Қаулы 27 сәуір 2012 жыл Денсаулық сақтау басқармасының онкологиялық аурулармен науқастанатын icon

Қаулы 27 сәуір 2012 жыл Денсаулық сақтау басқармасының онкологиялық аурулармен науқастанатын



НазваниеҚаулы 27 сәуір 2012 жыл Денсаулық сақтау басқармасының онкологиялық аурулармен науқастанатын
Дата конвертации07.12.2012
Размер49.47 Kb.
ТипДокументы
источник


Қаулы

27 сәуір 2012 жыл


Денсаулық сақтау басқармасының

онкологиялық аурулармен науқастанатын

тұлғалармен әлеуметтік-медициналық

іс-қимылдары бойынша жұмыстары туралы


«Денсаулық сақтау басқармасының онкологиялық аурулармен науқастанатын тұлғалармен әлеуметтік-медициналық іс-қимылдары бойынша жұмыстары туралы» ақпаратын тыңдап және талқылап, Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия денсаулық сақтау басқармасымен қатерлі ісік қалыптасқан науқастарға мамандандырылған көмек көрсету бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатқандығын атап өтті.

Астана қаласындағы онкологиялық қызмет қаланың онкологиялық диспансерінде және қаланың аумақтық емханаларында онкологиялық кабинеттерде орналасқан.

Астана қаласының «Онкологиялық диспансері» МКҚК заманауи диагностикалық диспансермен жарақтандырылған және күндізгі стационардың 20 орнына және тәулік бойы болудың 245 орнына есептелген.

Қатерлі ісік қалыптасқан науқастарға мамандандырылған көмек көрсету қаланың аумақтық емханаларында да қарастырылған, онда 8 онкологиялық кабинет және 8 қарау кабинеттері қызмет көрсетеді және онкологиялық диспансермен байланыс жолға қойылған. Әрбір емхананың штатында онколог және маммолог қарастырылған. Онкологиялық қызметтің емханалармен өзара әрекетін жақсарту үшін тұрақты ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы жүргізіледі.

Онкологиялық қызметтің кадрлық қамтамасыз етуіне ерекше назар аударылады. 2011 жылдың 1 желтоқсанына дәрігерлермен жинақталымы 92,1 пайыз, медбикелермен жинақталымы – 94,5 пайызды, кіші персоналмен жинақталымы – 84, 5 пайызды құрады.

Қатерлі ісік қалыптасуын кеңейтілген-комбинацияланған жедел кірісу және жаңа инновациялық технологияларды қолданумен қатерлі ісік қалыптасуды хирургиялық емдеудің заманауи әдістері енгізілді. 2009 жылы 1103 операция, 2010 жылы – 2026, 2011 жылы – 2325 операция өткізілді. «Скринингтік орталық» құрылды, ол халықтың мақсатты тобы арасында скринингтік бағдарламаларды іске асыру бойынша үйлестіру жұмысын жүргізеді. Онкологиялық диспансерде «Вторая читка» қала емханалары маммограмы ұйымдастырылды, онда маммограмм үшін мұрағат жасалды.

Заманауи қымбат тұратын дәрі-дәрмектермен дәрі-дәрмектік қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдануда. 2012 жылдың бірінші тоқсанында 557 науқас тегін және жеңілдікті дәрі-дәрмектермен, 649 жағдай 66 455 604,0 теңге сомасына қамтылды. Бір науқастың химиятерапияны қоса алғанда стационардағы емделудің орташа құны 2011 жылы – 272 000 теңге, бір химиятерапиялық науқастың емделудің орташа құны – 438 000 теңгені құрады. Көрсетілген кезеңде 6721 науқас емделді, өлім-жітім – 1%-ды құрады. Күндізгі стационар бойынша 695 науқас емделді, 2010 жылы – 593 науқас емделді.

Онкологиялық аурудың көрсеткішінің төмендеу үрдісі байқалды. 2009 жылы халықтың 100 мың адамына науқастану 191,0Ғ 2010 жылы – 187,5 құрады. 2011 жылы науқастану халықтың 100 мың адамына 176,2 құрады. 2012 жылдың І тоқсанына қатерлі ісікті қалыптасқан аурудың серпінін талдау өткен жылмен салыстырғанда 1,5 пайызға төмендегенін білдіреді. Науқастанудың бірінші – екінші кезеңінің бастапқы диагностикасы жақсарды және 52 пайызды құрады. Қатерлі ісікті жаңадан қалыптасудың ерте көрсеткіші, оның ішінде сүт безі рагы 56,7 пайыздан 71,0 пайызға дейін өсті.

Онкологиялық науқастанудан өлім-жітім көрсеткіші 7,0 пайызға төмендегені және 5 жыл және одан да артық өмір сүретін онкологиялық аурумен ауыратын науқастардың жалпы үлесінің артуы байқалады.

Алдыңғы қатарлы әлемдік онкологиялық орталықтармен халықаралық ынтымақтастық басталды. Онкологиялық диспансер базасында Гарвард, Сеул университеттері мамандарының қатысуымен заманауи диагностика әдістері, қатерлі ісікті жаңадан қалыптасуды кешенді және құрамдас емдеу бойынша мастер-класс жүргізіледі. Онколог-дәрігерлер Израильге оқуға жіберілуде.

Бір бағыттағы мамандықты қоса атқаратын дәрігерлерді тарту бойынша қаланың клиникаларымен шарттар жасасып, жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, әлеуметтік-мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия қатерлі ісікті жаңадан қалыптасқан науқастарға мамандандырылған көмек көрсету бойынша қабылданып жатқан шаралармен қатар онкологиялық аурулар проблемасы қазіргі уақыттағы қоғам үшін басымды болып табылады.

Диагнозды анықтаған кезінен бастап өмірінің алғашқы жылы ішінде науқастардың өлім-жітімі, бір жылдың ішіндегі өлім-жітім көрсеткіші 2011 жылы 28,1 пайыз, 2010 жылы 30,1 пайызды, Қазақстан Республикасы бойынша – 33, 1 пайызды құрады.

Астана қаласының әйелдер қауымының онкологиялық науқастану құрылымында сүт безі рагы тұрақты алдыңғы орында: 2010 жылы 11,9 пайыз, 2011 жылы – 12,7 пайыз, екінші орында – жатыр мойны рагы.


Өлім-жітім бойынша 1 орында - өкпе рагы (16,7 пайыз), 2-орында асқазан рагы (10,2 пайыз), 3-орында сүт безі рагы (7,8 пайыз).

Науқастарға толық көмек көрсетуді қамтамасыз ету үшін хирургияда, химиятерапияда және радиологияда балалар орнын ашу қажет.

Онкологиялық диспансердің оториноларингологиялық және басқа да операцияларды жүргізу үшін заманауи медициналық жабдықты сатып алуға қатысты материалдық-техникалық базаны нығайту талап етіледі. «Бас және мойын ісігі» бөлімін ашу қажет.

Халықты салауатты өмір салтына тарту бойынша жұмысты күшейту қажеттілігі бар.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде әлеуметтік-мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия қаулы етеді:

1. Денсаулық сақтау басқармасының «Денсаулық сақтау басқармасының онкологиялық аурулармен науқастанатын тұлғалармен әлеуметтік-медициналық іс-қимылдары бойынша жұмыстары туралы» ақпараты назарға алынсын.

2. Астана қаласының әкімдігіне, денсаулық сақтау басқармасына және барлық мүдделі қалалық құрылымдарға Мемлекеттік Басшысының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» жолдауын іске асыру бойынша іс-шараларды орындауда онкологиялық ауруды төмендету және онкологиялық аурудан өлім-жітімді төмендету бойынша қажетті іс-шараларды өз құзыреті шегінде қабылдау ұсынылсын.

Қаланың онкологиялық қызметінің материалдық-техникалық базасын алдағы уақытта нығайтуды қамтамасыз ету, қажетті заманауи медициналық жабдықты сатып алу.

3. Астана қаласының қаласының Денсаулық сақтау басқармасы қатерлі ісіктің қалыптасуын емдеу және алдын-алуда алдыңғы қатарлы тәжірибе және заманауи технологияларды енгізу бойынша қызметті жетілдірсін, халыққа онкологиялық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен қызмет көрсету сапасын жақсартсын, кадрлық персоналдың жоғары кәсіби біліктілігін қамтамасыз етсін.

Қатерлі ісіктің қалыптасуларын ерте кезеңде айқындау үшін халықтың барлық топтарына алдын-ала қарауды жүргізуді жақсартсын.

Астана қаласының Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен бірлесіп, өзінің денсаулығы үшін ортақ жауапкершілікті арттыру мақсатында жүргізіліп жатқан ракқа қарсы үгіт-насихат жұмыстарының сапасын жақсартсын.


Әлеуметтік-мәдени дамыту

мәселелері жөніндегі тұрақты

комиссияның төрағасы А. Байгенжин



Похожие:

Қаулы 27 сәуір 2012 жыл Денсаулық сақтау басқармасының онкологиялық аурулармен науқастанатын iconХабарландыру
Денсаулық сақтау басқармасының «Қостанай облыстық онкологиялық диспансері» кмк дәрі-дәрмектік заттарды (дәрі-дәрмектік заттардың...
Қаулы 27 сәуір 2012 жыл Денсаулық сақтау басқармасының онкологиялық аурулармен науқастанатын iconҚаулы 26 шілде 2012 жыл Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының салауатты өмір салтын дамыту және көпшілікке тарату жөніндегі
Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы Денсаулық сақтау басқармасының Салауатты...
Қаулы 27 сәуір 2012 жыл Денсаулық сақтау басқармасының онкологиялық аурулармен науқастанатын icon«ШҚО әкімдігі денсаулық сақтау Басқармасының Өскемен қаласының №2 Балалар ауруханасы» кмқК бойынша макмк орналастыру туралы ақпарат
«ШҚО әкімдігі денсаулық сақтау Басқармасының Өскемен қаласының №2 Балалар ауруханасы» кмқК Өскемен қаласы Потанин к 8 (стационар),...
Қаулы 27 сәуір 2012 жыл Денсаулық сақтау басқармасының онкологиялық аурулармен науқастанатын iconДайындалған дәрiлiк препараттарға дәрiханаiшiлiк бақылау жүргiзу қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 19 қаңтардағы №114 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегi Кодексiнiң 68-бабына...
Қаулы 27 сәуір 2012 жыл Денсаулық сақтау басқармасының онкологиялық аурулармен науқастанатын iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 6 маусымдағы №394 бұйрығы
Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қаулы 27 сәуір 2012 жыл Денсаулық сақтау басқармасының онкологиялық аурулармен науқастанатын iconДенсаулық сақтау жүйесі туралы 2003 жылғы 4 маусымдағы №430-іі қазақстан Республикасының Заңы 1-тарау. Жалпы ережелер
Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органы, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) денсаулық сақтау...
Қаулы 27 сәуір 2012 жыл Денсаулық сақтау басқармасының онкологиялық аурулармен науқастанатын iconХирургиялық стоматология модулі Пәні – Хирургиялық стоматология hs 5306. МамандығЫ: 051302 «Стоматология»
Тақырып №10: Онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарды тексеру әдістерінің ерекшеліктері
Қаулы 27 сәуір 2012 жыл Денсаулық сақтау басқармасының онкологиялық аурулармен науқастанатын iconС. Ж. Асфендияров атындағЫ Қазақ Ұлттық медицина университеті казахский национальный медицинский университет имени с. Д. Асфендиярова эпидемиология кафедрасы поәк силлабус
Ж. Ж. 051102– «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша Қр мжмбс 03. 08. 389- 2006 ж және 2010ж. 17 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының...
Қаулы 27 сәуір 2012 жыл Денсаулық сақтау басқармасының онкологиялық аурулармен науқастанатын iconХабарландыру тендер өткізу туралы
Сатып алуды ұйымдастырушы – Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «омо» шжқ мкк
Қаулы 27 сәуір 2012 жыл Денсаулық сақтау басқармасының онкологиялық аурулармен науқастанатын iconХабарландыру тендер өткізу туралы
Сатып алуды ұйымдастырушы – Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «омо» шжқ мкк
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kze.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы