«Жаңа төраға жұмыс сапарымен Жезқазғанда болды» icon

«Жаңа төраға жұмыс сапарымен Жезқазғанда болды»



Название«Жаңа төраға жұмыс сапарымен Жезқазғанда болды»
Дата конвертации21.10.2012
Размер204.06 Kb.
ТипДокументы
источник

«Сарыарқа» басылымы

2009 жылдың 10 шілдесі, № 73

Авторы: І. Белгібай


«Жаңа төраға жұмыс сапарымен Жезқазғанда болды»


Сәрсенбі күні қаламызға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша басқарма бастығы-тәртіптік кеңес төрағасы Ермағанбет Қабдолаұлы Бөлекпаев жұмыс сапармен келді. Аталмыш құзырлы орынға тақауда тағайындалған төраға өзінің алғашқы сапарын Жезқазған-Ұлытау аймағынан бастады. Ол әуелі қаламыздағы халыққа қызмет көрсету орталығында болып, оның жұмыс барысымен танысты. Бұдан соң қала әкімдігінің мәжіліс залында қалалық мемлекеттік мекемелердің, бөлімдердің басшыларымен кездесті. Ал, сағат 11.00-де «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясы қалалық филиалының ғимаратында қала тұрғындарын қабылдап, өтініш-тілектерін тыңдады.

Қала әкімдігінде өткен кездесуді қала әкімі Қанат Балмағамбетов ашып, мекеме, бөлім басшыларына мейманды таныстырып, оның жұмыс сапары жайлы қысқаша баяндап берді.

Бұдан соң Ермағанбет Бөлекпаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша басқармасы мен тәртіптік кеңестің жұмыс барысы жайлы хабарлама жасады.

Бүгінгі ұрпақ үлкен тарихи кезеңді бастан өткізуде. Олардың алдында жаңа, бәсекеге қабілетті Қазақстан мемлекетін құрудың зор да жауапты міндеттері тұр. Оның берік негізі де қалануда. Берік, дамыған экономикамыз, қалыптасқан саяси жүйе бар. Бізді әлемнің барлық елдері біледі. Мұның бәре миллиондаған қазақстандықтардың еңбегі, елімізді жарқын болашаққа бастаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының нәтижесі.

Еліміздің осындай биік белестерден көрінуіне жүз мыңдаған мемлекеттік қызметкерлердің де қосып отырған үлесі қомақты. Елбасының көрегенді саясатын басшылыққа ала отырып, Қазақстанның даму стратегиясын жүзеге асыруда олар аянбай тер төгуде.

Өз сөзін осылай ресми түрде бастаған төраға бұдан әрі мемлекеттік қызметкерлерге жүктелген міндеттер мен оны жүзеге асырудағы атқарылып жатқан ауқымды істерге кеңінен тоқталды. Әрине, оларға қойылар тәртіп пен талап та назардан тыс қалған жоқ. Әсіресе, мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігі, жұртшылықпен жұмыс тәсілі, тәртібі терең талданды.

- Бүгінде мемлекеттік қызметкерлерге жұмыс істеуге барлық жағдай жасалынған... Соған сәйкес оларға қатаң талап та қойылып, тәртіптері де қатаң бақылауға алынуда, - деді тәртіптік кеңес төрағасы.

Кездесуде мекеме, бөлім басшылары өздерін толғандырған сауалдарын да қойды. Оның дені мемлекеттік қызметкерлерді жиі аттестациялау, мемлекеттік мекемелерге жиі тексерістер жасауға келіп сайды. Бұлардың бәрі жұмысқа қолбайлау, кедергі келтіретінін де айтты.

Төраға бұл айтылғандарға байыппен жауап берді. Қызметкерлерді жиі аттестациядан өткізу олардың біліктілігін шыңдайтынын, сол арқылы мемлекеттік қызметте нағыз лайықты жандардың іріктелетінін тілге тиек етті...

Сағат 11.00-де тәртіптік кеңес төрағасы Ермағанбет Бөлекпаев «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалында жеке сұрақтары бойынша қала тұрғындарын қабылдады. Олардың бірі өздерінің мемлекеттік қызметке келгісі келетінін айтып, соның жолын сұраса, енді бірі бүгінде күрделі мәселеге айналған тұрғын үй, әлеуметтік мәселелерді тілге тиек етті...

... Тәртіптік кеңес төрағасы кейбір сауалдарға қатысты мәселелерді тиісті құзырлы орындарға да жеткізетінін айтты.


«Арна Қарағанды» басылымы 2009 жылдың 31 қазаны, № 10

Авторы: Д. Рахымберлі

«Кадр саясаты басты назарда»


Үстіміздегі жылдың 20 қазанында Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін артыру аймақтық оқыту орталығының базасында, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша басқармасының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік қызметтің кадр саясатының жетістіктері мен іске асыру механизмдері» тақырыбындағы облыстық семинар өз деңгейінде өтті. Алқалы жиналыстың мақсаты: әкімшілік реформаның іске асыру бағыттарын түсіндіру, мемлекеттік қызмет туралы және жемқорлыққа қарсы күрес заңналарын орындаудағы кадрлық жұмысқа талдау жасау, алдағы уақытқа міндеттерді айқындау. Семинарға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Қарағанды облысы бойынша басқарма өкілдері, облыс әкімі аппаратының, Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру аймақтық оқыту орталығының өкілдері, қала және аудан әкімдерінің аппараттарының, облыстық атқарушы органдардың конкурстық, тәртіптік, аттестациялық және жұмыс өтілін есептеу комиссияларының төрағалары қатысты. Жиналысты ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша басқарма бастығы-Тәртіптік кеңестің төрағасы Ермағанбет Бөлекпаев ашып, жүргізіп отырды. Ол өз сөзінде басқарманың 2009 жылдың 9 айы ішінде атқарылған жұмысына тоқталып, мемлекеттік қызметшілердің қызметіне жауапкершілігін және тәртібін арттыру мәселелеріне баса назар аударды. Бұдан кейін сөз алған ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша басқарма бастығының орынбасары Қайыржан Токушев мемлекеттік қызметшілердің кадр саясатын заңнамаларға сәйкес жүргізудің жолдары, өз жұмысына жауапкершілік, кәсіби шеберлігі, қоғам алдындағы міндеті, мемлекеттік қызметтің имиджі, тестілеу жүйесін дұрыс өткізу жолдарына ерекше тоқталып, облыстық мемлекеттік мекемелерде осы мәселелерді дұрыс қадағалап жүргізуді баса айтты... ... Сөз түйінінде мемлекеттік қызметшілердің ой өрісі кең, білімді және білікті болуы қажет екендігі әрқашанда басты назарда болуы. Жиын соңында мекеме басшылары өздерін толғандырған сауалдарын қойып, нақты да қанағаттанарлық жауаптар алды. Осындай маңызды да пайдалы алқалы жиынның өткеніне қатысушылар алғысын білдірді.

«Шет шұғыласы» басылымы

2009 жылдың 9 шілдесі, № 29

Авторы: Б.Тойшыбек


«Мемлекеттік қызмет – мерейлі міндет»


Өткен жұмада ауданымызда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша басқармасының Шет ауданының мемлекеттік органдарына практикалық және әдістемелік көмек көрсетуге бағытталған ашық есік күні болып өтті.

Қызметкерлердің сапалық құрамын, олардың кәсіптік деңгейін ұстау, сондай-ақ, қоғам алдында қойылған стратегиялық және тактикалық мәселелердің жоғары кәсіптік деңгейде шешілуін қамтамасыз етуге қабілетті қызметкерлердің жаңарып тұруы мен сақтау үрдістерін парасаттылықпен үйлестіру кадр саясатының негізі екені белгілі. Мемлекеттік қызметшілерге жүктелер жауапкершілік қашанда зор.

Практикалық әдістемелік көмек көрсетуге бағытталған ашық есік күніне аудан әкімінің аппараты, ауданның жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме басшылары, ауыл округтері мен кенттер әкімдері, кадр мәселесімен айналысатын мамандары шақырылды. Сондай-ақ ашық есік күніне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары Қайыржан Токушев, басқарманың бөлім бастығы Гүлнар Ахметова, басқарманың консультанты Ләззат Қасымова мен Айдын Шахмерденов қатысып, практикалық-әдістемелік көмек көрсетті.

Түске дейін ауданның мемлекеттік органдарында болып, іс-қағаздарын, құжаттарды жүргізу барысымен танысып, тиісті жұмыстар жүргізіп, практикалық көмектер көрсетті.

Практикалық және әдістемелік көмек көрсетуге бағытталған ашық есік күнінің Пленарлық бөлімін аудан әкімі Қ.К. Тілеубергенов ашып жүргізіп отырды.

- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша басқармасы қызметкерлерінің жүргізген тексерістері одан кейін біздің сұрауымыз бойынша арнайы келіп практикалық және әдістемелік көмек көрсетіп жатуы, аудандағы мемлекеттік органдарда құжаттардың ретке келіп, лауазымды тұлғалардың мемлекеттік міндеттерді жүзеге асыруда жауапкершіліктердің бірқатар арта түсуіне септігі тиеді деп білеміз. Бүгінгі практикалық және әдістемелік көмек көрсету бағытындағы ашық есік күні облыс аумағында бірінші рет өткізіліп отыр. Бұл игі бастама бұдан әрі сәтті жалғасын тауып жатса, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруға зор көмегі болмақ,- деді аудан әкімі.

Мұнан кейін облыстық басқарма бастығының орынбасары Қ.А. Токушев ауданның мемлекеттік бөлімдерінде жүргізілген практикалық және әдістемелік жұмыстары бойынша хабарлама жасап, құжаттарды жүргізудегі олқылықтарды, құжатты қалай толтыру керектігін кең көлемде түсіндіре келіп, «Мемлекеттік қызмет туралы» екі томдық пен слайд түсірілген дискеттік нұсқамаларын аудан әкіміне табыс етті.

- Біздің міндетіміз мемлекеттік қызметшілерді жазалау емес, оларды сыбайлас жемқорлыққа алып барар әдеттерден, теріс іс-әрекеттерден сақтандыру, ескерту, тәрбиелеу. Сол себепті біздің тікелей бағынатын Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің осы жылғы стратегиялық жоспарында бұл бағыттар кеңінен қамтылған. Осы бағыттарды іске асыру жолында бар күш-жігерімізді аямай қызмет атқаратын боламыз,- деді.

Мұндай дискеталық нұсқалар барлық ауыл, кент әкімдеріне таратылып, күнделікті жұмыстарында пайдаланатын болады. Оның өз кезегінде мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруға көмегі зор болатыны анық.


«Ұлытау өңірі» басылымы

2009 жылдың 11 шілдесі, № 29


«Тәртіптік кеңес төрағасымен кездесті»


Аудан орталығындағы мекеме, кәсіпорын, бөлім басшыларымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша басқарма бастығы-тәртіптік кеңестің төрағасы Бөлекпаев Ермағанбет Қабдолаұлы кездесті.

Кездесу жиналысын аудан әкімі Жаңбырбай Әбжәметұлы Дәрібаев ашты. Тәртіптік кеңес төрағасы Е. Бөлекпаев қызмет этикасын, Ар-намыс кодексін сақтау жөнінде келелі кеңестер беріп, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Кездесу жиналысын аудан әкімі қорытып, уақыт бөліп, ауданға келіп, келелі кеңестер берген тәртіптік кеңес төрағасына аудан халқы атынан ризашылық білдірді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша басқарма бастығы-тәртіптік кеңестің төрағасы «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында болып, жеке қабылдау өткізді.


«Балқаш өңірі» басылымы

2009 жылдың 31 шілдесі, № 90-91

Авторы: Н.Кәрім


«Мемлекеттік қызметкерлердің мәселесі қаралды»


27 шілде күні қала әкімдігінде мемлекеттік қызметкерлердің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша басқарма бастығы-тәртіптік кеңестің төрағасы Ермағанбет Бөлекпаевпен маңызды кездесуі өтті. Кездесуге қала әкімі Қадыржан Тейлянов, қалалық мәслихат хатшысы Ирина Сторожко, қала әкімінің орынбасарлары Қайрат Ыбыраев, Жұмабек Нысанғалиев, Людмила Түкбаева, сондай-ақ, 200-ден аса мемлекеттік қызметкер қатысты.

Алқалы жиында алғашқы болып сөз алған қала әкімі мәселенің анық-қанығына тоқталып, қаламызға арнайы келген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша басқарма бастығы-тәртіптік кеңестің төрағасы Ермағанбет Бөлекпаевқа сөз ұсынды. Қарағанды облысының өңіріндегі бірнеше қалаларында кездесу өткізген Ермағанбет мырза келген сапарының мән-жайын былайша түсіндірді:

- Бүгінгі кездесуімнің себебі, қазіргі уақытта агенттікте мемлекеттік қызметкерлер арасында қандай қызметтер жүргізіліп жатыр, енген өзгерістер туралы, сонымен қатар, мемлекеттік қызметте жүрген адамдармен танысып, көкейде жүрген түйінді түйткілдерін шешу. Мемлекеттік қызметкер алдына келген адаммен, қандай-да қарым-қатынасын түзеу, мойнына жүктелген міндетті тиянақты түрде қалтқысыз атқару орындалысы мазмұнды болмақ... Жекелеген сұрақтарды «Нұр Отан» партиясының Балқаш қалалық филиалы арқылы қараймыз. Мен жалғыз Балқаш қаласына тоқталған жоқпын. Көптеген облыс аумағындағы қалаларда туындаған мәселелердің мән-жайын қарадық. Енді, осы Балқаш қаласының мемлекеттік қызметкерлерінің өздерімен, жұмыс баптарымен танысатын боламыз, - деді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша басқарма бастығы-тәртіптік кеңестің төрағасы Ермағанбет Бөлекпаев.

Жиналыста мемлекеттік қызметкерлер тарапынан қысқарту мен жас мамандарға тұрақтайтын тұрғын-үй беріле ме? деген сұрақтар қойылды. Жас мамандарды тұрғын-үймен қамту турасында қала әкімінің орынбасары Жұмабек Нысанғалиев былайша жауап қайырды.

- Жас мамандарға тұратын мекенжай қарастырылған. Биыл біз сұраныс жасап, тапсырыс бердік. Бюджетте 20 миллион қарастырылған. Алла бұйыртса, келер жылы жас мамандарға арналған 20 пәтер құрылысын бастаймыз,- деп қала әкімінің орынбасары Ж.Нысанғалиев жақсы жаңалығын жеткізді. Бұл да біз үшін сүйіншілі жаңалық екені белгілі...


«Орталық Қазақстан» басылымы

2009 жылдың 11 тамызы, № 120

Авторы: С. Жанысбай


«Жер дауы және...»


Облыстық тәртіптік кеңестің басшысы Ермағанбет Бөлекпаевтың төрағалығымен өткен кезекті мәжілісте үш мәселе қаралды. Әуелі облыстық мәдениет басқармасының бастығы Рымбала Омарбекова, қазынашылық департаментінің директоры Күмісбек Ақышев, сыбайлас жемқорлықпен күрес және мемлекеттік қызмет туралы заңнамалардың, мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексінің орындалысы туралы есеп берді. Есептер ешқандай ескертусіз қабылданды. Өйткені, бұл ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тазалықты сақтау және тәртіп жөніндегі шаралар кешені үнемі жүргізіліп тұрады.

Бұдан соң ең қызығы басталды. Тәртіптік кеңестің мүшесі Гүлнара Құрбанбаева Қаражал қаласының маңында жер телімін пайдалану құқығын берумен байланысты түйіні қиын мәселенің мазмұнын баяндады. Оқиға былай болған екен. Сонау 2007 жылы 25 мамырда қала әкімінің қаулысымен жеке кәсіпкер Асқарбековке Жүндіоба және Сарыоба тауларының етегінен жалпы ауданы 600 га жер телімі беріледі. Сонау арғы атасы Асқарбек мал бағып, қоныс еткен осы жердегі бұлақтың басына үй салып, шаруа шаруашылығын ұйымдастыруды мақсат етеді. Бірақ ол осы жерге мемлекеттік актіні ала алмайды. Әуелі Қаражал қаласының әкімдігінің «Жер қатынастары бөлімі» ММ, одан соң «Караганда НПЦ зем» ЕМК Жезқазған филиалы әуре-сарсаңға салғандығы сондай, осы жердің шекарасының қай жерден басталып, қай жерден аяқталатынын өздері де білмей қалады.

Өйткені, 2008 жылы бұл жердің жартысына осы қаланың тұрғыны Тоқабаев ие болып шыға келеді. Ол Қаражал қаласы әкімдігінің көмегімен тұрғын үй деген атпен осы жер теліміндегі есік-терезесі жоқ тас қораны жария етуге тырысады. Бірақ әкмідік жанынан құрылған комиссия оны жария етуден бас тартады. Ал олар даулы телімнің шекарасын анықтаған жоқ, нақты жерге орналастыру жобасын берген жоқ. Сондықтан Асқарбеков пен Тоқабаев арасындағы дау Қаражалдан асып, облысқа жетті.

Тәртіптік кеңестің мәжілісінде сөйлеген қалалық жер қатынастары бөлімінің бастығы Е. Бейсембаев та, Қаражал қаласының әкімі Ғ. Мұқашев та мардымды ештеңе айта алмады. Ал, асқарбеков болса, өз сөзінде жердің бір бөлегін рәсімдегенін, қазір онда мал бағып жатқанын айтады. Дегенмен, жердің бір бөлегі даулы болғандықтан шаруашылықты тұтастай жүргізуге кедергі келтіруде. Ол талай табалдырық тоздырғанымен, осы жердің өзіне бөлінгендігін әлі күнге дейін түсіндіре алмауда.

Тәртіптік кеңестің мүшелері дауды әділ қарауға тырысып бақты. Екі жер пайдаланушы арасындағы дау сот алдына да барған. Бірақ жергілікті сот органдары оны әкімдіктің өзінің шешуіне жолдаған. Содан барып дау бұрынғыдан да өршіп, бюрократтық-нормативтік тұйыққа барып тірелген. Соның салдарынан «Караганда НПЦ зем» мамандары өздерінің бастаған істерін аяқтай алмай отыр. Оған Қаражал қаласы жер қатынастары бөлімі шенеуніктерінің әрекеттері себеп болуда.

Әлі күнге дейін даулы телімдегі жайылым мен шабындықтың нақты шекарасы белгіленбеген. Дауласушы тараптардың қолындағы сызбалар мен карталар әр түрлі. Яғни, қағазда бір түрлі, ал нақты өмірде, тау етегінде ол бір түрлі, бірімен-бірі сәйкес келмейді. Тіпті Қаражал қаласы жер қатынастары бөлімінің бастығы Е. Бейсембаев дайындап, әкімнің бұрынғы орынбасары қол қойып, жер қатынастары жөніндегі облыстық басқарманың бастығы О. Төреғожинның атына жазылған хатта Қаражал қаласы әкімінің қаулысы негізінде «Караганда НПЦ зем» ЕМК Жезқазған филиалы даулы жер телімінің шекарасын анықтап, тағайындап берді деген жалған ақпарат берілген.

Тау етегіндегі шұрайлы жердің дауы созылғалы екі жылға жуықтады. Бір қызығы – маңайда сондай жер аз емес, бірақ олардың келісе алмауы түсініксіз. Қаражал қаласының басшылығы да дауды шешуге асығар емес. Ғ. Мұқашевтың айтуына қарағанда дауласушы жақтың бірінің сөзін сөйлейтін болса, ол ойластырылған мәселе, сыбайлас жемқорлық болып шығуы мүмкін деген күдік айтады. Ал шын мәнінде даулы жер теліміне Тоқабаевтың атына рұқсатты бір айдың ішінде ғана (2008 жылғы қаңтарда) рәсімдеп берген әкімдіктің енді байсалды бола қалуы да түсініксіз...

... Тәртіптік кеңесте қаралған үшінші мәселе де «қызықты» болды. Ол Абай аудандық санэпидқадағалау басқармасының бас маманы С. Мусинаның ісі еді. Қаржы полициясы жеке кәсіпкер Г. Сейфуллинаның (Абай қаласындағы жеке меншік стоматологияның иесі) өтініші бойынша жұмыс істеп, оның алда тұрған кезекті тексеру және санитарлық-эпидемиологиялық акті жасау барысында пара сұраған және алған сәтін бейне және аудио таспаға жазып алған.

Аудандық СЭС-тің бас маманы даусын тыңдағанда (оны бейне және аудиографикалық сараптама анықтаған) ол әуелі 5 мың теңге, артынан 3 мың теңге сұрайды. Белгіленген күні кәсіпкер әйел Мусинаның жұмысына белгі салынған ақшамен келіп, оны дәлізге шақырып алады да, үш мың теңгені ұстата салып, кетіп қалады. Мусинамен қоса кірген оперативтік қызметкерлер белгісі бар ақшаны алып, дереу хаттама толтырады. Бірақ қаржы полициясы алдын ала тергеу кезінде бұл әрекеттің қылмыстық жазаға тарту түріне жатпайтындығын анықтап, «пара алу» бабымен іс қозғаудан бас тартып, облыстық Тәртіптік кеңестің қарауына жолдайды.

С. Мусинаның өзі де және оның тікелей басшысы да өздерін ақтауға тырысқанымен, олардың келтірген дәлелдері сенімсіз болып шықты. Сондықтан да Тәртіптік кеңес мүшелерінің шешімі қатаң болды. С. Мусинаны жұмыстан шығару туралы ұсыныс жасалды.

Бір жақсысы қылмыстық жауапқа тартылудың үстінде тұрған С. Мусина алған атың өшкір 3 мың теңге оны жұмыстан шығартқанымен, колонияға жібермей алып қалды. Ол соған «тәубе» деуі керек. Ал бұл оқиға басқа да пара алушыларға сабақ болуға тиіс.


«Орталық Қазақстан» басылымы

2009 жылдың 8 қыркүйегі, № 136

Авторы: А. Кемпірбаев


«Жемқорлық жегі құрттай жемесін десек...»


Қыркүйектің 3-ші жұлдызы «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы ғимаратында облыстың Партиялық бақылау комиссиясының, облыстық сыбайлас жемқорлықпен күрес Қоғамдық кеңесінің және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысындағы Тәртіптік кеңесінің бірлескен мәжілісі өтті.

Қоғамға жағымсыз құбылысқа қарсы бұндай құрамдағы ынтымағы жарасқан мәжіліс өңірімізде алғаш өтіп отырғанын айта кету керек. Аталмыш жиынға «Нұр Отан» партиялық бақылау комитетінің нұсқауы түрткі болыпты, яғни еліміздегі билік партиясы әзірлеген, сыбайлас жемқорлықпен күрес бағдарламасын РК Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің орындау қарқынының барысы талқыға түсетін, республикалық сыбайлас жемқорлықпен күрес Қоғамдық кеңесінің отырысына дайындық ретінде ұйымдастырылды. Орталық аппараттың ұсынысы бойынша партияның облыстық филиалы Тәртіптік кеңес мағлұматының негізі бойынша оның 2008 жылдағы Һәм 2009 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысына талдау жасады.

Шараның көздеген мақсаты: жемқорлықпен күрес саласында «Нұр Отан» ХДП белсенділігін арттыру, партияның атқарушы органдармен ынтымақтастығын жетілдіру, «Нұр Отан» ХДП жанындағы, сыбайлас жемқорлықпен күрес республикалық Коғамдық кеңесінің отырысына тиімді ұсыныстар қабылдау еді.

Мәжіліске Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, сыбайлас жемқорлықпен күрес Қоғамдық кеңесінің, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Тәртіптік кеңес өкілдері және қалалық мәслихат депутаттары, «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері, журналистер қатысты.


«Есептері тыңдалды»


С.Жанысбай

«Орталық Қазақстан» басылымы

25 желтоқсан 2010 жыл


Жуырда Ермағанбет Бөлекпаевтың төрағалық етуімен Тәртіптік кеңестің кезекті мәжілісі өтті.

Күн тәртібіне сәйкес, отырыс барысында тұрғындарының денсаулығын қорғау саласында атқарылып жатқан шаралар турасында Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының бастығы Ерденбай Әбілқасымовтың есебі тыңдалды.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігн арттыру мәселелері бойынша Қарағанды облысы әкімінің аппараты басшысының орынбасары Жанат Ысқақовтың және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша басқарма бастығының орынбасары Қайыржан Токушевтің есептері тыңдалды.

Аталған сұрақтар талқыланып болғаннан кейін, Тәртіптік кеңес хатшылығы кеңесшілерімен Теміртау қаласының мемлекеттік органдарында, «Орталыққазжерқойнауы» Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің геология және жер қойнауын пайдалану өңіраралық департаментінде және Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінде өткізген жоспарлы тексерістерінің қорытындылары қаралды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, мемлекеттік қызмет туралы заңнамалардың орындалуы және мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексінің сақталуы бағытында атқарылып жатқан шаралар туралы «Орталыққазжерқойнауы» Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің геология және жер қойнауын пайдалану өңіраралық департаментінің директоры Берікбол Хамзин, Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің директоры Жолдасбек Оңғарбаев есеп берді.

Сонымен қатар, отырыс барысында Теміртау қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бастығы Р.Адыхановаға, Теміртау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы У.Ақыбаевқа, Теміртау қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы О.Қошқарбаеваға және Теміртау қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы С.Бастеновқа қатысты қозғалған тәртіптік істер қаралды.

Аталған тәртіптік істер бойынша Тәртіптік кеңес мүшелері шешім қабылдап, оларға ескертулер жасады.


«^ Лауазымдарынан босатты»


С.Жанысбай

«Орталық Қазақстан» басылымы

3 тамыз 2010 жыл


Өткен аптада облыс әкімшілігінің ғимаратында Тәртіптік кеңестің кезекті мәжілісі болып өтті. Оны Тәртіптік кеңестің төрағасы Ермағанбет Бөлекпаев ашып, жүргізіп отырды.

Күн тәртібіндегі мәселеге сәйкес сыбайлас жемқорлық, мемлекеттік қызмет заңнамаларын, ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексінің орындалысы туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Шагурашит Мамалинов, Қарағанды облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті директорының орынбасары Шолпан Ғазалиева есеп берді.

Бұдан соң екінші мәселе бойынша Жаңарақа ауданының әкімі Хамит Омаров мінберге көтерілді. Есеп берушілер аталған кемшіліктерді жою туралы жұмыстар жүргізіліп жатқандығына және енді мұндай фактілердің қайталанбайтындығына сендірді. Олардың есептері еске алынды.

Үшінші мәселеде «Шахтинск қаласы ішкі істер бөлімі» ММ-де болған, облыстық ҰҚК-нен түскен материал бойынша қалалық ІІБ-і тергеу бөлімшесі бастығының орынбасары А.Ысқақовтың, қылмыстық полиция бөлімшесі бастығының орынбасары А.Байбейіловтың және тергеу бөлімшесінің аға тергеушісі Е.Нұрхайдаровтың үстінен қозғалған тәртіптік іс қаралды.

Бірақ олардың әрекеті дәлелін таппағанымен онда сыбайлас жемқорлық заңнамасын бұзудың белгілері анықталған. Сондықтан да секретариат хабарламасынан кейін Тәртіптік кеңестің мүшесі, осы кеңеске қатысып отырған облыстық ІІД-нің бастығы, полицияның генерал-майоры Нұрлан Рақымберлин сөз алып, бұл мәселені департаментте арнайы комиссия құрып қарағанын, олардың әрекеті мойындарына қойылмағанымен «жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайтындығын» айта келіп, екі орынбасарды лауазымынан босататындығын және аға тергеушіге қатаң сөгіс беретіндігін ортаға салды. Бұл шешіммен Кеңес мүшелері түгелдей келісті.


«Біліксіздік заңсыздыққа жол ашады»


«Орталық Қазақстан» от 11.03.2010 г.

№ 37 (20821)

С.Жанысбай


Жуырда облыстық Тәртіптік кеңестің кезекті мәжілісі болып өтті. Оны ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық басқармасының бастығы – Тәртіптік кеңестің төрағасы Ермағанбет Бөлекпаев жүргізді.

Күн тәртібі бойынша Тәртіптік кеңес хатшылығы кеңесшілерінің облыстық ішкі саясат басқармасында және Абай ауданының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдарында өткізген жоспарлы тексерістерінің қорытындылары қаралды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, мемлекеттік қызмет туралы заңнамалардың орындалуы және мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексінің сақталуы бағытында атқарылып жатқан шаралар туралы облыстық ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары Нұрлан Бикенов және Абай ауданының әкімі Тұрар Ахметұлы Алтынбеков есеп берді.

Бұдан соң, мәжіліс барысында Тәртіптік кеңес мүшелері Ақтау поселкесінің әкімі Қабдыкәрім Бесембаевқа қатысты Теміртау қалалық прокуратурасынан түскен материал бойынша «Ақтау кенті әкімінің аппараты» ММ жүргізілген тексерістің қорытындысын қарады.

2009 жылдың 13 сәуірінде «Ақтау кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне «Трансагентство КZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен өтініш түседі. Үш күннен соң Бұқар жырау ауданы әкімдігі жанындағы жер учаскелерін беру комиссиясы аталған өтініш бойынша мәселе оң шешімін тауып, «Трансагентство КZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне сұралған жер учаскесін беру жөнінде шешім шығарылып, «сол жерде орналасқан нысандар (автостанция ғимараты, гараж-тұрақ) қызмет көрсету мақсатына пайдаланылады» деп жазылған. Соған орай, «Бұқар-Жырау ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ бастығының 2009 жылғы 29 сәуірдегі № 74-б бұйрығымен «Трансагентство КZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскесін беру туралы жерге орналастырушылық жобасы бекітіліп, онда да нысандарды осы мақсатқа сай пайдалану жазылған.

Алайда, құзырлы комиссияның шешіміне және бекітілген жерге орналастырушылық жобасына қарамастан, Ақтау кентінің әкімі 2009 жылдың 7 мамырында № 58 қаулы шығарған, онда «жолаушы тасымалдау мақсатына пайдаланылсын» деп жазылған.

Әкімнің бұл шығарған қаулысы қолданыстағы заң нормаларына қайшы келеді. Сонымен қатар, қаулыда көрсетілген мақсатты пайдалануды әкімнің өз еркімен өзгертуі, «Трансагентство КZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне сұраған жер учаскесіне мемлекеттік актінің берілмеуіне әкеп соқтырған.

Тәртіптік кеңес хатшылығы бөлімінің кеңесшілері тексеру жүргізу және құжаттарды зерттеу барысында көрсетілген мәселелер бойынша бірталай жайларды анықтаған. Әкім аппаратының заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу журналында 2009 жылғы 13 сәуірдегі №3 нөмірмен «Трансагентство КZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өтініші тіркелген. Бұл өтініш, кент әкімінің «Орындау үшін» деген бұрыштамасымен әкім аппаратының бас маманы Жұмабике Әбдіқалықованың орындауында болған.

Сонымен қатар, әкім аппаратында 2009 жылғы 7 мамырдағы № 58 қаулының түпнұсқасы сақталған. Қаулының түпнұсқасының астындағы сол жақ бұрышына әкім аппаратының бас маманы-заңгері Юлия Шалабаеваның қолы қойылған. Заңгердің қол қоюы, қаулының заңдылық сараптамадан өткендігінің айқын көрінісі.

Тексерудің және жиналған құжаттарды зерделеудің барысында әкім аппаратының қызметшілері Ж.Әбдіқалықова және Ю.Шалабаева өздерінің қызметтік міндеттерін тиісті дәрежеде орындамай, қаулыдағы мақсатты пайдалануды өз еркімен өзгертіп жазып, заңсыз қаулыға келісім беріп, қол қойып, осындай іс-әрекеттерімен ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12 бабының 1 тармағының 12 тармақшасында көрсетілген (жеке немесе заңды тұлғаларға олардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруда көрінеу кедергі жасау) сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық жасаған.

Ал, Ақтау кентінің әкімі Қ.Бесембаевтың жауапкершілігі туралы ҚР «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 10 бабының 2 тармағында тікелей айтылған. Онда мемлекеттік органның басшысы (алқалы мемлекеттік органдарды қоспағанда) сеніп тапсырылған органға басшылықты жеке-дара өкімшілік қызмет жолымен жүзеге асырады және қабылданатын шешімдердің заңдылығы үшін жеке жауапты болады деп көрсетілген. Осыған орай, Ақтау кентінің әкімі Қ.Бесембаев та аталған Заңның жоғарыда келтірілген бабында көрсетілген сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық жасаған.

Тәртіптік кеңес мүшелері Ақтау кенті әкімінің есебін және осы мәселе бойынша түсінігін тыңдай келіп, барлықтарына мұндай заң бұзушылыққа келесіде жол бермеуді ескертіп, қатаң сөгіс жариялады.



Похожие:

«Жаңа төраға жұмыс сапарымен Жезқазғанда болды» icon8 тамыз 800 – 830
«Оңтүстік Қазақстан облысының топырақ-климат жағдайларына байланысты жаңа дефолианттардың жаңа аудандастырылған мақта сорттарына...
«Жаңа төраға жұмыс сапарымен Жезқазғанда болды» icon2011 жылға арналған Алматы облыстық білім берудегі жаңа ақпараттық технологиялар орталығының жұмыс жоспары
Алматы облыстық білім берудегі жаңа ақпараттық технологиялар орталығының жұмыс жоспары
«Жаңа төраға жұмыс сапарымен Жезқазғанда болды» icon8 сабақ. Тиреотоксикоз синдромы, жайылмалы уытты жемсау тақырыбына арналған интерактивті оқыту (рөлдік ойын) – «Сот талқылауы»
Төраға. Науқас сотқа операциядан кейін дауысының шықпай қалуы мен аяқ қолдарының тырысуына байланысты эндокринолог пен хирургтің...
«Жаңа төраға жұмыс сапарымен Жезқазғанда болды» iconАлматы облыстық білім берудегі жаңа ақпараттық технологиялар орталығының 20 10 жылға жұмыс жоспары
Алматы облыстық білім берудегі жаңа ақпараттық технологиялар орталығының 2010 жылға жұмыс жоспары
«Жаңа төраға жұмыс сапарымен Жезқазғанда болды» iconСабақты өзіндік талдау Сабақтың жалпы құрылымын бағалау
Жаңа материалды түсіндірген кеде оқушылар қаншалықты белсенді болды(қабылдауы, түсінуі, танымдылық қызығушылықтың оянуы)?
«Жаңа төраға жұмыс сапарымен Жезқазғанда болды» iconЕҢбек гигиенасы курсы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені жұмыс бағдарлама «Бекітемін»
«Еңбек медицинасы – денсаулық сақтаудағы жаңа бағыт»пәні бойынша жұмыс бағдарламасын құрастырғандар еңбек гигиенасы курсының меңгерушісі...
«Жаңа төраға жұмыс сапарымен Жезқазғанда болды» icon2013 жылғы наурыздың соңында облыстың кәсіпорындарында 974 бос жұмыс орны болды
Республикасы Статистика агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысының Cтатистика департаменті
«Жаңа төраға жұмыс сапарымен Жезқазғанда болды» iconҚ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Сенатының 2011-2012 оқу жылына арналған жұмыс жоспары
Халықаралық қазақ-түрік университетінің жаңа 2011-2012 оқу жылына дайындығы туралы (ҚР жаңа «Білім туралы» заңының жаңа талаптарына...
«Жаңа төраға жұмыс сапарымен Жезқазғанда болды» iconТуған жылы: 06. 03. 1990 Оқу түрі: 2008 2012 ж ж. Күндізігі Мамандығы
Дипломдық жұмысы: «Қазіргі кезең кітапханасы: жаңа бағыттар, жаңа технологиялар, жаңа мүмкіншіліктер»
«Жаңа төраға жұмыс сапарымен Жезқазғанда болды» iconЭлективті цикл «Жаңа типтегі жалпы білім беру ұйымдарының құрылысы мен жағдайларының ерекшелігі» бойынша жұмыс бағдарламасы кафедраның оқытушы Г. Н. Жуматаева құрастыруымен және доцент А. С
«ЖАҢа типтегі жалпы білім беру ұйымдарының ҚҰрылысы мен жағдайларының ерекшеліктері»
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kze.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы