Қазақстанның саяси партиялары «НҰр отан» Халықтық Демократиялық партиясы icon

Қазақстанның саяси партиялары «НҰр отан» Халықтық Демократиялық партиясы



НазваниеҚазақстанның саяси партиялары «НҰр отан» Халықтық Демократиялық партиясы
Дата конвертации22.06.2013
Размер45.69 Kb.
ТипДокументы
источник

Қазақстанның саяси партиялары


«НҰР ОТАН» Халықтық Демократиялық партиясы
Төрағасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Төрағаның бірінші орынбасары – Бахытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов. «Отан» республикалық саяси партиясы 1999 жылдың қаңтарында құрылып, сол жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өтті. Партия мүшелерінің саны 607 557 адамды құрайды. «Нұр Отан» партиясының бөлімшелері Қазақстанның барлық облыстарында, Астана және Алматы қалаларында бар. Партия қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға; азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеруге; әлеуметтік әділеттік орнатуға және елімізде тұрақтылықты сақтауға; ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға; Қазақстан Республикасының жан-жақты және үйлесімді дамуы үшін азаматтардың отансүйгіштігі мен жауапкершілігін тәрбиелеуге белсенді ықпал етуді басты мақсаттары етіп жариялады. Мәжілісте «Нұр Отан» парламенттік көпшілікке ие. 2007 жылы өткен Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Нұр Отан» 88,41% дауыс иеленіп, Парламенттің төменгі палатасына партиядан 98 депутат сайланды.

Қазақстан коммунистік партиясы
Партияның бірінші хатшысы – Серікболсын Әбділдә ұлы Әбділдин. Партия 1998 жылғы 27 тамызда тіркелген, 2003 жылғы 20 наурызда қайта тіркеуден өтті. ҚКП-тың мүшелерінің саны 54 246 адамды құрайды. Партияның бөлімшелері республиканың барлық облыстарында бар. Партия республикада ғылыми социализм қағидаларына негізделген еркіндік және әлеуметтік әділетті қоғам құруға жағдай жасауды; коммунистік қоғамдық құрылысты қалыптастыруды өзінің негізгі мақсаты етіп санайды. 2004 жылы өткен Мәжіліс сайлауына Қазақстанның коммунистік партиясы партиялық тізім бойынша 3,44% дауыс жинаған «Коммунистердің халықтық оппозициялық одағы және ҚДТ» сайлау блогының құрамында қатысты. Партия 2007 жылғы Мәжіліс сайлауына қатысқан жоқ.

Қазақстан коммунистік Халықтық партиясы
Бірінші хатшысы – Владимир Борисович Косарев. 2004 жылғы 21 маусымда мемлекеттік тіркеуден өтті. Тіркеуден өту кезеңінде партия сапы 90 мың адам құрады. Партияның саяси платформасына сәйкес, ҚКХП-ның қызметі қоғамдық дамудың жаңа жағдайына бейімделген маркстік-лениндік идеологияға негізделген. 2004 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша партия 1,98% дауыс алды. Үшінші шақырылымдағы Мәжілісте партияның депутаттары болған жоқ. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша ҚКХП 1,29% дауыс жинады.

Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясы
Партия төрағасы – Ғани Әлімұлы Қалиев. Партия 2002 жылғы 1 наурызда тіркелген. 2003 жылғы 2 сәуірде партия қайта тіркеуден өтті. Тіркеуден өту кезеңінде партия мүшелерінің саны 61 043 адамды құрады. Қазақстанның барлық облыстарында партияның құрылымдық бөлімшелері бар. Партия мақсаттары: мемлекеттік реттеуді және агросекторды қолдауды күшейту; ауыл еңбеккерлерінің мүдделерін қорғау; қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға белсенді ықпал ету; экономиканың барлық салаларында нарықтық қатынастардың негізді формаларын жүзеге асыру. Партия 2004 жылғы парламенттік сайлауға қатысты, алайда үшінші шақырылымдағы Мәжілісте бірде-бір депутаттық мандатты иелене алмады. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Ауыл» партиясы 1,51% дауыс жинады.

Қазақстанның патриоттар партиясы
Партия төрағасы – Ғани Есенкелді ұлы Қасымов. Партия 2000 жылғы 4 тамызда тіркелген, 2003 жылғы 21 наурызда қайта тіркеуден өтті. Партияның мәліметтері бойынша оның құрамында 172 мың мүшесі бар. Партия келесі мақсаттарды ұстанады: Қазақстан халқының ұлттық қайта өркендеуін қалыптастыру және жүзеге асыру; нарықтық экономикасы бар құқықтық демократиялық мемлекет, азаматтық қоғам қалыптастыру; қоғамның әлеуметтік белсенді бөлігін мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға қатыстыру; елдің орнықты дамуын қамтамасыз ету; адамның жоғары деңгейде өмір сүру сапасын қалыптастыру және азаматтардың денсаулығына басым көңіл бөлу. 2004 жылғы Мәжіліс сайлауында партия 0,55% дауыс жинап, Парламентке өте алмады. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша партия 0,78% дауысқа ие болды. Партия жетекшісі Ғ.Е.Қасымов 2007 жылы Президент Жарлығымен Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалды.

Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы
Партия төрағасы - Әлихан Мұхамед ұлы Бәйменов. Партия 2002 жылғы 3 сәуірде тіркелген. Партия мүшелерінің құрамы 175 862 адамды құрайды. партияның мақсаттары: тәуелсіз, гүлденген, демократиялық және еркін Қазақстан. Іргелі құндылықтары: демократия, тәуелсіздік, еркіндік, әділеттік. 2004 жылғы Мәжіліс сайлауында партия 12,04% дауыс жинады. Партия үшінші шақырылымдағы Мәжілісте бір депутаттық мандатты иеленді. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Ақ жол» партиясы 3,09% дауыс жинады.

«Руханият» партиясы
Партия төрайымы – Алтыншаш Қайыржанқызы Жағанова. Партия 2003 жылғы 6 қазанда тіркелген. Партия мүшелерінің саны 72 мың адамды құрайды. Партия бөлімшелері облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында бар. Партияның негізгі міндеттері: экономиканы көтеру, әлеуметтік мәселелерді шешу, биік адамгершілікті және рухани бай қоғамды дамыту. 2004 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша партия 0,44% дауыс жинап, үшінші шақырылымдағы Мәжілісте депутаттары болған жоқ. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Руханият» партиясы 0,37% дауыс жинады.

«Әділет» демократиялық партиясы
Партия төрағасы – Мақсұт Сұлтанұлы Нәрікбаев. 2004 жылғы 14 маусымда тіркелген. Партия мүшелерінің саны 70 мың адамды құрайды. Партия аумақтық принцип бойынша құрылып, республиканың барлық облыстары мен Астана және Алматы қалаларында өз бөлімшелерін иеленген. Қазақстанда құқықтық демократиялық әлеуметтік мемлекет құруды, тиімді, озық және дамыған экономикалық жүйе құруды, азаматтық қоғам қалыптастыруды партия өзінің басты міндеттері санайды. Партия 2004 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша партиялық тізім бойынша сайлауда 0,76% дауыс жинады. Үшінші шақырылымдағы Мәжілісте бір мандатты округ бойынша сайланған бір депутаты болды. 2007 жылғы 8 шілдеде өткен «Әділет» демократиялық партиясының 5-ші съезінде Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясына қосылу жөнінде шешім қабылданды.

Қазақстанның «Нағыз АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы
Партияның тең төрағалары: Болат Мұқышұлы Әбілов, Ораз Әлиұлы Жандосов, Төлеген Тілекұлы Жүкеев. Партия «АҚ ЖОЛ» ҚДП-ның бөлінуінің нәтижесінде 2005 жылдың 29 сәуірінде құрылған. 2006 жылғы 17 наурызда тіркелді. Партия мүшелерінің саны 87 012 адамды құрайды. Партия барлық облыстарда, Астана және Алматы қалаларында өзінің бөлімшелерін ашқан. Партияның мақсаттары – демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет және ашық қоғам құру. 2007 жылғы 23 маусымдағы «Нағыз Ақ жол» ҚДП-ның 3-ші съезінде Жалпы ұлттық социал-демократиялық партиясына (ЖСДП) қосылу туралы шешім қабылданды.

^ Жалпы ұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП)
Партия төрағасы: Жармахан Айтбайұлы Тұяқбай. Төрағаның орынбасары: Әміржан Сағидрахманұлы Қосанов. Партия 2006 жылғы 10 қыркүйекте құрылған. 2007 жылғы 25 қаңтарда тіркелді. Партия мүшелерінің саны – 140 мың адам. Партия барлық облыстарда, Астана және Алматы қалаларында өзінің бөлімшелерін ашқан. Жалпы ұлттық социал-демократиялық партиясы өз алдына демократиялық, құқықтық әлеуметтік мемлекет қалыптастыру, инновациялық экономика құру, жаңа гуманитарлық саясатты жүзеге асыру міндеттерін қояды. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша Жалпы ұлттық социал-демократиялық партиясы 4,54% дауыс жинады.



Похожие:

Қазақстанның саяси партиялары «НҰр отан» Халықтық Демократиялық партиясы icon«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы «Жас Отан»
«Нұр Отан» хдп «Жас Отан» ЖҚ Қызылорда облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Еркебұлан Меңлібаев
Қазақстанның саяси партиялары «НҰр отан» Халықтық Демократиялық партиясы icon«бекітемін» «Нұр Отан» хдп «Жас Отан» ЖҚ Атқарушы хатшысы Н. С.Өтешев
Осы Ереже «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының «Жастар кадрлық резерві» ашық байқауының...
Қазақстанның саяси партиялары «НҰр отан» Халықтық Демократиялық партиясы icon«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Қ. А. Бозымбаевтың IХ есеп беру-сайлау Конференциясындағы баяндамасы
...
Қазақстанның саяси партиялары «НҰр отан» Халықтық Демократиялық партиясы iconАбдималиков сейдмұхаммед Көпбосынұлының сайлауалды бағдарламасы «Нұр Отан»
«Нұр Отан» ел Президентінің партиясы, халықтық партия. Біздің партиямыздың қатарында 850 мыңнан астам адам бар
Қазақстанның саяси партиялары «НҰр отан» Халықтық Демократиялық партиясы iconА. КӨлбаева «НҰр отан» халықТЫҚ демократиялық партиясының саяси жағдайы мен қызметі
Саяси партиялар мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын негізгі институттардың бірі. Заманауи саяси партиялар мемлекеттік саясаттың...
Қазақстанның саяси партиялары «НҰр отан» Халықтық Демократиялық партиясы iconТезисы выступления председателя укгф ндп «Нур Отан»
Бүгін Өскемен қаласының кезектен тыс конференциясында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Нұр Отан» халықтық...
Қазақстанның саяси партиялары «НҰр отан» Халықтық Демократиялық партиясы iconӘбішев мыңбай Мүшбайұлының сайлауалды бағдарламасы
Отанның бүгіні мен ертеңі осы топырақта туған маған да ыстық. Сондықтан да осы жылғы саяси науқанға қатысуға бел байлап отырмын....
Қазақстанның саяси партиялары «НҰр отан» Халықтық Демократиялық партиясы icon«Жаңа төраға жұмыс сапарымен Жезқазғанда болды»
Бұдан соң қала әкімдігінің мәжіліс залында қалалық мемлекеттік мекемелердің, бөлімдердің басшыларымен кездесті. Ал, сағат 11. 00-де...
Қазақстанның саяси партиялары «НҰр отан» Халықтық Демократиялық партиясы iconАғымдағы жылдың 6 қазан күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының жастар ісі жөніндегі кеңесшісі А. Б
Кездесу барысында «Жас Отан» жастар қанатының құрамына жаңадан еніп жатқан «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 4 курс студенті...
Қазақстанның саяси партиялары «НҰр отан» Халықтық Демократиялық партиясы iconҚымбатты достар! Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «алжир» мемориалды – мұражай кешені «Нұр Отан»
«Алжир» мемориалды – мұражай кешені «Нұр Отан» хдп «Жас Отан» Жастар Қанатының қолдауымен саяси қуғын-сүргіндер және «Алжир» лагері...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kze.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы