«бекітемін» «Нұр Отан» хдп «Жас Отан» ЖҚ Атқарушы хатшысы Н. С.Өтешев icon

«бекітемін» «Нұр Отан» хдп «Жас Отан» ЖҚ Атқарушы хатшысы Н. С.Өтешев



Название«бекітемін» «Нұр Отан» хдп «Жас Отан» ЖҚ Атқарушы хатшысы Н. С.Өтешев
Дата конвертации22.10.2014
Размер190.06 Kb.
ТипДокументы
источник

«БЕКІТЕМІН»

«Нұр Отан» ХДП «Жас Отан»

ЖҚ Атқарушы хатшысы

Н.С.Өтешев

__________________________

«____» _____________ 2012 ж.

«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы жанындағы

«Жас Отан» Жастар қанатының «Жастар кадрлық резерві»

ашық байқауының

ЕРЕЖЕСІ


  1. Жалпы ережелер

1.1 Осы Ереже «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының «Жастар кадрлық резерві» ашық байқауының (бұдан әрі - Байқау) өткізілу тәртібін айқындайды.

^ Жастар кадрлық резерві (бұдан әрі – ЖКР) бұл – қызметтік өсуге ынталанған, кәсіптік дағдылары және басқару біліктіліктері жоғары мамандардың республикалық деректер базасы.

^ Жоба мақсаты – Қазақстан Республикасының мүддесі үшін тиімді жұмыс істейтін кәсіби жастарды іріктеу және оларды дамыту.

Жоба қазақстандық және шетелдік жоғарғы оқу орындарын тәмамдаған 29 жасқа дейінгі аналитикалық ойлау қабілеті жоғары және көшбасшылық құндылықтары айқын жас азаматтарды оқытуға бағытталған.

^ Жоба міндеттері:

- басқарушы кадрларды анықтау, іріктеу, оқыту және дайындау:

- жас қазақстандықтардың кәсіби өсуі үшін жаңа білім алуға және өзін-өзі жетілдіруге қажетті жағдай жасау;

- жетекші оқыту технологиялар негізінде кадрлық резерв дайындаудың тиімді жүйесін қалыптастыру;

- шебер сөйлеу мәнері негіздерін бейімдеген, жеке ұстанымдарын дәлелді түрде табандылықпен жеткізе білетін жас публистикалық саясаткерлер жүйесін қалыптастыру;

- жас кадрларды Қазақстан Республикасы Парламенті мен барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлау алды науханына, ұлттық компаниялар мен мемлекеттік бос лауазымдарға орналасу үшін конкурстарға қатысу тәжірибесін еңгізу;

1.2. Байқау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттікпен (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясы стипендиаттарының Қауымдастығымен (бұдан әрі - ұйымдастырушылар) бірлесіп өткізіледі.

1.3. Осы Ережеде келесі негізгі ұғымдар қолданылады:

1.3.1. Байқауға қатысушы – жеке тұлға жобаның арнайы сайтының (www.rezerv.kz) тиісті бөліміндегі сауалнаманы бекітілген ережеге сәйкес толтырады.

^ 1.3.2. «Формальды іріктеу» - бастапқы іріктеу кезеңі, үміткерлердің формальды өлшемдер (білімі, жасы т.б.) бойынша бағаланануы.

1.3.3. Жастар кадрлық резервіне үміткерлер – байқауға қатысушылар, формальды іріктеуден, тестілеуден өткендер, байқаудың келесі кезеңі – сұхбаттасуға жіберіледі;

1.3.4. Сұхбат – жастар кадрлық резервке байқау негізінде үміткерлердің жеке әңгімеге шақырылатын кезеңі;

1.3.5. «Үй тапсырмасы» - бірқатар іс-шаралар (дөңгелек үстел отырыстарын ұйымдастыру, мақалалар жазу т.б.) өткізу арқылы байқауға қатысушы үміткер өзінің рейтингісін №1, 2, 3, қосымшаларға сәйкес ұпай жинау арқылы көтеруге мүмкіндік алады;

^ 1.3.6. Республикалық сараптау комиссиясы - байқау негізінде жастар кадрлық резервіне үміткерлерді кешенді іріктеуден өткізетін кеңес беруші орган. «Нұр Отан» ХДП өкілдерінен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік істер жөніндегі Агенттігінің, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясы стипендиаттарының Қауымдастығының басшыларының (келісім бойынша) өкілдерінен қалыптасады;

^ 1.3.7. Жобаның басқарушы органы – жобаны стратегиялық және тактикалық басқаруды жүзеге асырушы;

1.3.8. Аймақтық үйлестіруші – басқарушы органның аймақтық өкілдері;

^ 1.3.9 Қатысушының жеке веб-портфолиосы – қатысушының оқу және кәсіптік жетістіктерін көрсететін веб-негізделген ресурсы. Бұл білім нәтижелері мен қоғамдық жұмыстары, жобалық тапсырмалары, бірлескен жұмыс атқарудың нәтижелері көрсетілетін веб-сайт;

^ 1.3.10 Қатысушының рейтингі – осы Ереженің №1 қосымшасына сәйкес қатысушыға қойылған талаптар негізінде жеткен жетістіктері бойынша қалыптасатын жеке сандық көрсеткіш;

1.3.11 Партиялық медиа-ресурстар – «Нұр Медиа» ЖШС баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдары мен «Нұр Отан» ХДП веб-сайты, «Жас Отан» ЖҚ веб-сайты;

1.3.12 Ақпараттық әріптестер – баспа, телеарна, радио, республикалық және аймақ деңгейіндегі БАҚ: «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Экспресс-К», «Альянс.KZ» газеттері, аймақтық газеттер; «Хабар», «Қазақстан», «Астана», «КТК», «НТК», «Рахат», «31 канал» телеарналары мен аймақтық телеарналар және радиолар;

1.3.13 Байқауды өткізу республикалық ұйымдастыру комитетіне жүктеледі;

1.3.14 Осы Ереже байқауға қатысуға үміткер болып отырған барлық қызығушылық танытқан тұлғаларға танысуға ұсынылады. Осы Ереже республикалық және аймақтық БАҚ-нда жарияланады.
^ 2. Байқауды өткізудің кезеңдері

2.1. Байқаудың іріктеу кезеңі.

2.1.1 Арнайы сайттың (www.rezerv.kz) тиісті бөліміндегі анкетаны 2012 жылдың тамыздың 1-не дейін толтыру.

Белгіленген шарттарға сәйкес келмеген, сондай-ақ қабылдау мерзімі өткеннен кейін келіп түскен құжаттамалар ұйымдастыру комитетімен қабылданбайды.

^ 2.1.2 Сауалнамалар келесі «формальдық» міндеттемелер бойынша іріктеледі:

- Жас шамасы (29 жасқа дейін);

- Фотосурет (jpg, 800*600, ресми стилде);

- Бiлiмі (жоғары білім алғандығы жөнінде диплом болу керек);

- Жұмыс орны, лауазымы;

- Еңбек қызметі;

-Кәсiби дағдылар;

- Тілдерді меңгеру

- Компьютерді білу;

- Мемлекеттік наградалардың болуы;

- Қоғамдық қызмет;

-Авторлық жарияланымдар (монографиялар, ғылыми, публицистикалық жарияланымдар);

- Ұсыныс хаттар.

- Келесі тақырыптар бойынша эссе жазу:

  • Мемлекеттік басқару;

  • Бизнес және қоғамдық қызмет салаларындағы менеджмент.

Бірінші іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша келесі кезеңге 300 қатысушы іріктеледі.

2.1.4 Сұхбат қорытындысы бойынша 150 үздік қатысушы анықталады.

Сұхбат жергілікті жерлерде басқарушы органмен және аймақтық үйлестірушілермен жүргізіледі. Жобаның бағалау және оқыту бөліміне қатысуға мүмкіндік алған қатысушылардың соңғы тізімі республикалық сараптамалық комиссияның шешіміне сәйкес конкурстық негізде жүзеге асады.

2.2 Байқау қатысушыларына веб-портфолио ашылады, онда білім немесе кәсіптік жетістіктерінің деңгейі, білім нәтижелері – қоғамдық жұмыстарды, жобалық тапсырмаларды, қатысушының атқарған қызметінің нәтижелері көрсетіледі.

3. Байқаудың білім беру кезеңі.

3.1 Білім бағдарламасы (№1 модуль, лагерь):

- дәрiстер, мастер-класстар;

- семинарлар, жаттығулар;

- кәсiби деңгейін бағалау іс-шаралары,

3.2 Ең жоғары рейтинг жинаған үздік 100 қатысушысы жастар кадрлық резервi жобасының қорытындылары бойынша байқаудың келесі кезеңіне қатыса алады.

Әр резервшіге жетекші бекітіліп, оның көмегімен жеке даму жобалары мен жоспарлар дайындалады.

^ 3.3 Резервшілерді жылжыту кезеңінде әр резервисттің жеке мүддесін бағалау нәтижесі бойынша жүзеге асыру жоспары дайындалады. Резервшілер мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде сынақ мерзімінен және оқыту бағдарламасынан өтеді.

^ 4. «Жеке жоба» кезеңі

4.1 Оқу кезеңінен кейін резервшілер Қазақстан Республикасының әр түрлі салаларын дамыту бойынша сындарлы және ұшқыр ойлы ұсыныстары мен идеяларын танытқан жобаларды таныстырады.

^ 4.2 Байқаудың жобаларын бағалау кезінде келесі критерийлер назарға алынады:

- өзектілік;

- жаңашылдық;

- тәжірибелік тиімділігі;

- нақтылық және логикалық дәлелділік;

- жобаның қысқа мерзімді мақсаттарын көрсету және олардың жалпы жобаның ауқымды мақсаттарына жетуіне әсер беруі;

- жүзеге асырылу нақтылығы (нақты басқару міндеттерін шешумен байланысты);

- жобаны іске асыру үшін халықтың ауқымды жігін тарту;

- жұмыс істейтін ұйымдармен жобаның іске асырылуы;

- талқылаудың, бағалаудың, қорытындылардың дербестігі;

- стилі, баяндау тілі;

- сыртқы безендірілуі.

4.3 Ең жоғары рейтинг жинаған үздік 100 қатысушысына жастар кадрлық резервi жобасының қорытындылары бойынша жоба сертификаттары табысталып, мемлекеттік басқару жүйесі, бизнес және қоғамдық қызмет салалары басшыларына аталған жоба қатысушыларына жоғарғы қызметке өтуіне ұсыныс жасалады.
^ 5. Қатысушылардың рейтингін қалыптастыру принциптері

5.1 Жобаға қатысушылардың рейтингі үш сынақтан тұрады: балдық жүйе үй тапсырмасын табысты орындаудан, біліктілігін бағалау нәтижесінен, жеке жобаларын жүзеге асырумен қорғау нәтижелерінен.

5.2 Қатысушының жалпы рейтингінде үй тапсырмасы 10%-ды құрайды, біліктілігін бағалау 40%, жеке жобаларын жүзеге асыру мен қорғау 50%.

5.3 Рейтинг тұрақты түрде жоба сайтында жарияланады.

5.4. Тестілеу мен әңгімелесуден өтпеген үміткерлер 30 жасқа толғанша жобаға қатысу мүмкіндігіне ие болады немесе рейтингі жоғары екендігі туралы сертификат алмайды.

^

6. Байқауға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері

6.1. Байқауға қатысушылардың құқықтары:

6.1.1 Байқаудың өткізілу талаптары мен тәртібі туралы ақпарат алу;

^

6.1.2 Осы Ереже бойынша түсінік алу үшін ұйымдастыру комитетіне жүгіну.

6.2 Байқауға қатысушылардың міндеттері:


6.2.1 Байқаудың мән-мағынасымен танысу, байқауға қатысу үшін қойылатын талаптарды танып білу;

6.2.2 Осы Ереженің талаптарына сәйкес рәсімделген жоба мен байқау құжаттамаларын уақытылы тапсыру;

6.2.3 Осы Ережеде қарастырылған ережелер мен тәртіптерді сақтау.

6.3 Байқауға қатысушылар байқау құжаттамаларын тапсырудың талаптарының бұзған жағдайда және осы Ережемен көрсетілген басқа да шарттарды, ережелер мен тәртіптерді сақтамаған жағдайда байқаудың кез келген кезеңінен шығып кете алады.
^ 7. Ақпараттық қамсыздандыру

7.1 Жобаның басты ақпараттық қоры www.rezerv.kz сайты болып табылады.

7.2 Байқаудың ақпараттық қолдауын «Нұр Отан» ХДП медиа-қорлары және басқа да әріптестері қамтамасыз етеді.

7.3 Байқаудың қосымша ақпараттық қолдауы жоба ұйымдастырушыларының ақпараттық қорларымен қамтамасыз етіледі.
Ережеге толықтырулар мен өзгерістер енгізілуі мүмкін, олар егізу уақытынан бастап өз күшіне енеді және өзгертілмейді.

1 Қосымша

Үй тапсырмасы мен іс шараларды орындауды балдық талқылау талаптары.

  1. 5 балдық монографияны;

  2. ВАК жинағына ғылыми мақаланың жариялануы немесе халықаралық журналдарда жарық көруі – 4 бал;

  1. Республикалық немесе аймақтық басылымға ғылыми мақаланы жариялау – 3 бал;

  2. Публицистикалық (БАҚ-на өзекті мәселелер бойынша материал жариялау) – 2,5 бал;

  3. Жаңа нәрсе ойлап табу (инновациялық) – 4 бал;

  4. Іс - шаралар өткізу (дөңгелек үстел, акция, конференция, семинарлар) 30 адамнан кем емес жағдайда – 2 бал, 30 адамнан көп жағдайда – 3 бал;

  5. Қоғамдық және қайырымдылық шараларға қатысу: 100 адамның өміріне қатысы бар әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыру – 5 бал; 50 адамнан кем емес болса – 3 бал; 20 адамнан кем емес болса – 2 бал;

  6. Дипломы бакалавр болса – 4 бал; маман – 5 бал; магистр – 2 бал; үздік дипломы болса – 1 балл;

  7. 1 жыл шетелде ЖОО оқыса – 2 бал, екі жылдан көбірек болса – 3 бал (қосымша балдар);

  8. Мемлекеттік наградалардың болуы: орден - 3 бал; медаль – 2 бал; құрметті атақ – 1,5 бал; құрмет грамотасы – 1 бал, алғыс хат – 0,5 бал;

  9. Ұсыныс хаттарының болуы: 3 хатқа дейін – 1,5 бал, 5 хатқа дейін – 2,5 бал, 5 хаттан жоғары – 3,5 бал;

  10. Жұмыстағы қызмет ету бағыты бойынша қосымша оқудан өту (сертификаттар) – 1,5 бал;

  11. Еңбек қызметі (өтелімі) 1 жылға дейін – 1,5 бал, 3 жылға дейін – 3 бал; 3 жылдан жоғары – 4 бал;

  12. Лауазымы: қатардағы қызметші – 1 бал; қарамағында 5 адамға дейін қызметшісі бар жетекші – 2 бал; қарамағында 15 адамға дейін қызметшісі бар жетекші – 3 бал, 15 адамнан жоғары болса - 4 бал;

  13. Қосымша қызметі (еңбек кітапшасына жазылған болса) – 1 балл;

  14. Шетелдегі еңбек өтелімі: 1 жылға дейін – 1 бал, 1 жылдан жоғары болса – 2 бал (қосымша балдар);

  15. Мемлекеттік және шетел тілдерді меңгеру: сөйлеу деңгейінде – 1,5 балл, академиялық деңгейде – 3 балла.

  16. Компьютерде жұмыс дағдылары: қолданушы PC Window’s , MS Office, e-mail, Internet – 1 бал; қолданушы Fine rider, Win RAR – 1,5 бал, қолданушы Photoshop, Corel Draw – 2 бал.


2 Қосымша

Қатысушылардың рейтингісін қою тәртібі

Критерийлер

Түсініктеме

Балл

Растаушы құжаттар

Білімі

бакалавр

4

дипломның көшірмесі

маман

5

дипломның көшірмесі

магистр

2

дипломның көшірмесі

Үздік диплом

1

дипломның көшірмесі

Жұмыстағы қызмет ету бағыты бойынша қосымша оқудан өту

1,5

құжаттың

көшірмесі

Еңбек қызметі

1 жылға дейін

1,5

еңбек кітапшаның

көшірмесі

1 жылдан 3 жылға дейн

3

еңбек кітапшаның

көшірмесі

3 жылдан аса

4

еңбек кітапшаның

көшірмесі

Лауазымы

Қатардағы қызметкер

1

жұмыс орнынан анықтама

Қол астында 5 қызметкері бар басқарушы

2

жұмыс орнынан анықтама

Қол астында 15 қызметкері бар басқарушы

3

жұмыс орнынан анықтама

Қол астында 15-тен көп қызметкері бар басқарушы

4

жұмыс орнынан анықтама

Еңбек кітапшасында жазылған қосымша еңбек қызметі

1

еңбек кітапшаның

көшірмесі

Мемлекеттік және шетел тілдерді меңгеру

Тілді жетік меңгеру

3

шет тілдерін меңгерген туралы – №3 қосымшада көрсетілген сертификаттардың бар болуы
қазақ тілін меңгерген туралы - жұмыс орнынан қазақ тілін меңгеру деңгейі тұрасында ұйым басшысының қолы қойылған құжат болуы керек

Сөйлей білуі

1,5

курстардан өткендігі турасында сертификат көшірмесі немесе дәлелдеме құжаттары болуы тиісті

Шетелде болу

1 жылға дейін оқу

2

дипломның көшірмесі

1 жылдан астам оқу

3

дипломның көшірмесі

1 жылға дейін жұмыс істеу

1

құжаттың

көшірмесі

1 жылдан астам жұмыс істеу

2

құжаттың

көшірмесі

Мемлекеттік наградалардың болуы

Орден

3

мемлекеттік наградалар куәліктерінің көшірмесі

Медаль

2

мемлекеттік наградалар куәліктерінің көшірмесі

Құрметті атақ

1,5

куәліктерінің көшірмесі

Құрмет грамотасы

1

құрмет грамотасының көшірмесі

Алғыс хат

0,5

алғыс хаттардың көшірмесі

Ұсыныс хаттардың болуы

3 хатқа дейін


1,5


ұсыныс хаттың көшірмесі

5 хатқа дейін



2,5


ұсыныс хаттың көшірмесі

3 хаттан жоғары



3,5

ұсыныс хаттың көшірмесі

Мерекелік шаралар өткізуі

мастер-кластар, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер 30 адамға дейін қатысқан шаралар өткізу


2

1. ЖКР шеңбері аясында өткізілгенін көрсететін БАҚ дәлеледейтін жариялаулар;

2. Бірінші

басшының қолы мен мөрі бар өткізілген шараның хаттамасы

мастер-кластар, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер 30 адамнан жоғары қатысқан шаралар өткізу


3

Қоғамдық және қайырымдылық шараларға қатысу

100 адамның өміріне қатысы бар әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыру

5

1. ЖКР шеңбері аясында өткізілгенін көрсететін БАҚ дәлеледейтін жариялаулар;
2. Бірінші

басшының қолы мен мөрі бар өткізілген шараның хаттамасы

50 адамның өміріне қатысы бар әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыру

3

20 адамның өміріне қатысы бар әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыру

2

Ғылыми – зерттеу саласы бойынша

Ғылыми еңбек турасында монография шығару

5

еңбектің көшірмесі

ВАК жинағына ғылыми мақаланың жариялануы немесе халықаралық журналдарда жарық көруі



4

еңбектің көшірмесі

Республикалық немесе аймақтық басылымға ғылыми мақаланы жариялау


3

еңбектің көшірмесі

  1. Публицистикалық (БАҚ-на өзекті мәселелер бойынша материал жариялау)




2,5

еңбектің көшірмесі

Жаңа нәрсе ойлап табу (инновациялық)

4

патентінің көшірмесі немесе жұмыс орнынан ұйым басшысының қолы қойылған немесе басқада дәлелдеме құжаттар



  1. Компьютерде жұмыс дағдылары




қолданушы PC Window’s, MS Office, e-mail, Internet

1

жұмыс орнынан ұйым басшысының қолы қойылған немесе басқада дәлелдеме құжаттар


қолданушы Fine rider, Win RAR

1,5

қолданушы Photoshop, Corel Draw

2


^ Күмәнді деректер бергені үшін қатысушы жобадан шығарылады


3 Қосымша

Тіл

Тест атауы

Деңгейі

Ағылшын

IELTS

TOEFL

4.5

400

Корей

Test of Korean Language

Proficiency 2

Неміс

Гете Институт

Start Deutsch 1

Итальян

CILS 1 (B 1)/CELI 3

-

Қытай

HSK

11-інен 2-ші деңгейі

Француз

TCF

699-дың 250-і

Чех

B2

-



Похожие:

«бекітемін» «Нұр Отан» хдп «Жас Отан» ЖҚ Атқарушы хатшысы Н. С.Өтешев icon«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы «Жас Отан»
«Нұр Отан» хдп «Жас Отан» ЖҚ Қызылорда облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Еркебұлан Меңлібаев
«бекітемін» «Нұр Отан» хдп «Жас Отан» ЖҚ Атқарушы хатшысы Н. С.Өтешев icon«Нұр Отан» хдп 19 қаңтарда бекітілген республикалық деңгейдегі «Қазақша сөйлесейік» акциясы аясында «Нұр Отан» хдп астана қалалық филиалының
Альбина: Қайырлы күн, құрметті достар! Бармысын, армысың тұрғылықты тұрғындарым! «Қазақша сөйлесейік ағайын!» акциясына «Артем» сауда...
«бекітемін» «Нұр Отан» хдп «Жас Отан» ЖҚ Атқарушы хатшысы Н. С.Өтешев iconҚымбатты достар! Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «алжир» мемориалды – мұражай кешені «Нұр Отан»
«Алжир» мемориалды – мұражай кешені «Нұр Отан» хдп «Жас Отан» Жастар Қанатының қолдауымен саяси қуғын-сүргіндер және «Алжир» лагері...
«бекітемін» «Нұр Отан» хдп «Жас Отан» ЖҚ Атқарушы хатшысы Н. С.Өтешев iconСтратегия Молодежного крыла «Жас Отан» содержание введение Основания разработки Анализ текущего состояния Миссия мк «Жас Отан»
Расширение социальной базы ндп «Нур Отан» через вовлечение широких слоев молодежи в деятельность мк «Жас Отан»
«бекітемін» «Нұр Отан» хдп «Жас Отан» ЖҚ Атқарушы хатшысы Н. С.Өтешев iconБіз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз! Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылдың тиiмдiлiгiн арттыру туралы атқарушы органдардың бастықтары «Нұр Отан»
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылдың тиiмдiлiгiн арттыру туралы атқарушы органдардың бастықтары «Нұр Отан» хдп қалалық филиалда...
«бекітемін» «Нұр Отан» хдп «Жас Отан» ЖҚ Атқарушы хатшысы Н. С.Өтешев iconҚазақстанның саяси партиялары «НҰр отан» Халықтық Демократиялық партиясы
Мәжілісте «Нұр Отан» парламенттік көпшілікке ие. 2007 жылы өткен Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Нұр Отан» 88,41% дауыс...
«бекітемін» «Нұр Отан» хдп «Жас Отан» ЖҚ Атқарушы хатшысы Н. С.Өтешев iconБаспасөз пресс релизі Елбасымыз «Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде»
«Артем» сауда орталығында «Нұр Отан» хдп ақФ – ның «Жас Отан» ЖҚ ұйымдастырумен республикалық «Қазақша сөйлесейік» акциясының аясында...
«бекітемін» «Нұр Отан» хдп «Жас Отан» ЖҚ Атқарушы хатшысы Н. С.Өтешев iconБегеев сағынбек Арыстанұлының сайлауалды бағдарламасы Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, «Нұр Отан»
Жолдауларындағы бағалы бастамаларын «Нұр Отан» хдп-ның съезінде бекітілген партиямыздың сайлауалды тұғырнамасында айқындалған міндеттерді...
«бекітемін» «Нұр Отан» хдп «Жас Отан» ЖҚ Атқарушы хатшысы Н. С.Өтешев icon«Қазақша сөйлесейік ағайын» атты акциясының негізгі мақсаты
«Артем» сауда орталығында «Нұр Отан» хдп ақФ – ның «Жас Отан» ЖҚ ұйымдастырумен республикалық «Қазақша сөйлесейік» акциясының аясында...
«бекітемін» «Нұр Отан» хдп «Жас Отан» ЖҚ Атқарушы хатшысы Н. С.Өтешев iconМемлекеттік қызметші келесі этикалық нормаларды басшылыққа алуы тиіс Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2008 жылғы 6 қарашада өткен «Нұр Отан»
Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2008 жылғы 6 қарашада өткен «Нұр Отан» хдп-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумында...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kze.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы