Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті icon

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті



НазваниеҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
страница1/15
Дата конвертации14.04.2013
Размер2.37 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15





ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ

ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті


Жаңартпа технологиялар және

Білім беру мазмұнын ҒЗИ


Ұлттық тәрбие

(Ұлттық тәрбиенің этика-эстетикалық негіздері)


Оқу құралы


Алматы, 2011

УДК 394/395+18

ББК 63.3 (5Қаз)+87.817

Ұ 43


Ғылыми кеңесші:

Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры, академик С.Ж.Пралиев


Пікір жазғандар:

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Төлеубекова Р.К.

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Керимов Л.К.


Баспаға Абай атындағы ҚазҰПУ-де мемлекеттік грант бойынша жүргізілген ғылыми жобаның нәтижесі бойынша ұсынылған

(№15, 01.04.2010 ж.)


Ұ 43

Ұлттық тәрбие (ұлттық тәрбиенің этика-эстетикалық негіздері): оқу құралы. Құрастырушылар: п.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА құрметті мүшесі Пралиев С.Ж., т.ғ.к., профессор Нуриев М.А., Якупова А.Н., ф.ғ.к. Сейсенбаева Ж.А., п.ғ.д., доцент Аганина Қ.Ж. – Алматы, 2011. – 241 б.


ISBN 978-601-232-442-6


Бұл оқу құралында қазақ халқының ұлттық тәрбие берудегі ұлттық діл мен ұлттық нақышқа негізделген төл мәдениеті мен озық өркениеті, этика-эстетикалық тәрбиесі теориясы мен практикасы жан-жақты ашылып қарастырылған. Ғасырлар қойнауынан ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттық тәрбие негізі сарапталып, олардың әдеп пен әдемілік тұрғыда тәрбиелік қырлары көрсетілген. Ұлттық тәрбиелік білім негізін әдеп пен әдемілік тұрғыдан жастарға бағыт-бағдар беру қыры жан-жақты сараланған.

Оқу құралы студент жастарға, оқушыларға, білім беру саласындағы қызметкерлер мен жалпы оқырман қауымға арналған.


УДК 394/395+18

ББК 63.3 (5Қаз)+87.817


©Абай атындағы ҚазҰПУ, 2011 ж.

Алғы сөз



Қазақстан Республикасының

Егемендігінің 20 жылдық

мерейтойына арнаймыз!


Қолдарыңызға ұсынылып отырған «Ұлттық тәрбие» (Ұлттық тәрбиенің этика-эстетикалық негіздері) атты оқу құралының қазіргі таңда тәрбие мәселесінде алар орны ерекше. Оқулықтан оқырман ұлттық діл мен ұлттық нақышқа негізделген этика-эстетикалық тәрбие көздерін, төл мәдениетіміз бен озық өркениет үлгілерін және де халық даналығынан мысалдар кездестіреді. Сол сияқты, жастардың бойына ұлттық тәрбиені сіңірудің тиімді жолдары ұсынылады. Өз халқының мәдениетін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі мен мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті азамат қалыптасады дейтін болсақ, қазіргі кезде өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде қойылған мақсаттардың  бірі қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы мақсатты жүзеге асыруда бұл оқулықтың тиер пайдасы мен ролі өте жоғары.

Халқымыздың әлеуметтік өмірінде үлкенді сыйлау ұлттық дәстүрге айналған. Отбасында, балабақшада, қоғамдық орындарда үлкенді сыйлау дәстүрін бұзбау және оны қастерлеу әрбір адамнан талап етіледі. Тәлім-тәрбиелік мұрамызға үңіліп қарайтын болсақ, ол әр кезде де адамгершілікті, қайрымдылықты, мейірбандықты дәріптеп отырған. Сондай-ақ, ата-бабаларымыз баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулыған.  Адамгершілікті, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі иманжүзді, жарқын, биязы, өзі көргенді де, парасатты болып келеді. Ондай адам халық арасында «Иман жүзді кісі» деп құрметпен қаралып, сыйға ие бола алған. Демек, балаларымызды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар-ұятын, намысын оятып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық көрсету, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді қашан да бойына сіңіріп отыру қажет. Жастарды үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулып отыру қажет. Ал, адамгершілікке баулу – адамгершілік тәрбиесінің жемісі. Жас ұрпақты адамгершіліке тәрбиелеуде қашанда халық тәрбиесін үлгі ұстаған жөн. Ал, адамгершілікке тәрбиелеудің бірден-бір жолы осы іске көзін жеткізу, сенімін арттыру. Осы қасиеттерді балаға жасынан бойына сіңіре білсек, адамгершілік қасиеттердің берік ірге тасын қалағанымыз. Өйткені, адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиетімен, адамдығымен, қайырымдылығымен ардақталады. Адам баласының мінез құлқына тәрбие мен тәлім арқылы тек білім мен ақылды ұштастыра білгенде ғана сіңетін, құдіретті, қасиеті мол адамшылық атаулының көрінісі болып табылады.

Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу – біздің де қоғам алдындағы борышымыз. Осыған байланысты, бұл оқу құралының көтерер жүгі мен атқарар міндеті аса ауқымды.

Негізгі мақсаты ұлттық ділді, ұлттық рухты, этика мен эстетикалық тәрбиенің ұлттық иірімдерін дәріптеп, жастарға заманауи тұрғыда тәлім-тәрбие беруде ықпалы зор. Ұлттық ділі мен ата-дәстүр мәдениетінен, әдет-ғұрпынан алшақтап бара жатқан жастарды өз халқының асыл мұрасына назарын аудартып, халқымыздың өзіне тән ұлттық құндылықтарын мақтан тұтуға; қазақ халқының бай мәдениеті мен озық өркениеті үлгілерін танытып, таныстырып отыру осы кітаптың асыл мұраттары болмақ.

Қорытындылай келе, осы оқу құралы өз оқырман жүрегінің төрінен орын алып, ұлттық тәлім-тәрбие берудегі қайталанбас өзіндік өрнегі бар үлесін қосарына сенімдіміз.

Бұл оқу құралы Абай атындағы ҚазҰПУ-де мемлекеттік грант бойынша жүргізілген ғылыми жобаның нәтижесінде дайындалған.


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15



Похожие:

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі абай атындағЫ Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті «бекітемін»
«Білім алушыларға арналған пәннің оқу әдістемелік кешені «Математикалық логика»
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі абай атындағЫ Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
«050109–Математика» мамандығы бойынша жоғары кәсіби білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі абай атындағЫ Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті «бекітемін»
В0601 – математика мамандығы бойынша жоғары кәсіби білім берудің Мемлекеттің жалпыға міндетті стандарты
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі абай атындағЫ Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті «Бекітемін»
«050703 – механика» мамандығы бойынша жоғары кәсіби білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі абай атындағЫ Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті «бекітемін»
«050109-математика» мамандығы бойынша жоғары кәсіби білім берудің Мемлекеттің жалпыға міндетті стандарты
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі абай атындағЫ Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті «бекітемін»
В010900 – математика мамандығы бойынша жоғары кәсіби білім берудің Мемлекеттің жалпыға міндетті стандарты
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Баспаға Абай атындағы ҚазҰпу-дың Ғылыми-әдістемелік Кеңесінің оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттерді жариялау мен жоспарлау
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі абай атындағЫ Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті «бекітемін»
«5B012000  Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша жоғары кәсіби білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі абай атындағЫ Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті шағын жинақты мектепте интеграцияланған білім беру
«Интеграция», «білім берудегі интеграция», «пәнаралық интеграция» ұғымының мән-мағынасы
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі абай атындағЫ Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті «бекітемін»
2011 Қр бғМ № бұйрығымен бекітілген «Қазақ тілі» пәнінің типтік бағдарламасы (мжбс-ның міндетті компонентіндегі пәндер үшін)
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kze.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы