Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жарғысы icon

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жарғысы



НазваниеҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жарғысы
страница1/3
Дата конвертации21.12.2012
Размер0.51 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3




Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің

«Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті»

Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының

ЖАРҒЫСЫ

Қарағанды қ. -2002

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қарағанды
мемлекеттік техникалық университеті» (бүдан әрі - Университет) республикалық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 8
желтоқсандағы № 1879 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігігінің
мекемелерін қайта қүру туралы» қаулысына сәйкес қүрылды.

2. Университетке қатысты республикалық мемлекеттік меншік қүқығының
функциясын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және
жекешелендіру комитеті (бүдан әрі - Комитет) орындайды.

  1. Университетті мемлекеттік басқару органы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бүдан әрі - Министрлік) болып табылады.

  2. . Өзінің қызметінде Университет Қазақстан Республикасының Коституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматық кодексін, Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 7 маусымдағы № 389-1 «Білім туралы» заңын, заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» жарлығы, өзге де нормативтік қүқықтық актілерді, сондай-ақ осы Жарғыны басшылыққа алады.

2. ^ Университеттің заңды мәртебесі, атауы және орналасқан жері

5. Университет республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның
үйымдастыру-қүқықтық нысанындағы заңды түлға болып табылады, жеке балансы,
банктерде шоттары сондай-ақ валюталық, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
Елтаңбаның бейнесі бар мөрі, өзі атауы бар фирмалық бланкілері, мөрлері,
мөртабандары және басқа ресми атрибуттары бар.

  1. Университет мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап күрылған болып есептеледі және заңды түлға күқығын алады.

  2. Университет Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес филиалдар мен өкілеттіктер аша алады.

  3. Университеттің толық атауы:

мемлекеттік тілде - «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;

қысқаша атауы - мемлекеттік тілде - «Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті» РМҚК;

орыс тілінде - Республиканское государственное казенное предприятие «Карагандинский государственный технический университет» Министерства образования и науки Республики Казахстан»;

қысқаша атауы - орыс тілінде - РГКП «Карагандинский государственный технический университет».

9. Университеттің орналасқан жері - 470075, Қазақстан Республикасы, Қарағанды
қаласы, Бейбітшілік саябағы, 56.


^ 3. Университет қызметінің мәні мен мақсаты және басым міндеттері мен функциялары

10. Университет мәні мен мақсаты - үлттық және адамзаттық қүндылықтар,
ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға
және кәсіби шындауға бағытталған кәсіби білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.

11. Білім беру жүйесінің міндеттері:

1) еңбек рыногында бәсекелесуге қабілетті білікті жүмысшылар мен мамандар
даярлау, оларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру;

2) жүмыстан босатылған қызметкерлерді және жүмыспен қамтылмаған
халықты қайта оқыту жзне қайта даярлау;

3) жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту,
адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру;

4) азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны - Қазақстан Республикасына
сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді қүрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге,
Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеуге
тәрбиелеу;

  1. әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен республикасының басқа халықтарының тарихын, әдет-ғүрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгеру;

  2. іргелі қолданбалы ғылыми зерттулерлерді жүзеге асыру, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық әлемдік коммуникациялық желілерге шығу.

12. Қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін Университет мынадай
функцияларды орындайды:

  1. мемлекеттік жалпы білім стандартына сәйкес экономика және түрлі әлеуметтік салалар үшін жоғары білікті мамандар даярлау;

  2. біліктілігі жоғары ғылыми және педагог кадрларды аспирантура, доктарантурада даярлау;

  3. іргелі қолданбалы ғылыми зерттулер мен тәжірибе-конструкторлық жүмыстарды, сондай-ақ білімнің барлық салалары бойынша бойынша әдістемелік зерттеулерді жүргізу және үйымдастыру;




  1. кәсіптік біліктілікті көтеру және түрлі саладағы мамандарды қайта даярлау;

  2. мәдени-ағарту қызметі, Қазақстан халықтары мәдениетінің бірін-бірі байыту процесіне қатысу, ғылыми білімді насихаттау және тарату;

  3. полиграфия өнімдерін, оқу-әдістемелік қүралдарды, жаңа технология мен ғылыми талдамаларды шығару және тарату;

  4. дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық шаралар үйымдастырып өткізу, спорт секцияларын қүру;




  1. Тиісті лицензия болған кезде жалпы орта, бастауыш кәсіптік және орта кәсіптік білім бағдарламалары жүзеге асырылады.

  2. Университет осы Жарғыда бекітілген оның мақсатына жауап бермейтін қызметті жүзеге асыруға, мәмілелер жасауға қүқығы жоқ.

15. Университет мемлекет тапсырысын орындауға міндетті.

16. Мемлекет тапсырысы Университетке Министрлік арқылы қолданыстағы
заңнамаларда көрсетілген тәртіппен жеткізіледі.

^ 4. Университеті басқару

17. Университеті Министрлік мынадай өкілеттіктері бар:

1) Университет қызметінің басым бағыттарын анықтайды;

  1. Университеттің шаруашылық қызметінің ағымдағы және перспективалық жоспарларын, оның ішінде жоспарлы қаржы көрсеткіштерін қарайды және бекітеді, оларды беру мерзімділігі мен тәртібін анықтайды.

  2. тиісті есептілікті Комитетке олар белгілеген мерзімде бере отырып, Университетің қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарлы көрсеткіштерінің орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

  3. Университет Ректорын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады және Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған тәртіппен оны аттестациядан өткізеді;

5) Университет мүлкінің мақсатқа сай пайдаланылуын және сақталуын
бақылауды жүзеге асырады;

  1. мемлекеттік тапсырысты бөле отырып, Университетің сметасын бекітеді;

  2. Университеттің еңбекақы қорын белгілейді;

  3. Қазақстан Республикасының заңдарымен оның қүзыретіне жатқызылған өзге де мәселелерді шешеді.

18. Университет органы Министрлікке есеп беретін Ректор болып табылады.

  1. Ректор Университет іс жағдайына Министрлік алдында дербес жауап береді.

  2. Ректор дербес басшылық принциптерінде әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңдарында және осы Жарғыда анықталатын өзінің қүзыретіне сәйкес Университет қызметінің барлық мәселелерін дербес шешеді.

21. Университет Ректоры өзінің қүзыреті шегінде:

  1. сенімхатсыз Университеттің атынан әрекет етеді;

  2. барлық үйымдарда Университеттің мүдделерін білдіреді;

3) Қазақстан Республикасы заңнамасы белгіленген және осы Жарғының
шегінде Университет мүлкіне билік етеді;

4) Университеттің басқару қүрамын, штаттық кестесін, лауазымдық
міндеттерді бөлуді бекітеді;

  1. шарттар жасасады және өзге де мәмілелер жасайды;

  2. сенімхаттар береді;

  3. банктық шоттар ашады;

  4. еңбек заңдарына сәйкес Университет қызметкерлерін жүмысқа қабылдайды және босатады, оларды көтермелеу шараларын қолданады және оларға жаза қолданады;

  5. Университеттің барлық қызметкерлері үшін міндетті бүйрықтар шығарады және нүсқаулар береді;

10) белгіленген тәртіпте Министрліктің келісімімен Университеттің
филиалдарын және өкілеттіктерін ашады;

11) Министрліктің келісімімен проректорларды, аға бухгалтерін, филиалрдары
мен өкілдіктерінің директорларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

12) проректорлардың және Университеттің өзге басшы қызметкерлерінің
лауазымдық міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;


13) Университеттің филиалдары мен өкілдіктері туралы ережелерді бекітеді;

14) Қазақстан Республикасының заңдарымен және осы Жарғымен оған
жүктелген өзге де міндеттерді орындайды.

22. Ректордың орынбасарлары өздерінің күзыреті шегінде Университеттің
атынан әрекет етеді, оны мемлекеттік органдар мен басқа үйымдарда білдіреді,
сенімхатсыз шаруашылық операцияларын жасайды және шарттар жасасады, сондай-
ақ Университеттің қызметкерлеріне сенімхат бере алады.

Университеттің лауазымды түлғаларының өкілеттіктері Университеттің Ректоры бекітетін лауазымдық нүсқаулықтарда анықталады.

23. Алқалық басқару органы қүрамына Ректор, проректорлар, жеке бөлімдер
басшылары, оқытушылар мен студенттер кіретін Ғылыми кеңес болып табылады.
Ғылыми кеңестің құрамын Ректор бекітеді.

Ғылыми кеңестің төрағасы Ректор болып табылады.

  1. Университет қызметінің негізгі бағыттарын, ғылыми-зерттеу және тәжірибе жұмыстарының ұзақ мерзімді және жылдық жоспарын, басшылардың жоспары мен есептерін, Министрлік құзыретіне енбейтін Университет қызметінің басқа маңызды мәселелерін қарайды.

  2. Ғылыми кеңес егерде жиналысқа оның мүшелерінің 2/3- катысатын болса, онда ол шешім қабылдауға қүқылы.

Ғылыми кеңестің шешімі Ғылыми кеңес мүшелерінің басым көпшілігінің ашық дауыс беруімен қабылданады.

Ғылыми кеңес мүшелерінің шешімі бойынша жекелеген мәселелері бойынша жабық дауыс беру арқылы қабылдануы мүмкін

Ректор Ғылыми кеңес шешімімен келіспеген жағдайда мәселе Министрліктің қарауына жіберіледі.

^ 5. Университет мүлкі

  1. Университет мүлкін негізгі және айналыс қүралдары, сондай-ақ қүндылықтар қүрайды, олардың күны кәсіпорынның дербес балансында көрсетіледі.

  2. Университеттің мүлкі бөлінбейтін болып табылады және салымдар (үлестер, жарналар) оның ішінде Университет қызметкерлерінің арасында бөлініп берілмейді.

28. Университеттің мүлкі

  1. меншік иесі жедел басқаруға берген мүліктің;

  2. жеке қызметінің нәтижесінде Университет алған мүліктің (ақша кірістерін қоса алғанда);

  3. Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған өзге көздердің есебінен қалыптастырылады.




  1. Университеттің жедел басқару қүқығында бекітілген мүлікті, сондай-ақ оған тиесілі акцияларды сатуға және оларға қатысты сыйға тарту мәмілесін жасасуға қүқығы жоқ.

  2. Университетке бекітілген мүліктің иесі егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе оны алуға және не өзінің қалауы бойынша өзі қүрған басқа заңды түлғалардың арасында қайта бөлуге қүқығы бар.


Жедел басқару күқығындағы мүлікті алу туралы шешімде Комитет кейіннен баланстан шығара отырып, алынған мүлікті үстау және оның сақталуын қамтамасыз ету мерзімдерін Университетке белгілеуге қүқығы бар.

31. Университет осы Жарғының 29-бабында көрсетілген жағдайлары
қоспағанда, Комитеттің жазбаша рүқсатымен ғана бекітілген мүлікті және жеке
меншік шаруашылық қызметінің нәтижесінде алынған қаражаттың есебінен сатып
алынған мүлікті иеліктен айыруға немесе өзге тәсілмен иелік етуге қүқығы бар.

32. Университет сатып алу-сату, айырбас, сыйға тарту немесе өзге мәміленің
негізінде мемлекеттік басқару органының жазбаша рүқсатынсыз негізгі қүралдарға
жататын мүлікті сатуға күқығы жоқ.

^ 6. Университеттің қүрылымдық бөлімшелері

  1. Бірыңғай оқу-тәрбие-ғылыми-өндірістік кешен ретінде жүмыс істейтін Университет күрамына заңды түлғалық емес Университет күрылымдық бірліктері мәртебесі бар институттар, факультеттер, кафедралар, білімдік-кәсіптік бағдарламаларын іс-жүзіне асыратын; ғылыми-зерттеу институттар, ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу лабороториялары, кітапхана, баспа, филиалдар мен өкілеттіктер және басқа да бөлімшелер кіреді.

  2. Институттар, факультеттер оқу-ғылыми-әдістемелік және әкімшілік, тиісті оқу жоспарлары мен бағдарламаларды жасайтын әрі жүзеге асыратын, сондай-ақ білім беру бағдарламасын жүзеге асыруға қажетті жағдай туғызатын кафедраларды, оқу лабараторияларын, өзге де күрылымдарды біріктіретін негізгі күрылымдық бөлімшелер болып табылады.

35. Жалпыуниверситеттік ғылыми бағдарламаны орындауға қатысатын
ғылыми-зерттеу институтттары, ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу
лабараториялары негізгі ғылыми бөлімшесі болып табылады.

Университеттің ғылыми іс-әрекетінің негізгі бағыттарын Университеттің Ғылыми кеңесі бекітеді және Министртлік бекіткен ғылыми бағыттар мен мақсаттарды бағдарламаларға сәйкес ғылыми-зерттеу бөлімшелері жүргізеді.

  1. Университеттің күрылымдық бөлімшелер басшыларының күзыретін және олардың қызметтік жауапкершілігін Университет ректоры белгілейді.

  2. Университеттің институттарында, факультеттерінде басқарудың сайлаулы коллегиялық органдары (Факультет кеңесі) кеңестер күрылады. Кеңес күрамына бөлімше басшылары, оқытушылар мен институт (факультет) студенттер, Университеттің басқа да қүрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері кіреді. Кеңес Университет Кеңесі қабылдаған және Ректор Университеті бекіткен Ережеге сәйкес жүмыс жасайды. Кеңестің төрағасы институт директоры (факультет деканы) боп табылады.

  3. кафедра институттағы (факультеттегі) бір немесе бірнеше тектес пәндер бойынша оқу және ғылыми-зерттеу жүмысын, студенттер арасында тәрбие жүмысын атқаратын, сондай-ақ ғылыми-педагогикалық қадрларды әзірлеу және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын негізгі күрылым болып табылады.

Кафедраның профилімен және оның мамандарды даярлаудағы ролімен анықталатын қүрылымы мен штатын Университет ректоры бекітеді.


Кафедра штаты нормативті оқу жүктемесі негізінде оқу жүктемесін жоспарлау туралы қазіргі ереже бойынша анықталады.

  1. Кафедра өз қызметін оқу, әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие және басқа жүмыс түрлерін қамтитын жылдық жоспарға сай жүзеге асырады.

  2. Кафедра қызметі мәселелерін талқылау, осыган сәйкес шешім қабылдау үшін, айына бір реттен кем емес, кафедра мәжілісі өткізіледі, оган профессорлық -оқытушылар қүрамы қатысады.

Кафедра мәжілісіне басқа үйымдардың, деканаттың (факультет деканаты), басқа кафедралардың өкілдері шақырылуы мүмкін.

41. Кафедра, ректор бекіткен Университет іс қагаздарын жүргізу туралы
Нүсқауына сәйкес, өз қызметінің қүжаттамасын жүргізеді.

42. Университет қүрамына Университеттің оқу және ғылыми қызметін
қамтамасыз етуге бағытталған кітапхана кіреді. Қітапхананың қызметі Университет
ректоры бекітілген Ережемен реттеліп отырады.

43. Кітапхана Университет қызметінің мамандық саласы бойынша отандық
және шетелдік ғылыми және оқу әдебиетін жасақтайды, ғылыми мен мәдениет
қайраткерлерінің сирек кітаптарын, қолжазбаларын, архифтері мен Университетте
қорғалған диссертацияларды Университет басылымдарын жинап, сақтап отырады.

44. Кітапхана қызметінің мәселелерін қүрамына педагог және ғылыми
қызметкерлер, кітапхана өкілдері кіретін және Университет ректоры немесе
проректоры басшылық жасайтын кітапхана кеңесі шешіп отырады.

Кітапхана кеңесінің қүрамын Университет ректоры бекітеді.

  1. Университет күрамына баспа кіреді қызметі ең алдымен оқулықтар, оқу қүралдарын, монографиялар мен ғылыми еңбектер жинақтарын шығаруға бағытталған.

  2. Ректор Университеті бүкіл баспа қызметін үйлестіріп отыру, оқу, ғылыми, әдістемелік және басқа да әдебиеттердің жоспарын белгілеу, басылымдарға деген қажеттілікті зерделеп отыру мақсатында Университет ректоры немесе проректоры басшылық жасайтын Университеттің редакциялық-баспа кеңесінің қүрамын бекітеді. Университетің редакциялық-баспа кеңесінің жүмыс реті ректор бекіткен арнаулы Ереже бойынша белгіленеді.

47. Оқу, факультеттер, ғылыми-зерттеу және басқа да Университеттің
қүрылымдық бөлімшелері ректор бекіткен Ережелер негізінде әрекет етеді, және өз
қүзіреті шегінде шешім шығаруға қүқылы. Қүрылымдық бөлімшелер жөніндегі
ережелер осы Жарғыға қарама-қайшы келе алмайды.

^ 7. Университетке қабылдау тәртібі

  1. Азаматты Университетке қабылдау кезінде, соңғысы оны және оның ата-аналарын заңды өкілдерін Университет Жарғысымен, білім беру қызметін қүқықты лицензиясы және қабылдау тәртібін мен оқу-тәрбие процесін реттейтін қүжаттармен таныстыруға міндетті

  2. Университетке Қазақстан Республикасының жалпы орта, орта кәсіптік және жоғары кәсіптік білімі бар азаматтар, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ түлғалар қабылданады.

Шет мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ түлғалар Университетке
Қазақстан Республикасының заңдылықтарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы
бекіткен халықаралық келісімдерге сәйкес, Қазақстан Республикасында белгіленген
тәртіппен қабылданады. '

  1. Университетте студенттер контингентін қалыптастыру мемлекеттік маман даярлау тапсырыс (мемлекеттік білім гранты және мемлекеттік білім несиесі) бюджеттік қаражат негізінде және жеке түлғалардың өз қаражаты мен басқа қаражат көздері арқылы жүзеге асырылады.

  2. Университетке түсушілердің қүжаттарын қабылдауға, түсу емтихандарын өткізу және студенттер қүрамына енгізуге қабылдау комиссиясы үйымдастырылады.

52. Азаматтар Университетке қабылдау комиссиясына қабылдау туралы
өтінішпен бірге жалпы орта кәсіптік бастауыш, немесе орта кәсіптік білімі туралы
қүжат (түпнүсқа), мемлекеттік сертификат, сондай-ақ, 3x4 көлеміндегі 6 фотосурет,
086 - У үлгідегі медициналық анықтама, мемлекеттік білім гранты немесе
мемлекеттік білім несиесіне ие болуға қүқық алғандығы туралы куәлігін (мемлекеттік
тапсырыс негізінде түсушілер) өткізеді.

53. Ақылы негізде түсушілерді қабылдауга қажетті ең төмен үпайлардың санын
Университеттің қабылдау комиссиясы Министрлік бекіткен қабылдаудың Үлгі
ережелеріне сәйкес анықтайды.

54. Қабылдау комиссиясы студенттер қүрамына Министрлік бекіткен мерзімде
қабылдайды.

55. Университет Министрлікке белгіленген үлгі мен мерзімге сәйкес
қабылдауды үйымдастыру мен өткізу туралы жазбаша қорытынды статистикалық
есеп береді.

^ 8. Оқу-тәрбие процесін үйымдастыру

56. Университеттің көп деңгейлі білім беру күрылымында әр түрлі кәсіптік-
білім беру бағдарламаларын іске асыруға байланысты мамандарды дайындаудың
төмендегідей деңгейлері жүзеге асырылады:

  1. жогары базалық білім (бакалавриат);

  2. жоғары ғылыми-педагогикалық білім (магистратура);

  3. жоғары арнайы білім;

  4. қосымша кәсіптік білім.

57. Университетте, мерзімдері мен деңгейлері әртүрлі білім беру
бағдарламалары бойынша, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік, тиісті лицензиясы
бар болған жағдайда - орта жалпы, бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік білім беру және
мамандарды қайта даярлау жүзеге асырылуы мүмкін.

  1. Университет әрекеттегі «Қазақстан Республикасының жоғары кәсіптік білім беру мамандықтары және дайындау бағыттары классификаторының» мамандықтары бойынша білім беру қызметін жүзеге асыру күқығы берілген лицензияға сәйкес мамандарды дайындайды.

  2. Университетте оқыту кезеңін үйымдастыру мынадай нысандарда жүзеге асырылады: күндізгі, сырттай оқу, кешкілік оқу, алыстан білім беру (дистанциялық) және экстернат.

60. Университет жоғары кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске-асырады олардың мазмүны жоғары кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандарттарымен айқындалады және жүмыс оқу жоспары мен бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.

61. Оқу жылының үзақтығы, бітіруші курстардан басқа барлық курстарда 30
аптадан кем жзне 36 аптадан артық болмауы керек. Емтихан сессиясының үзақтығы
бір оқу жылында 6 аптадан кем болмауы керек. Оқу жылы қыркүйектің 1 басталады
жзне жүмыс оқу жоспарына сәйкес аяқталады.

Күндізгі оқыту түрі студенттері үшін жылына екі реттен кем емес, жалпы үзақтығы 7-10 аптадан аз емес демалыс белгіленеді.

62. Университетте төмендегідей оқу сабақтарының түрлері белгіленеді:
лекциялар, семинарлар, практикалық сабақтар, зертханалық жүмыстар, кеңестер,
бақылау жүмыстары, коллоквиумдар, өздік жүмыстар, практикалық, курстық жобалар
(курстық жүмыстар), дипломдық жобалау (дипломдық жүмыс), магистрлік
диссертациял ар.

Лекциялық сабақтарды негізінен ғылым докторлары мен профессорлар, ғылым кандидаттары мен доценттер, аға оқытушылар жүргізеді. Жоғары оқу орындары лекция оқуға тәжірибелі практикалық жзне ғылыми қызметкерлерді шақыра алады.

Семинарлар, практикалық сабақтар мен зертханалық жүмыстарды оқытушылар, ассистенттер жүргізеді.

Университеттің оқу сабақтарының басқа түрлерін де өткізе алады. Аудиториялық сабақтардың барлық түрлері үшін үзақтығы 40 минуттен аз емес академиялық сағат белгіленеді.

63. Білім алушылардың оку сабақтарын үйымдастыру мақсатында, мамандықтың
бағыты мен тіл бөлімдеріне сәйкес факультет деканының өкімімен академиялық
топтар үйымдастырылады. Академиялық топтағы білім алушылар саны негізінен 20
адам болады.

64. Университетте білім алушылардың білімдері, дағдылары, шеберліктері "өте жақсы", "жақсы", "қанағаттандырарлық", "қанағаттандырарлықсыз", "сынақ", "сынақ емес" сияқты бағалармен немесе көрсетілген бағаларға сәйкес рейтингтік баллдармен анықталады.

  1. Университетте білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандарттарының барлық талаптарын орындаган білім алушы, жоғары кәсіптік білімі және біліктілігі туралы күжат (диплом) беру мәселесін шешетін қорытынды мемлекеттік аттестаттауға жіберіледі. Дипломның қосымшасына оқытылған пәндердің тізімі бағасымен қоса жазылады.

  2. Оқу жоспарындағы барлық пәндердің 75 % кем емес бөлігін қүрайтын барлық курстық емтихандар мен дифференциалды сынақтарды "өте жақсы" деген бағаға, қалған пәндерді "жақсы" деген бағаға тапсырған, бітіру жүмысын "өте жақсы" деген бағаға қорғаған және мемлекеттік емтиханды "өте жақсы" деген бағаға тапсырған бітірушіге Университет үздік диплом беріледі.

  3. Егер - үздік диплом алуға талаптанған студенттің сынақ кітапшасында емтихандар мен дифференциалды сынақтар бойынша "қанағаттандырарлықсыз" деген бір баға немесе "жақсы" деген үш бағасы болса, оған Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы жүмысын бастауға екі аптадан кеш емес уақыт қалса, Университет ректорының бүйрығымен оған бүл пәндерді қайта тапсыруға рүқсат етіледі.

  1. Жоғары кәсіптік білім алуды аяқтамаған адамдарға жоғары оқу орны белгіленген үлгіге сәйкес академиялық анықтама береді.

  2. Университеттегі тәртіп білім алушылар мен оқытушылардың бір-бірінің адамдық қасиеттерін күрметтеу негізінде сақталады. Білім алушыларға қатысты күш көрсету, моральдық және психикалық қысым жасау әдістерін қолдануға жол берілмейді.

  3. Университетте іргелі, іздестіру және қолданбалы, ғылыми, сондай-ақ әдістемелік зерттеу жүмыстары жүргізіледі.

Университет өзінің ғылыми зерттеулерін, оқу және әдістемелік жүмыстарын қазіргі нормативтік қүқықтық актілер мен заңдарға сәйкес жоспарлайды және жүзеге асырады.

71. Университет мемлекеттік жалпы міндетті стандартқа сәйкес мемлекеттік тіл
ретінде қазақ тілін білу мен дамытуды, сондай-ақ орыс тілін және бір шетел тілін
оқын-үйренуді қамтамасыз етуге тиіс.

72. Университетте қорытынды мемлекеттік аттестаттау білім алушылардың
жоғары кәсіби білімге сәйкес мемлекеттік жалпы міндетті стандартты игерулерін
анықтау мақсатында жүргізіледі, нәтижесінде білім туралы қүжат (диплом) беріледі.

73. Ағымдағы, аралық және қорытынды аттестаттауды жүргізу тәртібін
Министрлік бекіткен, білім алушылардың аралық жіне қорытынды аттестаттауын
үйымдастыруын және жүргізу тәртібі туралы Крежелер негізінде және жүмыс оқу
жоспарына, оқу үрдісінің кестесіне сәйкес Университет белгілейді.

  1. Қорытынды аттестаттауға оқу жоспары мен оқу бағдарламаларының талаптарын толық орындаған білім алушылар жіберіледі.

  2. Ағынды, аралық және қорытынды аттестаттауды жүргізу тәртібін Министрлік бекіткен, білім алушылардың аралық және қорытынды аттестаттауын үйымдастыру және жүргізу тәртібі туралы Ережелер негізінде және жүмыс оқу жоспарына, оқу үрдісінің кестесіне сәйкес Университет белгілейді.

^ 9. Білім процесінің қатысушылардың қүқықтары мен міндеттері

76. Университетте білім алушылар мен қызметкерлердің қүқықтары мен
міндеттері заңдармен, осы Жарғымен және ішкі тәртіп ережелерімен анықталады.

Білім алушылар тілек білдірген жағдайда Университет олармен тараптардың қүқықтары мен міндеттері көрсетілген (оқу шартын) келісім-шартын жасауға міндетті.

77. Университетте білім алушылардың қүқықтары:

  1. мемлекеттік білім стандартына сай білім алуға және де осы стандарт аясында жекелеген оқу жостарлары бойынша оқуға;

  2. өзінің бейімділігі мен қажеттеріне қарай қосымша білім беру қызметін пайдалануға (оның ішінде ақылы түрде), білім алуға, оқу жоспарларына сәйкес баламалы курстар таңдауға;

3) Университеттің мүддесіне және студенттік өмірге қатысты сүрақтарды
талқылау үшін университеттің Ғылыми кеңесіне қатысуға;

4) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес оқу орнына қайта
қабылдануға және басқа оқу орнынан Университетке, бір мамандықтан екіншісіне
немесе оқудың бір нысанынан екіншісіне ауысуға;

  1. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес академиялық демалысқа;

  2. оқудан бос уақытта оқуды жүмыспен үштастыруға;




  1. «Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес әскери қызметін кейінге қалдыруға;

  2. өздерінің адами қадір-қасиетін сыйлатуға, ар-ождан, ақпарат бостандығына, өз қөзқарасын, наным-сенімін еркін көрсете алуына және әлеуметтік кепілдікке қүқылы;

  3. Университет ректоры белгілеген тәртіппен Университет кітапханасының ақпараттық ресурстарын тегін пайдалануға, оқулықтармен тегін қамтамасыз етілуге;

10) оқудағы, ғылыми және шығармашылық қызметтегі табыстары үшін
көтермеленуге және сыйақы алуға күқығы бар;

11) белгілеген тәртіппен жатақхана орынымен қамтамасыз етілуге.

78. Университетте білім алушылардың міндеттірі.

  1. таңдаған мамандығы бойынша теориялық білімді, практикалық жетістіктерді және зерттудің жаңа әдістерін меңгеруге;

  1. белгіленген мерзімде оқу жоспарын және оқу бағдарламаларын орындауға;




  1. өздерінің денсаулығы үшін қам жеуге, рухани және дене бітімін өздігінен жетілдіруге үмтылуға;

  2. осы Жарғы талаптары мен Университеттің ішкі тәртіп ережелерін сақтауға міндетті.

79. Білім алушылардың міндеттерін бүзғаны үшін тәртіпке салу,
Университеттен шығаруға дейінгі шаралары қолданылуы мүмкін.

80. Білім алушылар оқудан мына жағдайларда шығарылады:

  1. өз қалауы бойынша;

  2. денсаулығына байланысты ДКК анықтама - қорытындысы негізінде;

  3. басқа білім беру үйымына ауысуына байланысты;

  4. академиялық үлгермеушілігіне байланысты;

  5. оқу тәртібін, ішкі тәртіп ережелерін және жарғыны бүзғаны үшін;

  6. ақылы оқыған жағдайда келісім-шарттарын орындамағаны цшін.

81. Университет мемлекеттік тапсырыс негізінде жоғары оқу орнын бітірген
күндізгі бөлімнің бітірушілерін жүмысқа орналастыруға жәрдем етеді.

  1. Заңты түлғалар мен келісімдер негізінде Университетте даярланған бітірушілер келісім-шарттарға сәйкес жүмысқа жіберіледі.

  2. Білім алушылардың міндеттірі сондай-ақ келісім шарт талаптарымен айқындалады.

84. Университеттің профессорлық-оқытушылық күрамы мен ғылыми
қызметкерлерінің қүқықтары:

  1. кәсіптік жағдай үшін жағдайдың жасалуын талап етуге;

  2. педагогтің жеке ерекшеліктеріне мейлінше жауап беретін және бекітілген оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша оқу процксінің жоғары сапасын қамтамасыз ететін оқыту күралдары мен әдістерін еркін таңдауға;

  3. белгіленген тәртіп бойынша өз біліктілігін арттыруға;

  4. Университеттің Ғылыми кеңесін сайлауға және сайлануға;

  1. ғылыми кеңесінің, өзін-өзі басқарудың басқа да органдарының мәжілістерінде оқу, әдістемелік, ғылыми, шығармашылық және өндірістік қызметтердің маңызды мәселелерін талдауға қатысуға;

  2. белгіленген тәртіп бойынша халықаралық, республикалық ғылыми, әдістемелік съездерге, конференцияларға, мәжілістерге, кеңестерге қатысуға;

  3. педагогикалық және ғылыми қызметтегі табыстары үшін моральдық және материалдық мадақталуға, орден және медальдармен марапатталуға және қүрметті атақтар алуга;

  4. өзінің кәсіби ар-ожданын мен адами қадір - қасиетін қорғауға;

  5. белгіленген тәртіп бойынша Университет әкімшілігінің бүйрығы мен үйғарымдарына шағым түсіруге күқылы.

85. Әкімшілік-қызмет көрсету, өндірістік және көмекші қызметкерлердің
қүқықтары мен міндеттері тәртіп Ережелерімен және қызметтік нүсқаулармен
анықталады.

  1. Университет және оның күрамына кіретін бөлімшелер қызметкерлері үшін жеңілдіктер мен артықшылықтар өндіріс пен салалардың қызметкерлері категорияларына сәйкес белгіленеді.

  2. Университеттің профессорлық-оқытушылық және әкімшілік қүрамының міндеттері:

1) педагогикалық және ғылыми процестің жоғары өнімділігін қамтамасыз
етуге, білім алушылар бойында дербестік, бастамашылдық, даралық және
шығармашылық қабілеттерді дамытуға, білім алушылардың мемлекеттік стандарттан
төмен емес білім алуына қол жеткізуге;

2) білім мазмүнының жоғары ғылыми деңгейін қамтамасыз ететін ғылыми
зерттеулер жүргізуге, оған студенттердің белсенді қатысуына ықпал етуге;

  1. өз біліктілігін арттыруға;

  2. жоғары кәсіби деңгейде студенттерді оқытуды және тәрбиелеуді жүргізуге, оларды үлттық, жалпыадамзаттық рухани-адамгершілік бағалықтарды қүрметтеуге баулуға;

  3. педагогикалық әтика, Жарғы және Университеттің ішкі тәртіп ережелерінің нормаларын сақтауға міндетті.




  1. Профессорлық-оқытушылық және ғылыми қызметкерлердің міндеттері сондай-ақ жүмысқа қабылдау кезінде толтырлатын жеке еңбек шарты талаптарымен айқындалады.

  2. Ата-аналар және басқа заңды өкілдер Университеттен балаларының оқу үлгерімі, тәртібі жағдайы туралы ақпарат алуға күқылы.

^ 10. Ақылы білім беру қызметін көрсетудің тізбесі мен тәртібі

90. Университет келесі түрдегі ақылы білім беру қызметін көрсетеді:

  1. кәсіптік жоғары білімді мамандарды даярлау жөніндегі қызмет;

  2. жоғарғы оқу орнынан кейінгі қызмет;

  3. жоғары оқу орындары мен колледждерде, кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қызметі;

  4. қосымша білім беру бағдарламасы бойынша қызмет;

  1. пәндердің арнаулы курстары мен циклдарын қосымша оқыту жөніндегі қызмет;

  2. репиторлық (жекелеген оқушылармен жеке түрде оқу жоспары бойынша сағаттардың санынан тыс пәндер бойынша қосымша сабақтар өткізу) жөніндегі қызмет;

  3. білім алушылардың денсаулығын қорғауға жзне нығайтуға бағытталған қосымша дене тәрбиесі-сауықтыру бағдарламалары бойынша қызмет;




  1. жазғы демалысты үйымдастыру жөніндегі қызмет;

  2. спорттық-бүқаралық іс-шараларды үйымдастыру, төрешілік ету, оқушылардың арасындағы спорттық іс-шараларға қатысушыларды тамақтандыру жөніндегі қызмет және медициналық қызмет.

Ақылы білім беру қызметін мемлекеттік білім беру тапсырысының шеңберінде қаржыландырылатын негізгі білім беру қызметінің орнына көрсетуге болмайды.

91. Ақылы білім беру қызметін көрсетуді іске асыратын білім беру үйымдары
мен білім алушы, тәрбиеленуші, оның ата-аналары мен өзге де заңды өкілдері
арасындағы қарым-қатынас білім беру деңгейін, оку мерзімін, оқуға төленетін ақы
мөлшерін, өзге де жағдайларды белгілейтін шартпен реттеледі.

^ 11. Университеттің қызметін қаржыландыру

92. Университеттің қызметі Министрлік бекіткен мемлекеттік тапсырыста бөле
отырып смета бойынша жеке кірісінің есебінен қаржыландырылады.

  1. Университет сметадан тыс алған кірістер республикалық бюджетке есептеуге жатады.

  2. Университет өндіретін және іске асыратын тауарларға (жүмыстарға, қызметтерге) бағаларды Министрлік белгілейді.

^ 12. Университетің жауапкершілігі

95. Университет өзінің міндеттемелері бойынша иелігіндегі ақшаға жауап
береді.

Өндіріп алуды Университеттің қалған мүлкіне айналдыруға Университетті тарату жағдайларын қоспағанда жол берілмейді.

96. Университет оның мүлкінің меншік иесінің міндеттемелері бойынша жауап
бермейді.

97. Университетте ақша жетпеген жағдайда оның міндеттемелері бойынша
Қазақстан Республикасы субсидиялық жауап береді.

Университеттің келісім міндеттері бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік тапсырысты орындау шегінде субсидиарлық жауапты.

^ 13. Еңбек ұжымымен өзара қарым-қатынас

  1. Университет әкімшілігі мен еңбек үжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес анықталады.

  2. Жүмыс режимін Ректор Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көрсетілген кепілдері есепке ала отырып белгілейді.

14. Қызметкерлерге еңбекақы төлеу

100. Университет еңбекақы қорын Министрлік белгілейді.

101. Университет қызметкерлерінің еңбекақысын төлеу «Мемлекеттік
мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлеріне және қазыналық
кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41 қаулысымен бекітілген
еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес жүргізіледі.

Университет қызметкерлерінің жалақысы мен қызметтік айлықақылары олардың біліктілігіне, қызмет міндеттеріне сәйкес белгіленеді.

102. Университет өздерінде бар еңбекке ақы төлеу қаражатының шегінде,
сондай-ақ кәсіпкерлік қызмет есебінен үстеме, қосымша ақылардың, сыйлықтардың
және ынталандыру сипатындағы басқа да төлемдердің мөлшерін өздері белгілеуі
мүмкін.

Бюджет қаражатынан ынталандыру сипатында төленетін төлемдер жалақының кепілді бөлігі бойынша берешек болмаған жағдайда ғана жасалуы мүмкін.

^ 15. Есепке алу және есептілік

103. Университет Қазақстан Республикасының заңдарына және Министрлікпен
келісім бойынша Ректор бекітетін есеп саясатына сәйкес бухгалтерлік есептің
бекітілген стандарттарын сай өз қызметінің нәтижелерін есепке алуды жүзеге
асырады, белгіленген мерзімдерде Министрлікке, қаржы, салық және статистикалық
органдарға бухгалтерлік есеп пен статистикалық есептілікті береді және оның
растығына жауап береді.

104. Университеттің қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды Министрлік,
басқа да өкілетті мемлекеттік органдар жүргізеді.

^ 16. Университеттің халықаралық қызметі

105. Университет Қазақстан Республикасының заңнамалары және халықаралық
келісім-шарттары бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.

Университет озат тәжірибелерді зерттеу және тарату мақсатында шетелдік білім беру, ғылым және мәдениет үйымдарымен, халықаралық үйымдармен және қорлармен тікелей байланыстар, ынтымақтастық туралы екі жақты және көп жақты шарттар жасайды.

Шетел мемлекеттерінің азаматтарын дайындау, қайта дайындау және біліктілікті арттыру Қазақстан Республикасы Үкіметі немесе оның атынан жасалған халықаралық келісімдер бойынша, халықаралық қоғамдық және басқа үйымдар жолдамалары, сондай-ақ шетел жоғары оқу орындарымен және шетел азаматтарымен жасалған келісім шарттар бойынша жүзеге асырылады.

^ 17. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

106. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар Министрліктің үсынысымен
Комитеттің бүйрығымен енгізіледі.

^ 18. Университетті тарату және қайта ұйымдастыру

107. Университетті тарату және қайта үйымдастыру Қазақстан Республикасы
Үкіметінің шешімі бойынша жүргізіледі.

Университет азаматтық заңда көзделген басқа негіздер бойынша да таратылуы мүмкін.

Университетті қайта үйымдастыруды және таратуды егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, Комитет келісім бойынша Министрлік жүзеге асырады.

108. Кредит берушілердің талаптарын қанагаттандырғаннан кейін қалган
таратылған Университеттің мүлкін Комитет қайта бөледі.

Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған Университеттің мүлкін іске асыру нәтижесінде алынган қаражатты қоса алғанда таратылған Университеттің ақшасы республикалық бюджеттің кірісіне есептеледі.







  1   2   3



Похожие:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жарғысы icon1. Жалпы ережелер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті»
Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі Университет) «Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жарғысы iconА. М. Ғазалиев 2012 жылғы № бұйрығы сбб станоктарды жеткізу үшін конкурстық ҚҰжаттама
Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университеті» Республикалық...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жарғысы iconТӨЛҚҰжат қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігінің
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі» Республикалық мемлекеттік қазыналық...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жарғысы iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Сәрсен Аманжолов атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік қәсіпорны
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Сәрсен Аманжолов атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік университеті»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жарғысы iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Сәрсен Аманжолов атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік қәсіпорны
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Сәрсен Аманжолов атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік университеті»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жарғысы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
А. М., Бакбардина О. В., Смолькина Т. П., Готтинг В. В. Қармту-да студенттерді партиоттық тәрбиелеу моделінің шеңберінде ендірілген...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жарғысы iconV республикалық білімгерлердің пәндік олимпиадасы Қазақстан Республикасы, Түркістан қ., 26-27 наурыз 2013 жыл
Халықаралық қазақ-түрік университеті Қр білім және ғылым министрлігінің шешіміне сәйкес 5В010200 – «Бастауыш оқыту педагогикасы мен...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жарғысы iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті 21. 10. 2011 жылғы (№2 хаттама)
В. В. Егоровтың баяндамасын тыңдап, және талқылай келе Ғылыми Кеңес мыналарды атап өтеді
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жарғысы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қарағанды мемлекеттік техникалық университеті
А. М., Бакбардина О. В., Смолькина Т. П., Готтинг В. В. Қармту-да студенттерді партиоттық тәрбиелеу моделінің шеңберінде ендірілген...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жарғысы icon«Ғылым және білім – «Қазақстан-2030» стратегиясының жетекші факторы» (№4 Сағынов оқулары)
Сағынов оқулары Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының еңбектері, 28-29 маусым 2012 ж. 3 бөлімде. 2-бөлім/ Қр білім және...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kze.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы