2014 жылғы қаңтар-сәуір айларына арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму icon

2014 жылғы қаңтар-сәуір айларына арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму



Название2014 жылғы қаңтар-сәуір айларына арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму
Дата конвертации24.08.2014
Размер220.17 Kb.
ТипДокументы
источник



2014 жылғы қаңтар-сәуір айларына арналған

Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму

ҚОРЫТЫНДЫСЫ

АСТАНА

2014 жылғы қаңтар-сәуір айларына арналған

Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық

жағдайын сипаттайтын маңызды индикаторлардың тізбесі



Р/с№

Атауы

Көрсеткіштер


2013 жылдың тиісті кезеңіне %

1.

Өнеркәсіптік өнімнің (тауарлардың, қызметтердің) қолданыстағы бағадағы көлемі, млн. теңге

74 927,8

75,2

2.

Негізгі капиталға инвестициялардың көлемі, млн. теңге

113 449,7

102,3

3.

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі, млн. теңге

61 101,9

102,1

4.

Қаржыландырудың барлық көздері есебінен тұрғын үйді қолданысқа енгізу (шаршы метр)

314 090

118,8

5.

Бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің түсуі, барлығы

239 342,0

123,0

6.

Бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдер түсімі болжамының орындалуы, %

117,4

Х

7.

Бюджетке түсім бойынша бересі

7 669,4

69,2

8.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің белсенді саны, мың. бірлік.

56,9

117,4

9.

Тұтыну бағаларының индексі (2013 жылғы желтоқсанмен салыстырғандағы 2014 жылғы сәуірі), %

104,8

Х

10.

Бөлшек сауда айналымының жалпы көлемі

181 027,9

117,7

11.

Халықтың экономикалық белсенді санынан тіркелген жұмыссыздар үлесі, %

0,6

Х

12.

Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің мөлшері теңге (2014 жылдың сәуірі)

20 460

104,3

13.

Орташа айлық атаулы жалақы, теңге (2014 жылдың қаңтар-наурызы)

153 109

109,8


^ 2014 жылғы қаңтар-сәуір айларына арналған

Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы

туралы ақпарат
1. Өнеркәсіптің жағдайы
Астана қаласының өнеркәсіптік сектордың көпшілігін өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары (оның үлесі 70,6%-ды құрайды) және электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны салқындату (25,6%) құрайды. Сумен жабдықтау өнімі (тауарлар, қызметтер), кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау жүйесінің үлесіне 3,8%-дан келеді.

2014 жылғы қаңтар-сәуірде қаланың кәсіпорындары 74 927,8 млн. теңге сомаға өнім өндірді және өнеркәсіптік сипатта қызмет көрсетті, нақты көлем индексі (бұдан әрі - НКИ) 2013 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 75,2%-ды құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде 52 898,2 млн. теңге сомаға өнім (тауарлар, қызметтер) өндірілді, НКИ – 63,8%.

Шығарылатын өнім көлемінің азаюы өнеркәсіптің төмендегі салаларында байқалады:

- машина жасауда (үлес – 43,3%) 22 926,8 млн. теңгеге өнімдер шығарылды және қызмет көрсетілді, НКИ – 29,4%. Ресейде жиынтықтарды сатып алудың тоқтатылуынан (теңге бағдарының өзгеруі салдарынан) «Локомотив кұрастыру зауыты» АҚ («ҚТЖ ҰК" АҚ) локомотивтері шығарылымының 3,1 есеге қысқаруы есебінен. Сонымен қатар, сорғылар өндірісі 9,4%-ға ұлғайды.

- жиһаздан басқа ағаш және тығын өнімдері өндірісінде; сабаннан және өруге арналған материалдардан жасалған өнімдер өндірісінде 90,8 млн. теңге сомаға тауарлар өндірілді, НКИ85,7%.

Өзге де бейметалл минералды өнімдердің өндірісінде (үлес 26,8%) – 16,2%-ға, шығарылым көлемі ұлғайып, 14 192,6 млн. теңгені құрады: құрылыс ерітінділері – 1,6 есеге, бетон өндіру 18,5%-ға, құрама құрылымдардың элементтерін өндіру 13,2%-ға, плитка, плита, кірпіштер өндіру – 4,5%-ға ұлғайды.

Тамақ өнімдерін өндіруде (үлес – 12,6%) 6 682,9 млн. теңге сомаға өнім өндірілді, НКИ – 4,7%-ға ұлғайды. Өндіріс көлемінің өсуі шұжық өндіру – 25,5%-ға, макарон 14,1%-ға, сүт – 13%-ға ұн – 0,7%-ға орын алды. Сонымен қатар, нан өндірісі 7,7%-ға азайды.

Резеңке және пластмасса бұйымдарын шығаруда 3 686,2 млн. теңге сомаға тауарлар өндірілді, НКИ – 104%. Есік, терезе шығару 29%-ға құбырлардың – 12,4%-ға өсуімен байқалады. Сонымен қатар, преформалар шығарылымы – 11,4%-ға төмендеді.

^ Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны салқындату салаларында өнеркәсіптік сипатта 19 209,0 млн. теңге сомаға (НКИ – 120,2%) өнім өндірілді және қызмет көрсетілді, оның ішінде электр қуатын өндіру, ұсыну және таратуда – 12 606,2 млн. теңгеге (НКИ – 119,2%), газ тәрізді отынды өндіруде және таратуда – 93,4 млн. теңгеге (НКИ – 143,1%), бу беру және ауаны салқындату жүйесінде – 6 509,4 млн. теңгеге (НКИ – 114,4%) қызмет көрсетілді.

^ Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау жүйесінд 2 820,6 млн. теңгеге өнім өндірілді және қызмет көрсетілді, НКИ 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,7%-ға өсті.

Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – ҮИИД МБ) іске асыру аясында, өңірлік Индустрияландыру картасы бойынша 86,8 млрд. теңге сомаға 19 жоба іске асырылды, 3 100 жұмыс орны құрылуда. 2014 жылы 1 жоба – «Үй салу комбинатын салу» жобасын «GLB» ЖШС іске асыру жоспарлануда.

Индустриялық парк аумағында 180 млрд. теңгеден артық жалпы инвестиция көлемімен 49 инвестициялық жоба іске асырылуда, барлығы 60,3 млрд. теңге игерілді. Ағымдағы жылдың басынан бастап «Шина-логистикалық кешен» атты 1 жоба және «Кама» атты шинаны қавлпына келтіру жөніндегі өндіріс іске қосылды, жылдың аяғына дейін тағы 4 жобаны іске асыру жоспарлануда.
^ 2. Инновацияларды дамыту
Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде инновациялық қызметті дамыту, жаңа технологияларды енгізу және қалада индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру бөлігінде Астана қаласындағы инновациялық қызметті дамыту жұмысы жалғастырылуда.

Төмендегі бағыттар бойынша инновацияларды мемлекеттік қолдау құралдары іске асырылуда:

- технологиялық бизнес – инкубациялау;

- технологиялық аудит (технологиялық диагностика);

- технологиялар трансфертін сүйемелдеу;

- инновациялық қызметті информациялық жарықтандыру;

- технологиялық сүйемелдеу.

Ағымдағы жылы екі ірі жоба Өмір тіршілігін кешенді қамтамасыз ету жүйесін (ӨТКҚЖ) және Интеллектуалды көлік жүйесін (ИКЖ) іске асыру жоспарлануда.
^ 2. Көлік және байланыс
Автомобиль көлігі. Жалпы, бүгінгі күні қаланың көлік жүйесі жалпы ұзақтығы 946,1 км 952 көшеден тұрады. Оның ішінде асфальбетонды жабыны тек қана 658,6 км (70%) бар, 287,5 км (30%) қатты жабынсыз.

Астана қаласының қоғамдық көлігі мынадай: қала аумағында 8 компания қызмет етеді (оның ішінде 1 коммуналдық және 7 жеке), олар 50 бағдарға қызмет көрсетеді. Автопарктерде 890 автобус бар, күн сайын желіге 734 бірлік шығады. Қоғамдық көлікте сөткеде 750 мың жолаушы тасымалданады, сонымен қатар, ең жоғары көрсеткіш сөткеде 824 мың жолаушыны құрайды. Сондай-ақ, 570 бірлік жылжымалы құрамы бар 19 мамандандырылған таксомоторлық компания қызметін жүзеге асырады. Қалалық бағдарлық жүйенің ұзақтығы 2 320,1 км құрайды.

2014 жылы 74,67 км жолды салу, реконстуркциялау және жөндеу жоспарланады, оның ішінде: жаңа жол – 39,7 км; реконструкциялау – 7,78 км; тұрғын үй алаптарында жолдар – 27,19 км, жол жөндеу – 5 км.

Қалалық көлікпен 2014 жылдың каңтар-сәуірде 37 830,3 мың тонна жүк тасылды, бұл ретте жалпы жүк айналымы 2 513,6 млн. тонна/км-ді құрады. 2013 жылмен салыстырғанда тасылған жүк көлемі 8,8%-ға ұлғайды.

Автомобиль көлігімен есепті кезеңде 686,2 млн. жолаушы тасымалданды, оның ішінде қаланың көлік кәсіпорындары – 145,9 млн. адамды (21,3%), жеке кәсіпкерлерлер – 540,3 млн. адамды (78,7%) тасымалдады.

Қаланың байланыс кәсіпорындары 48 122,0 млн. теңге сомасына қызмет көрсетті, бұл салыстырмалы бағаларда 2013 жылмен салыстырғанда 9,2%-ға жоғары.

Байланыс қызметінен түсетін кірістер құрылымында ұялы байланыс 69,5%, Интернет 15,3%, қалааралық және халықаралық байланыс түрлері – 1,5%-ды, жергілікті телефон байланысы – 2,2%-ды, өзге де байланыс түрлері – 11,5%-ды құрайды.
^ 4. Энергетика және абаттандыру
Энергетика. Қала әкімдігі қаланың энергетикалық қауіпсіздігін іске асыру шеңберінде ЖЭО-1, ЖЭО-2жаңғырту және ЖЭО-3 жаңа энергия көзін салу жүргізілуде. 2013-2014 жылдары қаланың сенімді жылумен қамту үшін магистральдық жылу желілерін реконсрукциялау жүргізіліп жатыр, олардың жалпы ұзақтығы 18 км, бұл желілердің өткізу қабелеттігін 2 есеге арттыруға, желілердің тозуын 15% төмендетуге, жаңа тұтынушылардың орталықтандырылған жылумен жабдықтау желісіне қосылуын ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылы «ВЛ-220 сақинасы» 2-ші соңғы кезегін пайдалануға беру жоспарланады, оның шеңберінде 220/110кВ «Шыгыс» КС және ЖЭО-2 қосылумен 20 км артық электр желілері салынды.

Қалада Энергияны үнемдеу жөніндегі 2013-2015 жылдарға арналған кешендіжоспар іске асырылуда, ол энергетикалық жүйедегі жаңа менеджмент қағидаттарын, жылында 1500 тоннадан артық шарттық отын пайдаланатын кәсіпорындардың мемлекеттік энергетикалық тізілімін құруды, жылу энергиясын есепке алу аспаптарын, жылуды тұтынуды реттеудің автоматтық жүйелерін барлық жерлерде енгізуді қамтиды.

Функционалдық аймақтауды, демалыс аймақтарын ұйымдастыруды, заманауи демалыс объектілерін орналастырумен мәдени-спорттық және ойын-сауық қызметтерін кеңейтудің есебімен елорданың сәулет-көркем бейнесін жақсарту мақсатында мемлекеттік ботаникалық бақ, Есіл өзені бойындағы саябақтың құрылысы және қалалық саябақтың реконструкциясы жүргізілуде.
^ 5. Банк секторы
Астана қаласының банк жүйесі «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» мемлекеттік мекемесінің орталық филиалымен (бұдан әрі – Ұлттық банк), «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы, «Цеснабанк», «Forte Bank» тәрізді дербес банктермен, екінші деңгейдегі банктердің 32 филиалымен (бұдан әрі - ЕДБ) және олардың 166 құрылымдық бөлімшелерімен ұсынылады.

Қаланың қолма-қол шетел валютасы нарығында 2014 жылдың 1 сәуіріне ЕДБ 181 айырбастау пункті және Ұлттық банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізуге лицензиялары бар 62 уәкілетті ұйымның валюта айырбастау пункті жұмыс істейді.

ЕДБ-гі резиденттер депозиттерінің жалпы көлемі 2014 жылдың қаңтар-наурызында 2 156,8 млрд. теңгені құрады және 2013 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 3 есеге артты.

2014 жылдың қаңтар-наурызында ЕДБ берген несиелер көлемі 314,8 млрд. теңгені құрайды (2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,9 есеге артты), оның ішінде ипотека бойынша – 9,8 млрд. теңге
^ 6. Қаржылық-бюджеттік саланың жай-күйі
Салықтардың және өзге де міндетті төлемдер түсімдерін уақытылы қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласының әкімі 2012 жылғы 3 мамырда уәкілетті органдармен өзара іс-қимылды күшейту және Астана қаласының жергілікті бюджетіне түсетін түсімдерді арттыру жөніндегі 2012-2014 жылдарға арналған Іс-шаралар жоспарын бекітті.

^ Бюджетке түсім және төлем тәртібі. 2014 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша мемлекеттік бюджетке түскен түсім 139 611,8 млн. теңге болжамында 145 109,2 млн. теңгені, немесе болжамның 103,9 % құрады.

1-кесте

млн. теңге

Бюджетке түсімдер

^ 1.05.14 ж. болжам

1.05.14 ж.

факт

Орындау, %

Мемлекеттік бюджет, оның ішінде

203 870,8

239 342,0

117,4

республикалық бюджет

158 148,5

193 859,1

122,6

жергілікті бюджет

45 722,3

45 482,9

99,5

^ Салық төлемдері бойынша мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер, оның ішінде

193 023,2

225 792,9

117,0

республикалық бюджетке

153 055,2

184 544,8

120,6

жергілікті бюджетке

39 968,0

41 248,1

103,2

^ Салықтық емес төлемдер бойынша мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер, оның ішінде

5 723,1

11 658,6

в 2,0 раза

республикалық бюджетке

5 092,1

9 269,5

в 2,2 раза

жергілікті бюджетке

631,0

2 389,1

в 3,8 раза

2014 жылғы 1 мамырына бересі 7 669,4 млн. теңгені құрады, 2014 жылғы 1 сәуірдегі бересімен салыстырғанда (6 452,8 млн. теңге) 18,8%-ға ұлғайды. Жетіспеушіліктің ұлғаюы декларациялар, салықтық тексерулер, камеральды бақылау бойынша аударымдарға байланысты болды.

Қала бюджеті. Астана қаласының түзетілген бюджетінің жалпы көлемі 2014 жылдың 1 мамырына 375 477,4 млн. теңгені құрады, бекітілген бюджетке өсім 38 268,8 млн. теңге, оның ішінде түсімдер бойынша: меншікті табыстар бойынша – 141 202,6 млн. теңге; республикалық бюджеттен берілген трансферттер – 218 286,0 млн. теңге; қарыз – 5 200 млн. теңге; субвенция мөлшері – 4 140,7 млн. теңге, еркін қалдықтар – 6 648,1 млн. теңге.

Бюджеттің жалпы құрылымында Астана қаласының объектілерін дамытуға 209 934, млн. теңге жұмсалды.

Әлеуметтік салаға шығыстар 114 629,2 млн. теңгені немесе 2014 жылғы бюджеттің 31%-ын құрады.
^ 7. Инвестициялардың жай-күйі
Талданып отырған кезеңде қаланың негізгі капиталына 113 449,7 млн. теңге инвестиция немесе 2013 жылдың тиісті кезеңіне 102,3% салынды. Инвестициялардың республикалық көлемінде Астана қаласы үлесі 8,6%-ды құрады (2013 жылдың қаңтар-сәуірінде 8,6%).

Қарастырылып отырған кезеңде инвестициялар салудың негізгі көздері 58 542,1 млн. теңге сомасындағы немесе жалпы көлемнің 51,6% шаруашылық етуші субъектілердің жеке қаражаты болып табылады. Мемлекеттік бюджет үлесі 31,3%.

2-кесте

Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға

инвестициялар құрылымы

Көздер

2014 жылдың қаңтар-сәуірі

млн. теңге

қорытындыға %

^ Негізгі капиталға инвестиция, барлығы,

оның ішінде:

113 449,7

100,0

мемлекеттік бюджет

35 468,5

31,3

меншікті

58 542,1

51,6

банктердің несиелері

одан:

6 156,9

5,4

шетелдік бактердің несиелері

349,3

0,3

басқа да қарыз

одан:

13 282,2

11,7

резидент еместердің қарыз қаражаттары

611,6

0,5


Салымдардың негізгі құрамдас бөлігі ғимараттар мен құрылыстарды салу және күрделі жөндеу жұмыстары болып табылады, олардың үлесіне 61,8% немесе 70 063,3 млн. теңгеден келеді. 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда НКИ 111,4%-ды құрады.

Машиналар мен жабдықтарды, құрал-саймандарды және керек-жарақтарды сатып алуға инвестицияның жалпы көлемінің 35,5% келеді, бұл 2013 жылдың қаңтар-сәуіріне қарағанда 7,4%-ға аз.

Есепті кезеңде қаланың кәсіпорындары, ұйымдары және халқы жалпы ауданы 314 090 шаршы метр (оның ішінде пайдалы ауданы – 211 229 шаршы метр) тұрғын үйлер салды және пайдалануға берді, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 18,8%-ға артық. Тұрғын үйдің негізгі көлемін кәсіпорындар, жеке меншік нысанындағы ұйымдар мен халық енгізді.

Барлығы тұрғын үй құрылысына 24 897,2 млн. теңге жұмсалды, бұл 2013 жылдың салыстырмалы кезеңінен 45,2%-ға жоғары.
^ 8. Сауда және сыртқы сауда айналымы
Ішкі сауда.

2014 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша бөлшек сауда айналымының көлемі іске асырудың барлық арналары бойынша 181 027,9 млн. теңгені құрады және өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда салыстырмалы бағада 17,7%-ға ұлғайды. Шағын кәсіпорындар 41 618,7 млн. теңге сомасына тауарлар мен қызметтерді сатты, бұл сауда кәсіпорындарының тауар айналымының жалпы көлемінің 33,4%-ын құрайды. Орта және ірі кәсіпорындардың қызметінен бөлшек тауар айналымы 83 075,5 млн. теңгені құрады, оның ішінде тауар айналымының жалпы көлеміндегі орта кәсіпорын үлесі – 37,8%-ды, ірі 28,8%-ды құрады.

Қаланың нарығындағы жеке кәсіпкерлер 56 333,7 млн. теңге сомасына тауар сатты, бұл 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 14,6%-ға жоғары.

^ Сыртқы сауда. Кедендік статистиканың деректері бойынша Астана қаласы сыртқы сауда айналымының көлемі (Кеден одағы елдерін есептемегенде) 2013 жылдың қаңтар-наурызында 1 750,1 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2013 жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда 12,5%-ға артық.

Экспорттық жеткізілімдер 1 249,9 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 22,3%-ға көп.

2013 жылдың қаңтар-наурызында экспортта үлесті салмаққа ие негізгі тауар топтары бойынша экспорттық жеткізілімдер көлемі: минералды өнімді сату көлемі – 22%ға; мал және өсімдік шарушылық өнімдері – 23%,-ға өсті Сонымен бірге, машина, құралдар, көлік құралдарын, құрал-жабдық және аппараттар шығару – 2,3 есеге, металл және одан жасалған бұйымдар 20 есеге азайды.

Импорттық жеткізілімдер 500,2 млн. АҚШ долларын құрады және 6,2%-ға азайды.

Импорттық түсімдерде машиналарды, құрал-жабдықтарды, көлік құралдарын, құралдар мен аппараттарды тасу басым болып табылады, олардың көлемі 240,7 млн. АҚШ долларын құрады (14,8%-ға аз). Минералды өнімдерінің импорты 2,3 есеге, химиялық өнімдерді және онымен байланысты өнеркәсіптік салалары – 14,7%-ға азайды
^ 9. Шағын және орта бизнес мониторингі
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің көлемі 2013 жылдың тиісті кезеңіне 17,4% өсумен 56,9 мың бірлікті құрады.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мақсатында Әкімдік «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын іске асыруда. 2014 жылдың 1 мамырдағы жағдай бойынша Астана қаласының Үдемелі индустриялық даму жөніндегі үйлестіру кеңесі 28 жобаны, оның ішінде, банктердің/ лизингтік компаниялар несиелерінің пайыздық мөлшерін субсидиялау бойынша несиелік желінің жалпы сомасы 5 362,8 млн. теңгеге 27 жоба (оның ішінде жалпы сомасы 82,6 млн. теңгеге сомасына несиені кепілдендіру бойынша 5 жоба), және жалпы сомасы 261,1 млн. теңгеге инфрақұрылымды дамыту бойынша 1 жоба мақұлданды.

2014 жылдың 17 наурызынан бастап «Бизнестің Жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде өз бизнес-идеяларын іске асыруды жоспарлаған жеке кәсіпкерлік субъектілеріне, жас кәсіпкерлерге, әйелдер мен мүгедектерге және 50-ден асқан адамдарға грант ұсынуға өтінім қабылдау басталды.

ЕДБ-ің шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру көлемі 2013 жылдың қаңтар-ақпанында 53,9 млрд. теңгені құрап 3,4 есеге өсті.
^ 10. Тұтыну бағаларын талдау

2-кесте

Астана қаласы бойынша тұтыну бағаларының индексі

Атауы

2014 жылдың сәуіріне қарағанда 2013 жылдың желтоқсаны, %

2014 жылдың сәуіріне қарағанда 2014 жылдың наурызы, %

Барлық тауарлар мен қызметтер

104,8

100,8

оның ішінде:







азық-түлік тауарлары

106,7

101,8

азық-түлік емес тауарлар

102,8

100,2

ақылы қызметтер

104,5

100,0

Анықтама:

2013 жылдың сәуірінде күнкөріс минимумының шамасы 20 460 теңгені құрады, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 4,3%-ға өсті.

Бір жұмысшыға орта және ірі кәсіпорындар бойынша орташа айлық жалақы 2013 жылдың қаңтар-наурызында 153 109 теңгені құрады және бұл 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9,8%-ға көбірек.

Астана қаласы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде елордада көкөніс қоймаларын және жылыжай салу жөніндегі жобалар іске асырылуда. Бүгінгі күні қала аумағында жалпы сақтау көлемі 21 850 тоннаны құрайтын 5 көкөніс қоймасы және қуаттылығы жылында 2 500 тонна құрайтын 2 жылыжай кешені бар.

Желіні кеңейту үшін сақтау көлемі 12 000 тоннаны құрайтын 2 көкөніс қоймасының және қуаттылығы 3 650 тоннаны құрайтын 1 жылыжай құрылысы жүргізілуде. Бұдан басқа, жобалау сатысында жалпы көлемі 27 800 тоннаны құрайтын 4 көкөніс қоймасы және жылына 5 200 тонна жылыжай өнімін өндіретін 3 жылыжай жобалау сатысында.

ҚР Үкіметі өткізген ұлттық валюта бағдарын түзетуден кейін инфляциялық үрдістерді жоспарланған коридорда ұстап қалу үшін және азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз жоғарылауын болдырмау үшін қала әкімдігі мына шараларды қабылдауда:

- сауда ұйымдарының басшыларымен, жергілікті өндірушілермен және азық-түлік тауарларын жеткізушілермен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен азық-түлік тауарлары мен жалдау қызметтері бағаларының негізсіз өсуін болдырмау бойынша мәжілістер өткізілді;

- өңірдердің әкімдіктерімен өндірілетін өнімнің елордаға үздіксіз әкелінуін қамтамасыз ету және көлемдерін ұлғайту мәселесі пысықталды;

- азық-түлік тауарларын сатуды жүзеге асыратын ірі сауда объектілеріне мониторинг жүргізілуде;

- тұрақтандырушы қор өнімінің тауарлық интервенциялары белсендендірілді. Тұрақтандыру қорының өнімі 21 әлеуметтік дүкен, «Рамстор» мен «Астықжан» арқылы нарықтық бағадан 15-20% төмен бағалар бойынша сатылады;

- нарықтармен және сауда желілерімен өндірушілерге қосымша сауда орындары мен алаңдар беру жөнінде мәселе пысықталды;

- Астана қаласының астық өңдейтін кәсіпорындардың мемлекеттік қорларынан тіркелген баға бойынша астықты жеткізу жолымен Ауыл шаруашылығы министрлігімен нысанды нан мен 1-ші сұрып ұннан жасалған нан бағасын тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы меморандумға қол қойылды;

- «Ортақы Азиялық қант компаниясы» ЖШС Астана қаласына қантты үздіксіз жеткізу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.
^ 11. Әлеуметтік сала
Халықты жұмыспен қамту.

Елорданы дамытудың әр түрлі жобаларын іске асыру қосымша жұмыс орындарын құруға ықпал етеді. Есепті кезеңінде 5 928 жаңа жұмыс орны құрылды, бұл 2013 жылға қарағанда 30 орынға аз. Оның ішінде шағын бизнес саласында 4 321 орын құрылды.

4 039 адам жұмыс іздеп жұмыспен қамту органдарына өтініш білдірді. Жүгінген азаматтардың жалпы санының 64,6%-ы әйелдерді құрайды, 14-29 жас аралығындағы жастар – 48,1%. Барлығы есепті кезеңде 1 175 адам жұмыспен қамтылды (2013 жылы – 573 адам).

Ақылы қоғамдық жұмыстарға 1 015 адам жіберілді, соның ішінде қатысқаны – 898, «Жастар тәжірибесі» бойынша 183 адам жіберілді – 174 қатыст, кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарына 294 адам жіберілді.

Жұмыспен қамту - 2020 бағдарламасы шеңберінде 121 адам жұмысқа тұрғызылды.

2013 жылы тіркелген жұмыссыздық деңгейі – 5,5% (2012 жылы – 5,7 %).

2014 жылдың 1 мамырдағы жағдай бойынша жұмыссыздар ретінде 2 775 адам тіркелді.

Білім. 2014 жылдың 1 мамырдағы жағдайы бойынша Астана қаласының білім жүйесі 289 білім беру мекемесінен тұрады.

^ Мектепке дейінгі білім беру

Балабақшалардың жалпы саны - 148 (оның ішінде мемлекеттік балабақшалар - 80, жеке меншік – 66, ведомстволық – 2).

3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды «Балапан» бағдарламасы бойынша қамту - 63%.

Орын тапшылығы қазіргі уақытта 34 000 орынды, оның ішінде 3 жастан 6 жасқа дейін орын тапшылығы 27 395 орынды құрайды, сонымен қатар, мектепке дейінгі ұйымдарға кезекте тұрған балалардың жалпы саны - 73 000.

^ Орта білім беру.

Барлығы қалада 94 712 оқушысы бар 84 объект қызмет етеді, оның ішінде мемлекеттік мектеп - 72, жеке меншік - 12.

Үш ауысыммен оқу 5 мектепте сақталып отыр, оқушылар орнының тапшылығы - 23 245.

^ Техникалық және кәсіптік білім беру

Техникалық және кәсіптік ұйымдардың жалпы саны 35 ұйымды құрайды, студенттердің жалпы контингенті - 29 859, оның ішінде 12 - мемлекеттік колледж, 23 - жеке меншік колледж.

Негізгі білім беру объектілерінен басқа, 13 қосымша білім беру мекемесі әрекет етеді, қосымша біліммен және оқудан тыс қызметпен қамту 69%-ды құрайды.

^ Денсаулық сақтау. Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы жүйесінде 34 медициналық ұйым қызмет етеді, оның ішінде: 14 аурухана ұйымы, 11 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымы, 1 қалалық жедел жәрдем станциясы, 6 өзге және 2 білім беретін медицина ұйымы.

Бұдан басқа, қала тұрғындарына республикалық маңызы бар 9 аурухана, 1 Республикалық диагностикалық орталық, 7 ведомстволық мекеме оның ішінде 4 ауруханалық және 3 емханалық, жеке меншік нысанындағы 2 аурухана ұйымы және 8 амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін жеке меншік мекеме қызмет көрсетеді.

Стационарлық алмастыру көмегін көрсететін медицина ұйымдарының саны есепті кезеңде – 42 (37 қалалық және 5 республикалық клиника).

Денсаулық сақтау саласында қабылданатын шаралар туу көрсеткішінің 1000 адамға шаққанда 2013 жылғы 25,45–тен 27,09 дейін жетуге мүмкіндік тудырды, 1000 адамға шаққандағы жалпы өлім 2013 жылғы 4,53-ден 4,21-ге дейін, бала өлімі – 1000 жаңа туған балаға шаққанда 9,0-дан 8,4-ке дейін, туберкулез ауруының алғашқы белгісімен ауыру – 100 мың адамға шаққанда 2013 жылғы 103,2-ден 60,4-ге дейін жеткізуге мүмкіндік туды.

2014 жылы қала емханаларыннан жүктемені төмендету мақсатында сол жақ жағалауда 500 орынға арналған амбулаторлық – емханалық кешенді, сондай-ақ, Ильинка кентінде және Досмұхамбетов көшесінде емханаларды пайдалануға беру жоспарлануда.





Похожие:

2014 жылғы қаңтар-сәуір айларына арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму icon2014 жылғы қаңтар-мамыр айларына арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму
Тұтыну бағаларының индексі (2013 жылғы желтоқсанмен салыстырғандағы 2014 жылғы мамыры)
2014 жылғы қаңтар-сәуір айларына арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму icon2014 жылғы қаңтар-наурыз айларына арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму
Тұтыну бағаларының индексі (2013 жылғы желтоқсанмен салыстырғандағы 2014 жылғы наурызы)
2014 жылғы қаңтар-сәуір айларына арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму icon2014 жылғы қаңтар айына арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму
Тұтыну бағаларының индексі (2013 жылғы желтоқсанмен салыстырғандағы 2014 жылғы қаңтары)
2014 жылғы қаңтар-сәуір айларына арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму icon«2011 жылдың қаңтар-наурыз айларына Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы»
Жылдың қаңтар-наурыз айларына қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындарымен 91,5 млрд теңге сомаға немесе ұқсас кезеңге 136,6 өнім өндірілді....
2014 жылғы қаңтар-сәуір айларына арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму icon2014 жылғы қаңтар айы бойынша Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының паспор т ы

2014 жылғы қаңтар-сәуір айларына арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму icon2014 жылғы қаңтар-мамыр айы бойынша Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының паспор т ы

2014 жылғы қаңтар-сәуір айларына арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму icon2014 жылғы қаңтар-сәуірі айы бойынша Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының паспор т ы

2014 жылғы қаңтар-сәуір айларына арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму icon2014 жылғы қаңтар-ақпан айы бойынша Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының паспор т ы

2014 жылғы қаңтар-сәуір айларына арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму icon2013-2017 жылдарға Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 27. 08. 2009 жылғы 1251 «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеудің Ережесін бекіту туралы»...
2014 жылғы қаңтар-сәуір айларына арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму icon2013-2017 жылдарға Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 27. 08. 2009 жылғы 1251 «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеудің Ережесін бекіту туралы»...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kze.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы