Бюджеттiк мониторинг жүргiзу нұсқауын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2009 icon

Бюджеттiк мониторинг жүргiзу нұсқауын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2009



НазваниеБюджеттiк мониторинг жүргiзу нұсқауын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2009
страница1/6
Дата конвертации05.01.2013
Размер0.85 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4   5   6

Бюджеттiк мониторинг жүргiзу нұсқауын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2009 жылғы 16 ақпандағы N 68 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2009 жылғы 3 наурызда Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiне N 5574 болып енгiзiлдi.


      Ескерту. Бұйрықтың атауына өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының Қаржы министрiнiң 2010.07.28 N 376 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 112-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
     Ескерту. Кiрiспеге өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының Қаржы министрiнiң 2010.07.28 N 376 Бұйрығымен. 
      1. Қоса берiлiп отырған Бюджеттiк мониторинг жүргiзу Нұсқаумен  бекiтiлсiн.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының Қаржы министрiнiң 2010.07.28 N 376 Бұйрығымен. 
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк бюджеттiң атқарылуын талдау және оның әдiснамасы департаментi (Қалиева А.Н.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
      3. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi және жергiлiктi атқарушы органдар бюджеттiк мониторинг жүргiзген кезде осы Нұсқауды басшылыққа алсын.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының Қаржы министрiнiң 2010.07.28 N 376 Бұйрығымен.
      4. "Бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру туралы талдамалық есептi жасау және табыс ету жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2007 жылғы 24 шiлдедегi N 263 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2007 жылғы 17 тамыздағы N 4881 болып тiркелген) күшi жойылды деп танылсын.
      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Ақпараттық технологиялар департаментi (Күнтубаев Д.Ж.) 2009 жылғы 17 сәуiрдегi мерзiмге дейiн осы Нұсқаудың қосымшаларын ескере отырып, "Бюджеттiк процесс мониторингi" бағдарламалық қамтамасыз етуiн пысықтасын және оның бюджеттiк мониторинг жүргiзу үшiн республикалық және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiнде орнатылуын қамтамасыз етсiн.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының Қаржы министрiнiң 2010.07.28 N 376 Бұйрығымен. 
      6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Министр                                             Б. Жәмiшев

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрiнiң   
2009 жылғы 16 ақпандағы
N 68 бұйрығымен    
бекiтiлген      

^ Бюджеттiк мониторинг жүргiзу нұсқауы

      Ескерту. Ереженiң атауына өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының Қаржы министрiнiң 2010.07.28 N 376 Бұйрығымен.
      Нұсқаудың барлық мәтiнi бойынша «Астана» деген сөз «Астананың» деген сөзбен ауыстырылды - Қазақстан Республикасының Қаржы министрiнiң 2010.07.28 N 376 Бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Бюджеттiк мониторинг жүргiзу туралы осы Нұсқау (бұдан әрi – Нұсқау) Бюджеттiк кодекстiң 112-бабына сәйкес әзiрленген.
      Бюджеттiк мониторинг - мiндеттемелердiң уақтылы қабылданбау, бюджеттiк бағдарламалар бойынша төлемдердiң уақтылы жүргiзiлмеу себептерiн анықтау, бюджет түсiмдерi мен шығыстарының атқарылу болжамдарын жасау мақсатында жүзеге асырылатын бюджеттiң атқарылу көрсеткiштерiн тұрақты және жүйелi жинау, бақылап отыру және талдау.
      Бюджеттiк мониторингтi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi, бюджеттi атқару жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар жүзеге асырады.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының Қаржы министрiнiң 2010.07.28 N 376 Бұйрығымен.

^ 2. Мақсаты мен мiндеттерi

      2. Осы Нұсқаудың әзiрлену мақсаты республикалық және жергiлiктi бюджеттердi тиiмдi атқару мақсатында бюджет қаражатын пайдалану жөнiндегi мониторинг рәсiмдерiн жүйелеу, сондай-ақ бюджет түсiмдерiнiң атқарылуын қадағалап отыру.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының Қаржы министрiнiң 2010.07.28 N 376 Бұйрығымен.
      3. Түсiмдердiң атқарылуы кезiнде және бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) iске асыру кезiнде бюджеттiк мониторинг мiндеттерi:
      түсiмдердiң атқарылуын талдау;
      жоспарлық және iс жүзiндегi көлемдердi салыстыра отырып, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджет қаражатын игеруiн талдау;
      төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына (бұдан әрi – төлемдер бойынша жоспар) сәйкес төлемдердiң уақтылы жүргiзiлмеу және мiндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарына (бұдан әрi - мiндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспары) сәйкес мiндеттемелердiң уақтылы қабылданбау себептерiн анықтау болып табылады.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының Қаржы министрiнiң 2010.07.28 N 376 Бұйрығымен.

^ 3. Бюджеттiң атқарылуын талдау

$ 1 Бюджеттiң түсiмдерiнiң атқарылуын талдау

      Ескерту. 1 параграфтың атауына өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының Қаржы министрiнiң 2010.07.28 N 376 Бұйрығымен. 

      4. Бюджет кiрiстерiнiң атқарылуын талдау объектiлерi: салықтық түсiмдер; салықтық емес түсiмдер; негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер; тиiстi қаржы жылына арналған бюджет түсiмдерiнде көзделген ресми трансферттер түсiмдерi болып табылады.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының Қаржы министрiнiң 2010.07.28 N 376 Бұйрығымен.
      5. Бюджет кiрiстерiнiң атқарылуын талдау субъектiлерi бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган, өндiрiп алуға жауапты және олардың түсуiне бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органдар болып табылады.
      Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган мемлекеттiк, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы бойынша талдау жүргiзедi.
      Бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдар облыстың, атап айтқанда облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң атқарылуы бойынша талдауды, сондай-ақ бюджеттiң төмен тұрған деңгейiне бөлiнген нысаналы трансферттердiң талдауын жүзеге асырады.
      Бюджеттiк мониторинг бюджеттiң атқарылуына талдау жүргiзу функциясына кiретiн бюджеттi атқару жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдардың құрылымдық бөлiмшелерi алған ақпараттың негiзiнде жүзеге асырылады.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының Қаржы министрiнiң 2010.07.28 N 376 Бұйрығымен.
      6. Бюджеттiң кiрiс бөлiгiн талдау кезiнде пайдаланылатын негiзгi құраушы база бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган қалыптастыратын есептi деректердiң айлық көлемi және Қазақстан Республикасының салықтық және кедендiк заңнамаларға сәйкес салық және бюджетке төленетiн басқа да төлемдердiң толық және уақтылы түсуiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдар және салықтық емес түсiмдердi, негiзгi капиталды сатып алудан түсетiн түсiмдердi, трансферттердi қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша есептiден кейiнгi айдың 12-не дейiнгi мерзiмде өндiрiп алуға жауапты уәкiлеттi органдар ұсынатын түсiмдердiң тиiстi түрлерiн орындамау немесе асыра орындау себептерi болып табылады.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының Қаржы министрiнiң 2010.07.28 N 376 Бұйрығымен.
      7. Алдыңғымен салыстырғанда ағымдағы айдағы республикалық және жергiлiктi (облыстық бюджеттердiң (республикалық маңызы бар қала, астана) бюджеттер түсiмдерiнiң санаттары бойынша кiрiстер түсiмдерiнiң өсу немесе төмендеу себептерiн талдау осы Нұсқаудың 1-қосымшасына сәйкес I, II, III нысандар бойынша жасалады.
      Көрсетiлген ереженiң I нысанында республикалық бюджет түсiмдерiнiң санаттары бойынша өткен аймен салыстырғанда есептi ай деректерiнiң ауытқулары және өсу немесе төмендеу қарқыны көрсетiледi.
      II нысан бойынша республикалық және жергiлiктi (облыстық бюджеттердiң (республикалық маңызы бар қала, астана) бюджеттерiнiң салық және төлемдерiнiң негiзгi түрлерi бойынша, өткен аймен салыстырғанда есептi айдағы түсiмдердiң өсу немесе төмендеуi байқалатын ерекшелiктер көрсетiледi. Салықтар және төлемдер өсу немесе төмендеу себептерiнiң түсiндiрмелерде көрсетiлген кезеңдер бойынша түсiмдердiң түсуiне немесе өсуiне әсер еткен факторлар көрсетiледi.
      III нысан ол бойынша есептi айда жоспарланбаған сипаттағы бiржолғы түсiмдер байқалған ерекшелiктердi көрсетедi.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының Қаржы министрiнiң 2010.07.28 N 376 Бұйрығымен.
      8. Бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның салықтық және кедендiк саясатты, кiрiстердi талдау мен болжамдау функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшесi есептiден кейiнгi айдың 17-шi күнiнен кешiктiрмей, республикалық бюджетке салықтар мен төлемдер түрлерi бойынша жыл басынан жоспарды асыра орындау немесе орындамау себептердiң талдауын, функциясына, бюджет атқаруының жиынтық талдауын жүргiзу кiретiн құрылымдық бөлiмшесiне осы Нұсқаудың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсынады.
      Мемлекеттiк, республикалық және жергiлiктi (облыс бюджетi (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан бюджетi (облыстық маңызы бар қала)) бюджеттерге түсiмдер түрлерi бойынша жыл басынан жоспарды асыра орындау немесе орындамау себептерiнiң талдауы осы Нұсқаудың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады және бюджеттi атқару жөнiндегi орталық (жергiлiктi) уәкiлеттi органымен Қазақстан Республикасы Үкiметiне (жергiлiктi атқару органдарына) тоқсан сайын есептi кезеңнен кейiнгi 25-күнiне дейiн ұсынылады.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда жазылды - Қазақстан Республикасының Қаржы министрiнiң 2010.07.28 N 376 Бұйрығымен.
      8-1. Бюджеттiк кредиттерiнiң өтеуiн талдау объектiлерi бюджетке түсетiн түсiмдердiң түрлерi: республикалық және жергiлiктi (облыс бюджетi (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан бюджетi (облыстық маңызы бар қала)) бюджеттен берiлген кредиттердi өтеуден, төленген мемлекеттiк кепiлдiктер бойынша талаптарды қайтару болып табылады.
      Республикалық және жергiлiктi (облыс бюджетi (республикалық маңызы бар қала, астана) бюджетi), аудан бюджетi (облыстық маңызы бар қала)) бюджеттерiне бюджеттiк кредиттерiнiң өтеуiн бойынша жыл басынан бастап жоспарын асыра орындалу немесе орындалмау себептерiн талдау тоқсан сайын осы Нұсқаудың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады.
      Ескерту. 8-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының Қаржы министрiнiң 2010.07.28 N 376 Бұйрығымен.
      8-2. Мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түскен түсiмдердiң атқарылуын талдау объектiлерi заңды тұлғалардың, оның iшiнде мемлекеттiк меншiктегi халықаралық ұйымдардың, мүлiктiк кешен түрiндегi мемлекеттiк мекемелер мен мемлекеттiк кәсiпорындардың қатысу үлестерiн, бағалы қағаздарын, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындардың жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жүргiзуiндегi өзге де мемлекеттiк мүлiктi сатудан бюджетке түсетiн түсiмдер.
      Республикалық және жергiлiктi (облыс бюджетi (республикалық маңызы бар қала, астана) бюджетi), аудан бюджетi (облыстық маңызы бар қала)) бюджеттерiне мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түскен түсiмдер бойынша жыл басынан бастап жоспар орындалу талдау мемлекеттiк меншiктегi заңды тұлғалардың қатысу үлестерiн, акциялардың және түсiмдердiң жоспар мемлекеттiк пакеттерiне дивидендтер жоспар асыра орындалу немесе орындалмау себептерiн талдау көрсетiле отырып, тоқсан сайын осы Нұсқаудың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады.
      Ескерту. 8-2-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының Қаржы министрiнiң 2010.07.28 N 376 Бұйрығымен.
      8-3. Қарыздар түсiмi атқарылуын талдау объектiлерi қарыздар мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздардың шығаруымен және (немесе) қарыздар шарт жасасулармен байланысты бюджетке түсетiн қаражаттар.
      Республикалық бюджетiне қарыздар түсiмi бойынша жыл басынан бастап жоспарын асыра орындалу немесе орындалмау себептерiн талдау тоқсан сайын осы Нұсқаудың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады.
      Қарыздар түсiмдерiнiң жоспарын орындау талдауында жылдың басынан бастап ерекшелiктер бөлiгiнде қарыздар түсiмдерiнiң жоспарын артығымен орындау немесе орындамау себептерiн көрсете отырып жоспарланған және iс жүзiндегi түсiмдердiң сомасының салыстырмалы талдауы жүргiзiледi.
      Ескерту. 8-3-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының Қаржы министрiнiң 2010.07.28 N 376 Бұйрығымен.
      9. Республика бойынша және аумақтар шеңберiнде есептiк мерзiмде мемлекеттiк, республикалық және жергiлiктi бюджеттерге (облыс бюджетi (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан бюджетi (облыстық маңызы бар қала)) салықтардың және төлемдердiң түсiмi жоспарларының асыра орындалуы немесе орындалмауы салдарына талдау жүргiзу барысында төлемдермен салықтардың түсуiне ықпал еткен факторлар анықталады (сыртқы сауда айналымының мөлшерiнiң өзгеруi, минералдық шикiзатқа әлемдiк баға, салық салу базасының өзгеруi, салықтық және кедендiк заңнамадағы өзгерiстер, жүйелiк сипаттағы бер реттiк төлемдер және басқа да факторлар).
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда жазылды - Қазақстан Республикасының Қаржы министрiнiң 2010.07.28 N 376 Бұйрығымен.
      10. Республика бойынша және аумақтар шеңберiнде ағымдағы жылдың есептiк мерзiмiнде былтырғы жылдың осындай мерзiмiн салыстырмасы мемлекеттiк, республикалық және жергiлiктi бюджеттерге (облыстық бюджет, (республикалық маңызы бар қала, астана)) түсiмдердi талдау Нұсқаудың 3-қосымшасына сәйкес нысанда құрастырылады, және бюджеттiң атқарылуы бойынша орталық уәкiлеттi органмен (жергiлiктi атқару органдарымен) тоқсан сайын 25 күнге дейiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне табыс етедi.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда жазылды - Қазақстан Республикасының Қаржы министрiнiң 2010.07.28 N 376 Бұйрығымен.
      10-1. Өткен жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда ағымдағы жылдың есептi кезеңiнде республикалық және жергiлiктi (облыстық бюджет (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан бюджетi (облыстық маңызы бар қала)) бюджеттерге мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түскен түсiмдердiң талдау бойынша кiрiстер түсiмдерiн талдау осы Нұсқаудың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады.
      Өткен жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда ағымдағы жылдың қаржы активтерiн сатудан түскен түсiмдер талдауда түсiмдерiнiң өсу немесе төмендеу себептерi көрсетiледi.
      Ескерту. 10-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының Қаржы министрiнiң 2010.07.28 N 376 Бұйрығымен.
      10-2. Өткен жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда ағымдағы жылғы есептi кезеңге республикалық бюджетке түскен қарыздар түсiмдерiн талдау осы Нұсқаудың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тоқсан сайын жүзеге асырылады.
      Өткен жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда ағымдағы жылғы есептi кезеңде түскен қарыздар түсiмдерiнiң талдауында ерекшелiктер бөлiнiсiнде өткен жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда есептi жылдың басынан түскен түсiмдерiнiң төмендеу немесе арту себептерi көрсетiледi.
      Ескерту. 10-2-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының Қаржы министрiнiң 2010.07.28 N 376 Бұйрығымен.
      11. <*>
      Ескерту. 11-тармақ алынып тасталды - Қазақстан Республикасының Қаржы министрiнiң 2010.07.28 N 376 Бұйрығымен.
      12. Өңiрлер бөлiнiсiнде жыл басынан республикалық және жергiлiктi (облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) бюджетi) бюджеттер кiрiстерiнiң жоспарлы көрсеткiштерiнiң орындалмау себептерiн талдау осы Нұсқаудың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының Қаржы министрiнiң 2010.07.28 N 376 Бұйрығымен.
      13. Салықтар мен төлемдер бөлiнiсiнде мемлекеттiк бюджетке түсетiн түсiмдер бойынша кемалым сомасын талдау осы Ереженiң 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда жазылды - Қазақстан Республикасының Қаржы министрiнiң 2010.07.28 N 376 Бұйрығымен.
      14. Салықтар мен төлемдер бөлiнiсiнде мемлекеттiк бюджет бюджеттерге түсетiн түсiмдер бойынша кемалым сомасын талдауда есептi кезеңдерге арналған салық түрлерi бойынша кемалымның ахуалына талдау, сондай-ақ ұйымдар бөлiнiсiнде кемалымның кемуiне немесе артуына ықпал еткен факторларды көрсете отырып, алдыңғы кезеңмен салыстырғанда есептi айдағы кемалымның салыстырмалы талдауы көрсетiледi.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының Қаржы министрiнiң 2010.07.28 N 376 Бұйрығымен.
      15. Мемлекеттiк, республикалық және жергiлiктi бюджеттерге (облыс бюджетi (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан бюджетi (облыстық маңызы бар қала)) кiрiстерiнiң жоспарлық көрсеткiштерiнiң орындалмауы салдарын талдауында жыл басынан аумақтар шеңберiнде бюджеттер деңгейi бойынша кiрiстердiң жалпы орындалуы көрсетiледi. Кiрiстер жоспары орындалмаған аймақтар бойынша салықтардың негiзiгi түрлерi бойынша орындалмау салдары көрсетiледi.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда жазылды - Қазақстан Республикасының Қаржы министрiнiң 2010.07.28 N 376 Бұйрығымен.
      16. Талдау нәтижелерi осы Нұсқаудың қосымшаларына сәйкес нысан бойынша есептi айдан кейiнгi 25-шi күнге дейiн ай сайын бюджеттi атқару жөнiндегi тиiстi уәкiлеттi органның басшылығының мәлiметiне жеткiзiледi.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының Қаржы министрiнiң 2010.07.28 N 376 Бұйрығымен.
      17. Бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның салықтық және кедендiк саясатты, кiрiстердi талдау мен болжамдау қызметтерiн жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшесi осы Нұсқаудың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның сайтында орналастыру және дайындау үшiн мемлекеттiк бюджеттiң кiрiстерiнiң орындалу ақпаратын қалыптастырады.
      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда жазылды - Қазақстан Республикасының Қаржы министрiнiң 2010.07.28 N 376 Бұйрығымен.
      18. <*>
      Ескерту. 18-тармақ алынып тасталды - Қазақстан Республикасының Қаржы министрiнiң 2010.07.28 N 376 Бұйрығымен.
      19. Жоспарды асыра орындау немесе орындамау себептерiн көрсетiле отырып, мұнай секторы ұйымдарынан түсетiн тiкелей салық түсiмдерi бойынша талдауды Ұлттық қорқа жiберiлетiн түсiмдердiң бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсу толықтығы мен уақтылығын қамтамасыз ету функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшесi есептiден кейiнгi айдың 20-күнiне дейiн ай сайын бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның салықтық және кедендiк саясатты, кiрiстердi талдау мен болжамдау функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшесiне ұсынады.
      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда жазылды - Қазақстан Республикасының Қаржы министрiнiң 2010.07.28 N 376 Бұйрығымен.

$ 2 Бюджеттiң шығыс бөлiгiнiң атқарылуын талдау

      20. Бюджет шығыстары атқарылуының бюджеттiк мониторингiн республикалық және тиiстi жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы және бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi беретiн ақпарат бойынша бюджеттiк есептiлiк негiзiнде бюджеттi атқару жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар жүзеге асырады.
      Жүргiзiлген бюджеттiк мониторинг негiзiнде бюджеттi атқару жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар ай сайын есептiден кейiнгi айдың алғашқы 5 жұмыс күнi iшiнде бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiне мiндеттемелер бойынша жоспарға сәйкес бюджеттiк бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша қабылданбаған мiндеттемелер және төлемдер бойынша жоспардың уақтылы орындалмауы туралы ескерту ақпаратты жiбередi, осы Нұсқаудың 7-қосымшасына сәйкес жiберiледi.
      Ескерту. 20-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының Қаржы министрiнiң 2010.07.28 N 376 Бұйрығымен. 
      21. Республикалық бюджеттiң атқарылуына қызмет көрсету саласында функцияларды жүзеге асыратын бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның құрылымдық бөлiмшесi есептi айдан кейiнгi айдың 12-сi күнiнен кешiктiрмей бюджеттiк бағдарламалардың iске асырылуына талдау жүргiзуге арналған салалық бағыты бар бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның құрылымдық бөлiмшелерiне бюджеттiк шығыс бөлiгiн атқару жөнiндегi ақпаратты ұсынады.
      Салалық бағыты бар бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның құрылымдық бөлiмшелерi есептi айдан кейiнгi айдың 17-сi күнiнен кешiктiрмей республикалық бюджеттiң атқарылуына қызмет көрсету саласында функцияларды жүзеге асыратын бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның құрылымдық бөлiмшесiнiң жүргiзген талдауы бойынша қорытынды ұсынады.
      Республикалық бюджеттiң атқарылуына қызмет көрсету саласында функцияларды жүзеге асыратын бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның құрылымдық бөлiмшесi алынған қорытындылар негiзiнде «Бюджеттiк процесс мониторингi» деген бағдарламалық қамтымға түзетулер енгiзедi және есептi айдан кейiнгi айдың 20-сы күнiнен кешiктiрмей бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның құрылымдық бөлiмшесiне осы Нұсқауға 9-қосымшаға сәйкес бюджеттiң атқарылуы бойынша жиынтық талдау жүргiзу функциясына кiретiн бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру мониторингiнiң нәтижелерiн ұсынады.
      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда жазылды - Қазақстан Республикасының Қаржы министрiнiң 2010.07.28 N 376 Бұйрығымен.
      22. Республикалық және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi осы Нұсқаудың 8-қосымшасына сәйкес бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) iске асыру мониторингiнiң нәтижелерi туралы есептердi есептiден кейiнгi айдың алғашқы жетi күнiнен кешiктiрмей бюджеттi атқару жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдарға ұсынады.
      Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының Қаржы министрiнiң 2010.07.28 N 376 Бұйрығымен.
      23. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар тоқсан сайын (I тоқсанның қорытындыларынан бастап) есептiден кейiнгi 25-сi күнiне дейiн және қаржы жылының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiне немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы органдарға осы Нұсқаудың 9-қосымшасына сәйкес республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң шығыс бөлiгiнiң атқарылуы туралы талдамалы есептi ұсынады.
      Қазақстан Республикасының Үкiметiне немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы органдарға ұсынуға арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы туралы есептi кезеңдегi талдамалы есеп төлемдер бойынша жоспарлардың орындалмау себептерi және мiндеттемелер бойынша жоспарға сәйкес мiндеттемелердi уақтылы қабылдамау себептерi көрсетiле отырып, жүргiзiлген бюджеттiк мониторинг нәтижелерiне негiзделедi.
      Ескерту. 23-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының Қаржы министрiнiң 2010.07.28 N 376 Бұйрығымен.
      24. Талдамалы есептi жасау үшiн бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органдар есептiден кейiнгi айдың алғашқы бес жұмыс күнi iшiнде бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiне "Бюджеттiң атқарылуы туралы мерзiмдi есептiлiктi қалыптастыру" кiшi жүйесiнде "Бюджет үдерiсiнiң мониторингi" (бұдан әрi – БҮМ бағдарламасы) бағдарламалық қамтуын пайдалана отырып, сыртқы қарыздарды есептемегенде бюджеттiк бағдарламалар бөлiнiсiнде қаржыландырудың жоспарлары мен өтелген мiндеттемелер бойынша деректердi жiбередi. Сыртқы қарыздарды ескере отырып, есептi деректердiң қалыптастырылуына қарай бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органдар көрсетiлген ақпаратты бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiне қайталап жiбередi.
      Ескерту. 24-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының Қаржы министрiнiң 2010.07.28 N 376 Бұйрығымен.
      25. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi есептiден кейiнгi айдың алғашқы жетi күнiнен кешiктiрмей бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органдарға "Бюджеттiң атқарылуы туралы мерзiмдi есептiлiктi қалыптастыру" кiшi жүйесiнiң БҮМ бағдарламасында қалыптастырылған бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру мониторингiнiң нәтижелерi туралы есептi ұсынады. Осы есепте әрбiр бюджеттiк бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша төлемдер бойынша жоспарлардың орындалмау себептерi және мiндеттемелер бойынша жоспарға сәйкес мiндеттемелердi уақтылы қабылдамау себептерi толтырылады.
      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың бюджетiн атқару жөнiндегi жергiлiктi атқару органдары ай сайын есептiден кейiнгi 15-күнiнен кешiктiрмей бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға осы Нұсқаудың 9-қосымшасына сәйкес бюджеттiк мониторинг нәтижелерi бойынша жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы талдамалы есептi ұсынады.
      Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдары ай сайын есептiден кейiнгi 10-күнiнен кешiктiрмей облыстың бюджетiн атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға осы Нұсқаудың 9-қосымшасына сәйкес бюджеттiк мониторинг нәтижелерi бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiнiң атқарылуы туралы талдамалы есептi ұсынады.
      Төлемдер бойынша жоспарлардың орындалмау және мiндеттемелер бойынша жоспарға сәйкес мiндеттемелердiң уақтылы қабылданбау себептерi объективтiк және субъективтiк себептерге және мемлекеттiк сатып алу нәтижелерi бойынша қаражатты үнемдеуге ажыратылады.
      Ескерту. 25-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының Қаржы министрiнiң 2010.07.28 N 376 Бұйрығымен.
      26. Объективтiк бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнен тәуелдi емес объективтiк себептерге мыналар жатады:
      бағамдық айырма;
      форс-мажорлық жағдайлар (көзделуi, қандай да болмасын iс-шаралармен алдын алуы немесе жойылуы мүмкiн жағдайлар);
      бағасы және тұтынудың заттай көлемi өзгеру есебiнен қалыптасқан түгел пайдаланылмаған қаражаттың қалдығы;
      бос орындардың болуы, ақысыз демалыстарды беру және еңбекке уақытша жарамсыздық парақтары бойынша төлемдер есебiнен ағымдағы шығындар бойынша үнемдеу;
      ол бойынша Үкiметтiң шешiмдерi қабылданбаған бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламалар бойынша бөлiнбеген қалдық
      бюджет қаражатын пайдаланушылардың iс жүзiндегi санын жоспарланғанға қарсы азайту;
      кредиттер, қарыздар бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өзгерту;
      облыстардың, Астананың және Алматы қалалары әкiмдерiнiң төлемнiң негiздiлiгiн растайтын облыстық бюджеттердiң, Астананың және Алматы қалалары бюджеттерiнiң республикалық бюджеттен бөлiнген нысаналы трансферттер бойынша құжаттардың болмауы.
      27. Басқа (субъективтiк) себептерге мыналар жатқызылады:
      бәсекелес ортаның болмауына байланысты мемлекеттiк сатып алу бойынша өтпей қалған конкурстар (маркетингтiк талдаудың болмауы);
      бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк бағдарламаны тиiмсiз басқаруы (конкурстық рәсiмдердi уақтылы өткiзбеу, оларды өткiзу мерзiмдерiн ауыстыру, берушiнiң шарттың ережелерiн бұзу, орындалған жұмыстардың актiлерiн, шот-фактураларды, тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) уақтылы бермеу);
      қаражатты сапасыз жоспарлау (бюджет қаражатының талап етiлмеуi, көтерiңкi құндық және сандық көрсеткiштер, жылдық жоспарларды негiзсiз айлық бөлу);
      бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) iске асыру бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi уақтылы қабылдамау.
      28. Жоспарларды неғұрлым егжей-тегжейлi зерделеу және орындалмау себептерiн нақтылау үшiн бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органдар сұратуларды бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiне жiбере алады. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi ұсынған төлемдер мен мiндеттемелер бойынша жоспарлардың орындалмау себептерi жөнiндегi ақпараттың шынайылығын растауға қажеттiлiк туындаған жағдайда бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органдар тиiстi мәселе бойынша тексеру жүргiзу және оның нәтижелерiн беру үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттi берген iшкi бақылау жөнiндегi органға және оның аумақтық инспекцияларына сұрату жiбередi.
      29. Осы Нұсқаудың 8-қосымшасында көрсетiлген бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) iске асыру мониторингiнiң нәтижелерi туралы есеп ББМ бағдарламасын қолдана отырып жасалады және былайша толтырылады:
      1) 1-12, 14, 15-бағандарды бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi толтырмайды (осы бағандардың мазмұны ББМ-тен автоматты түрде алынатын болады) және түзету құқығынсыз оқу режимiнде пайдаланылатын болады;
      2) 13-бағанда бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бюджет шығыстары жөнiндегi бiр жылдағы күтiлетiн атқарылу әрбiр бюджеттiк бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша 1 қазандағы жағдай бойынша және ағымдағы жылдың соңына дейiнгi бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру туралы есептен бастап көрсетiледi.
      3) 16-бағанда бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi мемлекеттiк сатып алу нәтижелерi бойынша қалыптасқан қаражатты үнемдеу сомасын көрсетедi;
      4) 17-бағанда бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi Нұсқаудың 26-тармағында жазылған, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiне жеке тәуелдi емес объективтi себептер бойынша қалыптасқан соманы көрсетедi;
      5) 18-бағанда бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi  Нұсқаудың 27-тармағында жазылған басқа да себептер бойынша қалыптасқан жалпы соманы көрсетедi;
      6) 19, 20, 21, 22-бағандарда бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi басқа да себептер бойынша қалыптасқан жоспардың орындалмау сомасын таратып жазады;
      7) 23-бағанда бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi тоқсан сайын бюджеттiк бағдарламалардың (кiшi бағдарламалар) бойынша есептi кезеңдегi төлемдер бойынша жоспардың орындалмау себептерiн көрсетедi.
      Ескерту. 29-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының Қаржы министрiнiң 2010.07.28 N 376 Бұйрығымен.
      30. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi нысанды осы бағдарламалық қамтыммен қалыптастырылатын белгiленген ХМL форматында қалыптастырылатын бағдарламалық қамтымда орындауы тиiс.
      31. Бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) iске асыру туралы есепке орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгiленген тәртiппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкiлеттiктерi жүктелген лауазымды тұлға) немесе мемлекеттiк мекеменiң басшысы қол қояды, қойылған қолдар таратылып (тегi және аты-жөнi) жазылған болуы тиiс.
      Бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) iске асыру мониторингiнiң нәтижелерi туралы есептi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi қағаз және электрондық тасығыштарда бередi.
      32. Бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) iске асыру мониторингiнiң нәтижелерi туралы есептегi барлық құн көрсеткiштерi бiр ондық мәнiмен мың теңгеде ұсынылады.
      33. Талдау нәтижелерi бюджеттердi атқару жөнiндегi уәкiлеттi тиiстi органның басшылығының қаперiне ай сайын есептi айдан кейiнгi айдың 25-күнiне жеткiзiледi.
      Ескерту. 33-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының Қаржы министрiнiң 2010.07.28 N 376 Бұйрығымен.

$ 3 Облыстық бюджеттерге, Алматы және Астананың қалаларының бюджеттерiне республикалық бюджеттен бөлiнген нысаналы трансферттер мен кредиттердiң атқарылуын талдау

      34. Облыстық бюджеттерге, Алматы және Астананың қалаларының бюджеттерiне республикалық бюджеттен бөлiнген нысаналы трансферттер мен кредиттердiң атқарылуын талдауды республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы жөнiндегi есептiлiк және бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi берген ақпараттар негiзiнде бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органдар жүзеге асырады.
      35. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдарға ағымдағы нысаналы трансферттердiң, дамуға арналған нысаналы трансферттер мен кредиттердiң iске асырылу мониторингiнiң нәтижелерi туралы есептердi:
      есептi айға - ай сайын есептiден кейiнгi айдың 5-i күнiнен кешiктiрмей;
      есептi жылға – есептi қаржы жылынан кейiн жылдың 5-i күнiнен кешiктiрмей осы Нұсқаудың 10-қосымшасына сәйкес ұсынады.
      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда жазылды - Қазақстан Республикасының Қаржы министрiнiң 2010.07.28 N 376 Бұйрығымен.
      36. Аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органдары облыстың бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органдарына облыстық бюджеттен бөлiнген және республикалық бюджеттiң трансферттерi есебiнен iске асырылып жатқан ағымдағы нысаналы трансферттердiң, дамуға арналған нысаналы трансферттер мен кредиттердiң iске асырылу мониторингiнiң нәтижелерi туралы есептердi:
      есептi айға - есептiден кейiнгi айдың 8-i күнiнен кешiктiрмей;
      есептi жылға – есептi қаржы жылынан кейiн жылдың 8-i күнiнен кешiктiрмей осы Нұсқаудың 11-қосымшасына сәйкес ұсынады.
      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда жазылды - Қазақстан Республикасының Қаржы министрiнiң 2010.07.28 N 376 Бұйрығымен.
      37. Облыстың, республикалық маңызы бар қала мен астананың бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органдары бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органына ағымдағы нысаналы трансферттердiң, дамуға арналған нысаналы трансферттер мен кредиттердiң iске асырылу мониторингiнiң нәтижелерi туралы есептердi:
      есептi айға - есептiден кейiнгi айдың 12-i күнiнен кешiктiрмей;
      есептi жылға – есептi қаржы жылынан кейiн жылдың 12-i күнiнен кешiктiрмей осы Нұсқаудың 12-қосымшасына сәйкес ұсынады.
      Облыстың, республикалық маңызы бар қала мен астананың бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органдары есептердi жасау кезiнде республикалық бюджеттен бөлiнген бюджеттiң бекiтiлген, нақтыланған және түзетiлген сомаларының дұрыс көрсетiлуiн қамтамасыз етедi және есептi кезеңге төлемдер жөнiндегi жоспарлардың орындалмау себептерi мен мiндеттемелер жоспарына сәйкес мiндеттемелердiң уақтылы қабылданбау себептерiн талдауды жүзеге асырады.
      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда жазылды - Қазақстан Республикасының Қаржы министрiнiң 2010.07.28 N 376 Бұйрығымен.
       38. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар облыстық бюджеттерге, Алматы және Астананың қалаларының бюджеттерiне республикалық бюджеттен бөлiнген нысаналы трансферттердiң iске асырылуы туралы талдамалық есептi Қазақстан Республикасының Үкiметiне, тиiстi жергiлiктi атқарушы органдарға тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 25-i күнiне және қаржы жылының қорытындылары бойынша есептi қаржы жылынан кейiнгi екiншi айдың 25-i күнiне осы Нұсқаудың 13-қосымшасына сәйкес ұсынады.
      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда жазылды - Қазақстан Республикасының Қаржы министрiнiң 2010.07.28 N 376 Бұйрығымен.
      39. Осы Нұсқаудың 12-қосымшасында көрсетiлген облыстық бюджеттерге, Алматы және Астананың қалаларының бюджеттерiне республикалық бюджеттен бөлiнген ағымдағы нысаналы трансферттердiң, дамуға арналған нысаналы трансферттер мен кредиттердiң iске асырылу мониторингiнiң нәтижелерi туралы есеп пен осы Ереженiң 13-қосымшасында көрсетiлген облыстық бюджеттерге, Алматы және Астананың қалаларының бюджеттерiне республикалық бюджеттен бөлiнген нысаналы трансферттер мен кредиттердiң iске асырылуы туралы талдамалық есеп "Нысаналы трансферттердi қалыптастыру" модулiнде ББМ бағдарламасын пайдалана отырып жасалады және былайша толтырылады:
      1) 1-7-бағандар толтырылмайды (осы бағандардың мазмұны ББМ-тен автоматты түрде берiлетiн болады) және түзету құқығынсыз оқу режимiнде пайдаланылатын болады;
      2) 8-бағанда - республикалық бюджеттен есептi кезеңге бөлiнген сома, 9-бағанда - есептi кезеңге жергiлiктi бюджеттердiң төлемдерi бойынша жоспар, 10-бағанда - қазынашылық органдарында қабылданған мiндеттемелер, 11-бағанда – төленген мiндеттемелердiң сомасы, 12-бағанда – төленбеген мiндеттемелердiң сомасы, 13-бағанда – бiр жылдық қаржыландыру жоспарын атқарудың күтiлетiн сомасы 9 айдың қорытындыларынан бастап және қаржы жылының аяғына дейiн, 14-бағанда - республикалық бюджеттен есептi кезеңге бөлiнген соманың атқарылу пайызы;
      3) 15-бағанда республикалық бюджеттен есептi кезеңге бөлiнген соманың атқарылмау сомасы көрсетiледi;
      4) 16-бағанда мемлекеттiк сатып алу республикалық және жергiлiктi деңгейлерде нәтижелерi бойынша қалыптасқан қаражатты үнемдеу сомасы көрсетiледi;
      5) 17-бағанда бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiне тәуелдi емес объективтi себептер бойынша қалыптасқан:
      бағамдық айырма;
      форс-мажорлық жағдаяттар (қандай да бiр iс-шарамен көзделуi, алды алынуы немесе жойылуы мүмкiн болмаған жағдаяттар) сомасы көрсетiледi;
      бағалардың өзгеруi және тұтынудың заттай көлемi есебiнен қалыптасқан қаражаттың жете пайдаланылмаған қалдығы;
      бос орындардың болуы, ақысыз демалыстар беру және еңбекке уақытша жарамсыздық парақтары бойынша ағымдағы шығындар бойынша үнемдеу;
      бюджеттiк қаражат алушылардың жоспардағыға қарағанда iс жүзiндегi санының азаюы;
      кредиттер бойынша сыйақылардың (мүдденiң) ставкасының өзгеруi;
      облыстардың, Алматы және Астананың қалаларының әкiмдерiнiң облыстық бюджеттерге, Алматы және Астананың қалаларының бюджеттерiне республикалық бюджеттен бөлiнген нысаналы трансферттер бойынша төлемнiң негiздiлiгiн растаушы құжаттарының болмауы (ұсынылмауы);
      6) 18-бағанда 19-22-бағандарда қалыптасқан жалпы сома көрсетiледi;
      7) 23-бағанда республикалық бюджеттен есептi кезеңге бөлiнген соманың атқарылмау себептерi егжей-тегжейлi сипатталады.
      Ескерту. 39-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының Қаржы министрiнiң 2010.07.28 N 376 Бұйрығымен. 
      40. Облыстық бюджеттерге, Алматы және Астананың қалаларының бюджеттерiне республикалық бюджеттен бөлiнген ағымдағы нысаналы трансферттердiң, дамуға арналған нысаналы трансферттер мен кредиттердiң iске асырылу мониторингiнiң нәтижелерi туралы есептер мен облыстық бюджеттерге, Алматы және Астананың қалаларының бюджеттерiне республикалық бюджеттен бөлiнген нысаналы трансферттер мен кредиттердiң iске асырылуы туралы талдамалық есептердiң шығу нысандары қағаз тасығыштарда ұсынылады және оларға негiзiнде бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органдардың басшылары қол қояды, қойылған қолдар (тегi және аты-жөнi) таратылып жазылады.
      41. Облыстық бюджеттерге, Алматы және Астананың қалаларының бюджеттерiне республикалық бюджеттен бөлiнген ағымдағы нысаналы трансферттердiң, дамуға арналған нысаналы трансферттер мен кредиттердiң iске асырылу мониторингiнiң нәтижелерi туралы есептерiндегi және облыстық бюджеттерге, Алматы және Астананың қалаларының бюджеттерiне республикалық бюджеттен бөлiнген нысаналы трансферттер мен кредиттердiң iске асырылуы туралы талдамалық есептердегi барлық құн көрсеткiштерi теңгеде толтырылып, сонымен қатар шығыс нысандарында бiр ондық белгiмен мың теңгеде көрсетiледi.
      Ескерту. 41-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының Қаржы министрiнiң 2010.07.28 N 376 Бұйрығымен.
      42. Облыстық бюджеттерге, Алматы және Астананың қалаларының бюджеттерiне республикалық бюджеттен бөлiнген нысаналы трансферттер мен кредиттердiң атқарылуын талдау нәтижелерi бюджеттi атқару жөнiндегi тиiстi уәкiлеттi орган басшылығының қаперiне жеткiзiлiп отырады.

^ 4. Бюджеттiк бағдарламалардың жүзеге асырылуын талдау

      Ескерту. 4-тараудың атауы жаңа редакцияда жазылды - Қазақстан Республикасының Қаржы министрiнiң 2010.07.28 N 376 Бұйрығымен.

       43. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың iске асырылуы туралы талдамалық есеп қаржылық жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 15 маусымдағы № 287 (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу № 6349 болып тiркелген) бұйрығымен бекiтiлген Бюджеттi атқару кезiнде бюджеттiк бағдарламалардың iске асырылуын бағалау бойынша әдiстемесiнiң талаптарына сәйкес жасалады және бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға ұсынылады. Мемлекеттiк құпияны құрайтын бюджеттiк бағдарламалар бойынша талдамалы есеп құпиялық режимiн сақтай отырып берiледi.
      Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi, сондай-ақ стратегиялық жоспарды әзiрлемейтiн бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi қаржы жылының қорытындылары бойынша бюджеттiк бағдарламалардың iске асырылуы туралы есептi осы Нұсқаудың 14-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасайды.
      Бюджеттiк бағдарламалардың iске асырылуы туралы есеп әрбiр бюджеттiк бағдарламаның бөлiнiсiнде оған түсiндiрме жазбасымен ағымдағы қаржы жылының 15 ақпанына дейiнгi мерзiмде қағаз және магниттi (электрондық) тасығыштарда бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға және тиiстi бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға берiледi.
      Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда жазылды - Қазақстан Республикасының Қаржы министрiнiң 2010.07.28 N 376 Бұйрығымен.
      44. Осы Нұсқаудың 14-қосымшасында көрсетiлген өткен қаржылық жылдың бюджеттiк бағдарламалардың iске асырылуы туралы есеп мынадай тәртiппен толтырылады:
      «Бюджеттiк бағдарламаның коды және әкiмшiсi» деген жол бойынша бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң коды мен атауы көрсетiледi;
      «Бюджеттiк бағдарлама» деген жол бойынша бюджеттiк бағдарламаның коды мен атауы көрсетiледi;
      «Өлшем бiрлiгi» деген жол бойынша мың теңгеде өлшем бiрлiгi көрсетiледi;
      «Бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң коды» деген 1-бағанда бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң коды көрсетiледi;
      «Бюджеттiк бағдарламаның коды» деген 2-бағанда бюджеттiк бағдарламаның коды көрсетiледi;
      «Бюджеттiк бағдарламаның атауы» деген 3-бағанда бюджеттiк бағдарламаның атауы көрсетiледi;
      «Есептi жылға көзделген iс-шаралар» деген 4-бағанда есептi жылға бюджеттiк бағдарламаның нысанында бекiтiлген жоспарланған iс-шаралардың санды көрсеткiштерi (бiрлiкпен, данамен және тағысын тағыда) көрсетiледi;
      «Есептi жылға көзделген сома» деген 5-бағанда бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес есептi жылға жоспарланған сома көрсетiледi;
      «Есептi жылда орындалған iс-шаралар» деген 6-бағанда есептi жылда орындалған iс-шаралардың санды көрсеткiштерi көрсетiледi;
      «Есептi жылдағы атқарылу (төленген мiндеттемелер)» деген 7-бағанда есептi жылда төленген мiндеттемелер сомасы көрсетiледi;
      «Iс-шаралардың немесе бюджеттiк қаражаттардың орындалу %» деген 8-бағанда есептi қаржы жылына бюджеттiк бағдарламаның нақты орындалған iс-шараларының сомасын 100% көбейте отырып, жоспарлы iс-шараларының сомасына ара қатынасы көрсетiледi;
      «Атқарылмау сомасы» деген 9-бағанда 7-бағанның көрсеткiшiнен 5-бағанның көрсеткiшiн шегеру жолымен анықталатын есептi жылдағы бюджет қаражатының атқарылмау сомасы көрсетiледi;
      «Қол жеткiзе алмау себептерi» деген 9-бағанда есептi жылда орындалмаған (жете орындалмаған) iс-шаралар, сондай-ақ олардың орындалмау (жете орындалмау) себептерi көрсетiледi.
      Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда жазылды - Қазақстан Республикасының Қаржы министрiнiң 2010.07.28 N 376 Бұйрығымен.
      45. Талдамалы есеппен бiр уақытта ұсынылатын түсiндiрме жазба мыналарды:
      1) бюджеттiк бағдарламаның атауын;
      2) бюджеттiк бағдарламаны iске асыруға жоспарлы және iс жүзiндегi шығыстарды (мың теңге), сондай-ақ өткен қаржы жылында осы бюджеттiк бағдарлама бойынша бюджет шығыстары және тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) бiрлiгi үшiн iс жүзiндегi шығыстар туралы ақпаратты;
      3) бюджет қаражатының түгел игерiлмеген сомасын және орындамау себептерiн;
      4) жоспарланған және iс жүзiнде орындалған iс-шаралар туралы санды ақпаратын (даналар, бiрлiктер, шаршы метрлер және тағысын тағыда), өткен қаржы жылындағы бюджеттiк бағдарламалардың нәтижелерi: орындалған iс-шаралар мен бiрлiк үшiн iс жүзiнде көрсетiлген қызметтердiң санын (тауарлар, жұмыстар);
      5) өткен есептi жылдың басымен салыстырғанда тиiстi бюджеттiк бағдарлама бойынша дебиторлық және кредиторлық берешектiң, оның iшiнде пайда болған берешектердiң себептерiн көрсете отырып өткен жылдар берешегiнiң болуы және оларды өтеу жөнiнде қабылданған (қабылданатын) шаралар туралы ақпаратты;
      6) бақылау органдары жүргiзген бюджет қаражатын пайдаланудың атаулылығы мен нысаналы сипаттығы, растайтын құжаттарды қоса бере отырып, бұзушылықтарды жою жөнiнде қабылданған шараларды баяндай отырып, Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуы тұрғысынан (әрбiр бөлiнiстегi) тексеру жөнiндегi ақпаратты қамтиды.
      Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда жазылды - Қазақстан Республикасының Қаржы министрiнiң 2010.07.28 N 376 Бұйрығымен.
      46. Жергiлiктi бюджеттердi атқару қорытындылары бойынша жергiлiктi бюджеттiк бағдарламаның (кiшi бағдарламаның) нәтиже көрсеткiшiне қол жеткiзудi талдау: 2009 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы Министрiнiң 2003 жылғы 30 шiлдедегi N 289 бұйрығымен бекiтiлген Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру туралы есептi жасау және беру жөнiндегi ережеге сәйкес жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарының деректерi негiзiнде жүргiзiледi және бағдарламаның мақсаттарына қандай дәрежеде қол жеткiзiлгенiн анықтайды; 2010 жылы осы Нұсқауда белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
      Ескерту. 46-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының Қаржы министрiнiң 2010.07.28 N 376 Бұйрығымен.
      47. Нәтиже көрсеткiшiне қол жеткiзудi талдау деректерi бойынша бюджеттiк бағдарламаның тiкелей нәтижесiне қол жеткiзу және түпкiлiктi нәтижесiне қол жеткiзу анықталады.
      48. Тiкелей нәтиже бойынша қол жеткiзу жыл сайын өткiзiледi. Бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi қызметiнiң тiкелей нәтижесiн анықтау - бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң көрсеткен қызметiнiң (орындаған жұмыстары) мемлекеттiк органның стратегиялық жоспары мен бюджеттiк бағдарламасында көзделген көлемiн анықтау.
      49. Түпкiлiктi нәтиженi анықтау – мемлекеттiк саясаттың қойған мақсатына қол жеткiзу деңгейiн (дәрежесiн) анықтау. Түпкiлiктi нәтиже бойынша қол жеткiзудi талдау – iс-шараны толық көлемде орындау үшiн белгiленген мерзiмде күтiлетiн нәтижеге қол жеткiзiлген кезде жүргiзiледi. Егер түпкiлiктi нәтижеге қол жеткiзу есептi кезеңнен кейiнгi қаржы жылдарына көзделетiн болса, онда нәтиже көрсеткiшiне қол жеткiзудi талдауда есептi қаржы жылында түпкiлiктi нәтижеге қол жеткiзу дәрежесi көрсетiледi.
      50. Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органға бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi қаржы жылының қорытындылары бойынша бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру мониторингi нәтижелерi туралы есептi ұсыну кезiнде онымен бiр мезгiлде бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiнiң стратегиялық жоспарында анықталған бюджеттiк бағдарламалардың нәтиже көрсеткiштерiне қол жеткiзу бойынша талдамалық ақпаратты қамтитын түсiндiрме жазбаны ұсынады.
      51. Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi берген ақпараттар, iшкi бақылау қызметтерiнiң материалдары, сондай-ақ iшкi және сыртқы факторлардың әсерiн анықтау негiзiнде бюджеттiк бағдарламаның нәтиже көрсеткiшiне қол жеткiзу бойынша талдау жүргiзедi.
      52. Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган бюджеттiк бағдарламалардың нәтиже көрсеткiшiне қол жеткiзудiң талдауын оның негiзiнде алынған ақпаратты түсiмдер бойынша тиiстi бюджеттi атқару туралы, сондай-ақ бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру туралы талдамалық есепке енгiзу үшiн жүзеге асырады.

                                                Бюджеттiк мониторинг
                                                  жүргiзу Нұсқауына
                                                      1-қосымша

      ^ Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының Қаржы министрiнiң 2010.07.28 N 376 Бұйрығымен.

Алдыңғымен салыстырғанда ағымдағы айдағы республикалық және
  1   2   3   4   5   6



Похожие:

Бюджеттiк мониторинг жүргiзу нұсқауын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2009 icon"Бюджеттiк мониторинг жүргiзу нұсқауын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2009
Бюджеттiк мониторинг жүргiзу нұсқауын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2009 жылғы 16 ақпандағы №68 бұйрығына...
Бюджеттiк мониторинг жүргiзу нұсқауын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2009 iconБюджеттiк есепке алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы
Республикасы Қаржы министрiнiң 2009 жылғы 16 қарашадағы n 495 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2009 жылғы 3...
Бюджеттiк мониторинг жүргiзу нұсқауын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2009 iconМемлекеттiк мекемелердiң және бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк есептiлiктi жасау мен ұсынудың ережесiн бекiту туралы
Азақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2009 жылғы 27 ақпандағы n 89 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2009...
Бюджеттiк мониторинг жүргiзу нұсқауын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2009 iconБюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну ережесiн бекiту туралы
Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 19 мамырдағы n 233 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2010 жылғы 15...
Бюджеттiк мониторинг жүргiзу нұсқауын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2009 iconБюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну ережесiн бекiту туралы
Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 19 мамырдағы n 233 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2010 жылғы 15...
Бюджеттiк мониторинг жүргiзу нұсқауын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2009 icon"Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасының кейбiр мәселелерi" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрiнiң мiндетiн атқарушының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы n 265 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасының кейбiр мәселелерi Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрiнiң...
Бюджеттiк мониторинг жүргiзу нұсқауын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2009 icon"Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 30 желтоқсандағы №1441 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы
Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 30 желтоқсандағы...
Бюджеттiк мониторинг жүргiзу нұсқауын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2009 iconСалық есептiлiгі нысандарын және оларды жасау Ережелерiн бекiту туралы
«Салық есептiлiгі нысандарын және оларды жасау Ережелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы...
Бюджеттiк мониторинг жүргiзу нұсқауын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2009 iconҚазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен жүзеге асырылатын тексерулердi есепке алу және бақылау, бiрыңғай мемлекеттiк тiркеу жүргiзу туралы Нұсқаулықты бекiту жөнiнде
Азақстан Республикасы Бас прокурорының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы №71 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2010...
Бюджеттiк мониторинг жүргiзу нұсқауын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2009 iconҚазақстан Республикасы мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары лауазымдарының санатына бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы
Азақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрiнiң 2013 жылғы 28 тамыздағы №392 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kze.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы