Өткізу туралы Ереже Жалпы ережелер icon

Өткізу туралы Ереже Жалпы ережелер



НазваниеӨткізу туралы Ереже Жалпы ережелер
Дата конвертации25.06.2013
Размер42.59 Kb.
ТипДокументы
источник



«Өмір – бұл өмір!»

есірткіге қарсы тақырыпта шығармашылық, үгіт-насихаттық қойылымдардың қалалық конкурсын (ары қарай Конкурс) өткізу туралы

Ереже


1. Жалпы ережелер.

1.1. Ұйымдастырушылары: Қазақстандағы АҚШ елшілігі, Қазақстан скауттық қозғалыс ұйымы (ары қарай Ұйымдастырушылар).

1.2. Қолдау көрсетушілер: ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР ІІМ есірткі бизнесімен күрес комитеті, Қазақстан скауттық қозғалыс ұйымы.

1.3. Қатысушылар: Астана қаласының ОРТА, АРНАУЛЫ ОРТА, ЖОҒАРЫ оқу орындарының шығармашылық ұжымдары (ары қарай Қатысушылар).


^ 2. Конкурстың тақырыбы, мақсаты және міндеттері:

2.1. Конкурстың тақырыбы: Жастар есірткіге қарсы.

2.2. Конкурстың мақсаты: Астана қаласында жастар арасында есірткіге сұраныстың азаюы.

^ 2.3. Конкурстың міндеттері:

  • жастардың шығармашылық әлеуетін нашақорлықтың, ішімдіктің, темекі тартудың альтернативасы ретінде дамыту;

  • жастардың қатысуымен өтетін шығармашылық қойылымдар арқылы нашақорлықтың мәселелерін және нашақорлықтың альтернативасын көрсету;

  • конкурсты өткізу арқылы қаланың оқу орындарының нашақорлықты алдын алу бойынша жүргізетін жұмыстарын ынталандыру;

  • Астана қаласының құрама үгіт-насихаттық жасағын ұйымдастырудың алғышарттарын жасау.


^ 3. Конкурсты өткізу шарттары:

3.1. Конкурс 4 кезең бойынша өтеді:

I кезең: арнаулы орта оқу орындарының 8 ұжымы арасындағы конкурс

– 2011 жылғы 10 наурыз;

II кезең: 10 мектеп ұжымдары арасындағы конкурс – 2011 жылғы 12 наурыз;

III кезең: жоғары оқу орындарының 5 ұжымы арасындағы конкурс

– 2011 жылғы 14 наурыз;

IV кезең: конкурстың I,II,III кезеңдеріндегі бірінші екі орынды иеленуші ұжымдар арасындағы финалды конкурс - 2011 жылғы 17 наурыз.

3.2. Дайындықтардың және конкурстың өтетін орны мен уақыты өтініш білдірген барлық ұжымдарға қосымша хабарланатын болады;

3.3. Өтініш білдірген барлық ұжымдарды ескерткен соң, конкурсты өткізу мерзімі өзгеруі мүмкін;


^ 4. Конкурсқа қатысу шарттары:

4.1. Конкурсқа қатысушылардың саны 3.1. пунктінде анықталған, қойылымдары конкурс редакторларының алдын-ала қарауынан өткен ұжымдар қатыстырылады;

4.2. Конкурсқа қатысу үшін қатысушылар жасауы қажет:

  • Конкурстың тақырыбы мен мақсатына сай келетін театрландырылған композиция немесе миниатюра;

  • Қойылымға қатысушылар саны 4 адамнан кем болмауы керек, бір қойылым ұзақтылығы – 15 минуттан аспауы қажет (ұйымдастыру комитетінің келісімі болса әрі конкурстың барлық қатысушыларын ескерткеннен соң, аталмыш регламент өзгертілуі мүмкін);

4.3. Қатысушылар плакаттар мен транспаранттары бар қолдау тобының келуін қамтамасыз етуге міндетті

  • мектеп командалары үшін – 20 адамнан кем емес,

  • колледждер үшін – 30 адамнан кем емес,

  • ЖОО үшін – 50 адамнан кем емес.

4.4. Композицияға қажетті фонограммалар, музыкалық көркемдеу дайындық кезінде берілуі тиіс, CD – ДИСКІЛЕРДЕ болуы қажет (аудиотаспалардағы фонограммалар қабылданбайды, ұжым конкурсқа жіберілмейді)

4.5. Қатысушылар, ұйымдастырушылармен келісілген ретте, қойылымды алдын-ала қарау және дайындық өткізу үшін аталған жерге келуге міндетті.


  1. Қазылар алқасының құрамы және жұмысы:

5.1. Қазылар алқасы құрамы: Астанадағы АҚШ елшілігі өкілдері, ҚР ІІМ есірткі бизнесімен күрес комитетінің өкілдері, ҚР БҒМ Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаменты, Астана қ. ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы, СӨС қалыптастыру орталығы, сонымен қатар қоғамдық әрі жастар ұйымдарының өкілдері.

5.2. Қазылар алқасының мүшелері осы Ереженің 6 пунктінде көрсетілген критерийлер бойынша бағалау парағын толтырып, әр команданың сомалық бағаларын салыстыру арқылы жеңімпаздарды анықтайды;

5.3. Қазылар алқасының шешімі ақырғы және қайта қарауға келмейді.



  1. Қатысушыларды бағалау критерийлері:

  • Жас қатысушылардың әртістілігі, сахналық бейнені көрсете алу – жоғарғы бағасы - 5 ұпай;

  • Қойылымның негізгі түпкі ойын жеткізудің қайталанбастығы – 5 ұпай;

  • Қойылымның дыбыстық, музыкалық көркемделуі, микрофондармен жұмыс – 5 ұпай;

  • Декорациялардың, реквизиттердің, костюмдердің болуы және сапасы – 6 ұпай;

  • Қойылымның біртумалығы – 4 ұпай;

  • Қолдаушылар тобы – 5 ұпай.




  1. Қатысушыларды марапаттау:

    1. Барлық ұжымдар конкурсқа қатысқаны үшін марапат грамоталарын алады;

    2. I, II, III кезең конкурстарында 1 және 2 орынды иеленгендер конкурстың финалына қатысуға құқығы бар, ал 3 орынды иеленген ұжымдар естелік сыйлықпен марапатталады;

    3. 4, 5, және 6 орынды иеленген финалға қатысушылар естелік сыйлықтарға ие болады;

    4. Конкурстың финалында 1, 2 және 3 орынды иеленген қатысушыларға бағалы сыйлықтар – сандық бейнекамералар тапсырылады.




  1. Өтініш білдіру:

    1. Конкурсқа қатысу туралы өтініштер қабылдау: факс №+77172 61 64 16, электронды пошта: Vse_na_konkyrs_@mail.ru, 2011 жылғы 3 ақпанға дейін.

    2. Қосымша ақпарат алу үшін хабарласу телефоны +77172 47 80 24, +77025558545

    3. Өтініш формасы:

1. Оқу орнының атауы________________

2. Оқу орнының мекен-жайы, телефоны_______________________________________

3. Қойылымға жауапты адамның А.Ж.Т., қызметі, телефон нөмірі, e-mail ______

4. Конкурсқа дайындалған композицияның немесе миниатюраның атауы________________

5. Қойылымның қысқаша сипаттамасы_______________________________

6. Ұзақтылығы____________________

7. Техникалық қажеттіліктер: ________________________________

Өтініш берушінің қолы, мөрі

«_____»______________2011 жыл



Похожие:

Өткізу туралы Ереже Жалпы ережелер iconӘкімшілік басқармасы туралы ереже жалпы ережелер
Осы Ереже Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті туралы (бұдан әрі – Комитет)...
Өткізу туралы Ереже Жалпы ережелер icon«Ең үздік оқу-әдістемелік құралы» байқау сайысы туралы ереже жалпы ережелер Осы Ереже «Ең үздік оқу-әдістемелік құралы»
Осы Ереже «Ең үздік оқу-әдістемелік құралы» байқау сайысын ұйымдастыру мен өткізу тәртібін белгілейді. Сайысқа Павлодар педагогикалық...
Өткізу туралы Ереже Жалпы ережелер iconЖалпы ережелер
Алматы қаласының мектеп оқушылары арасында әскери-патриоттық тақырыпқа жазылған шығармаларға жарияланған байқау өткізу туралы
Өткізу туралы Ереже Жалпы ережелер iconПедагогикалық колледжде тәлімгерлік туралы ереже жалпы ережелер
Педагогикалық колледжде жас мамандарға және жаңадан келген оқытушыларға әдістемелік көмек көрсету үшін тәлімгерлік жасалынады
Өткізу туралы Ереже Жалпы ережелер icon«Бекітемін» Директор М. Шабамбаева «Колледждің ең үздік тобы» сайыс туралы ереже I. Жалпы ережелер
«Колледждің ең үздік тобы» сайысы шығармашылық студенттік ұжымдарды-колледж озбырларын шығару мақсатында жастар Кеңесімен жыл сайын...
Өткізу туралы Ереже Жалпы ережелер iconӘдістемелік кеңес туралы Ереже Жалпы ережелер
Жұмыстың жеке бағыттарын жүзеге асыру үшін ғылыми-әдістемелік кеңес қарауында жұмысы қосымша локальдік актілермен белгіленетін әдістемелік...
Өткізу туралы Ереже Жалпы ережелер iconҰлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидалары Жалпы ережелер
Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және ағымдағы жылғы жалпы орта білім...
Өткізу туралы Ереже Жалпы ережелер iconҰлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидалары Жалпы ережелер
Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және ағымдағы жылғы жалпы орта білім...
Өткізу туралы Ереже Жалпы ережелер iconҰлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидалары Жалпы ережелер
Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және ағымдағы жылғы жалпы орта білім...
Өткізу туралы Ереже Жалпы ережелер iconЖамбыл облысының Статистика департаменті туралы ереже Жалпы ережелер
Жамбыл облысының статистика Департаменті (бұдан әрі Департамент) мемлекеттік мекеме мен Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kze.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы