міндет. Статистикалық тіркелімдер мен мемлекеттік жіктеуіштер жүйесін дамыту

Халық тіркелімін әзірлеу

бірлік











 

 

 

 

Халық тіркелімін енгізу

бірлік












 

 

 

Мемлекеттік статистикалық жіктеуіштерді әзірлеу

бірлік

1

2







1

1

2

Статистикалық тіркелімдерді жүргізу және көкейтесті ету

бірлік







3










1.2.2-міндет. Жаңа статистикалық байқауларды енгізу

Статистика салалары бойынша жаңа статистикалық байқау енгізу

бірлік




3

11

3

2

2

2




1.2.3-міндет. Жаңа статистикалық көрсеткіштер енгізу және қолдағы бар статистикалық көрсеткіштердің салыстырымдылығын арттыру

Статистика салалары бойынша жаңа статистикалық көрсеткіштер енгізу

бірлік

41

97

48

21

17

22

10

Статистикалық деректердің салғастырымдылығын арттыру: әртүрлі әдістермен есептелген, негізгі макроэкономикалық индикаторлар бағалауларындағы алшақтықты азайту

Бағаларда-ғы алшақтық-тың %-ы

10

9

8

7

6

5

5




^ 2-стратегиялық бағыт. Респонденттермен жұмысты жетілдіру

2.1-мақсат. Респонденттерге түсетін жүктемені төмендету

Нысаналы индикатор: респонденттерге түсетін жалпы жүктемені 2014 жылға қарай қазіргі деңгейден 10 %-ға төмендету (жыл сайын өткен жылғы деңгейден 2%-ға)




2.1.1-міндет. Респонденттерге түсетін есепті жүктемені төмендету

Статистикалық нысандардағы бастапқы статистикалық деректер санын азайту

%




2

2

2

2

2




Жаппай зерттеулерді іріктемелі зерттеулерге ауыстыру

бірлік




3

1

1

1







Ведомстволық статистикалық байқаулардың қолданыстағы статистикалық нысандарын қайта қарау

бірлік




7

10

10

15

20

20

Жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың нысандарын қайта қарау


бірлік




108

70

50

50

50

50




2.2-мақсат. Респонденттер ұсынатын бастапқы статистикалық деректердің сапасын арттыру

Нысаналы индикатор:

статистикалық нысандарды электрондық түрде қабылдау бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу -

2010 жылы – 40 бірліктен кем емес,

2011 жылы – 30 бірліктен кем емес,

2012 жылы және кейінгі жылдары - 10 бірліктен кем емес;

респонденттерге түсіндірме, консультация беру –

2010 жылы және кейінгі жылдары – 10000 бірліктен кем емес




2.2.1-міндет. Статистикалық байқау нысандарын жинаған кезде заманауи ақпараттық технологияларды енгізу

Статистикалық нысандарды электрондық түрде қабылдау бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу және қолдау

статистика-лық есептіліктің нысандар, бірлік




8

53

90

100

100

100




2.2.2-міндет. Респонденттермен Call-центрлар арқылы өзара алмасу

Респонденттерге түсіндірме, консультация беру

бірлік

250

10000

10000

10000

10000

10000

10000










^ 3-стратегиялық бағыт. Статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен жұмысты жетілдіру

3.1-мақсат. Мемлекеттік статистика деректеріне сенімді арттыру

Нысаналы индикатор: мемлекеттік статистика деректеріне сенім деңгейін жыл сайын арттыру –

2010 жылы - 70 %-дан кем емес,

2011 жылы - 75%-дан кем емес,

2012 және кейінгі жылдары - 80%-дан кем емес




3.1.1-міндет. Интернет-ресурстар арқылы статистикалық ақпаратты таратуды кеңейту

Статистика агенттігінің интернет-ресурстарында статистикалық ақпаратты пайдаланушылардың өтініштері санын ұлғайту

бірлік

Кемінде

1000

75 мың

Кемінде

120 мың

Кемінде

200 мың

Кемінде

300 мың

Кемінде

400 мың

Кемінде

500 мың




3.1.2-міндет. Үдерістерді жетілдіру және статистикалық ақпаратты қалыптастыру рәсімдерінің айқындығын қамтамасыз ету

9001-2001 ҚР СТ (орталық аппарат және аумақтық органдар) және 9001:2008 ИСО ХС (орталық аппарат) талаптарына сәйкес келетін сапа менеджменті жүйесін енгізу

бірлік

1




5

6

7

5

6

9001-2001 ҚР СТ (орталық аппарат және аумақтық органдар) және 9001:2008 ИСО ХС (орталық аппарат) талаптарына сапа менеджменті жүйесінің сәйкестігін растау

бірлік




1

1

5

11

13

12

Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын әзірлеу

бірлік







1

1













3.1.3-міндет. Халықтың ұлттық санағын өткізу және қорытындыларын тарату

Халықтың ұлттық санағын өткізу

бірлік




1
















Халықтың ұлттық санағының қорытындылары бойынша статистикалық жинақтарды шығару

сериялар




1

16 

16










Халықтың ұлттық санағының қорытындылары бойынша талдамалық есеп дайындау

талдау










1













^ 4-стратегиялық бағыт. Мемлекеттік статистика органдар жүйесінің тиімділігін арттыру

4.1-мақсат. Мемлекеттік органдармен деректерді электронды түрде алмасуды қамтамасыз ету

Нысаналы индикатор: 2014 жылы статистикалық мақсаттарға арналған мемлекеттік органдардың 15 ақпараттық жүйесілерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету




4.1.1-міндет. Деректермен электронды алмасуды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдармен бірлескен жұмыс

«Мемлекеттік статистика туралы» Заңды әзірлеу

заң жобасы




1
















«Мемелекеттік статистика туралы» Заңды қабылдау

заң жобасы







1













Мемлекеттік органдардың қолданыстағы ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету

бірлік




4

5

5







1

Статистика агенттігінің ақпараттық ішкі жүйелерін енгізу

бірлік

1

4




1










Мемлекеттік органдармен е статистика шеңберінде деректерді электронды алмасу

бірлік




1




1













^ 5-стратегиялық бағыт. Статистикалық қызмет саласында халықаралық тәжірибені алу

5.1-мақсат. Халықаралық ұйымдар мен ұлттық статистикалық институттармен ынтымақтастық негізінде статистика әдіснамасын жетілдіру

Нысаналы индикатор:

статистика салалары бойынша халықаралық озық тәжірибе алған қызметкерлердің санын көбейту, жылына кемінде 30 қызметкер




5.1.1-міндет. Шетелдік статистикалық әріптестермен озық тәжірибе алмасу

Қазақстан Республикасында халықаралық семинарлар өткізу

бірлік

1

2

1

1

1

2

2

Статистиканың салалары бойынша қызметкерлердің семинарларға қатысуы

бірлік

12

47

50

50

55

55

60




^ Стратегиялық бағыттар және мақсаттар


Мемлекеттің стратегиялық мақсаттарын іске асыруға бағытталған мемлекеттік органның қызметі

^ Стратегиялық құжаттың, құқықтық нормативтік актінің атауы


Статистикалық әдіснаманы және статистикалық құралды жетілдіру

Қазақстан Республикасының тиімділігін және бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Мемлекет Басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты жолдауы

Респонденттермен жұмысты жетілдіру

Экономиканы және саяси жүйені дамытуға ықпал жасау

Статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен жұмысты жетілдіру

Мемлекеттік статистика органдары жүйесінің тиімділігін арттыру

Қазақстан Республикасының тиімділігін және бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Статистикалық қызмет саласында халықаралық тәжірибені алу

Халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру


Агенттік қызметінде қоғам қажеттіліктері көрініс табатын стратегиялық жоспардың негізгі мақсаттары ұсынылатын статистикалық ақпараттың сапасын арттыру, респонденттерге түсетін жүктемені төмендету және мемлекеттік статистиканың деректеріне деген сенімнің жоғары деңгейі болып табылады.

2014 жылға қарай 1 мыңнан кем түспейтін негізгі статистикалық көрсеткіштер әзірлемесін қамтамасыз ету, респонденттерге түсетін жүктемені кем дегенде 10 %-ға төмендету, 80 %-дан кем түспейтін мемлекеттік статистика сапасына деген қанағаттанушылық деңгейін қамтамасыз ету талап етіледі. Көрсетілген нысаналы индикаторларға қол жеткізу әрбір стратегиялық бағыттар бойынша міндеттерді шешу жолымен қамтамасыз етілетін болады. 2014 жылға қарай негізгі статистикалық бағыттар бойынша серпінді қолдауды қамтамасыз ету талап етіледі.
  1   2   3   4



Похожие:

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon12. 04. 2012 жылғы №452 «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы»
«Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны iconҚазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы №2340 Қаулысы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы»
Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Республикасы Статистика агенттігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Республикасы Статистика агенттігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны iconПостановление Правительства республики к азахстан 201 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 201 года № № № данасы экз. №
«Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны iconПостановление Правительства республики к азахстан 201 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 201 года № № № данасы экз. №
«Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны iconТуризм статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар
Республикасы Статистика агенттігінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының «Статистикалық әдіснама мен статистикалық...
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon2010 2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалық бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 қыркүйектегі №924 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon"Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 31 желтоқсандағы №1498 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
Республикасы Статистика агенттiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010...
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Республикасы Статистика агенттiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kze.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы