2014 жылғы қаңтар айына арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму icon

2014 жылғы қаңтар айына арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму



Название2014 жылғы қаңтар айына арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму
Дата конвертации24.08.2014
Размер212.67 Kb.
ТипДокументы
источник



2014 жылғы қаңтар айына арналған

Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму

ҚОРЫТЫНДЫСЫ

АСТАНА

2014 жылғы қаңтар айына арналған

Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық

жағдайын сипаттайтын маңызды индикаторлардың тізбесі



Р/с№

Атауы

Көрсеткіштер


2013 жылдың тиісті кезеңіне %

1.

Өнеркәсіптік өнімнің (тауарлардың, қызметтердің) қолданыстағы бағадағы көлемі, млн. теңге

12 753,5

79,1

2.

Негізгі капиталға инвестициялардың көлемі, млн. теңге

9 566,5

91,0

3.

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі, млн. теңге

7 693,3

102,1

4.

Қаржыландырудың барлық көздері есебінен тұрғын үйді қолданысқа енгізу (шаршы метр)

94 612

99,3

5.

Бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің түсуі, барлығы

41 031,0

97,3

6.

Бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдер түсімі болжамының орындалуы, %

101,7

Х

7.

Бюджетке түсім бойынша бересі

8 013,8

82,4

8.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің белсенді саны, мың. бірлік.

56,1

107,1

9.

Тұтыну бағаларының индексі (2013 жылғы желтоқсанмен салыстырғандағы 2014 жылғы қаңтары), %

100,8

Х

10.

Бөлшек сауда айналымының жалпы көлемі

39 745,1

123,1

11.

Халықтың экономикалық белсенді санынан тіркелген жұмыссыздар үлесі, %

0,5

Х

12.

Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің мөлшері теңге (2014 жылдың қаңтары)

19 345

98,4

13.

Орташа айлық атаулы жалақы, теңге (2013 жылдың қаңтар-желтоқсаны)

158 899

107,7



^ 2014 жылғы қаңтар айы арналған

Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы

туралы ақпарат
1. Өнеркәсіптің жағдайы
Астана қаласының өнеркәсіптік сектордың көпшілігін өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары (оның үлесі 52,8%-ды құрайды) және электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны салқындату (42,6%) құрайды. Сумен жабдықтау өнімі (тауарлар, қызметтер), кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау жүйесінің үлесіне 4,6 %-дан келеді.

2014 жылғы қаңтарда қаланың кәсіпорындары 12 753,8 млн. теңге сомаға өнім өндірді және өнеркәсіптік сипатта қызмет көрсетті, нақты көлем индексі (бұдан әрі - НКИ) 2013 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 79,1%-ды құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде 6 733,6 млн. теңге сомаға өнім (тауарлар, қызметтер) өндірілді, НКИ 35,1%-ға азайды.

Шығарылатын өнім көлемінің азаюы өнеркәсіптің төмендегі салаларында байқалады:

- тамақ өнімдерін өндіруде (үлес - 21%) 2014 жылдың қаңтарында 1 411,3 млн. теңге сомаға өнім өндірілді, НКИ – 86,2%. Өндіріс көлемінің азаю макарон өнімдерін шығарудың 42%, нан – 7,2%, ұн – 16,1%, тары – 31,9% азаюмен негізделеді. Сонымен қатар шұжық өндіру – 21,7%, ұлғайды.

- машина жасауда (үлес – 16,6%) 1 118,3 млн. теңгеге өнімдер шығарылды және қызмет көрсетілді, НКИ – 87,6%-ға азайды. Сорғылар шығарылымының 11,8%-ға азаюмен байқалады.

- резеңке және пластмасса бұйымдарын шығаруда 593,8 млн. теңге сомаға тауарлар өндірілді, НКИ – 77,9%. Құбырлардың шығарылымы 27,9%-ға преформалар – 37,2%-ға төмендеуі байқалады. Сонымен қатар, есік, терезе шығару – 27,9% артты.

- жиһаздан басқа ағаш және тығын өнімдері өндірісінде; сабаннан және өруге арналған материалдардан жасалған өнімдер өндірісінде 25,1 млн. теңге сомаға тауарлар өндірілді, НКИ - 86,1%.

Өзге де бейметалл минералды өнімнің өндірісінде (үлес 21,8%) – 20,5%-ға, шығарылым көлемі 47 511,9 млн. теңгені құрады;

Өзге де бейметалл минералды өнімдердің өндірісінде (үлес 35,1%) – 1,6%-ға, шығарылым көлемі 2 365,9 млн. теңгені құрады: құрама құрылымдардың элементтерін өндіру 34,6%-ға, плитка, плита, кірпіштер өндіру – 2,3% ұлғайды; Сонымен қатар бетон өндіру – 15,1%-ға азайды.

Металлургия өнеркәсібінде 102,6 млн. теңгеге өнім өндірілді, НКИ-113,8%;

^ Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны салқындату салаларында өнеркәсіптік сипатта 5 434,0 млн. теңге сомаға (НКИ – 115,2%) өнім өндірілді және қызмет көрсетілді, оның ішінде электр қуатын өндіру, ұсыну және таратуда – 3 314,5 млн. теңгеге (НКИ – 111,9%), газ тәрізді отынды өндіруде және таратуда – 16,5 млн. теңгеге (НКИ - 102,8%), бу беру және ауаны салқындату жүйесінде – 2 103,0 млн. теңгеге (НКИ – 115,3%) қызмет көрсетілді.

^ Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау жүйесінд 586,2 млн. теңгеге өнім өндірілді және қызмет көрсетілді, НКИ 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,4%-ға азайды.

Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – ҮИИД МБ) іске асыру аясында, өңірлік Индустрияландыру картасы бойынша 86,8 млрд. теңге сомаға 19 жоба іске асырылды, 3 100 жұмыс орны құрылуда. 2014 жылы 1 жоба – «Үй салу комбинатын салу» жобасын «GLB» ЖШС іске асыруы жоспарлануда.

1 Индустриялық парк аумағында жалпы инвестиция көлемі 180,4 млрд. теңгеге 49 инвестициялық жоба іске асырылуда, барлығы 57,9 млрд. теңге игерілді. 2014 жылы 5 жобаны іске асыру жоспарлануда.

.

^ 2. Инновацияларды дамыту
Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа технологияларды енгізу және қалада индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру бөлігінде Астана қаласындағы инновациялық қызметті дамыту жұмысы жалғастырылуда.

Төмендегі бағыттар бойынша инновацияларды мемлекеттік қолдау құралдары іске асырылуда:

- технологиялық бизнес – инкубациялау;

- технологиялық аудит (технологиялық диагностика);

- технологиялар трансфертін сүйемелдеу;

- инновациялық қызметті информациялық жарықтандыру;

- технологиялық сүйемелдеу.

Ағымдағы жылдың наурызында екі ірі жоба Өмір тіршілігін кешенді қамтамасыз ету жүйесін (ӨТКҚЖ) және Интеллектуалды көлік жүйесін (ИКЖ) іске асыру жоспарлануда.
^ 2. Көлік және байланыс
Автомобиль көлігі. Бүгінгі күні 50 қалалық бағдар бойынша күн сайын 747 бірлік көлік жұмыс істейді, оның ішінде сыйымдылығы үлкен автобус - 566, орташа сыйымдылықты автобус - 181. Қалалық бағыт желісінің ұзақтығы 2 320,1 км-ді құрайды. Астана қаласында 15 мамандандырылған таксомотор компаниясы жұмыс істейді.

Қалалық көлікпен 2014 жылдың каңтарында 9 525,4 мың тонна жүк тасылды, бұл ретте жалпы жүк айналымы 672,4 млн. тонна/км-ді құрады. 2013 жылмен салыстырғанда тасылған жүк көлемі 8,7%-ға ұлғайды.

Автомобиль көлігімен есепті кезеңде 174,2 млн. жолаушы тасымалданды, оның ішінде қаланың көлік кәсіпорындары – 37,0 млн. адамды (21,8%), жеке кәсіпкерлерлер – 137,2,0 млн. адамды (78,8%) тасымалдады.

Қаланың байланыс кәсіпорындары 12 804,9 млн. теңге сомасына қызмет көрсетті, бұл салыстырмалы бағаларда 2013 жылмен салыстырғанда 17,8%-ға жоғары.

Байланыс қызметінен түсетін кірістер құрылымында ұялы байланыс 71,4%, Интернет 14,5%, қалааралық және халықаралық байланыс түрлері – 1,4%-ды, жергілікті телефон байланысы – 2,1%-ды, өзге де байланыс түрлері – 10,6%-ды құрайды.
^ 3. Банк секторы
Астана қаласының банк жүйесі «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» мемлекеттік мекемесінің орталық филиалымен (бұдан әрі – Ұлттық банк), «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы, «Цеснабанк» тәрізді дербес банктермен, екінші деңгейдегі банктердің 32 филиалымен (бұдан әрі - ЕДБ) және олардың 164 құрылымдық бөлімшелерімен ұсынылады.

Қаланың қолма-қол шетел валютасы нарығында 2014 жылдың 1 қаңтарына ЕДБ 221 айырбастау пункті және Ұлттық банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізуге лицензиялары бар 68 уәкілетті ұйымның валюта айырбастау пункті жұмыс істейді.

ЕДБ-гі резиденттер депозиттерінің жалпы көлемі 2013 жылы 5 910,2 млрд. теңгені құрады және 2012 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,2 есеге артты.

2013 жылы ЕДБ берген несиелер көлемі 941,7 млрд. теңгені құрайды (2012 жылдың деңгейінен 6,5%-ға төмен).

Барлығы Астана қаласының экономикасына банктердің кредиттері бойынша негізгі қарыздың жалпы көлемі 2013 жылы 1 180,3 млрд. теңгені құрады және 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 17,6%-ға ұлғайды, оның ішінде ипотека бойынша – 167,8 млрд. теңге.
^ 4. Қаржылық-бюджеттік саланың жай-күйі
Салықтардың және өзге де міндетті төлемдер түсімдерін уақытылы қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласының әкімі 2012 жылғы 3 мамырда уәкілетті органдармен өзара іс-қимылды күшейту және Астана қаласының жергілікті бюджетіне түсетін түсімдерді арттыру жөніндегі 2012-2014 жылдарға арналған Іс-шаралар жоспарын бекітті.

^ Бюджетке түсім және төлем тәртібі. 2014 жылдың 1 ақпандағы жағдай бойынша мемлекеттік бюджетке түскен түсім 41 031,0 млн. теңге болжамы бойынша 40 326,4 млн. теңгені құрады, немесе болжамның 101,7 %.

1-кесте

млн. теңге

Бюджетке түсімдер

^ 1.02.14 ж. болжам

1.02.14 ж.

факт

Орындау, %

Мемлекеттік бюджет, оның ішінде

40 326,4

41 031,0

101,7

республикалық бюджет

31 775,6

31 040,5

97,7

жергілікті бюджет

8 550,8

9 990,5

116,8

^ Салық төлемдері бойынша мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер, оның ішінде

38 850,6

38 034,3

97,9

республикалық бюджетке

31 314,7

29 155,1

93,1

жергілікті бюджетке

7 535,9

8 879,2

117,8

^ Салықтық емес төлемдер бойынша мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер, оның ішінде

475,8

2 764,8

5,8 есеге

республикалық бюджетке

460,9

1 883,7

4,1 есеге

жергілікті бюджетке

14,9

881,1

59,1 есеге

2014 жылғы 1 ақпандағы бересі 8 013,8 млн. теңгені құрады, 2014 жылғы 1 қаңтардағы бересімен салыстырғанда (6 041,3 млн. теңге) 32,7%-ға ұлғайды. Жетіспеушіліктің ұлғаюы декларациялар, салықтық тексерулер, камеральды бақылау бойынша аударымдарға байланысты болды.

Қала бюджеті. Астана қаласының түзетілген бюджетінің жалпы көлемі 2014 жылдың 1 ақпанына 340 730 млн. теңгені құрады, бекітілген бюджет 3 522 млн. теңгеге немесе 1% өсті, оның ішінде түсімдер: меншікті табыстар бойынша – 133 072 млн. теңге; республикалық бюджеттен берілген трансферттер – 202 532 млн. теңге; субвенция мөлшері – 4 141 млн. теңге, еркін қалдықтар – 985 млн. теңге.

Бюджеттің жалпы құрылымында Астана қаласының объектілерін дамытуға 197 182 млн. теңге жұмсалды.
^ 5. Инвестициялардың жай-күйі
Талданып отырған кезеңде қаланың негізгі капиталына 9 566,5 млн. теңге инвестиция немесе 2013 жылға 91% салынды. Инвестициялардың республикалық көлемінде Астана қаласы көлемінің үлесі 4,1%-ды құрады (2013 жылдың қаңтарында 4,7%).

Қарастырылып отырған кезеңде инвестициялар салудың негізгі көздері 5 238,7 млн. теңге сомасындағы немесе жалпы көлемнің 54,8% кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың жеке қаражаты болып табылады. Қарызға алынған қаражатының үлесі 45,1%.

^ 1-кесте

Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға

инвестициялар құрылымы


Көздер

2014 жылдың қаңтары

2012 жылға

млн. теңге

қорытындыға %

^ Негізгі капиталға инвестиция, барлығы,

оның ішінде:

9 566,5

100,0

91,0

республикалық бюджет

5,0

0,1

0,9

жергілікті бюджет

4,5

0,0

0,0

кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың жеке қаражаты

5 238,7

54,8

80,4

шетелдік инвестициялар

-

-

-

қарыз қаражаты есебінен

4 318,3

45,1

126,5

Салымдардың негізгі құрамдас бөлігі ғимараттар мен құрылыстарды салу және күрделі жөндеу жұмыстары болып табылады, олардың үлесіне 60,2% немесе 7 423,4 млн. теңгеден келеді. 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда НКИ 163,6%-ды құрады.

Машиналар мен жабдықтарды, құрал-саймандарды және керек-жарақтарды сатып алуға инвестицияның жалпы көлемінің 18,3% келеді, бұл 2013 жылға қарағанда 66,3%-ға аз.

Есепті кезеңде қаланың кәсіпорындары, ұйымдары және халқы жалпы ауданы 94 612 шаршы метр (оның ішінде пайдалы ауданы – 67 466 шаршы метр) тұрғын үйлер салды және пайдалануға берді, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 0,7%-ға төмен. Тұрғын үйдің негізгі көлемін кәсіпорындар, жеке меншік нысанындағы ұйымдар мен халық енгізді.

Барлығы тұрғын үй құрылысына 4 912,7 млн. теңге жұмсалды, бұл 2013 жылдың салыстырмалы кезеңінен 54,5%-ға жоғары.

^ 6. Сауда және сыртқы сауда айналымы
Ішкі сауда.

2014 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша бөлшек сауда айналымының көлемі іске асырудың барлық арналары бойынша 39 745,1 млн. теңгені құрады және өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда салыстырмалы бағада 23,1%-ға ұлғайды. Шағын кәсіпорындар 9 838,6 млн. теңге сомасына тауарлар мен қызметтерді сатты, бұл сауда кәсіпорындарының тауар айналымының жалпы көлемінің 36,5%-ын құрайды. Орта және ірі кәсіпорындардың қызметінен бөлшек тауар айналымы 17 148,9 млн. теңгені құрады, оның ішінде тауар айналымының жалпы көлеміндегі орта кәсіпорын үлесі – 33,2%-ды, ірі 30,3%-ды құрады.

Қаланың нарығындағы жеке кәсіпкерлер 12 757,6 млн. теңге сомасына тауар сатты, бұл 2013 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 18,5%-ға жоғары.

^ Сыртқы сауда. Кедендік статистиканың деректері бойынша Астана қаласы сыртқы сауда айналымының көлемі (Кеден одағы елдерін есептемегенде) 2013 жылы 7 397,4 млн. АҚШ долларын құрады бұл 2012 жылмен салыстырғанда 24,7%-ға кем.

Экспорттық жеткізілімдер 2013 жылы 4 588,6 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 38,6%-ға төмен.

2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда экспортта үлесті салмаққа ие негізгі тауар топтары бойынша экспорттық жеткізілімдер көлемі: минералды өнімді сату көлемі 1,9 есеге; мал және өсімдік шарушылық өнімдері - 1,4 есеге, химиялық өнімдерді және онымен байланысты өнеркәсіптік салалары - 0,3%-ға, машина, құралдар, көлік құралдарын, құралдар және аппараттар шығару - 6,6%-ға азайды. Сонымен бірге, ағаш, орман материалдарын және целлюлоза-қағаз бұйымдары - 1,3 есеге, металл және одан жасалған бұйымдар - 2,0 есеге өсті.

Импорттық жеткізілімдер 2013 жылда 2 808,8 млн. АҚШ долларын құрады және бұл 2012 жылға қарағанда 19,4%-ға ұлғайды.

Импорттық түсімдерде машиналарды, құрал-жабдықтарды, көлік құралдарын, құралдар мен аппараттарды тасу басым болып табылады, олардың көлемі 1 566,7 млн. АҚШ долларын құрады (10,9%-ға көп). Ағаш, орман материалдарын және целлюлоза-қағаз бұйымдары импорттау 2,5 есеге, минералды өнімдер - 11,7%-ға, металл және олардан жасалған бұйымдар 15,5%-ға өсті.
^ 7. Шағын және орта бизнес мониторингі
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің көлемі 2013 жылдың тиісті кезеңіне 7,1% өсумен 56,1 мың бірлікті құрады.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мақсатында Әкімдік «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын іске асыруда. 2014 жылдың 1 ақпандағы жағдай бойынша Астана қаласының Үдемелі индустриялық даму жөніндегі үйлестіру кеңесі 6 жобаны, оның ішінде, банктердің/ лизингтік компаниялардың несиелерінің пайыздық мөлшерін субсидиялау бойынша несиелік желінің жалпы сомасы 3 813,4 млн. теңгеге 6 жоба, оның ішінде жалпы сомасы 17,2 млн. теңгеге сомасына несиені кепілдендіру бойынша 1 жоба мақұлдады.

ЕДБ-ің шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру көлемі 2013 жылы 91,9 млрд. теңгені құрап, 2,2 есеге төмендеді.
^ 8. Тұтыну бағаларын талдау

2-кесте

Астана қаласы бойынша тұтыну бағаларының индексі


Атауы

2013 жылдың желтоқсанына қарағанда 2014 жылдың қаңтары, %

Барлық тауарлар мен қызметтер

100,8

оның ішінде:




азық-түлік тауарлары

101,2

азық-түлік емес тауарлар

100,6

ақылы қызметтер

100,5

Анықтама:

2013 жылдың қаңтарында күнкөріс минимумының шамасы 19 345 теңгені құрады, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,6%-ға төмендеді.

Бір жұмысшыға орта және ірі кәсіпорындар бойынша орташа айлық жалақы 2013 жылдың қаңтар-желтоқсанында 158 899 теңгені құрады және бұл 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,7%-ға көбірек.

Астана қаласы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде елордада көкөніс қоймаларын және жылыжай салу жөніндегі жобалар іске асырылуда. Бүгінгі күні қала аумағында жалпы сақтау көлемі 21 850 тоннаны құрайтын 5 көкөніс қоймасы және жалпы қуаттылығы жылында 2 500 тонна құрайтын 2 жылыжай кешені бар.

Желіні кеңейту үшін жалпы сақтау көлемі 12 000 тоннаны құрайтын 2 көкөніс қоймасының және қуаттылығы 3 650 тоннаны құрайтын 1 жылыжай құрылысы жүргізілуде, бұдан басқа, жобалау сатысында жалпы көлемі 27 800 тоннаны құрайтын 4 көкөніс қоймасы және жылына 5 200 тонна жылыжай өнімін өндіретін 3 жылыжай жобалау сатысында.

Астана маңында Ақмола және Қарағанды облыстарының 17 ауданынан және елордадан 916 кәсіпорын кіретін азық-түлік белдеуі құрулыда. Әкімдік оны әрі қарай дамыту мақсатында қажетті қаржылық және инфрақұрылымдық қолдау көрсетуде.
^ 9. Әлеуметтік сала

Халықты жұмыспен қамту.

Елорданы дамытудың әр түрлі жобаларын іске асыру қосымша жұмыс орындарын құруға ықпал етеді. Есепті кезеңінде 1 386 жаңа жұмыс орны құрылды, бұл 2013 жылға қарағанда 372 орынға қоп. Оның ішінде шағын бизнес саласында 956 орын құрылды.

1 221 адам жұмыс іздеп жұмыспен қамту органдарына өтініш білдірді. Жүгінген азаматтардың жалпы санының 65,3%-ы әйелдерді құрайды, 14-29 жас аралығындағы жастар – 51,2%. Барлығы есепті кезеңде 417 адам жұмыспен қамтылды, 2013 жылмен салыстырғанда 391адамға қоп.

Ақылы қоғамдық жұмыстарға 603 адам жіберілді, соның ішінде қатысқаны – 439, «Жастар тәжірибесі» бойынша 37 адам жіберілді – 26 қатысты.

2013 жылдың ІV тоқсанында тіркелген жұмыссыздық деңгейі – 5,4% (2012 жылы – 5,7 %).

2014 жылдың 1 ақпандағы жағдайы бойынша жұмыссыздар ретінде 2 380 адам тіркелді.

Білім. 2014 жылдың 1 ақпандағы жағдай бойынша Астана қаласының білім жүйесі 287 білім беру мекемесінен тұрады.

^ Мектепке дейінгі білім беру

Мектепке дейінгі ұйымдардың жалпы саны - 148 (оның ішінде мемлекеттік балабақшалар - 80, жеке меншік - 66), мини-орталықтар - 25.

3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды «Балапан» бағдарламасы бойынша қамту - 63%.

2014 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 3 жастан 6 жасқа дейін орын тапшылығы 27 395 орынды құрайды, сонымен қатар, мектепке дейінгі ұйымдарға кезекте тұрған балалардың жалпы саны - 73 000.

^ Орта білім беру.

Қалалық мектептердің саны 94 712 оқушысы бар 83 объектіні құрайды, оның ішінде мемлекеттік мектеп - 71, жеке меншік - 12.

Үш ауысыммен оқу 5 мектепте сақталып отыр, оқушылар орнының тапшылығы - 23 245.

^ Техникалық және кәсіптік білім беру

Техникалық және кәсіптік ұйымдардың жалпы саны 35 ұйымды құрайды, студенттердің жалпы контингенті - 29 859, оның ішінде 12 - мемлекеттік колледж, 23 - жеке меншік колледж.

Негізгі білім беру объектілерінен басқа, 13 қосымша білім беру мекемесі әрекет етеді, қосымша біліммен және оқудан тыс қызметпен қамту 69%-ды құрайды.

2013 жылы мектепке дейінгі 9 объект енгізілді (8 балабақша және 1 қосымша құрылыс), 3 орта білім беру объектісі (2 мектеп және 1 қосымша құрылыс).

Білім берудің сапасын арттыру мақсатында жыл сайын жаңа тиімді технологиялар мен оқыту әдістері енгізілуде. 2013 жылы 10-нан артық түрлері енгізілді. Инновациялық жобалар мен эксперименттік алаңдар 34 бірлікке ұлғайды.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 41 білім ұйымында, оның ішінде 32 мектеп пен 9 колледж «E-learning» жобасы іске асырылды.

^ Денсаулық сақтау.

«Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жүйесінде 33 медициналық ұйым қызмет етеді, оның ішінде: 14 аурухана ұйымы, 10 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымы, 1 қалалық жедел жәрдем станциясы, 6 өзге және 2 білім беретін медицина ұйымы.

Стационарлық ауысу көмегін көрсететін медицина ұйымдарының саны есепті кезеңде – 36 бірлік.

Болжамға сәйкес 2014 жылы күтілетін өмір сүру ұзақтығын 74 жасқа дейін өсуіне, 1000 адамға шаққанда жалпы өлімді 4,7-ге дейін, бала өлімін – 10,4-ке дейін, алғашқы туберкулез ауруымен ауыруды 163,9 дейін төмендету жоспарлануда.

2014 жылы сол жақ жағалауда 500 орынға арналған амбулаторлық – емханалық кешенді, сондай-ақ, Ильинка кентінде және Досмұхамбетов көшесінде емханаларды пайдалануға беру жоспарлануда.

Мәдениет. Астана қаласында өз қызметін 69-дан астам мәдениет объектілері жүзеге асырады, оның ішінде: кітапхана – 24, клубтар мен мәдениет үйлері (сарайлар) – 7, мұражайлар – 7, театрлар – 7, кинотеатрлар – 7, галереялар – 4, саябақтар – 7, концерттік ұйымдар – 3, өзгелер – 4.

Есепті кезеңде Астана қаласының мәдениет мекемелері және кәсіпорындары іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыс істейді, кезеңде мынадай іс-шаралар өткізілді.
Мұражай қызметінде

Қаңтар айында мұражайлармен 5 жаңа көрме ұйымдастырылды, 76 экскурсия жүргізілді, 5 дәріс оқытылды, осы іс-шараларды 4071 көрермен тамашалады.

Қазіргі заманғы өнер мұражайында ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, ҚР Дизайнерлер Одағының мүшесі, ҚР «Мәдениет қайраткері», ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сұлтан Иляевтің «Қайталау» жеке көрмесі жұмыс істеді.

«АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде «Алаш» залында зұлмат жылдар қасіретінде жапа шеккен аналарымызға арналған «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» және «20 ғасырдың 30-50 жылдары саяси қуғын-сүргінге ұшыраған халық комиссарлары» атты жаңа техникалық құралдармен жасалған бейнепанорамалы көрмесі ұйымдастырылды.

«Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенде қалалық мәдениет мекемелері басшыларының қатысуымен «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын түсіндіру және талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өтті.

Театр қызметінде

2014 жылдың қаңтар айында қаланың тетарлары барлығы 55 спектакль қойды, оған 7 280 көрермен қатысты. Оның ішінде Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ музыка-драма театрындағы Д. Рамазанның «Абылай ханның арманы» атты спектаклін, М. Горький атындағы Орыс драма театрындағы Т. Уильямстың «Смешанные чувства» мелодрамасы», Жастар театрындағы «Ұр тоқпақ» спектаклін ерекшелеп айтуға болады.

Кітапханалық қызмет

Қала кітапханаларында жылдың өзекті тақырыптарына арналған кітап көрмелері дайындалып безендірілді: «Қазақстан-2050: болашақты жасау»; «Ленинградты қоршаудан толық босату: 70 жыл бұрын Ленинград қоршауы алынды»; «Туған қала көшелері бойынша қыдырамын» және т.б.

Спорт. Астана қаласында 557 спорт ғимараты қызмет етеді, оның ішінде 1500 және одан көп орынға арналған трибуналары бар 4 стадион, 2 спорт сарайы, 2 спорттық ғимарат кешені, құрама командалардың 2 оқу-жаттығу орталығы, 13 спорттық (дене шынықтыру-сауықтыру) кешен, 6 спорттық манеж, 1 шаңғы базасы, 26 ату тирі, 2 эллинг, 17 хоккей корты, 22 теннис корты, 19 жүзу бассейні, 182 спорт залы, 46 іштен салынған спорт залдары, 214 жазық спорт ғимараты пайдаланылады.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру және қалаға халықты жүйелі түрде дене тәрбиесімен айналысуға тарту мақсатында қаңтар айы бойы келесі маңызды іс-шаралар өткізілді:

  • «Қазақстан» спорт кешенінде Барыс (Астана) – Спартак (Мәскеу) командалары арасында Континентальды Хоккей лигасы матчы өтті. Матчта Барыс 4-2 есебімен жеңіске жетті. Сондай-ақ,Барыстың «Медвешчак» Загреб, «Донбасс» Донецк, «Динамо» Минск, «Югра» Ханты-Мансийск командаларымен матчы өтті.




Похожие:

2014 жылғы қаңтар айына арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму icon2014 жылғы қаңтар-наурыз айларына арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму
Тұтыну бағаларының индексі (2013 жылғы желтоқсанмен салыстырғандағы 2014 жылғы наурызы)
2014 жылғы қаңтар айына арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму icon2014 жылғы қаңтар-сәуір айларына арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму
Тұтыну бағаларының индексі (2013 жылғы желтоқсанмен салыстырғандағы 2014 жылғы сәуірі)
2014 жылғы қаңтар айына арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму icon2014 жылғы қаңтар-мамыр айларына арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму
Тұтыну бағаларының индексі (2013 жылғы желтоқсанмен салыстырғандағы 2014 жылғы мамыры)
2014 жылғы қаңтар айына арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму icon2014 жылғы қаңтар айы бойынша Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының паспор т ы

2014 жылғы қаңтар айына арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму icon2014 жылғы қаңтар-мамыр айы бойынша Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының паспор т ы

2014 жылғы қаңтар айына арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму icon2014 жылғы қаңтар-ақпан айы бойынша Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының паспор т ы

2014 жылғы қаңтар айына арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму icon2014 жылғы қаңтар-сәуірі айы бойынша Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының паспор т ы

2014 жылғы қаңтар айына арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму icon2013-2017 жылдарға Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 27. 08. 2009 жылғы 1251 «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеудің Ережесін бекіту туралы»...
2014 жылғы қаңтар айына арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму icon2013-2017 жылдарға Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 27. 08. 2009 жылғы 1251 «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеудің Ережесін бекіту туралы»...
2014 жылғы қаңтар айына арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму iconӨскемен қаласының 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы
Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша 2012-2014 жылдарға арналған шығыстардың болжамды көлемдері
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kze.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы