Қазақстан республикасының Ұлттық банкі №22 баспасөзрелиз 1 icon

Қазақстан республикасының Ұлттық банкі №22 баспасөзрелиз 1



НазваниеҚазақстан республикасының Ұлттық банкі №22 баспасөзрелиз 1
Дата конвертации23.12.2012
Размер39.97 Kb.
ТипДокументы
источник




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ

22 БАСПАСӨЗ Р Е Л И З 1

2011 жылғы 26 шілде


«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электрондық ақша мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының №466-IV Заңы туралы


Қазақстан Республикасының Президенті 2011 жылғы 21 шілдеде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электрондық ақша мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Осы Заңды қабылдау мақсаты сауда мәмілелері бойынша жаңа төлем құралы ретінде, оның ішінде тауарларды интернет-ортада онлайн сатып алулар жасауға Қазақстанның аумағында электрондық ақшаны пайдалану үшін құқықтық жағдайлар жасау болып табылады.

Электрондық ақшаны енгізу елде интернет-коммерцияны бұдан әрі танымал етуге және дамытуға, Қазақстанда экономиканың барлық субъектілерінің мүдделері үшін қашықтықтан онлайндық қызмет көрсетудің жаңа түрлерін бұдан әрі дамытуға ықпал етеді, сондай-ақ халық үшін қаржылық қызмет көрсетудің қол жетімділігін арттыруға жағдай жасайды.

Заң Интернеттің қазақстандық бөлігінде ішкі қажеттіліктерге бағытталған отандық электрондық ақша жүйелерін құруды және елде олардың айналымына мемлекеттік бақылау орнатуды ынталандырады.

Заңмен Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне:

1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына Қазақстанның аумағында «электрондық ақшаны» шығарудың, айналысқа жіберудің және өтеудің тәртібін, оның ішінде электрондық ақша эмитенттеріне және жүйелеріне талаптарды белгілеу бойынша Қазақстан Ұлттық Банкінің өкілеттіктерін бекіту бойынша.

2. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына екінші деңгейдегі банктерге электрондық ақшаны шығаруға және оған қызмет көрсету бойынша операциялар жүргізуге құқық беруге қатысты.

3. «Ақша төлемі мен аударымы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына «электрондық ақша» ұғымын енгізу, оны пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыру, сондай-ақ электрондық ақша эмитенттерінің, иелерінің және электрондық ақша жүйесіне өзге де қатысушылардың электрондық ақшаны шығару, пайдалану және өтеуге қабылдау кезіндегі құқықтары мен міндеттерін бекіту тәртібіне қатысты өзгеріс және толықтыру енгізілді.

Қазақстанда электрондық ақшаны шығару мен пайдаланудың мынадай негізгі қағидаттары бекітілді:

Бірінші. Электрондық ақшаны шығару құқығы екінші деңгейдегі банктерге беріледі. Бұл электрондық ақшаны шығару бойынша қызметтің жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тартумен, сондай-ақ бірқатар банк операцияларын орындаумен байланысты екендігімен түсіндіріледі. Сонымен бірге, Заңда электрондық ақша жүйелеріне эмитенттердің агенттері не электрондық ақша эмитенттері жасаған шарттардың негізінде жүйенің операторлары ретінде жеке банктік емес ұйымдарды (заңды тұлғаларды) қатыстыру мүмкіндігі қаралады. Яғни жеке ұйымдар, эмитент банктер айналысқа шығарған электрондық ақшаны таратумен (сату және сатып алу) және оларды пайдаланып жасалатын операцияларға қызмет көрсетумен айналыса алады.

Екінші. Электрондық ақша шығаруды электрондық ақша иелерінен алдын ала алған қаражат шегінде эмитент жүзеге асырады. Бұл норма эмитенттердің қамтамасыз етілмеген электрондық ақшаны шығару мүмкіндігін болдырмау мақсатында енгізілді.

Үшінші. Эмитент банктер өздері шығарған электрондық ақшаны өтеуге қабылдауға не оларды қолма-қол ақшаны беру не электрондық ақша иесінің талап етуі бойынша оларды банк шотына аудару арқылы номиналдық құны бойынша нақты ақшаға айырбастауға міндетті.

Төртінші. Эмитент 100 айлық есептік көрсеткіштен асатын сомаға электрондық ақша шығарылған жағдайда электрондық ақша иесінің жеке басын анықтауға міндетті. Электрондық ақша иесі жасайтын бір операцияның ең көп сомасы 500 АЕК тең сомадан аспауы тиіс.

4. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне эмитент банктердің электрондық ақшаны шығару, пайдалану және өтеу талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілігін белгілеу және тарту бөлігінде:

- эмитенттің нақты ақшамен қамтамасыз етілмеген электрондық ақшаны шығару бойынша заңсыз іс-әрекеттері, яғни электрондық ақша эмиссиясының көлемі клиенттерден тартылған сомаға сәйкес келмеген жағдайда;

- электрондық ақша иелерін міндетті түрде сәйкестендіру және электрондық ақша жүйесінде жасалатын бір операцияның ең көп сомасына қатысты нормаларды сақтамау;

- тауарларды және қызметтерді сату нәтижесінде кәсіпкерлік субъектілері алған электрондық ақшаны міндетті өтеу туралы белгіленген талаптарды және оларды өтеу мерзімін сақтамау немесе бұзу.

5. «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» (Салық кодексi) Қазақстан Республикасының Кодексіне төлем карточкаларымен, вексельдермен, бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен қатар электрондық ақшаны шығару және операцияларға қызмет көрсету бойынша банктердің қызметтерін қосымша құн салығынан (ҚҚС) босату бөлігінде.

Осылайша, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электрондық ақша мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылдануына байланысты отандық электрондық ақша нарығы дамиды және одан әрі кеңейетін болады. Болашақта электрондық ақша төлемнің танымал құралы болуы мүмкін, өйткені олардың пайда болуына байланысты Интернет арқылы сатып алу халық үшін анағұрлым қолайлы болады. Болашақта мұндай инновациялар қазіргі заманғы технологиялардың мүмкіндігін пайдалана отырып жеке тұлғалар үшін қаржы қызметтерінің қолжетімділігін едәуір арттыруға қабілетті.


Анағұрлым жан-жақты ақпаратты мына телефондар: +7 (727) 2704 639, +7 (727) 2596 833; E-mail: press@nationalbank.kz ( www.nationalbank.kz) бойынша алуға болады.


“Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі” мемлекеттік мекемесі Қарағанды филиалының баспасөз қызметі.



Похожие:

Қазақстан республикасының Ұлттық банкі №22 баспасөзрелиз 1 iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі №22 баспасөзрелиз І
ШЫҰ мүше мемлекеттердің қаржы министрлерінің және орталық (ұлттық) банктері төрағаларының екінші кездесуі туралы
Қазақстан республикасының Ұлттық банкі №22 баспасөзрелиз 1 iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі №32 баспасөзрелиз І
Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы 2011 жылғы 1 қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми қайта қаржыландыру...
Қазақстан республикасының Ұлттық банкі №22 баспасөзрелиз 1 iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі №26 баспасөзрелиз І
Халықаралық инвестициялар cтатистикасы жөніндегі ақпаратты ұсыну құрылымының өзгеруі туралы
Қазақстан республикасының Ұлттық банкі №22 баспасөзрелиз 1 iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі №20 баспас ө з релиз І 2 0 1 1 ж ы л ғ ы 25 шілде
Астана қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Бисенғали Шамғалиұлы Тәжіяқовтың және Қытай Халық...
Қазақстан республикасының Ұлттық банкі №22 баспасөзрелиз 1 iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі №13 баспасөзрелиз І
Есептің нәтижелері бойынша Ұлттық Банкке және Үкіметке валюта саясаты, банк жүйесіндегі «нашар» кредиттер проблемаларын шешу, қаржы...
Қазақстан республикасының Ұлттық банкі №22 баспасөзрелиз 1 iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі №5 баспасөзрелиз І
Республикасының төлем балансын алдын ала бағалау бойынша ағымдағы операциялар шотының профициті 2011 жылы (есепті кезең) 2010 жылғы...
Қазақстан республикасының Ұлттық банкі №22 баспасөзрелиз 1 iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 21 желтоқсандағы №351 «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірлеген
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру...
Қазақстан республикасының Ұлттық банкі №22 баспасөзрелиз 1 iconҰлттық банкі №34 баспасөз релизі
Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесіне...
Қазақстан республикасының Ұлттық банкі №22 баспасөзрелиз 1 iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі №42 баспасөзрелиз І
Республикасы Статистика агенттігінің ресми деректері бойынша инфляция 2012 жылғы қазанда 0,7% (2011 жылғы қазанда – 0,2%) деңгейінде...
Қазақстан республикасының Ұлттық банкі №22 баспасөзрелиз 1 iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі №18 баспасөзрелиз І
Республикасы Статистика агенттігінің ресми деректері бойынша инфляция 2012 жылғы сәуірде 0,7% (2011 жылғы сәуірде – 0,5%) деңгейінде...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kze.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы