«Үйде күтім жасау жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты icon

«Үйде күтім жасау жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты



Название«Үйде күтім жасау жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты
Дата конвертации31.08.2014
Размер74.77 Kb.
ТипДокументы
источник

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы « »

№ ___ қаулысымен

бекітілген

«Үйде күтім жасау жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды рәсімдеу»

мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты



  1. Жалпы ережелер


1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Үйде күтім жасау жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды рәсімдеу».

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлеген орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

  2. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – уәкілетті орган).

  3. Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымның атауы:

  1. халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – орталық);

  2. уәкілетті орган.

  1. Оңалтудың жеке бағдарламасына немесе медициналық ұйымның қорытындысына сәйкес бөгде адамның күтіміне және арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар қатарындағы:

  1. жалғызілікті және жалғыз тұратын бірінші, екінші топтағы мүгедектер мен қарттар;

  2. отбасыларда тұрып жатқан тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балалар;

  3. отбасыларда тұрып жатқан психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балалар;

  4. отбасыларда тұрып жатқан жасы он сегізден асқан психоневрологиялық аурулары бар мүгедектер көрсетілетін қызметті алушылар болып табылады.




  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі




  1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

  1. көрсетілетін қызметті алушының өтініші уәкілетті органда тіркелген күннен бастап он төрт жұмыс күні ішінде;

  2. көрсетілетін қызметті алушы (талон алған кезде) өтініш білдірген күні сол жерде құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің ең ұзақ шекті уақыты бір көрсетілетін қызметті алушыға 30 минуттан есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады;

  3. көрсетілетін қызметті алушыға өтініш білдірген күні қызмет көрсетудің ең ұзақ шекті уақыты – 30 минуттан аспайды.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.

  2. Көрсетілетін қызметті алушы алатын мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үйде күтім жасау жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап болып табылады.

Үйде күтім жасау жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу туралы хабарламаны не бас тарту туралы дәлелді жауапты жеткізу:

  1. уәкілетті органға өтініш білдірген кезде – көрсетілетін қызметті алушы жергілікті жеріндегі уәкілетті органға өзі барған кезде не пошталық хабарлама арқылы;

  2. орталыққа өтініш білдірген кезде – көрсетілетін қызметті алушының жергілікті жеріндегі орталыққа өзі барған кезде қолхаттың негізінде онда көрсетілген мерзімде жүзеге асырылады.

Егер, көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде қызметтің нәтижесін алу үшін өтініш білдірмесе, орталық бір ай бойы оның сақталуын қамтамасыз етеді.

  1. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

  2. Жұмыс кестесі:

  1. уәкілетті органда:

демалыс және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) белгіленген мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүргізіледі;

  1. орталықта:

демалыс және Заңда белгіленген мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз, орталықтың филиалдары мен өкілдіктері үшін сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін белгіленеді.

Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз электрондық кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

11. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін уәкілетті органға немесе орталыққа өтініш білдірген кезде осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының жазбаша өтініші, ал кәмелеттік жасқа толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдарға – заңды өкілінің жазбаша өтініші (баланың ата-анасының біреуінің, қамқоршысының, қорғаншының) мына құжаттармен бірге ұсынылады.

  1. көрсетілетін қызметті алушының, заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжат;

  2. кәмелеттік жасқа толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – қамқоршы немесе қорғаншы тағайындау туралы жергілікті атқарушы органның шешімі;

  3. тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамалары);

  4. мүгедектігі туралы анықтама (қарттар үшін талап етілмейді);

  5. осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша медициналық карта;

  6. мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме (қарттар үшін талап етілмейді);

  7. зейнеткерлік жастағы адамдар үшін – зейнеткерлік куәлік;

  8. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және соларға теңестірілген адамдар үшін – Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің және соларға теңестірілген адамдардың мәртебесін растайтын куәлік;

  9. дербес деректері бар жеке тұлғаның немесе оның заңды өкілінің осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімі.

Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары қайтарылады.

  1. Мыналар:

  1. уәкілетті органға өтініш білдірген кезде – көрсетілетін қызметті алушының тіркелген және мемлекеттік қызметті алған күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты және әкесінің аты көрсетілген талон;

  2. орталыққа өтініш білдірген кезде – қабылданған құжаттардың тізбесі, өтінішті қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде), өтініш беру күні және уақыты, сондай-ақ дайын құжаттарды беру күні көрсетілген қолхат көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар пакеті қабылданғанын растайтын құжат болып табылады.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда, орталықтың немесе уәкілетті органның қызметкері қабылдаудан бас тартады және осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.

  2. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін:

  1. ұсынылған мәліметтер мен құжаттардың жалған болуы;

  2. көрсетілетін қызметті алушының үй күтімі жағдайларында арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуге қабылдауға медициналық қарсы көрсетілімдердің болуы негіз болып табылады.


3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша уәкілетті органның және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, орталықтардың және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі


  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының, орталықтардың және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

  1. уәкілетті органның, орталықтың және (немесе) олардың лауазымды адамдарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің басшысына тікелей. Азаматтарды қабылдау кестесі мына интернет-ресурстарда: http://www.enbek.gov.kz; www.con.gov.kz орналастырылған;

  2. облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерінің, облыстың, Алматы және Астана қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, орталық басшыларының блогына;

  3. жазбаша шағыммен уәкілетті органның, орталықтың, облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, облыстың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері аппаратының кеңсесіне жүгіну арқылы жүзеге асырылады.

  1. Шағымда көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс. Шағым берген кезде шағым жасалатын субъектінің атауы немесе лауазымды адамның лауазымы, тегі мен аты-жөні, өтініш беру себебі мен талаптары көрсетіледі.

  2. Жазбаша шағыммен жүгінген көрсетілетін қызметті алушыға шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, күні және уақыты көрсетілген талон беріледі.

  3. Қабылданған шағым «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңында белгіленген мерзімдерде қаралады.

  4. Шағымды қарау нәтижелері туралы қызметті алушыға жазбаша түрде хабарланады.

  5. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқылы.




  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып

қойылатын өзге талаптар



  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің http://www.enbek.gov.kz интернет-ресурсына орналастырылады;

  2. Консультациялық қызметтер мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс-орталығы call-орталығының (1414) телефоны арқылы және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі call-орталығының (1411) телефоны бойынша көрсетіледі.


______________________________



Похожие:

«Үйде күтім жасау жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты icon«Үйде күтім жасау жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымша Нысан (көрсетілетін
Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген құжаттардың толық пакетін ұсынбағандықтан «Үйде күтім жасау жағдайларында...
«Үйде күтім жасау жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты icon«Үйде күтім жасау жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша Нысан Жергілікті
«Үйде күтім жасау жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу»
«Үйде күтім жасау жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты icon«Үйде күтім жасау жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша Нысан медициналық карта
Медициналық тексеру: (негізгі және ілеспелі диагнозды, асқынудың орын алғандығын, бұрын болған аурулар туралы мәліметтерді көрсету...
«Үйде күтім жасау жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты icon«Үйде күтім жасау жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу»
Сіздің өтінішіңіз бен құжаттар пакетіңізді қарап, мынаны (қажетін таңдау) хабарлайды
«Үйде күтім жасау жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты icon«Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған...
«Үйде күтім жасау жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты iconҚұжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы
«Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу»мемлекеттік көрсетілетін...
«Үйде күтім жасау жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты icon«Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді тағайындау»
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлеген орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты...
«Үйде күтім жасау жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты icon"Мүгедектерге үйінде, оның ішінде бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүгедек балаларға әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызметін көрсету стандарты
Леуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу оларға әлеуметтік тұрмыстық, әлеуметтік медициналық, әлеуметтік-педагогикалық,...
«Үйде күтім жасау жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты iconСіздің құжаттарыңыз ресімделді және 20 жылғы бастап медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету ұсынылатын болады
«Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін...
«Үйде күтім жасау жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты icon«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу»
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kze.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы