Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (300. 00-нысан) icon

Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (300. 00-нысан)



НазваниеҚосылған құн салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (300. 00-нысан)
страница1/3
Дата конвертации10.12.2012
Размер0.64 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы « 8 » қарашадағы

№ 1310 қаулысымен

бекітілген


 

Қосылған құн салығы бойынша

салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (300.00-нысан)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалар (300.00-нысан) (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және Салық кодексінің 8-бөліміне және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексін) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңының (бұдан әрі – Енгізу туралы заң)
2, 12, 24, 25, 28, 34, 35, 44, 47, 48, 49, 49-1-баптарына сәйкес қосылған құн салығы сомасын есептеуге арналған қосылған құн салығы бойынша салық есептілігінің нысанын (декларация) (бұдан әрі – Декларация) жасау тәртібін айқындайды.

2. Декларация Декларацияның өзінен (300.00-нысан) және салық міндеттемесінің есептелуі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (300.01-ден 300.12-ге дейінгі нысандар) тұрады.

3. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

4. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздер толтырылмайды.

5. Декларацияға қосымшалар Декларациядағы тиісті көрсеткіштерді ашып көрсетуді талап ететін жолдарды толтыру кезінде міндетті тәртіпте жасалады.

6. Декларацияға қосымшалар оларда көрсетілуі тиіс деректер болмаған жағдайда жасалмайды.

7. Декларацияға қосымшалардың парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда Декларацияға қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады.

8. Осы Қағидаларда мынадай арифметикалық белгілер қолданылады: «+» – қосу; «–» – алу; «х» – көбейту; «/» – бөлу; «=» – тең.

9. Соманың теріс мәні Декларацияның тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде «–» белгісімен белгіленеді.

10. Декларацияны жасау кезінде:

1) қағаз тасығышта – қара не көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электрондық тасығышта – Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады.

11. Декларацияға Салық кодексінің 61-бабы 3-тармағына сәйкес салық төлеуші не болмаса өкілі қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда оның атауы жазылған мөрі бар салық төлеушінің не болмаса оның өкілінің мөрімен куәландырылады.

12. Декларацияны табыс ету кезінде:

1) келу тәртібінде қағаз тасығышта – екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;

2) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен қағаз тасығышта – салық төлеуші пошта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасын алады;

3) электронды түрде – салық төлеуші салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесінен қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы хабарлама алады.

13. Қосымшалардың «ҚҚС төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімдерінде Декларацияның «ҚҚС төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде көрсетілген тиісті деректер көрсетіледі.

14. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес (бұдан әрі – Ұлттық тізілімдер туралы заң) Декларацияны табыс ету кезінде:

СТН – Ұлттық тізілімдер туралы заңның 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы қолданысқа енгізілгенге дейін салық төлеушінің тіркеу нөмірін;

ЖСН/БСН – Ұлттық тізілімдер туралы заңның 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы қолданысқа енгізілген күннен бастап жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі) міндетті түрде толтырылуы тиіс.

 

 2. Декларацияны жасау (300.00-нысаны)

 

15. «ҚҚС төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде салық төлеуші міндетті түрде мынадай деректерді көрсетеді:

1) СТН – салық төлеушінің тіркеу нөмірі. Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде жолда сенімгерлікпен басқарушы салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі;

2) ЖСН/БСН – салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі). Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде жолда сенімгерлікпен басқарушы салық төлеушінің жеке сәйкестендіру (бизнес-сәйкестендіру) нөмірі көрсетіледі;

3) қосылған құн салығын төлеушінің аты-жөні немесе атауы. Жол міндетті толтырылуға жатады.

Құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның атауы, жеке кәсіпкердің жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне сәйкес атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) көрсетіледі.

Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде жолда сенімгерлікпен басқарушының атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) көрсетіледі;

4) салық есептілігі табыс етілетін салық кезеңі (тоқсан, жыл) – Декларация тапсырылатын есепті салық кезеңі (араб сандарымен көрсетіледі). Салық кодексінің 269-бабына сәйкес Декларацияны тапсыру үшін есепті кезең күнтізбелік тоқсан болып табылады. Жол міндетті толтырылуға жатады;

5) Декларацияның түрі.

Тиісті торкөздер Декларацияны Салық кодексінің 63-бабында көрсетілген салық есептілігінің түрлеріне жатқызу есебімен белгіленеді.

Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен алып тасталған кезде «тарату» түріндегі Декларацияны табыс ету міндетті болып табылады;

6) хабарламаның нөмірі мен күні.

Жолдар Салық кодексінің 63-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында көзделген Декларацияның түрі табыс етілген жағдайда толтырылады;

7) салық төлеушінің санаты.

7 А торкөзі егер салық төлеуші мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқарушы болып табылған жағдайда толтырылуы тиіс.

7 В торкөзі егер салық төлеуші мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушы болып табылған жағдайда толтырылуы тиіс;

8) Жол Салық кодексінің 308-1-бабы 1-тармағында көзделген жер қойнауын пайдалануға арналған келісім (келісімшарт) шеңберінде қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы толтырады.

Жол егер салық төлеуші Салық кодексінің 308-1-бабы 1-тармағына сәйкес салық режимінің тұрақтылығы көзделген жер қойнауын пайдалануға арналған келісім (келісімшарт) шеңберінде қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы болып табылған жағдайда толтырылады, бұл ретте 8 А және В торкөздерінде міндетті түрде келісім (келісімшарт) нөмірі мен жасалған күні (келісімшар күні, жасалған күні) көрсетіледі. Салық кодексінің 308-1-бабы 1-тармағының шартарына сәйкес келмейтін келісімшарттар бойынша бұл жол толтырылмайды.

Салық кодексінің 308-1-бабы 1-тармағында белгіленген әрбір келісім (келісімшарт) бойынша бөлек Декларация жасалады.

9) валюта коды.

«Кеден декларацияларын толтыру үшін пайдаланылатын жіктеуіштер туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 378 шешімімен бекітілген 23 «Валюталар жіктеуіші» қосымшасына сәйкес валюта коды көрсетіледі;

10) қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісі. Тиісті торкөздердің бірі міндетті толтырылуға жатады.

Тиісті торкөз Салық кодексінің 260-бабында сәйкес қосылған құн салығын есепке жатқызудың таңдалған әдісі негізінде толтырылады. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығын айқындаудың таңдалған әдісі күнтізбелік жылдың ішінде өзгертуге жатпайды.

«Барабар» торкөзі, егер салық төлеуші қосылған құн салығын есепке жатқызудың барабар әдісін таңдаған жағдайда белгіленеді.

«Бөлек» торкөзі, егер салық төлеуші қосылған құн салығын есептеуге жатқызудың бөлек әдісін таңдаған жағдайда белгіленеді.

«Барабар және бөлек» торкөзі, егер салық төлеуші Салық кодексінің
260-бабы 4 және 5-тармақтарына, 262-бабы 2, 3 және 5-тармақтарына сәйкес бір мезгілде қосылған құн салығын есептеуге жатқызудың барабар және бөлек әдістерін қолданған жағдайда белгіленеді;

11) ҚҚС бойынша куәліктің сериясы мен нөмірі. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктің сериясы мен нөмірі көрсетіледі. Жол міндетті толтырылуға жатады;

12) табыс етілген қосымшалар. Табыс етілетін қосымшаларға сәйкес келетін торкөздер міндетті белгіленуге жатады.

16. «ҚҚС есептеу» бөлімін толтырған кезде егер салық төлеуші
300.12 қосымшасын табыс еткен жағдайда осы бөлімде көзделген формулалардың қолданылмайтынын ескеру қажет. 300.00.001-ден 300.00.013 аралығындағы тиісті жолдарға 300.12.001-ден 300.12.012 аралығындағы әрбір тиісті жолдардан сома көшіріледі.

«ҚҚС есептеу» бөлімінде:

1) 300.00.001 А жолында қосылған құн салығы салынатын тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналымдардың жалпы сомасы көрсетіледі, соның ішінде: тауарларды өтеусіз беру бойынша; айырбас шарттары бойынша; жұмыс берушінің тауарды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді қызметкерге жалақы есебінен беру бойынша; бөліп-бөліп төлеу шартында; Салық кодексінің 233-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, комиссия, тапсырма шарттары бойынша; бірлескен қызмет туралы шарт шеңберінде және басқа да айналымдар.

2) 300.00.001 В жолында 300.00.001 В жолында көрсетілген айналымдар бойынша есептелген қосылған құн салығы сомасы көрсетіледі.

Салық кодексінің 308-1-бабы 1-тармағында белгіленген келісім (келісімшарт) бойынша қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар тиісті жолдарға келісімге (келісімшартқа) сәйкес салық ставкасы қолданылады;

3) 300.00.002 А жолында нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығы салынатын есепті салық кезеңі үшін өткізу бойынша айналым көрсетіледі. Бұл жолға 300.06.010 А жолы ескеріле отырып, 300.01 қосымшасының
300.01.001 жолында көрсетілген сома көшіріледі;

4) 300.00.003 А жолында салық салынатын айналым мөлшерін түзету сомасы көрсетіледі. Бұл жолға 300.06.009 А жолында көрсетілген сома көшіріледі;

5) 300.00.003 В жолында қосылған құн салығының түзету сомасы көрсетіледі. Бұл жолға 300.06.009 В жолында көрсетілген сома көшіріледі;

6) 300.00.004 А жолында «Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңына (бұдан әрі – Трансферттік баға белгілеу туралы Заңы) сәйкес айқындалған салық салынатын айналым мөлшерін түзету сомасы көрсетіледі;

7) 300.00.004 В жолында Трансферттік баға белгілеу туралы Заңына сәйкес айқындалған қосылған құн салығының түзету сомасы көрсетіледі;

8) 300.00.005 А жолында Салық кодексінің 236 және 276-5-баптарына сәйкес өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылмайтын, салық кезеңі ішінде қосылған құн салығын төлеуші жүзеге асырған тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді өткізу бойынша айналымдар көрсетіледі;

9) 300.00.006 А жолында қосылған құн салығынан босатылған тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді өткізу бойынша айналымдардың жалпы сомасы көрсетіледі. Бұл жолға 300.02.006 жолында көрсетілген сома көшіріледі. Егер есепті салық кезеңінде босатылған айналым мөлшеріне түзету жүргізілген жағдайда, бұл жолға 300.06.011 А жолында көрсетілген жүргізілген түзету ескерілген сома көрсетіледі (300.02.006 +(–) 300.06.011 А);

10) 300.00.007 жолында өзіне салық салынатын және босатылған айналым мөлшерін түзету сомасын да қамтитын салық кезеңі ішінде жүзеге асырылған тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізу бойынша айналымдардың жалпы сомасы көрсетіледі. Бұл жол 300.00.001 А, 300.00.002, 300.00.003 А, 300.00.004А, 300.00.005, 300.00.006 жолдарының сомасы ретінде айқындалады (300.00.001 А + (–) 300.00.002 + (–) 300.00.003 А + 300.00.004А + 300.00.005 + 300.00.006);

11) 300.00.008 жолында 300.00.001 А, 300.00.002, 300.00.003 А, 300.00.004 А жолдары сомаларының 300.00.007 жолына пайыздағы қатынасы (300.00.001 А + (–)300.00.002 +(–) 300.00.003 А + 300.00.004 А)/(300.00.007)
х 100%) ретінде айқындалатын жалпы өткізу айналымдағы салық салынатын айналым үлесі көрсетіледі;

12) 300.00.009 жолында 300.00.002 жолының 300.00.001 А, 300.00.002, 300.00.003 А, 300.00.004 А жолдары сомаларына пайызда қатынасы (300.00.002/(300.00.001 А + 300.00.002 + (–) 300.00.003 А + 300.00.004 А)
х 100%) ретінде айқындалатын жалпы салық салынатын айналымдағы нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналым үлесі. Бұл жол 300.00.002 жолының шамасы теріс мәнде болған кезде толтырылмайды;

13) салық төлеуші дербес айқындайтын 300.00.010 жолында Салық кодексінің 260-бабы 3, 4 және 5-тармақтарына және 262-бабы 2, 3, 5 және 6-тармақтарына сәйкес қосылған құн салығы сомасын есепке жатқызудың бір мезгілде барабар және бөлек әдістерін қолданған жағдайда жалпы өткізу айналымдағы салық салынатын айналым үлесі көрсетіледі. Бұл ретте сатып алған кезде есепке жатқызудың бөлек әдісі қолданылған тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізу бойынша айналымдар жалпы айналым сомасындағы салық салынатын айналымның үлес салмағын айқындау кезінде ескерілмейді;

14) 300.00.011 жолында салық кезеңі ішінде импортталатын тауарлар бойынша есептелген және жер қойнауына арналған келісімшартының шарттарына сәйкес есепке жатқызу әдісімен төленген қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі;

15) 300.00.012 жолында 300.00.011 жолында көрсетілген қосылған құн салығының сомасын қоспағанда, салық кезеңінің ішінде импортталатын тауарлар бойынша есептелген және Енгізу туралы Заңның 49-бабы
52–77-абзацтарына және 49-1-бабына сәйкес есепке жатқызу әдісімен төленген қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі. Бұл жолға 300.04.001В жолында көрсетілген сома көшіріледі;

16) 300.00.013 жолында 300.00.001 В, 300.00.003 В, 300.00.004 В, 300.00.011, 300.00.012 (300.00.001 В + (–) 300.00.003 В + 300.00.004 В + 300.00.011 + 300.00.012) жолдарының сомасы ретінде анықталатын есепті салық кезеңі үшін есептелген қосылған құн салығының жалпы сомасы көрсетіледі.

17. «Есепке жатқызылатын ҚҚС сомасы» бөлімін толтыру кезінде егер салық төлеуші 300.12 қосымшасын табыс еткен жағдайда осы бөлімде көзделген формулалар қолданылмайтынын ескеру қажет. 300.00.014-тен бастап 300.00.027 арасындағы тиісті жолдарға 300.12.013-тен бастап 300.12.025 арасындағы әрбір тиісті жолдардан сома көшіріледі.

«Есепке жатқызылатын ҚҚС сомасы» бөлімінде:

1) 300.00.014 А жолында Қазақстан Республикасында қосылған құн салығымен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша айналымдардың жалпы сомасы көрсетіледі;

2) 300.00.014 В жолында Қазақстан Республикасында қосылған құн салығымен сатып алынған тауарлар жұмыстар, қызметтер бойынша қосылған құн салығының жалпы сомасы көрсетіледі. Есепке жатқызудың бөлек әдісін қолданатын қосылған құн салығын төлеушілер бұл жолда салық салынатын мақсатта пайдаланатын тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша қосылған құн салығы сомаларын ескеру қажет.

3) 300.00.015 А Салық кодексінің 236 және 276-5-баптарына сәйкес өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылатын, Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын резидент еместен сатып алынған жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша салық салынатын айналым сомасы көрсетіледі. Бұл жолға 300.05.001 жолында көрсетілген сома көшіріледі;

4) 300.00.015 В жолында өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылатын, резидент еместен сатып алынған жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша есептелген қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі.
300.00.015 В жолына 300.05.007 жолында көрсетілген сома көшіріледі. Есепке жатқызудың бөлек әдісін қолданатын қосылған құн салығын төлеушілер бұл жолда салық салынатын айналым мақсатында қолданатын жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша қосылған құн салығының сомасын көрсететінін ескеру қажет;

5) 300.00.016 жолында қосылған құн салығынсыз сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша және қосылған құн салығымен сатып алынған, бірақ Салық кодексінің 257-бабына сәйкес қосылған құн салығы есепке жатқызылмайтын тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша айналым сомасы көрсетіледі. Бұл жолда қосылған құн салықсыз сатып алу бойынша айналымның сомасы көрсетіледі;

6) 300.00.017 А жолында 300.00.018, 300.00.019, 300.00.020, 300.00.021, 300.00.027 жолдарында көрсетілетіндерді қоспағанда, Салық кодексінің
247-бабына және 276–4-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалатын салық салынатын импорт бойынша айналым сомасы көрсетіледі. Бұл жол тиісті салық кезеңі үшін табыс етілген тауарларға декларация(лар)да, сондай-ақ 320.00 нысанының Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар бойынша декларацияда (декларацияларда) және 328.00 нысанының тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште (өтініштерде) көрсетілген мәліметтер негізінде толтырылады. Жол 300.00.017 I А, 300.00.017II А жолдарын қамтиды;

7) 300.00.017 I А жолында Ресей Федерациясынан әкелінген тауарлар бойынша салық салынатын импорттың мөлшері көрсетіледі;

8) 300.00.017 II А жолында Беларусь Республикасынан әкелінген тауарлар бойынша салық салынатын импорт мөлшері көрсетіледі;

9) 300.00.017 В кедендік ресімдеу кезінде төленген қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі. Есепке жатқызудың барабар әдісін қолданған жағдайда аталған жолда тауарларға декларация(лар)ға, сондай-ақ
320.00 нысанының Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар бойынша декларацияға (декларацияларға) және 328.00 нысанының тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішке (өтініштерге) сәйкес имтпортталатын тауарлар бойынша төленген қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі. Есепке жатқызудың бөлек әдісін қолданған жағдайда аталған жолда салық салынатын айналым мақсатында қолданылатын, импортталатын тауарлар бойынша төленген қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі. Бұл жол 300.00.017 I В, 300.00.017 II В жолдарын қамтиды;

10) 300.00.017 I В жолында Ресей Федерациясынан әкелінген тауарлар бойынша төленген және Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар бойынша декларацияда (декларацияларда) және Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште (өтініштерде) көрсетілген импортқа қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі;

11) 300.00.017 II В жолында Беларусь Республикасынан әкелінген тауарлар бойынша төленген және Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар бойынша декларацияда (декларацияларда) және Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште (өтініштерде) көрсетілген импортқа қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі;

12) 300.00.018 Салық кодексінің 255-бабына, 276-15-бабының 2-тармағы 2) тармақшасына және 3-тармағына сәйкес немесе халықаралық шарттарға сәйкес қосылған құн салығынан босатылған импортталатын тауарлар құны көрсетіледі. Аталған жолға 300.02.011 жолында көрсетілген сома көшіріледі;

13) 300.00.019 жолында Енгізу туралы Заңның 49-бабы 28–50-абзацтарына сәйкес олар бойынша салық органы қосылған құн салығын төлеу мерзімдерін өзгерту туралы шешім шығарған импортталатын тауарлардың құны көрсетіледі. Бұл жол кеден одағына мүше мемлекеттерден импортталған тауарларға декларация(лар), және (немесе) Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар бойынша декларация (декларациялар) және Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (өтініштер) негізінде толтырылады;

14) 300.00.020 жолында Енгізу туралы Заңның 49-бабы 28–50-абзацтарына сәйкес қосылған құн салығын төлеу мерзімдері өзгерген импортталатын тауарлар бойынша салық кезеңінде нақты төленген қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі. Есепке жатқызудың барабар әдісін қолданған жағдайда аталған жолға 300.03 нысанның J бағаны 0000001 және 0000002 қорытынды жолдарының сомасы көшіріледі. Есепке жатқызудың бөлек әдісін қолданған жағдайда аталған жолда салық салынатын айналым мақсатында қолданылатын имтпортталған тауарлар бойынша төленген салықтың жиынтық сомасы көрсетіледі;

15) 300.00.021 А жолында қосылған құн салығы жер қойнауын пайдалану келісімшартының шарттарына сәйкес есепке жатқызу әдісімен төленген импортталатын тауарлардың құны көрсетіледі;

16) 300.00.021 В жолында жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың талаптарына сәйкес тауарлардың импорты бойынша есепке жатқызу әдісімен төленген қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі;

17) 300.00.022 жолында 300.00.014 А, 300.00.015 А, 300.00.016 А, 300.00.017 А, 300.00.018 А, 300.00.019, 300.00.021 А және 300.00.028 А жолдарының сомасы ретінде 300.00.023 А жолы шегеріле отырып, айқындалатын (300.00.014 А + 300.00.015 А + 300.00.016 А + 300.00.017 А
+ 300.00.018 А + 300.00.019+ 300.00.021 А – 300.00.023 А + 300.00.028 A) тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу бойынша айналымның жалпы сомасы көрсетіледі;

18) 300.00.023 А жолында Трансферттік баға белгілеу туралы Заңға сәйкес айқындалған сатып алу бойынша айналым мөлшерін түзету сомасы көрсетіледі;

19) 300.00.023 В жолында Трансферттік баға белгілеу туралы Заңға сәйкес айқындалған есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасын түзету көрсетіледі;

20) 300.00.024 жолында есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасын түзету көрсетіледі. Аталған жолға 300.06.024 В жолында көрсетілген сома көшіріледі;

21) 300.00.025 жолында 300.00.026 жолында көрсетілген қосылған құн салығының сомасын қоспағанда, салық кезеңі үшін есепке жатқызылатын қосылған құн салығының жалпы сомасы көрсетіледі. Бұл жол 300.00.023 В жолына шегірілген 300.00.014 В, 300.00.015 В, 300.00.017 В, 300.00.020 В, 300.00.021 В, 300.00.023 В, 300.00.024 жолдарының сомасы (300.00.014 В + 300.00.015 В + 300.00.017 В + 300.00.020 В + 300.00.021 В – 300.00.023 В + (–) 300.00.024) ретінде айқындалады. Бұл жол 300.00.026 жолын толтыратын қосылған құн салығын есепке жатқызудың барабарлық және бөлек есептеу әдісін қолданатын салық төлеуші толтырылмайды;

22) 300.00.026 жолында қосылған құн салығының төлеушісі есепке жатқызудың барабарлық және бөлек есептеу әдісін қолданған жағдайда, салық төлеушісі дербес анықтайтын, салық кезеңі үшін есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі, атап айтқанда:

Салық кодексінің 260-бабы 3, 4 және 5-тармақтарына сәйкес бір мезгілде қосылған құн салығы сомаларын есепке жатқызудың барабар және бөлек есептеу әдісін пайдаланған жағдайда Салық кодексінің 249-бабы 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығынан босатылған айналымдары болған кезде салық төлеушілер;

Салық кодексінің 262-бабы 2-тармағына сәйкес басқа алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша қосылған құн салығын есепке жатқызудың барабар әдісін қолданған кезде кепілдікке берілген мүлікті (тауарларды) алуға және өткізуге байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығы сомаларын есепке бойынша бөлек есептеу әдісті қолдану құқығын пайдаланатын банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микрокредиттік ұйымдар;

Салық кодексінің 262-бабы 3-тармағына сәйкес басқа алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша қосылған құн салығын есепке жатқызудың барабар әдісін қолданған кезде мүлікті қаржы лизингіне беруге байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығы сомаларын есепке алу бойынша бөлек әдісті қолдану құқығын пайдаланатын лизинг берушілер;

Салық кодексінің 262-бабы 5-тармағына сәйкес басқа алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша қосылған құн салығын есепке жатқызудың барабар әдісін қолданған кезде коммерциялық кредит бере отырып, сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландыру шеңберінде мүлікті сатып алумен және берумен байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығы сомаларын есепке жатқызудың бөлек есептеу әдісін қолдану құқығын пайдаланатын ислам банктері;

Бұл жол 300.00.026 I, 300.00.026 II, 300.00.026 III жолдарынан тұрады;

23) 300.00.026 I жолында есепке жатқызудың барабарлық және бөлек есептеу әдістерін қолданған кезде барабарлық әдісі бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі;

24) 300.00.026 II жолында есепке жатқызудың барабарлық және бөлек есептеу әдістерін қолданған жағдайда бөлек есептеу әдісі бойынша есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі;

25) 300.00.026 III есепке жатқызудың барабарлық және бөлек есептеу әдістері бойынша салық салынатын және салынбайтын айналымдар мақсатында пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі;

26) 300.00.027 жолында салық кезеңі үшін қосылған құн салығын рұқсат етілген есепке жатқызу сомасы көрсетіледі. Жол 300.00.027 І, 300.00.027 ІІ, 300.00.027 ІІІ жолдарынан тұрады, қолданатын қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісіне байланысты жолдардың бірі толтырылады;

27) 300.00.027 І жолында есепке жатқызудың бөлек есептеу әдісі қолданылған кезде қосылған құн салығын рұқсат етілген есепке жатқызу сомасы көрсетіледі. Бұл жолға 300.00.025 жолының сомасы көшіріледі;

28) 300.00.027 ІІ жолында 300.00.025 және 300.00.008 (300.00.025 х 300.00.008) жолдарының туындысы ретінде айқындалатын, есепке жатқызудың барабарлық әдісі қолданылған кезде қосылған құн салығының рұқсат етілген есепке жатқызу сомасы көрсетіледі;

29) 300.00.027 ІІІ жолында ((300.00.026I x 300.00.010) + 300.00.026 III x 300.00.008) + 300.00.026 II) формуласы бойынша айқындалатын, бөлек есептеу және барабарлық әдістері қолданылған кезде қосылған құн салығының рұқсат етілген есепке жатқызу сомасы көрсетіледі;

30) 300.00.028 А жолында 300.00.021 А жолында көрсетілген импортталатын тауарларды қоспағанда қосылған құн салығы Енгізу туралы заңның 49-бабы 52–77-абзацтарына және 49-1-бабына сәйкес есепке жатқызу әдісімен төленген импортталатын тауарлар құны көрсетіледі. Бұл жолға 300.04.001 А жолында көрсетілген сома көшіріледі;

31) 300.00.028 В жолында 300.00.021 В жолында көрсетілген импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығын қоспағанда салық Енгізу туралы заңның 49-бабы 52–77-абзацтарына және 49-1-бабына сәйкес есепке жатқызу әдісімен төленген импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығы сомасы көрсетіледі. Бұл жолға 300.04.001 В жолында көрсетілген сома көшіріледі.

18. «Салық кезеңі үшін ҚҚС бойынша есептер» бөлімін толтыру кезінде егер салық төлеуші 300.12 қосымшасын табыс еткен жағдайда осы бөлімде көзделген формулалардың қолданылмайтынын ескеру қажет. 300.00.029-ден 300.00.030 аралығындағы тиісті жолдарға 300.12.027-ден және (немесе) 300.12.027 І-ден 300.12.028 және (немесе) 300.12.028 І аралығындағы әрбір тиісті жолдардан сома көшіріледі.

«Салық кезеңі үшін ҚҚС бойынша есептер» бөлімінде:

1) 300.00.029 жолында салық кезеңі үшін бюджетке төленуге тиісті салықтың сомасы көрсетіледі. Бұл жол:

есепке жатқызудың бөлек есептеу әдісі кезінде 300.00.013, 300.00.027 І және 300.00.028 В (300.00.013 – 300.00.027 І – 300.00.028 В) жолдарының айырмасы ретінде;

есепке жатқызудың барабарлық әдісі кезінде 300.00.013, 300.00.027 ІІ және 300.00.028 В (300.00.013 – 300.00.027 ІІ – 300.00.028 В) жолдарының айырмасы ретінде;

есепке жатқызудың бөлек есептеу және барабарлық әдістерін қолданған кезде 300.00.013, 300.00.027 ІІІ және 300.00.028 В (300.00.013 – 300.00.027 ІІІ – 300.00.028 В) жолдарының айырмасы ретінде айқындалады.

300.00.029 жолы 300.00.029 І жолдарынан тұрады;

2) 300.00.029 І жолында 300.00.029 жолы мен 30 пайыздың (300.00.029 х 30%) туындысы ретінде айқындалатын Салық кодексінің 267-бабында белгіленген ерекшеліктерді есепке ала отырып, бюджетке төленуге жататын қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі.

Егер есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы есептелген салықтан асып кетсе, 300.00.029, 300.00.029 І жолдары толтырылмайды;

3) 300.00.030 жолында есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есепті салық кезеңі үшін есептелген салықтан жалпы асып кету сомасы көрсетіледі.

Бұл жол:

есепке жатқызудың бөлек есептеу әдісі кезінде (300.00.027 І+300.00.028 В–300.00.013) формуласы бойынша;

есепке жатқызудың барабарлық әдісі кезінде (300.00.027 ІІ+300.00.028 В–300.00.013) формуласы бойынша;

есепке жатқызудың бөлек есептеу және барабарлық әдістерін қолданған кезде (300.00.027 ІІІ + 300.00.028 В – 300.00.013) формуласы бойынша айқындалады.

300.00.030 жолы 300.00.030 І жолдарынан тұрады;

4) 300.00.030 I жолында 300.00.030 жолы мен 30 пайыздың (300.00.030 х 30%) туындысы ретінде анықталатын Салық кодексінің 267-бабында белгіленген ерекшеліктерді есепке ала отырып, есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының асып кетуі көрсетіледі;

5) 300.00.031 жолында есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының үдемелі қорытындымен есептелген салық сомасынан асып кету сомасы көрсетіледі (алдыңғы салық кезеңдерінен көшірілетін есепке жатқызуларды ескере отырып). 300.00.031 жолы өзіне 300.00.031 І жолын қамтиды;

6) 300.00.031 І жолында негізгі құралдардың, жылжымайтын мүлікке инвестицияның бастапқы құнына не олардың баланстық құнын ұлғайтуға қосылатын (алдыңғы салық кезеңдерінен көшірілетін есепке жатқызуларды ескере отырып) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша үдемелі қорытындымен есептелген салық сомасынан асып кету сомасы көрсетіледі;

7) 300.00.032 жолында нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар мақсатында пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі. Аталған жолға 300.01.014 жолында көрсетілген сома көшіріледі.

19. «ҚҚС асып кетуін қайтару туралы талап» бөлімінде:

1) 300.00.033 жолында Енгізу туралы Заңның 12-бабына және Салық кодексінің 272-бабына сәйкес есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептелген салық сомасынан асып түсуін қайтару туралы талап көрсетіледі. Бұл жолға 300.11.001 жолында көрсетілген сома көшіріледі. Бұл жол егер «Қосылған құн салығын төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде
5 жолында «қосымша», «хабарлама бойынша қосымша» декларация түрі белгіленген жағдайда, сондай-ақ егер салық төлеуші Салық кодексінің
273-бабы 5-тармағында көрсетілген санаттардың біріне жатқызылған жағдайда толтырылмайды;

2) 300.00.033 І жолындағы торкөз егер салық төлеуші Салық кодексінің
274-бабына сәйкес ҚҚС асып кетуін қайтарудан бас тартқан жағдайда белгіленеді;

3) 300.00.033 IІ жолында қосылған құн салығын төлеуші осы қосылған құн салығын асып кету сомасын қайтару туралы талапты берген және 300.11.001 I, 300.11.001 IІ, 300.11.001 IІІ, 300.11.001 IV, 300.11.001 V жолдарында көрсетілген салық кезеңдерін қамтитын салық кезеңі көрсетіледі.

20. «Салық төлеушінің жауапкершілігі» бөлімінде:

1) «Салық төлеушінің (басшының) аты-жөні» жолында құрылтай құжаттарына сәйкес басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіледі. Егер Декларацияны дара кәсіпкер табыс етсе, оның дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне сәйкес тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіледі;

2) Декларацияның тапсырылған күні.

Декларацияның салық органына табыс етілген күні көрсетіледі;

3) салық органының коды.

Салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органының коды көрсетіледі;

4) «Декларацияны қабылдаған лауазымды адамның аты-жөні» жолында Декларацияны қабылдаған салық органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіледі;

5) Декларацияның қабылданған күні.

Салық кодексінің 584-бабы 2-тармағына сәйкес Декларация табыс етілген күн көрсетіледі;

6) құжаттың кіріс нөмірі.

Декларацияның тіркеу нөмірі көрсетіледі;

7) пошта штемпелінің күні.

Пошта немесе өзге байланыс ұйымында қойылған пошта штемпелінің күні көрсетіледі.

 

 ^ 3. Нөлдік ставка бойынша салық салынатын өткізу бойынша
  1   2   3



Похожие:

Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (300. 00-нысан) iconҚосылған құн салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (300. 00-нысан)
Республикасы Заңының (бұдан әрі – Енгізу туралы Заң) 2, 12, 24, 25, 28, 34, 35, 44, 47, 48, 49, 49-1-баптарына сәйкес қосылған құн...
Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (300. 00-нысан) iconҮстеме пайда салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау
Осы Үстеме пайда салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (540. 00-нысан) (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық...
Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (300. 00-нысан) iconИмпортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі салық есептілігін (декларацияны) жасау
Декларация Декларацияның өзінен (320. 00-нысан), қосылған құн салығы және акциздер бойынша салық міндеттемелерін есептеу туралы ақпаратты...
Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (300. 00-нысан) iconҚағидалары (220. 00-нысан) Жалпы ережелер
Осы Жеке табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (220. 00-нысан) (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және...
Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (300. 00-нысан) iconӨндіру бонусы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (550. 00-нысан)
Осы өндіру бонусы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (550. 00-нысан) (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке...
Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (300. 00-нысан) iconРоялти бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (500. 00-нысан)
Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленді және роялти бойынша салықты есептеуге арналған...
Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (300. 00-нысан) iconКорпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (150. 00-нысан)

Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (300. 00-нысан) iconКорпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (110. 00-нысан)

Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (300. 00-нысан) iconЭкспортқа рента салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (570. 00-нысан)

Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (300. 00-нысан) iconЖеке табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (240. 00-нысан)

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kze.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы