Жалпы республикалық Қазақстан жастарының форумы туралы ережені бекiту туралы icon

Жалпы республикалық Қазақстан жастарының форумы туралы ережені бекiту туралы



НазваниеЖалпы республикалық Қазақстан жастарының форумы туралы ережені бекiту туралы
Дата конвертации22.10.2014
Размер33.39 Kb.
ТипДокументы
источник

Жалпы республикалық Қазақстан жастарының форумы туралы ережені бекiту туралы


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 982 Қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегi  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қоса беріліп отырған Жалпы республикалық Қазақстан жастарының форумы туралы ереже бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Бiлiм және ғылым министрлiгiне жүктелсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы     
Үкiметінің           
2005 жылғы 30 қыркүйектегі   
N 982 қаулысымен        
бекiтiлген           

  ^ Жалпы республикалық Қазақстан жастарының
Форумы туралы ереже

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрленген.

      2. Жалпы республикалық Қазақстан жастарының форумы (бұдан әрi - Форум) Қазақстан Республикасының жастары мен жастар ұйымдары уәкiлеттi өкiлдерiнің форумы болып табылады.

      3. Форум өз қызметiнде Қазақстан Республикасының  Конституциясын , "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын , басқа да нормативтік құқықтық кесімдердi басшылыққа алады.

       ^ 2. Форумның мақсаты, міндеттері мен функциялары

      4. Форумның негiзгi мақсаты жалпы ұлттық мүддеде өзара әлеует пен ресурстарды неғұрлым толық пайдалану үшiн мемлекеттік органдардың жастар ұйымдарымен өзара iс-қимылының тұтас жүйесiн құру болып табылады.

      5. Форумның негiзгi мiндеттерi:
      1) республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік органдар мен жастар ұйымдарының арасындағы диалог пен өзара iс-қимыл жүйесiн қалыптастыру үшін қажетті ұйымдастырушылық алғышарттар жасау;
      2) жалпы қазақстандық жастар ортасын қалыптастыру;
      3) Қазақстан Республикасының жастары мен мемлекеттiк билiк органдары арасында керi байланысты қамтамасыз ету.

  ^ 3. Форумның құқықтары

      6. Негiзгi мiндеттер мен өзiне жүктелген функцияларды iске асыру үшін Форумның заңнамада белгіленген тәртiппен:
      1) жастарға үндеулер қабылдауға;
      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар саясатын қалыптастыру және iске асыру туралы ұсынымдар әзiрлеуге құқығы бар.

  4. Форумды өткiзу тәртiбi

      7. Форумды дайындау мен өткiзудi құрамын жастар саясаты мәселелерi жөнiндегi уәкілетті органның басшысы бекітетiн ұйымдастыру комитетi жүзеге асырады.

      8. Форум екі кезеңде өткiзіледi:
      1) дайындық кезеңi, ол кезде барлық облыстарда, Астана және Алматы қалаларында Форум делегаттарын сайлау жүргiзіледi;
      2) негiзгi кезең Форумды өткiзу.

      9. Форумды уәкiлетті орган екi жылда кемiнде бiр рет шақырады.

      10. Форумда шешімдер қабылдау Форумға қатысушы делегаттардың ашық дауыс беруi жолымен жүзеге асырылады.

  5. Форумда жастар өкiлдігін қалыптастыру

      11. Форум делегаттарының құрамын қалыптастыру Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен тiркелген жергiліктi жастар ұйымдары мен республикалық жастар ұйымдары аумақтық филиалдарының қатысуымен облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы конференцияларда сайлау жолымен жүргiзіледi.

      12. Конференцияларға облыстың, Астана және Алматы қалаларының тiркеуден өткен жастар ұйымдарының делегат етiп жіберілген өкiлдерi қатысады.

      13. Облыстарда және республикалық маңызы бар қалаларда Форумға делегаттарды сайлау жөніндегi конференцияларды ұйымдастыруды, өткiзудi және жұмыс регламентiн белгiлеудi Қазақстан Республикасының жастар саясаты мәселелері жөніндегi уәкілетті органы және жастар мен жастар ұйымдарының уәкілеттi өкiлдерi қамтамасыз етедi.

      14. Делегациялардың сандық құрамы әр облыстан кемiнде 15 адамды, Астана және Алматы қалаларынан - кемінде 30 адамды құрайды. Уәкілеттi орган Форумға қатысу үшін саяси партиялардың, Қазақстан халықтары Ассамблеясының, жастар бастамалары әскери орталықтарының, оқу орындарының, мүдделі мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерiн Форум делегаттарының жалпы санының 25%-ынан аспайтын санда қосымша шақыра алады.

  6. Қорытынды ережелер

      15. Форумда қабылданатын шешімдер ұсынымдық сипатта болады.

      16. Форумда қабылданған ұсынымдар тиiстi хаттамамен ресiмделедi және заңнамада белгіленген тәртiппен қарау үшін Қазақстан Республикасының Үкiметiне жiберiледi.



Похожие:

Жалпы республикалық Қазақстан жастарының форумы туралы ережені бекiту туралы iconРеспубликалық маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Жалпы республикалық Қазақстан жастарының форумы туралы ережені бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №384 қаулысы Патронаттық тәрбие туралы ережені бекіту туралы
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 133-бабының 3-тармағына...
Жалпы республикалық Қазақстан жастарының форумы туралы ережені бекiту туралы iconРеспубликалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тiзбесiн бекiту туралы
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Жалпы республикалық Қазақстан жастарының форумы туралы ережені бекiту туралы icon2011 жылғы 31 наурыз №126 Астана қаласы Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережені бекіту туралы «Ғылым туралы»
...
Жалпы республикалық Қазақстан жастарының форумы туралы ережені бекiту туралы icon«Менің елім Қазақстан» І облыстық патриоттар форумы
«Жас экономист» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Менің елім – Қазақстан» атты І облыстық патриоттар форумы өтті. Форумның...
Жалпы республикалық Қазақстан жастарының форумы туралы ережені бекiту туралы icon«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттiк қызмет регламентi Жалпы ережелер Осы Регламент «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы»
«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандартын бекiту туралы» 2009 жылғы 31 желтоқсандағы...
Жалпы республикалық Қазақстан жастарының форумы туралы ережені бекiту туралы iconС. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің Ғылыми кеңес мәжілісіндегі қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің ғылыми жетекші қызметкері С. Б.Қалмақановтың «Ішкі аурулар клиникасы туралы Ережені бекіту»
С. Б.Қалмақановтың «Ішкі аурулар клиникасы туралы Ережені бекіту» туралы баяндауы бойынша
Жалпы республикалық Қазақстан жастарының форумы туралы ережені бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Президентінің
Республикасының прокуратура органдарында қызмет өткеру туралы ережені және Қазақстан Республикасының прокуратура органдары қызметкерлерінің...
Жалпы республикалық Қазақстан жастарының форумы туралы ережені бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 наурыздағы №367 қаулысы
«Балалар ауылындағы отбасы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы №1613 қаулысына...
Жалпы республикалық Қазақстан жастарының форумы туралы ережені бекiту туралы iconҚазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау туралы ереженi бекiту туралы
Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kze.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы