А. М. Ғазалиев 2012 жылғы № бұйрығы сбб станоктарды жеткізу үшін конкурстық ҚҰжаттама icon

А. М. Ғазалиев 2012 жылғы № бұйрығы сбб станоктарды жеткізу үшін конкурстық ҚҰжаттама



НазваниеА. М. Ғазалиев 2012 жылғы № бұйрығы сбб станоктарды жеткізу үшін конкурстық ҚҰжаттама
страница1/2
Дата конвертации24.12.2012
Размер0.57 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2

Бекітемін: _________________

Ректор «Қарағанды мемлекеттік

техникалық университеті» РМҚК

А.М. Ғазалиев

2012 жылғы _________ № ___ бұйрығы


СББ станоктарды жеткізу үшін

КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА


      Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университеті» Республикалық Мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., Бейбітшілік бульвары, 56 индекс:100027

СТН 301700030344

БСН 000240004524

IBAN (р/c) KZ638560000000147366

^ BIC (БИК) KCJBKZKX

«Банк Центр Кредит» АҚ КФ

     Мемлекеттік сатып алу ұйымдастырушысы «ҚарМТУ» РМҚК Мемлекеттік сатып алу және жабдықтау бөлімі Қарағанды қ., Бейбітшілік бульвары, 56 индекс:100027

СТН 301700030344

БСН 000240004524

IBAN (р/c) KZ638560000000147366

^ BIC (БИК) KCJBKZKX

«Банк Центр Кредит» АҚ КФ

     Сатып алуды ұйымдастырушының өкілі

    Рысқұлов Нұрлан Бектасұлы, Мемлекеттік сатып алу және жабдықтау бөлімінің бастығы, тел. 56-78-42, эл. пошта rnb1979@mail.ru, Тапсырыс берушінің интернет-ресурсы www.kstu.kz

     Қонкурстық құжаттама құны 500 теңге.


^ 1. Жалпы ережелер

     Конкурс СББ бар станоктарды сатып алу бойынша жеткізушіні таңдау мақсатымен өткізіледі.


      2. Тауарды мемлекеттік сатып алу жөніндегі берілген конкурс (лот) үшін бөлінген сома құрайды:

№1 лот – СББ бар жону станогы - 9 700 000 теңге.

№2 лот – СББ бар вертикаль-жоңғылау станогы – 9 950 000 теңге

3. Осы конкурстық құжаттама төменде аталғандарды қамтиды:

  1) сатып алынатын тауар тізімі Конкурстық құжаттамасының 1-қосымшасына сәйкес;

  2) осы конкурстық құжаттамаға 2 – қосымшаға сәйкес сатып алынатын тауарлардың талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасы;

3) Конкурстық құжаттамаға сәйкес 3 және 4-қосымшаларға заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға өтінімдері;

4) Конкурстық құжаттамаға сәйкес 5-қосымшаға сәйкестендірілген тауарды жеткізу үшін әлеуетті жеткізушінің біліктілігі туралы мәліметтер;

5) әрбір өлшемнің проценттік мәнін көрсете отырып, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 17-бабының  4-тармағына және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесіне сәйкес неғұрлым сапалы тауарды ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау мақсатында конкурс жеңімпазын анықтау кезінде конкурстық комиссия ескеретін міндетті өлшемдердің тізбесін;

4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеткізуші конкурсқа қатысуға өтініммен қоса тауарларды жеткізу үшін бөлінген соманың бір проценті мөлшерінде конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді төменде санамаланған нысандардың бірінде енгізеді:

      1) мынадай банктік шотқа орналастырылатын ақшаның кепілдік берілген ақшалай жарнасын:

СТН 301700030344

БСН 000240004524

IBAN (р/c) KZ638560000000147366

^ BIC (БИК) KCJBKZKX

«Банк Центр Кредит» АҚ КФ

2) осы конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес банктік кепілдік.

 Конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі 60 күннен кем болмауға тиіс.


^ 2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілерге оның ережелерін түсіндіруі


      5. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші 2012 жылғы «29» маусымнан 17 сағат 00.мин. кешіктірмей конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы жазбаша сұрау салумен жүгінуге құқылы. Әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мынадай деректемелері бойынша жіберу қажет: Қарағанды қ. Бейбітшілік булвары, 56, «ҚарМТУ» РҚМК Мемлекеттік сатып алу және жабдықтау бөлімі, 228 кабинет.

6. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде және сұрау салу кімнен келіп түскенін көрсетусіз жауап беруі тиіс:

  1) олар туралы мәліметтер конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген тұлғаларға конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіруді жіберуге;
      2) конкурстық құжаттама ережелерін түсіндірулердің мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялауға міндетті.

7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы 2012 жылдың «04» шілдесінде 17 сағ. 30 мин. мерзімнен кешіктірмей жеке бастамашылығы бойынша немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген әлеуетті өнім берушінің сұрауына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге тиіс. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізу конкурстық құжаттаманы бекітудегі сияқты тәртіппен ресімделеді.

     Енгізілген өзгерістердің міндетті күші болады және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы оларды конкурстық құжаттамаға өзгерістер бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтеусіз негізде конкурстық құжаттаманың көшірмесі берілген барлық әлеуетті өнім берушілерге жібереді. Бұл ретте конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерде осы өзгерістерді әлеуетті өнім берушілердің есепке алуы үшін кемінде кемінде он күнтізбелік күн мерзімге ұзартады.

     Ұйымдастырушы енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялайды.


3. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді әлеуетті өнім берушілердің ұсынуы

^ Конкурсқа қатысуға өтінім


 8. Конкурсқа қатысуға өтінім осы конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес тауарды беруді жүзеге асыруға конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің келісім білдіру нысаны болып табылады.

9. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға беретін конкурсқа қатысуға өтінім мыналарды қамтуға тиіс:

      1) әлеуетті өнім беруші осы конкурстық құжаттамаға 3-қосымшаға сәйкес толтырған және қол қойылған өтінімді;

2) әлеуетті өнім беруші оның жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін растау ретінде ұсынатын құжаттардың тізбесін:

заңды тұлғалардың құқықтық қабілеттілігін растайтын нотариалды куәландырылған құжаттарды:


     

заңды тұлға заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуға тиіс, заңды тұлға қызметін Үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын жағдайдан басқа. Қазақстан Республикасының резиденті еместер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне аудармасымен сауда тізілімінен нотариалды куәландырылған, заңдастырылған үзінді көшірмесін ұсынуға тиіс;

заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмесі. Егер заңды тұлға қызметін заңнамада белгіленген тәртіппен Үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын болса, онда мемлекеттік тіркелгені туралы өтінімнің нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

құрылтайшы туралы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтайшы құжаттардың (егер жарғыда құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтер қамтылмаған жағдайда) нотариалдық куәландырылған үзіндісі не конверттерді ашу күні алдындағы бір айдан бұрын берілген акцияларды ұстаушылардың тізілімінен нотариалдық куәландырылған үзінді;

Конкурстық құжаттамаға сәйкес әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтініммен бірге жүргізілетін мемлекеттік сатып алу сомасының жүз процентіне тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше банк-резиденттердің банктік кепілдіктері түрінде шартты орындауды қамтамасыз ету арқылы төлем қабілеттілігі туралы жалпы біліктілік талабына сәйкестігін растау құқығы туралы ақпаратты қамтуы тиіс. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз ету әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді толық орындау үшін конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімге беріледі;

      3) әлеуетті берушінің арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды:

     осы конкурстық құжаттамаға 6,7,8-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік сатып алу процесіне қатысуға арналған біліктілігі туралы мәліметтерді.

Егер әлеуетті өнім беруші жұмыстардың не қызмет көрсетулердің қосалқы мердігерлерін (бірлесіп орындаушыларды) тартуды көздеген жағдайында әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тартылатын қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) жалпы және арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс;

осы конкурстық құжаттамаға 12-қосымшаға сәйкес конкурста сатып алу құралы болып табылатын жұмыстарды орындау (көрсетілетін қызметтерді бірлесіп орындаушылар) және әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) қызметтің, жұмыс көлемінің үштен бір бөлігіның жиынтығын (құрылыс құнын) беруге тыйым салу жағдайы туралы мәліметтер;

4) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын және (немесе) тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету көлемдері мен сапасына, тауарға қызмет көрсетуге, тауарды пайдалануға арналған шығыстарға, қызмет көрсету шығыстарына кепілдік беру суреттелген техникалық ерекшеліктерді;

  5) банктік кепілдік не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотына орналастырылатын кепілдік берілген ақшалай жарнаны растайтын төлем құжаты түрінде Заңда белгіленген мөлшерде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді;

      6) әлеуетті өнім берушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің мүдделерін білдіретін адамға (адамдарға) конкурсқа қатысуға өтінімге қол қою және конкурстық комиссияның отырыстарына қатысу құқығына берілетін сенімхат.


^ Конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар


10. Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тігілген түрде, нөмірленген беттерімен береді және соңғы бетіне оның қолымен, ал заңды тұлға үшін - мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) куәландырылады.

     Конкурсқа қатысуға өтінімнің техникалық бөлігі (тігілген түрде, нөмірленген беттерімен, соңғы беті әлеуетті өнім берушінің қолымен және мөрімен куәландырылған түрде және конкурсқа қатысуға өтінімнің қамтамасыз етуін растайтын құжаттың түпнұсқасы жеке беріледі.

      11. Конкурсқа қатысуға өтінімнің нысаны басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы, әлеуетті өнім берушінің мөрімен бекітілуі тиіс. Конкурсқа қатысу өтінімінің мерзімі 60 күн. Өтінімді жазу мен беру тілі – орыс тілі.

12. Конкурстық өтінімде әлеуетті өнім берушінің грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндірме, өшірілген сөздер немесе толықтырулар болмауы тиіс.

13. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен почталық мекен-жайы (егер ол «кешікті» деп жарияланса, конкурсқа қатысуға өтінімді ашпаған күйінде қайтару мақсатында), мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен почталық мекен-жайы, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың дәл атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: «САТЫП АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРС (конкурстың атауын көрсетіңіз) және (конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу күні мен уақытын көрсеткенге) «ДЕЙІН АШПАҢЫЗ».


^ Конкурсқа қатысуға өтінімді беру тәртібі


14. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қолма-қол немесе мекен-жайы бойынша тапсырысты почталық байланысты пайдалана отырып: Қарағанды қаласы, «ҚарМТУ» РҚМК, Бейбітшілік бульвары, 56, 228 кабинет (конкурстық комиссия хатшысы – Л.С. Қаспақова), мерзімі 2012 жылдың 9 шілдеге дейін 09.00 сағат 00 минутына дейін.

      15. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткеннен кейін алған барлық конкурстық өтінімдер ашылмайды және конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерде көрсетілген деректемелер бойынша оларды ұсынған әлеуетті өнім берушілерге не алғаны туралы қолхатпен әлеуетті өнім берушілердің тиісті уәкілетті өкілдеріне жеке өздеріне қайтарылады.

16. Әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері ұсынған конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, тиісті журналға тіркейді.

17. Осы конкурстық құжаттамада көзделген конкурсқа қатысуға өтінімдерді ресімдеуге қойылатын талаптары бұзылған конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер қабылданбайды және тіркелмейді.


^ Конкурстық өтінімдерді өзгерту және оларды қайтарып алу


18. Әлеуетті өнім беруші өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткенге дейін өзі енгізген қамтамасыз етуді қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін өзгертуі немесе қайтарып алуы мүмкін. Өзгеріс енгізу конкурсқа қатысуға өтінімнің өзі сияқты дайындалуы, желімделуі және ұсынылуы тиіс.

Конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама, әлеуетті өнім беруші заңды тұлға болып табылған жағдайда әлеуетті өнім беруші қол қойған және мөрімен бекітілген сатып алуды ұйымдастырушының атына еркін түрде жазылған өтініш түрінде ресімделеді.

Конкурсқа қатысуға өтінімге өзгеріс енгізу не конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу, егер оларды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін алған болса, жарамды болып табылады.

19. Конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғаннан кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайтарып алу сияқты, оларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

      20. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада белгіленген конкурсқа қатысуға өтінімдердің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей нақты уақыт кезеңіне арналған өтінімнің қолданылу мерзімін ұзарту туралы әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуын жасауға құқылы. Әлеуетті өнім беруші мыналарды жоғалтпастан мұндай сұрау салудан бас тартуға құқылы:

      1) оның конкурсқа қатысуға өтінімінің мерзімі ішінде конкурс тәсілімен жүргізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысу;

      2) осындай өтінімнің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін ол енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтарып алу.

21. Әлеуетті өнім беруші конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға оның қатысуымен байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптама комиссиясы, сарапшы конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың нәтижелеріне қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді көтермейді.


^ 4. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді конкурстық комиссияның ашуы


22. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуды келген барлық әлеуетті өнім берушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен конкурстық комиссия жүргізеді, 2012 жылдың 09 шілдесінде, 11 сағат 00 минутына дейін мына мекенжай бойынша: Қарағанды қаласы, Бейбітшілік булвары, 56, 228 кабинет.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының хабарландыруында (хабарламасында) және осы конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде және тәртіппен ұсынылған әлеуетті өнім берушілердің өтінімдер салынған конверттер ашылуға жатады.

Егер конкурсқа конкурсқа қатысуға арналған бір ғана өтінім ұсынылса, онда конкурсқа қатысуға арналған осы өтінім де ашылады.

23. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсіміне қатысып отырған әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті өкілдері өздерінің қатысуын растай отырып, олардың өкілеттіктерін растайтын құжаттарды көрсетуге және әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналына 2012 жылдың 09 шілдесі, 10 сағат 30 минутына дейін мына мекенжай бойынша: Қарағанды қаласы, Бейбітшілік булвары, 56, 228 кабинетке тіркелуге тиіс.

     Әлеуетті өнім берушілер және олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияға конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімдері ашу үшін пайдалануға мүдделі аудиожазу және бейнетүсіру техникалық құралдары туралы хабардар етеді.

24. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған әлеуетті өнім берушілердің және оның уәкілетті өкілдерінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, конкурстық комиссияның, конкурстық комиссия хатшысының қызметіне араласуына жол берілмейді.

      25. Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысында:

1) осы конкурстық құжаттамада ол туралы мәліметтер көрсетілген конкурстық комиссияның хатшысы қатысушыларды мыналар туралы хабардар етеді:

конкурстық комиссияның құрамы, конкурстық комиссияның хатшысы туралы;

конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілердің саны;

әлеуетті өнім берушілердің бар немесе жоқ екендігі, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру жөніндегі әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізгені;

конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу фактісінің бар немесе жоқ екендігі, сондай-ақ себептері;

тиісті тіркеу журналына тіркелген конкурсқа қатысуға өтінімдерді белгіленген мерзімде ұсынған әлеуетті өнім берушілер;

 2) конкурстық комиссияның өкілі не конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан төраға белгілеген тұлға:

     конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашады және өтінімде қамтылған құжаттардың тізбесін және олардың қысқаша мазмұнын жария етеді;

3) конкурстық комиссияның хатшысы:

     тиісті конверттерді ашу хаттамасын ресімдейді;

әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілдерін конкурстық комиссия отырысының көрсетілген хаттамасының көшірмесін ала алатын мерзім туралы хабардар етеді.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының хаттамасына конкурстық комиссияның отырысқа қатысып отырған барлық мүшелері, оның төрағасы, оның орынбасары, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы әр бетіне қол қояды.

Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы хаттамасының көшірмесін конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысқан әлеуетті өнім берушіге немесе уәкілетті өкіліне конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы өткізілген күннен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей, ал қатыспағандарға - олардың жазбаша сұрауы бойынша сұрау алынған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылады.


5. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдерді олардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі мәніне конкурстық комиссияның қарауы және әлеуетті өнім берушілерді конкурсқа қатысуға жіберу


26. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілердің арасынан біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтау және оларды конкурсқа қатысушы деп тану мақсатында конкурстық комиссия жүзеге асырады.

27. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия:

  1) конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілерден конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда сұратуға;

2) конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда сұратуға құқылы.

 Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіруге байланысты сұратулары мен өзге де әрекеттеріне жол берілмейді. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіру деп конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімді жеткіліксіз құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге бағытталған әрекеттері түсініледі.

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімді, егер онда ұсынылған өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап беретін деп қарайды.

28. Конкурстық комиссия мынадай жағдайларда әлеуетті өнім берушіні біліктілік талаптарына сәйкес емес деп таниды:

1) әлеуетті өнім берушінің және ол тартатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) біліктілік талаптарына сәйкестігін растауға арналған құжатты (құжаттарды) ұсынбаған не тиісті түрде ресімделмеген күйде ұсынған;

2) оның сәйкестігін растауға арналған құжаттарда қамтылған ақпарат негізінде біліктілік талаптарына сәйкессіздік, сондай-ақ ол тартатын әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарына сәйкессіздік фактісі анықталған;

 3) біліктілік талаптары жөнінде жалған ақпарат ұсынған.
      Әлеуетті өнім берушіні Заңның  9-бабының 1-тармағына көзделмеген негіздемелер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес емес деп тануға жол берілмейді.

     Конкурстық комиссия соманың бір процентінен астам мөлшерде өтінімді қамтамасыз ету енгізілген жағдайда, енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді осы конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келеді деп таниды.

  29. Конкурстық комиссия мынадай жағдайларда енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді осы конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес емес деп таниды:
     1) конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі жеткіліксіз болса;

  2) конкурстық комиссияның:

конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді берген тұлғаны;

қатысу үшін өтінімді қамтамасыз ету енгізіліп отырған конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың атауын;

өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін және (немесе) сомасын, сондай-ақ оны ұсыну шарттарын;

конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету белгілеген тұлғаны;

конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету пайдасына енгізіліп отырған тұлғаны анықтауына мүмкіндік бермейтін мәліметтердің болмауынан көрініс табатын конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тиісінше ресімделмеген.
     Конкурсқа қатысуға арналған өтінімге енгізілген, конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін қамтамасыз етуді өзге негіздер бойынша тануға жол берілмейді.

30. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші, егер:

1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушы біліктілік талаптарына сәйкес емес деп айқындалса;

2) Заңның 6-бабының талаптарын бұзса;

3) конкурсқа қатысуға арналған оның өтінімі конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес емес деп айқындалса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді (конкурсқа қатысушы болып танылмайды).

Егер әлеуетті өнім беруші осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген негіздемелер бойынша конкурсқа қатысуға жіберілмесе, онда:

конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада осындай әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімін кейінге қалдыру негіздемесі көрсетіледі;

Заңның талаптарын бұзған әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізіліміне енгізілуге жатады.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия:

1) біліктілік талаптарына және конкурсқа қатысуға жіберілетін (конкурсқа қатысушылар) конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды;

2) Заңның 17-бабының 4-тармағына сәйкес конкурстық құжаттамада көзделген өлшемдердің проценттік мәнін қолданады;

1) әлеуетті өнім берушіде:

-өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесінің;

-өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында кәсіби біліктілік деңгейі мен жұмыс тәжірибесі бар, мамандардың;

Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес отандық тауар өндірушілер үшін ұсынылатын тауарларды ерікті түрде сертификаттауды растайтын құжаттың;

мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес сапаның сертификатталған менеджмент жүйесінің (серти-фикатталған жүйелерінің) болуын;

2) тауарлардың, функционалдық, техникалық, сапалық сипаттамаларын және (немесе) пайдалану шығыстарын, сатып алынатын тауарларға техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді;

3) жергілікті мазмұнды көздеуге міндетті.

Конкурстық комиссия барлық ұсынылған конкурстық өтінімдерді бағалау және салыстыру кезінде конкурстық құжаттамада айтылған өлшемдерді ескереді және оларды тең мөлшерде барлық конкурстық өтінімдерге қолданады.

Әлеуетті өнім беруші конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемді растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда, конкурстық комиссия мұндай әлеуетті өнім берушіге конкурстық баға ұсынымын шартты азайтуды қолданбайды. Конкурстық баға ұсынымын шартты азайтуды қолдану үшін әлеуетті өнім беруші ұсынған шарттар мемлекеттік сатып алу туралы шартқа енгізілуі тиіс.

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысатын әлеуетті өнім берушінің (қосалқы мердігердің) жұмыс тәжірибесінің болуы мәселесін қараған кезде конкурстық комиссия осы конкурста сатып алынатын тауарларды беру, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету нарығында ғана жұмыс тәжірибесін қарайды. Бұл ретте конкурстық комиссия конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде әлеуетті өнім берушінің бір жылдан бастап, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің нарықтағы жұмыс тәжірибесінің болған әрбір жылға жарты пайызға (0,5%), бірақ бес проценттен аспай азайтады. Бір жылға дейін жұмыс тәжірибесі болған немесе ол болмаған жағдайда осындай процент белгіленбейді. Осы өлшемнің конкурстық өтінімінің шартты бағасына жиынтық пайыздық әсер бес пайыздан аспауға тиіс.

Конкурстық комиссия пайдалану шығыстарының, техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің ең аз құны бар конкурстық өтінімді айқындайды және осындай конкурстық өтінімнің шартты бағасын екі пайызға азайтады. Осы өлшемнің конкурстық өтінімнің бағасына жиынтық пайыздық әсері екі пайыздан аспауға тиіс.

Техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес отандық тауар өндіруші үшін ұсынылған тауарларды ерікті сертификаттауды жүргізуді растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия шартты түрде осындай конкурстық өтінімнің бағасын екі пайызға азайтады.

Сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін сертификаттауды растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия осындай конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде үш пайызға азайтады.


Конкурстық комиссия конкурстық өтінімнің шартты бағасынан, егер конкурстық өтінімде ұсынылатын кепілдік кезеңі конкурстық құжаттамада көрсетілген базалықтан артық болған жағдайда, әрбір жыл үшін жарты пайызды (0,5%) алып тастайды.

Конкурстық комиссия ұсынылатын тауарлардың ең озық техникалық сипаттамалары бар конкурстық өтінімдерді анықтау кезінде конкурстық өтінімдердің шартты бағасын жарты пайызға азайтады (0,5 %).

Конкурстық комиссия ұсынылатын тауарлардың ең озық техникалық сипаттамалары бар конкурстық өтінімдерді анықтау кезінде конкурстық өтінімдердің шартты бағасын үш пайызға азайтады.

Конкурстық комиссия жергілікті мазмұнның бар екендігін қараған кезде жергілікті мазмұнның әрбір он пайызы үшін конкурстық өтінімнің бағасын бір пайызға (0,1) азайтады.

Жергілікті мазмұнның тауарда бар болуы СТ-КZ формасындағы сертификатымен расталады.

Егер тауарлардың әлеуетті өнім берушісі сатып алынатын тауардың отандық тауар өндірушісі болып табылған жағдайда, конкурстық комиссия осындай әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімнің бағасын жергілікті мазмұн болғаны үшін он пайызға азайтады.

Жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің әлеуетті өнім берушісінің жергілікті мазмұны: мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы құнының әлеуетті өнім беруші сатып алу туралы шартты орындау үшін жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді тікелей де, сондай-ақ қосалқы мердігерлік шарттарды жасасу арқылы да сатып алынатын отандық тауар өндірушілердің тауарлары құнының, жұмыстарды, қызметтерді тікелей де, сондай-ақ қосалқы мердігерлік шарттарды жасасу арқылы да сатып алу туралы шартты орындау үшін әлеуетті өнім беруші жалдаған жеке тұлғалардың - Қазақстан Республикасы резиденттерінің еңбегіне ақы төлеудің пайыздық мазмұны ретінде анықталады.

Конкурстық комиссия отандық тауар өндірушілердің конкурстық өтінімінің бағасын он пайызға, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің отандық әлеуетті өнім берушісінің - бес пайызға азайтады. 31. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарастыру нәтижелері бойынша:

  1. Конкурсқа қатысуға рұқсат етілген, конкурс құжаттарының

талаптарына және біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді (конкурсқа қатысушылардың) анықтайды;

  1. Заңның 17-бабында 4-тармағына сәйкес конкурстық құжаттарда

Қарастырылған өлшемдердің проценттік мәндері қолданылады;


  1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстык құн

ұсынысы, конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілерге конкурсқа қатысуға кіру үшін хаттама дайындайды және болар күнді анықтайды.

32. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде көрсетілген хаттаманың көшірмесін конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерге береді немесе жібереді, сондай-ақ қол қойылған хаттаманың мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсына орналастырады. Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешімі Заңның 45-бабында белгіленген тәртіппен шағымдалуы мүмкін.


^ 6. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарын ресімдеуі


33. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілер (конкурсқа қатысушылар) ұсынатын конкурстық баға ұсыныстары мынадай түрде ресімделеді:

1) конкурстық баға ұсынысының нысаны басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы  және оның мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) бекітілуі тиіс;
      2) конкурстық баға ұсынысында әлеуетті өнім берушінің грамматикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндірме, өшірілген сөздер немесе толықтырулар болмауға тиіс;

3) отандық әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстары теңгемен берілуге тиіс.

      4) конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары теңгемен берілуге тиіс.

5) конкурстық баға ұсыныстарына және сатылатын қызметтер бағасында, олардың тасымалдауға және сақтандыруға, кеден бажын төлеуге, салықтар пен алымдарды төлеуге, жұмсалатын шығындар, сондай-ақ тауарды жеткізу жағдайында қарастырылған басқа шығындар енгізіледі.

      34. Әлеуетті өнім беруші конкурстық баға ұсынысын конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: «САТЫП АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРС (конкурс атауын көрсету) – КОНКУРСТЫҚ БАҒА ҰСЫНЫСЫ – ДЕЙІН АШПАУ: (конкурстық баға ұсыныстарды ашудың күні мен уақытын көрсету).
     Конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын қайтарып алу не өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуі сияқты, бірден артық конкурстық баға ұсынысын беруіне жол берілмейді.

^ 7. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын конкурстық комиссияның бағалауы мен салыстыруы және конкурс жеңімпазын анықтау


35. Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген күні, уақытта және орында конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру бойынша отырыс өткізеді.

     Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген мерзім аяқталғанға дейін конкурстық баға ұсыныстары бар конверттер ұсынған конкурсқа қатысушылар туралы мәліметтерді конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына хронологиялық тәртіппен енгізеді.

Конкурстық комиссия отырысында конкурстық комиссия төрағасы не төраға конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан белгілеген тұлға:

конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді оларды тіркеудің хронология тәртібімен ашады;

конкурстық баға ұсыныстарын ұсынған конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын хронологиялық тәртібімен жария етеді;

конкурстық комиссияның хатшысына ашылған конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді береді.

      36. Конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық баға ұсыныстары бар конверттердің мазмұнымен танысуға құқылы.

      37. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру бойынша конкурстық комиссия мәжілісіне конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері аудиожазу және бейнетүсіруді жүргізу құқығымен қатысуға құқылы. Бұл ретте конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері көрсетілген техникалық құралдарды қолдану туралы конкурстық комиссияға хабарлауы тиіс.
      38. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру рәсімін жеңілдету үшін конкурстық комиссия әр түрлі валютада берілген конкурстық баға ұсыныстарының (конкурсқа қатысушылар) барлық бағаларын Қазақстан Республикасының валютасына - конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы болатын күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша теңгеге аударады.

39. Конкурстық комиссия:

      1) конкурсқа қатысушылардың осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды конкурс тәсілімен жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан асып түсетін конкурстық баға ұсыныстарын қабылдамайды;

      2) конкурсқа қатысушылардың, егер оның бағасы демпингтік болып табылатын болса, конкурстық баға ұсыныстарын қабылдамайды;

      3) егер осы тармақтың 1) және 2) тармақшада көрсетілген негіздемелер бойынша конкурстық баға ұсыныстары қабылданбағаннан кейін конкурсқа қатысушылардың екі және одан да көп конкурстық баға ұсыныстары конкурсқа қатысқан жағдайда, конкурсқа қатысушылардың шартты бағасын конкурсқа қатысушылардың қабылданған конкурстық баға ұсыныстарына қатысты конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада көрсетілген өлшемдердің пайыздық мәнін қолдану арқылы айқындайды;

      4) конкурсқа қатысушылардың шартты бағасын салыстырады және олардың ішінен ең төменгі шартты баға негізінде конкурстың жеңімпазын айқындайды.
      40. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру және конкурс жеңімпазын анықтау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттама ресімдейді. Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттаманың әрбір бетіне конкурстық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ хатшысы қол қояды.

41. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ол туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген әлеуетті өнім берушінің жазбаша сұрау салуын алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей оған конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесін қайтарусыз негізде ұсынуға міндетті.

    

^ 8. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуді қайтару

      42. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі туындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарып береді:

     осы әлеуетті өнім беруші өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін кері қайтарып алған;

2) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған. Аталған жағдай конкурсқа қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды;

3) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған. Аталған жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;

4) мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енген және конкурс жеңімпазы конкурстық құжаттамада көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген;

5) әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімінің қолданылу мерзімі өткен.
      43. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайларда:

1) әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдерді табыс етудің түпкілікті мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімді кері қайтарып алса не өзгертсе және (немесе) толықтырса;

2) конкурсқа қатысушы деп танылған әлеуетті өнім беруші өзінің конкурстық баға ұсынысын белгіленген мерзімде табыс етпесе не кері қайтарып алса;

3) конкурстың жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса;

4) конкурстың жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгіленген, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаса не уақтылы орындамаса қайтармайды.


^ 9. Конкурс қорытындылары бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт


      44. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Заңның талаптарына сәйкес және тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт негізінде тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалады.

      45. Тапсырыс беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтарады.

46. Егер әлеуетті өнім беруші Заңда белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алу туралы шартты тапсырыс берушіге ұсынбаса немесе мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізбеген жағдайда мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарған болып саналады.

      47. Әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған деп танылған жағдайда тапсырыс беруші: 1) ол конкурсқа қатысуға енгізген өтінімді қамтамасыз етуді ұстап қалады және тиісті мәліметтерді уәкілетті органға ұсынады және мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгінеді;

2) мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтаруымен келтірілген шығындарды өтеу туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылы.

   3) Төлем жағдайы – жеткізу фактісі бойынша






1-қосымша


^ СББ бар станоктарды жеткізу мемлекеттік сатып алу бойынша сатып алынатын тауарлардың тізбесі



Лот


Тапсырыс
берушінің
атауы

Тауарлардың
атауы

Өлшем
бірлігі

Саны,
көлемі

Жеткізу мерзімі

Жеткізу орны

Аванстық
төлем мөлшері,
%

Конкурс
тәсілімен
мемлекеттік
сатып алу
үшін бөлін-
ген сома



1

2

3

4

5

6

7

8

9

1.

«ҚарМТУ» РМҚК

ЧПУ бар жону білдегі

Техникалық сипаттау құжатына сәйкес 

   Келісім-шартқа отырған момент-тен бастап 45 күнтіз-белік күн

Қарағанды қ. Бейбітшілік бульвары, 56

0%

9 700 000

   2.

«ҚарМТУ» РМҚК

ЧПУ бар вертикаль жоңғылау білдегі

 Техникалық сипаттау құжатына сәйкес 

  Келісім-шартқа отырған моменттен бастап 45 күнтізбелік күн

Қарағанды қ. Бейбітшілік бульвары, 56

0%

  9 950 000




  • Тауарлардың толық атауы мен сипаттамалары техникалық сипаттамада көрсетіледі (конкурстық құжаттарға 2 қосымша)



Мемлкеттік сатып алуды

ұйымдастыру жетекшісі

Рысқұлов Н.Б./_____________/



Тапсырушы жетекшісі

Ректор


Ғазалиев А.М../_______________/

М.О.




Конкурстық құжатқа

№2 қосымша


№1 лот


СББ бар жону станогы

Автомобиль, мұнай өнеркәсібінде тетіктерді өңдеуге, сыртқы және ішкі беттерді, біліктер мен дисктерді, конус беттерін, доғаларды, бұрандалар, тесіктерді кеулей жону, тесіктердің топтарын өңдеу, сонымен қатар қисық сызықты беттерді өңдеуге арналған. Білдекте базалық нұсқасы СББ жүйесімен жабдықталған, басқару осьтерінің саны – 2+1айналдырық (2D). Станоктар 4 позициялық револьвер ұшымен жабдықталады. Тік тұғыр. Тұғыр мен станоктардың бағыттаушылары шыныққан және тегістелген. Жылжыма бағыттаушыларында тозуға төзімді TSF жабын болады. Станоктың жауапты тетіктері тұтастай қаттылықты арттыру үшін арнайы өңдеуден өтеді. Айналдырық немесе электр магниттік жалғастырғышы бар екі жылдамдықтағы қозғалтқыш арқылы, немесе жиіліктік реттеу қозғалтқышымен келтіріледі. Кесудің, позициялаудың жоғары дәлдігі, қайталанғыштық және револьверлік ұштың қаттылығы шет жақ тісті диск есебінен жүзеге асырылады. ШВП берудің жоғары дәлдігі еуроқозғалтқышпен (немесе қадамдық қозғалтқышпен) жүзеге асырылады. Өңдеуді бір мезгілде екі координата бойынша тұйық жартылай автоматты циклде бір немесе бірнеше өткізіп жүргізуге болады. Орнақтарда бағдарлама бойынша қысқыда жонып өңдеуді жүргізуге болады: қайрау, кеулей жону, конустық және фасондық беттерді өңдеу, шет жақтарын кесу, жыраларды кеулей қайрау, бұранданы кескішпен кесу, қақпақ, ернемек, төлкелер, біліктер, қысқа осьтер, ұсақ корпустар, стақандар, жартылай жалғастырғыш типті тетіктерді өңдеу, ішкі беттерді центрлік аспаппен өңдеу. Кесудің тұрақты жылдамдығы. Жұмыс кеңістігі қорғаныш қаптамаларымен жабылады. Станокта СББ жылжымалы пультіне қолайлы жолы бар. Өңделетін тетіктерінің материалы: болаттың барлық түрлері, шойын, жеңіл қорытпалар, түсті металдар.


  • Станоктар конструкциясында горизонталь шыныққан бағыттаушылар қолданылған, суппорт TSF бағыттаушыларына негізделеді

  • Басты жетекте жиіліктік түрлендіргіші бар екі жылдамдықтағы электр қозғалтқыштар қолданылады

  • Берілу дәлдігі сервоқозғалтқышты әрекетке келтірілетін шариктік-бұрама жұп қолдану есебінен қамтамасыз етіледі

  • Вертикаль 4 және 6 позициялық кескіш ұстағыштарға және 6 позициялық горизонталь қондырғыларға жол беріледі

  • Станоктың барлық механикалық, электрлік және гидравликалық жүйелері бір корпуста біріккен
^

СББ бар жону станогының стандартты жинағы


  • 4 орынды револьверлік басұшы

  • 3 жұдырықшалы қысқы

  • Іргетасқа орнатуға арналған центр, аспаптар, башмақтар және бұрандамалар

  • Fanuc 0i-mate СББ жүйесі
^

СББ бар жону станогының қосымша жинағы


  • ЧПУ Siemens 802C СББ жүйесі

  • жылжымайтын люнет

  • жылжымалы люнет

  • горизонталь 6 орынды басұшы

  • Гидравликалық қысқы және гидравликалық артқы тұғыр, оларға қосуға арналған гидростанция

  • Орыс тілінде нұсқаулықтың болуы


Жеткізу құнына: Тапсырушының тұрған жеріне дейін жеткізу, түсіру, құрастыру, баптау, қосу және Тапсырушы персоналын оқыту енеді.

Кепілдігі тауарды құрастыру және баптау моментінен бастап 12 ай

^

ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ





Сипаттамасы




СББ жүйесі




Тұғыр үстінде өңделетін тетіктің максимум диаметрі, мм

500

Тұғыр бағыттаушыларының ені, мм

400

Өңделетін тетіктің максимум ұзындығы, мм

1390

X осі бойынша жүрісі, мм

250

Z осі бойынша жүрісі, мм

1350

Тетікті өңдеудің ең үлкен ұзындығы, мм

1350

Айналдырық конусы

A8

Қысқы диаметрі, мм

250

Айналдырық конусы

1:20

Айналдырықта тесік диаметрі, мм

70

Айналдырықтың айналу жылдамдығының сатысы (сатылардың ауысуы автоматты)

3 саты

Айналдырықтың айналу жылдамдығы, айн/мин

22-220
71-710
215-2200

Қозғалтқыш қуаты, кВт

11

X/Z осьтері бойынша жылдам орын ауыстыру, м/мин

5/10

Револьверлік басұштың қайталанғыштық дәлдігі, мм

0,008

Аспаптың ауысу уақыты, с

2,4

Кескіш қимасы, мм

25х25

Артқы тұғыр сүйеу төлкесінің диаметрі, мм

75

Артқы тұғыр сүйеу төлкесінің жүрісі, мм

150

Артқы тұғыр сүйеу төлкесінің конусы

Морзе 5

Станок массасы, кг

2100  2300
2600  2900

Өңдеу дәлдігі

IT6-IT7

Бетінің кедір-бұдырлығы

Ra 1,6



2 ЛОТ
  1   2



Похожие:

А. М. Ғазалиев 2012 жылғы № бұйрығы сбб станоктарды жеткізу үшін конкурстық ҚҰжаттама icon«Бекітемін» Астана қаласы Білім басқармасының бастығы Ә. Бимендина Бұйрық №2012 жылдың мамырдағы конкурстық ҚҰжаттама
«Астана қаласының Білім басқармасы» мм, Астана қ., Бейбітшілік көш., 11, 031400073350 стн, kkmfkz2a бск, kz22070102ksn6201000 жск...
А. М. Ғазалиев 2012 жылғы № бұйрығы сбб станоктарды жеткізу үшін конкурстық ҚҰжаттама iconДербес компьютердің техникалық ерекшелік
Дербес компьютер жеткізу кезде электрондық таратуында орнатылған құрылғысына арналған толық драйвердің копмлекті, қажетті қуат көзі...
А. М. Ғазалиев 2012 жылғы № бұйрығы сбб станоктарды жеткізу үшін конкурстық ҚҰжаттама iconКітаптарды мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа
Конкурстық өтінім құжаттарын қабылдау мерзімінен кейін құжаттама тапсыруға өтініш жасаушылар және қайтарылған өтінім құжаттамалар...
А. М. Ғазалиев 2012 жылғы № бұйрығы сбб станоктарды жеткізу үшін конкурстық ҚҰжаттама iconЖшс-нің мүліктерін (активтерін) сату бойынша сауда-саттық жүргізу туралы ақпараттық хабарлама «Heaven House»
Р, Алматы қаласы, Сейфуллин көшесі, 516, бсн 050340004349, конкурстық басқарушысы 2013 жылғы 17 мамырда сағат 11. 30-да борышкер...
А. М. Ғазалиев 2012 жылғы № бұйрығы сбб станоктарды жеткізу үшін конкурстық ҚҰжаттама iconҚр бғМ-нің 2012 жылғы 10 тамыздағы №364 бұйрығы ҚР ӘМ-де 2012 жылғы 6 қыркүйекте №7904 болып тіркелді Баланың құқықтарын
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-тармағын, 15-бабының...
А. М. Ғазалиев 2012 жылғы № бұйрығы сбб станоктарды жеткізу үшін конкурстық ҚҰжаттама iconФилософия (PhD) және бейіндік докторлары бойынша 2009-2012 оқу жылын бітіруші докторанттардың
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №126 бұйрығы мен 2012 жылғы мамырдың 29 күнгі №10 хаттамасына...
А. М. Ғазалиев 2012 жылғы № бұйрығы сбб станоктарды жеткізу үшін конкурстық ҚҰжаттама iconТелерадио хабарларын тарату саласындағы жеке кәсiпкерлiктiң тәуекелдер деңгейлерiн бағалау өлшемдерiн бекiту туралы
Азақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 29 маусымдағы №91 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму...
А. М. Ғазалиев 2012 жылғы № бұйрығы сбб станоктарды жеткізу үшін конкурстық ҚҰжаттама iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті төрағасының
Технологиялық және әлеуметтік инновацияларға бағытталған ғылыми, ғылыми-техникалық жобалардың өтінімдерін даярлауға арналған конкурстық...
А. М. Ғазалиев 2012 жылғы № бұйрығы сбб станоктарды жеткізу үшін конкурстық ҚҰжаттама iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті төрағасының
Технологиялық және әлеуметтік инновацияларға бағытталған ғылыми, ғылыми-техникалық жобалардың өтінімдерін даярлауға арналған конкурстық...
А. М. Ғазалиев 2012 жылғы № бұйрығы сбб станоктарды жеткізу үшін конкурстық ҚҰжаттама iconТелерадио хабарларын тарату сапасын бақылауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 26 қарашадағы №812 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kze.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы